- •1.Әлеуметтанудың ғылым және оқу пәні ретінде пайда болу және даму тарихы.
- •2.Әлеуметтік ой дамуының негізгі тарихи кезеңдері
- •12) Тұлғаның әлеуметтануы.
- •13) Адам, индивид, тұлға түсінігі және олардың қатынасы.
- •14) Тұлғаны әлеуметтендеру түсінігі және оның сатылары.
- •15) Девиантты мінез-құлық және оның себептері
- •16)Тұ лға әлеуметтік категория ретінде.?????
- •17) Тұлғаның әлеуметтік статусы
- •18) Тұлғаны әлеуметтендерудің жастық сатылары
- •19) Әлеуметтік,,адаптация,мен,интериоризация?
- •22. Девиантты мінез-құлықтың позитивті және негативті сфералары
- •24.Әлеуметтік стратификация.
- •32.Билік және әлеуметтік құрылым.
- •43.Қоғамның әлеуметтік зерттеуінің топтық және стратификациялық жолы.
- •44.Қоғамның әлеуметтік құрылымы, әлеуметтік қауымдастықтардың басқа түрлері.
- •46.Этноұлттық қоғамдардың тарихи типтері. Туыс, тайпа, ұлт.
- •47.Урбанизацияның қазіргі үрдісі.
- •49. Қоғамдағы ұлттық және этникалық қауымдастықтар.
- •50. Ұлттық сұрақ және оның құрылымы.
- •51. Жанұя әлеуметтануы. Жанұяның даму кезеңдері.
- •53. Шектеулі проискуитет, топтық неке, жұптық неке.
- •54. Моногамды жанұяның пайда болуы.
- •56. Жанұя қоғамның әлеуметтік ұяшығы ретінде және қазіргі жанұяның негізгі қызметтері.
- •58. Әлемдік ғылымның қазіргі жағдайы.
- •61. Қазақстандағы жекеменшік жоо-ның пайда болу алғышарттары.
- •62. Білім беру сапасын реттеудегі мемлекеттің рөлі.
- •65. Мемлекеттің жастар саясаты.
- •66. Тмд елдеріндегі жастарды әлеуметтік және құқықтық қорғау
- •72 Әлеуметтік санкциялар. Бақылау әдістері.
- •80. Әлеуметтік зерттеулердің әдісі және техникасы.
- •82. Әлеуметтік зерттеуді жасау кезеңдері және процедуралары
- •83. Әлеуметтік зерттеулердің мақсаттары мен міндеттерін анықтау.
- •84. Азаматтық қоғам. Зерттеу мәселесін қалыптастыру.
- •85. Түсініктерді операционализациялау. Әлеуметтік зерттеулердің таңдауларын анықтау.
- •87. Әлеуметтік ақпаратты жинау әдістері.
- •89. Социометрия әдісі, құжаттарды талдау әдісі, бақылау әдісі, сұрау әдісі және оның негізгі түрлері.
- •90. Әлеуметтанудағы контент-анализ.
- •92. Экспериментті ұйымдастыруға қойылатын негізгі талаптар.
- •93.Әлеуметтік ақпараттарды талдау және талдау нәтижелерін басқару тәжірибесінде қолдану.
- •94. Әлеуметтік зерттеу қорытындыларын қолмен және машинамен өңдеу.
- •95. Көп көлемдегі ақпаратты өңдеудегі эвм-нің рөлі
- •96. Әлеуметтанудағы қарапайым бөлу түсінігі.
- •98. Зерттеу барысында алынған нәтижелерді басты жиынтықтар үшін, таңдаулы
- •99. Әлеуметтік есептерді құруға қойылатын әдістемелік талаптар.
- •100.Азаматтық қоғам түсінігі.
58. Әлемдік ғылымның қазіргі жағдайы.
Әлемді өзгертуге келгенде ғылыммен тайталасатын, бәсекелесетін, ғылымға тең келетін, ғылымнан асып түсетін не бар десек, ол – дүлей табиғат құбылысы ғана. Ғылымға берілген анықтама көп. 1918 жылы жарияланған «Ғылым» атты мақаласынды М. Әуезов: «Өмірдің тізесі өткен сайын адам күннен-күнге түр тауып, дүниенің (жаратылыстың) әр түрлі сырын ашқан, сол сырлардың қорытындысынан шыққан – осы ғылымдар», - деп жазыпты. «Ғылымның артынан еріп, көрсеткен жолымен жүрген – бұл күнде өмірдің төрінде». Демек, Қазақстандағы ғылымтанудың ұлттық үлгісі ХХ ғасыр басында қалыптасқан. Болашақта әлемдік дамыған елдердің қатарына кіру отандық ғылымсыз еш мүмкін емес. Қазақстаннның болашағы – ғылымда. Біз бүгінгі жаһандану заманында әлемдік және отандық ғылымның қазіргі заманғы даму жағдайы мен үрдістеріне талдау жасалып, сол ғылымы дамыған елдерден үлгі ала отырып, отандық тарих ғылымын дәстүрлі ұлттық құндылықтарды кіріктіре отырып жазуымыз керек. Бүгінгі ғылым мен білімнің дамуындағы әлеуметтік (жалпы әлемдік және ұлтаралық) факторлар, қазіргі заманғы өркениеттің жалпы жағдайының қарама-қайшылығы, адамзаттың бүкіл өміріндегі бірігулердің артуы, интеграциялық факторлардың ғылым мен білім беру жүйесіне ықпалы, «білім берудегі жаһандандыру» термині, отандық білім мен ғылымның дамуының мәселелері ескерілуі тиіс. Отандық ғалымдар білім берудегі әлемдік үрдістерге де, сондай-ақ біздің республика үшін өзекті проблемаларды ғылыми ұғынуға үлес қосады
59. Мектеп оқушылардың мемлекеттік тапсырыстың жасырын оқу бағдарламасын меңгеруін қамтамасыз ететін мәдени қайта өндіру элементі. Білім беру жүйесінің міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыру және дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау.1999 жылы қабылданған «Білім туралы» Заңға байланысты білім беру құрылымына, мазмұнына, оқу жоспарына, бағдарламаларға, оқулықтарға өзгерістер енгізілді. Заңда «Бәріне бірдей білім беру» моделінен «Таңдау бойынша білім беру» моделіне көшу арқылы жүзеге асыру көзделген.Қазіргі мектептің болашағы туралы Н.Назарбаевтың Жолдауында (2004ж.) былай делінген: «әлемдік білім кеңістігіне толығымен кірігу білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеруді талап ететіні сөзсіз. Бұл үшін оқушыларды жоғары сатыда бейінді оқытуды көздейтін он екі жылдық білім беруге көшу қажет. Мектепке дейінгі даярлық бірінші сыныпқа сәйкес келетін болады. Балаларымыз он жыл оқудан кейін не жоғары оқу орнына түсуге дайындалуға, не тиісті кәсіптік-техникалық білім алып, өз бетінше еңбек жолына түсу жөнінде шешім қабылдауға тиіс. Мұғалімдер мен балалардың жайлы мектепте оқып, жұмыс істеп, оқу жабдықтарының, кабинеттердің, спорт алаңдарының тапшылығын сезінбегені өте маңызды. Қазақстандағы мектеп уақыт өте келе үздік әлемдік стандарттар деңгейіне көтерілуге тиіс».
Мектеп реформасы оның құрылымына өзгеріс енгізуді, оқу орындарының жаңа түрлерін құруды, оқытудың әдіс-тәсілдері мен мазмұнын жаңартуды, тәрбие жұмысының жаңаша түрлерін іздестіруді қарастырады.Мектептің ерекше оқыту жағдайына байланысты түрлері:
Жалпы орта білім беретін мектеп – негізгі және қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын, әрқайсысы дербес жұмыс істей алатын үш сатыдан: бастауыш, негізгі, жоғары сатыдан тұратын жалпы орта білім беретін оқу орны.
Жалпы орта білім беретін мектептің мақсаты – жеке адамның ақыл-ой, адамгершілік, эмоционалдық, дене дамуына, оның шығармашылық мүмкіндіктерін барынша ашуға, баланың жас және дербес ерекшеліктерін ескере отырып, оның жеке адам ретінде гүлденуіне әртүрлі жағдайлар жасауды қамтамасыз ету.
60. Әлемдік ғылымның дағдарысы. Оксфорд, Гарвард, Кембридж.\
Кембридж университеті– Еуропадағы ірі ғылыми орталық, ежелгі университеттердің бірі. 1209 ж. Ұлыбританияда Лондонқаласынан солтүстікке қарай 80 км жерде орналасқан Кембридж қаласында құрылған. XIII ғасырдың өзінде Кембридж университетінде 4 факультет болды: гуманитарлық, заң ғылымы, дінтану (теология), медицина. XVII ғ-да Кембридж университеті ірі ғылыми орталыққа айналды. 1669 – 1702 ж. И.Ньютон Кембридж университетінің профессоры болды. 1837 ж. Кембридж университетінде Ч.Дарвин магистр атағын алған. Кембридж университетінің өзіндік ерекшелігі – күні бүгінге дейін өзінің ортағасырлық құрылымын сақтаған. Жаңа типті университеттерден Кембридж университетінің айырмашылығы – ол жеке колледждерден тұрады. Бүгінде университетте 29 колледж барУниверситет 25 мамандық бойынша ғылыми атақ береді. 2000 – 2001 жылдары Кембридж университетінің барлық колледждерінде 16 мың студент және 400 біріктірілген топта аспиранттар оқыды. Кембридж университетіғалымдарының ғыл. жаңалықтары 60 Нобель сыйлығына ие болған. [1]Кембридж университеті тек Англияның ғана емес, сонымен қатар, әлемнің ең көне жоғарғы оқу орындарының бірі. Мұнда оқығандарға мансап жолында да, жоғары айлықты қызмет жағынан да шектеусіз мүмкіндіктер берілген. Аталған оқу орнынан 15 ағылшын премьер-министрі, әлем елдерінің 23 көшбасшысы, Үндістанның 3 премьер-министрі, Дания патшайымы II Маргрета оқып шыққан.Әлемдік QS World University Rankings рейтінгісі аталған университетті 2010 жылдың ең үздік жоғары оқу орны деп таныды
Гарвард университеті – (ағылш. Harvard University) 1636 жылы Массачусетс штатының Кэмбридж қаласында Массачусетс заңнамасымен қаланған жекеменшік, Айви Лигасына кіретін зерттеуші жоғары оқу орны. Гарвард АҚШ-тағы жоғары оқу орындарының ішіндегі ең көнесі және АҚШ-тағы тұңғыш корпорацияӘлемде Гарвардты ең беделді университет ретінде таниды, себебі оның тарихы, ықпалы және жеткен жетістіктері өте жоғары. Университетке алғаш ақшалай көмек көрсеткендердің бірі Джон Гарвард болғандықтан, университет осы кісінің атымен аталады. Университеттің ресми түрде ешқашан дінге (шіркеуге) байланысы болмаса да, оның көшбасшыконгрегационалисттер мен унитаристтер даярланған. Гарвардта он бір білім орталығы – он факультет және тереңдетіп оқытуға бағытталған Рэдклиф Институты - және бүкіл Бостан метрополитені бойынша орналасқан кампустары бар. [13] Гарвардтың негізгі кампусы Кэмбридж қаласындағы Гарвард Ярдта, шамамен Бостанның солтүстігінде орналасқан. Гарвард Бизнес Мектебі және универвитеттің спорттық кешендері, оның ішінде Гарвард Cтадионы (Harvard Stadium) Чарлс Өзенінің жағасындағы Олстенде орналасқан, ал Гарвард Медицина Мектебі, Гарвард Тіс емдеу мектебі, және Гарвард Денсаулық мектебі - үшеуі Лоңууд Медицина және Академия аймағында орналастырылған. Оксфорд университеті (ағыл. University of Oxford) - Ұлыбритания, Оксфордтық графствода, Оксфорд қаласында орналасқан университет болып табылады. Дүниежүзіндегі ең көне университеттерінің арасынан екінші орынды иеленуде (Болонский университетінен кейін), дүниежүзіндегі ағылшын тілдік ең көне университет және де Ұлыбританиядағы ең бірінші университет болып табылады. Пайда болу уақыты дәл көрсетілмегенімен, ондағы оқу ХІ ғасырда болды деседі. Ұлыбритания мен Ирландияның "ең көне университеттерінің" және Ұлыбританияның 20 ең үздік университеттерінің "Рассел тобына" кіреді. Университет факультеттер мен 38 колледждерден тұрады, сонымен қатар, 6 жатақханасы бар - олар оқу орны деген атауы жоқ, дін орденіне тиесілі болып келетін жабық орындар. Емтихандар мен лекциялар, семинар сабақтары университте орталықтандырылған болса, ал колледжде барлығы тек оқытушылардың қатысуымен жүзеге асырылады.
