- •1.Әлеуметтанудың ғылым және оқу пәні ретінде пайда болу және даму тарихы.
- •2.Әлеуметтік ой дамуының негізгі тарихи кезеңдері
- •12) Тұлғаның әлеуметтануы.
- •13) Адам, индивид, тұлға түсінігі және олардың қатынасы.
- •14) Тұлғаны әлеуметтендеру түсінігі және оның сатылары.
- •15) Девиантты мінез-құлық және оның себептері
- •16)Тұ лға әлеуметтік категория ретінде.?????
- •17) Тұлғаның әлеуметтік статусы
- •18) Тұлғаны әлеуметтендерудің жастық сатылары
- •19) Әлеуметтік,,адаптация,мен,интериоризация?
- •22. Девиантты мінез-құлықтың позитивті және негативті сфералары
- •24.Әлеуметтік стратификация.
- •32.Билік және әлеуметтік құрылым.
- •43.Қоғамның әлеуметтік зерттеуінің топтық және стратификациялық жолы.
- •44.Қоғамның әлеуметтік құрылымы, әлеуметтік қауымдастықтардың басқа түрлері.
- •46.Этноұлттық қоғамдардың тарихи типтері. Туыс, тайпа, ұлт.
- •47.Урбанизацияның қазіргі үрдісі.
- •49. Қоғамдағы ұлттық және этникалық қауымдастықтар.
- •50. Ұлттық сұрақ және оның құрылымы.
- •51. Жанұя әлеуметтануы. Жанұяның даму кезеңдері.
- •53. Шектеулі проискуитет, топтық неке, жұптық неке.
- •54. Моногамды жанұяның пайда болуы.
- •56. Жанұя қоғамның әлеуметтік ұяшығы ретінде және қазіргі жанұяның негізгі қызметтері.
- •58. Әлемдік ғылымның қазіргі жағдайы.
- •61. Қазақстандағы жекеменшік жоо-ның пайда болу алғышарттары.
- •62. Білім беру сапасын реттеудегі мемлекеттің рөлі.
- •65. Мемлекеттің жастар саясаты.
- •66. Тмд елдеріндегі жастарды әлеуметтік және құқықтық қорғау
- •72 Әлеуметтік санкциялар. Бақылау әдістері.
- •80. Әлеуметтік зерттеулердің әдісі және техникасы.
- •82. Әлеуметтік зерттеуді жасау кезеңдері және процедуралары
- •83. Әлеуметтік зерттеулердің мақсаттары мен міндеттерін анықтау.
- •84. Азаматтық қоғам. Зерттеу мәселесін қалыптастыру.
- •85. Түсініктерді операционализациялау. Әлеуметтік зерттеулердің таңдауларын анықтау.
- •87. Әлеуметтік ақпаратты жинау әдістері.
- •89. Социометрия әдісі, құжаттарды талдау әдісі, бақылау әдісі, сұрау әдісі және оның негізгі түрлері.
- •90. Әлеуметтанудағы контент-анализ.
- •92. Экспериментті ұйымдастыруға қойылатын негізгі талаптар.
- •93.Әлеуметтік ақпараттарды талдау және талдау нәтижелерін басқару тәжірибесінде қолдану.
- •94. Әлеуметтік зерттеу қорытындыларын қолмен және машинамен өңдеу.
- •95. Көп көлемдегі ақпаратты өңдеудегі эвм-нің рөлі
- •96. Әлеуметтанудағы қарапайым бөлу түсінігі.
- •98. Зерттеу барысында алынған нәтижелерді басты жиынтықтар үшін, таңдаулы
- •99. Әлеуметтік есептерді құруға қойылатын әдістемелік талаптар.
- •100.Азаматтық қоғам түсінігі.
1.Әлеуметтанудың ғылым және оқу пәні ретінде пайда болу және даму тарихы.
Әлеуметтік өмір жеке индивидтің өмірімен тығыз байланысты және оның іс-әрекетіне тікелей әсер етеді. Әлеуметтану қоғам туралы ғылым «Әлеуметтіану» латының Societas (қоғам) және гректің logos (ілім) деген сөздерінен құрастырылып, негізгі мағынасын көрсетеді. Бұл терминді ғылымға француз ойшылы және жаңа заман философы Огюст Конт (1798-1857жж) еңгізді. Оны әлеуметтанудың қоғам салушы ретінде атайды. XIX ғ. Георг Вильгельм, Фридрих Гегель, Эмиль Дюркгейм, Макс Вебер, Габриель Тард, Лестер Уорд және басқа әлеуметтанушы ғалымдардың бірқатар жалпы әлеуметтік тұжырымдамалары мен әлеуметтік теориялары пайда болды. Қазіргі әлеуметтану-қоғамның тұтас әлеуметтік жүйе ретіндегі, оның жүйелері және жеке элементтері туралы жеке ғылым. Әлеуметтану ең алдымен қоғамның қызмет ету механизмдерін, әртүрлі субъектілер ұйымдар және әлеуметтік институттар арасындағы өзара байланыстарды зерттейді. Әлеуметтік білім құрылымының элементтері қоғам өмірінің жекелеген салаларының қызмет етіп, мен дамуы жайлы түсініктердің өзара байланысты, мемлекет тұрғындарының, әлеуметтік құрамы және қоғамның әлеуметтік құрылымы туралы білім, саяси әлеуметтенуге қатысты ғылыми түсініктер, көзқарастар, теориялар, қоғамда қызмет етіп отырған әлеуметтік институттардың қызметі туралы әлеуметтанушылардың ғылыми түсініктері мен қорытындылары. Әлеуметтік білімнің деңгейлері (жалпы әлеуметтік теориялар, арнайы немесе жекелеген әлеуметтік теориялар,, нақты әлеуметтік теориялар) Әлеуметтанудың негізгі қызметтері (танымдық, тәжірибелік, идеологиялық қызметтер).
Зерттеу саласына байланысты:
Білімдік
Медициналық
Ғылыми
Спорттық
Гендерлік
Жастық
Құқықтық
2.Антика, Орта ғасырда және жаңа замандағы әлеуметтік ойдың тарихы. Әлеуметтік ойдың дамуының негізгі сатылары.
Антик заманының философиясы
Антик заманының философиясы біздің эрамызға дейінгі VII-VI ғасырлар аралығында Кіші Азияның батыс жағалауындағы гректер салған қалаларда өмірге келді.
Алғашқы материалистік ілімдер Кіші Азиядағы сол кездегі ең ірі қала – Милетте туды. Б.э. дейінгі VII ғасырдың аяғынан VI ғасырдың аяғына дейін мұнда үш ірі ойшыл – Фалес, Анаксимандр, Анаксимен өмір сүрді. Фалес (625-547 жж. шамасы) дүниедегінің бәрі судан пайда болады және суға айналады деген пікірді ұсынды. Су, оның ойынша, барлық заттардың табиғи негізі, барлық өзгерістер мен құбылыстардың иесі болып табылады. Суды дүниедегі барлық нәрселердің «алғашқы мәні», «бастамасы» деп қарастыру, қазіргі біздің түсінігіміз тұрғысынан алғанда, тұрпайы, аса қарапайым болғанымен, бірақ тарихи тұрғыдан алғанда Фалестің бұл ойын революциялық идея деуге болады, өйткені «бәрі пайда болады» деген пікір бұған дейін үстем болып келген «олимпиялық құдайларды жоққа шығару», яғни, сайып келгенде, мифологиялық ойлаудың терістігін көрсету, сүйтіп дүниені табиғи тұрғыдан түсіндіру болып табылады.
Фалестің шәкірті Анаксимандр (б.э. дейінгі 610-547 жж. шамасы) өзінің көп жылдық ізденістерінің нәтижесін «Табиғат туралы» шығармасында баяндап берді. Фалес сияқты, Анаксимандр да философияның негізгі мәселесін материалистік тұрғыдан шешт, дүниенің алғашқы негіз бастамасы «апейрон» деген айқынсыз, бейнесіз бір зат (апейрон – шексіз деген ұғымды білдіреді) деп санады. Бұл пікір материаны қазіргіше түсінуге жақын.
