Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
35753_5_29286_30211_33147__20196__36165_16-17.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
260.39 Кб
Скачать

*Пән: «Балалар аурулары», * «Балалар гастроэнтерологиясы» *3*16*1*

#145

*!7 жасар ұл бала. Бірнеше рет стационарға түсті. Шағымдары: дәреті көп мөлшерде, сасық иісті. Дене массасы төмендеген. Анасы үлкен дәретінің жылтыр, жуылуы қиын екенін айтады. Бұл балаға 5 күн болғанда ішектің төменгі бітелуімен ота жасалған.

Бұл ауруда қай препараттармен емдеген ЕҢ жөн?

*прокинетиктер

*+ферменттер

*пробиотиктер

*пребиотиктер

*антибиотиктер

#146

*!12 жасар қыз бала. Тамақтан кейін эпигастрии аймағының ауыруына, жүрек айнуына шағымданады. Емінде қай топтың препараты ЕҢ қажет:

* антацид

* протондық помпа ингибиторы

* Н2-блокатор

* +прокинетик

* спазмолитик

#147

*!14 жасар қыз бала. Көбінесе аш қарынға сол жақ қабырға астындағы, эпигастрии аймағының ауыруына шағымданады. ФЭГДС асқазанында фибринді жабындымен үш эрозия анықталды. Уреаздық тыныстық тест күрт оң. ЕҢ тиiмді емдеу схемасы болып табылады:

* монотерапия

* симптоматикалық

* екi компоненттiк

* төрт компоненттi

* +үш компоненттi

#148

*!Науқас «Хе», «корей сәбізін» жегеннен кейін эпигастрии аймағының ауыруына, жүрек айнуына, құсуға шағымданады. Алғашқы сағаттарда ЕҢ қажет емшарасы болып табылады:

* +асқазанды жуу

* ФЭГДС

* тазалаушы клизма

* iш аймағына суық қою

* антибактериялық ем

#149

*!Ұл бала, 9 жаста. Тәбеті нашар, азғана тамақтан соң асқазанының толу сезіміне, өт араласқан тағам қалдықтарымен құсуға шағымданады. ФЭГДС дуоденогастральды рефлюкс ауруы белгілері. Осы ауру кезiнде ЕҢ тиiмдi препарат:

* урсосан

* креон

* салофальк

* +мотилиум

* омез

#150

*!Ұл бала, 15 жаста гастроэнтерологта тамақтан соң асқазанының толып ауыру сезімімен емделуде ФЭГДС асқазанының шырышты қабаты жұқарған, қан тамыр суреті айқын. Асқазанының шырышты қабатының биоптатында негізгі клеткалар мөлшері күрт азайған. Емінде қай топтың препараты ЕҢ қажет?

* полиферменттік препарат

* протондық помпаның ингибиторы

* Н2-рецепторлар блокаторы

* +тұз қышқылының препараты

* прокинетик

#151

*!Бала 3 айлық, ауыр акушерлік-гинекологиялық анамнезімен әйелден туылды. Әйел түсік қауіпі болғандықтан жүктіліктің 36-аптасында гормоналды терапия қабылдаған. Босану тууды ынталандыру шараларымен, ұзақ сусыз периодпен өткен. Бала емшек емеді, салмақ қосуы қанағаттанарлық. Ұйқысы, тәбеті қалыпты. Үлкен дәреті туылғаннан ретсіз, туылғаннан күн ара, көбіне стимуляциядан кейін (газ шығарушы түтік). Қандай препаратты тағайындаған ЕҢ дұрыс?

* форлакс

* лактулоза

* имодиум

* мукофальк

* +дюфалак

#152

*!Пациент гастроэнтерологта бақылауда. Тамақ ішерге бір сағат қалғанда сол жақ қабырға астындағы, қатты, ұстамалы ауыруы, қышқылмен кекіру, төс артының ашуы пайда болды. Бұл асқынуда қай топ препараттары ЕҢ қажет:

* спазмолитиктер

* ферменттер

* +Н 2 гистамин рецепторларының блокаторлары

* протондық помпа ингибиторлары

* прокинетиктер

#153

*!12 жасар ұл бала эпигастрий аймағындағы түнгi қатты ауру сезiмiне шағымданады,

тәбетi жоғарылаған. Қарап тексергенде: пилородуоденалды аймақта қатты ауру сезiмi,

Мендель симптомы оң, құрсақ қуысы бұлшық еттерiнiң шамалы кернелуi.

Науқасқа ЕҢ қажет ем:

* +эррадикациялық ем

* ферментемi

* өт айдағыш препараттар

* стероидты емес қабынуға қарсы препараттар

* биотерапия

#154

*!12 жастан асқан балалардың ойық жара ауруын емдеудiң ЕҢ әсерлi жобасы:

* ранитидин+сукральфат+метронидазол

* +омепразол+амоксициллин+кларитромицин

* ампициллин+метронидазол+спазмалгон

* ампициллин+метронидазол+фамотидин

* мотилиум+эритромицин+пенициллин

#155

*!Қыз бала 9 ай. 6 айынан бастап жемiс шырындарын енгiзгеннен кейiн тұрақты iш өтуi, құсу пайда болды. Қарап тексергенде: I дәрежелi салмақ жетiспеушiлiгi анықталады.

Қандай зерттеу әдісін жүргізу негізгі ем дәмін және емдеу тактикасын тағайындауда ЕҢ қажет?

* глютенмен жүктеме сынамасы

* сиыр сүтi белогымен жүктеме сынамасы

* рентген жабындылы тест

* +сахарозамен жүктеме сынамасы

* терде натрий мен хлор концентрациясын анықтау

#156

*!Бала 2 жас 5 ай, бір апта бойы ауырып жүр:іші ауырады, үлкен дәреті күніне 3 рет, соңғы екі күнде іш ауруы күшейе түсті. Үлкен дәреттің алдында толғақ тәрізді ауыру пайда болды. Үлкен дәрет күніне 4 ретке дейін жиіледі, қан аралас. Дене қызуы қалыпты. Қандай препарат тағайындаған ЕҢ дұрыс?

* +салофальк

* азатиоприн

* циклоспорин

* преднизолон

* альфа-интерферон

#157

*!Ұл бала 11 жаста. Шағымы оң жақ қабырға асты сыздап ауырады, күшті эмоциялар кезінде, тамақтану бұзылыстарында күшейеді, диспепсиялық бұзылыстар пайда болады. Спазмолитик қабылдау жай-күйін жақсартпады. Қандай ем тағайындау ЕҢ пайдалы?

* холеретики

* +холекинетиктер

* ферменттер

* антибиотиктер

* витаминдер

#158

*!Ұл бала, 14 жаста. Майлы тағам жегеннен 4 сағаттан кейін сол қабырға астында толғақ тәрізді ауру сезімі пайда болады, жүрек айну, көп ретті құсу анықталды. Қарап тексергенде: Мейо-Робсон нүктесінде айқын ауыру анықталады. Қандай ем тағайындау ЕҢ пайдалы?

* өтайдағыштар

* іш айдағыштар

* прокинетиктер

* протондық помпа ингибиторлары

* +ұйқы безі ферменттері

#159

*!Пациентте кіндік аймағының қатты, белдемелеп орай ауыруы, жеңілдік әкелмейтін құсу. Биохимиялық қан анализінде амилаза деңгейінің күрт жоғарылауы. Қандай препарат тағайындау ЕҢ пайдалы?

* ферменттер

* белок препараттары

* Н2 рецептор блокаторлары

* протондық помпа ингибиторлары

* +протеаза ингибиторлары

#160

*!Пациентте оң жақ қабырға асты сыздап, толып ауыруы, жүрек айнуы. Құрсақ қуысының УДЗ –сында өт қабы қатты кеңіген, ішінде гомогенді сұйықтық бар. Қандай препарат тағайындау ЕҢ пайдалы?

* но-шпаны

* +одестонды

* мотилиумды

* хилак-фортені

* мезим-фортені

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]