Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
35753_5_29286_30211_33147__20196__36165_16-17.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
260.39 Кб
Скачать

*Пән: «Балалар аурулары», «Нәрестелік кезеңнің физиологиясы мен патологиясы» блогы *3*16*1*

#105

*!Жергілікті педиатр жаңа туылған нәрестені қарау кезінде нәресте флегмонасын қойды.

Науқасқа байланысты қандай тактика ЕҢ дұрыс болып табылады?

* Зақымданған жерді бриллиант көгінің 3% ертіндісімен үй жағдайында өңдеу

* +Нәрестені шұғыл түрде нәрестелердің хирургиялық бөліміне жіберу

* Нәрестені күндізгі стационар бөлімінде бақылауға қалдыру

* Антибиотиктер тағайындап нәрестені үйде қалдыру

* Дәрігер дерматологқа кеңеске жолдау

#106

*!Нәрестеде 2-ші тәулігінде тері жамылғыларының сарғаюы пайда болды. Емшекті емеді, құспайды. Анамнезінен: нәресте 3 жүктіліктен 40 апта мерзіміндегі 1 босанудан. Туылғандағы салмағы 3200,0 бойы 51см.

Анасының қан тобы О(I) бірінші, Rh(+)оң, баланың қан тобы (ІІІ) үшінші, Rh(-)теріс

Нәрестені ары қарай ЕҢ дұрыс жүргізу тактикасы қандай?

* Емшек сүтімен емізуді жалғастыру және ары қарай бақылау

* Фототерапия тағайындау және емізуді жалғастыру

* Ана мен баланың қан тобын, резус-факторын анықтау

* +ЖҚА,б/х қан талдауын тағайындау,билирубиннің сағаттық өсуін бақылау

* ПИТ бөліміне ауыстыру, шұғыл түрде қан алмастыру отасын бастау

#107

*!Нәресте 5-жүктіліктен, 40 аптада 3 босанудан туылды. Анамнезінде: жүктілік 1-жартысында токсикозбен, жүктіліктің екінші жартысы созылмалы пиелонефриттің өршуімен асқынған.

Нәрестенің туылғандағы жағдайының ауырлық дәрежесін қай бағана бойынша бағалау АНАҒҰРЛЫМ дұрыс болып табылады?

* +Апгар

* Сильверман

* Дубович

* Дементьев

* Полачек

#108

*!Нәресте 4 жүктіліктен, 38 аптада 2 босанудан, жамбаспен туылған.

Нәрестенің жағдайын Апгар бағанасы бойынша ЕҢ дұрысы туылғаннан кейін қай минуттарда бағалаған жөн?

* 1 және 3

* +1 және 5

* 1 және 10

* 1 және 15

* 1 және 20

#109

*!Жаңа туған нәрестеде1 минутта жүрек соғысы әлсіз,сирек, тынысы жоқ, тері жамылғысы боз, аяқ-қолдары салбыраған.Жүргізілген реанимациялық шаралардан соң 5 минуттан кейін жүрек соғысы 90, тыныс алуы пайда болды,бірақ тұрақсыз, акроцианоз, атония, арефлексия байқалды.

Жаңа туылған нәрестенің Апгар бағанасы бойынша ЕҢ ықтималды балы қандай?

* 1-4

* 0-2

* 0-3

* 1-2

* +1-3

#110

*!Нәресте 2-жүктіліктен, 38 аптада 1 жедел босанудан туылды.Туылғандағы салмағы 2300,0 гр., бойы 49см.Бірден айғайлады. Туу залында бірден анасының көкірегіне жатқызылды, емшекті жақсы емеді.

Геморрагиялық синдромның алдын алу үшін К дәруменін енгізудің қандай нұсқасы

АНАҒҰРЛЫМ дұрыс болып табылады?

* 3 тәулікте көк тамырға бір рет

* 3тәулікте бұлшық етке бір рет

* Туылған соң алғашқы тәулікте бұлшық етке бір рет

* Туылған соң алғашқы тәулікте көк тамырға бір рет

* +Туылған соң босану бөлмесінде бұлшық етке бір рет

#111

*!Нәресте 4 жүктіліктен, 2 босанудан, жүктіліктің 34 аптасында мерзімінен ерте шала туылды. Туылғандағы салмағы 2240,0гр., бойы 43 cм.

Көрсетілгендердің қайсысы Шала туылған нәрестеге қолданатын ЕҢ нәтижелі перинаталдық көмек болып табылады?

* Жасанды дем алу аппаратын қолдану

* Түтік арқылы тамақтандыру

* Сурфактантты енгізу

* +Жылу тізбегін сақтау

* Нәресте күтіміне ана-анасының қатысуы

#112

*!Акушер-гинеколог қабылдауына ішінің ауруына шағымданып асқынған акушерлік анамнезбен жүкті әйел келді. Жүктілік мерзімі - 30 апта. Тексеруден кейінгі диагнозы: Мерзімінен бұрын босану қаупі.

Жүкті әйелді ары қарай жүргізу тактикасының ЕҢ дұрыс жолы қандай?

* Үйде бақылау

* Амбулаторлық ем тағайындау

* I деңгейлі перзентханаға жатқызу

* II деңгейлі перзентханаға жатқызу

* +III деңгейлі перзентханаға жатқызу

#113

*!Нәресте 4 жүктіліктен, 3 босанудан, жүктіліктің , 27 аптасында мерзімінен ерте,Апгар бағанасы бойынша 4-6 баллмен туылды. Туылғандағы салмағы 930,0гр., бойы 35 cм.

Шала туылған нәрестені күтіп-баптауда кувездің төменде көрсетілген тиімділіктерінің қайсысы ЕҢ маңызды?

* Ауаның оптималды ылғалдығын қалыптастыру

* Оптимальді оксигенациямен қамтамасыз ету

* Шуыл мен жарық әсерін азайту

* +Құрсақ ішіндегі жағдайға ұқсас оптимальді микроклимат қалыптастыру

*Қоршаған ортаның қолайсыз факторларының әсерінен шала туылған нәрестені оқшаулау

#114

*!Нәресте 2 жүктіліктен, 1 босанудан, жүктіліктің 33 аптасында мерзімінен ерте, Апгар бағанасы бойынша 7-8 баллмен туылды. Туылғандағы салмағы 2060,0гр., бойы 42 cм.

Шала туылған нәрестені перзентханадан үйіне шығару үшін төменде көрсетілген көрсеткіштің қайсысы АНАҒҰРЛЫМ маңызды?

* Қалыпты дене температурасын сақтау тұруы

* Тәулік сайын тұрақты салмақ қосуы

* НСГ-ның қалыпты көрсеткіштері

* +Белсенді сору рефлексі

* Тұрақты гемодинамика

#115

*!Жаңа туылған нәрестенің өмірінің 8 күнінде кіндік маңында, шабында қызарулар, суланулар, сызаттар пайда болды. Ары қарай олар іш терісіндегі, денесіндегі айқын эритемаларға ұласты. Солғын көпіршіктер, ауқымды эрозиялар пайда болды, Никольский симптомы оң. Жаңа туылған нәрестенің денесі «ыстық суға күйіп қалған» кейіпте.

Төменде келтірілген терапияның қайсысы ЕҢ дұрыс болып табылады?

* +Антибиотикотерапия

* Инфузионды терапия

* Иммунотерапия

* Дезинтоксикациялық терапия

* Антисептиктермен жергілікті терапия

#116

*!Нәрестелер сепсисінде антибактериалды терапияны тағайындауда төменде көрсетілген әдістердің қайсысын негізге алған АНАҒҰРЛЫМ дұрыс?

* Энтералды жолмен енгізу

* Парентералды жолмен енгізу

* Синергизмге қабілетті препараттардың комбинациясын алу

* Антогонизмге қабілетті препараттардың комбинациясын алу

* +Қоздырғыштың сезімталдығы мен флораны ескеру

#117

*!Мерзіміне жетіп туылған нәресте бірден айқайлап жылады, Апгар бағанасы бойынша 8-9 баллға бағаланды. Гестация мерзімі 38 апта, дене салмағы 2500 гр., бойы 46 cм, туа біткен даму ақаулары, босану жарақаты жоқ. Ары қарай жүргізу үшін нәрестені келесі топтардың біріне жіктеу керек.

Осы нәрестені қандай күтім тобына жатқызған АНАҒҰРЛЫМ дұрыс болып табылады?

* Туа біткен даму ақауларымен/босану жарақатымен туылған нәрестеге жасалатын күтім

* +Дені сау нәрестеге жасалатын күтім

* Кейбір медициналық көмекті қажет ететін

* Салмағы аз нәрестеге жасалатын арнайы күтім

* Реанимацияны жедел бастауды қажет ететін

#118

*!Акушер босанушы әйелдің гепатит В (НВsАg)-ң беткейлі антиген тасымалдаушысы екенін сізге ескертті.

Нәрестеге байланысты ЕҢ алғашқы не жасаған дұрыс болады?

* НВsАg-ге нәрестеге скрининг жүргізу

* Гепатит В-ң антигеніне анасына скрининг жүргізу

* Инфекция жайылып кетпес үшін нәрестені жекешелеу

* +Гепатит В-ге қарсы иммуноглобулин және вакцина тағайындау

* Ештеңе жасамау,себебі анасынан трансплацентарлы өтетін антиденелер гепатит В-ден қорғайды

#119

*!Төменде келтірілгенген емдеу тактикасының қайсысы нәресте сепсисінде токсикозды емдеуде ЕҢ нәтижелі болып табылады?

* Гемосорбция

* +Плазмоферез

* Иммунокоррекция

* Антибитикотерапия

* Инфузионды терапия

#120

*!Нәресте жүктіліктің 39 аптасында туылған. Туылғандағы салмағы 3450,0 гр., бойы 53см. Бірден айғайлады. Босану бөлмесінде бірден анасының көкірегіне салынды. Белсенді емді.

ҚР екпелер күнтізбесіне сәйкес перзентханада жаңа туылған нәрестелерге қандай ауруларға қарсы екпе жасау АНАҒҰРЛЫМ дұрыс болып табылады?

* Туберкулезге, полиомиелитке

* "В"гепатитіне, полиомиелитке

* Полиомиелитке, қызылшаға, туберкулезге

* +Туберкулезге,вирусты гепатит В

* Күлге,сіреспеге, көкжөтелге, полиомиелитке

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]