Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
35753_5_29286_30211_33147__20196__36165_16-17.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
260.39 Кб
Скачать

*Пән: «Балалар аурулары», «Нәрестелік кезеңнің физиологиясы мен патологиясы» блогы *1*8*1*

#81

*!Төмендегінің қайсысы везикулопустулездің ЕҢ ықтималды патогені болып табылады?

* Көк іріңді таяқша

* +Стафилококк

* Стрептококк

* Кандида

* Протей

#82

*!Көрсетілгендердің қайсысы туа біткен қызамыққа ЕҢ тән белгі болып табылады?

* Сарғаю

* Пурпура

* Ретинопатия

* +Грегг үштігі

* Микроцефалия

#83

*!Нәрестелердің физиологиялық сарғаюы қандай сарғаю түріне жатады?

* Гемолитикалық

* +Конъюгациялық

* Механикалық

* Паренхиматозды

* Дәрілік

#84

*!Ұрықтанудан бастап 15- ші күнге дейінгі ұрықтың даму кезеңі қалай аталады?

* Гаметогенез

* +Бластогенез

* Эмбриогенез

* Ерте фетогенез

* Кеш фетогенез

#85

*!Мерзімі жеткен жүктілікке қандай гестациялық мерзім сәйкес келеді?

* +37-42 апта

* 37-40 апта

* 38-39 апта

* 38-40 апта

* 40-42 апта

#86

*!Анасы тарапынан төменде аталған аурулардың қайсысы нәрестенің ана сүтін емуіне абсолюттік қарсы көрсеткіш болып табылады?

* Пневмония

* +ВИЧ-инфекция

* Қант диабеті

* Вирусты гепатит

* Туа біткен жүрек ақауы

#87

*!Шала туылған нәрестелер бөлімінде нәрестелер өлім көрсеткіші жоғарылауы байқалады.

Ерте неонаталдық кезеңде шала туылған нәрестелер өлімінің ЕҢ жиі себебі қандай?

* +Респираторлық дистресс синдром

* Құрсақішілік инфекциялар

* Туа біткен даму ақаулары

* Босану жарақаты

* Пневмония

#88

*!"Шала туылған нәресте"диагнозын қою үшін төменде көрсетілген қандай көрсеткіш ЕҢ маңызды болып табылады?

* Салмақ

* Бой

* Соматикалық статус

* Неврологиялық статус

* +Гестациялық жас

*Пән: «Балалар аурулары», «Нәрестелік кезеңнің физиологиясы мен патологиясы» блогы *2*16*1*

#89

*!Нәрестеде өмірінің 2 тәулігінде терісінде сарғаю пайда болды. Анамнезінен: нәресте 3 жүктіліктен,40 апта мерзімінде 1босанудан туылған. Туылғандағы салмағы 3200,0, бойы 51см.Анасының қан тобы-O (I) бірінші, Rh (+) оң, нәрестенің қан тобы -B (III) үшінші, Rh (-) теріс.

Қанның биохимиялық талдауында қандай көрсеткіштің жоғарлауы ЕҢ ықтималды болып табылады?

* АЛТ, АСТ

* Тимол сынамасының

* С-реактивті белоктың

* Тікелей билирубиннің

* +Тікелей емес билирубиннің

#90

*!Өмірінің 5 күні жаңа туылған нәрестеде терісінің сарғаюы байқалды. Гемоглобин - 164 г/л; тікелей емес фракция есебінен жалпы билирубин 198,5 ммоль/л. Анасының қан тобы А (II)екінші, Rh(+) оң, нәрестеде - A (II)екінші, Rh (-)теріс.

Келтірілгендердің қайсысы ЕҢ ықтималды болжамалы диагноз болып табылады?

* Туа біткен гепатит

* +Физиологиялық сарғаю

* Минковский-Шоффар анемиясы

* Өт шығару жолдары атрезиясы

* Нәрестелердің гемолитикалық ауруы

#91

*!ДДҰ ұсыныстары бойынша тірі туылудың ЕҢ ықтималды критерийлері болып қандай критерийлар жиынтығы табылады?

* Тыныс алуы, жүрек соғысы, рефлекстері

* Тыныс алуы, жүрек соғысы,терінің түсі

* Тыныс алуы, жүрек соғысы, бұлшық ет тонусы

* Тыныс алуы, жүрек соғысы, бұлшық ет тонусы, кіндік пульсациясы, терінің түсі

* +Тыныс алуы,жүрек соғысы,кіндік пульсациясы, бұлшық еттің спонтанды қозғалысы

#92

*!Жергілікті дәрігерге 2 апталық нәрестенің анасы нәрестенің сүт бездерінің қатаюы мен жыныс жолдарынан бөлінділерге шағымданды Қарағанда нәрестенің жағдайы қанағаттанарлық,қызуы қалыпты,салмақ қосып жатыр.

Төменде келтірілген болжамалы диагноздың қайсысы ЕҢ ықтималды?

* +Жыныстық криз

* Екі жақты мастит

* Десквамативті вульвовагинит

* Физиологиялық мастопатия

* Этиологиясы анықталмаған вульвовагинит

#93

*!Нәресте 2-ші жүктіліктен,1мерзімінен бұрын босанудан,Апгар бағанасы бойынша 6-7 баллмен жүктіліктің 34 аптасында туылды. Туылғандағы салмағы 2230,0 гр., бойы-43 см. Анамнезінен: жүктіліктің 1-жартысында токсикоз, екінші жартысында созылмалы пиелонефриттің өршуі байқалған.

Төменде келтірілгендердің қайсысы шала туылған нәрестенің өмір сүріп кету мүмкіндігін анықтайтын ЕҢ негізгі фактор болып табылады?

* +Гестация мерзімі

* Жаңа туылған нәрестенің салмағы мен бойы

* Жүктіліктің және босанудың қолайсыз ағымы

* Туылу кезіндегі шала туылған нәрестенің жағдайының ауырлығы

* Жоғарғы дәрежелі перинаталдық қауіп-қатер тобынан болу

#94

*!Жаңа туылған нәрестеде қан алмастыру операциясынан соң 2 күннен кейін кіндік сақинасында қызару және инфильтрация пайда болды, кіндік тамырлары пальпацияланады. Кіндік жарасынан аздаған серозды-іріңді бөлінулер бөлінеді.

Келтірілгендердің ішіндегі ЕҢ ықтималды болжамалы диагноз қайсысы?

* Суланған кіндік

* Кіндік жыланкөзі

* Кіндік фунгусы

* +Іріңді омфалит

* Кіндіктің гангренасы

#95

*!6 күндік шала туылған нәресте әлсіз, емшектен бас тартады,құсады. Өмірінің 5 күніне қарай дене салмағының 18%-н жоғалтты. Терісі бозғылт-сұр түсті, менингоэнцефалит белгілері бар. Өкпесінде ылғалды сырылдар естіледі. Іші кебіңкі, гепатолиенальды синдром, омфалит белгілері бар. Қанында лейкоцитоз, солға қарай ығысқан нейтрофиллез анықталды.

Келтірілгендердің ішіндегі ЕҢ ықтималды болжамалы диагноз қайсысы?

* Туа біткен токсоплазмоз

* Туа біткен микоплазмоз

* +Құрсақішілік сепсис

* Туа біткен листериоз

* Туа біткен мерез

#96

*!Жаңа туылған нәрестелер сепсисінде аталған көрсеткіштердің қайсысының жоғарлауы ЕҢ ықтималды болып табылады?

* Лейкопения мен лимфоцитоз

* Нейтрофилезді лейкоцитоз

* +С-реактивті белоктың жоғарылауы

* Бауыр ферменттері белсенділігінің жоғарлауы

* Нейтрофилдердің жас түрлері санының артуы

#97

*!Нәрестелер сепсисінің қай түрі ЕҢ жиі нәрестелер өліміне алып келеді?

* Ерте сепсис

* Кеш сепсис

* Септицемия

* Септикопиемия

* +Септикалық шок

#98

*!Келтірілген клиникалық критерийлердің қайсысы жаңа туылған нәрестедегі жүйелі қабыну жауабы синдромына ЕҢ тән болып табылады?

* +Температуралық гомоестаздың бұзылысы

* Тыныс алу жетіспеушілігі

* Коммуникабелдікті жоғалтуы

* Әлсіз сору рефлексі

* Терінің бозғылттығы және сарғыштығы

#99

*!Жаңа туылған нәрестенің айқын атетоз тәрізді қозғалыстары ОЖЖ қандай ерекшеліктерімен АНАҒҰРЛЫМ байланысты?

* Детриттердің әлсіз дамуымен

* Бас миының жетілмеуімен

* Мишықтың жеткіліксіз дамуымен

* +Пирамидалық жолдардың жеткіліксіз миелинизациясымен

* Таламопаллидарлық жүйенің функционалдық басымдылығымен

#100

*!Жаңа туылған нәрестеге қан жасау жүйесі жағынан қандай физиологиялық ерекшелік АНАҒҰРЛЫМ тән?

* ДВС синдромның ерте дамуы

* Эритроциттер мен гемоглобиннің төмен деңгейі

* Тромбоциттердің төмен агрегациялық қабілеті

* +К витамині және К витаминіне тәуелді қан ұю факторларының төмен деңгейі

* Құрсақіші және құрсақтан тыс инфицирлену жағдайында нейтропенияның тез дамуы

#101

*!Шала туылған нәрестенің емшек ему мүмкіндігін АНАҒҰРЛЫМ анықтайтын қай фактор?

* Дене салмағы

* Гестация мерзімі

* Анасының тілегі

* Босандыру әдісі

* +Сору рефлексінің жетілгендігі

#102

*!Нәресте мерзімінен бұрын 27 аптада туылды. Туылған кездегі жағдайы өте нашар. Нәрестені қарағанда жүрек соғысы, тынысы,бұлшық етінің жиырылысы жоқ, тек әлсіз кіндік пульсациясы анықталды.

Бұл клиникалық белгілер қандай жағдайға АНАҒҰРЛЫМ тән?

* «Жаңа ғана туылған нәресте» синдромы

* Ұрықтың антенатальды өлімі

* Орташа асфиксия

* +Ауыр асфиксия

* СДР

#103

*!Нәресте жүктіліктің 40-шы аптасында туылды.Туылғандағы салмағы 3750,0 гр., бойы 50см. Бірден даусын шығарып жылады.Босану бөлмесінде бірден емшек емді, емуі белсенді.3 тәулікте салмағы 3500,0 гр. Кеуде, іш, аяқ-қол терісінде қызғылт тусті көпіршікті-папулезді бөртпе байқалады.Тексеру кезінде жөргекте ақшыл-қызыл тусті дақтар анықталды.

Көрсетілген жағдайлардың қайсысы ЕҢ ықтималды?

* Дене салмағының транзиторлық азаюы,зәр қышқылды инфаркт,мелена,уытты эритема

* +Дене салмағының транзиторлық азаюы,уытты эритема,зәр қышқылды инфаркт

* Физиологиялық эритема, дене салмағының транзиторлық азаюы,олигурия

* Физиологиялық эритема, дене салмағының транзиторлық азаюы,мелена

* Дене салмағының транзиторлық азаюы,олигурия, тербөртпе

#104

*!1күндік мерзіміне жетіп туылған нәресте. Емшекті жақсы емеді, құспайды. Туа біткен автоматизм рефлекстері толық шақырылады. Жалпы қарағанда ағзалар мен мүшелер жағынан өзгерістер жоқ. Анамнезінде: антенатальды және интранатальды кезеңдер ерекшеліксіз өткен. Анасының шағымы нәрестенің зәрі болмаған. ЖҚА,ЖЗА қалыпта, өзгеріссіз.

Төменде көрсетілген алдын-ала диагноздың қайсысы АНАҒҰРЛЫМ мүмкін?

* +Нәрестенің физологиялық ануриясы

* Анурияның экстренальды формасы

* Анурияның субренальды формасы

* Анурияның аренальды формасы

* Анурияның ренальды формасы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]