- •*Пән: «Балалар аурулары», «Жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары» блогы *2*16*1*
- •*Пән: «Балалар аурулары», «Жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары» блогы *3*16*1*
- •*Пән: «Балалар аурулары», «Несеп шығару жүйесінің аурулары» блогы *1*8*1*
- •*Пән: «Балалар аурулары», «Несеп шығару жүйесінің аурулары» блогы *2*16*1*
- •*Пән: «Балалар аурулары», «Несеп шығару жүйесінің аурулары» блогы *3*16*1*
- •*Пән: «Балалар аурулары», «Нәрестелік кезеңнің физиологиясы мен патологиясы» блогы *1*8*1*
- •*Пән: «Балалар аурулары», «Нәрестелік кезеңнің физиологиясы мен патологиясы» блогы *2*16*1*
- •*Пән: «Балалар аурулары», «Нәрестелік кезеңнің физиологиясы мен патологиясы» блогы *3*16*1*
- •*Пән: «Балалар аурулары», «Балалар гастроэнтерологиясы» блогы *1*8*1*
- •*Пән: «Балалар аурулары», «Балалар гастроэнтерологиясы» *2*16*1*
- •*Пән: «Балалар аурулары», * «Балалар гастроэнтерологиясы» *3*16*1*
- •*Пән: «Балалар аурулары», «Қан және эндокриндік жүйенің аурулары» блогы *1*8*1*
- •*Пән: «Балалар аурулары», «Қан және эндокриндік жүйенің аурулары» блогы *2*16*1*
- •*Пән: «Балалар аурулары», «Қан және эндокриндік жүйенің аурулары» блогы *3*16*1*
- •*Пән: «Балалар аурулары», «Тыныс жүйесінің аурулары» блогы *1*8*1*
- •*Пән: «Балалар аурулары», «Тыныс жүйесінің аурулары» блогы *2*16*1*
- •*Пән: «Балалар аурулары», «Тыныс жүйесінің аурулары» блогы *3*16*1*
- •*Пән: «Балалар аурулары», «Балалар жұқпалы аурулары» блогы *1*12*1*
- •*Пән: «Балалар аурулары», «Балалар жұқпалы аурулары» блогы *2*24*1*
- •*Пән: «Балалар аурулары», «Балалар жұқпалы аурулары» блогы *3*24*1*
*Пән: «Балалар аурулары», «Несеп шығару жүйесінің аурулары» блогы *3*16*1*
#65
*!1 айлық балада дене қызуы 40оС-қа дейін жоғарылады, тәбеті төмендеп, құсу байқалды. ЖҚТ: лейк -16000, нейтрофилез, ЭТЖ - 30 мм/сағ., ЖНТ-да пиурия. Балаға бірден антибактериалды ем тағайындалды. Антибактериалды емнің ұзақтығы?
* 1-3
* 5-7
* 7-10
* +10-14
* 10-20
#66
*!3 жастағы балада дизурия эпизодтары қайталануда, анамнезінде несептегі өзгерістер. Жоғары температура, интоксикация болған жоқ. Қараған кезде баланың жағдайы қанағаттанарлыққа жақын, температура 37оС, жиі ауру-сезімімен зәр шығарады. ЖҚТ патологиялық өзгерістерсіз, ЖНТ-да: белок 0,066 г/л, лейк. 12-15 к/а., эритр. 3-4 к/а, бактериялар+++. Мейілінше қай препаратты тағайындаған дұрыс?
* сифлокс
* имепинем
* +аугментин
* фурагин
* левофлоксацин
#67
*!1,5 жастағы ұл балаға НЖИ+ҚНР ІІ-ІІІ дәрежесі деген диагноз қойылды. Антибактериалды ем курсынан кейін клиникалық-зертханалық көрсеткіштер қалпына келді. Науқасты ары қарай жүргізудің қандай тактикасы оның білікті медициналық көмек алу құқығына сәйкес келеді?
* хирургиялық ем
* фитотерапия 6-8 ай бойы
* 1-1,5 ай бойы қуық аймағына физиоем жасау
* бір жыл бойы терапиясыз нефрологтың бақылауында болу
* +нитрофурандарды ұзақ уақыт емдік дозаның ½-1/3-ін түнге қарай тағайындау
#68
*!10 айлық балада қалтыраумен өтетін қызба анықталады. Зерттегенде талдауларында С-реактивті белок жоғарылауы, лейкоцитурия, бактериурия, бүйректің концентрлеу қызметінің төмендеуі анықталады. Төменде аталған препараттардың қайсысы бұл жағдайда мейілінше оңтайлы?
* бисептол 5 күн ауыз арқылы
* гентамицин 5 күн б/е
* фурагин 14 күн ауыз арқылы
* офлоксацин 5 күн ауыз арқылы
* +амоксициллин 7 күн б/е және 7 күн ауыз арқылы
#69
*!17 жасар қыз ісінуге, бас ауыруына, несебінің түсінің өзгеруіне шағымданып келді. 2 апта бұрын баспамен ауырған. АҚ 160/95 мм с.б., макрогематурия. Қанда: белок 60 г/л, холестерин 3,7 ммоль/л, креатинин 128 мкмоль/л, мочевина 9,2 ммоль/л; Несепте белок 2,0 г/л, эритроциттер – көру алаңын тұтасымен алып жатыр.
Науқаста қандай асқынудың дамуы МЕЙІЛІНШЕ ықтимал?
* гиповолемиялық шок
* +эклампсия
* аяқтың терең көктамырларының тромбозы
* бактриалды инфекциялар
* асқазаннан қан кету
#70
*!10 жастағы ұл балада жедел стрептококктан кейінгі гломерулонефрит болжанды. Төменде көрсетілген клиникалық симптомдар мен зертханалық көрсеткіштердің қайсысы осы патологияға мейілінше тән?
* дизурия мен гематурия
* протеинурия мен жайылған ісінулер
* артериалды гипертензия және массивті протеинурия
* қайталаушы ағымы және лейкоцитурия
* +гематурия, АСЛО+, С3 төмендеген, циклді ағымы
#71
*!3 жасар қыз балада ЖРВИ-ден кейін: ісіну, асцит, олигурия. Несепте – белок 16‰. Диагноз қандай және қандай емдеу тактикасы мейілінше жөн болып табылады?
* жедел пиелонефрит, антибиотики
* аллергиялық ісіну, антигистаминдік препараттар
* пневмония, кеуде торының шолу рентгенографиясы
* +минималды өзгерістер ауруы, несеп талдауы, бүйрек УДЗ, кесте бойынша преднизолон
* кардит, эхокардиограмма, антибиотиктер, кардиопротекторлар
#72
*!14 жасар жасөспірім бөлімшеге бас ауруына, қабақтарының, аяқтарының ісінуіне шағымданумен түсті. АҚҚ 145/90 мм с.б. Зертханалық: қанда ЭТЖ 55 мм/сағ, жалпы белок 70 г/л, креатинин 150 мкмоль/л, калий 5,0, холестерин 4,6 ммоль/л; зәрде белок 1,5 г/л, эритроциттер көп мөлшерде к/а, лейкоциттер 2-3 к/а. Бақылау қан анализдерінде креатинин 400 мкмоль/л, жалпы белок 56 г/л., несепте белок 2,2 г/л, эритроциттер көп мөлшерде.
МЕЙІЛІНШЕ дұрыс иммуносупрессті емді көрсетіңіз?
* преднизолон 2 мг/кг 6+6 кестесі бойынша
* циклоспорин А
* мофетил микофенолат
* +преднизолон мен циклофосфамидтің пульс-терапиясы
* преднизолон+циклоспорин А
#73
*!13 жасар жасөспірімде 7 айдың ішінде протеинурия 5 г/тәул. дейін өскен, бетінде, аяқтарында ісіну пайда болды, АҚ 160/110 мм с.б. дейін жоғарылады. Көруі біршама төмендеді. Соңғы айда олигурия дамыды. Қарағанда: терісі бозарған, беті, аяқтары ісінген. АҚ 150/100 мм с.б. Зертханалық: Нв 80 г/л, альбумин 25 г/л, холестерин 6 ммоль/л, тәуліктік протеинурия 4,9 г, эритроциттер 20-25 к/а. ШФЖ=30 мл/мин. Қандай зерттеу жағдайдың ауырлығын бағалауға және емдеу тактикасын анықтауға мейілінше мүмкіндік береді?
* бүйректің МРТ
* экскреторлы урография
* бүйректің УДЗ
* +бүйрек биопсиясы
* бүйректің КТ
#74
*!Нефрологиялық бөлімшеге ісінумен 11 жасар қыз бала түсті, АҚ 150/100 мм с.б. Несепте белок 3,3 г/л, эритроциттер тұтастай жауып жатыр. Тез өсіп жатқан гиперкреатининемия анықталып, бүйрек биопсиясы жасалды. Биопсияда тез үдемелі гломерулонефриттің белгілері. Қандай ем МЕЙІЛІНШЕ дұрыс болып табылады?
* гипотиазид+фозиноприл
* мофетил микофенолат
* +преднизолон+циклофосфамидтің пульс-терапиясы
* циклоспорин А
* преднизолон per/os
#75
*!3 жасар қыз баланың анасы қызының дене қызуының 39˚С дейін жоғарылауына, қайта-қайта құсуына, күніне 10 ретке дейін ішінің өтуіне, несеп бөлуінің азаюына шағымданады. Тексергенде: Нв 135 г/л, қанда креатинин 150 мкмоль/л, мочевина 12,8 ммоль/л, натрий-140 ммоль/л, калий-4,7 ммоль/л. ЖНТ: белок 0,066 г/л, Ле 4-6 к/а, Эр 3-5 к/а.
МЕЙІЛІНШЕ дұрыс ем тактикасын көрсетіңіз?
* гемодиализ
* перитонеалды диализ
* преднизолон 1 мг/кг
* +оралды регидратация
* гентамицин б/е
#76
*!12 жасар балада БЖЗ белгілерімен краш-синдром. Бірінші кезекте қандай емдеу тактикасы қолданылады?
* диуретиктер үлкен мөлшерде
* +ерте инфузиялық ем
* сұйықтықты шектеу
* кальций препараттары
* калий препараттары
#77
*!2 айлық балада жедел ішек инфекциясы фонында БЖЗ ІІІ (RIFLE бойынша) дамыды.
Қандай көрсеткіштің өзгеруі өмірге АСА қауіпті болып табылады?
* +калий 6,5 ммоль/л
* калий 3,0 ммоль/л
* натрий 130 ммоль/л
* ШФЖ 25 мл/мин
* Нв 80 г/л
#78
*!БСА-дан зардап шегетін 13 жасар науқас қыз дене қызуының 39˚С дейін жоғарылауына, қайта-қайта құсуына, күніне 10 ретке дейін ішінің өтуіне, несеп бөлуінің азаюына шағымданады. Бұл шағымдар осыдан 2 күн бұрын сапасыз тағам қабылдағаннан кейін пайда болған. Тексергенде: қанда креатинин 500 мкмоль/л-ге дейін артқан, натрий-140 ммоль/л, калий-6,7 ммоль/л, хлор-122 ммоль/л, рН-7,1. ЖНТ: белок 0,099 г/л, Ле 4-6 к/а, Эр 8-10 к/а. Қандай емдеу тактикасы мейілінше дұрыс болып табылады?
* к/т глюконат кальций
* +гемодиализ
* цефтриаксон б/е
* оралды регидратация
* преднизолон
#79
*!Нефробиопсия бойынша дәлелденген IgА-нефропатия салдарынан дамыған БСА-мен 12 жасар науқасты (ШФЖ 38 мл/мин) емдеудің тактикасының негізінде қандай басты стратегия жатыр?
* гемодиализге дайындау
* бүйрек трансплантациясына дайындау
* +нефропротективті ем, БСА синдромдарын емдеу
* иммуносупрессивті ем, БСА асқынуын емдеу
* иммуносупрессивті ем, жанама әсерлердің алдын алу
#80
*!10 жасар қыз балада рефлюкс-нефропатияның салдарынан дамыған БСА-ң терминалды сатысы, аптасына 3 рет 4 сағаттан бағдарламалық гемодиализ алады. Зертханалық: Нв 110 г/л, ЭТЖ 20 мм/сағ., креатинин 900 мкмоль/л, Са 1,5 ммоль/л, Р 2,3 ммоль/л, паратгормон жоғарылаған. Эритропоэтин препараттарын алады. Осы кезде қандай ауытқуларды коррекциялау маңызды?
* уремияны
* ацидозды
* +ПТГ, Са и Р
* гипергидратацияны
* реналді анемияны
