- •*Пән: «Балалар аурулары», «Жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары» блогы *2*16*1*
- •*Пән: «Балалар аурулары», «Жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары» блогы *3*16*1*
- •*Пән: «Балалар аурулары», «Несеп шығару жүйесінің аурулары» блогы *1*8*1*
- •*Пән: «Балалар аурулары», «Несеп шығару жүйесінің аурулары» блогы *2*16*1*
- •*Пән: «Балалар аурулары», «Несеп шығару жүйесінің аурулары» блогы *3*16*1*
- •*Пән: «Балалар аурулары», «Нәрестелік кезеңнің физиологиясы мен патологиясы» блогы *1*8*1*
- •*Пән: «Балалар аурулары», «Нәрестелік кезеңнің физиологиясы мен патологиясы» блогы *2*16*1*
- •*Пән: «Балалар аурулары», «Нәрестелік кезеңнің физиологиясы мен патологиясы» блогы *3*16*1*
- •*Пән: «Балалар аурулары», «Балалар гастроэнтерологиясы» блогы *1*8*1*
- •*Пән: «Балалар аурулары», «Балалар гастроэнтерологиясы» *2*16*1*
- •*Пән: «Балалар аурулары», * «Балалар гастроэнтерологиясы» *3*16*1*
- •*Пән: «Балалар аурулары», «Қан және эндокриндік жүйенің аурулары» блогы *1*8*1*
- •*Пән: «Балалар аурулары», «Қан және эндокриндік жүйенің аурулары» блогы *2*16*1*
- •*Пән: «Балалар аурулары», «Қан және эндокриндік жүйенің аурулары» блогы *3*16*1*
- •*Пән: «Балалар аурулары», «Тыныс жүйесінің аурулары» блогы *1*8*1*
- •*Пән: «Балалар аурулары», «Тыныс жүйесінің аурулары» блогы *2*16*1*
- •*Пән: «Балалар аурулары», «Тыныс жүйесінің аурулары» блогы *3*16*1*
- •*Пән: «Балалар аурулары», «Балалар жұқпалы аурулары» блогы *1*12*1*
- •*Пән: «Балалар аурулары», «Балалар жұқпалы аурулары» блогы *2*24*1*
- •*Пән: «Балалар аурулары», «Балалар жұқпалы аурулары» блогы *3*24*1*
*Пән: «Балалар аурулары», «Несеп шығару жүйесінің аурулары» блогы *1*8*1*
#41
*!3 жасар қызға жедел пиелонефрит диагнозы қойылды.
Бактериурияның қандай дәрежесі (1 мл зәрдегі микроб денелері) диагностикалық маңызға ие?
* 100
* 1.000
* 5.000
* 10.000
* +100.000
#42
*!Айқын ісінулермен, гипоальбуминемиямен, гиперхолестеринемиямен, протеинуриямен (1,5 г/л) науқаста қандай зерттеулер жүргізгенде нефротикалық синдром диагнозы толықтырылады?
* бүйрек УДЗ-і
* коагулограмма
* липидтер фракциясы
* +тәуліктік протеинурия
* несеп тұнбасының микроскопиясы
#43
*!10 жасар қыз балада нефритикалық синдромға күдік. Қандай несептік синдром осы синдромға мейілінше тән?
* гематурия, лейкоцитурия
* гематурия, балауызды цилиндрлер
* гематурия, гиалиндік цилиндрлер
* гематурия, лейкоцитарлық цилиндрлер
* +гематурия, эритроцитарлық цилиндрлер
#44
*!Гломерулонефриттің қай түріне шумақшалардың экстpaкапилляpлы типте зақымдалуы (жарты айшықтар түзілуі) тән?
* нефритикалық синдромға
* нефpотикалық синдромға
* оқшауланған несептік синдромға
* гематуриямен жүретін нефротикалық синдромға
* +тез үдемелі гломерулонефритке
#45
*!11 жасар ұл балада ісінуге, олигурияға шағымданды. АҚҚ 120/80 мм с.б., зәрі ашық-сары. ЖҚТ: лейкоциттер – 6х109, Нв – 110 г/л, ЭТЖ – 55 мм/сағ. Қан сарысуында: жалпы белок – 38 г/л, холестерин – 9,5 ммоль/л. ЖНТ: белок – 5,8 г/л, лейк. – 1-2 к/а, эритр. – 5-6 к/а, салыст.тығ – 1025. Глюкокортикостероидтармен 6 апта бойы жүргізілген ем тиімсіз болды. Емді коррекциялау үшін қандай зерттеу әдісі мейілінше негізделген?
* +нефробиопсия
* урография
* цистоскопия
* цистография
* бүйректің компьютерлік томографиясы
#46
*!Жақсы дамып жатқан 1 жастағы балада 4 күнге созылған диареядан және құсудан кейін олигурия дамыды. Қанда азотемия, ацидоз. Қандай жағдай мейілінше ықтимал?
* шок
* бүйректің созылмалы ауруы
* +бүйректің жедел зақымдалуы
* жедел нефротикалық синдром
* жедел нефритикалық синдром
#47
*!2 айлық балада жедел ішек инфекциясы фонында олигоанурия дамыды. БЖЗ сатысын бағалау үшін мына зерттеуді жүргізу керек:
* тромбоциттер
* ретикулоциттер
* +креатинин
* билирубин
* калий, натрий
#48
*!1,5 жасар балада туа біткен нефротикалық синдром фонындағы БСА-ң 3 сатысы. Бүйректің созылмалы ауруы кезінде гиперфильтрацияның рөлі қандай?
* бүйрек қызметін жақсарту
* бүйрек қызметіне әсер етпейді
* +нефросклероз үдеуінің универсалды механизмі
* тек пиелонефрит кезінде склероздаушы әсері бар
* тек гломерулонефрит кезінде склероздаушы әсері бар
*Пән: «Балалар аурулары», «Несеп шығару жүйесінің аурулары» блогы *2*16*1*
#49
*!13 жасар қыз бала, жедел жәрдеммен дене қызуының 39◦С-ға дейін жоғарылауына, әлсіздікке, енжарлыққа шағымданумен түсті. 3 күн бұрын жедел ауырды. Қараған кезде интоксикация симптомдарына байланысты жағдайы орта ауырлықта, температурасы 39,5◦С, АҚҚ 110/70 мм с.б, несеп шығаруы еркін. ЖҚТ: Нв 120 г/л, лейкоциттер 12 мың, с 72%, л 20, м 8%, ЭТЖ 40 мм/сағ; ЖНТ: зәрі лайлы, белок 0,066%, лейкоциттер жаппай, бактериялар+++. ЕҢ мүмкін болатын диагноз қандай?
* цистит
* уретрит
* +жедел пиелонефрит
* интерстициалды нефрит
* несеп жүйесінің инфекциясы
#50
*!1 айлық балада дене қызуы 40оС-қа дейін жоғарылады, тәбеті төмендеп, құсу байқалды. ЖҚТ: лейк -16000, нейтрофилез, ЭТЖ- 30 мм/сағ., ЖНТ-да пиурия. Ауруының 3-ші күні жағдайы нашарлай түсті – интоксикация өршіп, отит, пневмония белгілері пайда болды. Төменде аталғандардан мейілінше мүмкін болатын диагноз қандай?
* жедел пиелонефрит
* септицемия
* +уросепсис
* туберкулез * ҚІИ
#51
*!3 жасар балада 4 дәрежелі қуық-несепағар рефлюксі. ҚНР анықтау үшін төменде аталған зерттеулердің қайсысы МЕЙІЛІНШЕ бірінші кезекте жүргізіледі?
* цистоскопия
* +микциялық цистография
* тамырішілік урография
* ретроградты пиелография
* ультрадыбыстық зерттеу
#52
*!Балада – нефротикалық синдром. Стероидтармен емдеу жоспарлануда. Төменде көрсетілген аурулардың қай нұсқасында преднизолонмен емдегенде оң жауап алынады?
* эндокапиллярлы диффузды гломерулонефрит
* экстракапиллярлы жарты айшықтармен
* фокалді-сегментарлы гломерулосклероз
* мезангиопролиферативті гломерулонефрит
* +минималды өзгерістер ауруы
#53
*!5 жастағы бала, айқын ісінулерге, асцит, аз мөлшерде несеп шығаруға, әлсіздікке, тәбетінің төмендеуіне шағымданды. Суықтанудан соң жедел ауырды. АҚҚ 90/60 мм с.б., зәрі ашық-сары. ЖҚТ: лейкоциттер – 6х109, ТК – 0,9, Нв – 110 г/л, ЭТЖ – 55 мм/сағ. Қан сарысуында: жалпы белок – 38 г/л, холестерин – 9,5 ммоль/л. ЖНТ: белок – 4,8 г/л, лейкоциттер – 1-2 к/а, эритроциттер – 0, салыст.тығ – 1025. Қандай диагноз мейілінше дұрыс?
* нефритикалық синдром
* +нефротикалық синдром
* жекелеген несептік синдром
* жедел тубулоинтерстициалдық нефрит
* тез үдемелі гломерулонефрит
#54
*!13 жастағы ұл бала, бас ауруына, еңкейгенде белдегі ауру-сезіміне, аз-аздан зәр бөлетініне шағымданды. 3 апта бұрын баспамен ауырған. Кеше жағдайы нашарлаған: қабақтары ісініп, басы ауырды. АҚҚ 150/100 мм с.б., несеп шығаруы ауру-сезімінсіз, аз-аздан. Зертханалық: ЖНТ: Нв 132 г/л, л. 7,9х109 /л, ЭТЖ 42 мм/сағ; несепте: салыст.тығ 1028, белок 1,65 г/л, лейкоциттер 5-6 к/а, эритроциттер 30-50 к/а. МЕЙІЛІНШЕ ықтимал диагноз қандай?
* нефротикалық синдром
* +нефритикалық синдром
* тубулоинтерстициалдық нефрит
* жекелеген несептік синдром
* тез үдемелі гломерулонефрит
#55
*!4 жасар ұл балада – стероид-резистентті нефротикалық синдром. Биопсияда – фокалді-сегментарлы гломерулосклероз.
Иммуносупрессивті емнің қандай тактикасы МЕЙІЛІНШЕ дұрыс болып табылады?
* циклофосфамид – 2 ай
* циклоспорин А – 5 ай
* преднизолон 4,5-5,5 ай
* циклофосфамид – 5 ай
* +циклоспорин А – 2 жылға дейін және одан көп
#56
*!11 жастағы ұл бала, айқын ісінулерге, асцит, сирек несеп шығаруға шағымданды. АҚҚ 120/80 мм с.б. Зәрі ашық-сары. ЖҚТ: лейкоциттер – 6х109, ТК – 0,9, Нв – 110 г/л, ЭТЖ – 55 мм/сағ. Қан сарысуында: жалпы белок – 38 г/л, холестерин – 9,5 ммоль/л. ЖНТ: белок – 5,8 г/л, лейк. – 1-2 к/а, эритр. – 5-6 к/а. Глюкокортикостероидтармен 6 апта жүргізілген ем тиімсіз болды. Биопсияда гломерулопатияның қандай морфологиялық варианты мейілінше анықталуы мүмкін?
* +фокалды-сегментарлы гломерулосклероз
* IgА-нефропатия
* эндокапиллярлы диффузды-пролиферативті ГН
* минималды өзгерістер
* экстракапиллярлы ГН жарты айшықтармен
#57
*!15 жастағы жасөспірім, бөлімшеге бас ауруына, ісінуге шағымданумен түсті. АҚҚ 160/90 мм с.б. Зертханалық: қанда ЭТЖ 40 мм/сағ, жалпы белок 60 г/л, креатинин 150 мкмоль/л, холестерин 5,6 ммоль/л; зәрде белок 2 г/л, эритроциттер көп мөлшерде к/а, лейкоциттер 2-3 к/а. Аз зәр бөле бастады. Бақылау қан анализдерінде креатинин 360 мкмоль/л. Тез үдемелі гломерулонефритке күдіктенді. Биопсия кезінде бүйрек зақымдалуының мейілінше ықтимал болатын морфологиялық варианты қандай?
* +экстракапиллярлы жарты айшықтармен
* минималды өзгерістер
* эндокапиллярлы диффузды ГН
* мезангиопролиферативті
* ФСГС
#58
*!Жақсы дамып жатқан 1 жастағы балада 4 күнге созылған диареядан және құсудан кейін олигурия дамыды. Қанда азотемия, ацидоз. Емдеу реттеу үшін қандай биохимиялық көрсеткіштерді бақылау аса маңызды?
* липидтер, олардың фракциялары
* қант, қант қисығы
* билирубин, АЛТ, АСТ
* амин қышқылдары, фосфор
* +натрий, калий, креатинин
#59
*!3 жастағы балада 2 күннен бері диарея болып, олигурия дамыды, несепте – эритроциттер пайда болып, қанда Нв 45 г/л дейін, тромбоциттер 100х109 дейін төмендеді, қанда бұзылған эритроциттер табылды. Мейілінше шынайы диагноз қандай?
* IgА-нефропатия
* аутоиммунды анемия
* жедел инвазивті диарея
* жедел гломерулонефрит
* +гемолитикалық-уремиялық синдром
#60
*!Ауруханаға 9 айлық қыз бала түсті, анасының шағымдары: бала ісінген, құсады, несебі азайған, дене қызуы 39-40˚С дейін жоғарылап, 8-10 ретке дейін сұйық нәжіс. Тексергенде: қанда Нв 90 г/л, ЭТЖ 43 мм/сағ. Креатинин 220 ммколь/л, калий 6,2 ммоль/л, натрий 147 ммоль/л. ЖНТ – белок 0,033 г/л, Ле 5-6 к/а, Эр 3-4 к/а. Осы жағдайдың дамуының негізінде қандай патогенетикалық механизм жатыр?
* +бүйрек гипоперфузиясы
* гиперволемия
* вазопрессин белсенділігінің артуы
* вазопрессин белсенділігінің төмендеуі
* несеп жолдарындағы қысымның жоғарылауы
#61
*!Емхананың нефрологында бүйректің түрлі созылмалы ауруларымен 10 бала бақылауда тұрады. Аурудың болжамы мен жүргізу тактикасын анықтау үшін амбулаторлық нефрологиялық тәжірибеде қандай зертханалық зерттеу жүргізген жөн?
* трансаминазаларды анықтау
* тәуліктік протеинурияны есептеу
* несептегі электролиттерді анықтау
* қандағы электролиттерді анықтау
* +қандағы кретининді анықтау және ШФЖ есептеу
#62
*!1,5 жасар балаға туа біткен нефротикалық синдром фонындағы БСА-ң 3 сатысы қойылды.
Бұл жағдайға ШФЖ-ң қандай көрсеткіші сай келеді (мл/мин)?
* 90
* 70
* 15
* +40
* 25
#63
*!14 жасар жасөспірім бел аймағындағы ауыру сезіміне, бас айналуына, зәр бөлудің сиреуіне шағымданып түсті. Бірінші рет 2 жасында ҚНР IV-V дәрежесіне байланысты антирефлюкстік ота жүргізілген. 12 жасынан бастап АҚ жоғарылауы байқалған, зәрде протеинурия артқан. Қарағанда: тері жабындысы боз, құрғақ. Ісінулер жоқ. АҚ 150/100 мм с.б. ЖҚА: Нb - 95 г/л, ЭТЖ - 16 мм/сағ. ЖЗА: белок - 0,3г/л, лейк., эритр - к/а бірен-саран. ШФЖ – 12мл/мин. Бүйрек УДЗ: бүйрек контуры тегіс емес, өлшемдері кішірейген. Зәрі аз. Емдеу тактикасын анықтау үшін диагноздардың қайсысы МЕЙІЛІНШЕ мүмкін болатын диагноз?
* БЖЗ 4 дәр.
* апостемотозды пиелонефрит
* созылмалы гломерулонефрит
* бүйректің созылмалы ауруы, 4 сатысы
* +бүйректің созылмалы ауруы, 5 сатысы
#64
*!13 жасар қыз бала, 7 жасынан бастап ҚД-ң 1-түрімен ауырады. Инсулин препараттарымен емделеді, қантын бақылап отырады. Соңғы жылы несепте альбуминурия 100-150 мг/тәу. анықталды.
Альбуминурияның механизмі қандай?
* +гиперфильтрация
* подоциттердің зақымдалуы
* гиповолемия
* пиелонефриттің дамуы
*тубуло-интерстициалды нефриттің дамуы
