- •*Пән: «Балалар аурулары», «Жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары» блогы *2*16*1*
- •*Пән: «Балалар аурулары», «Жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары» блогы *3*16*1*
- •*Пән: «Балалар аурулары», «Несеп шығару жүйесінің аурулары» блогы *1*8*1*
- •*Пән: «Балалар аурулары», «Несеп шығару жүйесінің аурулары» блогы *2*16*1*
- •*Пән: «Балалар аурулары», «Несеп шығару жүйесінің аурулары» блогы *3*16*1*
- •*Пән: «Балалар аурулары», «Нәрестелік кезеңнің физиологиясы мен патологиясы» блогы *1*8*1*
- •*Пән: «Балалар аурулары», «Нәрестелік кезеңнің физиологиясы мен патологиясы» блогы *2*16*1*
- •*Пән: «Балалар аурулары», «Нәрестелік кезеңнің физиологиясы мен патологиясы» блогы *3*16*1*
- •*Пән: «Балалар аурулары», «Балалар гастроэнтерологиясы» блогы *1*8*1*
- •*Пән: «Балалар аурулары», «Балалар гастроэнтерологиясы» *2*16*1*
- •*Пән: «Балалар аурулары», * «Балалар гастроэнтерологиясы» *3*16*1*
- •*Пән: «Балалар аурулары», «Қан және эндокриндік жүйенің аурулары» блогы *1*8*1*
- •*Пән: «Балалар аурулары», «Қан және эндокриндік жүйенің аурулары» блогы *2*16*1*
- •*Пән: «Балалар аурулары», «Қан және эндокриндік жүйенің аурулары» блогы *3*16*1*
- •*Пән: «Балалар аурулары», «Тыныс жүйесінің аурулары» блогы *1*8*1*
- •*Пән: «Балалар аурулары», «Тыныс жүйесінің аурулары» блогы *2*16*1*
- •*Пән: «Балалар аурулары», «Тыныс жүйесінің аурулары» блогы *3*16*1*
- •*Пән: «Балалар аурулары», «Балалар жұқпалы аурулары» блогы *1*12*1*
- •*Пән: «Балалар аурулары», «Балалар жұқпалы аурулары» блогы *2*24*1*
- •*Пән: «Балалар аурулары», «Балалар жұқпалы аурулары» блогы *3*24*1*
С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
|
|
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА
|
БАЛАЛАР АУРУЛАРЫ КАФЕДРАСЫ
|
||
«БАЛАЛАР АУРУЛАРЫ» ПӘНІ БОЙЫНША «ЖАЛПЫ МЕДИЦИНА» ФАКУЛЬТЕТІНІҢ
5 КУРС СТУДЕНТТЕРІНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМТИХАНҒА ТЕСТТІК ТАПСЫРМАЛАР
2016-2017 ОҚУ ЖЫЛЫ
*Пән: «Балалар аурулары», «Жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары» блогы *1*8*1*
#1
*!Қарыншааралық перденің ақауындағы шу локализациясының сипаты қандай?
* жүрек ұшында
* сол жақ екінші қабырғааралықта
* оң жақ екінші қабырғааралықта
*+сол жақ үшінші-төртінші қабырғааралығында
* оң жақ төртінші-бесінші қабырғааралығында
#2
*!Миокардит диагнозын қою үшін қажетті маңызды үлкен критери қандай?
* жүрек аймағындағы ауру сезімі
* жүрек үндерінің әлсіреуі
* дөрекі систолалық шу
*+жүрек қуыстары кеңеюі, өлшемінің үлкеюі
* жүрек ұшындағы функционалды шу
#3
*!Ерте туа біткен кардиттің клиникалық манифестациясы қай жаста басталады?
*+1-6 ай
* 1-3 жас
* 1 айға дейін
* 6-8 ай
* 8-12 ай
#4
*!Ревматикалық қызбада үлкен критеридің қайсысымен НЕҒҰРЛЫМ кардит қосарлануы мүмкін?
* увеит
* дерматит
* перитонит
*+полиартрит
* полиневрит
#5
*!Артериялық гипертензия үшін қандай белгі тән?
* астениялық конституция
* қызыл дермографизм
*+ақ дермографизм
* қолдары, саусақтары, суық, цианозды
* дене салмағының дефициті
#6
*!Ювенильді идиопатиялық артрит, буындық синдромына қандай белгі тән?
* конъюктивит, моноартрит, уретрит
* бір балтыр және бір тізе буынының қабынуы
*+симметриалық артрит, таңертеңгі бойкүйездік
* буындардың ұшпалы қабынуы, кардит
* артрит, абдоминальды және бүйректік синдром
#7
*!Жүйелі қызыл ноқтаның диагнозын дәлелдеу үшін қандай иммунологиялық көрсеткіш тән?
*+антинуклеарлық антиденелердің жоғарылауы
* СРБ жоғарылауы
* антистрептолизин О жоғарылауы
* ЦИК төменгі дәрежесі
* комплемент компонентінің жоғарғы мөлшері
#8
*!Эритема және периорбитальды ісінумен, көлденең жолақты бұлшықеттердің зақымдануымен сипатталатын дәнекер тінінің жүйелі ауруының қайсысына тән?
* жүйелі қызыл ноқта
* ювенильді идиопатиялық артрит
*+дерматополимиозит
* ревматикалық қызба
* жүйелі склероз
*Пән: «Балалар аурулары», «Жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары» блогы *2*16*1*
#9
*!Туа біткен жүрек ақауымен 10 жасар бала педиатр дәрігердің диспансерлік бақылауында тұрады. Шағымдары жоқ. Физикалық дамуы жасына сәйкес. Баланы қарап тексергенде: жүрек ұшы түрткісі және жүрек шекаралары өзгермеген. Аускультацияда: төс сүйегінің сол жағында III-IV қабырғааралықта дөрекі тембрлі систолалық шу.
Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал?
* жүрекшеаралық перденің ақауы
*+қарыншааралық перденің ақауы
* Фалло тетрадасы
* ашық артериальды өзек
* қолқа сағасының стенозы
#10
*!7 жасар қыз бала. Әлсіздікке, шаршағыштыққа шағымданады. Объективті: жүрек шекаралары солға ығысып, кеңіген. Аускультативті: төс сүйегінің сол жағында II-III қабырғаааралықта дөрекі емес систолалық шу, a. pulm. үстінде II үннің акценті. Рентгенограммада: жүрек көлеңкесі жүректің оң бөліктерінің және өкпе артериясының есебінен кеңіген.
Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал?
*+жүрекше аралық перденің ақауы
* ашық артериальды өзек
* қолқа стенозы
* қолқа коарктациясы
* Эйзенменгер синдромы
#11
*!3 жасар ұл. Шағымдары: ентігу ұстамалары, тері қабатының, ерінінің, көз склераларының көгеруімен. Объективті: қол аяқ фалангаларының цианозы. Өкпе артериясында II үннің әлсіреуі, төстің сол жақ қыры бойымен дөрекі, қысқалау систолалық шу естіледі.
Төменде көрсетілгендердің қайсысы болжам диагноз үшін неғұрлым тән?
*+Фалло тетрадасы
* қарыншааралық перденің ақауы
* қолқа коарктациясы
* ашық артериалдық өзек
* жүрекшеаралық перденің ақауы
#12
*!12 жасар ер бала. Жүктемеде ентігуге, жүрек аймағында шаншып ауру сезіміне, әлсіздікке шағымданады. Бұл шағымдары ЖРВИ-дан кейін пайда болды. Қарап тексергенде терісі бозарған. Жүрек шекаралары ұлғайған, үндері тұйықталған, тахикардия, бірлі-жарым экстрасистолалар. ЖҚА: ерекшеліксіз. ЭКГ: бірлі-жарым экстрасистолалар, тісшелерінің вольтажы төмендеген. Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал?
* жедел ревматикалық қызба
* артериялық гипертензия
* туа пайда болған кардит
* +жедел миокардит
* артериалды гипотензия
#13
*!8 жасар балада ауыр тұмаудан соң жүрек аймағында ауру сезімі пайда болды. Жүрек үндері тұйықталған, ретсіз экстрасистолалар. Жүрек шекаралары көлденеңінен ұлғайған. Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал?
* жедел ревматикалық қызба
* жүрек ақауы
*+жедел миокардит
* септикалық эндокардит
* вегетативтік тамырлық дистония
#14
*!Анасы 3 айлық баламен аймақтық педиатрға қаралды. Екі рет пневмониямен емделді. Өкпедегі патологияны анықтау мақсатында кеуде клеткасы ағзаларының R-графиясы жасалынды. Жалпы жағдайы ауыр, ентігеді. Аускультацияда: жүрек үндері әлсіз. R-граммада – «шар тәрізді жүрек». Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал?
* жедел миокардит
* ҚАПА
* ЖАПА
*+туа біткен фиброэластоз
* өкпе артериясының стенозы
#15
*! 7 жасар қыз. Баспадан 12 күн өткен соң екі тізесі ісініп, ауырды. Дене қызуы 38 С көтеріліп, 3 күннен кейін жазылды. Қарап тексергенде: кеудесі мен иығында жүзік тәрізді (аннулярлы) эритема. Кардит көріністері. ЭТЖ-45 мм/сағ. Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал?
* дерматополимиозит
* жүйелі қызыл ноқта
* ювенильді ревматоидты артрит
* жедел миокардит
*+жедел ревматикалық қызба
#16
*!12 жасар қыз бала. Оң жақ тізе буындары ісінген, ауырады, дене қызуы 37,5ºС дейін көтерілген. Баспамен ауырғаннан 2 аптадан кейін ауырды. Бозарған, буындары ісінген, қозғалысы ауырумен. Рентгенограммада: жүрек шекаралары ұлғайған. Жүрек ұшында үрлеген тәрізді систолалық шу естіледі, тахикардия. Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал?
* ювенильды идиопатиялық артрит, жүйелі варианты
* жедел миокардит
*+жедел ревматикалық қызба
* жүйелі қызыл ноқта
* бруцеллез, полиартрит
#17
*!13 жасар ер бала. Бас ауыруына, жүрек аймағында ауруға, ыстық сезіміне шағымданады. Бір жыл бойы ауырады. Тұқым қуалаушылық: әкесінде гипертониялық ауру, анасында у матери – конституциональды семіру. Объективті: гиперстеник. АҚҚ 145/90 мм.с.б. Пульс 96 рет мин. Жүрек тондары тұйықталған, аортада II тонның акценті. Жүрек шекаралары-жас ерекшеліктеріне сәйкес қалыпты. Басқа ағзаларында-ерекшеліксіз.
Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал?
*+артериальды гипертензия
* артериальды гипотензия
* люпус-нефрит
* жедел бүйрек жеткіліксіздігі
* жедел миокардит
#18
*!10 жасар қыз бала. Бас ауыруына, орнынан тұрғанда көздері қарауытады, шаршағыштық, ұйқысының бұзылуына шағымданады. Тұқым қуалаушылық жоқ. Объективті: бозарған, алақандарының, аяқтарының гипергидрозы. Тұрақты қызыл дермографизм. Пульс 80/мин., АД 80/40 мм.с.б. Жүрек шекаралары-жас ерекшеліктеріне сәйкес қалыпты. Тондары әлсіз, жүрек ұшында және 5 нүктеде қысқа систолалық шу.
Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал?
* аорта қақпақшасының жеткіліксіздігі
* артериальды гипертензия
* гипертиреоз
*+артериальды гипотензия
* гипотиреоз
#19
*!5 жастағы бала. Дене температурасы 37,5 градус, тобық және оң жақ тізе буындарында ауру сезімі. Ауруы үш ай бұрын тобық және оң жақ тізе буындарында ауру сезімі және таңертеңгілік бүйкүйездік пайда болды. Обьективті: жағдайы орташа ауыр. Катаральды және диспепсиялық бұзылыстар жоқ. Ішкі ағзалар өзгеріссіз. Перифериялық лимфа түйіндері ІІ дәрежелі, ауру сезімінсіз. Екі тобық буыны, оң жақ тізе буыны ісінген, қозғалуы ауру сезімімен. ЖҚА: Нв-115г/л, лейкоцит 15х109/л, ЭТЖ 27 мм/сағ.
Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал?
* ревматикалық қызба
*+ювенильді идиопатиялық артрит, буындық вариант
* Стилл ауруы
* ювенильді идиопатиялық артрит, жүйелі вариант
* жедел бруцеллез
#20
*!3 жасар бала. Шағымдары: дене қызуының жоғарылауы, денесіндегі бөртпелерге қол-аяғының буындарының, мойын буындарының ауыруы. Обьективті: t-390С, қол-аяқтарында уртикарлы бөртпе, қол-аяғының кіші буындарының ісінген. Жүрек үндері көмескі, жүрек ұшы мен 5-ші нүктеде систолалық шу. Өкпесінде везикулярлық тыныс. Іші жұмсақ, гепато-лиеналды синдром жоқ. ЖҚC: лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылаған.
Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал?
* жүйелі қызыл ноқта
*+ювенильді идиопатиялық артрит, жүйелі вариант вариант
* ревматикалық қызба, полиартрит
* бруцеллезді артрит
* ювенильді идиопатиялық артрит, буындық вариант
#21
*!12 жасар қызда 1 ай бойы дене қызуының көтерілуі, әлсіздік. Обьективті: аяқ қолында, кеудесінде - экссудативті эритема; олар жазда суға түсіп, күнге қыздырынғаннан соң жарылған. Жүрек үндері көмескі, тахикардия. ЖҚС: эритроциттер– 2,8 х 1012/л, Нв-106 г/л, лейкоциттер — 3,2 х 109/л, тромбоциттер – 120 мың. ЭТЖ-36 мм/сағ, антинуклеарлы фактор - титрі жоғарғы. Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал?
* ЮИА, Висслера-Фанкони синдромы
* жедел миокардит
* жүйелі склероз
* жедел ревматикалық қызба
*+жүйелі қызыл ноқта
#22
*!7 жасар қыз бала. Шағымы: айқын әлсіздік, шаршағыштық, арықтау, боли в суставах. Объективті: беті мен мұрын айналасында эритематозды бөртпе, қышыну жоқ. Дене қызуы 38,20С. Жүрек үндері тұйықталған, тахикардия. Өкпесінде везикулярлық тыныс. Іші жұмсақ, ауру сезімінсіз. ЭТЖ-46 мм/сағ. Қанда:жоғары титрде LЕ-клеткалар, гематоксилин денешіктері.
Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал?
* дерматополимиозит
* жүйелі склероз
* ювенильді идиопатиялық артрит
*+жүйелі қызыл ноқта
* ревматикалық қызба
#23
*!12 жасар қыз бала. Шағымы: аяқ пен қолдарындағы ауру сезімі. Қарап тексергенде: көзінің айналасында қызғылт эритема. Пальпацияда сан және иық белдеуі бұлшықеттерінің қатты ауру сезімі және қамыр консистенциялы, жүруі қиындықпен. Жүрек үндері тұйықталған, тахикардия. ЖҚС: Нв-115г/л, лейкоциттер – 4,7 х 109/л, тромбоциттер – 180 х 109/л, ЭТЖ-32 мм/сағ.
Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал?
*+дерматополимиозит
* жүйелі қызыл ноқта
* жүйелі склероз
* ревматикалық қызба
* гипотиреоз
#24
*!8 жасар қыз балада – дисфагия, жалпы айқын бұлшықеттерінің әлсіздігі, периорбитальды ісінулер, гиперемия, фалангааралық буындарда эритема, проксимальды бұлшықеттер тығыздануы және ауру сезімі, дауысы қарлыққан, шашалады. Жүрек үндері тұйықталған, тахикардия. ЖҚС: Нв-110г/л, лейкоциттер – 3,5 х 109/л, ЭТЖ-40 мм/сағ.
Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал?
* ювенильді идиопатиялық артрит
* жүйелі қызыл ноқта
* жүйелі склероз
*+дерматополимиозит
* ревматикалық қызба, хорея
