- •2 Арнайы бөлім 37
- •3 Экономикалық бөлім 54
- •4 Еңбекті қорғау 59
- •5 Қоршаған ортаны қорғау бөлімі 66
- •1 Технологиялық бөлім
- •1.1 Мұнай қоймасының орналасуы
- •1.2 Жөнделетін резервуар туралы мәліметтер
- •1.3 Тік болат резервуарларды жөндеу
- •1.4 Резервуардың техникалық диагноcтикаға дайындау
- •1.5 Резервуар элементтерінің металының қалыңдығын өлшеу
- •1.5.1 Резервуарды акустико-эмиссионды әдіспен тексеру
- •1.5.2 Аэ бақылау технологиясы
- •1.5.3 Резервуар қабырғасы мен түбінің аэ бақылауы
- •1.5.4 Аэ бақылаудың техникалық құралдары
- •1.5.5 Объекттің акустикалық қасиеттері
- •1.5.6 Аэ бақылау көздерінің бағалау критерийлерін таңдау
- •1.5.7 Үздіксіз аэ критерийі
- •1.6 Резервуар қондырғыларын тексеру
- •1.6 .1 Дайындық жұмыстары
- •1.7 Ақаулар және оларды жою әдістері
- •1.7.1 Резервуардың қабырғасының төменгі белдеулерін жөндеу
- •1.7.2 Резервуарды коррозияға қарсы қорғау
- •1.7.3 Резервуарды сынау
- •1.8 Технологиялық шешімдер
- •1.8.1 Технологиялық құрылыстардың құрамы
- •1.9 Ашық түсті мұнай өнімдерінің және майлардың сорабы
- •1.9.1 Вагон цистерналарға арналған құю эстакадасы
- •2 Арнайы бөлім
- •2.1 Патенттік шолу
- •2.2 Резервуарлы парктегі өрт қауіпсіздігі
- •2.2.1 Резервуарға қажетті өрт сөндіру құралдарының санын есептеу
- •2.3 №1 Резервуарлы паркіне арналған есептеулер:
- •2.4 Автоқұю бағытының есептелуі
- •2.5 Қыздырудың ықтимал температурасын есептеу
- •3 Экономикалық бөлім
- •3.1.1Еңбек ақыны есептеу
- •3.2 Амортизациялық аудару
- •3.3 Эксплуатациялық шығындар
- •3.4 Энергияға жұмсалған қаражаттар
- •3.5 Басқада шығындар
- •4 Еңбекті қорғау
- •4.1 Объектідегі зиянды және қауіпті факторлер анализі
- •4.2 Объектіде қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі техникалық және санитарлы-гигиеналық шаралар
- •4.2.1 Желдету
- •4.2.2 Электроқамтамасыз және электрқұралдары
- •4.2.3 Өндірістік жарықтандыру
- •4.2.4 Шу деңгейін төмендету және вибрациядан құтылу шаралары
- •4.3 Өрт және газдануды анықтау жүйелері
- •4.4 Дабыл және апатты белгілеу жүйелері
- •4.4.1 Газдарды анықтаушы датчиктерді орналастыру және кабелді коммуникациялар
- •4.5 Найзағайдан қорғану, стантикалық электрден қорғану, жерлендіру
- •5 Қоршаған ортаны қорғау бөлімі
- •5.1 Технологиялық процестің қоршалған ортаның компоненттеріне әсерін талдау
- •5.1.1 Атмосфераға тигізілетін әсерге талдау жасау
- •5.1.2 Гидросфераға тигізілетін әсерге талдау жасау
- •5.1.3 Литосфераға тигізілетін әсерге талдау жасау
- •5.2 Өсімдіктер және жануарлар әлемі
- •5.3 Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру
- •5.4 Атмосфераны қорғау жөніндегі шаралар
- •5.4.1 Гидросфераны қорғау жөніндегі шаралар.
- •5.4.2 Литосфераны қорғау жөніндегі шаралар
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер тізімі
5.2 Өсімдіктер және жануарлар әлемі
Мұнай базасын қоршаған аумақтың топырағы шалғынды-сұр, көбінесе шалғынды, ал кей жерлерде сортаң болып келеді.
Аудан ауылшаруашылық тұрғысында барынша жақсы игерілген. Мұндағы құмды-шалғынды топырақтардың үлкен аумақтарына бақша дақылдары егілген. Суармалы топырақтарда бау-бақшалық дақылдар өседі. Топырақ аралас балшықтан тұратын топырақты-өсімдікті қабаттың биіктігі 15-18 см-ге тең.
Табиғи өсімдік қабаты айтарлықтай бай емес. Ол алуан түрлі-дақылды топтар түрінде ұсынылған. Өзеннің сағасында тоғайлар кездеседі.
Арыс т.ж. бекеті орналасқан аумақ – бұл құмды-шөлейтті ауданның аумағы болғандықтан, мұнда жануарлардың ішіндегі осындай аудандарға тән түрлері: кесірткелер, жыландар, тасбақалар көптеп кездеседі.
Барынша дымқыл төменгі бөліктерде үйреншікті далалықтар (үлкен тышқан, ұсақ атжалмандар және т.б.) кездеседі.
Ірі сүтқоректілердің ішінде ауданда қасқыр, түлкі, қояндар, суыр, сарышұнақ бар, бірақ олардың саны аз, олардың кәсіптік мағынасы жоқ және оларды атудан қорғау қажет.
Шөпті-өсімдікті қабатпен қайта өңдегеннен кейін алаңқайдағы аумақтың 15 %-ы қолданысқа алынады. Кешеннің барлық аумағын айналдыра қорғанмен қоршау жоспарланып отыр.
Құрылыс барысында топырақтың құнарлы қабатын алып оны көгалдарды жасауға және тоғайларды отырғызуға пайдалану жоспарланып отыр.
5.3 Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру
ЖЖМ қоймасы ашық түсті мұнай өнімдерін теміржолдық вагон-бөшкелерден қабылдап алуға, оларды сақтауға және автокөлікке құйып беруге арналған.
ЖЖМ қоймасында өндірістік факторлардың қызметкерлерге әсер етуіне жол бермейтін ұйымдастыру іс-шаралары мен техникалық құралдардың жүйесі қарастырылған.
Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралардың негізгісі ретінде мыналар қарастырылған:
- мұнайды қабылдаудың/босатудың барлық технологиялық процессін толығымен бүтін-деу;
- технологиялық құрал-жабдықтарды қорғау құрылғыларымен жабдықтау;
- өткізгіш құбырларды таңдау және олардың барынша мүмкін қысымының талаптарын, жазғы уақыттағы күн сәулесінің есебінен қызуын ескере отырып оларды қорғаныс клапандарымен жабдықтау;
- мұнай базасының құрал-жабдықтары мен құрылыстарының арасындағы өртке қарсы саңылауларды қамтамасыз ету;
- қопарылыс-өрт қаупі бар бөлмелердегі электрлік құрылғыларды «Электр қондыр-ғыларын орнатудың ережелеріне» сәйкес орналастыру;
- сорғылық құрылғыны пайдалануы барынша сенімді блоктық-жинақтық орындауда қолдану;
- технологиялық процесті диспетчерлік пункттен және жергілікті жерден бақылау, автоматтандыру және басқару;
- жұмыс істеп жүргендердің қорғалуын, сондай-ақ өндірістік құрылғыларды апаттық жағдай кезінде апатты өшіруді қамтамасыз ететін технологиялық процесстерді бақылау және басқару жүйесі;
- жұмыс аумағындағы ауа ортасын (газдану, жарық беру) қалыпқа келтіру;
- технологиялық құрал-жабдықтарға жөндеу жұмыстарын жүргізген кездегі күрделі жұмыстарды механизациялау.
Қалдықтарды қадағалау кәсіпорынға жақын жердегі ауа бассейнін зерттеуді және зиянды құрамдас бөліктердің құрамын анықтауды және нақтылы концентрацияларды газданудың есептік мәліметтерімен және атмосфераның жерге жақын қабатындағы зыянды заттардың ПДК-мен салыстыруды көрсетеді. Мұндай зерттеулер жылына бір рет өткізіледі.
Ұйымдастыру мақсатындағы зерттеулер:
- қалдықтарды басқаруды ұйымдастыру;
- автокөлік пен техниканың кен орынының аумағымен қозғалысын ұйымдастыру және оның күн тәртібін жасау;
- қалдықтарды басқару жүйесін бұзатын жұмыстарды рұқсат етілмеген түрде өткізуге жол бермеу;
- ұйымдастыру мақсатындағы зерттеулер – рельефтің ластануымен байланысты жұмыс-тардың өткізілуіне мұқият күн тәртібін жасау;
- құрал-жабдықтарды тасымалдаған кезде;
- жер жұмыстарын жасаған кезде;
- техникалық рекультивация кезінде.
3) Жобалық-конструкторлық мақсаттағы зерттеулер:
- бақылаушы табиғатты қорғау органдарындағы және СЭС-дағы жобалық зерттеулерді келістіру және сараптау;
- топырақтың ластануын азайтуға бағытталған тиімді жобалық-конструкторлық шешімдерді таңдау.
4) Санитарлық-эпидемияға қарсы мақсаттағы зерттеулер:
- жер телімдерін жайғастыруды, өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтардың көмілген жерлерін орналастыруды таңдау және ұйымдастыру;
- қызметкерлерді ерекше қауіпті жұқпалы аурулардан эпидемияға қарсы қорғауды қамтамасыз ету;
Жер қорларын қорғау жөніндегі іс-шаралардың негізгілері мыналар болып табылады:
- жерлерді бұрғылау жұмыстары мен желілік құрылыстарға бөліп беру ережелерінің сақталуы;
- топырақты жолдардың торабын шектеу;
- хал-ахуалын бақылауды ұйымдастыру.
Топырақтың күйін қадағалаудың негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
- топырақтың ластануының және оның химиялық құрамындағы өзгерістердің қазіргі деңгейін тіркеу
- топырақтың уақыт өте өзгеру тенденциясын анықтау, келешектегі ластанудың деңгейін болжау;
- топырақтың ластануының мүмкін болған зардаптарына баға беру, оларды болдырмау немесе азайту жөніндегі ұсыныстарды дайындау.
