- •2 Арнайы бөлім 37
- •3 Экономикалық бөлім 54
- •4 Еңбекті қорғау 59
- •5 Қоршаған ортаны қорғау бөлімі 66
- •1 Технологиялық бөлім
- •1.1 Мұнай қоймасының орналасуы
- •1.2 Жөнделетін резервуар туралы мәліметтер
- •1.3 Тік болат резервуарларды жөндеу
- •1.4 Резервуардың техникалық диагноcтикаға дайындау
- •1.5 Резервуар элементтерінің металының қалыңдығын өлшеу
- •1.5.1 Резервуарды акустико-эмиссионды әдіспен тексеру
- •1.5.2 Аэ бақылау технологиясы
- •1.5.3 Резервуар қабырғасы мен түбінің аэ бақылауы
- •1.5.4 Аэ бақылаудың техникалық құралдары
- •1.5.5 Объекттің акустикалық қасиеттері
- •1.5.6 Аэ бақылау көздерінің бағалау критерийлерін таңдау
- •1.5.7 Үздіксіз аэ критерийі
- •1.6 Резервуар қондырғыларын тексеру
- •1.6 .1 Дайындық жұмыстары
- •1.7 Ақаулар және оларды жою әдістері
- •1.7.1 Резервуардың қабырғасының төменгі белдеулерін жөндеу
- •1.7.2 Резервуарды коррозияға қарсы қорғау
- •1.7.3 Резервуарды сынау
- •1.8 Технологиялық шешімдер
- •1.8.1 Технологиялық құрылыстардың құрамы
- •1.9 Ашық түсті мұнай өнімдерінің және майлардың сорабы
- •1.9.1 Вагон цистерналарға арналған құю эстакадасы
- •2 Арнайы бөлім
- •2.1 Патенттік шолу
- •2.2 Резервуарлы парктегі өрт қауіпсіздігі
- •2.2.1 Резервуарға қажетті өрт сөндіру құралдарының санын есептеу
- •2.3 №1 Резервуарлы паркіне арналған есептеулер:
- •2.4 Автоқұю бағытының есептелуі
- •2.5 Қыздырудың ықтимал температурасын есептеу
- •3 Экономикалық бөлім
- •3.1.1Еңбек ақыны есептеу
- •3.2 Амортизациялық аудару
- •3.3 Эксплуатациялық шығындар
- •3.4 Энергияға жұмсалған қаражаттар
- •3.5 Басқада шығындар
- •4 Еңбекті қорғау
- •4.1 Объектідегі зиянды және қауіпті факторлер анализі
- •4.2 Объектіде қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі техникалық және санитарлы-гигиеналық шаралар
- •4.2.1 Желдету
- •4.2.2 Электроқамтамасыз және электрқұралдары
- •4.2.3 Өндірістік жарықтандыру
- •4.2.4 Шу деңгейін төмендету және вибрациядан құтылу шаралары
- •4.3 Өрт және газдануды анықтау жүйелері
- •4.4 Дабыл және апатты белгілеу жүйелері
- •4.4.1 Газдарды анықтаушы датчиктерді орналастыру және кабелді коммуникациялар
- •4.5 Найзағайдан қорғану, стантикалық электрден қорғану, жерлендіру
- •5 Қоршаған ортаны қорғау бөлімі
- •5.1 Технологиялық процестің қоршалған ортаның компоненттеріне әсерін талдау
- •5.1.1 Атмосфераға тигізілетін әсерге талдау жасау
- •5.1.2 Гидросфераға тигізілетін әсерге талдау жасау
- •5.1.3 Литосфераға тигізілетін әсерге талдау жасау
- •5.2 Өсімдіктер және жануарлар әлемі
- •5.3 Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру
- •5.4 Атмосфераны қорғау жөніндегі шаралар
- •5.4.1 Гидросфераны қорғау жөніндегі шаралар.
- •5.4.2 Литосфераны қорғау жөніндегі шаралар
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер тізімі
5.1.2 Гидросфераға тигізілетін әсерге талдау жасау
Жобаланатын нысанның су қорларына әсері әдетте су қорларының тиімді түрде пайдаланылуына, тоқтау сулардың ластану дәрежесіне және олардың жергілікті тазарту құрылғыларында тазартылу мүмкіндігіне баға берумен, үстіңгі ағысты реттеу, тастау және тазалау мәселелерін шешумен анықталады.
Бұл жағдайда жобаланатын нысан су қорларын өндірістік қажеттіліктер үшін пайдаланбайды.
Кәсіпорынның тұрмыстық суды тұтынуы тұтыну ережелеріне сәйкес қызметкерлердің қажеттіліктеріне қарай жүзеге асырылады.
Аумақты және жасыл ағаштарды суару жиналып алынған және тазартылған тоқтау сулармен жүзеге асырылады.
Тоқтау судың мінездемесі. Тоқтау су (жауын мен қар сулары) жобаланатын нысан үшін 11-82-74 ТНжЕ-нің талаптарына сәйкес тоқтау судың тұрақты коэффициенті кезіндегі шектеулі қарқындылық әдісі бойынша есептеліп шығарылады. Құрылыс жүргізіліп жатқан ауданда жауын-шашынның жиі болуына байланысты жердегі жиналған сулардың мөлшері біршама болып отыр. Үстіңгі тоқтау сулар, апатты төгілулер болған жағдайда немесе жұмыстың технологтялық ережелері сақталмаған кезде ластанады. Сұйық отын ЖЖМ-ды эстакадағы бөшкелерден ағызып алған кезде, автобөшкенің және өткізгіш құбырлардың арматураларындағы саңылаулардан төгілуі мүмкін. Мұндай жағдайда беткі жиналма су мұнай өнімдерімен және сыртқы заттармен ластанатын болады және тазартуды талап етеді.
Ластанған сулар қойма алаңынан алаңның төсемесін жоспарлау арқылы қабылдағыш құрылғыларға және одан ары қарай тазарту құрылғыларына жіберіледі.
Тоқтау сулардың жиналуы кәсіпорынның алаңқайлары мен құрылыстарынан жиналатын сулармен қамтамасыз етіледі. Мұнай базасы алаңқайларының рельефі, тоқтау сулардың барынша ластанған бөлігі жинаушы лотокқа жиналатындай етіліп және жинақтаушы ыдыс арқылы сорғының көмегімен ортақ тазарту құрылғыларына жіберілетіндей етіліп ұйымдастырылған.
Мұнай базасы үшін сумен қамтамасыз етудің мынадай жүйелері қарастырылады:
- шаруашылық-ауыз су суқұбыры;
- өртке қарсы суқұбыры.
5.1.3 Литосфераға тигізілетін әсерге талдау жасау
Жобаланатын нысанның жер қорларына әсері барынша төмен, өйткені ол өнеркәсіп аумағының шеңберінде орналасады және құнды ауылшаруашылық жерлерін алуды қажет етпейді. Жер жұмыстарының көлемдері:
- аумақты жоспарлаудың топырағы;
- үйінділер төгілген бөліктердегі топырақтың құнарлы қабатын
ауыстыру;
- ыдыстарды бүркеуге арналған топырақ;
- нығыздағыштарды түзету (қалған қопсыту);
- жарамсыз топырақ;
- топырақтың жетіспеушілігі.
Аумақты тігінен жоспарлау табиғи жағдайларды, құрылыстық және технологиялық талаптарды ескере отырып тұтас жүйе бойынша жобалық белгілеулер әдісімен шешімін тапқан. Жұмыс жобасымен қалыңдығы 0.3 м болатын өсімдікті топырақты кесу және оны қоймаға жинау қарастырылған. Топырақтың жартысы мұнай базасының және оған тиіп тұрған жерлердің аумағын жасылдандыру үшін пайдаланылады. Қалған топырақ, жергілікті Билік органдарымен келісімге келе отырып, бұл жерден әкетіледі және осы мақсатқа арнайы бөлінген жерлерге төгіліп тегістеледі.
Автожолдардың жопарлау белгілері және жобаланған ғимараттар мен құрылыстардың нөлдік белгілері бір-бірімен байланған.
Жердің бетіндегі атмосфералық тоқтау сулар жоспарланған аумақпен жауынқабылдағыш құдықтар арқылы алаңқайдан тазарту құрылғыларына жіберіледі.
Үйінділерді ұйымдастыруға арналған топырақ ойықтан алынады, ал жетпейтін жеріне карьерден әкелінеді.
Мұнай өенімдерінің мүмкін болған төгілуі кезінде оларды тоқтату және жинауғыш-құдық арқылы тазарту құрылғыларында ары қарай тазарта отырып жайылуына жол бермеу қарастырылған.
Жайластыру. Жайластыру жөніндегі жұмыстарға өнеркәсіп алаңын қоршау, жаяу жүргінші жүретін жолдарды, үзіліс кезінде дем алуға арналған жайлы алаңқайларды жасау, қызметтік-тұрмыстық корпустың алдын көгалдандыру кіреді.
Базаны айналдыра қоршау алаңның периметрі бойынша, бәрінен де бұрын оны күзету жағдайлары бойынша орындалған. Қорған типті жоба бойынша барынша үнемді конструкциялар мен материалдарды қолдана отырып жасалған. Мұнай базасы үшін, «Кәсіпорындардың, ғимараттар мен құрылыстардың алаңқайлары мен бөлімшелерін қоршау» типтік жобасы бойынша СН 441-72 сәйкес, биіктігі 2 м болатын жел өтіп тұратын торлы қорған қарастырылған. Қорған діңгектердің арасына орнатылатын секциялар түрінде болат тордан жасалған.
Автокөлік кіретін жерде қорғанға ені 4.5 м болатын есікшесі бар 2 металлдан жасалған қақпа орнатылған.
Теміржол кіре берісінде ені 4.7 м болатын екіге ашылатын қақпа құрылғысы қарастырылған.
Аумақтағы жаяу жүргінші жүретін жолдар (тротуарлар) еңбекшілердің қозғалу жобасына сәйкес орындалған. Жаяу жүргінші жүретін жолдар желісі өндірістік ғимараттардың арасында барынша қолайлы және қысқа байланыс жасауды қамтамасыз етеді.
Тротуарлар қалыңдығы 15 см қйыршық тас пен құмнан тұратын негізде, габариттік көлемдері 750x500x70 болатын П6 түріндегі, П7 (1000x200x80) түріндегі поребриканы құру арқылы бетоннан құйылған тротуар төсеніштерінің жабындысынан жасалған.
Еңбекшілердің үзіліс кездерінде дем алуы үшін әкімшілік-тұрмыстық корпустың алдында орындықшалар мен урналар орнатылған жайластыру элементтері бар жайлы алаңқай қарастырылған.
«Жайластыру және көгалдандыру» бөлімінде алаңқайдың оңтүстік бөлігінде жапырақты тоғайларды және ӘТК ғимаратының алдында қылқан жапырақты тоғайларды отырғызу қарастырылған. Мұнай базасы аумағын көгалдандыру, негізінен көгалдарды, тал-бұталарды отырғызу жолымен жұзеге асырылады.
