Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ІІІ блок.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
103.61 Кб
Скачать
  1. М.Өтемісұлының патриоттық өлеңдерін талдаңыз, «Қызғыш құс» өлеңін жатқа жазыңыз.

Махамбет Өтемісұлы (1804 ж., Ішкі Бөкей Ордасы, қазіргі Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданының Нарын құмыныңЖасқұс деген жері. — 1846 ж. 20 қазан, Қараой өңірі, қазіргі Атырау облысының Индер ауданы) — қазақтың әйгілі ақыны, күйші композиторы, отаршылдыққа қарсы Исатай Тайманов бастаған көтерілісті (1836-1837) ұйымдастырушылардың бірі, осы көтерілістің жалынды жыршысы.Байұлы ішіндегі Беріш руының Жайық бұтағынан. Нәдір деген кісіден Мәлі (кейбір деректе Құлмәлі, Құлманияз деп айтылады) туады. Мәлінің қазақ әйелінен Өтеміс пен Шыбынтай, қалмақ әйелінен Қобылай туған. Өтемістен - он ұл, Шыбынтайдан - төрт ұл, Қобылайдан - үш ұл туып, Мәлі ұлдың өзінен он жеті немере сүйген адам. Бұл әулет Тайсойған құмындағы іргелі ауылдардың бірі. Атасы Құлмәлі, әкесі Өтеміс те өз заманында айтулы тұлғалар болған, Құлмәлінің тұқымынан би де, шешен де шыққан. Махамбет өзінің барша болмыс қасиеттерімен көшпелілер арасындағы көсем тұлғалардың бірі. Ол өзі туып өскен өңірдіңҚамбар батырЕрТарғынСыпыражырауАсанқайғыҚазтуғанШалкиізЖиембет,

 Доспамбет сияқты біртуар тұлғаларының өлмес мұраларын көкірегіне тоқып өсті. Өзі өмір сүрген заманның ағымына жүйрік, қыр сырын жетік меңгерген, көзі ашық, көкірегі ояу, білімдар адам болған. Орыс, татар, араб тілдерін тәуір меңгерген. Мұны ол жазған хаттардан айқын аңғаруға болады.183638 ж. И. Тайманұлы бастаған шаруалар кетерілісінің жалынды жыршысы, қозғалысты ұйымдастырушылардың бірі.Махамбет өзі Жәңгір ханның қудалауымен екі жыл түрмеде отырып, 1831 ж. қашып шыққан. Саналы өмірін патша өкіметінің отарлық саясатын жұзеге асырушы хан-сұлтандарға қарсы кекті жырлар толғайды, халықты күреске шақырады.

Махамбет шығармалары - бұқара өмірінің рухани-поэтикалық шежіресі, шаруалар қозғалысының шынайы бейнесі. Ол жыраулық поэзияның көркемдік әлемін байытып, шығармаларында ұлт-азаттық идеяларын көтерді, елдікті сақтап қалуға тақырлы. «Мұнар күн» жырында ол ел басына түскен ауыртпалықты ашына айтты. «Ереуіл атқа ер салмай»«Ұлы арман»«Жайықтың бойы көк шалғын»«Атадан туған ардақты ер» жырларында ақын алдағы күндеріне үмітпен, зор сеніммен қарады. «Біртіндеп садақ асынбай»«Арғымақ, сені сақтадым», «Арғымақтың баласы», «Азамат ердің баласы», «Қара нар керек біздің бұл іске», «Еменнің түбі - сары бал», «Жалған дүние», «Еріскедей ер болса», т.б. шығармаларында ұлт-азаттық қозғалыс рухы, ел тағдыры мен арман-мүддесі терең әрі шынайы суреттелген. «Халық қозғалса, хан тұрмайды тағында» дейді ол отты жырларында. Ақын өлеңдерінің басты қаһарманы Исатай батыр. «Исатай деген ағам бар»«Исатай сөзі», «Арғымаққа оқ тиді», «Тарланым», «Соғыс», т.б. өлеңдерінде Исатай батырдың көркем тұлғасы, адамгершілік, қайсарлық, тапқырлық қасиеттері жан-жақты сипатталды. Оның «Жәңгірге»«Баймағамбет сұлтанға» арнаған 106 өлеңдері патшаның жергілікті билеуші өкілдері - хан-сұлтандарға қарсы жазылған, олардың бет пердесін ашатын жырлар болды. Ақын өлеңдерін дәстүрлі үлгіге негіздей отырып, түр, мазмұн жағынан байыта, жетілдіре түсті. Махамбеттің лирикалық өлеңдері, көбіне, толғау, жыр, терме үлгісінде жазылды. Исатайға арнаған өлеңдерінде жоқтау сарыны басым. Махамбет шығармашылығы қазақ поэзиясы жанрларының қалыптасуына (сатираэлегиямонологарнау, т.б.), стилінің дараланып, поэтикалық тіл құралдарының артуына, философиялық тереңдіктің орнығуына үлес қосты. Халық нақылына құрылған философиялық толғаулары мен жігерге толы ерлік жырлары, жауынгер рухты биік өлеңдері ақын шығармашылығын жоғары деңгейге көтерді. Махамбет жырлары дәуір шындығын бейнелеп, көтеріліс айнасы болып қана қойған жоқ, асқақ рух пен болашаққа деген сенімнің ерекше үлгісін көрсетті («Мұңайма»,«Желп-желп еткен ала ту», «Жайықтың бойы көк шалғын», «Ұл туса», «Толарсақтан саз кешіп»). Ақын жырларында орыс, араб, парсы сөздері көп кездесіп,шағатай тілінде жазылуымен ерекшеленеді. Махамбет жыраулық поэзия дәстүрін шебер дамыта отырып, қазақ өлеңінің табиғатын жаңартты. Махамбет шебер күйші де болған, оның 11 күйі «Шашақты найза, шалқар күй» деген атпен жарық көрді (1982).

«Қызғыш құс» өлеңі.

Ау, қызғыш құс, қызғыш құс,  Қанатың қатты, мойның бос.  Исатайдан айрылып,  Жалғыздықпен болдым дос.  Ау, қызғыш құс, қызғыш құс!  Ел қорғаны мен едім.  Мен де айрылдым елімнен;  Көл қорғаны сен едің,  Сен де айрылдың көліңнен.  Аспанда ұшқан қызғыш құс!  Сені көлден айырған -  Лашын құстың тепкіні.  Мені елден айырған -  Хан Жәңгірдің екпіні.  Айтып - айтпай немене,  Құсарлықпен өтті ғой,  Махамбеттің көп күні!

Жанр түрі: Өлең (поэзия) зарлау,арнау.

Тақырыбы: азаттық үшін күрекен ақынның өз тағдыры.

Автор:М.Өтемісов

Идеясы:Озбырлықты әшкерелеу

Шумақ саны:4 шумақтан

Тармақ саны: 17 тармақтан

Бунақ саны:2-3 бунақтан

Буын саны: 7-8 буынды өлең.

Ұйқас түрі: Аралас ұйқас

Теңеу: Лашын,қызғыш құс. Ақын өзін қызғыш құсқа, ал Жәңгір ханды лашынға теңейді.

Құсалық: құса болғандық(уайым,шер)қасіретке батушылық.

Қызғыш – желкесінде қара қауырсынды айдары бар, кішкентай қоңыр ала құс.

Лашын – тепкені қатты тегеурінді құс.

1 шумақта. Махамбет өз бейнесін қызғұш құстың бойына көшіре отырып жырлады.Қоғамдағы өз жауы – хан,сұлтандар болса,қызғұштың жауы лашын екенін салыстыра суреттеді.

2 шумақта. Көлінен айырылған қызғұштың, елінен айырылған өзінің ауыр тағдыры айтылады.