Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ІІІ блок.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
103.61 Кб
Скачать
  1. Айтыс және оның түрлері, мысал келтіріп, талдау жасаңыз.

Айтыс — ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр, топ алдында қолма-қол суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы.Айтыс — синкреттік жанр, ол тұрмыс-салт жырларынан бастау алып, келе-келе ақындар айтысына ұласқан. Айтыста осыған орай лирикалық, эпикалық,драмалық сипаттар мол ұшырасады. Сол арқылы бұл жанр ауыз әдебиетінің өзге түрлерімен қанаттаса дамып, бір-біріне елеулі әсер-ықпал жасап отырған. Батыр және лиро-эпос жырларына да әсерін тигізіп, өзі де арнасы кең мол салаға айналған.

қазақтың ауыз әдебиетінде айтыстың бірнеше түрі бар: 1 . бәдік؛ 2 . жар-жар؛  3 . жануарлар мен адамның айтысы؛  4 . өлі мен тырының айтысы؛ 5 . жұмбақ айтысы؛  6 . салт айтысы – қыз бен жігіттің айтысы؛ ақындар айтысы؛  7 . осы күнгі айтыстар . бұл айтыстардың әрқайсысының өзіндік ерекшелігі және өзіндік мәні бар . бәдік айтысы . айтыстың бұл түрі – айтыс жырларының көне түрі . ол адамның табиғаттың жұмбақ сырына түсінбеген кезінде, шаманизм дін нанымына байланысты туған . адам өзі танып-білмеген күштердің бәріне табынған, солардың бәрінің өз иесі бар деп білген, жақсылық, жамандық атаулының бәрінің өз таңырысы бар деп ұққан . соларға құлшылық етіп жалбарынған, солардан медет тілеген . атам заманғы ертегілер, мифтер, аңыздар туралы айта келіп, м .гөркиидің: "бұлардың (ертегілердің) мағынасы ертедегі жұмыс адамының еңбегін оңайлатуға, оның өнімділігін арттыруға, төрт аяқты және екі аяқты жауларға қарсы құралдануға талпынуында және де  сөз күші арқылы, "үшкіру", "аруақты шақыру" адысы арқылы жаратылыстың стихииялық, адамға жау құбылыстарына әсер етуде болып отыр", – деген сөздерінің "бәдік" жырына тікелей қатысы бар жұмбақ айтысы . айтыстардың ішінде ерекше орын алатын түрі – жұмбақ айтысы . жұмбақ айтысы халықтың өмір, табиғат құбылысын білсем деген арман-тілегінің елесі . алуан өмір құбылыстарын түсіну, былу, білмегендерді соған жетектеу, әсіресе жастардың ойсанасын кеңейту тілегінен туады . сондықтан ұсақ нәрселерден бастап жұмбақ етіп, қиынға көшу, өзінше сол ойсананы өрістету, ойлауға дағдыландыруды мақсат етеді . жұмбақтардың өзі сиияқты, жұмбақ айтысы да ұйқасқа құрылады . "жұмбағым жұтылды, ыққа қарап құтылды" . бұл – бастапқы қысқа түрі . ал кілең өлеңмен келетін ұзақ түрлері – соңырақ туған әрі адам санасының марқайған кездегі түрі . жұмбақ айтыста кез келген ақын бел байлап айтысуға шыға алмайды . бұл айтысқа түсу үшін, өз жанынан өлең шығара былу жеткіліксіз . сонымен қатар ақын өмірдің барлық саласынан хабары бар, білімді адам болуы керек . жұмбақ айтыста жұмбақ берушінің не нәрсені жұмбақ етемін десе де еркі бар . өмірдің әр құбылысын алып, бейнелеу түрінде жұмбақ ете береді . оны шешу үшін айтушының не нәрсені жұмбақ етіп отырғанын бөлжәй былуы керек . сондықтан жұмбақпен айтысушылар өте сирек кездеседі. Жұмбақ айтысының ең жақсы үлгісінің бірі – сапарғали мен нұржан айтысы . бұл айтыста екі ақын да білімділік, тапқырлық, өнерлілік танытқан . сапарғали ауыл тіршілігінің қалыпты шындық болмысымен қатар, қазақ жерінің ресейге қосылуына байланысты ел өміріне енген жаңалықтарды жұмбағына арқау етеді . 

салт айтысы . салт айтысы екіге бөлінеді: қыз бен жігіт айтысы, ақындар айтысы . қыз бен жігіт айтысы . қыз бен жігіт айтысы көбіне ойын-тойда айтылады . ойын-тойдың бір бөлімі болып кіруі оның салт өлеңі екендігін айқындайды . әдетте, қыз бен жігіттің айтысы ақынды талғамайды, ақындығы жоқ жігіттер де, қыздар да үйреншік, жаттамалы олеңдермен айтыса беруі мүмкін . бырақ кейде ақын жігіт пен ақын қыздың не әдейі кездесіп, не кездейсоқ ұшырасып айтысатыны да болады 

қыз бен жігіттің айтысы – салт айтысының жоғары сатысы деп есептелетін ақындар айтысының даярлығы, соның бастамасы секілді . қандай ірі ақын болмасын, ер жетіп, ел намысын қорғау тарызды күрделі майданға түсу үшін, әлдімен ауыл арасындағы той-топырларда айтысу тәжірибесінен өтеді . сол айтыстарға түсіп ысылады . сауық құрған жастар қыздарды мақтап, не жамандап немесе оның айттырып қойған жігітін жамандап, қыз бен жігіттің өз айналасымен болады . мұндай айтыстардың мазмұны тартымды, күлкіге негізделген, тілі де, тартысатын мәселесі де жеңіл, шағын келеді . көбінесе ұтқырлыққа,  сөз тапқырлыққа құрылады . "омарқұл мен табиияның" айтысын алсақ, қыз бен жігіт айтысының әлгі айтылған тақырыптарының бірін қозғайды . бірін-бірі сүйген екі жастың өздерінің көңіл күйін  сөз етеді .

Осы  күнгі айтыстар кейінгі жылдардағы айтыстардың көпшілігінде бірсіпірә әлеуметтік мәселелер қозғалып, кейбір келеңсіз жәйлардің сыналып ашық айтылуы бұл өнер түрінің халыққа берер талым-тәрбиелік мәні орасан зор екенін айқын сипаттайды . айтулы оқиғаларға байланысты – қазақстанның 60 жылдығына арналған, кенен азырбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай өткізілген, абайдың, жамбылға 150 жылдығы арналып өткен республикалық айтыстардың орны бөлек болды . мұнда өз онерымен халықты риза қылған қызылордалық манап, семейлік қалихан, кокшетаулық көкен секілді жүйріктер ерекше танылып, халық көкейінен шыға былды . сонымен бірге, енді ғана қанат жәйіп келе жатқан, тапқыр ой, тартымды сөздерімен көрінген тәләпкер жігіттер мен қыздарымыз белгілі бола бастады . айтыс – пойезииялық жанрдың ішіндегі ең қиыны, күрделісі . айтысқа қай кезде болсын халық ықыласы төмендемеу себебінің өзі айтыс өнерінің қиындығында . "қисынын тауып қиыстырар" ер данасына халқымыз қашаннан құмар болып, әділ бағасын берген .