Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ІІІ блок.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
103.61 Кб
Скачать
  1. Балалар поэзиясының көрнекті өкілдері: б.Ысқақов, қ.Мұқышев, ә.Ахметов шығармашылығы.

Бүркіт Ысқақов.Балалар үшін түрлі жанрда шығарма жазып келе жатқан қаламгерлеріміздің бірі – ақын Бүркіт Ысқақов 1924 жылы Қарағанды облысының Нұра ауданында Көкмөлдір деген жерде туған. Б.Ысқақов әдебиеттің әр саласында қалам сілтегенімен, оқырман қауым оның есімін ең алдымен балалар ақыны ретінде біледі. Өйткені оның творчествосының салмағы негізінен поэзияда жатыр. Оған 1959 ж. «Сенің Отаның», 1962 ж. «Москваны тыңдаймын», 1965 ж. «Өнерпаз болсаң», 1967 ж. «Кішкене көмекші», 1974 ж. «Сенің өлеңдерің», 1979 ж. «Жылдар жырлайды», 1985 ж. «Жеткіншек» атты өлең жинақтары дәлел. Ақын поэзиясы туралы сөз болғанда, ең алдымен онда азаматтық әуен, отаншылдық үннің басым жататынын ескерген жөн.Б.Ысқақов – қазақ балалар драматургиясын жасауға және оны дамытуға белсене ат салысқан драматург. Ол 1948 жылдан бастап мектеп сахнасына арнап «Екі оқушы», «Түймедейден түйедей», «Ағалық ақыл», «Жаңа жыл кешінде», «Бейбітшілік жеңеді» атты шағын пьесалар жазып, сол жылдардың өзінде-ақ мерзімді баспасөз беттернінде жариялады. Ал оның балалар өмірінен жазылған бір топ пьесалары мен инсценировкалары 1959 ж. «Кішкене театр», 1987 ж. «Әлімнің әлегі» деген аттармен жеке кітап болып шықты. Автордың бұл пьесаларының қайсысы болса да қызықты сюжет, тартымды оқиғаларға құрылған. Өзіндік ерекшелігі – оқиға мектеп оқушыларының өз өмірінен алынған және олардың өз күштерімен өз сахналарына қоюына лайықталып жазылған.

Б.Ысқақовтың елеулі шығармаларының бірі «Қарлығаштың құйрығы неге айыр» атты өлеңмен жазылған ертегісі. 1966 жылы «Қазақфильм» киностудиясы осы шығарма негізінде мультфильм шығарды. Бұл – қазақ киноөнері тарихындағы тұңғыш мультфильм болатын. Фильм бүкілодақтық экранға қабылданды, аймақтық және бүкілодақтық байқауларда бірнеше рет жүлделі орындарға ие болды.

Ал 1975 жылы Нью – Йорк қаласында өткен мультфильмдердің халықаралық фестивалінде «Қола праксиноскоп» сыйлығын алды.

Ақынның «Сенің Отаның», «Үш алыптың айтысы», «Кім жүйрік» т.б. өлеңдері көп жылдардан бері орта мектептердің оқу құралдарында орын алып оқытылып келеді.

Қабыкен Мұқышев. Қарағанды облысының Нұра ауданыныа қарасты Балықты деген жерде туып, балғын балалық шағын осы жерде өткізеді. Ақын өз өмірінің соңғы 20 жылында таза творчестволық жұмыспен айналысады. Барлығы 15-тен астам өлең кітаптарын жазады.

Бөбектерге арнаған өлеңдері суретті кітапшалар болып, ертегі, поэмалары жеке-жеке кітап болып шықты. Олардың басты-бастылары: «Ораз бен қораз» (1956), «Кірпі мен ит» (1959), «Көршілер» (1960), «Екі мысық» (1963), «Мысық неге етіксіз» (1965) суретті кітапшалары, «Дана мен бала» (1968) өлеңдер жинағы еді. 1971 ж. «Мысық неге етіксіз» кітапшасы орыс тіліне аударылды. Ақынның таңдамалы өлеңдері 1978 ж. «Дана мен бала» деген атпен басылып шықты.

Қ.Мұқышев ұстаз ақын болғандықтан да балалардың мінез-құлқын, ой-қиялын жақсы білді. Сондықтан да оның өлеңдерінің қай-қайсысын алсақ та, нақты сюжетке құрылған, қызық оқиғалы, әрі қысқа, әрі ғибратты болып келеді.

«Сейтек неге тентек?» деген өлеңі:

Болды бір бала

Аты еді Сейтек.

Ерке еді шора

Мінезі тентек,- деген шумақпен басталады. Әр шумағы шағын сюжетке құрылған. Оның қалай киініп, қалай жуынғаны, ас ішіп, оқуға барғаны, яғни, жүрген-тұрғанынан қырсық, қыңыр баланы көреміз. Ал осы Сейтек мектепке келгенде, керісінше, биязы мінезді бала. Оқуы да жақсы. Ақын осындай аумалы мінезді баланың психологиясын көрсеткен.

«Көршілер» өлеңінде ылғи да керісіп, бір-біріне қарсы келе беретін екі бала өрт шыққан кезде тіл табысып, күш қосып, өртті асқындырмай, дер кезінде өшіреді. Сөйтіп, олар қайтадан табысып, дос болып кетеді. Екі өлеңнің де айтайын деген ойы анық, бояуы қанақ, тілі жатық шыққан.

Қ.Мұқышев көптеген өлеңдерінде айтайын деген ойын жан-жануарлардың тірлік-тіршілігі арқылы береді. Оларға адамға тән қасиеттер жат емес. «Екі мысық», «Бақа мен шіркейлер», «Осындай достар бар» деген өлеңдерінің танытқыштық мағызы, адалдықты көрсететін идеясы бар. Ақын өлеңдерінің бір ерекшелігі – тілінің ойнақылығы, балалардың қабылдауына барынша оңайлығы.

Қ.Мұқышевтің балаларға арнап жазған қай өлеңін алсақ та, ол ең алдымен тартымды оқиғаға, қызықты сюжетке, өткір ойға құрылған. Оның шығармалары өзінің осы даралығымен бағаланады. Мәселен, «Ораз бен қораз», «Кірпі мен сұрмойнақ», «Тауық пен жылан» сияқты қып-қысқа өлеңдерімен-ақ аңқаулық пен аңғалдықты әшкерелеп, батырлық пен батылдықты дәріптейді.

Әбдікәрім Ахметов (1924-1983).«Мені көркем сөзге құнықтырған қиссалар болса керек. Әкемнің өзі «әліпті таяқ деп білмесе» де, сөзге құмар кісі еді. Ал үйімізге жырау-жыршы келе қалған кеш біз үшін торқалы тойдай еді» (Ә.Ахметов)

Демек, оның әдебиеттегі алғашқы үлгі-ұстаздары халық қазынасы мен Сыр бойының сүлейлері болғаны ғой.

Ол Қызылорда облысы, Қармақшы ауданының Көктөбе деген аулында дүниеге келген.

Ақын 20-ға жуық өлең жинақтарын шығарды. Оның шығармаларының басты тақырыбы – соғыс тауқыметтерін көрсете отырып, бейбітшілік ұранына үн қосу. Жазушының «Кішілік - кісілік», «Ардақ пен қоян», «Жаңа жыл жыры», «Күз көріністері», «Төрт түлік пен төрт жігіт», «Жайлау әліппесі» т.б. көптеген өлеңдері аттары айтып тұрғандай, тақырып аясы кең, жас оқушыларын әдептілікке, кісілікке, табиғатты сүюге, еңбекке баулитын сәтті дүниелері. Ақын балаларға арнап мысалдар, жұмбақтар, ертегілер де жазған. Бұл оның поэзиясының ішкі жанрларының мол ауқымын көрсетеді.