- •10 Мақал-мәтел жазып, мағынасын ашыңыз.
- •10 Жұмбақ жазыңыз, жұмбақты неге «Ойдың гимнастикасы» деп атайтынын түсіндіріңіз.
- •10 Жаңылтпаш жазып, мағынасын ашыңыз.
- •Өтірік өлеңдерді жатқа жазыңыз, мағынасын ашыңыз
- •Айтыс және оның түрлері, мысал келтіріп, талдау жасаңыз.
- •Бастауыш сынып Әдебиеттік оқулығындағы ертегілер мен аңыздарға талдау жүргізіңіз.
- •Бастауыш сынып Әдебиеттік оқулығындағы Қобыланды батыр, Алпамыс батыр жырларының мазмұнын талдаңыз.
- •Бұқар жыраудың бір өлеңін жатқа жазып, көркемдік ерекшілігін талдаңыз.
- •«Батыр бала Бөген» жырындағы Шұбар аттың шабысынан үзінді жазыңыз.
- •М.Өтемісұлының патриоттық өлеңдерін талдаңыз, «Қызғыш құс» өлеңін жатқа жазыңыз.
- •А.Байтұрсынов шығармашылығы, «Аққу, шортан һәм шаян» мысалын талдаңыз.
- •Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін жатқа жазыңыз, мағынасын ашыңыз
- •Қ.Әбдіқадыровтың «Қажымұқан» повесінің тақырыбы мен идеясы.
- •М.Әлімбаевтың балаларға арналған өлеңдерінің мағынасын ашыңыз.
- •Қадыр Мырза Әлі - балалар ақыны. «Бір жақсысы, бір жаманы» өлеңін жатқа жазыңыз, өлеңнің тіліне тілдік талдау жасаңыз.
- •С.Мұқановтың «Мәншүк» повесіндегі Мәншүк бейнесі.
- •С.Мұратбековтың «Жусан иісі» повесінің тәрбиелік мәні, жазушы тілінің пәрменділігі
- •Балалар әдебиетіндегі бейбітшілік тақырыбы, азаматтық лирика.Қ.Аманжоловтың, м.Мақатаевтың патриоттық жырларынан үзінді жазыңыз.
- •Балалар поэзиясының көрнекті өкілдері: б.Ысқақов, қ.Мұқышев, ә.Ахметов шығармашылығы.
Балалар әдебиетіндегі бейбітшілік тақырыбы, азаматтық лирика.Қ.Аманжоловтың, м.Мақатаевтың патриоттық жырларынан үзінді жазыңыз.
Балалар әдебиетіндегі бейбітшілік тақырыбы, азаматтық лирик.
Жамбыл — жырдың толассыз бұлағы, өшпес өнегесі, тозбайтын асылы. Ол жасампаз ұрпақпен сырласындай, қимасындай мәңгі бірге жасай береді. Ол отанға, халыққа деген сүйіспеншілік, ынтымақ, бірлік – Жамбыл шығармаларының негізгі арқауы. Ақынның көптеген өлеңдері еліміздің бейбітшілік саясатына арналған. Жамбыл Отан қорғау тақырыбын жырлағанда есімдері елімізге кеңінен танымал халық батырларының бейнелерін көз алдымызға қайта елестетіп, кейінгі ұрпаққа үлгі ретінде ұсынады. «Ленинградтық өренім» (1941ж.), «Мәскеу», «Патша әмірі тарылды», «Зілді бұйрық» атты өлеңдері, «Ұлы көш» толғауы майданның алғы шебіндегі кеңес жауынгерлерін ерлік күреске рухтандырған ұран болды,
С.Мәуленовтың «Екі рет өліп тірілген адам», «Қара ағаш», «Ажалға ажал», «Үміт», «Қызыл орамал», «Мәңгілік даңқ», «Сүйіспеншілік», «Комендант», «Қос қарағай түбінде», «Сары жапрақ», «Ширек ғасыр содан бері», «Ерлікке толы жарты ғасыр», «Қаһарлы қамал» т.б. очерктері де майдангерлер өміріне арналған. Оларда соғыс өрті шарпыған тағдырлар, қС.Мәуленовтің журналистика, соның ішінде публицистика саласындағы еңбектерін әр қырынан зерттеген ғалым Серікбай Оспанов: «С.Мәуленов, әсіресе осы соғыс тақырыбына жазған очерктерін баспасөз беттерінде көп жариялады. Автор Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен жерлестеріміз жайында, соғыс салған қайғы-мұң, қасірет туралы шынайы әңгімелейді. Соғыс эпизоттарын көз алдыңыздан өткізіп, бейбітшілік, бақыт, бірлік, сыйластық турасында сыр шертеді. Сол сұрапыл жылдардағы әйел тағдыры, сәбидің көз жасы, қарттардың күрсінісі – бәрі публицист қаламынан тыс қалмады»- дейдіираған қалалар, ерлік, жеңіс, бейбітшілік, бүгінгі өмір жайы көрініс табады.
Қасым Аманжолов — (1911-1955) қазақ поэзиясының аса көрнекті өкілі, халқымыздың дарынды ақыны.
Қасым Аманжолов– қазақтың аса ірі ақындарының бірі. Оның көркемдік-эстетикалық деңгейі жоғары, қазақ әдебиеті тарихында айтулы орынға ие шығармашылығы, негізінен, поэзиялық туындылардан тұрады. Ақынның әдеби мол мұрасын 7-8 поэмасы мен алуан тақырыптағы лирикалары құрайды.
Тоталитарлық жүйе тұсында мықтап өркен жайған күдікшілдік, сенбеу, күйе жағу, пәле жабу сияқты кеселді бұлайша әшкерелеу, зығырданы қайнай айыптау да Қасым сияқты ілуде біреудің ғана қолынан келгені шындық. Қасымның осы тақырыпқа жазған өлеңдері соғыс жылдарында, одан кейін де үзілген жоқ, қайта күшейе, салмақтана түсті. Ондай зілді, ызғарлы лебіздерді ақынның майданнан Ғалиға, Ғабдолға өлеңмен жазған хаттарынан да көруге болады. Қасым поэзиясындағы патриоттық, отаншылдық сезім соғыс жылдарында ерекше күшейді. Соғыстың қатал да ащы шындығы ақынды да, оның жырларын да тың өріс, жаңа биікке самғатты. 40-жылдардың басында Қасым туған жер табиғатының әсем суреттерін жасаған тамаша лирикалық өлеңдер жазды. Қиыр Шығыстан майданға аттанып бара жатқан жолда туған "Байкал", "Сарыарқа", "Ертіс", "Орал" атты өлеңдерінде ақын ел табиғатының әсерлі көріністерін адамның отаншылдық сезімімен терең байланыста көрсетеді. "Оралға" өлеңін:
Оралым, шықтың алдымнан, Оралым менің, Оралым! Қол созып қызыл вагоннан, Үстіңнен өтіп барамын. Оралым, сенің қойнында Ойнақтап өткен жылдарым. Жарқылдап Жайық бойында Достармен сайран құрғамын. Шағанның бойы көк шалғын, Шалқамнан жатқам шаңқай түс. Гүл болып менің құшағым, Кеудеме қонған бұлбұл құс. Өмірдің алтын кесесін Тосқанмын айдың нұрына. Кезгенмін Совет көшесін, Кеудемді ашып құрбыма. Сонау бір шетте сонау үй Кетер ме, сірә, көңілден? Алушы ед тартып мені ылғи Махаббат, жастық лебімен. Терезе алды - жас терек, Тұр екен кімдер сүйеніп? Жүр екен кімдер еркіндеп, Жүрегін ұстап үйге еніп?.. Сағындым сені, Оралым, Күндер жоқ бейбіт бұрынғы. Келгенше қайтып оралып, Алып қал осы жырымды. Сіркіреп жаңбыр жауғанда Байқарсың өзің анықтап. Жаным бір жүзер ауаңда, Ауанда сенің қалықтап. Қош болшы енді, Оралым, Күле бер шалқып, сайранда! Айтпақшы, қайда бораның? Кетейін алып майданға!
Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев (9 ақпан 1931, Алматы облысы, Райымбек ауданы Қарасаз - 27 наурыз 1976, Алматы) шын аты Мұхаммедқали – қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын, өз заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық. Оның «отан туралы» патриоттық өлеңі:
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем, Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем, Мен оның қасиетті тілін сүйем, Мен оның құдіретті үнін сүйем. Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған, Бәрі маған: «Отан!» деп сыбырлаған Жаным менің, Кеудемді жарып шық та, Бозторғайы бол оның шырылдаған! Отан! Отан! Бәрінен биік екен. Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем. Отанды сүймеуің де күйік екен, Отанды сүйгенің де күйік екен...ақын.
