Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ІІІ блок.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
103.61 Кб
Скачать
  1. М.Әлімбаевтың балаларға арналған өлеңдерінің мағынасын ашыңыз.

М.Әлімбаев. 1923 жылы Павлодар облысының Шарбақты ауданындағы Маралды аулында туған. Мұғалім әкесінің, екі ағасының арқасында сауатын ерте ашады. Бес жасында кітап оқи бастайды. Мұғалімнің баласы болғандықтан оқытушы болуды мақсат еткен. Он бес жасында педучилищеге түсіп, оны аяқтаған. Педагогикалық трактаттарды көркем әдебиетпен бірдей көріп, іңкәрлана оқыған. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Университет бітірген. Мұзафар – ұстаз, тәлімгер, қаламгер.Қырық жыл бойы балалар басылымдарында қызметте болу – Мұзафар ақынды балаларға арнап шығарма жазуға итермеледі. «Балдырған» журналын 28 жылдан астам уақыт басқарған.Ақынның балаларға арнап жазған кітаптары «Менің ойыншықтарым», «Жұмбақтар», «Биікке - биікке», «Шынықсаң шымыр боларсың», «Орақ – олақ», «Балдәурен, шіркін, балалық», «Ақсерек те көксерек», «Аспандағы әпке» деп аталады.Шығармашылықтың тағы бір қайнар көзі – халық арасындағы аңыз-әңгімелер, әзіл-оспақтар, ертегі, хикаялар. Ақынның бірсыпыра шығармалары халықтық ертегі, аңыздардан алынған. М.Әлімбаевтың өлең-жырларының басты тақырыптары – еңбексүйгіштік, білім құмарлық, қаһарман ата-бабалар жолын ардақтау, солардың ерліктеріне еліктеу, Отанды сүю, оны қорғауға әзір болу, жер жүзі халықтарын, еңбекші балаларын бауыр тұту. Мысалы, «Мейман», «Жақсыбай батыр мен Елпекбай», «Аштың аңы жүрмейді», «Сараң», «Көк сиырды көтерген келіншек», «Бүркіт пен жапалақ» сияқты туындыларын атауға болады. Халық творчествосына еліктеп шығарған аңыздарының қатарына «Шөже мен Алшынбай», «Еріншектер елінің Ертеңбайы», «Қос керуен», «Күлдіргілер», «Кім ұтылды, кім ұтты» т.б. Автордың көптеген өлеңдері әдетте, 4-8 жолдан әрі аспайды. Оның есесіне өлеңдегі ой-идея салмақты, туындының бітімі айшықты. «Бал араның жыры» өлеңінде былай дейді:Баратыным – қыр,Қонатыным – гүл.Теретінім – нәр,Беретінім – бал.Мұзафардың поэзиясында жағымды юмор, әзіл-қалжың бар. «Піл мен құмырсқа» өлеңі - сондай өлеңдерінің бірі. «Өтірікшілердің айтысынан», «Қайда кеткен қарындаш», «Бас пен қол», «Ұмытшақ», «Әдет қой» сияқты өлеңдері қалжыңға суарылған.М.Әлімбаевтың өлең-жырлары халық өлеңдеріндей, мақал-мәтелдеріндей нығыз, ықшам, қысқа болып келеді. Мәселен, «Орманда» деп аталатын өлеңінің көлемі бас аяғы екі-ақ жол:Отын жардық жұмылып,Орман кетті жылынып.«Еңбек еткен адам тоңбайды, рахатқа батады, ешкімге емінбейді» деген идеяны еркін жеткізген. Бірде ақын көк шағылды кешіп серуен құрады. «Көгал – жердің кілемі» деген бір жол тіліне оралады. Содан «кілемді біреу тоқиды ғой, ал жер бетіндегі кілемді тоқитын не?» деген сауал қояды. Сол сауалға жауап іздейді. Серуен соңында он екі жол ойша өлең әзір болады. Күн –Кілем тоқиды,Нұрмен тоқиды,Гүлмен тоқиды.Ол – Асыл зер кілем,Жалпақ кең кілем,Жерге тең кілем.Ол –Сен де сыярлық,Мен де сыярлық,Ел де сыярлық кілем.Ақын өлеңді «Күн тоқыған кілем» деп атайды. Соңғы шумақтағы идея, ой -бейбітшілікті, татулықты сақтайық, халықтарға жер үсті кең дегендік. Ақынның балаларға арналған өлеңдері қысқа болғанымен, белгілі сюжетке, тартымды ойға, терең пікірге құрылған. Ол балалардың қызығып та қуанып оқуын көбірек ойлайды. Сондықтан да өмірдің кішкене көріністеріне үлкен мән беріп, түйінді ойлар айтады. Ақынның әсіресе мектеп жасына дейінгі балдырғандар мен бастауыш мектеп оқушыларына арнап жазған өлеңдері тым қызық, өте әсерлі. Оны үлкен кісілер де сүйсініп оқып, балалық шақтарын еске түсіреді. Ақын „Кім ұтылды, кім ұтты?” өлеңінде тау асып ойнап кеткен үш баланың қарны ашып, қолдарында қалған екі алманы бөлісе алмай таласып жатқан екі жолдасына үндемей тұрған үшінші бала былай дейді:

Қиын емес бұл мүлдем,

Теп – тең етіп бөлейік.

Екеуің ал бір – бірден

Мен – ақ соған көнейін.

Не керек сол айтысып,

Сен бер маған жартысын.

Не керек сол тартысып,

Сен бер маған жартысын.

Екеуі оған көніпті,

Жарты – жарты бөлікті

Басу айтқан балаға

Өз қолынан беріпті.

Кім ұтылды, кім ұтты?

Кім ұқпады, кім ұқты?

„Әріптер сыры” өлеңінің мамандық таңдауға жол ашатын сыр – сипаты бар:

„А” – Алатай бала дәрігер,

Аурудан сақтар ол мені.

„Ә” - Әнуар өнер біледі,

Әдемі етік тігеді.

„Б” – Бауыржан сақшы – жауынгер.

Батыр деп сүйген қауым ел.

„В” – Володья мастер мен дейді,

Вагондарды жөндейді.

„Г” – Гүлжамила бақшашы,

Гүлге толған бақшасы.

„Ғ” – Ғажап бояу жағады,

Ғали сурет салады.

„Д” – Дүлдүл аттар баптаған,

Дәрменді жұрт мақтаған.

„Алатау баурайында” поэмасы. Жақы деген жарлының жаман шалашын сұрап алған Перенебек оны үй етемін деп қазып жатқанда алтын тауып алады. Пернебек оны Жақыға сенің үйіңнің астынан шықты сен ал дейді, ал Жақы жоқ сен ал, сенің еңбегің дейді. Ақырында бір дана қарияның айтуымен алтынды халық игілігіне жұмсап, алмалы бақтар орнытыды. Міне, бұл баланы адалдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу идеясынан туған.

Егер де...” өлеңі:

Ауланың қарын күрер ем,

Аяғым су болмаса.

Бақшаны баптап жүрер ем,

Үстіме шаң қонбаса.

Суға да мен барар ем,

Егер қарым талмаса.

Отынды да жарар ем,

Ағаш қатты болмаса.

Жұбатар ем Жанатты,

Жылап маза алмаса.

Жақсы оқыр ем сабақты,

Кітап қалың болмаса.

Тұла бойын жаман жолға бастайтын қырсық билеген тілазар жалқау баланы Мұзафар қатты сынаған. Осыдан үлкен қорытынды жасауға, сабасына түсетіндей ой салған. Жаман әдеттен баланы ерте арылтуға үндеген.

Қырық жұмбақ.

  1. Бір күнде үш баийды, үш жұтайды. (Дастархан)

  2. Дүлей үрейді жеп қойды (Қасқыр мен қоян)

  3. Су ішінде желігер,

Құм үстінде демігер. (Балық)