Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ІІІ блок.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
103.61 Кб
Скачать

ІІІ блок

  1. 10 Мақал-мәтел жазып, мағынасын ашыңыз.

1. «Жақсы жұмыс – жанға тыныс». Әрбір адам жұмысын бар ынтасымен тыңғылықты етіп жасаса, өзі де оған қасындағы жолдастары да риза болмақ.2. «Еңбексіз өмір – сөнген көмір». Көмір отын екенін білеміз. Ол жылыту үшін қажет. Ол жанбаса жылу болама? Әрине жоқ. Сол сияқты еңбек етпеген әрбір адам жылусыз сөнген көмір сияқты.3.Оқу - инемен құдық қазғандай.Инемен құдық қазу ұзақ айлардың ,жылдардың жемісі.Сол секілді оқу да, білім де шыдамдылықты,ұзақ уақытты талап етеді.Тек еңбектеніп қана ойлаған мақсатына жетесің деген сөз!4.«Гүл өссе - жердің көркі Қыз өссе - елдің көркі» - дегендей ежелден ата - бабаларымыз қыздарды әрқашанда гүлге теңеген. Табиғатта ең сұлу өсімдік гүл болса, әлемнің сұлуы - қыз. Қыздарымызға тән нәзіктік, сұлулық, ұяңдық, ибалылық, сыпайылық, әдемілік, іскерлік, шеберлік, рухани байлық, ақ ниет, сүйіспеншілік, намысы, қайрат жігері, бәрінен де ар тазалығы тән.  5.Отан оттан да ыстық.Отан – асыл ұғым. Ол отбасынан басталып, тұтас бір мемлекетті жұмылдырып тұрған ұлы күш. Еліміздің әрбір азаматы «Отан» деген ұғымның оттан да ыстық қасиетіне бас иіп, оған адал қызмет етуге борышты. Осы жолда қайтпас қайсарлық пен айнымас шыдамдылық таныта білетін, ары мен намысын жоғары қоятын ұрпақ тәрбиелеу абыройлы іс болмақ. Жарқын болашақ, Отансүйгіштік, ұлтжандылық секілді асыл сезімнің өміршең екенін көрсетті.Ел қорғау – абыройлы іс. Азаттықты аңсаған ата-бабаларымыз талай шайқас, қан майданның тезінен өтіп, ұрпағына ұлан байтақ жерді аманат етті. Жас ұрпаққа ғасырлар бойы ата-бабаларымыз қорғаған Атамекенді көздің қарашығындай сақтау өсиет етілген.6.Жеті атасын білмеген – жетімдіктің белгісі. Өзіңнің жаратылысыңды біл, егер сен жеті атаңның кімнен басталып, кіммен аяқталатынын білмесең, онда сен нағыз жетімсің деп түсіндіреді. Әдет-ғұрып, салт-дәстүрді білуге үйретеді.7.Білгенің бір тоғыз, Білмегенің тоқсан тоғыз. Сенің білгеніңнен де білмегенің көп, сондықтан ізден, талаптан, білмегендеріңді білуге тырыс деп жол нұсқайды.8.Жеті рет өлшеп, бір рет кес. Асықпа, ойланып істе, бірнеше рет өлшеп, әбден дұрыстығына көзің жеткенде ғана әрекет жаса деген мағынада. 9-10.Сабыр түбі — сары алтын”, “Сабырлы жетер мұратқа, сабырсыз қалар ұятқа деген халық даналығында сабырлылық адамды жамандықтан сақтап, жақсылыққа бастайтын ізгі қасиет ретінде айқындалады. Сабырлылық қажыр-қайратпен ұштасып, ер бойындағы арұжданынсап сияқты қасиеттерге негіз болады. Сабырлылық әрбір істің ақырын ниет ақтығына табан тіреп, әділеттілікке сенімін жоғалтпай күтіп, байсалды әрекет жасаудан көрінеді. Сабырлылық өз ісінің ақтығына сенімді, ниет-тілеуі түзу, тағдырдың бір құдайдан екендігіне сенетін, әрбір қиындыққа сынақ ретінде қарап, мойымайтын адамға тән

  1. 10 Жұмбақ жазыңыз, жұмбақты неге «Ойдың гимнастикасы» деп атайтынын түсіндіріңіз.

1)Жердің жүзін шарлайсың,

Онсыз еш жерге бармайсың

Көлікпен де,жаяу да

Саралайсың,таңдайсың.(Жол)

2)Иісшіл-ит емес,

Ұшады-құс емес. (Шыбын)

3)Ұстарамен алынбас,

Ұйысып тұрған қалың шаш. (Егін)

4)Асты тас,үсті тас

Ортасында шондыр бас.(Тасбақа)

5)Сатайын десем тәуір кілем,

Сатпайын десем ауыр кілем.(Жер)

6)Жазу жазып жалықпаған,

Жаза-жаза арықтаған. (Бор)

7)Ала арқаным жетпес жер жоқ.(Көз)

8)Жап-жалаңаш мақұлық,

Адам көрер түрі жоқ.

Тиіп кетсе қақсатар,

Қабырғада міні жоқ.(Жылан)

9)Бір құс бар жан білмейтін ішкен асын,

Адамға көрсетпейді жұмыртқасын.(Жарғанат)

10)Елек-елек тарым бар,

Көтере алсаң бәрін ал.(Құмырсқаның илеуі

Баланы айналасындағы қоршаған әлеммен таныстырудың тағы бір құралы ол – жұмбақ. Жұмбақ деген ол баланың күнделікті өмірде көріп жүрген жаннды - жансыз заттарына ұқсас нәрселерді сипаттай отырып, сол нәрселерді сипаттай отырып, сол нәрсенің негізгі қасиетін бүгіп айтпай, баланың зейінін ұштау ойлату, әрбір нәрсенің негізгі белгілері қандай, ол немен салыстыруға болады деген ой елегін көз алдына елестете отыра, қоршаған дүниені бақылап, бағалауға баулитын тәрбиелік қасиеті ерекше. Қазақ халқының жұмбақтарының күрделі бір тобы – төрт түлік малға, хайуанаттар арналған – ол жұмбақтарды жастарға айтқанда әрбір малдың өзіндік мінез – құлқы, қасиеті, түр сипаты, өзіндік жасайтын қызметі суреттеледі. Жұмбақ баланың дүние тану әлемін, ой өрісін, білімін тереңдететін, әр бір заттың өзіндік атқаратын қызметін, ерекшелігін неден істелгенін, не жұмысқа арналғанын, жан – жансыз нәрсенің адамның ойына келе бермейтін қасиетін баланың жас кезінен бастап тәрбиелеу керек екенін халық педагогикасы білген, сол жолда халқым баласын ұқыптылыққа әр нәрсенің өзіндік ерекшелігін ескеруге, бақылауға, байқауға көңіл бөлгендігін ғылыми педагогика жоққа шығармайды. Жұмбақтар баланы байқағыштыққа, тапқырлыққа баулып, ой - қиялын ұштастыруға көп әсер етеді.