- •1. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құраңыз.
- •1. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құраңыз.
- •1. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құраңыз.
- •1. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құраңыз.
- •1. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құраңыз.
- •1. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құраңыз.
- •1. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құраңыз.
- •1. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құраңыз.
- •1. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құраңыз.
- •1. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құраңыз.
- •1. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құраңыз.
- •1. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құраңыз.
- •1. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құраңыз.
- •1. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құраңыз.
- •1. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құраңыз.
1 – билет
1. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз, неге олай атағаныңызды түсіндіріңіз.
Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құраңыз.
Біздің ұлы тарихымызда қазақстандықтардың қазіргі ұрпағының тарихи оқиғаларына ерекше орын беріледі. Біз Ұлы жолдан жүріп ӛттік.
Бұл—1995 жылдың наурызында Қазақстан халқы Ассамблеясының ӛмірге келуі.
Бұл—1995 жылдың 30 тамызында ел Конституциясын бүкіл халық болып қабылдауы.
Бұл—1998 жылы Астананың еліміздің елордасы деп жариялануы.
Біздің бас қаламыз барлық қазақстандықтар үшін нағыз киелі мекенге, Отанымызға деген біздің ортақ сүйіспеншілігіміздің символына айналды. Біз, қазақстандықтардың қазіргі буыны, жаңа Қазақстанның Ұлы жылнамасын нағыз жасаушылары болдық.
Біз жаңа ел жасап, халқымызға Жаңа тағдыр сыйладық! («Егемен Қазақстан» газетінен ).
2. «Электронды журналдың артықшылығы» тақырыбы бойынша өз ойыңызды айтыңыз.
3. Көп нүктенің орнына күшейткіш үстеуді қойып жазыңыз.
1. Ән орындаған ... бір дарынды бала екен. 2. .... қадірлі қонақтарды мейрамханада күттік. 3. Қыран құс .... биікке шырқады. 4. Анам—мен үшін ... қымбат адам. 5. Соңғы кездері ол менің сөзімді .... тыңдамайтын болды. 6. ... биік таулар алыстан анық көрінеді.
2 - билет
1. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құраңыз.
Қымыз – қазақ халқының ұлттық тағамдарының ішіндегі ең құрметті сусыны. Қымызды ашытып, баптау технологиясы қазақ халқымен бірге жасасып келе жатыр. Қазақтар қымызды сабада, не күбіде ашытады. Саба жылқы терісінен жасалады, ал күбі қайың ағашынан жасалады. Қымыздың сапасы оны баптау мен пісуге байланысты.
2. «Қымыздың адам ағзасына пайдасы» тақырыбы бойынша өз ойыңызды айтыңыз.
3. Берілген мақсат үстеулерді пайдалана отырып, сөйлем құрап жазыңыз.
Қасақана, әдейі, әдейлеп.
3 - билет
1. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құраңыз.
Ұлттық тағамның ең үлкені – ет. Қонақ шақырылғанда, сыйлы адам келгенде ет асылады. Етті табаққа салып тартудың ӛзіндік тәртібі бар. Табақты білетін адам жасайды. Әрбір мүшенің ӛз орны бар. Бас пен жамбас қадірлі адамға тартылады. Табақтың кәделі мүшелерінің бірі – қазы мен қарта. Қазы – жылқының қабырға етіне бұрыш, тұз, сарымсақ қосып, ішекке салынатын ұлттық тағам. Қазы дастарқанға ыстық күйінде де, суық күйінде де қойылады.
2. «Қазақ дастарқанының ерекшелігі» тақырыбы бойынша өз ойыңызды айтыңыз.
3. Берілген сөзге фонетикалық талдау жасаңыз:
Дастарқан
4 - билет
1. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құраңыз.
Бауырсақ – қазақтың ұлттық тағамдарының бір түрі. Бауырсақ пісіру үшін жылы суға ашытқы, қант, ұн салып жылы жерге қоямыз. Ашытқы кӛпіршектеніп ашыған кезде тұз, май, жұмыртқа, ұн салып ӛте жұмсақ етіп иін қандыра илейміз. Содан кейін қамырды жайып, тӛрт бұрыштап кесеміз. Кесіп дайындалған бауырсақтың беті кеуіп кетпеу үшін, матамен жауып қоямыз.
Қазанға май құйып әбден қыздырып алған соң, бауырсақты саламыз. Бауырсақты үздіксіз араластырып тұрамыз. Сонда бауырсақ біркелкі болып піседі. От қатты жанса, бауырсақтың іші шикі болады. Сондықтан отты баяу жағып қойған дұрыс. Қызарып піскен бауырсақ дәмді болады.
2. «Қазақ – қонақжай халық» тақырыбы бойынша өз ойыңызды айтыңыз.
3. Көп нүктенің орнына жақша ішінен қажетті себеп-салдар үстеуін қойып жазыңыз.
Мен атам мен әжемді қатты сағынсам да, .(бекерге, шарасыздан, бос) демалысты күтуге тура келді. Жазғы демалыс басталғанда ... (бос, босқа, шарасыздан) жүрмей ауылдағы атам мен әжеме барамын. Биыл да ...(лажсыздан, шарасыздан, бекерге) жүрмей ауылға бардым.
5 - билет
1. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құраңыз.
Қуырдақ – жаңа сойылған малдың ӛкпе-бауырынан, мойын, тӛстік етінен, жүрек, бүйрегінен дайындалатын қазақтың ұлттық тағамдарының бірі. Алдымен қазанға май құйып қыздырамыз. Туралған ӛкпе, жүректі, ішек-қарынды, мойын тӛстік еттерін қазанға салып,15-20 минут қуырамыз. Содан кейін бауырды салып, үстіне бұрыш, пияз қосып, әбден піскенше қуырамыз. Дайын болған қуырдақтың үстіне жіңішкелеп туралған пиязды қосып, дастарқанға қоямыз.
2. «Менің сүйікті тағамым» тақырыбында өз ойыңызды айтыңыз.
3. Сөйлемдерді қажетті септеулік шылаулармен толтырып жазыңыз. Олардың түрлерін ажыратыңыз.
1. Анна ұлттық тағамдар ... Әнелден біраз мәлімет алды. 2. Қуырдақтың етін бір сағатқа ... ӛз сӛлінде пісірген жӛн. 3. «Шымбұлақ» тау шаңғы демалыс орнына Медеуден аспалы жол .... жетуге болады. 4. Онда үш күнде шамамен 6 мыңға ... турист келеді. 5. Мен жазғы демалыста отбасыммен .... Бурабайға бардым.
Қажетті сөздер: дейін, туралы, бірге, арқылы, жуық.
6 - билет
1. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құраңыз.
«Спорт –денсаулық кепілі» деген сӛзді толық қолдаймын. Себебі бірінші байлық денсаулық болса, денсаулықты жақсартудың жолы – спортпен айналысу, дене мәдениетімен шұғылдану. Таңертеңгі бой сергіту жаттығулары ӛте пайдалы. Дегенмен, әрбір адам ӛзінің қалаған спорт түрімен айналысқаны жақсы. Бар ӛмірін спортқа арнайтын адамдарға қызығамын, оларды ӛзіме үлгі тұтамын. Себебі олар – қиындықтан қорықпайтын батыл жандар. Ал егер адам спортпен жеке ӛзі үшін емес, елінің намысын қорғау үшін айналысса, ол – үлкен жауапкершілік. Әсіресе, халықаралық жарыстарда жеңіске жету және елінің туын желбірету қандай бақыт!
2. «Шымбұлақтың» Қазақстан туризмін дамытудағы орны» тақырыбы бойынша өз ойыңызды айтыңыз.
3. 1-тапсырма мәтінінен жалғаулық шылауларды теріп жазыңыз.
7 - билет
1. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құраңыз.
Қазақстанда бокстың алғашқы мектебін XX ғасырдың 30-жылдары Алматыда Шоқыр Бӛлтекұлы ашты. Бұл мектеп ӛзінің жалғасын тапты. Қазақстанның былғары қолғап шеберлері әлемді мойындатты. Қазақстаннан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы – Серік Қонақбаев 1980 жылы Мәскеу Олимпиадасында күміс медаль жеңіп алды. Василий Жиров – 1996 жылы Атлантада ӛткен әлемдік жарыстың жеңімпазы болса, Болат Жұмаділов 1999 жылы Хьюстон қаласында бәсекеде алтын медаль алды.
2. «Менің сүйікті спортшым» тақырыбында өз ойыңызды айтыңыз.
3. Көп нүктенің орнына демеулік шылауларды қойып жазыңыз.
Әлеуметтік желілер зиян ...? Әсел бүгін электрондық поштамен хат жіберген-... . Айжан .... оның кішкентай інісі де әлеуметтік желіде отырады. Хат жазып жіберу керек .... .
Қажетті сөздер: -ді, түгіл, ба, қой.
8 - билет
1. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құраңыз.
Ӛмір бойы білім алу – үлкен міндет. Қазіргі жастар бір салада жұмыс істеумен шектелмейді, ӛз мамандықтарын алмастырудан да қорықпайды. Олар әр салада жұмыс істеп, ӛз қабілеттерін сынауды жӛн кӛреді. Бұл құбылыс тек жастарға тән емес, заман талабына сай үлкендер де қосымша курстарды аяқтап, басқа мамандықтар бойынша жұмыс істеп жүр. Дегенмен, дипломның саны емес, білімнің сапасы үлкен рӛл атқарады. Олай болса, мамандықтың кӛптігі адамның ӛз қабілетін арттыруға жұмсалуы керек.
2. «Өмір бойы білім алу – заман талабы» тақырыбы бойынша өз ойыңызды айтыңыз.
3. Берілген сөздерге морфологиялық талдау жасаңыз:
Мамандықтарына, жастарға
9 - билет
1. Мәтінді оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша ұстазға тән қасиеттерді анықтаңыз.
«Ұстаз – тумысынан ӛзіне айтылғанның бәрін жетік түсінген, кӛрген, естіген және аңғарған нәрселерінің бәрін жадында сақтайтын адам. Ол – естігенін ұмытпайтын, алғыр да зерек ақыл иесі. Ұстаз ӛте шешен, ӛнер-білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны таза және әділ болуы керек. Ол жұртқа жақсылық жасап, үлгі кӛрсететін, қорқу мен жасқануды білмейтін батыл, ержүрек болуы керек», - деді ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фараби.
2. «Менің сүйікті ұстазым» тақырыбында өз ойыңызды айтыңыз.
3. Одағайларды пайдаланып, сөйлем құрап жазыңыз. Одағайдың түрлерін ажыратыңыз.
Алақай, бәрекелді, қап, шіркін, тәйт, мәссаған.
10 – билет
1. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін бойынша үш сұрақ құраңыз.
Ватикан кітапханасының қорғаушысы Джузеппе Гаспаро Меццофанти 114 тілден аударма жасаған. 60 тілде еркін сӛйлеп,50 шақты тілде ӛлеңдер мен эпиграммалар жазған. Аудармашы және жазушы Като Ломб 15 тілді меңгерген. Итальян, француз, поляк, қытай, жапон тілдерін аз уақыт ішінде үйреніп алған. Британ журналисі Гарольд Уильямс 80 тілді біледі. Ол 11 жасында грек, латын, иврит, француз және неміс тілдерін жатқа білген. Венгр аудармашысы және жазушысы Иштван Даби 18 жасында-ақ 18 тіл білген. Ол қазір 103 тілді біледі.
2. «Қазақстандағы полиглоттар» тақырыбы бойынша өз ойыңызды айтыңыз.
3. Мәтіндегі қою әріппен берілген сөйлемдерді сұраулы және лепті сөйлемдерге айналдырып жазыңыз. Сөйлем мүшелеріне талдаңыз.
11 - билет
1. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша ғаламторды не үшін пайдаланатынымызға тоқталыңыз.
Бүгінгі заманды ғаламторсыз көзге елестету мүмкін емес. Ғаламторды ойлап тапқан ғалым - Тимоти Бернерс Ли. Ол Женевадағы Еуропа ядролық зерттеу орталығының ғалымы. Тимоти Бернес Ли ғаламтор браузерді де ойлап тауып, алғашқы ғаламтор серверін жасады. 1991 жылы оның жаңалығын көпшілік қолдана бастады. Қазір бірнеше ғаламтор браузерлерін қолданамыз. Олар: Internet, Mozilla Firefox, Skype, Opera, Google, Ghrome. Браузер арқылы біз ғаламтор желісіндегі ақпараттарды көре аламыз.
Қазіргі таңда ғаламтор дамыған сайын форумдар, порталдар, сайттар т.б. адамдар бір-бірімен сөйлесе алатын мүмкіндіктер көбеюде. Мәселен, ғаламтор форумдарына қатысып, өзара ақпараттармен бөлісуге болады.
Әлеуметтік желіні пайдаланушылар әртүрлі мақсатта қолданады. Кейбір пайдаланушылар оқырмандарға әлемде болып жатқан жаңалықтар бойынша пайымды көзқарастарын білдіріп жатса, кейбіреулері өздерінің шығармашылық идеяларын ортаға салып, тың дүниелер ұсынып жатады. Ал кейбіреулері ғаламторды теріс мақсатта пайдаланады.
Әлеуметтік желінің мүмкіндіктерін дұрыс пайдалана білу - мәдениеттілікті білдіреді.
2. «ЭКСПО-2017» тақырыбына диалог құрастырыңыз.
3. Берілген қыстырма сөздерді пайдаланып, сөйлем құрап жазыңыз:
мүмкін, біріншіден, өкінішке орай, меніңше
12 - билет
