- •Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қарағанды политехникалық колледжі Әдістемелік нұсқаулықтар
- •1203000 «Тасымалды ұйымдастыру және теміржол көлігінде қозғалысты басқару» мамандығы үшін
- •Курстық жұмысты әзірлеу
- •Іі. Курстық жұмысты рәсімдеу
- •Түсіндірме хаттың мазмұны
- •2.3 Жүк тасымалдау кезіндегі жұмыс көлемінің есебі
- •6 Бағанды есептеу үшін 4б·5б
- •7 Бағанды есептеу үшін 6б·20%
- •8 Бағанды есептеу үшін 6б·8%
- •5Б есептеу үшін 3б·4б;
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қарағанды политехникалық колледжі Әдістемелік нұсқаулықтар
1203000 «Тасымалды ұйымдастыру және теміржол көлігінде қозғалысты басқару» мамандығы үшін
«Салалық экономика» пәні бойынша
курстық жұмыстың орындалу тәртібі:
2013
Әдістемелік нұсқаулықтарды құрастырған экономика пәндерінің оқытушысы Қ.С. Жунусова
Әдістемелік нұсқаулықтарды аударған экономика пәндерінің оқытушысы Т.Б. Жапбасова
Кафедра отырысында қаралды және бекітуге ұсынылды
Хаттама № ___«____»_______________20____ ж.
Кафедра меңгерушісі ___________Умбетжанова А.Т.
БЕКІТЕМІН
Оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары
________________________ Балабекова С.К
«___»___________________20___ ж.
Курстық жұмысты әзірлеу
Курстық жұмыстың орындалуы үшін «Темір жол көліктерін ұйымдастыру» пәні бойынша тақырыптарды дербес әрі шұңғыл дәріптеуімен қатар оқулықтар мен кәсіби әдебиеттерге негізделіп, лекциондық және тәжірибелік материалдарды өзіндік қолдануы керек.
Курстық жұмыстың мақсаты – теориялық білімдерін кеңейту және оларды алдағы уақытта қолдану.
Курстық жұмыс теміржол көліктерінде тасымалдауды қамтамасыздандырудың эксплуатациялық шығындар есебін көздейді.
Берілген көлеммен тасымалдау ара-қатынастары бойынша жүк айналымы, жүк тиеудің техникалық нормасы, вагон ағымы, жүк операцияларын орындау уақыты мен станса жұмыскерлерінің саны анықталады.
СЦБ бөлімінің жұмысына байланысты бастапқы және алынған деректер бойынша шығындар есептелінеді және темір жолдың мазмұны жіктеледі.
Курстық жұмыс уақытылы жасалып, оқу үрдісінің кестесі бойынша тапсырылуы тиіс. Оқытушының барлық ескертулерін ескере отыра, уақытылы пысықталып, курстық жұмысты қорғауға рұқсат алуы қажет.
Іі. Курстық жұмысты рәсімдеу
Курстық жұмыстың сапасы бойынша басты міндеттері – баяндаманың нақтылығы, жоспарға сай болуы, баяндама формасы, рәсімдеу болып саналады.
Курстық жұмыс құжаттардың бірыңғай технологиялық жүйенің талаптарына сай әзірленуі тиіс.
Курстық жұмыстың көлемі сызбалармен кестелерді қосқанда А4 форматы 25-30 беттен кем емес болуы керек. Қол жазбалар түсінікті әрі тиянақты болуы қажет, ал түзетулермен жөндеулерге, сонымен қатар жалпы қабылданған сөздерден басқа сөздерді қысқартуға рұқсат етілмейді.
Курстық жұмысты компьютермен жазған кезде мәтінде 14 қаріппен 1,5 аралық қолданылады. Астымен үстінен - 10мм-ден, азат жолдың сол жағынан - 15мм, жай жолдың оң жағынан – 3мм, сол жағынан – 5мм жол қалдырылып отырады. Ал тақырыпшамен мәтіннің арақашықтықтары 2 аралықта болуы керек. Мәтін беттің бір жағында жазылады. Бір бөлімнің тарауларының арасында жол қалмауы тиіс.
Түсіндірме - есептік хаттың мәтінінде негізгі тараулармен тараушалар бөлініп көрсетілуі керек. Тараулар араб сандарымен нөмірленіп, тараудың бас-басының шегінде нүкте қойылуы тиіс. Тараушаның нөмірі нүктемен бөлінген тараудың және тараушаның нөмірінен құралуы керек.
Әр беттің нөмірі рет-ретімен болуы керек, соның ішінде титулдық беті, курстық жұмыстың тапсырмасы, мазмұны (индексі) және т.б. кіреді. Нөмірлеу пайдаланылған әдебиеттердің тізбесімен және пікір -сараппен бітеді.
Мазмұнында (индексте) дәйекті түрде тараудың және тараушаның тақырыпшалары, олар баяндалған беттің нұсқауымен жазылады.
Барлық кестелер бүкіл түсіндірме хаттың шегінде араб сандарымен нөмірленуі тиіс. Кестенің үстіңгі оң жақ бұрышына "кесте" деген жазбамен реттік саны қойылады. Тематикалық тақырыпша болған жағдайда "Кесте" деген сөз тақырыпшаның алдында жазады.
Кесте бағанының тақырыптары бас әріптен, ал тақырыпшалар кіші әріптен басталады. Тақырыпшаларды бір жақты жазады. Кестенің бас жағын диагональді бөлуге тыйым салынады.
Кесте бағандарында сандарды - әдеттегідей санның сыныптары бойынша барлық бағанға ашып-жарып, бірінің астында бірі болатындай етіп орналастырады. Есептік-түсіндірме хаттың мәтінінде бар формулаларда да нөмірлері болуы керек. Формула нөмері нүктемен бөлінген тарау нөмерімен формула нөмірлерінен тұрады. Формуланың нөмірін жақшаға алып, формуланың төменгі жолының оң жақ бөлігіне қарай орналасуы тиіс. Сілтеме кезінде мәтінде формулаға тиісті нөмірін жақшаға алып көрсеткен жөн, мысалы, ... формулада (1.2).
Формулаға кіретін сандық еселіктермен символдардың мағыналары нақты формуланың астына келтірілуі тиіс. Әр символдың анықтамасы жаңа жолдан басталып, формулаға сәйкес береді. Әр символдың анықтамасынан бұрын бірінші жолда "мұндағы" деген сөзден басталуы керек және одан кейін қос нүкте қойылмауы тиіс.
Қолданылған әдебиеттер тізімі екі тараудан тұруы қажет. Негізгі әдебиеттер – міндетті түрде әдебиеттің атауы, жалпы беттерінің саны, авторларының аты-жөндері, баспа орнымен шығарылған жылын көрсетілетін арнайы әдебиеттер; қосымша әдебиеттер – басылымның және нөмірдің шығарылған жылының нұсқауымен алфавит бойынша орналасқан мерзімдік басылымдар.
Титулдық беттің жоғарғы жағында министрліктің атауымен (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі) оқу орнының атауын (Қарағанды политехникалық колледжі) жазып көрсетеді. Ортасына үлкен әріптермен КУРСТЫҚ ЖҰМЫС деп, содан кейін тақырыптың атын жазады. Оның астына: студенттің аты-жөні, тобы мен курсық жұмыс жетекшісінің аты-жөні жазылады. Астыңғы бөліктің орта тұсына жылы көрсетіледі.
