- •*Бала аурулары. Ревматология *1*10*
- •* Бала аурулары. Гематология *1*28*
- •* Бала аурулары. Неонатология *1*21*
- •* Бала аурулары. Неонатология *2*78*
- •* Бала аурулары. Неонатология *3*81*
- •*Бала аурулары. Гастроэнтерология *1*15*
- •* Бала аурулары. Эндокринология *1*10*
- •* Балалардағы жұқпалы аурулар *1*36*
- •Тест «2»: 162
- •Тест «3»: 162
- •* Балалар неврологиясы*1*20*
- •* Фтизиатрия *1*20*
- •* Фтизиатрия *2*80*
- •* Фтизиатрия *3*80*
- •Аталғанның ішінде диагностика мақсатымен дәрігердің бірінші кезекте тағайындайтын ең лайықты зерттеу әдісі қандай?
- •Фтизиатрия. Визуалды диагностика *1*5*
- •Фтизиатрия. Визуалды диагностика *2*20*
- •Фтизиатрия. Визуалды диагностика *3*20*
- •* Бала хирургиясы *1*37*
- •* Бала хирургиясы *2*90*
- •* Бала хирургиясы *3*54*
- •12 Елі ішектің фэгдс жасағанда ең жиі қайсысы анықталады?
- •*Детские инфекционные болезни. Реанимация және қарқынды терапия *1*5*
- •*Детские инфекционные болезни. Реанимация және қарқынды терапия *2*20*
- •*Балалардлағы жұқпалы аурулар. Реанимация және қарқынды терапия *3*20*
- •4 Сағат аралығында 600 мл регидронды ішкізеді. Жағдайы нашарлаған жоқ, бірақ эксикоз белгілері сақталып тұр.
- •4 Сағат аралығында 600 мл регидронды ішкізеді. Жағдайы нашарлаған жоқ, бірақ эксикоз белгілері сақталып тұр.
- •*Бала хирургиясы. Реанимация және қарқынды терапия *1*5*
- •*Бала хирургиясы. Реанимация және қарқынды терапия *2*20*
- •*Бала хирургиясы. Реанимация және қарқынды терапия *3*20*
- •12 Елі ішек ойық жарасы кезінде антацидтерді қалай тиімді қолданған дұрыс
- •*Электив «Бала дәрігері тәжірибесіндегі буындық синдромы»*1*10*
- •*Электив «Бала дәрігері тәжірибесіндегі буындық синдромы»*2*40*
- •*Электив «Бала дәрігері тәжірибесіндегі буындық синдромы»*3*40*
- •Iшкен. Осы науқасқа қандай зерттеу жүргiзу маңызды:
- •*Электив «Балалардағы тұқым қуалайтын аурулар»*1*10*
- •*Электив «Балалардағы тұқым қуалайтын аурулар»*2*40*
- •*Электив «Балалардағы тұқым қуалайтын аурулар»*3*40*
- •*Электив «Жаңа туылған нәрестелердегі біріншілік реанимация алгоритмі»*1*9*
- •*Электив «Тері ауруларының ажырату диагностикасы»*1*10*
*Электив «Тері ауруларының ажырату диагностикасы»*1*10*
#1
!Қандай біріншілік элементтің түзілу механизмінде дерманың емізікті қабатының жедел ісінуі тән :
*іріңдік
*көпіршік
*түйіншек
*көпіршікше
*+күлдіреуік
#2
!Баланың бет терісінде топтасқан, тері бетінен көтеріңкі, көлемі 0,5 х 0,5 см, дөңгелек пішінді, қуыссыз бөртпе. Олардың арасында осы көлемдегі, қабықпен жабылған жаралар және әр түсті – көкшіл және қоңыр түсті ұсақ тыртықтар. Қай біріншілік бөртпенің ЕҢ ЫҚТИМАЛ сипаты:
*түйін
*көпіршік
*түйіншек
*күлдіреуік
*+төмпешік
#3
! Келесі сипаттама қай біріншілік бөртпенің ЕҢ ЫҚТИМАЛ сипаты: теріден көтеріліп тұратын, мөлшері түйреуіш басынан бұршаққа дейін болатын, жалқықты немесе геморрагиялық сұйықтыққа толы қуысты түзіліс:
*түйін
*көпіршік
*түйіншек
*күлдіреуік
*+көпіршікше
#4
!10 жасар баланың мұрын қанатында көпіршікшелер. Берілген бөртпе арықарай ЕҢ ЫҚТИМАЛ қандай морфологиялық өзгеріске ұшырайды:
*жара
*+эрозия
*атрофия
*вегетация
*лихенификация
#5
!Дәрігер дерматологтың қабылдауына анасы 5 жасар баласымен ішінің, санының ішкі бетіне, білегінің бүкпе бетіне шыққан бөртпелерге шағымданып келді. Ауырғанына 1 апта. Тексергенде: көрсетілген жерлерде жалқықты, қуысы мөлдір сұйықтыққа толы, жұқа қақпағы бар, көлемі 0,5 х 1,0 см, қуысты бөртпе. Қандай ЕҢ ЫҚТИМАЛ біріншілік бөртпе болуы мүмкін:
*түйін
* түйіншек
*+көпіршік
* күлдіреуік
* көпіршікше
#6
! Қолдың сыртқы бетінде, аяқ, іш, мойын мен арқада кейде қышитын, тері көлемінен шықпайтын, үстін басқанда ағаратын, кейінірек дақсыз регрессия болатын күлгін түсті сақина тәрізді элементтер қалай аталады?
* торлы ливедо
* Геберден түйінділері
* Рот дақтары
* қантамырлық жұлдызшалар
*+аннулярлы эритема
#7
! Стрептококкты инфекцияға жоғары дәрежелі ағзаның сенсибилизациясын көрсететін және тек ревматизмде ғана емес, стрептококкпен шақырылған әртүрлі жағдайларда (декомпенсацияланған тонзиллит, стрептококкты гломерулонефрит және т.б.). кездесетін терілік көрініс:
* торлы ливедо
* Геберден түйіндері
* Рот дағы
* қантамырлық жұлдызшалар
*+аннулярлы эритема
#8
! Науқаста бөртпелі- дақты бөртпе қанағулармен, қан ағу уақыты ұзарған. Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?
* гемофилия
* гистиоцитоз
* жедел лейкоз
* геморрагиялықваскулит
*+иммунды тромбоцитопениялық пурпура
#9
! Өкпе қантамырларының зақымдануымен жүретін, оның қабырғасында әртүрлі көлемдегі түйіндер пайда болуымен, периваскулярлы, эозинофилді және инфильтративті, бронхиалды астма дамуымен жүретін жүйелі ауру:
*+эозинофильды гранулематозды васкулит
* бейспецификалық аортоартериит
* түйінді периартериит
* геморрагиялық васкулит
* шырыш-тері-нодулярлы синдром
#10
! Артериит, балаларда кездесетін, үлкен, орта, кіші артерияларды, соның ішінде коронарлы, кейде веналарды зақымдайтын тері-шырышты қабаттың жиі лимфонодулярлы синдромның қосындысымен жүретін- ауру:
* Вегенер
* Куссмауль-Майер
* Такаясу
*+Кавасаки
* Бехчет
*Электив «Тері ауруларының ажырату диагностикасы»*2*40*
#11
*!Педиатр қабылдауына 15 жасар жасөспірім келді, оның аяғының терісінде сарғыш-жасыл түсті қабықтар бар. Нәтижесінде қабық түзілген ЕҢ ЫҚТИМАЛ біріншілік бөртпе:
*дақ
*түйін
*+іріңдік
*түйіншек
*күлдіреуік
#12
*!8 жасар бала дерматологқа қызыл еріннің жоғары бөлігіне шыққан көпіршікшелі бөртпелерге шағымданып қаралды. Қандай патогистологиялық өзгеріс ЕҢ ЫҚТИМАЛ болуы мүмкін:
*паракератоз
*гиперкератоз
* инфекциалық гранулема
*+баллондық дегенерация
*дерманың емізікті қабатының ісігі
#13
!Дерматологтың қабылдауына анасы бөксе аймағында, шап қатпарында анық шектелген, айқын эритемасы бар, жаңа туған нәрестесін алып келді. Жергілікті ем тағайындау үшін төменде берілген дәрілердің қайсысы ЕҢ орынды болып табылады:
*+гормоналды крем
*анилин бояулары
*вирусқа қарсы май
*саңырауқұлаққа қарсы май
*антибиотик қосылған қоймалжың
#14
*!Бетінде және қолдың саусақтарында айтарлықтай іріңдікті бөртпелер, айналасындағы тері қызарған. Жергілікті ем тағайындау үшін төменде берілген дәрілердің қайсысы ЕҢ орынды болып табылады:
*гормоналды крем
*+анилин бояулары
*вирусқа қарсы май
*саңырауқұлаққа қарсы май
*антибиотик қосылған қоймалжың
#15
*!Баланың денесінде көп мөлшерде ақ-күміс түсті қабыршықтану, алақан және табан терісінде – гиперкератоз. Жергілікті ем тағайындау үшін төменде берілген дәрілердің қайсысы ЕҢ орынды болып табылады:
*анилин бояулары
*гормоналды крем
*+кератолитикалық май
*антибиотикқосылған май
*антисептикалық қоймалжың
#16
*!Баланың мұрнында инфильтративті қуыссыз, теріден көтеріңкі тұратын, жартылай шар тәрізді, қабынулы, мөлшері бұршақтай одан да үлкен бөртпе, дерманың торлы қабатында орналасқан. ЕҢ ЫҚТИМАЛ патогистологиялық үрдіс қандай:
*акантоз
*гиперкератоз
*баллондық дегенерация
*+инфекциалық гранулема
*дерманың емізікті қабатының ісігі
#17
*!Стрептококкты импетигоға тән біріншілік морфологиялық бөртпе:
*түйін
*қабық
*түйіншек
*+фликтена
*күлдіреуік
#18
*!БАСТЫҢ ШАШТЫ БӨЛІГІНІҢ БЕТКЕЙ ТРИХОФИТИЯСЫНА ТӘН:
*ошақ анық шектелген
*шаштың түбінде ақ муфталар
*маңдайда, самайда шаштың сиреуі
*көптеген ұсақ ошақтар, шаш зақымданбаған
*+қара нүктелері бар үлкен және ұсақ ошақтар
#19
*!Бас биті кезіндегі клиникалық белгі:
*сулану
*+сіркелер
*түнгі қышу сезімі
*жұптасқан бөртпелер
*түйіншектердің болуы
#20
*!Балалардағы жұқпалы моллюскіге тәне ең ықтимал клиникалық белгі:
*абсцестелуші инфильтрат
*тығыз, емізікті өсінділері бар түйіншектер;
*+ортасында кратер тәрізді ойындысы бар түйіншек;
*гиперемияланған негізде орналасқан көпіршіктер тобы;
*топталған көпіршікшелер, жүйке бағанасы бойында орналасқан;
#21
*!Балалар емханасына 4 айлық нәрестемен ана қаралды, нәрестенің кеуде, бет терісінде, бастың шашты бөлігінде, әсіресе (желке тұсында), алақан мен табанды қоса аяқ-қолдарында дақтер, күлдіреуіктер, сулану, паронихия, онихия байқалады. Айқын қасыну нәтижесінде геморрагиялық қабықпен жабылған көптеген нүктелі экскориациялар пайда болған. Берілген диагноздардың ЕҢ ЫҚТИМАЛЫ:
*+қотыр
*строфулюс
*балалар экземасы
*аллергиялық дерматит
*атопиялық нейродермит
#22
*!Дерматолог дәрігерге 12 жасар жасөспірім кешкі уақытта күшейетін қатты қышу сезіміне шағымданданып қаралды. Қарағанда: саусақ аралық қатпарларда, білектің бүккіш бетінде, іште, сегізкөз аймағында және санның ішкі бетінде жұптасқан папуло-везикулезді бөртпелер, нүктелі экскориациялар байқалады. Берілген диагноздардың ЕҢ ЫҚТИМАЛЫ:
*+қотыр
*есекжем
*токсидермия
*терлікі қышу
*аллергиялық дерматит
#23
*!4 айлық баласымен ана қаралды, баланың кеуде, бет терісінде, бастың шашты бөлігінде, әсіресе (желке аймағында), алақан мен табанды қоса аяқ-қолдарында, дақтер, күлдіреуіктер, сулану, паронихия, онихия байқалады. Айқын қасыну нәтижесінде геморрагиялық қабықпен жабылған көптеген нүктелі экскориациялар пайда болған. Берілгендердің ішінде қай дәрілік препарат сыртқы терапияда ЕҢ ОРЫНДЫ:
*гормоналды крем
*анилин бояулары
*вирусқа қарсы майлар
*+құрамында күкірті бар майлар
*антибиотикпен сулы тұнба
#24
*!Дәрігер қабылдауына 12 жасар баласымен ана келді. Айтуы бойынша баланы самай мен желке тұсындағы қатты қышу сезімі мазалайды. Бала тітіркенгіш болған, түнде нашар ұйқтайды. Анамнезінен: аурудың басын балалар лагеріне барумен байланыстырады. Қарағанда: бастың шашты бөлігінде, желке тұсы мен самайда көптеген сарғыш-қоңыр қабықтар, аздап фолликулиттер. Сонымен қатар желкеде шаш түбінен сәл жоғары көптеген сіркелер жабысқан. Жергілікті ниттифор-сулы-спиртті ерітіндісі тағайындалды. Емнің тиімділігін арттыру үшін, төменде берілгендердің қайсысын тағайындаған жөн:
*биопсия
*дезинфицирлеуші ерітінділермен сүрту
*шаққан орында нашатыр спиртімен сүрту
*инсектицидтермен салқындатқыш сулы таңба
*+асханалық сірке суы малынған мақтасы бар тарақ
#25
*!Дәрігер – дерматологқа 13 жасар жасөспірім бет терісіне бөртне шығуына байланысты қаралды. Тексергенде: көлемі үлкен емес, жарты шар тәрізді ортасынан түк шығып тұрған іріңдік, айналасы ашық-қызыл түсті қабыну жиегімен көмкерілген. Берілген диагноздардың ЕҢ ЫҚТИМАЛЫ:
*шиқан
*сыздауық
*жай теміреткі
*+остеофолликулит
*стрептококты импетиго
#26
*!Дерматологтың қабылдауына анасы 5 жасар баласымен ана қаралды, оны ауру сезімімен жүретін бөртпелер мазалайды. Ауырғанына 3 ай. Анасы ихтиол майымен таңғыш қойып емдеген, бөртпенің аузы ашылып, ірің аққан, бірақ жаңадан басқа жерлерде жаңа бөртпелер пайда болған. Тексергенде: арқасында көлемі 1,0 х 1,5 см, 10 шақты инфильтрат бар. Кейбіреуінің бетіндегі тері ашық-қызыл түсті, ісінген, түйіндердің ортасында іріңдіктер бар. Кейбір жеке бөртпелердің түсі көкшіл-қызыл түсті, ортасында – болар-болмас жара, одан ірің бөлініп тұр. Сонымен қатар, көлемі 0,5 х 0,5 см көкшіл-қызыл түсті, жаңа тыртықтар бар. Берілген диагноздардың ЕҢ ЫҚТИМАЛЫ:
*+фурункулез
*іріңдікті мерез
*қотыр эктимасы
*созылмалы жаралы пиодермия
*инфильтративті-іріңді трихофтития
#27
*!Қабылдау бөліміне дерматолог дәрігеріне 5 жасар қызымен әйел адам келді. 2 күн бұрын қызының бетінде көпіршікше пайда болған, ол тез кеуіп қабық түзуге бейім. Сабынмен ыстық суда бетін жуғанда үрдіс одан арман өршіп өседі. Объективті: ауыз бұрышында, мұрын ерін қатпарында қою – жасыл қабық және жеке аздаған әлсіз көпіршік, іші лайлы түзіліс, айналасы жіңішке, ақшыл-қызғылт жиекпен қоршалған. Науқастың жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Берілген диагноздардың ЕҢ ЫҚТИМАЛЫ:
*эктима
*итемшек
*сыздауық
*+импетиго
*шанкр тәрізді пиодермия
#28
*!13 жасар жасөспірімнің қолбасының сыртқы бетінде көп мөлшерде, шектелген, тығыз, ауру сезімінсіз, тері бетінен көтеріңкі, жарты шар тәрізді, қабынусыз, кір-сұрғылт түсті, диаметрі 5 мм, беті кедір-бұдыр түйіншектер. Берілген диагноздардың ЕҢ ЫҚТИМАЛЫ:
*ұшық
*мерез
*+сүйел
*экзема
*псориаз
#29
*!Емханаға 12 жасар бала тұмаудан кейін пайда болған кеуденің бүйір бетінде көпіршікшелерге, ауру сезіміне шағымданып қаралды. Ошақ айқын қызарған. Бөртпелер қабырға аралық жүйке-жүйесінің бойымен орналасқан. Бірнеше күн бұрын зақымдалған ошақта қоңыр түсті қабықтар пайда болды. Тыныштық жағдайда және қозғалған кезде қатты ауру сезімі мазалайды. Берілген диагноздардың ЕҢ ЫҚТИМАЛЫ:
*жай теміреткі
*+белдеулі теміреткі
*вульгарлы пемфигус
*буллезді эпидермолиз
*герпетиформды Дюринг дерматозы
#30
*!Дәрігердің қабылдауына 3 жасар ұл баланың ата-анасы келді. Оларды баласының денесіне шыққан түйіншектер мазалайды. Субъективті шағым жоқ. Алғаш бұл түйіншектерді екі апта бұрын байқаған, олардың саны біртіндеп көбейіп барады. Тексергенде: баланың денесінің жоғарнғы бөлігінде жиырмаға жуық түйіншектер орналасқан, түстері тері түсіндей, інжу тәрізді жылтыр, көлемдері 0,1-ден 0,5 см-ге дейін, жарты шар тәріздес, ортасында кратер тәрізді шұңғылы бар. Пинцетпен түйіншекті қысқан кезде ірімшік тәрізді қоймалжың бөлінеді. Берілген диагноздардың ЕҢ ЫҚТИМАЛЫ:
*псориаз
*жазық сүйел
*тікенекті теміреткі
*+жұқпалы моллюск
*қызыл жазық теміреткі
#31
*!Ұл бала, туылғанына 5 күн болды. Анасы баланың терісінде ұсақ папулалы бөртпенің пайда болғанына шағымданады. Бөртпе мономорфты, негізінен табиғи қатпарларда орналасқан. Бала оқтын-оқтын мазасыз, омырауды белсенді сорады. Жағдайы қанағаттанарлық. Дене салмағын қосып жатыр. ЕҢ ықтимал диагноз:
*+тер бөртпе
*нәрестелер пемфигусы
*нәрестелер везикулезі
*нәрестелер флегмонасы
*нәрестелердің жалған фурункулезі
#32
*!10 күндік нәресте ұл бала. Анасы баланың сан аймағының терісінің қызарып, кейіннен іріңдіктердің дамығандығына шағымданады. ЕҢ ықтимал диагноз:
*+везикулопустулез
*пемфигус
*абсцесс
*Риттер ауруы
*жалған фурункулез
#33
*!Ұл бала, туылғанына 7 күн. Қарағанда жағдайы қанағаттанарлық, жақсы, белсенді емеді. Физиологиялық рефлекстері мен бұлшық ет тонусы қанағаттанарлық. Тері жабындыларының түсі әдеттегідей, маңдай, шүйде, кеңсірік, қас аймақтарында қызғылт қызыл-көкшіл дақтар мен жолақтар бар. Дақтар бұрыс пішінді, түрлі көлемді. Саусақпен басқан кезде қызару жойылады, бірақ қайтадан пайда болады, бала жылағанда күшейеді. Балада терінің қандай ауруы:
*+телеангиоэктазия
*гемангиома
*«Монғол» дақтары
*пигменттік дақтар
*нейротерілік меланоз
#34
*!Туылғанына 1 күн ұл бала. Анасы 23-те, дені сау. Сіңлісі ихтиоздан зардап шегеді. Баланың жағдайы туылғаннан өте ауыр: тежелген, бұлшық еттердің гипотониясы, гипорефлексия. Тері жабындылары жыланның терісін еске салады. Бала тығыз, ақшыл-сұрғылт мүйізді тас қабықпен (панцирь) жабылған. Қабақтары сыртқа айналған (эктропион), құлағы, мұрны және аузы ірі қабыршақтарға толған, мұрны мен құлақ қалқандары деформацияға ұшыраған, аузы үңірейіп тұр (“балықтың аузы”). ЕҢ ықтимал диагноз:
*+туа біткен ихтиоз
*буллезді емес Брок эритродермиясы
*Рерзертон синдромы
*Шагрен-Ларсен синдромы
*Руд синдромы
#35
*!Туылғанына 2 күн ұл бала жан сақтау бөлімшесінде жатыр. Баланың жағдайы өте ауыр: тежелген, ембейді, зонд арқылы тамақтандырылады. Өкпесінде: пневмонияның көріністері, менингоэнцефалиттің белгілері байқалады. Балаға «Неонаталдық сепсис» диагнозы қойылды. Баланың сан, балтыр, табан, шап аймағында жайылған тығыз ісінулер бар. Зақымдалған жердің үстіндегі тері боз, көкшіл түспен, сипағанда суық, қатпар болып жиналмайды. Саусақпен басқанда орнында шұңқыр қалады. ЕҢ ықтимал диагноз:
*+склерема
*адипонекроз
*ихтиоз
*тербөртпе
*телеангиоэктазия
#36
*!8 күндік қыз бала нәрестелер патологиясы бөлімшесіне түсті. 8-ші күні педиатр баланың денесінен көпіршіктер тапты, бала ауруханаға жатқызылды. Жағдайы орта ауырлықта, енжар емеді, оқтын-оқтын лоқсиды, дене температурасы 37,4-37,6°С. Денесінің, санының терісінде инфильтрацияланған негіздің үстінде полиморфты, айналасы гипермияланған солған көпіршіктер бар, диаметрлері 1 см-ге дейін, ішінде серозды-іріңді сұйықтық бар. Жарылған элементтердің орнында – құрғақ қабыршақпен жабылған эрозиялар. Өкпесінде пуэрилді тыныс. Жүрек үндері ырғақты, анық. Іші жұмсақ. ЕҢ ықтимал диагноз:
*Риттердің эксфолиативті дерматиті
*Фигнердің жалған фурункулезі
*+везикулопустулез
*герпестік инфекция
*нейротерілік меланоз
#37
*!Нәрестенің жамбас, сан терісінде, мойын қатпарында ұсақ, беткей орналасқан, ішінде лайлы сұйықтығы бар көпіршіктер пайда болды. Жарылған көпіршіктердің орнында беті қабыршақтанған жаралар бар. ЕҢ ықтимал диагноз:
*+везикулопустулез
*пемфигус
*риттер дерматиті
*себореялық дерматит
*Лейнер эритродермиясы
#38
*!Нәрестеде өмірінің 6-күні табиғи қатпарларында терісінің қызаруы және ұсақ эрозиялар пайда болды. Жалпы жағдайы бұзылмаған, дене қызуы қалыпты. ЕҢ ықтимал диагноз:
*+баздану
*тер бөртпе
*пемфигус
*эксфолиативтті дерматит
*везикулопустулез
#39
*!10 күндік нәрестеде жамбас, сан терісінде, мойын қатпарында ұсақ, қызыл түйіндер және дақтар пайда болды. Жалпы жағдайы бұзылмаған, дене қызуы қалыпты. ЕҢ ықтимал диагноз:
*везикулопустулез
*базданудың 1 дәрежесі
*базданудың 2 дәрежесі
*+тер бөртпе
*аллергиялық дерматит
#40
*!Ұл бала, туылғанына 9 күн. Қарағанда жағдайы қанағаттанарлық. Физиологиялық рефлекстері мен бұлшық ет тонусы қанағаттанарлық. Тері жабындыларының түсі әдеттегідей, құйрығында қоңы дақтар, бұрыс пішінді, 5х6 см көлемді. Саусақпен басқан кезде жойылмайды. Балада терінің қандай ауруы:
*телеангиоэктазия
*гемангиома
*+«Монғол» дақтары
*пигменттік дақтар
*нейротерілік меланоз
#41
*! 8 жасар қыз баладағы аурудың көріністері: саусақтарының тері және тері асты клетчаткасының атрофиясы, бет әлпеті мимикасы бұзылған, кейде артралгия. ЖҚС айқын ауытқулар жоқ. ЭТЖ өзгермеген. ЕҢ ықтимал диагноз:
* дерматитпен айқындалған дерматополимиозит
* ювенильді ревматоидты артрит, буынды түрі
* жүйелі қызыл ноқта, I дәрежесі
* түйінді периартериит, перифериялық түрі
*+жүйелі склероз, акросклерозды түрі
#42
*! 8 жастағы ұл балада: аптаға созылған қызба, антибактериалды терапияға резистенттілік; іріңді емес билатералды конъюнктивит; ауыз қуысының шырышты қабатының қабынуы; диффузды эритематозды бөртпе; мойындық лимфаденопатия.
Аталған симптомокомплекс қандай ауруға тән болуы мүмкін?
*Бехчет
* Вегенер
*+Кавасаки
* Шенлейн-Генох
* Хортон
#43
*! Ұл бала 13 жаста. 2 апта бұрын герпестік инфекциямен ауырғаннан кейінгі дене температурасының 38*С жоғарылауы сақталған және оң жақ тізе буынының ауру сезімі мен ісінуі, ауыз қуысы мен жыныс жолдарындағы көптеген ойық жаралар, тыныс алу кезіндегі кеудесіндегі ауру сезіміне шағымданады. Жүрек тондары анық, ритм дұрыс. Өкпесінде: қатаң тыныс. ЖҚС: Hb-136г/л, лейк-13х109, ЭТЖ-50мм/час, СРБ++++, Блюмберг симптомы оң (+). ЕҢ ықтимал диагноз:
*+Бехчет ауруы
* түйінді полиартериит
* геморрагиялық васкулит
* жүйелі қызыл ноқта
* эозиноофилді гранулематозды ангиит
#44
*! 3 жастағы қыз балада 2 аптаға созылған қызба. Объективті: аяқ пен қол терісінің қабыршықтануы, тізе буынындағы ауру сезімі, ісіну және гиперемиясыз. Жақ асты лимфа түйіндері 2 есе ұлғайған, ауру сезімсіз және қозғалмалы. Жүрек үндері шамалы тұйықталған, тахикардия. Түйіндік полиартериитке қарағанда Кавасаки ауруына ЕҢ тән:
*торлы ливедо
*ЭТЖ жылдамдауы
*+мойындық лимфаденит
*протеинурия
*қызба
#45
*! Қыз бала 1,5 жаста. Жағдайы өте ауыр. Қызба. Тәбетінің төмендеуі. Бастың шашты аймағынында қабыршықтанған бөртпе, денесінде- папулезді бөртпе, ойылған орындармен, суланған және қабыршықтанған. Гипертрофикалық гингивит, тістерінің дамуының анамолиясы, тістерінің түсуі мен босануы. Лимфоаденопатия. Құлақ маңы қатты консистенциялы ісінген, құлақтан іріңді бөліністер бөлінеді. Өкпесінде қатты тыныс. Жүрек үндері тұйықталған, жиілеген. Бауыр 2 см. Көкбауыр 1,5 см. Нәжіс, ботқа тәрізді, ашық қоңыр түсті. Несеп сары түсті, зәр бөлуі аз мөлшерде.
Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал:
*гемофилия
*жедел лейкоз
*Гоше ауруы
*+Лангергансклеткалы гистиоцитоз
*созылмалы миелолейкоз
#46
*! 8 жасар науқаста вирусты инфекциядан кейін жайылған петехиальды бөртпе, мұрнынан қан ағу түріндегі геморрагиялық синдром пайда болды. Қан анализінде: Hb-102г/л, эр.-3,4х1012/л, ТК-0,9, тромбоциттер-22х109/л, лейкоциттер-4,5х109/л, эоз 3%, с/я-38%, л-57%, м-2%. ЭТЖ - 6 мм/сағ. Коагулограммада: қанұюуақыты 12 мин, қанағууақыты 7 мин, қан ұйындысының ретракциясы- болмайды. ЕҢ ықтимал диагноз:
* гемофилия
* Лангерганс гистиоцитозы
* жедел лейкоз
* геморрагиялықваскулит
*+иммундық тромбоцитопениялық пурпура
#47
*! 6 жасар балада геморрагиялық петехиальды бөрпелер, мұрнынан қан ағу, ЖРВИ мен ауырғаннан кейін аяғында көгерулердің пайда болуы анықталды. ЖҚС: Эритроциттер – 4,2 х 1012/л, гемоглобин – 120 г/л, ТК – 1,0, тромбоциттер – 10х 109/л., лейкоциттер -5,4 х 109/л., базофилдер – 0%, эозинофилдер – 2 %., таяқша/ядролылар – 1%, сегмент ядролылар –36%, лимфоциттер – 56%, моноциттер – 5%, ЭТЖ – 6 мм/сағ. Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал:
* гемофилия
* гистиоцитоз
* острый лейкоз
* геморрагиялықваскулит
*+тромбоцитопениялық пурпура
#48
*! Науқас 10 жаста, ауруханаға аяқ-қолдарындағы бөртпелеріне, буындарының ауруына, ішінің ауруына, жүрек айну, құсуға шағымданып түсті. 2 апта бұрын ер бала ангинамен ауырды. Түскен кезде жағдайы интоксикация, тері-геморрагиялық, буындық және абдоминальды синдромдарға байланысты ауыр. Ауруы өткір, ұстама тәрізді сипатта. Бөртпелер симметриялы геморрагиялық сипатта, тобық, шынтақ, ішінің бүйір жақтарында орналасқан. Нәжісін зерттегенде-нүктелік қан табылды. ЖЗС: эритроциттер 50-ден астам к/а., лейкоциттер 5-6 к/а. ЕҢ ықтимал диагноз:
* гемофилия
* жедел лейкоз
* Лангергансклеткалы гистиоцитоз
*+геморрагиялық васкулит
* иммундық тромбоцитопениялық тромбоцитопения
#49
*! 11 жасар бала тобық буынында ауру сезімінің, ісінуін, аяқтарында ұсақ нүктелі бөртпелердің пайда болуын айтады. Қанында: тромбоциттер–190х109/л, қан ағу уақыты – 4 минут, қан ұю ретракциясы өзгермеген, протромбин индексі–90%, АПТВ–45 с, фибриноген–5 г/л. Зәрінде: белок –0,04 г/л, эритроциттер–45 к/а. Қай диагноз ЕҢ ықтимал:
* гемофили
* жедел лейкоз
* Лангерганс гистиоцитозы
*+геморрагиялық васкулит
* иммундық тромбоцитопениялық тромбоцитопения
#50
*! Науқас 10 жаста, ішінің ауру сезіміне, буындарының ісінуіне, бөртпелерге шағымданады. 2 апта бұрын ЖРВИ-мен ауырған. Аяқтарында және бөксесінде дақты-папулезді бөртпелер, симметриялы, басқан кезде жоғалмайды, қышымайды. Тізе буынының ауырғыштығы және ісінуі, іштің терең пальпациясы кезінде ішперденің тітіркену симптомы жоқ, бауыры мен көкбауыры ұлғаймаған. Гемограммада: шамалы нейтрофилезбен лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылаған (27 мм/сағ).
Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал:
* гемофилия
* жедел лейкоз
* Лангергансклеткалы гистиоцитоз
*+геморрагиялық васкулит
* иммундық тромбоцитопениялық тромбоцитопения
#51
*!10 жастағы науқаста төменгі бөліктер мен жамбасында дақты ұсақ бөртпелі геморрагиялық бөртпе, буындарында ауру сезімі, микрогематурия.
Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал:
* гемофилия
* жедел лейкоз
* Лангергансклеткалы гистиоцитоз
*+геморрагиялық васкулит
* иммундық тромбоцитопениялық тромбоцитопения
*Электив «Тері ауруларының ажырату диагностикасы»*3*40*
#52
*!14 жасар жасөспірім қышу, шаншу сезімімен жүретін ауыз бұрышындағы бөртпелерге шағымданып қаралды. Анамнезінде ауру 3 күн бұрын тартылу және ашу сезімімен жүретін дақтың пайда болуынан басталған. Дақ негізінде көптеген көпіршікшелер пайда болған, олар жартылай жарылып, эрозиялар түзілген. Бөртпелер шығар алдында дене қызуы 38о С жоғарылап, бұлшықеттердің аурырған. Берілген диагноздардың ең ықтималы:
*езулік
*пемфигус
*+қарапайым ұшық
*Дюринг дерматиті
*көп түрлі жалқықты эритема
#53
*!Дерматолог дәрігерге 11 жасар бала бетінде және қол ұшындағы көптеген бөртпелерге шағымданып қаралды, субъективті сезім жоқ. Объективті: беті мен қол ұшының сыртқы бетінде көптеген майда, көлемі 2-5мм, төбесі жалпақ, қалыпты тері түсіндей, беті тегіс түйіншектер, қабыну белгісі жоқ. Берілген диагноздардың ең ықтималы:
*псориаз
*+жазық сүйел
*тікенекті теміреткі
*жұқпалы моллюск
*қызыл жазық теміреткі
#54
*!10 жасар баланың табан күмбезінде эритематозды – қабыршықты әлсіз қышу сезімі бар ошақ анықталды. Бала жүзумен айналысады. Берілген диагноздардың ЕҢ ЫҚТИМАЛЫ:
*табан сүйелі
*екіншілік мерез
*алақан – табан псориазы
*алақан-табан кератодермиясы
*+табан эпидермофитиясы қабыршықты түрі
#55
*!Ауруханаға 15 жасар жасөсіпірім башпай арасында орналасқан бөртпеге, қышу және күйдіру сезіміне шағымданып түсті. Тексеру кезінде 5-ші және 4-ші, 4-ші және 3-ші башпай аралықтарында ісіну, ақжемделу, эрозия және жарылу анықталды. Ауырғанына 2 ай. Емделмеген. Науқас су спортымен айналысады. Берілген диагноздардың ЕҢ ЫҚТИМАЛЫ:
*ихтиоз
*екіншілік мерез
*дисгидротикалық экзема
*алақан-табан кератодермиясы
*+интертригинозды эпидермофития
#56
*!Дәрігерге қаралған 15 жасар науқас күнге күйгеннен кейін пайда болған, мойын және денесінің жоғары бөлігінде орналасқан әртүрлі көлемдегі және пішіндегі көптеген гипопигментті дақтарға шағымдандып қаралды. Әр жерлерде сондай-ақ бетінде кебекті қабыршықтары бар сарғыш-қоңыр түсті аздаған дақтар. Берілген диагноздың ЕҢ ЫҚТИМАЛЫ:
*токсидермия
*рецидивті мерез
*+кебекті теміреткі
*себореялық дерматит
*Жибердің қызғылт теміреткісі
#57
*!Емханаға 11 жасар қыз бала тырнақ пластинкасының өзгеруіне, ауыруына шағымданып қаралды. Ауырғанына 3 апта. Тексергенде: тырнақ көбесі ісінген, қызарған, тырнақ терісі жоғалған, тырнақ көбесіне басқан кезде, одан аздаған ірің бөлінеді. Үрдіс қатты ауру сезімімен жүреді және тырнақ пластинкасын қамтиды. Үрдіс тырнақ пластинкасының айшық аймағын, екі шетін қамтиды, түсі қоңырқай-сұрғылт түске өзгерген. Тырнақ платинкасы жұқарған және сынады, тез сыдырылады. Берілген диагноздың ЕҢ ЫҚТИМАЛЫ:
*тырнақ фавусы
*тырнақ эпидермофитиясы
*+кандидоздық онихия, паронихия
*тырнақ пластинкасының трихофитиясы
*тырнақ пластинкасының руброфитиясы
#58
*!Дерматолог дәрігерге 13 жасар қыз бала қышу және шаштарының сынуымен жүретін басының шашты бөлігіндегі бөртпелерге шағымданды. 2 айдан бері ауырады. Науқас ит пен мысығы бар жер үйде тұрады. Тексергенде: диаметрі 2х3см, шекарасы айқын емес, дұрыс емес пішінді бірнеше эритематозды-сквамозжы ошақтар көрінеді. Ошақтағы кейбір шаштар тері бетінен 6-8мм жоғарыда сынған. Шаш сынықтары саңырауқулақ спораларының тығыз футлярымен қоршалған. Берілген диагноздардың ЕҢ ЫҚТИМАЛЫ
*фавус
*склеродермия
*екіншілік мерез
*бастың шашты бөлігінің трихофитиясы
*+бастың шашты бөлігінің микроспориясы
#59
*!3 жасар баланың ауырғанына 5 күн болған. Иегінде қызару, содан кейін іріңді сұйықтығы бар босаң көпіршік пайда болған, біраз уақыттан кейін біркелкі емес ақшыл сары түсті қабыққа айналған. Анасы зақым ошағын «деперзолон» майымен өңдеген, нәтиже жоқ. Бала балабақшаға барады. Топтағы екі баланың терісіндеде осыған ұқсас ұқсас бөртпелер бар. Тексергенде: Иек терісінде эритема фонында бал-сары түсті қатпарлы қабықтар. Негізгі ошақтың айналасында бірен-саран ұсақ фликтеналар. Мұрынның оң жақ кіре берісінің терісінде сарғыш түсті қабық. Жергілікті ем тағайындау үшін төменде берілген дәрілердің қайсысы ЕҢ орынды болып табылады:
*йод
*+фукорцин
*таза ихтиол
*цинк пастасы
*Вишневский майы
#60
*!Дәрігердің қабылдауына 2,5 жасар ұл баланың ата-анасы келді. Оларды баласының денесіне шыққан түйіншектер мазалайды. Субъективті шағым жоқ. Алғаш бұл түйіншектерді екі апта бұрын байқаған, олардың саны біртіндеп көбейіп барады. Тексергенде: баланың денесінің жоғарнғы бөлігінде жиырмаға жуық түйіншектер орналасқан, түстері тері түсіндей, інжу тәрізді жылтыр, көлемдері 0,1-ден 0,5 см-ге дейін, жарты шар тәріздес, ортасында кратер тәрізді шұңғылы бар. Пинцетпен түйіншекті қысқан кезде ірімшік тәрізді қоймалжың бөлінеді. Ем тағайындау үшін төменде берілген дәрілердің қайсысы ЕҢ орынды болып табылады:
*физиоем
*йодпен тор жасау
*+электрокоагуляция
* фукорцинмен өңдеу
*сұйық азотпен күйдіру
#61
*!15 жасар жасөспірім, дәрігерге табанындағы қышу сезіміне, ойылуға шағымданды. Ауырғанын қатты ыстықтағанмен байланыстырады. Ұзақ серуендегеннен кейін, тар аяқ-киімін шешкен соң, табанның башпай аралықтарында ақжемделу, ойылуды байқады. Көпшілік түсетін моншаға түседі, өзі майтабан. Тексергенде: ошақ табанның башпай аралықтарында, башпайдың ішкі бетінде орналасқан. Эпидермистің мүйізді қабаты ісінген, сыдырылған эрозия көрінеді. Табан терісінде – ұсақ, суланатын эрозиялар, табан күмбезінде – топтасқан «күріш дәндері» тәрізді, көпіршікшелі бөртпе, айтарлықтай қабыршықтану. Төменде берілген дәрілердің қайсысын тағайындау ЕҢ орынды болып табылады:
*вирусқа қарсы
*безгекке қарсы
*антигистаминді
*паразиттерге қарсы
*+саңырауқұлаққа қарсы
#62
*!10 жасар бала күнге күйгеннен кейін пайда болған, мойын және денесінің жоғары бөлігінде орналасқан әртүрлі көлемдегі және пішіндегі көптеген гипопигментті дақтарға шағымдандып қаралды. Әр жерлерде сондай-ақ бетінде кебекті қабыршықтары бар сарғыш-қоңыр түсті аздаған дақтар. Төменде берілген дәрілердің қайсысын тағайындау ЕҢ орынды болып табылады:
*антибиотиктер
*вирусқа қарсы
*антигистаминді
*паразиттерге қарсы
*+саңырауқұлаққа қарсы
#63
*!7 жасар баланың бетінде алдымен қызару, сосын іші іріңге толы қақпағы бос көпіршік пайда болды. Ол бірнеше уақыттан соң тегіс емес, ашық сары түсті қабыққа айналды. Объективті: иегінің терісінде эритема фонында ашық сары түсті қабатталған қабықтар. Негізгі ошақтың айналасында аздаған майда фликтеналар. Оң жақ танауында сары түсті қабықтар. Берілген дәрілік препараттардың қайсысын сыртқы емге тағайындау НЕҒҰРЛЫМ ОРЫНДЫ:
*йод
*+кастелляни
*таза ихтиол
*цинк пастасы
*Вишневский майы
#64
*!5 жасар ұл баланың езу аймағында ауру сезімі.Тексергенде езу терісі ісінген, қызарған, қатпар тереңдігінде ауру сезімі бар жырық тәрізді эрозия, салбырап тұрған ақшыл түсті сыдырылған эпителимен көмкерілген, жиегі қызарған инфильтрацияланған. Қандай емдеу тактикасын тағайындау ЕҢ орынды болып табылады:
*физиоем
*левомиколь
*ультрадыбыстық терапия
*+фукорцинмен күйдіру
*сұйық азотпен күйдіру
#65
*!2,5 жасар ұл баланың денесіне түйіншектер шыққан. Субъективті шағым жоқ. Тексергенде: баланың денесінің жоғарнғы бөлігінде жиырмаға жуық түйіншектер орналасқан, түстері тері түсіндей, інжу тәрізді жылтыр, көлемдері 0,1-ден 0,5 см-ге дейін, жарты шар тәріздес, ортасында кратер тәрізді шұңғылы бар. Пинцетпен түйіншекті қысқан кезде ірімшік тәрізді қоймалжың бөлінеді. Ем тағайындау үшін төменде берілген дәрілердің қайсысы ЕҢ орынды болып табылады:
*физиоем
*жарықпен емдеу
*+электрокоагуляция
* фукорцинмен өңдеу
*сұйық азотпен күйдіру
#65
*!9 жасар бала қызыл еріннің төменгі бөлігіндегі күйдіру сезімімен байқалатын, бөртпеге шағымданады. Бөртпе үшінші рет мазалап отыр. Рецидив аралығы 2-3 айды құрайды. Рецидив суықтану және суықтық аурулармен байланысты. Тексергенде: қызыл еріннің төменгі бөлігінд,е эритема фонында мөлдір сұйықтығы бар, топтасқан көпіршікшелер, жалқықты қабықтар. Ем тағайындау үшін төменде берілген дәрілердің қайсысы ЕҢ орынды болып табылады:
*цитостатиктер
*антибиотиктер
*сульфаниламидтер
*безгекке қарсы дәрілер
*+вирусқа қарсы дәрілер
#66
*!Дәрігердің қабылдауына 13 жасар жасөспірім бетіндегі және қолындағы айқын қышу сезіміне шағымданып келді. Ауырғанына үш күндей болған, майлармен, микстураалармен емделген. Ауыруының ақырғы рецидивін жүйкелік күйзеліспен байланыстырады. Тексергенде: зақым ошағы симметриалы, анық шектелмеген, денеге таралып орналасқан. Қол басының сыртқы бетінде, білекте, бетте және мойын терісінде орналасқан. Ісіну, айқын көрінетін эритема, көпіршікшелер, «жалқықты құдықшалар» түріндегі сулану байқалады. Берілген диагноздардың ЕҢ ЫҚТИМАЛЫ:
*+нағыз экзема
*токсикодермия
*микробты экзема
*микотикалық экзема
*атопиялық дерматит
#67
*!14 жасар қызда қышу сезімімен жүретін сан аймағында бөртпелер бар. Объективті: диаметрі 7х8см, дұрыс емес пішінді ошақ, шекарасы айқын. Ошақ аймағында микровезикулалар, түйіншектер, іріңдіктер. Берілген дәрілік препараттардың ЕҢ ТИІМДІСІ:
*седативті
*витаминдер
*цитостатиктер
*+антибиотиктер
*стероидты гормондар
#68
*!Дәрігердің қабылдауына анасы айқын қышу сезімімен байқалатын, бетінде бөртпелері бар, төрт айлық баласымен келді. Баланың ауырғанына екі апта болған. Анасы аурудың басталуын қосымша тамақ берумен байланыстырады, қосымша тамақ бергеннен кейін, келесі күні бетінде бөртпе пайда болған. Баласы емшек емеді. Анасында бронхиалды астма, медикаментозды аллергия. Тексергенде: баланың бет терісі біраз ісінген, қызарған. Эритеманың жиегі анық шектелмеген, көптеген ұсақ түйіншектер, көпіршікшелер, бетінде кішкене тамшы тіріздімөлдір жалқығы бар эрозиялар; оң жақ бетінде – қабықтар және қабыршық. Берілген диагноздардың ЕҢ ЫҚТИМАЛЫ:
*нағыз экзема
*токсикодермия
*микробты экзема
*микотикалық экзема
*+атопиялық дерматит
#69
*! 7 айлық баланың бет терісі, құлақ арты, алақан, аяқ-қолдың сыртқы беті ісінген, қызарған, көп мөлшерде түйіншекті және көпіршікшелі бөртпелер. Кей жерлерде әсіресе бет аймағында жалқықыты, борпылдақ қабықтар көп мөлшерде. Бала тынымсыз, жылауық. Анамнезінен: ауру жасанды тамақтандыру қосқаннан кейін пайда болған, әкесінде маусымдық аллергиялық ринит. Сыртқы емнің қай тактикасы НЕҒҰРЛЫМ ДҰРЫС:
*гормоналды майлар
*+гормоналды крем
*антибиотикті майлар
*кератолитикалық майлар
*бор қышқылымен сулы таңба
#70
*!Атопиялық дерматитпен ауыратын 13 жасар қызда қолдың бүккіш бетінде майда пустулезді элементтер пайда болды, олар жарылып, іріңді қабығы бар эрозияларға айналған. Субъективті: бөртпелер орнында қышу, ашу сезімі. Топикалық емге көрсетілген дәрілік заттардың қайсысын тағайындау ЕҢ ТИІМДІ:
*микозолон (мазипредон и миконазол)
*+целестодерм В (бетамезон с гарамицином)
*тридерм (бетаметазон, гарамацин, клотримазол)
*дипросалик (бетаметазон и салициловая кислота)
*пимафукорт (гидрокортизон, неомицин, натамицин)
#71
*!8 күндік қыз бала нәрестелер патологиясы бөлімшесіне түсті. 8-ші күні педиатр баланың денесінен көпіршіктер тапты, бала ауруханаға жатқызылды. Жағдайы орта ауырлықта, енжар емеді, оқтын-оқтын лоқсиды, дене температурасы 37,4-37,6°С. Денесінің, санының терісінде инфильтрацияланған негіздің үстінде полиморфты, айналасы гипермияланған солған көпіршіктер бар, диаметрлері 1 см-ге дейін, ішінде серозды-іріңді сұйықтық бар. Жарылған элементтердің орнында – құрғақ қабыршақпен жабылған эрозиялар. Өкпесінде пуэрилді тыныс. Жүрек үндері ырғақты, анық. Іші жұмсақ. Бұл жағдайда неонаталог қандай іс әрекет қолданғаны жөн:
*хирургия бөлімшесіне ауыстыру
*+антибиотик тағайындау
*баланы бақылау
*науқасты оқшаулау
*дезинтосикалық терапия
#72
*!10 күндік нәрестеде жамбас, сан терісінде, мойын қатпарында ұсақ, қызыл түйіндер және дақтар пайда болды. Жалпы жағдайы бұзылмаған, дене қызуы қалыпты. Бұл жағдайда неонаталог қандай іс әрекет қолданғаны жөн:
*нәрестелер патологиясы бөлімшесінде емдеу
*+нәрестені итошаған (череда) және жеңіл калий перманганаты ерітіндісімен суға шомылдыру
*баланы бақылау
*науқасты оқшаулау
*үйде емдеу
#73
*!Ұл бала, туылғанына 9 күн. Қарағанда: жағдайы қанағаттанарлық. Физиологиялық рефлекстері мен бұлшық ет тонусы қанағаттанарлық. Тері жабындыларының түсі әдеттегідей, құйрығында қоңы дақтар, бұрыс пішінді, 5х6 см көлемді. Саусақпен басқан кезде жойылмайды, қышынусыз.
Бұл жағдайда неонаталог қандай іс әрекет қолданғаны жөн:
*нәрестелер патологиясы бөлімшесінде емдеу
*антибиотик тағайындау
*+баланы үйде бақылау
*науқасты оқшаулау
*элементтерді калий перманганаты ерітіндісімен өңдеу
#74
*! Қыз бала 15 жаста. Дене температурасының 38С дейін көтерілуі, әлсіздік, тәбетінің төмендеуі, аяқ- қолдарының шаншыған және түреген тәрізді ауру сезіміне шағымданады. Тексеру кезінде: жалпы гиперестезия, аяқ-қол саусақтарында – локалды жұмсарған тіндер, айқын терідегі қантамырлар жинағы мен дисталды гангрена.
Осы аурудағы деструктивті-пролиферативті өзгерістерді қандай зерттеу анықтайды?
*қантамырлардың УДЗ
*кеуде қуысы ағзаларының рентгенографиясы
*ангиография
*қантамырлардың катетеризациясы
*+ағзаның спецификалық биопсия
#75
*! 11 жастағы қыз бала. Дене қызуының жоғарылауы және әлсіздік бір ай бойы мазалайды. Қарап тексергенде: қол мен аяқтың терісіндегі экссудативті эритема жазда өзенде шомылып күнге күйгеннен кейін байқалады. Жүрек үндері тұйықталған, тахикардия. Гемограммада: эритроциттер-2,8x1012/л, Нв-108 г/л, лейк-3,2x109/л, тромбоциттер-120х109/л. СОЭ-46 мм/час. Антинуклеарлы антиденелерге тест жоғарғы титрда. ЕҢ тиімді дәрі:
*+преднизолон
*ритуксимаб
*метотрексат
*диклофенак
*сульфасалазин
#76
*! 7 жастағы баланың қолаяқ, бетінің тері және теріасты қабаты өзгерген, беті «маска тәрізді», ошақты гиперпигментация және трофикалық бұзылыстар, қою тамақ өтуі қиындаған. Клиникалық диагнозды нақтылау үшін ЕҢ қажетті зерттеу:
* қанның жалпы анализі
* зәрдің жалпы анализі
* коагулограмма
*+өңештің бариймен рентгенографиясы
* асқазан, ішек жолдарының УДЗ
#77
*! 9 жасар қыз бала. Шағымы: аяқ пен қолдарындағы ауру сезімі. Қарап тексергенде: көзінің айналасында қызғылт эритема, аяқ-қолдыңдағы дистальды фалангалардың жұқаруы («папирос қағазы») симптомы. Пальпацияда балтыр және иық бұлшықеттерінің қатты ауру сезімі және қамыр консистенциялы, жүруі қиындықпен. Жүрек үндері тұйықталған, тахикардия. ЖҚС: Нв-115г/л, лейкоциттер – 4,7*109/л, тромбоциттер - 150*109/л, ЭТЖ-42 мм/сағ. ЕҢ тиімді дәрі:
*преднизолон
*ритуксимаб
*метотрексат
*диклофенак
*+метипред
#78
*! 7 жастағы қыз балада проксималды топ бұлшықеттерінің айқын тығыздылуы мен ауыру сезімі, дауысы мұрын арқылы сөйлеген тәрізді, дерматиттің белгілері: пойкилодермия, «кір тері» тізе буыны мен тобық- табан саусақаралық буындарының гиперемиясы. Жүрек үндері тұйықталған, тахикардия. ЖҚС: Нв-100 г/л, лейкоциттер – 9,7*109/л, тромбоциттер- 150*109/л, ЭТЖ-45 мм/сағ. ЕҢ тиімді дәрі:
*+преднизолон
*делагил
*сульфасалазин
*диклофенак
*метотрексат
#79
*! 3 жастағы қыз балада 2 аптаға созылған қызба. Объективті: аяқ пен қол терісінің қабыршықтануы, тізе буынындағы ауру сезімі, ісіну және гиперемиясыз. Жақ асты лимфа түйіндері 2 есе ұлғайған, ауру сезімсіз және қозғалмалы. Жүрек үндері тұйықталған, тахикардия. Жүйелі васкулиттің ЕҢ нәтижелі емдеу тізбегі:
* дезагреганттар және цитостатиктер
*глюкокортикостероидтармен терапия
*көк тамыр ішілік иммуноглобулиндер және плазмоферез
*антикоагулянттар және антибактериалды препараттар
*+циклофосфан және глюкокортикостероидтардың жоғары дозасы
#80
*! Ұл бала 7 жаста, 2 апта бойы ауыз қуысындағы және ұмадағы ойық жара, артралгия, жоғарғы температура мазалайды. Жүрек тондары анық, ритм дұрыс. Өкпесінде: қатаң тыныс. ЖҚА: Hb-126 г/л, лейк-12х109/л, ЭТЖ-32 мм/час, СРБ+++, Блюмберг симптомы оң (+). Ауыр жағдайында ең тиімді емдеу тәсілі?
*+глюкокортикостероидтар
*иммунодепрессанттар
*антибиотиктер
*антикоагулянттар
*спазмолитиктер
#81
*! Қыз бала 8 жаста. Қарап тексеру кезінде: дисфагия, айқын бұлшық еттердің әлсіздігі, көз маңы ісінуі, гиперемия. Қол-аяқ фалангааралық буындарының үстіндегі эритемалары. Проксимальді топ бұлшық еттердің тығыздығы мен ауру сезімі. Даусы қарлыққан, қақалады. Кардиомегалия, тахикардия. Гепатомегалия. ЭТЖ – 50 мм/сағ.
Бұлшық еттердің электрофизиологиялық өзгерісін анықтау үшін қандай зерттеу әдісі ақпаратты?
*рентгенография
*биохимиялық
*гистологиялық
*компьютерлік томография
*+электромиография
#82
*! Ұл бала 12 жаста. Кезекті баспадан кейін әлсіздік, субфебрильді температура, жүрек шекарасы солға және жоғары кеңіген, жүрек ұшындағы естілетін І тон, р.mах. жүрек ұшында үрлемелі систолалық шу қолтық астына дейін созылатын. Өкпеде: пуэрильді тыныс, сырылдар жоқ. Бауыр және көкбауыры ұлғаймаған. Диагнозды нақтылау үшін ЕҢ керек зерттеу:
*кеуде қуысының рентгенографиясы, эхокардиография
*кеуде қуысының рентгенографиясы, электрокардиография
*+кеуде қуысының рентгенографиясы, электрокардиография, эхокардиография
*биохимиялық қан анализі, ангиография
*компьютерлік томография, қанды тазалыққа тексеру
#83
*! Қыз бала 1,5 жаста. Жағдайы өте ауыр. Қызба. Тәбетінің төмендеуі. Бастың шашты аймағынында қабыршықтанған бөртпе, денесінде- папулезді бөртпе, ойылған орындармен, суланған және қабыршықтанған. Гипертрофикалық гингивит, тістерінің дамуының анамолиясы, тістерінің түсуі мен босануы. Лимфоаденопатия. Құлақ маңы қатты консистенциялы ісінген, құлақтан іріңді бөліністер бөлінеді. Өкпесінде қатты тыныс. Жүрек үндері тұйықталған, жиілеген. Бауыр 2 см. Көкбауыр 1,5 см. Нәжіс, ботқа тәрізді, ашық қоңыр түсті. Несеп сары түсті, зәр бөлуі аз мөлшерде.
Диагнозды нақтылау үшін ЕҢ керек зерттеу:
* сүйек кемігінің пункциясы
* сүйек рентгенографиясы
* зақымданған ошақтан зерттеу материалының цитологиясы
* бас сүйегінің компьютерлі томографиясы
*+ зақымданған ошақтан зерттеу материалының иммуногистохимиясы
#84
*! 8 жастағы қыз бала, мұрыннан қан кетуіне, денесінде және аяқ-қолдарында көгерулерге шағымданып ауруханаға келді. 3 апта бұрын ЖРВИ-мен ауырған. Объективті: бала бозарған, мұрынның сол жақ танауынан қан кетіп тұрды. Денесінде және аяқ-қолдарында петехиялар, пурпура, экхимоздар; қатты таңдайдың шырышты қабатында-петехиялар бірең-сараң. Лимфабездері ұлғаймаған, шамалы тахикардия. Бауыр үлкеймеген. Көкбауырдың шеті пальпацияланады. Диагнозды нақтылау үшін ЕҢ керек зерттеу:
*+тромбоциттердің саны мен сапасын зерттеу
*қанның ұюын тексеру
*қан ұюын тексеру
*лейкоциттер мен эритроциттер деңгейін анықтау
*гемоглобин деңгейін анықтау
#85
*! 8 жастағы қыз бала, мұрыннан қан кетуіне, денесінде және аяқ-қолдарында көгерулерге шағымданып ауруханаға келді. 3 апта бұрын ЖРВИ-мен ауырған. Объективті: бала бозарған, мұрынның сол жақ танауынан қан кетіп тұрды. Денесінде және аяқ-қолдарында петехиялар, пурпура, экхимоздар; қатты таңдайдың шырышты қабатында-петехиялар бірең-сараң. Лимфабездері ұлғаймаған, шамалы тахикардия. Бауыр үлкеймеген. Көкбауырдың шеті пальпацияланады. ЕҢ тиімді ем:
*+глюкокортикостероид
* криопреципитат
* тромбоконцентрат
* тікелей емес әсерлі антикоагулянттар
* жаңа мұздатылған қан плазмасы
#86
*! Науқас 10 жаста, ішінің ауру сезіміне, буындарының ісінуіне, бөртпелерге шағымданады. 2 апта бұрын ЖРВИ-мен ауырған. Аяқтарында және бөксесінде дақты-папулезді бөртпелер, симметриялы, басқан кезде жоғалмайды, қышымайды. Тізе буынының ауырғыштығы және ісінуі, іштің терең пальпациясы кезінде ішперденің тітіркену симптомы жоқ, бауыры мен көкбауыры ұлғаймаған. Гемограммада: шамалы нейтрофилезбен лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылаған (27 мм/сағ).
Қандай базисті терапия әдістері ЕҢ тиімді:
*+антикоагулянттар
* инфузиялық ем
* глюкокортикостероидтар
* антигистаминдер
* антибактериальды
#87
*! Науқас 10 жаста, ауруханаға аяқ-қолдарындағы бөртпелеріне, буындарының ауруына, ішінің ауруына, жүрек айну, құсуға шағымданып түсті. 2 апта бұрын ер бала ангинамен ауырды. Түскен кезде жағдайы интоксикация, тері-геморрагиялық, буындық және абдоминальды синдромдарға байланысты ауыр. Ауруы өткір, ұстама тәрізді сипатта. Бөртпелер симметриялы геморрагиялық сипатта, тобық, шынтақ, ішінің бүйір жақтарында орналасқан. Нәжісін зерттегенде-нүктелік қан табылды. ЖЗС: эритроциттер 50-ден астам к/а., лейкоциттер 5-6 к/а. ЕҢ тиімді ем:
* алмастырушы
* БФМ бағдарлама бойынша полихимиотерапия
* сульфасалазин, антибиотиктер, спазмолитиктер
*+антикоагулянттар, глюкокортикостероидтар, антиагреганттар
* антибиотиктер, саңырауқұлақтарға қарсы препараттар, дезинтоксикационды
#88
*! 6 жасар балада геморрагиялық петехиальды бөрпелер, мұрнынан қан ағу, ЖРВИ мен ауырғаннан кейін аяғында көгерулердің пайда болуы анықталды. ЖҚС: Эритроциттер – 4,2 х 1012/л, гемоглобин – 120 г/л, ТК – 1,0, тромбоциттер – 10х 109/л., лейкоциттер -5,4 х 109/л., базофилдер – 0%, эозинофилдер – 2 %., таяқша/ядролылар – 1%, сегмент ядролылар –36%, лимфоциттер – 56%, моноциттер – 5%, ЭТЖ – 6 мм/сағ.
Қандай лабораториялық зерттеу әдісі салыстырмалы диагностика жүргізуге көмектеседі?
* жалпы қан сынағы
*+миелограмма
* жалпы зәр сынағы
* қан тобы мен резус факторды анықтау
* креатинин анықтау
#89
*! Ер бала 1 жаста. Шағымы: оң аяқ тізе буынының ісінуі және ауырсынуы. Анасының айтуы бойынша, көгерулер мен гематомалар бала жүре бастағанда пайда болған. Анамнезінде: нағашы атасы қан ауруымен ауырады. ЖҚС-патология жоқ. Диагнозды нақтылау үшін ЕҢ керек зерттеу:
*+VIII фактор деңгейін анықтау
* коагулограмма
* миелограмма
* Прайс-Джонс қисығы
* эритроциттердің осмостық резистенттілігін анықтау
#90
*! Бала 5 жаста, мұрнынан қан кетуге және ЖРВИ-мен ауырғаннан кейінгі көгерулерге шағымданады. Денесінің жоғарғы бөлігінде – петехиялар, аяқ-қолдарында – экхимоздар, шеткі лимфа бездері және паренхиматозды ағзалар ұлғаймаған. Гемограммада: шектелген тромбоцитопения (12 мың). ЕҢ тиімді емдеу әдісі:
*+иммуноглобулинді көктамырға енгізу
* антигистаминді
* антикоагулянттар
* инфузиялық
* антибактериальды
