- •*Бала аурулары. Ревматология *1*10*
- •* Бала аурулары. Гематология *1*28*
- •* Бала аурулары. Неонатология *1*21*
- •* Бала аурулары. Неонатология *2*78*
- •* Бала аурулары. Неонатология *3*81*
- •*Бала аурулары. Гастроэнтерология *1*15*
- •* Бала аурулары. Эндокринология *1*10*
- •* Балалардағы жұқпалы аурулар *1*36*
- •Тест «2»: 162
- •Тест «3»: 162
- •* Балалар неврологиясы*1*20*
- •* Фтизиатрия *1*20*
- •* Фтизиатрия *2*80*
- •* Фтизиатрия *3*80*
- •Аталғанның ішінде диагностика мақсатымен дәрігердің бірінші кезекте тағайындайтын ең лайықты зерттеу әдісі қандай?
- •Фтизиатрия. Визуалды диагностика *1*5*
- •Фтизиатрия. Визуалды диагностика *2*20*
- •Фтизиатрия. Визуалды диагностика *3*20*
- •* Бала хирургиясы *1*37*
- •* Бала хирургиясы *2*90*
- •* Бала хирургиясы *3*54*
- •12 Елі ішектің фэгдс жасағанда ең жиі қайсысы анықталады?
- •*Детские инфекционные болезни. Реанимация және қарқынды терапия *1*5*
- •*Детские инфекционные болезни. Реанимация және қарқынды терапия *2*20*
- •*Балалардлағы жұқпалы аурулар. Реанимация және қарқынды терапия *3*20*
- •4 Сағат аралығында 600 мл регидронды ішкізеді. Жағдайы нашарлаған жоқ, бірақ эксикоз белгілері сақталып тұр.
- •4 Сағат аралығында 600 мл регидронды ішкізеді. Жағдайы нашарлаған жоқ, бірақ эксикоз белгілері сақталып тұр.
- •*Бала хирургиясы. Реанимация және қарқынды терапия *1*5*
- •*Бала хирургиясы. Реанимация және қарқынды терапия *2*20*
- •*Бала хирургиясы. Реанимация және қарқынды терапия *3*20*
- •12 Елі ішек ойық жарасы кезінде антацидтерді қалай тиімді қолданған дұрыс
- •*Электив «Бала дәрігері тәжірибесіндегі буындық синдромы»*1*10*
- •*Электив «Бала дәрігері тәжірибесіндегі буындық синдромы»*2*40*
- •*Электив «Бала дәрігері тәжірибесіндегі буындық синдромы»*3*40*
- •Iшкен. Осы науқасқа қандай зерттеу жүргiзу маңызды:
- •*Электив «Балалардағы тұқым қуалайтын аурулар»*1*10*
- •*Электив «Балалардағы тұқым қуалайтын аурулар»*2*40*
- •*Электив «Балалардағы тұқым қуалайтын аурулар»*3*40*
- •*Электив «Жаңа туылған нәрестелердегі біріншілік реанимация алгоритмі»*1*9*
- •*Электив «Тері ауруларының ажырату диагностикасы»*1*10*
*Электив «Жаңа туылған нәрестелердегі біріншілік реанимация алгоритмі»*1*9*
#1
*!Акушерлік стационарда нәрестелер реанимациясына кім жауапты адам болып табылады?
*Неонатолог
*Акушерка
*Балалар мейірбикесі
*Акушер-гинеколог
*+Барлық реанимациялық шараларды меңгерген медициналық қызметкер
#2
*!Гестация мерзімі 37 аптадан төмен туылған нәрестелердің асфиксиямен туылу жиілігі (ДДҰ бойынша) қандай?
*5%
*6%
*7%
*8%
*+9%
#3
*!Туылған кезде қандай белгілер жиынтығының болуы тірі туылу белгілеріне жатады?
*Гримаса,жүрек соғуы,тыныс алуы,спонтанды қозғалыс белсенділігі
*+Тынысы, жүрек соғуы, кіндік пульсациясы, спонтанды қозғалыс белсенділігі
*Жүрек соғуы, тыныс алуы, кіндік пульсациясы, гипорефлексия
*Жүрек соғуы, кіндік пульсациясы,спонтанды қозғалыс белсенділігі
*Айқайы, спонтанды қозғалыс белсенділігі, жүрек соғуы
#4
*!Мерзіміне жетіп туылған нәрестелердің асфиксиямен туылу жиілігі (БДҰ бойынша) қандай?
*+1%
*2-3%
*4-5%
*6-7%
*7-8%
#5
*!Сапалы және қауіпсіз медициналық көмекпен қамтамасыз ету үшін төменде көрсетілген енгізудің қайсысы ЕҢ маңызды?
*Медицина саласындағы инновациялық жетістіктер
*Медицианылық көмек сапасына сыртқы аудит жүргізу
*Денсаулық сақтау саласында бағалау нәтижесі мен мониторинг жүйесі
*Денсаулық сақтау министірлігімен бекітілген мемлекеттік стандарттар
*+Диагностикалық,емдік,реабилитациялық,профилактикалық қызмет көрсететін емдеу мекемелеріндегі заманауи технологиялар
#6
*!Амбу қапшығы арқылы жасанды өкпе вентиляциясын жасағанда беттік маска нәресте бетінің қай аумақтарын жабу керек?
*Мұрын және ауыз
*Мұрын және көз
*Ауыз және иек
*+Мұрын, ауыз және иектің шетін
*Мұрын, ауыз және көз
#7
*!Жүректің тікелей емес массажы әрқашан бірге жасалу керек
*трахеяның интубациясымен
*налоксонды енгізумен
*адреналинді енгізумен
*гиповолемияға қарсы салынатын сұйықтықтармен
*+100% оттегімен бірге оң қысымды вентиляциямен
#8
*!Нәрестелердің алғашқы реанимациясы кезінде адреналинді қандай жолмен енгізген ЕҢ дұрыс болып табылады?
*Тері астына
*Тері ішіне
*Эндотрахеалды
*+Көк тамырға
*Бұлшық етке
#9
*!Босану залында нәрестеге алғашқы реанимациялық көмектің толық және адекватты көрсетілуіне қарамастан, егер нәрестенің жүрек соғуы болмаса, реанимацияны қанша минутта тоқтату керек?
*30
*35
*20
*15
*+10
*Электив «Жаңа туылған нәрестелердегі біріншілік реанимация алгоритмі»*2*41*
#10
*!Жаңа туылған нәрестеде өмірінің алғашқы минутында ЖЖЖ< 100рет, тыныс алуы ретсіз, аяқ-қолдарының бүгілуі әлсіз, бетінде гримаса, тері қабатының цианозы байқалады.
Нәрестенің Апгар бағанасы бойынша ЕҢ ықтимал бағасы қандай?
*1балл
*+4балл
*6 балл
*7 балл
*3 балл
#11
*!Жаңа туылған нәрестеде алғашқы минутта ЖЖЖ >100 минутына, тыныс алуы ретсіз, айқайы қатты, бұлшықет тонусы, қозғалысы белсенді, тері түсі қызғылт, рефлекторлық қозғыштық: жөтелу, түшкіру, айқайлау.
Нәрестенің Апгар бағанасы бойынша ЕҢ ықтимал бағасы қандай?
*5 балл
*6 балл
*7 балл
*8 балл
*+10 балл
#12
*!Жаңа туылған нәресте: өмірінің алғашқы минутында ЖЖЖ< 100 минутына, тыныс алуы ретсіз, аяқ-қолдарының бүгілуі әлсіз, бетінде гримаса, терісінің цианозы байқалады.
Нәрестенің Апгар бағанасы бойынша ЕҢ ықтимал бағасы қандай?
*6 балл
*7 балл
*3 балл
*+4балл
*1балл
#13
*!Төменде берілгендердің қайсысы біріншілік апноэның екіншіліктен ЕҢ ықтимал айырмашылығы болып табылады?
*Тахикардия
*ЖЖЖ төмендеуі
*Артериалдық қысымның төмендеуі
*+Тактильдік стимуляцияға жауап беруі
*Гаспинг типті респираторлы талпыныстар
#14
*!Декомпрессия мақсатында нәрестеге асқазан түтігін енгізгендегі ЕҢ ықтимал тереңдік қандай?
*Мұрын ұшынан семсер тәрізді өсінді аралығы
*Құлақ сырғалығы мен кіндік сақинасына дейінгі аралық
*Құлақ сырғалығынан семсер тәрізді өсіндіге дейінгі аралық
*Семсер тәрізді өсіндіден кіндік сақинасына дейінгі аралық
*+Мұрын ұшынан құлақ сырғалығына, одан семсер тәрізді өсіндіге дейінгі аралық
#15
*!Төменде көрсетілгендерден нәрестенің алғашқы тыныс алуының физиологиялық механизмінде ЕҢ маңыздысы болып табылады?
*Шунттардың жабылуы
*Көк еттің спонтанды жиырылуы
*Қанда көмірқышқыл газы концентрациясының төмендеуі
*+Қанда көмірқышқыл газы концентрациясының жоғарылауы
*Қан құрамында оттегінің жоғарлауынан тыныс алу орталығының тітіркенуі
#16
*!Асфиксиямен шала туылған нәрестені емдеп-баптау күтім тәртібі факторларының ЕҢ маңыздысы болып табылады?
*Шуыл мен жарықтан оқшаулау
*Квездегі нәрестені жиі қарау
*Кувезде «ұяшық» әдісін қолдану
*+Оптимальді температура режимін ұйымдастыру
*Кувездегі нәрестенің үй киімінде болу
#17
*!Босану бөлмесінде шала туылған нәрестеге реанимациялық шаралар көрсетілу кезінде берілген факторлардың қайсысы ЕҢ маңызды?
*Қабырға сағаты
*Жылы үй киімі
*+Босану бөлмесінде температураның 28 градустан төмен болмауы
*Медперсоналдың мейірімді қарым-қатынасы
*Нәрестені орайтын жарық пен жылу бөлетін таза үстел
#18
*!Төменде берілген белгінің қайсысы жаңа туылған нәрестені Апгар бағанасы бойынша 1 балға бағалауға ЕҢ ықтимал сәйкес келеді?
*Ретті тыныс алу
*Бұлшық ет тонусы, белсенді қозғалыс
*Денесі көк түсті және акроцианоз
*+Жүрек соғуы минутына 100-ден төмен
*Рефлекторлық қозғыштық: жөтел, түшкіру, айқай
#19
*!Төменде көрсетілгендерден нәрестелер аспирациясын тудыратын ЕҢ ықтимал негізгі себеп қандай?
*Шала туылу
*+Ұрық гипоксиясы
*Туа біткен жүрек ақауы
*Нәрестелердің гемолитикалық ауруы
*Нәрестенің жұқпалы ауруы
#20
*!Нәресте туылған кезде жүрек соғу жиілігі минутына 140, тыныс алуы ырғақты, айқайы әлсіз, тері жабындысы бозарған, рефлекстерінің шақырылуы әлсіз, бұлшықет тонусы төмендеген.
Бұл жағдайға Апгар бағанасы бойынша ЕҢ сәйкес келетін балл қандай?
*2 балл
*4 балл
*+6 балл
*8 балл
*10 балл
#21
*!Реанимация алгоритмі бойынша шала туылған нәресте туылғандағы алғашқы 1 минутында төменде берілген кешендердің қайсысы ЕҢ маңызды болып табылады?
*Бетіндегі гримаса, ЖЖЖ, ТЖ
*Бұлшықет тонусы, ЖЖЖ, ТЖ
*Түшкіру, бұлшықет тонусы, ЖЖЖ
*+ЖЖЖ, ТЖ, тері жабындысы мен шырыш қабатының түсі
*Рефлекстер, ТЖ, тері жабындысы және шырыш қабатының түсі
#22
*!Төменде көрсетілген факторлардан шала туылған нәрестелерге реанимациялық шаралар жүргізу кезінде қосымша қатер туғызуда ЕҢ маңызды фактор қандай?
*Гиповолемия
*Төмен гестациялық мерзім
*Инфецирлену қаупі
*Қан тамырлар өткізгіштігінің жоғары болуы
*+Өкпедегі сурфактанттың жеткіліксіздігі
#23
*!Босану бөлмесінде реанимациялық орынды дайындауға жауапты адам үшін төменде көрсетілген міндеттердің қайсысы ЕҢ маңыздысы болып табылады?
*Босану бөлмесінде өңдеу заттарының болуы
*Санитарлық-эпидемиологиялық режимге жауаптылық
*Өлшеуші ағыммен оттегі көзінің болуы
*+Бөлме жарық,жылы,2-3реаниматолог еркін қозғала алатындай ыңғайлы болуы
*Сағат көрінетін жерде, механикалық қосу мен өшіруге ынғайлы болуы
#24
*!Нәрестелердің алғашқы реанимациясы кезінде алгоритмге сәйкес интубация жасауға мүмкіндігінше неше уақыт беріледі?
*10 секунд
*+20 секунд
*30 секунд
*40 секунд
*50 секунд
#25
*!Төменде көрсетілгендердің қайсысы мекониймен аспирация синдромының антенаталдық алдын алу үшін ЕҢ тиімді болып табылады?
*Босану технологияларын оңтайландыру
*Жүктіліктің мерзімінен асып кетуінің алдын алу
*Бастапқы реанимация әдістерін оңтайландыру
*Ұрықтың құрсақішілік гипоксиясын дер кезінде емдеу
*+Ұрықтың құрсақішілік гипоксиясын дер кезінде диагностикалау
#26
*!Нәрестелер асфиксиясы кезінде, төменде берілген қай көрсеткіштің нашарлауы болуы ЕҢ ықтимал?
*Гипогликемия
*Қышқылды сілтілі орта көрсеткішінің төмендеуі
*Иммунитеттің төмендеуі
*Оттегі сатурациясының төмендеуі
*+Неврологиялық статустың нашарлауы
#27
*!2400 гр салмақпен жүктіліктің 36 аптасында туылған нәрестенің тыныс алу белгісі жоқ, терісінің түсі көк, тітіркендіруге жауап бермейді, жүрек соғысы минутына 90 шамасында, аяқ-қолдары салбыраңқы.
Төменде көрсетілгендердің ішіндегі ЕҢ мүмкін болатын болжам диагноз қайсысы?
*Жетілмеген нәресте
*Өлі туылған нәресте
*Шала туылудың 1 дәрежесі
*Орта дәрежелі асфиксия
*+Ауыр дәрежелі асфиксия
#28
*!Нәресте туылған кезде Апгар бағанасы бойынша 2 балға ЕҢ сәйкес келетін көрсеткіш қандай?
*Ретсіз тыныс алу
*Денесінің жалпы көгеруі және акроцианоз
*+Рефлекторлық қозу: жөтелу, түшкіру
*Жүрек соғысының жиілігі минутына 100 төмен
*Бұлшықет тонусы төмендеген, қозғалыстар белсенді емес
#29
*!Нәресте туылған кезде Апгар бағанасы бойынша 1 балға бағалау үшін ЕҢ негіз болатын көрсеткіш қандай?
*+Туылғанда жүректің бірен-саран соғуы
*Тері жабындысының көгеруі
*Аяқ-қолдары салбыраған
*Түшкіру, жөтелу
*Қатты айқай
#30
*!Нәресте:өмірінің алғашқы минутында ЖЖЖ > 100, ретті тыныс, айқайы қатты, тері жабындысы қызғылт, бұлшықет тонусы мен қозғалысы белсенді, рефлекторлық қозғыштығы: жөтел, түшкіру, айқай.
Апгар бағанасы бойынша қандай баға ЕҢ сәйкес келеді?
*5 балл
*6 балл
*7 балл
*8 балл
*+10 балл
#31
*!Жаңа туылған нәрестенің тынысы жоқ, көгерген, тітіркендіргіштерге жауап бермейді, пульсі шамамен минутына 90 рет, аяқ-қолдары салбыраңқы.
Көрсетілгендердің ішіндегі ЕҢ ықтимал болжам диагноз қандай?
*Дені сау нәресте
*Өлі туылған нәресте
*Жеңіл дәрежелі асфиксия
*+Орта дәрежелі асфиксия
*Ауыр дәрежелі асфиксия
#32
*!30 жастағы әйелден, Ш жүктіліктен, 1босанудан қыз бала туылды. Алғашқы 2 жүктілігі мед.абортпен аяқталған. Жүктілік ағымы П дәрежесі нефропатиямен асқынумен өткен. Босанудың біріншілік әлсіздігіне байланысты босануды ынталандыру жүргізілген. Нәресте ауыр жағдайда туылды. Тынысы жоқ, жүрек соғысы сирек, атония, арефлексия, тері жабындысы бозарған.
Төменде көрсетілгендердің ішінде ЕҢ дұрыс диагноз қандай?
*Дені сау нәресте
*Өлі туылған нәресте
*Жеңіл асфиксия
*Орташа асфиксия
*+Ауыр асфиксия
#33
*!Нәресте жүктіліктің 38-39 аптасында туылды, сусыз аралық 6 сағат. Туылған кезде спонтанды қозғалыс белсенділігі, физиологиялық рефлекстері тежелген, айқайы қысқа, күштілігі орташа. Терісі көгерген, оттегіден кейін тез қызарады. Арасында қысқа мерзімді апноэ байқалады. Апгар бағанасы бойынша 5-7 балға бағаланды.
Төмендегілердің ішінде қандай диагноз ЕҢ дұрыс болып табылады?
*СДР
*Пневмония
*Меконий аспирациясы
*+Орташа дәрежелі асфиксия
*Ауыр дәрежелі асфиксия
#34
*!Асфиксиямен шала туылған нәрестені күтіп-баптауда кювез мүмкіндіктерінің ЕҢ маңыздысы қандай?
*Изоляция
*Қолайлы оксигенацияны қамтамасыз ету
*Шуыл әсері мен жарықты төмендету
*Қолайлы температуралық режим орнату
*+Құрсақішілікке жақын қолайлы микроклимат орнату
#35
*!Асфиксиямен шала туылған нәрестені тамақтандыру кезінде қандай қиындықтар туындауы ЕҢ ықтимал?
*Ұзақ ұйықтау *Ішек перистальтикасының төмен болуы *Липаза ферментінің белсенділігінің төмен болуы
*+Сору және жұту рефлекстерінің бәсең болуы
*Асқазан сйымдылығы кіші және тағамды эвакуациялау мерзімінің ұзаруы
#36
*!Нәрестелер реанимациясының сапалы және нәтижелі болуы үшін ЕҢ маңызды фактор қандай?
*Медикаменттердің бар болуы және дайын болуы
*Босануды алдын ала болжау
*Қолайлы оксигенациямен қамтамасыз ету
*Реанимациялық құрылғылардың дайын болуы
*+Реаниматологтардың кәсіби деңгейі және саны
#37
*!Төменде берілген қандай жағдай нәрестеге реанимация жүргізбеуге ЕҢ ықтимал негіз болады?
*+Жаңа туылған нәрестедегі анэнцефалия
*Жүктіліктің гестациялық мерзімі 21апта
*Күтпеген жағдайда нәрестеге реанимация қажет болса
*Реанимацияға қажетті құралдар болмаған жағдайда
*Нәресте туылғанда жүрек соғуы болмауы
#38
*!Акушерлік стационарда нәрестелер реанимациясына жауапты адамның ЕҢ негізгі міндеті қандай?
*Қызметкерлерді оқытуды ұйымдастыру
*Құрылғылардың жұмыс істеп тұрғандығына жауапты
*Қызметкерлермен реанимация кезіндегі сәтсіз жағдайларды талқылайды
*Босану бөлмесінде реанимациялық алгоритмнің болуына жауапты
*+Жаңа туылған нәрестеге реанимациялық көмекті ұйымдастыру
#39
*!Босану бөлмесінде реанимациялық шаралардың нәтижелі өткенін бағалайтын ЕҢ ақпаратты клиникалық белгі қандай?
*Бұлшықеттік тонустың пайда болуы
*Тері жабындысының қызаруы
*Өз бетімен тыныс алудың пайда болуы
*Рефлекторлы қозғыштықтың пайда болуы
*+Жүрек жиылысы жиілігінің артуы
#40
*!Босану бөлмесінде реанимациялық көмекті көрсету процесінде, ары қарай көрсетілетін көмектің түрін анықтаушы ЕҢ ақпаратты клиникалық белгі қандай?
*Бұлшықет тонусы
*Тері жамылғысының түсі
*Рефлекторлық қызғыштық
*+Жүрек жиырылуының жиілігі
*Өз еркімен тыныс алудың бар/жоқ болуы
#41
*!2 дәрежелі перзентханаларда ұрықтың созылмалы гипоксиялық жағдайын диагностикалау үшін ЕҢ негізгі әдіс қандай?
*Ұрықтың УДТ
*Ұрықтың КТГ
*Ұрықтың ЖЖ стетоскоппен тыңдау
*Ұрықтың қозғалыс белсенділігі – қозғалуы
*Допплеромериямен ұрық бас миының НСГ
#42
*!Шала туылған нәрестенің жедел асфиксиясына алып келетін ЕҢ негізгі интранаталды себеп қандай?
*+РДС
*Ұрықтағы медикаментозды депрессия
*Анасында қаннын оттегімен қамтамасыз етілуінің нашарлауы
*Кіндік арқылы қан ағымының тоқтауы
*Бала жолдасы арқылы газ алмасудың бұзылуы
#43
*!Нәрес теніңң жедел асфиксиясына алып келетін босанудың ЕҢ ықтимал асқынуы қандай?
*Ұзақ созылмалы гестоз
*Анасындағы созылмалы бронхит
*Ұрықтың құрсақішілік ауруы
*+Бала жолдасының мерзімінен бұрын ажырауы
*Истмико-цервикалды жетіспеушілік
#44
*!Нәрестелердің ауыр асфиксиясына төменде көрсетілгендердің қайсысы ЕҢ тән симптомокомплекс болып табылады?
*РДС симптомдары, беттеі экхимоздар, тахикардия
*Цаноз, тахикардия, тахипноэ, аяқ қол треморы
*+Бозару, брадипноэ, брадикардия, атония, арефлексия
*Мазасыздық, бұлшықет гипертонусы, гиперрефлексия, цианоз, тахипноэ
*Бозару, бет гиперемиясы, айқай, тахикардия, қозғалыс мазасыздығы
#45
*!Босану бөлмесінде нәрестелер реанимациясының қандай принципі ЕҢ маңызды болып табылады?
*Синдромды терапия
*Тактилді стимуляция
*Жүрек және тыныс алу жұмысын белсендіру
*Метоболикалық бұзылыстарды медикаментозды коррекциялау
*+Толықтыру сипатындағы реанимациялық шаралар
#46
*!Дене салмағы 2300,0гр. болып, шала туылған нәресте туылған кезде жылы жаялыққа қабылданып, дұрыс жатқызылды, тыныс алу жолдары босатылды, құрғатып сүртілді, ылғалды жаялық алып тасталды, тактилдік стимуляция жасалынды.
Бұл жансақтау қадамдары төменде берілген қай блокқа ЕҢ сәйкес келеді?
*+А-блок
*В-блок
*С-блок
*Д-блок
*Е-блок
#47
*!Шала туылған нәресте, салмағы 2300,0 гр. Туылғанда ЖЖЖ минутына 100 реттен аз. Оң қысыммен өкпені желдету басталды.
Бұл жансақтау қадамдары төменде берілген қай блокқа ЕҢ сәйкес келеді?
*А-блок
*+В-блок
*С-блок
*Д-блок
*Е-блок
#48
*!Шала туылған нәресте, салмағы 2300,0гр. Туылған кейін 1 минуттан соң, тынысы ретсіз, ЖЖЖ минутына 100 реттен аз, жартылай флексия қалпы, акроцианоз. Табанын тітіркендіргенде гримаса түрінде жауап береді.
Берілген клиникалық жағдайға Апгар бағанасы бойынша төменде көрсетілген қандай балл ЕҢ сәйкес келеді?
*1балл
*3балл
*+5балл
*7балл
*9балл
#49
*!Шала туылған нәресте, дене салмағы 2300,0 гр. Туылған кезде реанимациялық шараларды жүргізгеннен кейін 5 минуттан соң, ретсіз тыныс алу, ЖЖЖ минутына 80 рет, бетінде гримаса белгісі пайда болды. Жайылған бозару, арефлексия қалпы.
Берілген клиникалық жағдайға Апгар бағанасы бойынша төменде көрсетілген қандай балл ЕҢ сәйкес келеді?
*1балл
*+3балл
*5балл
*7балл
*9балл
#50
*!Шала туылған нәресте, дене салмағы 2300,0. Туылған кейін 1 минутта айқайы қатты, ТЖ минутына 40 рет, ЖЖЖ минутына 132 рет, флексия қалпы, аяқ-қолдарының акроцианозы.
Берілген клиникалық жағдайға Апгар бағанасы бойынша төменде көрсетілген қандай балл ЕҢ сәйкес келеді?
*1балл
*3балл
*5балл
*7балл
*+9балл
*Электив «Жаңа туылған нәрестелердегі біріншілік реанимация алгоритмі»*3*40*
#51
*!Нәрестені асфиксиядан шығарудың ЕҢ дұрыс сатылы тактикасы қандай?
*Тыныс алуды, қан айналымын қалыпқа келтіру
*Тыныс алу жолдарын тазартып, тыныс алуды қалыпқа келтіру
*Тыныс алуды қалыпқа келтіріп, тыныс алу жолдарын тазарту
*Қан айналымын қалыпқа келтіріп, тыныс алу жолдарын тазарту
*+Тыныс алу жолдарын тазартып, тыныс алуды, қан айналымын қалыпқа келтіру
#52
*!«Ауыр дәрежелі асфиксия»диагнозын қоюға ЕҢ негізгі белгі қайсысы?
*Коагулограммада- гипокоагуляцияның 2 фазасы
*Апгар бағанасы бойынша5баллдан төмен болуы
*Ретсіз тыныс
*ЖҚА-полицитемия
*+РН- 7,0
#53
*!Шала туылған нәресте дене салмағы 2300г, тез босануданкейін тыныс алмайды, қозғалыссыз, көгерген, ЖЖЖ минутына 40 рет. Қағанақ суы таза.
Төмендегі көрсетілген жансақтау шараларының ЕҢ алғашқы көрсетілетін әрекеттері қандай?
*Кеңірдек интубациясын бастау
*Жүрекке тура емес массаж жасауды бастау
*Жаңа туылған нәрестедегі ЖЖЖ анықтау
*+100% оттегімен оң қысымды желдетуді бастау
*Жаңа туылған нәрестені дұрыс қалыпта орналастыру және тактильді стимуляция
#54
*!Нәресте асфиксиясы кезінде ЕҢ тиімді емдеу тактикасы қандай?
*Тактилдік стимуляция
*+Өкпені эффективті желдету
*Асқазанды түтікше арқылы тазалау
*Нәрестені жылу шуағы астына жылытылатын үстел үстіне ауыстыру
*Босану жолдарынан нәресте басы көріне бастағанда аузынан сілекейді сорып алу
#55
*!Босану бөлмесінде нәрестеге реанимациялық көмекті көрсету кезіндегі ЕҢ дұрыс және ретті іс-әрекет тактикасы қандай? *+Тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз ету, тыныс алуды қалпына келтіру, қан айналымды ұстап тұру *Тыныс алуды қалпына келтіру, қан айналымды ұстап тұру, тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз ету *Қан айналымды ұстап тұру, тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз ету, тыныс алуды қалпына келтіру *Тыныс алуды қалпына келтіру, қан айналымды ұстап тұру *Қан айналымды ұстап тұру, тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз ету
#56
*!Нәрестелер реанимациясын бастамас бұрын, төмендегі көрсетілеген іс-әрекеттердің қайсысы ЕҢ маңызды боып табылады?
*Болашақ туылуды болжау
*Қолайлы оксигенациямен қамтамасыз ету
*Босану бөлмесінің температуралық режимін тексеру
*+Болашақ босанудың перинаталды анамнезін анықтау
*Реанимациялық құралдар мен медикаменттердің дайындығы мен болуы
#57
*!Шала туылған нәрестенің қағанақ суында қою меконий анықталды. Туылған соң нәрестенің аузын, жұтқыншағын, мұрнын сорып тазартылды. Содан кейін алдын ала жылытып қойған орынға нәресте жақызылды. Нәресте бозарған, қозғалыссыз, тыныссыз.
Шала туылған нәрестеге қандай жансақтау тактикасын жүргізген ЕҢ дұрыс болады?
*Нәрестені құрғату
*Нәресте арқасын абайлап ысқылау
*Тактилді стимуляция жасау
*Қапшық және маскамен қосымша вентиляциял жүргізу
*+Кеңірдек интубациясы және төменгі тыныс алу жолдарындағы тазалап сору
#58
*!Шала туылған нәресте тыныс алмайды, тері түсі көгерген. Алғашқы реанимациялық қадамдар жүргізілген: тыныс жолдарының санациясы және тактильді стимуляция. Туылғаннан кейін 30 с кейін жақсару көрінген жоқ.
Келесі көрсетілетін реанимациялық қадамның қайсысы ЕҢ дұрыс?
*Кеңірдек интубациясы
*Тактилді стимуляция
*Жүрекке тікелей емес массаж
*Ауыз бен мұрыннан сілекейді сору
*+Өкпені үнемі оң қысыммен желдету
#59
*!Дене салмағы 2300,0гр.. шала туылған нәресте туылған кезде «меконимен жабылған», Тынысы жақсы, бұлшықет тонусы қалыпты, ЖЖЖ минутына 120 рет, тері түсі қызғылт.
Бұл жағдайда қандай жансақтау тактикасын жүргізу ЕҢ дұрыс болып табылады?
*Ларингоскопия жасау және эндотрахеалдық түтікше көмегімен кеңірдектен сору
*+Груша және катетер арқылы ауыз бен мұрыннан соруды жүргізу
*Қапшық пен маска көмегімен 100 % оттегіні оң қысыммен вентиляция жасау
*Тактилдік стимуляция жасау
*Кеңірдек интубациясын жүргізу
#60
*!Шала туылған нәресте дене салмағы 2300,0гр. Туылған кезде тыныс алмайды, алғашқы реанимациялық қадамдар жасалынды: тактильдік стимуляция, ауыз қуысының санациясы және еркін оттегі тағайындалды. Туылған сәттен 30 с кейін ешқандай нәтиже жоқ, тыныс алмайды, бозарған. ЖЖЖ минутына-80 рет.
Бұл жағдайда қандай жансақтау тактикасы ЕҢ дұрыс болып табылады?
*Ағынды оттегіні беруді жалғастыру
*Кеңірдек интубациясын жүргізу
*Груша немесе түтік арқылы ауыз бен мұрын қуысын соруды жүргізу
*+Қапшық пен маска көмегімен 100 % оттегіні оң қысыммен вентиляция жасау
*Жүрекке тікелей емес массаж
#61
*!Дене салмағы 2300,0гр. шала туылған нәрестеде туылғаннан кейін екіншілік апноэ байқалды.
Шала туылған нәрестеге қандай шұғыл жансақтау тактикасы ЕҢ маңызды долып табылады?
*Налоксон енгізу
*Адреналин енгізу
*Кеңірдек интубациясын жасау
*Тыныс алу жолдарын тазалау
*+Тактилдік стимуляция жасау
#62
*!Нәрестелердің алғашқы реанимациясы кезінде адреналин көк тамырға мына мөлшерде салынады
*1 - 3 мл 0,1% ерітінді (1:1000)
*1 - 3 мл 0,01% ерітінді (1:10 000)
*0,1 - 0,3 мл 0,1% ерітінді (1:1000)
*0,1- 0,3 мг/кг 0,01% ерітінді (1:10 000)
*+0,1- 0,3 мл/кг 0,01% ерітінді (1:10 000)
#63
*!Қандай препаратты эндотрахеалды түтікше арқылы енгізген ЕҢ дұрыс болып табылады?
*Атропин
*+Адреналин
*0,9% натрий хлорид ерітіндісі
*Налоксон
*4% натрий гидрокарбонат ерітіндісі
#64
*!Нәрестелердің алғашқы реанимациясы кезінде айналымдағы қанды толтыру үшін көрсетілген сұйықтықтың қайсысын тағайындаған ЕҢ дұрыс болып табылады?
*Қан
*5% альбумин ерітіндісі
*10% глюкоза ерітіндісі
*4% натрий гидрокарбонат ерітіндісі
*0,9% натрий хлорид ерітіндісі
#65
*!Нәресте туылған кезде тыныс алмайды, ЖЖС-минутына 60 рет,тері жамылғылары көк, тонусы жоқ. Қағанақ суы меконий аралас.
Көрсетілген шаралардың қайсысын тез жасаған ЕҢ дұрыс шешім болып табылады?
*ЖТЖ тазалау, тактильді стимуляция және құрғату
*+Кеңірдектің интубациясы және ЖТЖ мекониалды аспиратор арқылы тазалау
*100% оттегімен Амбу қапшығы арқылы ЖӨВ
*Жүректің тікелей емес массажы
*Адреналин енгізу
#66
*!Нәресте тез босанудан кейін тыныс алмайды,қозғалысы жоқ, ЖЖС-минутына 40 рет. Қағанақ суы таза.
Көрсетілген шаралардың қайсысын тез жасаған ЕҢ дұрыс шешім болып табылады?
*Кеңірдектің интубациясы және эндотрахеалды түтікше арқылы ЖӨВ бастау
*100% оттегі берумен Амбу қапшығы арқылы ЖӨВ бастау
*Кіндік көк тамырына катетеризация жасап, адреналин енгізу
*+ЖТЖ тазалау, тактильді стимуляция жасау
*Жүректің тікелей емес массажын бастау
#67
*!Нәресте туылған кезде тыныс алмайды, ЖЖС-минутына 50 рет,тері жамылғылары көк, тонусы жоқ, ЖТЖ тазалауға, тактильді стимуляцияға жауап бермейді. Қағанақ суы таза.
Көрсетілген шаралардың қайсысы ЕҢ дұрыс келесі қадам болып табылады?
*Кеңірдектің интубациясы
*+Амбу қапшығы арқылы ЖӨВ
*Адреналин енгізу
*100% оттегі бос ағымда беру
*Жүректің тікелей емес массажы
#68
*!Нәресте ЖТЖ тазалауға, құрғатуға,тактильді стимуляцияға жауап бермейді.
Көрсетілген реанимациялық тактиканың қайсысы ЕҢ дұрыс келесі қадам болып табылады?
*Оттегі бос ағымда беру
*Тактильді стимуляцияны жалғастыру
*Жүректің тікелей емес массажы
*Адреналин енгізу
*+Амбу қапшығы арқылы ЖӨВ
#69
*!Нәресте Амбу қапшығы арқылы ЖӨВ кейін 1минуттан соң өздігінен тыныс алады, ЖЖС-минутына 110 рет,тері жамылғылары көктігі байқалады.
Көрсетілген реанимациялық тактиканың қайсысы ЕҢ дұрыс келесі қадам болып табылады?
*100% оттегімен оң қысымды вентиляцияны бастау
*+100% оттегіні бос ағымда беру
*Жүректің тікелей емес массажы
*Кеңірдектің интубациясы
*Адреналин енгізу
#70
*!Нәрестеге туылғаннан кейін Амбу қапшығы арқылы ЖӨВ жасалды, өмірінің 2минутында ЖЖС-минутына 100 рет,өздігінен тыныс алады.
Көрсетілген реанимациялық тактиканың қайсысы ЕҢ дұрыс келесі қадам болып табылады?
*Амбу қапшығымен ЖӨВ тоқтату және оттегіні бос ағымда беру
*+Амбу қапшығымен ЖӨВ тоқтату,терінің түсін бағалау
*Интубация жасау және Амбу қапшығы арқылы ЖӨВ жалғастыру
*Амбу қапшығы арқылы ЖӨВ жалғастыру
*Адреналин енгізу
#71
*!Нәресте тыныс алмайды, ЖЖС-минутына 70 рет,тері жамылғылары көк, аяқ қолдары салбыраған. Қағанақ суы таза. ЖТЖ тазалау, тактильді стимуляция жасалды.Туылғаннан соң 30с кейін жақсару белгілері байқалмайды.
Көрсетілген реанимациялық тактиканың қайсысы ЕҢ дұрыс келесі қадам болып табылады?
*Қайталап ЖТЖ тазалау, тактильді стимуляция жасау
*+Амбу қапшығымен ЖӨВ жасау
*Жүректің тікелей емес массажын жасау
*Кеңірдектің интубациясын жүргізу
*Оттегі беру
#72
*!Нәресте туылған кезде айқайлап жылады, ЖЖС-минутына 120 рет,белсенді қозғалады,тері жамылғылары қызыл, қағанақ меконий аралас.
Нәрестеге ары қарай көрсетілген шаралардың қайсысын жасаған ЕҢ дұрыс?
*Ларингоскопия жасап, кеңірдекті эндотрахеальді түтікше арқылы тазалау
*+Мұрынды, ауызды груша немесе электросорғыш арқылы тазалау
*100 % оттегімен бет маскасы арқылы вентиляцияны жүргізу
*Тактильді стимуляцияны жасау
*Кеңірдектің интубациясын жүргізу
#73
*!Нәресте 38 аптада 2900,0 гр.салмақпен, бойы 50см. болып туылды. Туылғаннан кейін тынысы ретсіз, ЖЖС-минутына 90рет болды. Амбу қапшығы арқылы ЖӨВ кейін 1минуттан соң өздігінен тыныс алды, ЖЖС-минутына 120 рет.
Нәрестеге көрсетілген реанимациялық тактиканың қайсысын жасаған ЕҢ дұрыс?
*Нәрестені ары қарай мониторинг жасау үшін неонаталдық бөлімге ауыстыру
*Нәрестені анасының ішіне жатқызып, неонатологтың бақылауында қалдыру
*Бет маскасы арқылы диффузды оттегі беру
*Тағы да бірнеше минут бойы қапшық арқылы ЖӨВ жалғастыру
*+Тері түсін бағалау
#74
*!Мерзімінде туылған нәрестенің қағанақ суы мекрний аралас. Нәресте боп-боз, қозғалмайды,тынысы жоқ, реанимациялық үстелге жылудың астына жатқызылды.
Нәрестеге көрсетілген шаралардың қайсысы ЕҢ алғашқы кезекте жасалу керек?
*Электросорғыш арқылы ЖТЖ тазалау
*Бет маскасы арқылы Амбу қапшығымен ЖӨВ жасау
*Жүректің тікелей емес массажы және Амбу қапшығымен ЖӨВ жасау
*+Интубация және кеңірдекті мекониальді аспиратор арқылы тазалау
*Құрғату және тактильді стимуляция жасау
#75
*!Нәрестеде ауыз қуысын, мұрынын тазалап, тактильді стимуляциядан кейін өздігінен тынысы жоқ.
Нәрестеге көрсетілген шаралардың қайсысын жасаған ЕҢ дұрыс болып табылады?
*Тері түсін бағалау
*+Жүрек соғу жиілігін бағалау *Жүректің тікелей емес массажы
*Асқазанды түтікше арқылы тазарту
*Бет маскасы арқылы Амбу қапшығымен ЖӨВ бастау
#76
*!Нәресте 4 жүктіліктен, 2 босанудан, жүктіліктің 34 аптасында мерзімінен ерте шала туылды. Апгар бағанасы бойынша 4-6 баллға бағаланды.
Көрсетілгендердің қайсысы шала туылған нәрестеге қолданатын ЕҢ нәтижелі перинаталдық көмек болып табылады?
*Жасанды дем алу аппаратын қолдану
*Түтік арқылы тамақтандыру
*Сурфактантты енгізу
*+Жылу тізбегін сақтау
*Нәресте күтіміне ана-анасының қатысуы
#77
*!Нәресте 2 жүктіліктен, 2 босанудан, жүктіліктің 32 аптасында мерзімінен ерте шала, жеңіл асфиксиямен туылды.
Шала туылған нәрестелерді күтіп баптауда оң нәтижеге қол жеткізу үшін төменде көрсетілгендердің ЕҢ дұрыс жолы қайсы?
*+«Жылу тізбегін» сақтау
*Жасанды дем алу аппаратында ұзақ болу
*Кувезде ұзақ жату
*Түтік арқылы ұзақ уақыт тамақтандыру
*Сүт қоспаларымен тамақтандыру
#78
*!Нәресте 1 жүктіліктен, 1 босанудан, жүктіліктің 34 аптасында мерзімінен ерте шала, ауыр асфиксиямен туылды. Нәресте көрсетілген реанимациялық шаралардан кейін нәрестелер реанимация бөліміне ауыстырылды.
Асфиксиямен шала туылған нәрестені күтіп баптауға көрсетілгендердің қайсысы АНАҒҰРЛЫМ кері әсер етеді?
*Инвазивті процедуралар
*Жасанды тамақтандыру
*Ауыр жағдайына байланысты оқшаулау
*Полипрогмазия
*+Гипотермия
#79
*!Амбу қапшығымен ЖӨВ жүргізгенде реаниматологтың төменде көрсетілген қай позициясы ЕҢ нәтижелі болып табылады?
*Нәрестенің тек оң жағында тұру
*Нәрестенің тек сол жағында тұру
*Нәрестенің бас жағында немесе аяқ жағында тұру
*+Нәрестенің бүйір жағында немесе бас жағында тұру
*Нәрестенің бүйір жағында немесе аяқ жағында тұру
#80
*!Мерзіміне жетіп туылған нәресте мойнынан кіндік бауымен үш рет оралып№ Туыл туылды. Туылғанда тынысы жоқ, ЖЖЖ минутына 80 рет,терісі көк, атония, арефлексия. Қағанағ суы таза.
Нәрестеге төменде көрсетілген шаралардың қайсысы ЕҢ алғашқы жасалу керек?
*Құрғату және тактильді стимуляция
*Жүректің тікелей емес массажы
*Адреналин енгізу
*Амбу қапшығы арқылы ЖӨВ
*+ЖТЖ тазалау
#81
*!Босану бөлмесінде ауыр дәрежелі асфиксиямен туылған нәрестеге дәрігер неонатологтар және акушерка алғашқы реанимациялық шаралар жүргізуде:
бет маскасы арқылы Амбу қапшығымен ЖӨВ және жүректің тікелей емес массажын жасауда. Екінші неонатолог жүректің тікелей емес массажын ЖӨВ беріп жаткан бірінші неонатологтың қимылымен бірге жасауда.
Осы жердегі ЕҢ дұрыс қимыл қайсысы?
*Бір қолымен бет маскасын ұстап тұрады
*ЖӨВ жүргізушіге кедергі келтірмеу үшін ешқандай дыбыс шығармайды
*+Кеудеге басу мен ЖӨВ жүргізуді реттеу үшін қатты дауыстап санайды
*Кеудеге басудың тұрақты ырғағы үшін ішінен санайды
*Әрбір вентиляция кеудеге басумен синхронды жүретініне сенімдікпен санамайды
#82
*!Нәресте 39 аптада асфиксияда туылды. Қағанақ суы таза. Туылғанда тынысы жоқ,ЖЖЖ минутына- 80 рет, атония. Нәрестеге алғашқы 30 секундта бастапқы реанимация қадамдарын өткізгеннен кейін бет маскасы арқылы 100% оттегімен Амбу қапшығы арқылы ЖӨВ жасалуда. 2 минутында тынысы қалпына келген жоқ, ал ЖЖЖ минутына 100 дейін көтерілді.
Нәрестеге ары қарай ЕҢ дұрысы қандай тактика жүргізген дұрыс болады?
*Амбу қапшығы арқылы ЖӨВ жалғастыру және жүректің тікелей емес массажын бастау *+Кеңірдектің интубациясын жасау, ЖӨВ интубационную түтікше арқылы жалғастыру
*Кеңірдектің интубациясын жасау, жүректің тікелей емес массажын бастау
*Бет маскасымен Амбу қапшығы арқылы ЖӨВ жалғастыру
*Адреналин енгізу
#83
*!Нәрестеге алғашқы реанимация кезінде налоксонды тағайындаудағы ЕҢ негізгі көрсеткіш қайсысы?
*Екіншілік апноэ
*Тыныс алудың ауыр тежелісі
*Оң қысымды вентиляция жүргізілсе
*+Анасына босанудың алдында 4сағаттан аз уақытта наркотик салынса
*Анасының анамнезінде преэклампсияға байланысты сульфат магний алған болса
#84
*!Нәрестеге алғашқы реанимация кезінде адреналинді көп мөлшерде немесе бикарбонат натрийды тез жібергенде болатын ЕҢ иқтимал асқыну қандай?
*Гипокалиемия
*Бірден брадикардия
*Артериалдық гипотензия
*Өкпенің созылмалы патологиясы
*+Бас сүйегі ішіне қан құйылу
#85
*!Нәресте жүктіліктің 38-39 аптасында, Апгар бағанасы бойынша 3-4 баллмен, ауыр асфиксияда туылды. Босану кезінде ауыр дәрежелі преэклампсия фонында қан кетуге байланысты бала жолдасының ерте ажырауы байқалды.Сусыз аралық 6 сағатты құрады және суы қан аралас. Реанимация шараларынын нәтиже жоқ, Амбу қапшығы арқылы ЖӨВ мен жүректің тікелей емес массажына қарамай нәресте тежелген,боп-боз.
Көрсетілген шаралардың қайсысы ЕҢ дұрыс келесі қадам болып табылады?
*СРАР
*Аппаратты ИВЛ
*10% глюкоза ерітіндісін көк тамырға енгізу
*5% альбуминді көк тамырға енгізу
*+О(I),Rh(-) эритроцитарлық массаны құю
#86
*!Нәрестенің алғашқы реанимациясы кезінде ерітінділер ЕҢ жиі қандай мақсатта құйылады?
*Дегидратация мақсатында
*Орнын басу мақсатында
*+Жалпы айналымдағы қанды толтыру үшін
*Ацидозды коррекциялау мақсатында
*Ұрықтың жоғалтқан қан мөлшерін толтыру мақсатында
#87
*!Төменде берілгендер ішінде қайсысы босану бөлмесінде нәрестеге алғашқы реанимациялық шаралардың бастапқы қадамдарында ЕҢ маңызды болып табылады?
*Тактилді стимуляция
*Тыныс алу жолдарын босату
*Дұрыс жатқызу
*Босану бөлме температурасын 280 сақтау
*+Босану бөлме температурасын 280сақтау, құрғату, ылғал жаялықты алып тастау
#88
*!Төменде берілгендерден шала туылған нәрестелердің реанимациясы кезінде ЕҢ маңызды және нәтижелі іс-әрекет қандай?
*Жоғарғы тыныс жолдарының санациясы
*Жүректің тікелей емес массажы және адреналин енгізу
*Амбу қапшығымен нәресте өкпесін желдету,сурфактантты эндотрахеальды енгізу
*Реанимацияның барлық этаптарында кеңірдекке интубациясын жасау
*+Оң қысыммен эффективті желдету, сурфактантты эндотрахеальды енгізу
#89
*!Төменде көрсетілгендер ішінде экстремальды төмен салмақпен шала туылған нәрестенің алғашқы минутында көрсетілетін реанимация алгоритміндегі ЕҢ маңызды кешен қандай?
*Жоғарғы тыныс жолдарын тазарту
*Сурфактантты эндотрахеальды енгізу
*Жүректің тікелей емес массажы және адреналин ентізу
*Амбу қапшығымен нәресте өкпесін желдету
*+ЭТС шала туылған нәрестені түссіз «полиэтиленді капшыққа» қабылдау
#90
*!Төменде көрсетілген симптомокомплектің қайсысы жаңа туылған нәресте өмірінің алғашқы минутындағы гиповолемияға АНАҒҰРЛЫМ тән?
*Метоболическалық ацидоз, отсутствии брадикардияның болмауы, терінің боздығы
*Шеткері вазоконстрикция,метоболикалық ацидоз, терінің боздығы
*Әлсіз пульс, тыныс алу бұзылыстары, терінің боздығы
*Оң «ақ дақ» симптомы, тыныс алу бұзылыстары, терінің боздығы
*+Әлсіз пульс, оң «ақ дақ» симптомы, терінің боздығы
