Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Без хир без реан без фтиз без кф.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.83 Mб
Скачать

*Электив «Бала дәрігері тәжірибесіндегі буындық синдромы»*1*10*

#1

*! Ревматикалық полиартрит мына буындардың қабынуымен көрінеді:

* омыртқа бағанының бел бөлімінің

* аяқ қолдың ұсақ буындарының

*+аяқ қолдың ірі буындарының

* қабырға төс буындарының

* омыртқаның бағанының мойын бөлімінің

#2

*! Қай ауруға ерте екіжақты сакроилеит тән?

* ревматоидтық артрит

*+Бехтерев ауруы

* Рейтер ауруы

* бруцеллез

* остеоартроз

#3

*! Персистирлеуші біржақты сакроилеит келесіге тән:

*+Рейтер синдромына

* Бехтерев ауруына

* подаграға

* остеоартрозға

* остеопорозға

#4

*! Ювенильді ревматоидты артритке мына буын зақымдануы тән:

* тізе

* тобық

* шынтақ

* жамбас-сан

*+қол мен аяқтың майда буындары

#5

*! Созылмалы сарыпта ең жиi зақымдалады:

* тыныс алу мүшелерi

*+тiректi- қимыл аппараты

* асқорыту жүйесi

* бүйректер мен зәр шығару жүйесi

* қан түзiлу жүйесi

#6

*! Жүйелi қызыл ноқтаның диагностикалық критерийлерiне кiредi:

 анкилоздар, бүгiлу контрактуралары

 таңертеңгi құрысу, артрит

+ нефрит, дискоидты бөртпе, артрит

 пустулалы бөртпе, бұлшық ет атрофиясы

 миозит, Рейно феноменi

#7

! Сан сүйегінің басының остеохондропатиясының аттас атауы қандай?

*+Легга-Кальве-Пертес ауруы

* Шинца-Хагсгунд ауруы

* Шейермана-Мау ауруы

* Осгуда-Шлаттер ауруы

* Кениг ауруы

#8

! Асықты жіліктің дөңесті бөлігінің остеохондропатиясының аттас атауы қандай:

* Шинц-Хагсгунд ауруы

*Легга-Кальве-Пертес ауруы

* Шейерман-Мау ауруы

*+ Осгуд-Шлаттер ауруы

* Кениг ауруы

#9

! Сүйек-буын туберкулезінің жиі зақымдайтын орны

*тізе буындары

*+омыртқа

* шынтақ буындары

* алақан, табан буындары

* иық буындары

#10

! 10 жасар балада – экзофтальм, глаукома, аорта түбірінің дилатациясы, сан сүйегі қисаюы, буындар контрактурасы. Болжам диагноз:

* +Марфан синдромы

* Элерс – Данлос синдромы

* аяқталмаған остеогенез

* Рейтера синдромы

* Мерфи синдромы

*Электив «Бала дәрігері тәжірибесіндегі буындық синдромы»*2*40*

#11

*! 8 жасар қыз баланың сол тізесі ауырады, физикалық жүктемеден соң ентігу, t-37,8оС. 2 апта бұрын – лакунарлық баспа. Жүрек шекарасы солға жылжыған, І-үн көмескі, жүрек ұшында систолалық шу. Сол тізе буыны ісінген, басып қарағанда ауырады, сол жақ тізе буыны ауыра бастады. Анамнезінде жиі баспамен ауырады. Төменде көрсетілген болжам диагноздарының қайсысы ЕҢ ықтимал?

* реактивті артрит

* ювенильді ревматоидты артрит

* миокардит жедел

*+ревматикалық қызба

* инфекциялық эндокардит

#12

*! 10 жасар бала. Кезекті баспадан кейін әлсіздік пайда болды. Жүрек шекарасы солға және жоғары ұлғайған. Жүрек ұшында I-тон әлсіреген, жүрек ұшында үрлеген систолалық шу, қолтық астына беріледі. Төменде көрсетілген болжам диагноздарының қайсысы ЕҢ ықтимал?

* жедел миокардит

* трикуспидалды қақпақшаның жетіспеушілігі

* аортальды қақпақшаның жетіспеушілігі

* митральды қақпақшаның стенозы

*+жедел ревматикалық қызба

#13

*! 10 жасар қыз бала. Тізе буындары ауырады, әлсіздік. Кезекті баспадан кейін: субфебрилитет, тізе буындарының артриті. Жүрек шекаралары солға қарай кеңіген. Жүрек ұшында I-тон әлсіреген, үрлеген тәрізді систолалық шу.

Төменде көрсетілген болжам диагноздарының қайсысы ЕҢ ықтимал?

* инфекциялық эндокардит

* қарыншааралық перденің дефекті

*+ревматикалық қызба

* митралды қақпақшаның пролапсы

* ювенильді ревматоидты артрит

#14

! 12 жасар қыз бала. Тізе буындарының ісінуіне, дене қызуының 37,5ºС дейін жоғарылауына шағымданады. Баспадан 14 күннен кейін ауырды. Бозарған, буындары ісінген, қозғалысы ауру сезімімен. Жүрек рентгенде солға 1,5 см ұлғайған. Жүрек ұшында үрлеген систолалық шу естіледі, тахикардия. Төменде көрсетілген болжам диагноздарының қайсысы ЕҢ ықтимал?

* ювенильды ревматоидты артрит

* жедел миокардит

*+жедел ревматикалық қызба

* жүйелі қызыл ноқта

* Рейтер ауруы

#15

*!16-жасар жасөспірім омыртқаның кеуде бөліміндегі сыздаған ауру сезіміне шағымданады. Температура қалыпты. Қан сынағында қабыну өзгерістері жоқ. Сүйек тіні минералдық тығыздығы жасына сәйкес. Омыртқа рентгенографиясында омыртқаның кеуде бқлімінің кифоздық деформациясы анықталды және омыртқалар формасы сүйірленген. Төменде көрсетілген болжам диагноздарының қайсысы ЕҢ ықтимал?

* Рейтер ауруын

* Бехтерев ауруын

* анкилоздаушы спондилит

* идиопатиялық остеопороз

*+Шейерман-Мау остеохондропатиясы

#16

*! 13 жасар ұл балада оң тізе буыны ісінген, ондағы қозғалыс шектелген, ауырсынумен. Осыған дейін 1 апта бұрын бала зір шығаруындағы ауырсынуды, конъюнктивит белгілерін байқаған. Төменде көрсетілген болжам диагноздарының қайсысы ЕҢ ықтимал?

* рематикалық қызба

* Бехчет ауруы

*+Рейтер ауруы

* ревматоидтық артрит

* Висслер-Фанкони синдромы

#17

*! Бала 6 жасар. Температурасы 38,50С, тізе буыны, әсіресе сол тізе буынының ісіңкілігі мен таңертеңгілік құрысуы, ауырсынуы бар. Алғаш рет 7 ай бұрын ауырғанғ жүрісі бұзылған, оң тізе буыны ісінген, 2 айдан соң – артрит, таңертеңгілік құрысу пайда болды. Сол жақ тобық, оң тізе буыны мөлшері ұлғайып, ұстағанда ыстық. Қозғалыста мойын омыртқаларында ауырсыну бар. Перифериялық лимфа түйіндері II-III өлшемге дейін ұлғайған. ЖҚС – L-15 *109/л, ЭТЖ – 47 мм/сағ. Төменде көрсетілген болжам диагноздарының қайсысы ЕҢ ықтимал?

* ювенильдік созылмалы артрит

*+ЮРА, Стилл варианты

* жаралы колиттегі артрит

* ревматизм

* Рейтер ауруы

#18

*! Жедел симметриясыз артрит, әсіресе энтезопатиялармен табан бурситтерімен аяқ буындарының, хронологиялық зәр-жыныс немесе ішек инфекциясымен байланысты, екіжақты конъюнктивит – келесіге тән:

* ювенильді идиопатиялық (ревматоидты) артритке

*+Рейтер ауруына

* ювенильді анкилоздаушы спондилоартритке

* Висслер-Фанкони синдромына

* ювенильді остеохондропатияға

#19

*! 13 жасар жасөспірім. Тізе буынының төменгі бөлігіндегі ауру сезіміне шағымданады. Қарағанда үлкен сан сүйегінің бұдырлы аймағында ісіңкілігі мен басқанда ауырсынуына, қатты жерге тізесімен тұрғанда күрт күшейетіні анықталады. Рентгенде үлкен сан сүйегі бұдырлы аймағының құрылымдық суреттің бұзылуы анықталады. Төменде көрсетілген болжам диагноздарының қайсысы ЕҢ ықтимал?

* ювенильдік идиопатиялық (ревматоидтық) артритте

* Рейтер ауруында

* ювенильді анкилоздаушы спондилоартритте

* Висслер-Фанкони синдромында

*+Осгуд-Шлаттер ауруында

#20

*! Ұл бала 5 жаста. Дене қызуының 37,5 С-ке дейін көтерілуі, буындағы ауыру сезімі мазалайды. Ауруы 3 айдан бұрын басталды. Таңертеңгілік құрысу пайда болды. Екі тобық және оң тізе буыны көлемі ұлғайған, ауырады, жүрісі өзгерген. Шап, тізе асты лимфа түйіндері II-III өлшемге ұлғайған. ЖҚС – лейкоциттер-15 *109/л, ЭТЖ – 27 мм/сағ.

Аталған аурулардың ішінде қайсысы ЕҢ ықтимал?

* ревматикалық қызба

*+ЮРА, буындық варианты

* Стилл ауруы

* ЮИА, жүйелі вариант

* реактивті артрит

#21

*! 11 жасар ұл бала. 6 ай бойы ауырады. Объективті: екі тізе буыны үлкейген, ұстағанда ыстық, буындағы қозғалысы шектелген, аурыру сезімімен. Тобық және шынтақ буындары артриті. Таңертеңгілік құрысу. Аталған аурулардың ішінде қайсысы ЕҢ ықтимал?

* реактивті артрит

* жұйелі қызыл ноқта

*+ювенильдік ревматоидты артрит

* Рейтер ауруы

* бруцеллезді артрит

#22

*! 9 жасар қыз бала. Ауырғанына 6 ай болды. Объективті: бозғылт, алақан мен табаны тершең, эмоционалдық лабильділік. Аяғының фалангааралық буындарында, сол тобық буынында ауры сезімі пайда болды. Таңертеңгілік құрысу соңғы 3 айдай. Аяғының фалангааралық буындарында, сол тобық буынында ісіңкілік. Олардағы қозғалыс аурысынумен, шектелген. Ішкі ағзалар жағынан өзгерістер жоқ.

ЖҚС: эритр - 3,9 *1012/л, т.к- 0,8; Нв -110 г/л; лейк-9,0 *109/л; э-3, п-4, с-63, л-38, м-5; ЭТЖ 30 мм/сағ. Қан биохимиясында: сиал сынағы 300 бірлік., СРБ++.

Төменде көрсетілген болжам диагноздарының қайсысы ЕҢ ықтимал?

* бруцеллезді артрит

* Рейтер синдромы

* ревматикалық қызба, полиартрит

*+ювенильдік идиопатиялық артрит, буындық вариант

* жүйелі қызыл ноқта

#23

*! 15 жастағы ер баланың балтырында ауру сезімі, асықты жіліктің төмпешігінде ісіну және ауру сезімі байқалады. Рентген суретте төмпешіктің құрылымы анық емес, секвестр тәрізді үзінді бар, төмпешік пен метафиз арасындағы шеміршек ұлғайған, осы симптомдар қай ауруға тән:

  • Олбрайт

  • Блант

  • +Осгуд-Шлаттер

  • Гофф

  • Шинц-Хагсгунд

#24

*! 10 қызда ұсақ саусақтарының артриті бұлшық еттерінің атрофиясымен, қатан таңдайдағы энантема. Стоматит белгілері, шаштың түсуінің үдеуі. Ентігі, үнемі құрғақ жөтел. Өкпеде әлсіз тыныс, төменгі бөліктерінде ылғалды сырылдар. Жүрек үндері тұйықталған, тахикардия. Гемограммада: ЭТЖ 65 мм/сағ., лейкопения, нейтрофилёз. Төменде көрсетілген болжам диагноздарының қайсысы ЕҢ ықтимал?

*+жүйелі қызыл ноқта

* дерматомиозит

* ювенильді ревматоидты артрит

* түйінді полиартериит

* жүйелі склеродермия

#25

*! Науқас 14 жаста – соңғы айларда қатты арықтаған. Субфебриллитет, артрит, алақандарының капилляриті, Рейно синдромы, бет терісінде полиморфты бөртпелер анықталды. Ісіктер, протеинурия, гломерулонефрит. Хазерик триадасы оң.

Төменде көрсетілген болжам диагноздарының қайсысы ЕҢ ықтимал?

*+ дерматомиозит

* ювенильді ревматоидты артрит

* түйінді полиартериит

*жүйелі қызыл ноқта

* жүйелі склеродермия

#26

*! 12 қыз бала бір ай көлемінде ауырады: әлсіздік, діңкестік, артралгия, арықтаған, шашы түсе бастады. Кеңірсегі мен бетінде эритема, Т – 38,С. Артрит. Қанында жоғарылаған ЭТЖ, гиперпротеинемия, гипергаммаглобулинемия, лейкопения.

Төменде көрсетілген болжам диагноздарының қайсысы ЕҢ ықтимал?

* ревматикалық қызба

* ювенилді ревматоидты артрит

*+жүйелі қызыл ноқта

* дерматополимиозит

* жүйелі склероз

#27

*! Тері мен қол саусақтарының тері асты қабатының атрофиясы, бетінде мимика бұзылған, қызба жоқ, кейде артралгія.Гемограммада- өзгерістер жоқ. ЭТЖ жоғарыламаған.

Төменде көрсетілген болжам диагноздарының қайсысы ЕҢ ықтимал?

* дерматополимиозит жоғары дерматитпен

* ювенильді ревматикалықартрит, буындық түрі

* жүйелі қызыл жегі, І дәрежелі белсенді

* түйінді полиартерит, перифериялық формасы

*+ жүйелі склероз, акросклеротикалық түрі

#28

*! 10 жастағы қыз бала. Қолы мен аяғының әлсiздiгiне шағымданады. Қарап тексергенде екi қабағында көкшiл түстi эритема. Сирақ пен қол бұлшық еттерiнiң пальпациясында қамыр тектес тығыздануы мен ауру сезiмi анық байқалады. Төсектен тұруы мен жүруi қиын. Төменде көрсетілген болжам диагноздарының қайсысы ЕҢ ықтимал?

*+дерматополимиозит

 жүйелi қызыл ноқта

 жүйелi склероз

 түйiндi полиартерит

 аллергиялық дерматит

#29

*! 10 жастағы қыз бала. Қолы мен аяғының әлсiздiгiне шағымданады. Қарап тексергенде екi қабағында көкшiл түстi эритема. Сирақ пен қол бұлшық еттерiнiң пальпациясында қамыр тектес тығыздануы мен ауру сезiмi анық байқалады. Төсектен тұруы мен жүруi қиын. Төменде көрсетілген болжам диагноздарының қайсысы ЕҢ ықтимал?

*+дерматополимиозит

 жүйелi қызыл ноқта

 жүйелi склероз

 түйiндi полиартерит

 аллергиялық дерматит

#30

*! Ер бала 12 жаста, дене қызуының 2 апта бойы жоғарылауына, бастың ауруына, шаршағыштыққа шағымданады. Дене қызуы күнделiктi, кеш уақытыында максимальды 38,5-38,8 градусқа дейiн жоғарылайды. Дене қызуы төмендеген соң қатты тершеңдiк мазалайды. Қарау кезiнде жалпы жағдайы орташа ауыр дәрежелi. Гепатомегалия анықталды, бауырдың төменгi жиегi +1,5+2 см, тығыз-эластикалық консистенциялы. Анамнезден қосымша, баланың 1 ай бұрын ауылда туысқандарда қонақта болғаны, жаңа туылған лақтармен ойнағаны, шикi сүт iшу мен үй сүзбесi және қіұрт жегенi анықталды. Төменде көрсетілген болжам диагноздарының қайсысы ЕҢ ықтимал?

* бактериальды флорамен асқынған жедел респираторлы-вирусты инфекция

* +жедел сарып, орташа ауыр түрi

* ревматикалық шабуыл

* листериоз, жайылмалы түрi, созылыңқы ағым

* вирусты гепатит, жедел ағым, ауыр түрi

#31

*! Науқас С., 9 жаста, ауруының 14-i күнi ауруханаға түскен кездегi шағымдары: әлсiз бас ауруы, әлсiздiк, дене қызуының көтерiлуi, тершең, қалтырау. Эпидемиологиялық анамнез - ауыл тұрғыны, қайнатылмаған сүт iшедi .Объективтi: түскен кезде - ауырлық жағдайы орташа, дене қызуы 38,10С, терi қабаты бозғылт, тершең, микрополиаденит. Өкпесiнде - қатаң тыныс, жүрек соғысы тұйықталған, тахикардия. Iш палпациясы кезiнде жұмсақ, ауру сезiмi жоқ, бауыр өлшемi +2 +2 +2 см, көк бауырдың шетi палпация кезiнде сезiледi. Гемограммада - Нв-115 г/л, Эр-3,5х1012/л , СОЭ-10мм/ч, Л-3,0х109/л , п-1, сег-35, л-58, м-7. Төменде көрсетілген болжам диагноздарының қайсысы ЕҢ ықтимал?

* безгек

* iш сүзегi

* сарып

* +жалған туберкулез

* туберкулез

#32

*! 13 жастағы қыз бала оң жақ тізе буынындағы ауру сезіміне, дене температурасының 39С дейін жоғарылауына, микрополиаденияға, гепатоспленомегалияға шағымданады.Ауылда тұрады, қайнатылмаған сүт ішеді. Төменде көрсетілген болжам диагноздарының қайсысы ЕҢ ықтимал?

*иерсиниоз, жайылған түрі

*листериоз, септикотифоидты түрі

*жедел бруцеллез, орташа ауырлықты түрі

*+жеделдеу бруцеллез

*псевдотуберкуллез, жайылмалы түрі

#33

! 9 жастағы ер бала ауруының 4 күні тамағындағы ауру сезіміне, дене температурасының 39С дейін көтерілуіне шағымданды. Аңқасында айқын гиперемия, бездері ұлғайған, жұтқыншақтың төменгі қабырғасында түйіршіктер анықталады. Полилимфаденит, гепатоспленомегалия, көзінің және таңдайының шырышты қабатының аздаған сарғаюы. 2 рет шырышты сұйық нәжіс анықталады. Гемограммада аздаған нейтрофилді лейкоцитоз. Төменде көрсетілген болжам диагноздарының қайсысы ЕҢ ықтимал?

* жедел вирусты гепатит

*+иерсиниоз

*ЖРВИ+гепатит

* созылмалы тонзиллит, өршуі

* жұқпалы мононуклеоз

#34

*! Ер бала 5 жаста. Шағымдары: әлсіздік, қызыл иегінің қанталауы, мұрнынан қан кету. Қарап тексерген кезде: мойын, қолтық асты лимфа түйіндерінің ұлғаюы. Көкбауыры қабырға доғасының астынан 2см төмен пальпацияланады. Жалпы қан анализінде: бластты жасушалар- 49%, сегмент ядролы лейкоциттер- 27%, лимфоциттер - 19%, моноциттер - 5%. Гликогенге цитохимиялық реакция – оң.

Төменде аталғандардан ЕҢ ықтимал диагнозы қандай:

* созылмалы лейкоз

*+жедел лимфобластты лейкоз

* миелодиспластикалық синдром

* жедел лимфобластты емес лейкоз

* жедел дифференцирленбеген лейкоз

#35

*!7 жасар бала тобық буынында ауру сезімінің, ісінуін, аяқтарында ұсақ нүктелі бөртпелердің пайда болуын айтады. Гемограммада: тромбоциттер–180х109/л, қан ағу уақыты – 4 минут, қан ұю ретракциясы өзгермеген, протромбин индексі–90%, АПТВ–45 с, фибриноген–5 г/л. Зәрінде: белок –0,05 г/л, эритроциттер–50 к/а.

Төменде аталғандардың ішінен ЕҢ ықтимал болжам диагнозы қандай:

    • Тромбоцитопениялық пурпура

    • +Геморрагиялық васкулит

    • Рандю-Ослер ауруы

    • Виллебранд ауруы

    • Гемофилия

#36

*! Науқас 8 жаста, ішінің ауру сезіміне, буындарының ісінуіне, бөртпелерге шағымданады. 2 апта бұрын ЖРВИ-мен ауырған. Аяқтарында және бөксесінде дақты-папулезді бөртпелер, симметриялы, басқан кезде жоғалмайды, қышымайды. Тізе буынының ауырғыштығы және ісінуі, іштің терең пальпациясы кезінде ішперденің тітіркену симптомы жоқ, бауыры мен көкбауыры ұлғаймаған. Қан анализінде: шамалы нейтрофилезбен лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылаған (29 мм/сағ).

Төменде аталғандардың ішінде ЕҢ ықтимал болжам диагнозы қандай:

*Тапшылықты анемия

*+Геморрагиялық васкулит

*Тромбоцитопениялық пурпура

*Гемофилия

*Виллибранд ауруы

#37

*! Бала 10 жаста, оң жақ тізе буынының гемартрозы анықталады. Туылғаннан гематомалар пайда болып тұрады. Төменде көрсетілген болжам диагноздарының қайсысы ЕҢ ықтимал?

  • Темір тапшылықты анемия

  • +А гемофилиясы

  • Геморрагиялық васкулит

  • Талассемия

  • Орақ тәрізді-клеткалы анемия

#38

*! Ер бала 1 жаста. Шағымы: оң аяқ тізе буынының ісінуі және ауырсынуы. Анасының айтуы бойынша, көгерулер мен гематомалар бала жүре бастағанда пайда болған. Анамнезінде: нағашы атасы қан ауруымен ауырады. ЖҚА-патология жоқ.

Төменде көрсетілген болжам диагноздарының қайсысы ЕҢ ықтимал?

  • Геморрагиялық васкулит

  • +Гемофилия

  • Тромбоцитопениялық пурпура

  • Темір тапшылықты анемия

  • Виллибранд ауруы

#39

*! 13 жастағы ер бала сол ұршық буынындағы ауру сезіміне, жүрісінің өзгеруіне шағымдануда. Жарты жыл ауырады. Анамнезі асқынбаған. Тексеру кезінде сол сан бұлшық етінің аздаған атрофиясы, ұршық буынын бүгу мен жазуы бұзылмаған, аздаған өзгермелі контрактура, буындардың ротациялық қимылының шектелуі. Анатомиялық қысқарулар жоқ. Қан анализінде қабыну белгілері жоқ. Рентген суретінде өсу зонасының қожырауы, буын қуысы мен басы өзгермеген.

Төменде көрсетілген болжам диагноздарының қайсысы ЕҢ ықтимал?

* іштен біткен coxа vаrа

* сан сүйегі ұршығының іштен біткен шығуы.

* жасөспірімдік эпифизеолиз

* +Легга-Кальве-Пертес ауруы

* туберкулезді коксит

#40

*! 13 жастағы ер бала, арқасындағы ауру сезіміне, жауырындарының арасындағы күйдіріп ауру сезіміне шағымданады. Тексеру кезінде аздап ұлғайған кеуделік кифоз, тізе буынын бүкпей жерден заттарды ала-алмайды, мысалы 25см. Рентгенограмманың қиғаш проекциясы: апофиздер фрагментациясы, терең емес Шморль жарықтары (6 омыртқаның аздаған жіңішкеруі).

Төменде көрсетілген болжам диагноздарының қайсысы ЕҢ ықтимал?

*+ Шейерман-Мау ауруы

* анкилоздаушы спондилоартропатия

* туберкулезды спондилит

* іштен біткен сколиоз

* жасөспірімдік остеохондроз

#41

*! 14 жастағы спортшы ер балада тұру, бүгілу кезіндегі тізе буындағы ауру сезіміне шағымданады. Тексеру кезінде асықты жіліктің дөңесінде – ісіну, ұлғаю, қалыңдауы мен сіңірдің үлкеюі анықталады.

Төменде көрсетілген болжам диагноздарының қайсысы ЕҢ ықтимал?

* реактивті артрит

* ювенилді идиопатиялық артрит

* туберкулезді гонит

* Рейтер ауруы

* +Осгуд-Шлаттер ауруы

#42

*! 7 жастағы қыз балада өкше бұдырлары аумағында жедел ауру сезімі, әсіресе күш түскенде (жүргенде, жүгіргенде). Қабыну белгілерінсіз өкше бұдырларында – ісіну бар. Пальпация немесе бүгу кезінде табанында интенсивті ауру сезімі пайда болады. Жүргенде өкшесін көтеріп жүреді.

Төменде көрсетілген болжам диагноздарының қайсысы ЕҢ ықтимал?

* реактивты артрит

* ювенилді идиопатиялық артрит

*+Шинц ауруы

* энтезит-ассоциияланған артрит

* Рейтер ауруы

#43

*! Бала Ю., 7 жаста салмақ жоғалту, мазасыздық, субфебрилді температура, перифериялық лимфа түйіндері ұлғайғауы, оң жақ төменгі бөлігінің бұзылысы – жүру кезінде аяғы тартылады, ауру сезімі жоқ. Объективті: оң жақ тізі буыны ұлғайған, буын контуры жұмсарған, оның айналасындағы тері түсі жылтыр, буын «ұршық» тәрізді формада. Рентгенологиялық – оң жақ жамбас эпифизы мен үлкен сан сүйегінің остеопорозы, буын саңылауының тарылуы. Қосымша тексеру кезінде: Манту сынамасы – 15мм. Диаскинтест -17 мм.

Төменде көрсетілген болжам диагноздарының қайсысы ЕҢ ықтимал?

*Созылмалы синовит

* +Тізе буынының туберкулезы (гонит)

* Эпифизарлы остеомиелит

* Сүйек эпифиздерінің ісігі

* Ревматоидты артрит

#44

*! 11 жастағы бала, тұмаумен ауырғаннан кейін интоксикация белгілері сақталуда, әсіресе дене температурасының кешкі уақытта көтерілуі, түнгі тершеңдік. Оң жақ ұршық буының басында тұрақты емес, кейіннен тұрақты түрдегі оң жақ мықын және тізе буынына берілетін ауру сезімі. Тексеру кезінде: ұршық буынының пальпациясы кезінде ауру сезімі, жұмсақ тіндерде шектелген инфильтрат. Рентгенограммада: оң жақ ұршық буының метафизінде дөңгелек көлемді қуыс анықталады, сау сүйектен склеротикалық шетімен бөлінген, деструкция ошағында – казеозды массалар. ТЕ- мен Манту сынамасында – везикуло- некротикалық реакция.

Төменде көрсетілген болжам диагноздарының қайсысы ЕҢ ықтимал?

*ұршық буының эхинококкозы

*+ ұршық буының туберкулезы (коксит)

* Эпифизарлы остеомиелит

* Сүйек эпифиздерінің ісігі

* Пертес ауруы (жасөспірімдер остеохондропатиясы)

#45

! Балада оң жақтық туберкулезды бронхоаденит инфильтрация сатысы диагнозы қойылды. Оң санның сыртқы бөлігінде қамыр тәрізді тартылған ақ түсті ісік анықталады. Жүру кезінде аяғының тартылуы және ақсаңдау анықталады. Ауру сезімі жоқ. Тексеру кезінде: сау аяғының тізе буынына қарағанда оң тізе буының көлемі ұлғайған, мықын көлемі кішірейген. Ауырған аяқта сау аяққа қарағанда тері және теріасты май қатпары қалыңдаған (Александрова симптомы). Оң тізе буының рентгенограммасында: буын капсуласы жуандаған, мықын сүйегінің сүйектік шеттері бұзылған, сүйек саңылауы тарылған. Төменде көрсетілген болжам диагноздарының қайсысы ЕҢ ықтимал?

* гемофиллия

*+ тізе буының туберкулезі (гонит)

* Понсе псевдоревматизмі

* Ревматикалық артрит

* Жарақатттық гонит

#46

*! Бала фтизиатрда туберкулезді науқаспен қатынаста болғанына байланысты тіркеуде тұрады, химиопрофилактика тағайындалды, химиопрофилактика препараттарын қабылдамаған. Соңғы кездері дене температурасы көтерілуде, сол аяғының сирақ- асық буынында ауру сезімі пайда болды, жүру мен тұру кезінде қиындықтар бар. Тексеру кезінде: тобық буын аймағындағы ахилл сіңірі мен айдаршық қалыңдаған, жалпақ табан. Рентгенограммада: асық сүйегінің эпифизінің төменгі бөлігінің остеопорозы, буын саңылаулары тарылған.

Төменде көрсетілген болжам диагноздарының қайсысы ЕҢ ықтимал?

* Созылмалы синовит

* +тобық буының туберкулезі

* жедел остеомиелитом

* Жалпақ табандылық

* Ревматизм

#47

*! Жасөспірім төменгі бөлігінің жарақатынан кейінгі жамбас буынында ұлғайған ауру сезіміне шағымданып дәрігерге келді. Аяқтарына күш түскенде ауру сезімі ұлғаяды. Тексеру кезінде: жергілікті температурасы күшейген, терісі қызармаған, бұлшықеттердің гипотрофиясы мен гипотониясы. МРТ-да оң жақ жамбас буынында остеопороз, буынаралық саңылаудың тарылуы, эпифиз қуысының ыдырауы. Диаскинтест – 15мм.

Төменде көрсетілген болжам диагноздарының қайсысы ЕҢ ықтимал?

* оң жақ жамбас буының деформациялық артрозы

* оң жақ жамбас буының остеомиелиті

*+ оң жақ жамбас буының туберкулезі

* оң жақ жамбас буының остеоартрозы

* спецификалық емес оң жақты полиартрит

#48

*! 10 жасар балада экхимоздар, жүрекше аралық перде ақауы, туа пайда болған жамбас –сан буынының шығуы, II дәрежелі сколиоз, жалпақ табандылық анықталды. Төменде көрсетілген болжам диагноздарының қайсысы ЕҢ ықтимал?

* аяқталмаған остеогенез

* Марфан синдромы

* Гордон синдромы

* Филатов синдромы

* +Элерс – Данлос синдромы

#49

*! 5 жасар балада – ұзын бойы, готикалық таңдай, үшжармалы қақпақшаның пролапсы, шат жарығы, артрит, терінің жоғары созылғыштығы анықталды. Төменде көрсетілген болжам диагноздарының қайсысы ЕҢ ықтимал?

* +Марфан синдромы

* Жильбер синдромы

* Брадер – Вилли синдромы

* аяқталмаған остеогенез

* Элерс – Данлос синдромы

#50

*! 11 лет жасар балада – бойы ұзын, склералары көкшіл, анизокория, митральды қақпақша пролапсы, жіңішке бет сүйегі, сіңірлердің жоғары мобильділігі анықталды. Төменде көрсетілген болжам диагноздарының қайсысы ЕҢ ықтимал?

*+ Марфан синдромы

* Рейтер синдромы

* Швахман – Даемонд синдромы

* аяқталмаған остеогенез

* Жильбер синдромы