- •3. Кәсіптік білім беру проблемасына өз үлестерін қосқан ғалымдар?
- •2.Ақпараттық оқыту технологиялары
- •2Жоғары білім берудің мақсаты неде?
- •1.Оқыту әдістерінің жіктелуі
- •2. Қашықтықтан оқыту технологиясы
- •Кәсіптік оқыту әдістері
- •Емтихан билеті 11
- •Емтихан билеті 12
- •Емтихан билеті 13
- •Емтихан билеті 14
- •Емтихан билеті 15
- •16 Билет
- •1. Өндірістік оқыту әдістемесі
- •2. Дамыта оқыту технологиясын оқу процесінде пайдалану жолдары мен мүмкіндіктері
- •3. Әлеуметтік – педагогикалық потенциал дегеніміз не?
- •17 Билет
- •1. Жаттығу - оқыту әдістемесі ретінде қойылатын талаптар
- •2. Модульдік оқыту технологиясы
- •3. Кәсіптік педагогикалық білім беру дегеніміз не?
- •18 Билет
- •1. Оқу бағдарламасын әзірлеуге қойылатын негізгі талаптар
- •2. Оқытудың ақпараттық технологиясы
- •3. Кәсіптік біліктілік дегеніміз не?
- •19 Билет
- •1. Оқулықпен және кітаппен жұмыс істеу әдісі
- •2. Қашықтықтан оқыту технологиясын жүзеге асыру жолдары
- •3. Педагогикалық іс – әрекет дегеніміз не?
- •20 Билет
- •1. Кәсіби оқыту қағидаларының ерекшеліктері
- •2. Проблемалық оқытудың негізгі идеясы
- •3. Педагогикалық іс – әрекеттер қандай құрылымдардан тұрады?
- •2. Жобалау технологиясының талаптары
- •1. Оқу процесін ұйымдастыру формалары
- •2. Педагогикалық технологияның жалпы сипаттамасы
- •2. Ынтымақтастық педагогикасының жүзеге асу кезеңдері
- •3. Кәсіби білім берудің негізгі міндеті
2. Ынтымақтастық педагогикасының жүзеге асу кезеңдері
Ынтымақтастық – бір мақсатқа жетуге бағытталған, бірлескен іс-әрекет. Оған керекті жағдайлар:мақсаттың бір екенін анық сезіну;ынтымақтасушы жақтардың қызметін дәл белгілеу;мақсатқа жету үшін мұғалім мен оқушылардың, т.б. педагогикалық процеске қатысушылардың бір-біріне көмек беруі.Ынтымақтастық педагогикасының пайда болуына себеп болған оқушылардың білім деңгейінің төмендігі, кеңес педагогикасының баланың еркін және жан-жақты дамуын тежеп, талантын басуы.Ынтымақтастық педагогикасы баланың психикасының саулығын сақтап, күштеп оқытуға, формализмге қарсы шығып, баланы оқуға ынталандырып, табысқа деген сенімін нығайтып, жазалаудың ауыр түрлерін мүлдем қолданбайды, адамгершілік пен ынтымақтың бала өмірінде үлкен маңызы бар екенін жете түсінеді.Ынтымақтастық дағдысы мен іскерлігін қалыптастыру бойынша жұмыс бірнеше кезеңдер арқылы жүзеге асады:І кезең – оқыту процесіне қатысушылардың тренингтерді, өзара оқыту және шағын сабақтарды ұйымдастыру арқылы аталған іскерлікті меңгерудің қажеттілігін сезінуі;ІІ кезең – оқушылардың бір-бірін біріккен әрекетке қатыстыруға қолдауды, жауаптарды жалпылауды, қорытындылауды, пікірлерді сынауды, жаңа материалды өткен материалмен байланыстыруды түсінуі. Аталған іскерлікті игеру, ақыл-ой ойындары мен тренингтердің көмегімен жүзеге асады және бақылаудың жеке парағына мұғалім немесе оқушы белгілейді;ІІІ кезең – мұғалімнің қарым-қатынас жағдайларына байланысты жағдаяттарды құруы, топтық тапсырмаларды өңдеуі (ақпаратты өзара алмасу, жасалған жұмыс бойынша есеп беру, оны бақылаушы топпен бағалау);IV кезең – мұғалімнің оқушыларды іскерлікті оқу құралдарының көмегімен әрі қарай меңгеруін қолдауы.
3. Кәсіби білім берудің негізгі міндеті
Кәсіби білім беру - өнеркәсіп, ғылым, техника және мәдениеттің әртүрлі салалары үшін жоғары, орта және төменгі білікті мамандар даярлау оқу орны.
Емтихан билеті 25
1. Сабақ құрастырудың кезеңдік талаптары. Сабақтың тақырыбы:.... Сабақтың мақсаты: Білім берушілік: Оқушыларға фазоинверсті каскад туралы түсінік беріп, құрылымы, қолданылуы және жұмыс істеу принципі жайында білімдерін меңгеруге әрекет жасау; Тәрбиелеушілік: Фазоинверсті каскад сипаттамасын талдай білу дағдысын үйрету; Дамытушылық: Фазоинверсті каскад, оның негізгі түрлерін, ерекшеліктерін, сипаттамаларын және негізгі параметрлерін оқыту барысында мұқият болу дағдысын дамыту. Сабақтың типі: Жаңа білімді менгеру сабағы Cабақтың құрылымы: 1) кіріспе бөлім: а) ұйымдастыру кезеңі. ә) үй тапсырмасын сұрау. 2) негізгі бөлім: а) жаңа сабақты түсіндіру. кіріспе нұсқау 3) қорытынды бөлім: а) жаңа сабақты пысықтау. ә) жұмыс орнын жинастыру.
2. Ынтымақтастық педагогикасының жүзеге асу кезеңдері. Ынтымақтастық педагогика – бұл тәрбие мен өзін өзі тәрбиелеудің, мұғалім мен балалардың шығармашылық еңбегінің диалектикалық бірлігі емес пе? Мектепке, жоғары оқу орнына жаңа кадрларды дайындауда қоғамның әлеуметтік тапсырмасын орындау үшін ынтымақтастық педагогика керек. Бұл педагогика жас мұғалімнің ғылыми педагогикалық теория мен озат педагогикалық тәжірибенің нәтижесімен қарулануына мүмкіндік береді. Сонымен бірге, ізгілендіру, гуманитарландыру жағдайында тұтас педагогикалық процесте жаңа иедяларды пайдаланудың жолдарын қарастырады. Тәрбие мақсатын жүзеге асырудың орта және жоғары мектеп зор роль атқарады. Өйткені, оларда барлық жастар оқып, еңбек етуге үйреніп, дағдыланады, өмірге жолдама алады. Орта және жоғары оқу орындарының мақсаты – жастарды әр жақты жарасымды етіп дамыту, олардың жоғары құлықтық, азаматтық көзқарасын қалыптастыру. Мұндай мақсат кешенділік міндеттерді шешуді қажет етеді. Олар: әлеуметтік тәрбие беру жолымен дүниеге көзқарасын кең мәдени ой-өрісі жоғары тұлғаның үйлесімді жан – жақты дамуының негізін қалау; әлеуметтік функцияларды еңбек, танымды, қоғам үйелмен және бос уақытты пайдалану тағы басқаларды орындау үшін жастарды ойдағыдай даярлауды қамтамасыз ету; кәсіптік дайындықтың жолдарын таңдап алу үшін, өз тағдырын өзі шешу үшін жастарға жағдай жасау, тұлғаның өзін өзі тәрбиелеуге, өз білімін алуына оны өмірде пайдалана білуіне мүмкіндік жасау. Тұлғаның дамуы мен тәрбиесі идеологиясының жаңаруы көптеген идеяларға негізделді. Олар: — тәрбие мақсатының реализм идеясы; — тәрбие бағыттылығының ұжымдық идеясы; — өзін өзі талдау (анализдеу идеясы); — бала күнінің жартысы; — қиын мақсаттық идеясы; — сүйеніш идеясы; — ірі блоктар идеясы; — ата – аналармен ынтымақтастық; — мұғалімдердің ынтымақтастығы; — өзін — өзі сыйлау идеясы; — өзін — өзі басқару (реттеу) тағы басқа.
3. Кәсіби білім берудің негізгі міндеті. Кәсіптік оқыту – бұл оқушы мен инженер-педагогтің кәсіп бойынша ғылыми-техникалық ілімді игеру мен кәсіптік білік, дағды қалыптастыруда бірлескен іс-әрекеті. Кәсіптік білім беру педагогының мақсаты –оқушылармен, жұмысшылармен, мамандармен кәсіби оқытуды жақсарту, оны іске асырудағы әдістер мен ұйымдастыру формаларын жетілдіруді көздейді. Сонымен қатар кәсіптік білім беру педагогы кәсіби және өндірістік іс-әрекетті орындай алуы керек. Өндірістік оқытудың шебері теориялық білім бере білуі тиіс. Өндірістік оқытудың әдістері олардың оқу барысындағы алатын орнымен сипатталады. Өндірістік оқыту шебері – кәсіптік білім беру мекемелеріндегі педагогикалық ұжымдағы ерекше фигура, оның атқаратын қызметі мен 34 қызметтік міндеттері көпқырлы және күрделі. Өндірістік оқыту шебері - кәсіпке үйретуші негізгі ұстаз, өзіне бекітіліп берілген оқушылар тобының өмірі мен тәрбие жұмыстарының ұйымдастырушысы, еңбек жолына жаңа енетін жастардың, бозбалалар мен бойжеткендердің тәлімгері. Кәсіптік (өндірістік) оқыту бойынша практикалық сабақтар мен оқу-өндірістік жұмыстарды жүргізеді, оқушыларға кәсіптік бағдар беру бойынша жұмыстарды орындауға қатысады. Сабаққа қажетті қондырғылар мен сәйкес жабдықтарды дайындайды, материалдық базаны жетілдіреді. Ауыл шаруашылығы мамандығы бойынша гаражды, шеберханадағы қызметті меңгереді, олардың өз уақытында жабдықтармен, құралдармен, материалдармен, қосалқы бөлшектермен және оқыту құралдарымен жабдықталуы бойынша жұмыс атқарады. Қауіпсіздіктің сақталуын, оқушылардың еңбек етудің алдыңғы қатарлы әдістерін, өндірістегі қазіргі таңдағы техника мен технологияны меңгеруін қамтамасыз етеді. Практикалық жұмыстардың, сондай-ақ сапалы өнім дайындау мен халыққа қызмет көрсету бойынша жұмыстардың орындалуын ұйымдастырады. Кәсіпорындармен, мекемелермен, ұйымдармен және шаруашылықтармен оқу (өндірістік) практиканы өткізу бойынша келісім шарт жасауға қатысады және оның орындалуына бақылау жасайды. Оқушыларға біліктілік жұмыстарын орындау мен біліктілік емтихандарын тапсыру үшін дайындалуға көмектеседі. Пәндік (циклдік) комиссиялардың, конференциялардың, семинарлардың жұмысына қатысады. Оқушылардың жалпы білім, кәсіптік, мәдени дамуына ықпал етеді, оларды техникалық шығармашылыққа тартады.
Емтихан билеті 26
1. Педагогикалық технологияның құрылымы. «Педагогикалық технология – оқыту, тәрбиелеу және дамыту шарттарының міндетті жиынтығын тудырушы, білім берудің біртұтас концептуалды негізі, мақсаттары мен міндеттері төңірегінде біріккен оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың өзара байланыстағы тәсілдері, формалары мен әдістерінің жүйесі». Педагогикалық технологияның құрылымын Г.К.Селевко былай түсіндіреді: А) Концептуалды негіз; Б) оқытудың мазмұндық бөлігі: - оқытудың жалпы және нақты мақсаттары; - оқу материалының мазмұны; В) Үдерістік бөлімі – технологиялық үдеріс: - оқу үдерісін ұйымдастыру; - оқушылардың оқу әрекетінің әдістері мен түрлері; - оқытушы жұмысының әдістері мен түрлері; - оқытушының материалды меңгерту үдерісін басқару әрекеті; - оқу үдерісінің диагностикасы. Кез келген технологияны оқу үдерісіне енгізуде міндетті түрде орындалуға тиісті басым шарттар болады. Қазақ тілін оқытуға қатысты шарттарға тоқталатын болсақ: Біріншіден, оқу үдерісіне енгізілетін технологияның теориялық және әдістемелік негіздерінің қалануы, аталмыш технологияны жан-жақты зерттеген ғылыми-әдістемелік еңбектердің болуы шарт. Екіншіден, сол технологияны сабақ және сабақтан тыс уақытта жүзеге асыруға толық мүмкіндік тудыра алатын, Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуіне ыңғайлы, заманауи талаптарға жауап беретін ақпараттық-коммуникациялық техникалармен жабдықталған зертханалар мен оқу-тренинг залдарының болуы аса маңызды. Үшіншіден, сол технологияға бейімделіп жазылған оқу-әдістемелік кешендердің: тұжырымдама, стандарт, типтік бағдарлама, оқулық, оқу құралдары, оқу әдістемелік және көрнекілік құрал-жабдықтардың, электронды білім ресурстарының жеткілікті болуы; Төртіншіден, және аса маңыздысы, қолданылатын технологияның биік шеберлік шыңын толық меңгерген, технологиямен жан-жақты қаруланған оқытушының болуы.
2. Дамыта оқыту технологиясы туралы сипаттама. Оқу – адамның психикалық дамуының формасы, элементі. Кез келген оқыту белгілі бір мөлшерде адамды дамытады. «Даму» ұғымы сөздікте «... мөлшерлік өзгерістердің белгілі бір өлшем шегінен шығып, сапалық өзгерістерге айналуы,»-деп түсіндіріледі. «Даму» ұғымының психологиялық анықтамасы-жаңарту процесі, жаңаның өмірге келіп, ескінің жоғалуы деген мағынаны береді. Барлық табиғат құбылыстары сияқты бала психикасы да үнемі диалектикалық жолмен дамып, өзгеріп, бір деңгейден екінші деңгейге өтіп отырады. Оқыту мен дамыту арасында тығыз байланыс бар екенін психология ғылыми жеткілікті дәрежеде дәләлдеп берді деп айтуға болады. Бұл мәселені түбегейлі зерттеп, бала дамуындағы оқытудың рөлін, алар орнын анықтаған көрнекті психолог Л.С. Выготский.Ол дамуды оқытумен тең, керісінше оқу мен даму екі бөлек процесс деген көзқарастарды қатты сынға алды. Ең алғаш рет бала дамуының төмендегідей екі аймағы болатындығы жайлы теория ұсынды: 1.Бала дамуының жақын аймағы – баланың тек үлкендердің көмегі арқылы атқара алатын істері. 2.Бала дамуының қол жеткен аймағы – баланың үлкендердің көмегінсіз істей алатын істері. Баланың дамуы бірінші аймақты меңгеру арқылы жүзеге асады. Дамудың қол жеткен аймағы жақын аймақпен өзара қызметтесе отырып, оны игерген кезде дамуға өріс ашылады. Дамыта оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл-ой әрекетін меңгеруге жағдай жасау деп қарастыру керек. Дамыта оқыту сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады. «Дамыта оқыту» деген термин психология ғылымының қойнауында туып, баланың дамуын қарастырған (Ж.Пиаже), ойлаудың әртүрлі деңгейін, типтерін ( Л.В.Выготский, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн) және басқа да психиканың функциясын зерттеген (Б.Г.Ананьев, Г.С.Костюк, А.А.Люблинская, Н.А.Менчинская) және т.б.іс-әрекет теориясының психологиясын жасаған (А.Н.Леонтьев, П.Я.Гальперин) еңбектерінде жан-жақты талданды. Нәтижеде дамыта оқыту проблемасына арналған екі іргелі эксперимент жасалып, оның бірін Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов, ал екіншісін Л.В.Занков басқарады.
3. Білім берудің мазмұны неден құрылады? Білім беру мазмұны - оңушылардың меңгеруі, олардың жан-жақты дамуы үшін негіз қамтамасыз ететін, олардың ойлауын, танымдық қызығушылығы мен еңбек іс-әрекетіне дайындығын қамтамасыз ететін білім, іс-әрекет тәсілдері, шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі, әлемге эмоциялы құнды қатынас жүйесі. Білім мазмұнының міндеті-қоғамның əлемдік деңгейге сай жалпы жəне кəсіби мəдениетін көтеру, оқушылар санасында осы заман білім деңгейі мен білімдену бағдарламасының талаптарына сəйкес əлем бейнесін (образ мира) қалыптастыру; тұлғаның ұлттық жəне əлемдік мəдениетке араласуына; осы күнгі қоғамның төл тумасына айналған жəне сол қоғамды жетілдіруді мүдделеген адам жəне азамат тəрбиелеу; қоғамның мамандар қорын жаңғырта көбейтіп, əрі қарай дамыту. Білім мазмұнын қалыптастырудағы басты мақсат - расалық, ұлттық, этникалық, діни жəне əлеуметтік тегіне қарамай адамдар, халықтар арасындағы өзара түсіністік пен қызметтестік қатынастардың орнығуына жəрдемдесу, оқушының ерікті пікір мен наным таңдау құқығын іске асыруға көмектесу, əрқилы дүниетаным көзқарастарды ымырашылдықпен ескеру. Білім мазмұны жалпы жəне кəсіби білімдерден құралады. Жалпы білім мазмұны негізінде тұлғаның жалпы мəдениеті, оның дүниетанымы, азаматтық бағдары, əлемге, еңбекке жəне қоғамдық өмірге болған көзқарасы қалыптасады. Кəсіби білім мазмұны адамға нақты еңбектік іс-əрекет саласындағы білімдер мен ептіліктерді игеру үшін қажет. Педагогика ғылымында білім мазмұнын іріктеудің өлшем-шек (критерий) жүйесі қабылданған. Осы шектер негізінде мектепте берілетін білім мазмұны келесідей талаптардың орындалуына себін тигізуі міндетті: - тұлғаның жан-жақты дамуы жəне оның базалық мəдениетінің қалыптасуына қажет міндеттерді толық та біртұтас күйде берілуін қамтамасыз ету; - оқу пəндері мен қоғамдық практикаға енетін білім материалдарының ғылыми жəне тұрмыстық маңызға ие болуы; - əрқилы жас деңгейіндегі оқушылардың нақты мүмкіндіктеріне сəйкес болуы; - материал мазмұны көлемінің оқушының мүмкін болған игеру уақытына сəйкес келуі; - жалпы орта білімді құрастыруда халықаралық тəжірибені ескеру; - осы заманғы мектепте бар оқу -əдістемелік жəне материалдық базаға сəйкес болуы.
Емтихан билеті 27
1. Педагогикалық тәжірибе және озат педагогикалық тәжірибе туралы ұғым, маңызды белгілері. Педагогикалық тәжірибе - оқыту, білім беру және тәрбие тәжірибесі, дәлірек айтсақ нәтижесі оқушының жеке тұлғалық сапаларынан көрінетін, белгілі бір мақсатпен ұйымдастырылатын педагогикалық процесс. Көпщілік мұғалімнің педагогикалық тәжірибесі – бұл педагогикалық ғылымының жетістіктерін қолданып жұмыс істеп жатқан білім беру ұйымдарының тәжірибесі. Озат педагогикалық тәжірибе сөзін түрліше түсінеміз. Кең мағынада озат педагогикалық тәжірибе - мұғалімнің шеберлігінің жоғары деңгейі, тұрақты педагогикалық нәтиже беретін оқыту және тәрбие тәжірибесі. Мұғалімнің тәжірибесінде жаңалық болмауы мүмкін, бірақ ол ғылымда белгілі принциптерді, әдістерді табысты түрде қолданып, басқа мұғалімдерге үлгі болып, озат тәжірибесі басқа мектептерге таратылады. Педагогикалық озат тәжірбиенің тар мағынасы: шығармашылық ізденіс, жаңалығы бар тәжірибе, жаңашылдардың тәжірибесі. Мұндай педагогикалық тәжірибе өте құнды, себебі ол мектеп тәжірибесіне жаңалық енгізеді. Сондықтан, бірінші кезекте осы тәжірибені талдап, баға беріп, тарату керек. Жай шеберлік пен жаңашылдық арасындағы айырмашылықты көру қиын, себебі мұғалім ғылымда белгілі принциптер мен әдістерді қолданып, қол жеткен жетістіктермен шектелмейді, жаңа әдістерді қолданып, немесе ескі әдіс-тәсілдерді тиімді етіп үштас-тырып, бірте-бірте жаңашыл болады, олай болса кез келген жақсы тәжірибені мектептің тәжірибесіне енгізуге болады, біраң жаңашыл мұғалімдердің іс-тәжірибесін жан-жақты талдап, қорытындылап, тарату керек. Озат педагогикалық тәжірибенің белгілері, оған қойылатын талаптар. Бірінші белгісі – қоғам дамуының бағытына, әлеуметтік сұранысқа сәйкестігі. Озат мұғалімдер мен білім беру ұйымдарының қызметкерлері өмір талаптарына сай жұмыс істеп, педагогикалық процесті жетілдірудің тиімді жолдарын табады. Озат тәжірибенің екінші белгісі – педагогикалық қызметтің тұрақты, жақсы нәтижелері. Педагогикалық "өнім" - оқушылардың білім, іскерлік, дағдыларының, жалпы дамуының, тәрбиелілігінің деңгейі. Мұғалім сабақтарын дұрыс бағалап, оқушылардың білім сапасын тексеріп, жауап алынатын сұрақтар: • оқушылардың бағдарламадағы оқу материалын меңгеруі; • өз беттерімен білім ала білуі; • білімдерін шығармашылықпен тәжірибеде қолдануы; • оқушылардың жалпы дамуы.
2. Интерактивті оқыту әдісі. Инновациялық әдістердің ең негізгісінің бірі –«интерактивті оқыту әдісі» Бұл әдістің негізгі қағидасы – педагогикалық қарым-қатынас пен қарым-қатынас диалогі арқылы жеке тұлғаны қалыптастырып дамыту. Интерактивті оқыту – бұл, ең алдымен оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы тікелей жүзеге асатын сұхбаттасып оқыту болып табылады. Интерактивті оқытудың мәнісі – кластағы барлық оқушы таным үрдісімен қамтылады, олар өздерінің білетін және ойлайтын нәрселері арқылы түсінуге және қарсы әсер етуге мүмкіндік алады. Таным үрдісінде, оқу материалын игеруде, оқушылардың біріккен әрекеттері мынаны білдіреді: әр оқушы өзіне тән еңбегін сіңіреді, білім, идея, әрекет ету тәсілдерімен алмасу үздіксіз жүреді. Сонымен қатар, бұл үрдіс мейірімділік пен өзара бір-біріне қолдау көрсету аясында болады. Интерактивті әдіс қолдану кезінде мыналар ескерілуі керек: -тұлғаның еркіндігі мен құқықтары сақталуы; -тұлғаның өзін көрсете алуына жағдай жасау; -педагогикалық қолдау көрсету. Интерактивті әдістерге мыналар жатады:проблемалық шығарма әдістері, презентациялар, пікірталастар, топпен жұмыс, «миға шабуыл» әдісі, сын тұрғысынан ойлау әдісі, зерттеулер, іскерлік ойындар, рөлдік ойындар, «инсерт» әдісі, сахналау, тест сынағы әдісі, дебат, т.б. Интерактивті әдіске сондай-ақ әр түрлі көмекші құралдарды: тақта, кітаптар, бейне материалдар, слайдтар, флипчартттар, постерлер, компьютерлер және т.б. пайдалана отырып,таныстырулар жатады. «Миға шабуыл» («ми шабуылы», «ми штурмы» немесе «дельфи») әдісі бойынша берілген сұраққа әр оқушы жауап бере алады. Маңыздысы – айтылған көзқарасқа баға қоймау керек, барлық жауап қабылданады және әр пікір тақтаға немесе қағазға жазылғаны дұрыс. Қатысушылар олардан негіздеме немесе түсініктеме талап етілмейтінін түсінулері тиіс.
3. «Білім беру» заңында пайдаланылатын қандай негізгі ұғымдарды білесіз? Осы Заң білім беру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, осы саладағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерін айқындайды және Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз етуге бағытталған. Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) адъюнктура - әскери оқу орындарында жоғары білікті ғылыми-педагогтік кадрлар даярлау нысаны; 2) академия – мамандықтардың бір-екі тобы бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын жоғары оқу орны; 3) атаулы стипендия - тиісті білім беру бағдарламаларын ойдағыдай меңгерген, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатын, оқу орнының қоғамдық, мәдени және спорттық өміріне белсене қатысатын неғұрлым қабілетті білім алушыларды көтермелеу үшін жеке немесе заңды тұлғалар тағайындайтын стипендия; 3-1) әдістемелік кабинет – білім беруді басқару органдарының білім беру процесінің ұйымдастырушылық-әдістемелік қамсыздандырылуын, нәтижелілігін талдау мен бағалауды, педагог кадрлардың шығармашылық өсуіне және олардың кәсіптік тұрғыдан өзін-өзі жетілдіруіне жәрдемдесетін инновациялық педагогикалық тәжірибені жинақтау мен таратуды қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшесі; 4) бакалавр - жоғары білім берудің тиісті білім беру бағдарламаларын меңгерген адамдарға берілетін академиялық дәреже; 5) "Болашақ" халықаралық стипендиясы – Қазақстан Республикасының азаматтарын жетекші шетелдік жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқыту немесе ғылыми, педагог, инженерлік-техникалық және медицина қызметкерлерінің шетелдік ұйымдарда тағылымдамадан өтуі үшін Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын стипендия; 5-1) біліктілікті арттырудың ваучерлік-модульдік жүйесі – білім беру қызметкеріне ұйымды, оқытудың мазмұны мен мерзімдерін таңдауға мүмкіндік беретін, мемлекет белгілеген және белгілі бір ақша сомасымен қамтамасыз етілген, атаулы құжат (ваучер) түрінде ресімделген жан басына шаққандағы норматив негізінде қаржыландырылатын біліктілікті арттыру нысаны; 5-2) біліктілікті арттыру институты – үздіксіз білім беру жүйесінде кадрлардың кәсіптік біліктілігін арттырудың және оларды қайта даярлаудың актуалды білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын, білім берудегі әдістемелік жұмыстың тиімділігін қамтамасыз ететін инновациялық процестерді қолдауды жүзеге асыратын білім беру ұйымы; 5-3) біліктілікті беру – нақты мамандық бойынша тиісті кәсіптік қызмет түрінің шеңберінде жұмысты орындау үшін қажетті жеке қабілеттілік, кәсіптік білім, шеберлік пен дағдылар жиынтығын растау рәсімі; 5-4) білім алу үшін арнайы жағдайлар – мүмкіндігі шектеулі адамдардың онсыз жалпы білім беретін және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеруі мүмкін болмайтын, арнайы білім беретін оқу бағдарламаларын және арнайы оқыту әдістерін, техникалық және өзге де құралдарды, өмір сүру ортасын, сондай-ақ медициналық, әлеуметтік және өзге де қызметтер көрсетуді қоса алғанда, білім алу үшін жағдайлар; 6) білім алушыларды аралық аттестаттау - білім алушылардың бір оқу пәнін оны зерделеп бітіргеннен кейінгі бір бөлігінің немесе бүкіл көлемінің мазмұнын меңгеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім;
Емтихан билеті 28
1. Кәсіби оқытудың оқу-материалдық базасына қойылатын талаптар
2. Ақпараттық технологияның пайда болу тарихы. Ақпараттық технология термині ақпарат және технология деген екі ұғыммен байланысты. Технология грек тілінен аударғанда өнер, шеберлік, біліктілік деген мағынаны білдіреді. Ақпараттық технология-есептеуіш техника құралдарын пайдалана отырып, ақпаратты алу, жинақтау, сақтау, өңдеу, талдау және ұсыну қызметтерін жүзеге асыратын әрекеттердің реті. Ақпараттық технология құралдарына техникалық, программалық, ақпараттық, ұйымдастырушы және әдістемелік құралдар жатады. Ақпараттық технологиялардың жабдықтары ретінде программалық өнімдердің кең тараған түрлері пайдаланылады. Оларға, мәтіндік редакторлар, электрондық кестелер, графикалық редакторлар жатады. Ақпараттық төңкерістер: Бірінші ақпараттық төңкеріс жазудың пайда болуымен байланысты. Екінші ақпараттық төңкеріс XVI ғасырдың ортасында кітап басып шығарудың, баспа станогының пайда болуымен байланысты. Үшінші ақпараттық төңкеріс ХІХ ғасырдың соңына қарай өріс алды. Бұл кезде электр қуаты өндірілді. Төртінші ақпараттық төңкеріс ХХ ғасырдың 70-жылдары басталды. Бұл кезде дербес компьютер, компьютерлік желілер, мәліметтерді жіберудің спутниктік жүйелері, ақпараттық телекоммуникациялар пайда болды. Ақпараттық технологиялардың даму кезеңдері: Бірінші кезең ХІХ ғасырдың екінші жартысымен шектеледі және ең бастысы, қылқалам, қағаз сияқты жабдықтарды пайдаланып, ақпаратты пошта, шабарманның көмегімен тарататын технологияларды білдіреді. Бұл технологиялар ақпаратты құру мен оны қажетті түрде ұсынуға бағытталған. Екінші кезен ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың 40-жылдарына дейінгі аралықты алып жатыр. Ол жазу машинкалары, телефон, фонограф сияқты жабдықтарды, поштамен жеткізудің жетілдірілген (механикалық) тәсілдерін пайдаланумен сиппаталды. Технологиялар ақпаратты ұсынудың аса ыңғайлы формаларын қамтамасыз етеді. Үшінші кезең ХХ ғасырдың ортасы (40-жылдардың соңынан 80- жылдарға дейінгі аралық). Ақпаратты өңдеудің акпараттаық технологиялары дами бастады. Оның жабдықтарына үлкен ЭЕМ, электрлік жазу машинкалары, көшірме аппараттары, магнитафондар жатады. Адам іс- әрекетерін түрлі салаларында ақпаратты өңдеуге арналған автоматтандырылған басқару жүйелері, базалық және арнайы программалы-техникалық кешендер, автоматтандырылған жұмыс орындары пайда болды. Төртінші кезең (1980 жылдан бастап ХХІ ғасырдың басына дейін) дербес компьютерлерді және олардың әр түрлі программалық жабдықтамаларын, факсимальді байланыстарды, электрондық пошталарды, компьютерлік желілер мен Интернетті кеңінен қолдануға бағытталған «ақпараттық» кезең ретінде анықталды. Пайдаланушылардың компьютермен немесе бір-бірімен қарым-қатынас жасаудың интерактивті режимі жүзеге асырылды. Жаңа ақпараттық технологияның негізгі буыны-білімді ұсыну мен өңдеу.
3. Білім беру жүйесінің басты міндеті қандай? Білім беру — бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудық үздіксіз процесі. Қазіргі өскелең өмір талаптарына сай жастарға білім және тәрбие беру, оларды жан-жақты дамыту қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі. Білім беру — бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудық үздіксіз процесі. Білім беру ісін басқару мемлекеттік – қоғамдық сипатта болады. Республикада Білім және ғылым министрлігі оның төменгі атқарушы органары Қазақстан Үкіметінің білім беру саласындағы мемлекеттік саясатын жүзеге асырады. Білім беру мазмұны — оқушылардың меңгеруі, олардың жан-жақты дамуы үшін негіз қамтамасыз ететін, олардың ойлауын, танымдық қызығушылығы мен еңбек іс-әрекетіне дайындығын қамтамасыз ететін білім, іс-әрекет тәсілдері, шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі, әлемге эмоциялы құнды қатынас жүйесі. Білім мазмұнының түрлері: • күнделікті болмыс туралы негізгі ұғымдар, терминдер және ғылыми білімдер; • көзқарастарды дәлелдеуге керекті күнделікті өмірден және ғылымнан алынған фактілер; • болмыстың әртүрлі объектілері және құбылыстары арасындағы байланыстарды көрсететін ғылымның негізгі заңдары; • белгілі бір объектілер, олардың арасындағы байланыс туралы ғылыми білімдер; • ғылыми іс-әрекет тәсілдері, таным әрекеті және ғылыми білімді алу тарихы туралы білімдер; • әртүрлі өмір құбылыстарын бағалау нормалары туралы білімдер. Қазақстан Республикасында жастарға білім беру процесі халқымыздық ұлттық салт-дәстүріне, мәдениетіне, экономикасына және саяси өміріне негізделіп іске асырылады. Заңда көрсетілген білім беру жүйесінің негізгі міндеттері: • жеке адамның рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, әрбір адамды дамыту үшін жағдайлар жасау; • азаматтықты, үйелменнің, халықтың, қоғамның және мемлекеттің алдындағы жеке адамның қүқылары мен міндеттерін ұғынуды, сондай-ақ республиканың мәдени, қоғамдық, экономикалық және саяси өміріне қатысу қажеттігін тәрбиелеу; • Республика тұрғындарына жалпы және кәсіптік білім алу үшін мүмкіндіктер жасау; • жеке адамның шығармашылық қабілеттерін және эстетикалық тәрбиесін дамыту; • қазақ халқының мәдениеті мен дәстүр-салтын оқып-үйрену үшін жағдайлар жасау. Халыққа білім беру ісін дамытуда педагогикалық фактордық да әсері бар.
Емтихан билеті 29
1. Білім, білік және дағдыны бақылау функциялары. білім, білік, дағдысын бақылау оқу – тәрбие процесінің негізгі құрам бөлігі болып есептеледі. Бақылау түрлері үнемі жетілдіріп отырады. Осындай қажеттілік, әсіресе қоғамның нарықтық сипаттағы жағдайында мамандар арасындағы бәсекелестіктің міндетті талаптарына сай аса өткір болып отыр. Білім, білік, дағдыны бақылаудың көбірек мәнді статистикалық әдістерін құру өзекті мәселеге айналды. Жоғары білімді маманды сапалы деңгейде әзірлеу рөлінің артып отырған кезінде студенттер әрекетінің бақылау жүйесіне өзгеріс енгізу өзектілігі артып отыр. Білім беру жүйесінің үздіксіз дамуы жағдайында, жоғары оқу орындарында көп деңгейлі білім беру процесінің қалыптасуы кезеңінде білім беру мазмұны үнемі жетілдіріліп отырады. Оқытудың жаңа технологиялары ендіріліп, студенттер білімін кешенді бақылауды талап ететін интегративті сипатты оқыту түрі кең дамуда. Сонымен қатар оқу орындарында әлі де болса дәстүрлі білімді бағалау формалары мен әдістері, аз дифференцияланған бес ұпайлық жүйені қолдану етек алып отыр. Білімді бағалаудың бес балдық жүйесін бұдан әрі қарай қолдану тиімсіз және мұндай жүйенің шешімділік қабілеті өте төмен. Жоғары кәсіби білім беру жүйесінің негізгі мақсаты мен міндеті арасындағы сәйкес келмеушілік пен іс-жүзінде қолданылатын студент білімін бақылау формасы мен әдістерінің сәйкессіздігі, оқу-тәрбие процесінде дара -әрекеттік тәсіл міндетіне сай келетін білімді бағалаудың жаңа жүйесін құру қажеттігі осы жұмыс тақырыбына арқау болды. Оқытушы функция бағдарламалық оқу материалының тиянақты өңделіп, логикалық байланыстардың, себеп – салдарлық тәуелділіктердің орнығуын қамтамасыз етеді. Оқытушы функцияны іске асырудың негізгі мақсаты ғылыми білімді барынша жақсы меңгеріп, есте неғұрлым жақсы сақтау, жүйелеу. Ол оқытудың даралау қарқыны мен мотивациясының артуына жағдай жасайды. Тәрбиелік функциясы студенттің жеке басының эмоциялық аймағын қамтиды, себебі оның оқудағы жеке жетістіктері мен кемістіктері қоғамдық талқылауға ұшырап, бағалау нысанына айналады. Мұндағы алға қойған мақсат -студентке өздік ұйымдасуға көмектесіп, өз бойындағы күшті және әлсіз жақтарын анықтауға көмектесу. Студент білімін бақылауда тәрбиелік функция дұрыс ұйымдастырылса, оның білімге деген сезімдік, бағалаушылық қатынасын арттырады. Ұйымдастырушы функция оқу процесін жетілдіру мен студентті күнделікті білім негізін қабылдауға, алған білімін өрістетуге жетелейтін, оқытудың ұтымды формалары мен әдістерін, құралдарын тиімді таңдауға келіп саяды. Дамытушы функция студент бойында ойлау еркіндігі, берік те, толық ес, сөзге шешендік сияқты дара тұлға ерекшеліктерін дамытуға негізделеді. Оны іске асыру білім, іскерлік, дағдыны бақылау процесінде студентті танымдық белсенділікке ұмтылдыру арқылы жүреді. Әдістемелік функция оқытушыны сабақты жүргізу әдістемесін жетілдіруге,оқыту әдістемесіне жаңа технологияларды енгізуге жетелейді. Оқытушы студенттің білім, іскерлік, дағдысының қалыптасуын бақылағанда жаңа әдіс, тәсілдерді қолдану арқылы олардың біліміндегі жеткіліксіз жақтарын тез арада анықтауға ұмтылады.
2. Қашықтықтан оқыту технологиясы. Қашықтықтан оқу – жұмыстан қол үзбей қолайлы уақытта кез келген жерде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар көмегімен оқу. Жоғары оқу орындарында қашықтықтан оқытудың 2 технологиясы пайдаланады: 1 - желілік технология – Интернет арқылы оқу. Университеттің білім беру порталында студенттер электрондық курстарға тіркеледі, ондағы бар материалды дәрістер және басқа оқу қорлары бойынша оқиды. Сосын автоматты түрде тестіленеді немесе тапсырмалар орындайды. Оқытушы, тапсырманы тексеріп, пікір жазып, баға қояды. 2 - кейстік технология, студентке оқу-әдістемелік кейс, яғни семестрге барлық материалдар мен тапсырмалар беріледі, ол тапсырмаларды орындап, график бойынша оқытушыға жіберіп отырады. Сонымен, қашықтықтан оқыту технологиясы студенттердің тьютор (оқытушы-кеңесші) басқаруымен дербес оқуына негізделген. Семестр бойы кесте бойынша онлайн режимінде кеңестер беріледі. Сонымен қоса, студенттер бетпе-бет кеңестер немесе электрондық пошта арқылы кеңестер алуына болады. Емтихандар алдында студенттермен аудиториялық сабақтар да жүргізіледі. Қала студенттері, үйлеріне Интернет қосылмаса, көптеген университеттерде компьютерлік сыныптарында ақысыз оқи алады. Қашықтықтан оқыту технологиясының артықшылықтары: - Заман талабына сай ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялар мен құралдарды қолдану - Интерактивті әрекеттесу формалары - Сапалы білім алу - Уақытты үнемдеу - Ыңғайлы уақытта оқу - Территориялық шектеулер жоқ - Денсаулық күйі бойынша шектеулер жоқ. Ал, бүгінгі күні еліміздің барлық жоғары оқу орындарында қашықтықтан оқыту технологиясы енгізілген. Өзіңіз қалаған университеттің сайтына кіріп бұл туралы мәліметті алуыңызға болады.
3. Кәсіптік педагогиканың пәндік зерттеу нысандары қандай? Кәсіптік педагогика зерттеу ауқымы емес, өзінің даму тарихымен әр кезеңдегі ашылған жаңалықтарымен, тұлғалар тағдырындағы текетірестер мен адасулар, түпсіз тұңғиыққа тірелген ойлар әлемімен қызықты. Кәсіптік педагогика жалпы педагогиканың бір тармағы ретінде кәсіптік білім беру жүйесін жетілдірумен қалыптасты. Бұл енді дамып, қанат жайып келе жатқан жас ғылым саласы. Басқа ғылымдар сияқты мұның өз ұғымы мен түсіну аппараты бар, оның іргелі ғылым екендігін, сапалық ерекшеліктерін айғақтайтын дәйектемелері бар. Қазіргі кезде нарық талабына сай бәсекеге қабілетгі жұмысшылар дайындау мен олардың біліктілігін арттырудың жаңа тұжырымдамалары әзірленіп, оқыту әдістері мен оны ұйымдастыру формалары жетілдіру үстінде. Атап кету керек, кәсіптік педагогика жалпы білім беретін мектеп ісімен шектеліп, жалпы педагогика аясында қала алмайды. Оның қалыптасуы, техниканың, ғылымның, экономика мен өндірістің өркендеуімен тікелей байланысты. Жалпы педагогика аясында кәсіптік педагогика іргелі ғылым ретінде мына салаларды да қамтиды: жалпы және педагогикалық психология; инженерлік психология; еңбек психологиясы; еңбек физиологиясы; акмеология (кәсіптік шеберлік шыңына жету туралы ғылым). Бұдан басқа кәсіпгік педагогика тиісті техникалық және экономикалық ғылымдарға да арқа сүйейді. Кәсіптік педагогиканың пәндік зерттеу нысандары мыналар: Кәсіптік мектептердегі тәрбиенің мақсаты мен өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, жалпы педагогика арасында сабақтаса жүргізілудің тиімділігін зерттеу. Кәсіптік білім мазмұны. Жеке тұлғаға ғылыми-техникалық білімін жөне кәсіптік біліктілік дағдыларын қалыптастырудың өзіндік ерекшеліктерін меңгерту. Кәсіптік білім беретін оқу орындарында оқу-тәрбие үрдісін басқару. Жоғарыдағы аталған мәселелерді тұжырымдай келе, кәсіптік педагогика саласына мынадай анықтама беруге болады. Кәсіптік педагогика - жеке тұлғаға кәсіп пен кәсіптік біліктілікті калыптастырудың заңдылықтарын зерттейтін, әлеуметтік сұранысты қанағаттандыратын ғылымының негізгі саласының бірі.
Емтихан билеті 30
1. Үйiрме жұмыстарының мiндеттерi. Үйірме мақсаты: ғылыммен және шығармашылықпен айналысатын тұлғаны дамыту және қалыптастыру; әртүрлі семинар мен конференциялар өткізу арқылы талапкер жастардың бойына танымдық қөзқарасты қалыптастыру; ғылымның қызықты өмірі мен оның ғажайып сырларын ашатын ғалымдар жайлы тереңірек білуге қызығушылығын ояту; талапкер жастарды мәдениеттілікке баулу, рухани дүниесінің баюына, іскерлік дағдыларының қалыптасуына ықпал ету; еркін ойлауды, өз ойын ашық жеткізе отырып, өзгенің көзқарасын сыйлауды, көркем әдеби тілде сөйлеуді дамытуға ықпал ету. Негізгі бақыттары: ізденімпаздыққа, өзіне шығармашылық қасиет, қабілет іздеу, бойындағы дарынды шыңдау, жеке шығармашылық қабілетін дамыту; клуб жұмысына белсенді араласу; білім деңгейін тереңдетуге, ғылыми, мәдени сауаттылығын арттыру; шығармашылық идеялық-эстетикалық көзқарасын қалыптастыру; клуб мүшелігіне дарынды жастарды тарту; клуб кеңесінің қаулысын орындау. Міндеттері: Болашақ маманның кәсіби деңгейі мен бәсекеге қабілеттілігін дамыту, жаңа заман маманын даярлау; Студент бойында қазақстандық патриотизм сезімі мен ұлттық құндылықтарды қалыптастыру; Ұлт болашағына жауапты, рухани-адамгершілігі жоғары азаматты тәрбиелеу; Қолданбалы биология негізінде түрлі тәжірибелік жұмыстар жасау: Студенттерді спортқа тарту, салауатты өмір салтын ұстануға шақыру; Әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету; Студенттік өзін-өзі басқаруды жүзеге асыру;
2. Проблемалық оқыту туралы түсінік. Проблемалық оқыту оқушыларды дербес ізденіске, зерттеу жұмыстарына баулуда, бейтаныс, белгілі емес проблемаларды өз беттерінше шешуде өте ұтымды болып келеді. Проблемалық оқытуды зерттеуші ғалымдар мен жаңашыл ұстаздар ізденісі баршылық. М.И.Махмутов, Н.Н.Скаткин, В.Оконь, Т.Ақшолақов, Қ.Тасболатов, Ә.Дайырова сынды ғалымдар мен қоса белгілі ұстаз Қ.Бітібаева еңбектерін айтуға болады. Проблемалық оқыту негізінде проблема жататынын ғалымдар ізденісінен түсінуге болады. Проблемалық оқытудың оқушыларды іздендіру, зерттеу еңбегіне баулудағы шешуі қиынға түспейтін дербес іс-әрекеттерге жетелейтін проблемалық сұрақтарға жауап іздетуді төменгі сыныптардан бастаған жөн. Қазақ тілінің әр тақырыбында оқушыларды ғылыми ізденіске жетелейтін проблемалар баршылық. Проблеманы шешу үшін ең алдымен өзіндік салыстырулар, өзіндік дәлелдеу жасауға баулу керек. Проблемалы оқыту кезінде мұғалімнің жетекшілігімен проблемалы жағдай жасалып, оқушылар оны шешуге белсенді түрде қатысады, осы іс-әрекеттің нәтижесінде оқушылар кәсіби білімді, дағды мен біліктерді меңгеріп, ойлау қабілеттерін дамытады. Проблемалы оқыту ынталандырудың ерекше проблемалы түріне негізделеді, сондықтан материалдық дидактикалық мазмұнының тиісті дәрежеде, яғни проблемалы жағдайдың тізбегі ретінде берілуін талап етеді. Проблемалы жағдайларды оқу үрдісінің барлық, яғни жаңа тақырыпты түсіндіру кезінде, жаңа сабақты бекіту, тексеру кезеңдерінде ойластыруға болады. Мұғалім проблемалы жағдай (ситуация) туғызып, оның шешімін іздеуге оқушыларды бағыттайды. Сөйтіп, бала өз оқуының субьектісіне айналады, соның нәтижесінде бала жаңа білім игеріп, әрекет әдістерін меңгереді.
3. Профессиограмма дегеніміз не? Профессиограмма — адамға қойылатын талап ету жүйесі арқылы кандай да бір кәсіптің егжей-тегжейлі сипатталуы. Ол талаптарға берілген кәсіп саласын жетістікпен меңгеру үшін қажет тұлғаның сапасы, ойлау қабілетінің ерекшеліктері, білімі икемділігі және дағдысы жатады. Профессиография — адамның жеке басының қасиетіне, психологиялық қабілетіне, психологиялық-физикалық мүмкіндігіне қойылатын талаптарды зерттеу технологиясы. Адам мен кәсіптің арақатынасын қамтамасыз ететін практикалық ұсыныстар мен әдістемелік құралдың ақпараттық, болжамдық, келістірушілік қызметін реттеу үшін қолданылады. Профессиограмма түрлерін зерттеудің тереңдігі мен дәлдігі әлеуметтік сұранысқа байланысты. Профессиография кәсіптік қызметтің әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-экономикалық,психофизиологиялық тарихи, техникалық, құқықтық сияқты жақтарын қамтыды, олардың тиімділігін іс жүзінде арттыратын міндеттерді ұйымдастырады. Профессиограмма — кәсіптік қызметті жан-жақты зерттейтін әдістердің, яғни тәжірибелік мағлұматтарды жинақтайтын (құжаттарды қарастыру, бақылау, сұрастыру, эксперимент, ғұмырнамалық және шығармашылық тәжірибелер), оларға сараптама жасайтын, тәжірибелік бақылауды сапалық тұрғыдан бағалайтын, статистикалық мәліметтерді іріктейтін, сондай-ақ психологиялық түсіндірменің құрылымдық-жүйелік және функциялық-құрылымдық талдау тәсілдерінің жиынтығы.
