- •3. Кәсіптік білім беру проблемасына өз үлестерін қосқан ғалымдар?
- •2.Ақпараттық оқыту технологиялары
- •2Жоғары білім берудің мақсаты неде?
- •1.Оқыту әдістерінің жіктелуі
- •2. Қашықтықтан оқыту технологиясы
- •Кәсіптік оқыту әдістері
- •Емтихан билеті 11
- •Емтихан билеті 12
- •Емтихан билеті 13
- •Емтихан билеті 14
- •Емтихан билеті 15
- •16 Билет
- •1. Өндірістік оқыту әдістемесі
- •2. Дамыта оқыту технологиясын оқу процесінде пайдалану жолдары мен мүмкіндіктері
- •3. Әлеуметтік – педагогикалық потенциал дегеніміз не?
- •17 Билет
- •1. Жаттығу - оқыту әдістемесі ретінде қойылатын талаптар
- •2. Модульдік оқыту технологиясы
- •3. Кәсіптік педагогикалық білім беру дегеніміз не?
- •18 Билет
- •1. Оқу бағдарламасын әзірлеуге қойылатын негізгі талаптар
- •2. Оқытудың ақпараттық технологиясы
- •3. Кәсіптік біліктілік дегеніміз не?
- •19 Билет
- •1. Оқулықпен және кітаппен жұмыс істеу әдісі
- •2. Қашықтықтан оқыту технологиясын жүзеге асыру жолдары
- •3. Педагогикалық іс – әрекет дегеніміз не?
- •20 Билет
- •1. Кәсіби оқыту қағидаларының ерекшеліктері
- •2. Проблемалық оқытудың негізгі идеясы
- •3. Педагогикалық іс – әрекеттер қандай құрылымдардан тұрады?
- •2. Жобалау технологиясының талаптары
- •1. Оқу процесін ұйымдастыру формалары
- •2. Педагогикалық технологияның жалпы сипаттамасы
- •2. Ынтымақтастық педагогикасының жүзеге асу кезеңдері
- •3. Кәсіби білім берудің негізгі міндеті
1бил
1. Кәсіби оқытудың міндеттері және мазмұны- Cтуденттерде кәсіптік мектептегі оқытушының және өндірістік оқыту шеберінің әдістемелік жұмысының мазмұны жөнінде түсінік қалыптастыру, еңбек технологиясы бойнша теориялық және қолданбалы білім беру, және оның жеке ұйымдарының әзірлеуі мен өткізілуі жайында іс-тәжірібелік дағдыларды қалыптастыру. Пәнді оқу барысында студент еңбек технологиясын оқыту облысынан алған білімдерін жүйелеп арнайы терминологияларды нық игеріп, алған білімдерін педагогикалық қызметінде нәтижелі түрде қолдануға дайындалуы қерек. Студенттер пәннен алған білімдерін жалпы педагогикалық, арнайы пәндерді оқу кезінде және де кәсіптік қызметінде қолданадыОқу пәнінің мақсаттары мен міндеттері. Кәсіпке оқытудың, еңбекке тәрбиелеудің және оқушыларды жетілдірудің қазіргі кезеңдегі міндеттері. Қазақстан Республикасы мен оның аймактарында кәсіпке оқытудың жай-күйі. Қазакстан Республикасының білім туралы Заңы, Қазакстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жж.-ға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгі ережелері.
2. «Технология» ұғымының мәні- Т/я” ұғымы соңғы кездері ең көп қолданылатын ұғымдардың біріне айналды. Т/я ұғымының оқытудың т/ясы, пед-қ технология, білім беру тех/сы, тәрбие т/ы, қарым-қатынас т/сы, даму т/сы, қалыптасу т/сы, модульдік т/я, топтық оқыту т/сы сияқты психологиялық-педагогикалық ұғымдармен байланысы саналуан. Жоғарыда аталған т/ялардың қай түрі болмасын, өзінің мәнін анықтап, сипаттама беруді қажет етеді. Қазіргі кезеңдегі ғылыми айналымда “т/я” және т/ямен байланысты жеке ұғымдарға берілген анықтамалар баршылық. Алайда білім беру жүйесінде дәл қазіргі кезеңде жүріп жатқан процестердің т/ясының мәнін ашып, түсіндіретін жалпы анықтама жоқ.Білім беру жүйесі басқару органдарынан, түрлі типтегі және деңгейдегі білім беру мекемелерінен, жүйенің жұмыс істеуі және дамуын қамтамасыз ететін қаржы қорлары мен материалдық объектілерден, ғылыми орталықтардан тұратын күрделі құрылым болып табылады. Т/ялық тәсіл білім беру жүйесінің кез-келген саласында (басқару, білім беру, қаржыландыру, мониторинг т.б.) қолданылуы мүмкін. Сондықтан, “білім беру те/сы” деген сөз тіркесін бірыңғай түсіндіру мүмкін емес. Бұл ұғымды тек қана оқытушы мен оқушы арасындағы арнайы ұйымдастырылған процестерге ғана қатысты қолданады. Егер осы процесті оқыту процесі деп атайтын болсақ, онда оған т/яның осы салаға арналған жиынтығы жатады. Біздің қарастыратынымыз — т/яның осы түрі.“Т/я” ұғымы “Tehne”- өнер, шеберлік ,“logos” – ілім, білім, оқу, ғылым деген мағыналарды білдіретін, грек тілінен енген екі сөзден тұрады. Сондықтан, “т/я” терминін қазақ тіліне “ өнер туралы ғылым немесе шеберлік туралы ғылым ” деп аударуға болады.“Т/я” – бұл қандайда болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі амалдардың жиынтығы./Педагогикалық сөздік/
“Т/я” – өндірістік процесті жүргізудің әдістері мен тәсілдері жайлы білім жиынтығы. /Шетел сөздігі/“Т/я” – оқушы мен ұстазға бірдей қолайлы жағдай тудырушы оқу процесін ұйымдастыру және жүргізу бірлескен педагогикалық әрекетті жобалаудың жан-жақты ойластырылған үлгісі. /В.М.Монахов/Бұл ұғымға пәндік саланы сипаттайтын терминдерді қосамыз да кез-келген нақты технологияның мәнін айқындаймыз.
3. «Кәсіптік педагогика» пәнінің мақсаты- Кәсіптік педагогика - жеке тұлғаға кәсіп пен кәсіптік біліктілікті калыптастырудың заңдылықтарын зерттейтін, әлеуметтік сұранысты қанағаттандыратын ғылымының негізгі саласының бірі.Мақсаты- білім берудің, тәрбиелеудің, оқушыларды оқыту және дамытудың заңдылықтарын оқытып, оқыту және тәрбиелеудің, ақпараттық және педагогикалық технологияның принциптерін жасап, кәсіби оқу орындарының түрлерін және басқару жүйелерін негіздейді. Ол педагогикалық теория туралы, қазіргі заманғы оқыту технологияларын жоспарлау тәсілдері, кәсіби оқыту жүйесінің болашақтағы даму жүйесі туралы білімдерді біріктіреді.Кәсіби педагогика дегеніміз – адамды кәсіби қызметке, жас ұрпақты кәсіби тәрбиелеу, білікті мамандарды дайындау туралы ғылым. Кәсіби педагогика жалпы педагогиканың бөлігі ретінде кәсіби оқыту жүйесімен бірге құралады. Онда басқа-да ғылымдар сияқты өзінің категориалды аппараты, аталған ғылым зерттейтін және оның іргетасын құрайтын өзіндік құбылыстарымен реттелетін өзінің сапалы ерекшеліктері бар.
2бил
1. Кәсіби оқыту әдістемесі ғылым және оқу пәні ретінде-кәсіпке оқыту мазмұнының әр кезеңіндегі білім беру мазмұны жөнінде студенттерге нақты түсінік беру; педагогтың сабақты ұйымдастыруы мен материалдық жабдықтауы, оларды жоспарлау жұмыстарының мазмұнымен таныстыру, сабақтан тыс, сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастыру мен басқаруға болашақ мұғалімдерді дайындау;жан-жақты дамыған, шығармашылық қабілеті жоғары, кәсіби бейімділігі бар тұлғаны тәрбиелеу және жетілдіруге жағдай жасау; болашақ кәсіби қызметінде өзін өзі айқындау мен өз мүмкіндігін жүзеге асыруға дайындау;студенттерді педагогикалық еңбекті тиімді ұйымдастыруға, оқушы жастарға білім берудің тиімді әдістері мен формаларын, оқу құралдарын таңдауға, әдістемелік, анықтамалық және арнайы әдебиеттермен жұмыс жасауға үйрету; мектептерде студенттерді педагогика-лық практиканы өтуге, курстық және дипломдық жұмыстарды орындауға даярлау.
2. Кәсіптік білім берудегі дәстүрлі технологияларды түрлендірудің концентуалды тәсілі- Кәсіптік білім берудегі дәстүрлі технологияларды түрлендірудің концептуалды тәсілідерін, даярлау жүйесіндегі инновациялық технологияларды пайдалану. Оқытуды дербестендіру мен деңгейлік дифференциалдау;Білім беруді демократияландыру мен ізгілендіру принциптеріне негізделген жаңа;педагогикалық компьютерлік технология алғаш рет зерттелген. Егер осы жұмыстарда қарастырылған оқытудың педагогикалық технологиясын оқу-тәрбие процесіне, оқытудың жаңартылған жүйесінің жобасы ретінде енгізетін болсақ, онда: Білімді демократияландыруға және ізгілендіруге,Оқыту сапасын арттыруға, Басқару тиімділігін жетілдіруге,Оқушылардың дамуына бақылау жасауға,Оған сәйкес бағалауға болатыны дәлелденіп отыр.Бұл жағдайда педагогикалық технология – компьютерлік техниканың тиімді пайдаланылуына мүмкіндік туғызады. Сондықтан да, бірқатар мектептерде жүргізіліп жатқан тәжірибелік сынақ жұмыстарының басты міндеті – дәл осындай оқытудың жаңа педагогикалық технологиясын оқыту процесіне енгізу болып табылады
3. «Кәсіптік педагогика» пәнінің міндеттері 1. Кәсіптік мектептердегі тәрбиенің мақсаты мен өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, жалпы педагогика арасында сабақтаса жүргізілудің тиімділігін зерттеу.2. Кәсіптік білім мазмұны.3. Жеке тұлғаға ғьмыми-техникалық білімін жөне кәсіптік біліктілік дағдыларын қалыптастырудың өзіндік ерекшеліктерін меңгерту.4. Кәсіптік білім беретін оқу орындарында оқу-тәрбие үрдісін басқару.
3бил
1. Кәсіптік оқыту педагогының әдістемелік қызметі- Студенттерді болашақ педагогикалық қызметке дайындаудың әдістемелік негізін қалау, жалпы білім беретін мектептерде оқушы жастармен бастауыш, кәсіптік білім мен еңбек технологиясының мектептің типтік оқу бағдарламаларының тарау-ларына сәйкес жемісті жұмыстар жүргізуі-не, мектеп оқушыларын Республикадағы жаңаша әлеуметтік және экономикалық жағдайларда еңбекке дайындауға қажетті білім, іскерлік және дағдысын қалыптастыру.
2. Жеке тұлғаға бағдарланған оқыту тех/сы- Жеке тұлғаға бағытталған білім беру дегеніміз - педагогикалық іс-әрекеттің әдіснамалық жаңа бағыты, яки баланың қайталанбас дара тұлға ретінде өзін-өзі тануын, өзін-өзі жетілдіре отырып, дамытуын қамтамасыз ететін өзара тығыз байланысты идеялар, түсініктер мен іс-әрекеттер жиынтығы. Тұлғаға бағытталған жаңа көзқарас түсінігін айқындау үшін негізгі үш мәселеге тоқтала кеткеніміз жөн:Тұлғаға бағытталған көзқарас ұғымын ашатын негізгі түсініктер:Адамның ешкімге ұқсамайтын өзіндік даралық ерекшелігі;Жеке тұлғаның үнемі өзгеріп отыратын әлеуметтік болмысы;Тұлғаның өзіне тән қабілеттері мен мүмкіндіктерін таныту үрдісі;Өзін және қоршаған ортаны тануда саналы, шығармашылық белсенділік көрсететін тұлға әрекеті;«мендік» тұжырымдаманың болуы;Оқушылардың білім алуына жағдай жасау. Өмірлік, кәсиби өсуіне педагогикалық қолдау, психикалық қарым-қатынас бойынша алдын-ала көмек беру іс-әрекеті.2.Оқушыларға білім беру әрекетіндегі негізгі принциптер (ұстанымдар):өзін-өзі белсендіретін тұлға ұстанымы;даралық ұстанымы;субъектілік ұстанымы;таңдау ұстанымы;3. Технологиялық бөлімі:шығармашылық іс-әрекетке шақыру;баланың жеке басының дамуын қолдау;оқушылардың өз бетінше шешім қабылдауына, білім алудың мазмұны мен жолдарын таңдауға еркіндік беру.Жоғарыда аталған түсініктемелер тұлғаға бағыттап оқытудың сипаттамасын айқындауға мүмкіндік береді. Жеке тұлғаға бағыттап оқыту дегеніміз оқушының қажеттіліктерін, ерекшеліктерін, іс-әрекетін ескеретін жан-жақты, интеллектуалды ойлау қабілетін, өз бетінше шешім қабылдай алатын, шығармашылық қабілеттерін дамытатын тұлғаның «мәденитаралық қарым-қатынас субъектісін» қалыптастыру. Жеке тұлғаға бағытталған оқыту –бұл жеке тұлғаның белсенділігіне жету. Барлық оқу процесін белсенділендіру жоспарында ең маңыздысы практикалық сабақтарда берілген мүмкіндіктерді барынша қолдану.
3. Кәсіптік педагогика дегеніміз не- адамды кәсіби қызметке, жас ұрпақты кәсіби тәрбиелеу, білікті мамандарды дайындау туралы ғылым. Кәсіби педагогика жалпы педагогиканың бөлігі ретінде кәсіби оқыту жүйесімен бірге құралады. Онда басқа-да ғылымдар сияқты өзінің категориалды аппараты, аталған ғылым зерттейтін және оның іргетасын құрайтын өзіндік құбылыстарымен реттелетін өзінің сапалы ерекшеліктері бар.
4би
1. Оқыту процесінің мәні, оның ерекшеліктері мен қызметі- Оқыту процесі – білімді, біліктілік пен дағдыны меңгертетін, оқушылардың дүниетанымын, күшқайратын, қабілеттерін тәрбиелеп дамытатын іс-әрекет барысы. Оқу барысында оқушының сана-сезімі, адамгершілік қасиеттері, эстетикалық талғамы, тұлғалық қасиеттері қалыптасып дамиды.Оқыту – мақсатты процесс. Оқытудың басты мақсаты, әдіс-тәсілдері мазмұны мен міндеттері қоғам талабынан туындап, ұдайы өсіп, жаңарады.Оқыту- таным процесі. Танымның ерекшелігі оқушыда білімге деген қызығушылығы ұдайы өсіп арта түседі. Оқытудың міндеті- оқушыны айнала ортамен (табиғат, қоғам)және адам дамытуының негізгі заңдылықтарымен қаруландыру. Оқушы дүние тануда бұрын ғылымда белгілі болған,зерттеліп дәлелденген жаңалықтарды, заңдылықтар мен тұжырымдарды әрі қарай дамыта түседі.Оқытуда ғылым негіздерін оқып үйренудің өзі, ғылым ьарихы мен, оның әдістері мен танысу, ұлы ғалымдар мен қызметі жайлы ақпарат алады.Оқыту- даму негізі. Педагогикалық процесс өзіне тән негізгі екі белгіні: организмнің өзіндік дамуына жүйелі түрдегі көмек және жеке бастың жан-жақты жетілуін түйістіреді.Оқыту - екі жақты процесс. Оқыту оқушы мен мұғалімнің өзара бірлесіп жасайтын әрекетінен тұратын күрделі процесс. Өйткені, оқыту-мұғалімнің білім берудегі негізгі іс-әрекеті болса, оқу- баланың өзінің танымдық, практикалық әрекеті. Оқыту – жоспарлы процесс. Мұғалім оқушылардың жалпы рухани дамуын жүйелі қамтамасыз етуі үшін оқыту процесін жоспарланған, ұйымдастырылған түрде жүзеге асырады. Оқушы білімді қысқартылған, педагогикалық тұрғыдан өзгертілген жолмен мұғалімнің және арнайы жазылған оқу құралдарының көмегіне сүйене отыра меңгереді.
2. Ынтымақтастық оқу технологиясы- танымдық белсенді іс-әрекетке әр оқушыны тартуды көздейтін оқушылардың өздік жұмыстарын ұйымдастыру тәсілін іздестіру.Ынтымақтастықта оқыту идеясы түп тамырымен гуманды іс, яғни ол педагогикалық болып табылады деген сөз. Бұл идеяны түсіну үшін осы әдістің авторлары «қате» деген сөзге назар аудару керек. Қатені алдымен бұрыс іс-әрекет, зерсіздік, ұқыпсыздық деп түсінеді. Авторлар осы түсінікке қажетті білім мен іскерлікті меңгергеннен соң қосымша тәжірибе мен үлкен жаттығу қажет деген түсінікті қосуды ұсынады. Яғниоқушылар белгілі бір тапсырманы қатесіз орындау үшін жаттығу, іс-тәжірибеден өтуі қажет деп ұсынады. Ынтымақтастықта оқыту әлемдік тәжірибеде дәстүрлі әдіске тиімді альтернатив болып табылады. Ол сонымен қатар тұлғалық-бағдарланған көзқарасқа да жатады.
Ынтымақтастықта оқытудың мақсаты білім, іскерлік, дағдыларды қалыптастыру ғана емес, әлеуметтердіру тиімділігін де ескеру керек. Оқушылар бірге жұмыс істейді, оқиды, шығармашылықпен айналысады, бір біріне көмекке келеді. Педагогтардың айтуынша ынтымақтастықта оқыту барысында оқушылар жолдас болып қана қоймай, адамгершілік қарым қатынастары нығаяды, бір бірімен тіл табысуға ықпал етеді. Бұл адамгершілік тәрбиесінің табысы болып табылады.
3. Кәсіптік педагогиканың нысаны- Кәсіби педагогиканының статусын толыққанды ғылым ретінде белгілеу оның нысанымен пәнінің нақты болмысын білдіреді. Ғылым нысаны деп – ғылыми білімдердің аталған саласына бағытталып, оқылатын нақты құбылыстармен процесстерінің жиынтығы. Ғылым пәні – ол нысанның осы ғылыми білімдердің дәл осы саласындағы нақты зерттеулеріне сәйкес бағытталған зерттеулер.Қазіргі заманғы ғылымда зерттеу пәнімен зерттелетін осы жалпы философиялық-әдістемелік ережелер, кез келген ғылымға, оның ішінде ғылыми педагогикаға да тән.Кәсіби педагогиканың нысаны болып тек қана адамды еңбекке (кәсіби) тәрбиелейтін арнайы тар шеңбері ғана емес, ол тұтас білім бері жүйесі болып табылады.Педагогика пәнінің ғылым ретінде қалыптасуына білім беру процессі, нақты технологиялар, білім берудің күтілетін нәтижелеріне жетуге септігін тигізетін оқытудың әдістері, құралдары және ұйымдық нысандары ықпал етеді. Осыдан туындайтыны, кәсіби педагогиканың пәні болып кәсіби білім берудің қандай да болмасын деңгейі мен ерекшелігі ескерілген жеке тұлғаның маңызды кәсіби сапасын қалыптастыру процессі болып табылады.Алайда педагогтің процессуалды қызметі оқу жоспарына, оқу бағдарламаларына, алдын-ала жасалған және қажетті деңгейде негізделген, кез-келген деңгейдегі білім мақсаты белгіленген әдістемелік материалдарға, оның мазұмынына, мүмкін болар әдістеріне, құралдарына, ұйымдық нысандарына арқа сүйейді.
Басқа сөзбен айтқанда, білім беру процессіне (мақсаттан нәтижеге
5билет
1. Кәсіптік оқытудың дидактикалық жүйесі- жоғары сынып оқушыларын кәсіпке алғашқы баулу (салалар бойынша) бағдарламасының мазмұнын (Х-ХІ сыныптар);оқытудың мақсаты, міндеттері және кезеңдері есебіндегі кәсіпке алғашқы баулу сабақтарының құрылымы мен қағидаларын;оқулықтардың, оқу құралдарының, оқу-әдістемелік әдебиеттердің мазмұны, идеясы, негізгі қағидаларын;оқу шеберханаларын ұйымдастыру мен жабдықтауға қойылатын талаптар.
2. Дамыта оқыту технологиясы- күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. Оның нәтижесінде әр оқушының өзін ‑ өзі өзгертуші субьект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдай жасалады. Дамыта оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы: көздеген мақсатында, мәнінде, мазмұнында дамытушылардың негізгі факторында. Мұғалімнің рөлі мен атқаратын қызметінде, әдіс тәсілінде, т.б. Бұл бағдарлы идеялар бүгінгі білім беру аясында қолдау табуда. Педагогика ғылымының зерттеушілері тәлім – тәрбие беру үрдісінің негізгі мақсаты оқушы тұлғасын дамыту деп таниды. Бірақ, тұлға дамуы туралы ізденушілігі психологияның айтуы бойынша, әр адамның өз қолында, оны сырттан әсер ететін күшпен дамытуға болмайды. Осы пікірден туған білім беру мақсатының басқа да тұжырымы бар. Оқушы тұлғасын дамыту, ол оның толық өзіндік қалыптасуының, өзіндік жетілуінің амалы ретінде қарастырылады. Сондықтан мектеп мақсаты баланың табиғи күштері мен мүмкіншіліктерінің өзіндік ашылуына қолайлы жағдай жасау болып табылады. Ол үшін тұлғаның дамуынкөздейтін білім беру үрдісін, ұйымдастырудың түрлі әдістері мен амалдарын анықтап, жүзеге асыру қажет.
3. Кәсіптік білім беру проблемаларымен қандай ғалымдар айналысады?- Аталған оқыту-әдістемелік кешеннің негізіне ғалым-педагогтар С.Я. Батышев, Безрукова, Э.Ф. Зеер, В.М. Монахов, Е.С. Полат, И.В. Роберт, Г.М. Романцев, В.А. Скакундардың еңбектері қолданылды. С.Н. Архангельский, Қ.М. Арынғазин, Ш.А. Абдраман, Б. Әбдікәрімұлы, А.Е. Әбілқасымова, Е.И. Бурдина, С.А. Дружилов, Е.Ө. Жұматаева, С.Т. Каргин, Б.Т. Кенжебеков, Қ.М. Кертаева, Е.А. Климов, С.З. Қоқанбаев, В.В. Колосова, А.К. Маркова, М.С. Мәлібекова, Ш.М. Мұхтарова, Н.Ә. Мыңжанов, А.Қ. Нұрғалиева, Т.С. Сабыров, А.П. Сейтешев, В.А. Сластенин, Н.Д. Хмель, Ә.Ә. Усманов, А.И. Щербаков, Г.О. Тәжіғұлова, В.Д. Шадриков, Л.А. Шкутина және т.б. ғалымдардың зерттеулеріне арқау болып, әр қырынан қарастырылады.Кәсіби-техникалық білім беруді жетілдіру, инженер-педагог және кәсіби оқыту мамандарын даярлаудың сапасын арттыру және олардың кәсіби біліктіліктерін жетілдіру мәселелері Б.З. Батталханов, С.Я. Батышев, И.Б. Васильев, В.В. Егоров, К.Ә. Дүйсенбаев, Б.К. Момынбаев, К. Өстеміров, А.П. Сейтешев, Л.А. Шкутина және т.б. еңбектерінде терең зерттеледі.
Кәсіби оқыту педагогын технологиялық-ақпараттық негізде даярлау, шығармашылық іс-әрекетке баулу, оның кәсіби құзыреттілігі мен кәсіби маңызды сапаларын қалыптастыру мәселелері Г.Қ. Әбілқасымова, В.В. Готтинг, А.Ж. Көпербаева, А.Ш. Манабаева, М.К. Танасейчук, С.М. Ударцева, Н.Р. Шаметов, Ә.М. Шарзадин, Г.С. Шрайманова және т.б. кандидаттық диссертацияларына негіз болды.
Оқытуды даралау мен саралаудың жалпы мәселелеріне байланысты зерттеулерді кеңестік ғалымдар А.А. Бударный, И.Г. Бутузов, Н.К. Гончаров, А.А. Кирсанов, Е.С. Рабунский, Н.М. Шахмаевтар жүргізген.
6БИЛЕТ
1.Оқу формасы дидактикалық категория ретіндеОқушылардың білім мазмұнын игеру іс-əрекеттері əрқилы формада жүзеге асып барады. Латын сөзі «форма» тысқы бейне, сырттай көрініс, қандай да нəрсенің құрылымы дегенді аңдатады.Оқуға байланысты форма екі мағынада қолданылады: 1) оқу формасы; 2) оқу-ұйымдастыру формасы. Дидактикалық категория ретінде оқу формасы оқу процесі ұйымдастырылуының сырттай көрінісін білдіреді. Ол оқу процесінің мақсаттары, мазмұны, əдістері мен құрал-жабдықтарына, материалдық жағдайларына, қатысушылар құрамы жəне т.б. элементтеріне тəуелді. Оқушылар санына, оқу уақыты мен орынына, іске асыру тəртібіне орай оқу формасы əрқилы болып келеді. Қазіргі мектеп тəжірибесінде келесідей оқу формалары қалыптасқан: жеке-дара, топтық, толық сыныптық, ұжымдық, жұптастық, дəрісханалық жəне дəрісханадан тыс сыныптық жəне сыныптан тыс, мектептік жəне мектептен тыс, əлбетте, мұндай топтастырудың (классификация) жетілген ғылыми негіздемесі əзірге болмай тұр. Дегенмен, осы тұрғыдан оқу формаларының көптүрлілігін біршама ретке келтіру мүмкін.
Жеке-дара оқу формасы мұғалімнің бір оқушымен педагогикалық қатынасқа келуінен құралады.
Оқудың топтық формасында оқушылар əрқилы мүдде- мақсатқа орайласқан топтарда оқиды, тəрбиеленеді. Толық сыныппен жұмыс (фронталь) формасы оқуда мұғалім бір мезетте барша оқушылармен, біркелкі тапсырма, міндет белгілеп, сынып қатысушыларының бəріне ортақ іс-əрекеттер төңірегінде бірқалыпты оқу жұмыстарын алып барады. Бұл оқу түрінің фронталь оқу формасынан өзгешелігі: сынып оқушылары өздеріне тəн ара қатынас, өзара ықпал жасау ерекшеліктерін сақтаумен біртұтас, мақсат-мүддесі ортақ, біртекті жұмыс бағытында бірігіп, бекіген ұжым ретінде қарастырылады. Жұптасып оқуда негізгі өзара байланысты оқу əрекеттері екі оқушының қатысуымен орындалады. Дəрісханалық жəне дəрісханадан тыс, сыныптық жəне сыныптан тыс, мектеп ішілік жəне мектептен тыс оқу жұмыстары өздерінің өткізілетін орындарымен белгіленеді. Оқу ұйымдастыру формасы – бұл оқу процесінің жекеленген бөлігінің құрылымы, дəрістің белгілі бір түрі (сабақ, дəрісбаян, семинар, саяхат, факультатив дəріс, емтихан, сынақ жəне т.б.) Оқудың ұйымдастырылу формалары əрқилы негіздемелерге байланысты қарастырылуы мүмкін.
- Оқу процесінде басым болған мақсатқа орай – кіріспе сабақ; білімді тереңдете оқыту дəрісі; практикалық сабақ; білімді жүйелестіру жəне қорытындылау сабағы; білім, ептілік жəне дағдыларды бақылау, тексеру сабағы; аралас сабақ формалары. - Дидактикалық мақсаттарға орай – теориялық, практикалық, еңбектік, аралас сабақтар формалары; Жеке-дара өтілетін дəріс түрлері: репетиторлық , тьюторлық, менторлық, гувернерлық, отбасылық оқу, өзіндік оқу. Ұжымды-топтық сабақ түрлері өз ішіне дəрісбаян, семинар, конференция, олимпиада, оқу саяхаттары жəне іскерлік ойындарды қамтиды. Даралықты-ұжымды дəрістер-пəн, тақырып жұмыстарына толық шомдыру (погружение), шығармашылдық апталары, ғылыми апталар, жоба (курстық, диплом) жұмыстары. Оқу формалары қозғалысты, қоғам, өндіріс, ғылымның даму деңгейіне тəуелді пайда болады, өрістейді, бірі бірімен ауысып отырады. Əлемдік білім тəжірибесі тарихында əрқилы оқу жүйелері қалыптасып, олардың əрқайсысы өзіне ыңғайлы оқу формаларына сəйкес, қолданылған.
Алғашқы адамзаттық қауымның өзінде-ақ тəжірибені бір адамнан екіншіге, ересектен жас əулет өкіліне өткізу мақсатында жеке-дара оқыту жүйесі іске асырылды. Бірақ мұндай жолмен көп санды оқушы қамту мүмкін болмады. Қоғамның бұдан былайғы дамуы сауатты адамдардың көп болғанын қажет етті. Осыдан жеке–дара оқыту басқаша ұйымдастыру формаларымен ауыса бастады. Дегенмен, жеке-дара оқыту өз маңызын осы күнге дейін жоғалтпастан, репетиторлық, тьютарлық, менторлық, гувернерлық оқу формаларында қолданым табуда.
2.Оқушыларды кәсіптік даярлау жүйесіндегі инновациялық технологияларМодульдік оқыту технологиясыМодульдік оқыту құрылымы түрлері қағидалары мәні және дайындау кезеңдері. «Модульді оқыту» ұғымы. Модуль сипаттамасы. Модульдік оқытудың мазмұны және педагогикалық бақылау. Модульдік оқыту артықшылықтары.Ақпараттық оқыту технологияларыЖаңа ақпараттық оқыту технологиялары. Жаңа ақпараттық оқыту технологияларының дамуы. Ақпараттық оқыту технологиясы ұғымы, мақсаты, міндеттері. Ақпараттық оқыту технологиясының сипаттамасы.Мультимедиялық оқыту технологиясын қолдану.Қашықтықтан оқытуҚашықтықтан оқыту түсінігі, мақсаттары, міндеттері, қашықтықтан оқыту негізіндегі компьютерлік технологиялардың дидактикалық қызметтерімен қасиеттері. Қашықтықтан оқыту жүйелері мен әдістерін жіктеу. Қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың оқыту ақпараттық жүйесін автаматтандыру. Қашықтықтан оқытудың ерекшеліктерімен мүмкіндіктері. Автаматтандырылған оқытудың ақпараттық жүйесінің құрылымы. Қашықтықтан оқыту конспектілері. Қашықтықтан білім берудің оқыту пәндеріне қойылатын талаптары. Қашықтықтан оқыту жүйесін пайдалану арқылы оқыту үрдісінің құру ерекшеліктері. Қашықтықтан оқытудың оқу құралдарын өңдеу. Қашықтықтан оқытудың әдіснамалық негіздері. Қашықтықтан оқытудың дидактикалық принциптері. Қашықтықтан оқытудың ұйымдастырушылық негіздері. Қашықтықтан оқытудың ұйымдастырушылық негіздері. Қашықтықтан оқытудың құралдары мен ұйымдастыру үлгілері.Проблемалық оқытуПроблемалық оқытудың мақсаттары мен міндеттері. Проблемалық оқытудың негізін салушылар. Негізгі түсініктер, проблемалық жағдайлардың түрлері. Проблемалық оқытудың негізгі қызметтері мен белгілері. Проблемалық оқыту түрлері мен деңгейі. Проблемалық оқытуды ұйымдастыру.Этнопедагогикалық оқыту технологиясыЭтнопедагогикалық оқыту технологиясының мақсаттары мен міндеттері. Этнопедагогикалық технологияның қағидалары. Халық даналығы. Этномәдениеттің қалыптасуы. Тәрбиелеу мақсаты мен міндеттері. Тәрбие жүйесі мен кешеннің негізін салушы қағидалар. Жобалау әдісіне оқытуЖобалау әдісіне оқытудың мақсаттары мен міндеттері. Жобалап оқытуды пайдаланудың ерекшеліктері. «Жобалар әдісі» және «жобалау әдісі» ұғымдарының зердалеу. Оқушыларды кәсіке даярлау жүйесінде жобалау әдісіне оқытуды ұйымдастыру. Жобалау іс-әрекетінің үрдісі. Жобалауға оқу іс-әрекетінің құрылымы.
3. Кәсіптік білім беру проблемасына өз үлестерін қосқан ғалымдар?
Аталған оқыту-әдістемелік кешеннің негізіне ғалым-педагогтар С.Я. Батышев, Безрукова, Э.Ф. Зеер, В.М. Монахов, Е.С. Полат, И.В. Роберт, Г.М. Романцев, В.А. Скакундардың еңбектері қолданылды. С.Н. Архангельский, Қ.М. Арынғазин, Ш.А. Абдраман, Б. Әбдікәрімұлы, А.Е. Әбілқасымова, Е.И. Бурдина, С.А. Дружилов, Е.Ө. Жұматаева, С.Т. Каргин, Б.Т. Кенжебеков, Қ.М. Кертаева, Е.А. Климов, С.З. Қоқанбаев, В.В. Колосова, А.К. Маркова, М.С. Мәлібекова, Ш.М. Мұхтарова, Н.Ә. Мыңжанов, А.Қ. Нұрғалиева, Т.С. Сабыров, А.П. Сейтешев, В.А. Сластенин, Н.Д. Хмель, Ә.Ә. Усманов, А.И. Щербаков, Г.О. Тәжіғұлова, В.Д. Шадриков, Л.А. Шкутина және т.б. ғалымдардың зерттеулеріне арқау болып, әр қырынан қарастырылады.Кәсіби-техникалық білім беруді жетілдіру, инженер-педагог және кәсіби оқыту мамандарын даярлаудың сапасын арттыру және олардың кәсіби біліктіліктерін жетілдіру мәселелері Б.З. Батталханов, С.Я. Батышев, И.Б. Васильев, В.В. Егоров, К.Ә. Дүйсенбаев, Б.К. Момынбаев, К. Өстеміров, А.П. Сейтешев, Л.А. Шкутина және т.б. еңбектерінде терең зерттеледі.Кәсіби оқыту педагогын технологиялық-ақпараттық негізде даярлау, шығармашылық іс-әрекетке баулу, оның кәсіби құзыреттілігі мен кәсіби маңызды сапаларын қалыптастыру мәселелері Г.Қ. Әбілқасымова, В.В. Готтинг, А.Ж. Көпербаева, А.Ш. Манабаева, М.К. Танасейчук, С.М. Ударцева, Н.Р. Шаметов, Ә.М. Шарзадин, Г.С. Шрайманова және т.б. кандидаттық диссертацияларына негіз болды.
Оқытуды даралау мен саралаудың жалпы мәселелеріне байланысты зерттеулерді кеңестік ғалымдар А.А. Бударный, И.Г. Бутузов, Н.К. Гончаров, А.А. Кирсанов, Е.С. Рабунский, Н.М. Шахмаевтар жүргізген.
7БИЛЕТ
1.Кәсіптік оқытудың ұйымдастыру формаларыЖалпытехникалық және арнайы пәндер бойынша оқу сабақтарын ұйымдастырудың негізгі формалары. Оқытудың сабақтағы, сабақтан тысғ сыныптан тыс және мектептен тыс формалары. Сабақ – мектеп шеберханаларындағы оқушылар еңбегін ұйымдастырудың негізгі формасы. Оқушылардың оқу еңбектерін ұйымдастырудың формалары: фронтальды, топтық және т.б. оқытушы мен білім алушылардың арнайы ұйымдастырылып, белгіленген тәртіп пен белгілі режимде өтетін жұмысы.Түрлері:сабақ,факультатив, семинар,практикум,экскурсия,кеңес, қосымша сабақ.
2.Ақпараттық оқыту технологиялары
Оқытудың ақпараттық технологиясы – бұл ақпаратпен жұмыс жасау үшін арнайы тәсілдер, педагогикалық технологиялар, бағдарламалық және техникалық құралдар (кино, аудио және видеоқұралдар, компьютерлер, телекоммуникациялық желілер).
Оқытудың ақпараттық технологиясы – білімді жаңаша беру мүмкіндіктерін жасау (педагогикалық іс-әрекетті өзгерту), білімді қабылдау, білім сапасын бағалау, оқу-тәрбие үрдісінде оқушының жеке тұлғасын жан-жақты қалыптастыру үшін ақпараттық технологияның қосымшасы деп түсіну керек.
Білімді ақпараттандырудың негізгі мақсаты – «оқушыларды ақпараттық қоғам жағдайында тұрмыстық, қоғамдық және кәсіби салалардың іс-әрекетіне толық, тиімді араластыру» болып табылады.
Төмендегі қасиеттер білім жүйесінің өзіндік ерекшелігі болып саналады.
· Тұтынушының қолдану сапасында;
· Нәтижесінде әр түрлі салаларда қолданылатын, ақпараттық технологияларды жасаушы сапасында.
Бірақ компьютер мүмкіндіктерін асыра бағалауға болмайды, өйткені ақпарат беру – бұл білім мен мәдениетті беру емес, сондықтан ақпараттық технологиялар педагогтарға тек қосымша тиімді құрал ретінде қызмет атқарады.
Көптеген елдердің ғылыми орталықтары мен оқу орындарында нақ осы білім қажеттілігі үшін мамандандырылған компьютерлік жүйелер саны дайындалды, олар оқу-тәрбие үрдісінде әр түрлі жағынан қолдауға бағытталды. Бұл – жүйелердің негізгі түрлері болып табылады.
· Компьютерлік бағдарламаланған оқыту – бұл сәйкесінше, компьютерлік бағдарламалардың көмегімен бағдарламалық оқыту механизмдерін жүзеге асыратын технология;
· Материалды компьютердің көмегімен оқу – оқушының жаңа материалды әр түрлі құралдардың, оның ішінде компьютердің көмегімен өз бетінше оқуын болжайды. Бұл жерде оқу іс-әрекетінің сипаты айтылмайды, оқу нұсқауларының жиынымен іске асырылуы мүмкін. Мұның өзі бағдарламалық оқыту әдісінің мәнін ашады;
· Материалды компьютер қоры негізінде оқу – алдыңғы технологиялар, технологиялық құралдардың алуан түрін (оның ішінде дәстүрлі оқулықтар, аудио және видеожазбалар және т.б.) қолданумен айрықшаланатын болса, мұнда бағдарлама құралдарын, оқушылардың өз бетінше тиімді оқуын арттыратын бағдарламаларды басымырақ қолдану жүргізіледі;
· Компьютер қорымен оқыту – білім берудің барлық мүмкін боларлық формаларын қолдану (мұғалімнің қатысуымен), шын мәнінде, жоғарыда айтылғандармен сәйкес келеді;
· Компьютердің көмегімен бағалау – өз бетінше оқыту технологиясы деп қарастырылады, дегенмен ол практикада басқаларға құрамдас элемент болып кіріп жүр. Мұндай жүйе оқылатын пәннің мазмұны мен дәстүрлі оқытуда қолданылатын немесе оқыту бағдарламаларында жүзеге асырылатын әдістерге тәуелсіз;
· Компьютерлік коммуникация – білім беру және оны жеткізумен қамтамасыз ете отырып, жоғарыда аталған технологиялардың барлығының ажырамас құрамы болып табылады. Жергілікті, аймақтық және басқа компьютерлік желілерді қолдану үшін жұмсалады. Компьютерлік коммуникация жекелеген оқу орындарының, қаланың, аймақтың, елдің ақпараттық білім жүйесінің мүмкіндіктерін көрсетеді.
Оқытудың ақпараттық технологиялары осы ақпараттық білім жүйесінің шегінде жүзеге асырылатын болғандықтан, осы білім технологиясына ақпараттық және бағдарламалық қолдаумен көрсететін құралдар бір ғана компьютермен, оған енгізілген бағдарламамен шектеліп қалмауы керек. Шын мәнінде бәрі керісінше, оқытудың ақпараттық технологияларының бағдарламалық құралдары және білім технологияларының өздері ақпараттық білім ортасына – ақпараттық білім жүйесінен бөлінген жүйешелер түрінде қосылады.
Оқытудың ақпараттық технологиясында қолданылатын бағдарламаны қамтамасыз етуді бірнеше категорияға бөлуге болады:
· Оқытатын, бақылайтын және үйрететін жүйелер;
· Ақпарат іздеу жүйесі;
· Модельдеу бағдарламалары, микромирлер;
· Танымдық сипаттағы инструменттік құралдар;
· Әмбебап сипаттағы инструменттік құралдар;
· Коммуникацияны қамтамасыз етуге арналған инструменттік құралдар.
Модельдеу бағдарламалары мен микромирлер – бұл ерекше аз мамандандырылған бағдарламалар, оларды компьютерде арнайы қолдану және оның кейбір мәселелерін зерттеуге тура келеді.
Инструменттік құралдар деп – жаңа электрондық ресурстар жасауды қамтамасыз ететін бағдарламаларды атайды:
· әр түрлі форматты файлдар;
· мәліметтер қоры;
· бағдарламалық модульдер;
· жекелеген бағдарламалар мен бағдарламалар жиыны.
Мұндай құралдар пәндік-бағытта болуы мүмкін, сол секілді нақты міндеттер ерекшелігі мен қолдану саласына тәуелді болмауы да мүмкін. Білім үрдісінде қолдануға негізделетін бағдарламалық құралдарда сақталатын негізгі талаптар – бұл жеңілдік пен табиғилық, оқушының оқу материалымен жеңіл танысуына мүмкіндік жасау. Бағдарламаларға сай келетін талаптар мен сипаттамаларды HCI (ағылшын тілінде “Human – Computer Interface” – «Интерфейс-адам-компьютер») аббревиатурасымен белгілеу қабылданған. Бұл сөзбе-сөз аударуды «адаммен сұхбаттасуға арналған компьютерлік бағдарламалар» деп түсінуге болады.
Білімді ақпараттандыру жағдайында болып жатқан кемшіліктерге қарамастан, оны «ақпараттық революция» деп атауға болады, өйткені қол жетерлік табыстар мыналар:
· ақпаратты ұсынудың жаңа формасы. Қызықты, жанды немесе алдын ала жазылған мультимедиалық ақпарат тек текстен емес, графикалық бейнелерден, анимациядан, дыбыстан және видеоүзінділерден құралып, Internet желісі арқылы беріледі немесе басқа телекоммуникациялық құралдар арқылы компакт-дискілерге жазылады;
· жаңа кітапханалар. Интеллектуальдық ресурстар көлемі және табыстары өседі. Internet злектрондық кітапхана каталогтарымен бірігіп, жер қашықтығы мен уақыт айырмашылығына қарамастан, зор ақпараттар көлемін жинауға қол жеткізеді. Әрине, мұндай кітапханалар онда сақталатын ақпараттарға толық жол аша бермейді;
· оқу сабақтарының жаңа формалары. Студенттер мен оқытушылардың виртуальды семинарлар және лабораториялар режімінде бірігіп жұмыс жасауы, сонымен бірге жаңа синхрондық мүмкіндік пайда болды. Бірқатар студенттер үшін мұндай жұмыс формалары анағұрлым ыңғайлы, өйткені дәстүрлі оқытуға қарағанда, оларға өз мүмкіндіктеріне қарай, өздеріне қолайлы графикпен жұмыс жасау және артық ескертулермен кездеспей отырып ашу қызықты;
· білімнің жаңа құрылымы. Бүгінгі күні білім жүйесіне жаңа құрылым беру үшін телекоммуникация жүйелерімен толықтырылуы қажет, сонымен қатар білім үрдісіне ақпараттық және коммуникациялық технологияларды енгізуде жоғары біліктілікке ие мамандар керек.
Көбінесе қашықтан оқыту бағдарламалары оған барынша мол қол жеткізуге мақсатталған және оқыту сапасына аса анық емес талаптар қояды. Мұндай бағдарламаның білім сапасын жетілдіруі үшін орындауы міндетті талаптар қатарын құрастыруға болады:
· сапасы мен мүмкіндігі жоғары білім кеңістігін құру, кәдімгі оқу орындары ұсынатын мүмкіндіктерден жоғары білім ортасын жасау;
· Internet желісінде әмбебап компьютерлік кітапхана құру, кез келген уақытта қолданушыға қол жеткізерлік және кәдімгі кітапханаға көлемді ақпарат беруі тиіс;
· желі бойынша педагогтармен қарым-қатынас ұйымдастыру;
· оқытушының да, оқушының да білімін компьютермен тексеру жүйесін жасау.
Төмендегідей базалық шарттар сақталған жағдайда сапалы білімге қол жеткізуге болады:
· қымбат тұратын технологиялар мен бағдарлама өнімдерін қолдану;
· іштей және қашықтан оқыту түрлерін біріктіру;
· қажетті ақпараттық ресурстарды табуды жеңілдететін толық каталогтар жасау.
