- •Курстық жұмыс
- •6M011900 – «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы
- •Алматы, 2017 в2, с1 деңгейлерінде оқылым түрлерін оқытудың тиімді жолдары Жоспар:
- •Сөйлеу әрекеттері
- •Оқылым – сөйлеу әрекеттерінің маңыздысының бірі ретінде
- •2.1 Оқылымды үйрету үрдісіндегі төрт маңызды құрамдас бөлік Еркін меңгеруі
- •Дыбысталу
- •2.2 Оқылымға үйретудің мақсаты мен мазмұны
- •2.3 Оқылым барысында кездесетін қиындықтар
- •Оқылым үрдісінде кездесетін қиындықтарды шешу жолдары:
- •2.4 Оқылым түрлері
- •Қарқынды оқылым
- •Ауқымды оқылым
- •Мәтіннің жалпы мағынасын анықтау үшін оқу (skimming)
- •Мәтіннен нақты ақпаратты анықтау үшін оқу (scanning)
- •В2, с1 деңгейлерінде оқылым түрлерін оқытудың тиімді жолдары
- •3.1 Оқылымға үйрету технологиялары
- •Оқытушы мен білім алушының мәтінмен жұмыс істеу кезеңдері
- •Оқылымға үйрету қағидалары
- •3.2 Оқылымға үйретудің әдістері
- •1. Дауыстап оқу үлгісі негізінде
- •2. Алдын – ала дайындалмаған мәтіндерді үлгісіз дауыстап оқу
- •3. Алдын – ала дайындалған мәтіндерді үлгісіз дауыстап оқу
- •Шет тілінде оқу тәсілдерін үйрету
- •Шет тіліндегі мәтіндерді түсіну үлгісі
- •Тақырып
- •3.3 Білім алушының мәтінмен жұмыс істеу сатылары
- •1. Мәтінді оқығанға дейін жасалатын жұмыстар
- •2. Мәтінді оқу барысында жасалатын жұмыстар
- •3. Мәтінді оқып болғаннан соң жасалатын жұмыстар
- •Қорытынды бөлім
- •Әдебиеттер тізімі
Шет тіліндегі мәтіндерді түсіну үлгісі
Мәтінді түсінуде маңызды рөлді сөйлемдер атқарады.
Содан соң, мәтіннің жанры, құрылымы және формасын анықтау қажет.
Тақырып
Мәтіннің мағынасы туралы ой түйіндеуге көметеседі.
Маңызды рөлді суреттер ойнайды. Олар мәтіннің мазмұнын анықтауға көмектеседі.
Мәтіннің мағынасын контекст негізінде түсінуге болады.
Келесі мәтіндегі сөздер ерекше орын алады. Олардың кейбіреулері ерекшеленіп тұруы мүмкін. Сөздердің мағыналарын контекст негізінде анықтауға болады.
Мәтіндегі негізгі ақпарат оның ішкі құрылымы мен мәтіндегі оймен тығыз байланысты
Сөйлемді байланыстырушы элементтер маңызды рөл атқарады. Яғни олар, мәтіндегі оқиға қалай өрбіп жатқандары жайлы мағлұмат береді.
3.3 Білім алушының мәтінмен жұмыс істеу сатылары
1. Мәтінді оқығанға дейін жасалатын жұмыстар
Кезеңнің мақсаты: мотив құру және болжам жасау мүмкіндіктерін дамыту. Яғни, мәтіннің тақырыбы, тақырыпшалар мен суреттер негізінде мәтіннің мазмұны жайлы болжам жасау.
Кезең тапсырмалары:
білім алушылар мәтіннің тақырыбы мен тақырыпшаларын оқып, мәтінмен берілген суреттерге назар аударады.
білім алушылар берілген мәтін тақырыбы бойынша өздері не біліеді сонымен салыстырады.
білім алушылар тақырыптағы түйін сөздерді жазып алып, кесте құрады (ассоциограмма).
оқытушы құрылған кестелерді білім алушылардың талқылауларын сұрайды.
оқытушы мәтінді оқып, білім алушылардың жорамалдарын автордың ойымен тексеруін сұрайды.
2. Мәтінді оқу барысында жасалатын жұмыстар
Кезеңнің мақсаты: мәтінді оқып жатып түсіну
Бұл кезеңде білім алушылар мәтінді түсіну үшін мета – когнитивті әдістерді қолданады.
1. Білім алушылар мәтінді оқыр алдында жасаған болжамдарын тексеру үшін бір мәрте оқып шығады.
2. Екінші мәрте оқыған кезде білім алушылар әр түрлі коммуникативті мәселелерді шешеді.
- нақты ақпараттарды анықтайды
- мәтінді бөліктерге бөледі
- өздеріне таныс емес ақпаратқа қатты көңіл бөліп, жаңа сөздермен, грамматикалық құрылымдармен танысады
- мәтіннің бөліктерінің арасында байланыс орнатады
- маңызды ақпараттарды қайталап оқып, автордың ойын түсінуге тырысады
- мәтіндегі маңызды фактілерді, бейіпкерлердің сипаттамаларын жазуға арнайы дәптер бастайды
3. Мәтіннің мазмұны бойынша талқылау жасалады. Таңдау бойынша мәтіндегі ақпараттарды оқу қажет.
3. Мәтінді оқып болғаннан соң жасалатын жұмыстар
Кезеңнің мақсаты: мәтіннің негізгі ойын түсіну
Бұл рефлексия кезеңі. Білім алушылар оқығандарына анализ жасап, қорытындыға келеді. Соңында, оқытушының басшылығымен сыныптық талқылау жасалады.
Түсінікті тексеруге арналған жаттығулар:
сурет салу
мазмұнын айту
дәлелдеу
аяқтау
аудару
Түсінікті тексеруде тестік тапсырмалар ерекше орын алады:
ақпаратты ретімен қою
фактілерді топтастыру
артық ақпаратты алып тастау
мәтіндегі бос орындарды толтыру
