- •Курстық жұмыс
- •6M011900 – «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы
- •Алматы, 2017 в2, с1 деңгейлерінде оқылым түрлерін оқытудың тиімді жолдары Жоспар:
- •Сөйлеу әрекеттері
- •Оқылым – сөйлеу әрекеттерінің маңыздысының бірі ретінде
- •2.1 Оқылымды үйрету үрдісіндегі төрт маңызды құрамдас бөлік Еркін меңгеруі
- •Дыбысталу
- •2.2 Оқылымға үйретудің мақсаты мен мазмұны
- •2.3 Оқылым барысында кездесетін қиындықтар
- •Оқылым үрдісінде кездесетін қиындықтарды шешу жолдары:
- •2.4 Оқылым түрлері
- •Қарқынды оқылым
- •Ауқымды оқылым
- •Мәтіннің жалпы мағынасын анықтау үшін оқу (skimming)
- •Мәтіннен нақты ақпаратты анықтау үшін оқу (scanning)
- •В2, с1 деңгейлерінде оқылым түрлерін оқытудың тиімді жолдары
- •3.1 Оқылымға үйрету технологиялары
- •Оқытушы мен білім алушының мәтінмен жұмыс істеу кезеңдері
- •Оқылымға үйрету қағидалары
- •3.2 Оқылымға үйретудің әдістері
- •1. Дауыстап оқу үлгісі негізінде
- •2. Алдын – ала дайындалмаған мәтіндерді үлгісіз дауыстап оқу
- •3. Алдын – ала дайындалған мәтіндерді үлгісіз дауыстап оқу
- •Шет тілінде оқу тәсілдерін үйрету
- •Шет тіліндегі мәтіндерді түсіну үлгісі
- •Тақырып
- •3.3 Білім алушының мәтінмен жұмыс істеу сатылары
- •1. Мәтінді оқығанға дейін жасалатын жұмыстар
- •2. Мәтінді оқу барысында жасалатын жұмыстар
- •3. Мәтінді оқып болғаннан соң жасалатын жұмыстар
- •Қорытынды бөлім
- •Әдебиеттер тізімі
1. Дауыстап оқу үлгісі негізінде
Үлгіні оқытушы өзі көрсетсе де не алдын ала жазылған үнтаспамен жүзеге асырса ды болады. Үлкі екі рет тыңдалады: толық мәтінді мәнерлеп, кейін үзілістермен тыңдау. Тыңдау барысында білім алушылар үлгі бойынша мәтінді оқиды. Соңында толық мәтінді іштен содан соң дауыстап оқиды . Білім алушылардың тапсырманы дұрыс орындағандары дұрыс ырғақты қолданулары мен қарапайым тапсырмаларды орындауларынан анықталады. Алайда бұндай әдісті көп қолдануға болмайды. Себебі, ақпаратты қабылдау пассивті болғандықтан, оқылымға үйрету үрдісі ұзаққа соқылып кетеді. Сол себептенде бұл әдісті басқа әдістермен сабақтастырып қолданған жөн.
2. Алдын – ала дайындалмаған мәтіндерді үлгісіз дауыстап оқу
Бұл әдіс білім алушылардың графикалық ақпаратты қабылдауларын жақсартып, бойларында жауапкершілікті тудырады. Бұндай жұмыс екі кезеңнен тұрады:
1. Рецепция – мәтінді дұрыс ырғақпен оқу.
2. Жұппен оқу – білім алушылар кезектесіп, бір – біріне мәтінді оқып береді.
3. Алдын – ала дайындалған мәтіндерді үлгісіз дауыстап оқу
Алдын – ала дайындалған мәтіндерді үлгісіз дауыстап оқу оқу жылдамдығы мен ырғақпен оқуды дамытады. Бұл жаттығуды әр мәтінмен жұмыс аяқталғаннан сон орындау қажет.
Бейтаныс мәтіндерді үлгісіз дауыстап оқу шет тілінде оқылымға үйтену үрдісін шынайырақ жасайды. Білім алушылар бейтаныс тілдік ақпаратты қабыылдап, ойлау процесстерін іске қосады.
Шет тілінде оқу тәсілдерін үйрету
Шет тілінде оқу тәсілдерін үйрету ауызекі сөйлеуде жақсы игерілген лексикалық материалдар бойынша жүзеге асырылуы тиіс.
Дауыстап оқу техникасын дамытуға арналған жаттығулар
1. графема - фонемалық қарым-қатынастарды нығайту үшін:
- әріптерді айту
- берілген әріптерді әліпбиден табу
- әріптерді нақты буындарда айту
- буындардағы әріптер мен дыбыстарды анықтау
- сөздерді нақты әріптер мен дыбыстар бойынша топтарға бөлу
2. сөздердің формалары мен мағыналарын сәйкестендіру
- бір түбірлі сөздерді анықтау
- салыстырмалы шырайдағы сын есімдерді және етістіктердің өткен шақ формасын анықтау
3. тілдік жорамалды дамыту
- интернационал сөздерді анықтау
- сөздерді олардың құрылымы бойынша аудару
4. ықтималдық болжауды дамыту
- берілген сын есімдерге зат есімдерді таңдау
- бос орындарды артикльдермен толықтыру
5. сөздерді мағыналары бойынша топтарға бөлу
- синтагма бойынша оқу
- мезгіл және мекенді білдіретін сөз тіркестерін табу
6. грамматикалық формаларды анықтау
- сөйлемдерден етістіктерді және зат есімдерді анықтау
7. интонацияны жаттықтыру
- диктордан кейін оқу
- мәнерлеп оқу
Бұл аталған жаттығуларды ойын формасында ұйымдастырса болады. Бұндай жаттығулар оқылымға үйрету үрдісін қызықты және шығармышыл жасайды.
Бірақ оқу техникасы сөздер, тіркестер мен сөйлемдер деңгейінде ғана емес, сонымен қатар мәтін деңгейінде іс жүзіне асуы тиіс. Студенттерге оқу жылдамдығын қалыптастыратын, болжам жасау мүмкіндіктерін туғызатын тапсырмалар берілуі тиіс. Мысалы:
1. Белгісіз мәтін семантикалық бөлшектерге (сөйлемдерге) бөлінеді. Студенттер мәтінді құрап, түпнұсқамен салыстырады.
2. Студенттер кейбір сөйлемдері алынып тасталған мәтіндерді оқып, кейін түпнұсқамен салыстырады.
3. Оқытушы байланыстырушы элементтері алынып тасталған мәтінді білім алушыларға береді. Олар мәтінді өздері толықтырып, кейін түпнұсқамен салыстырады.
