Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мөлдір курсовой.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
69.51 Кб
Скачать

В2, с1 деңгейлерінде оқылым түрлерін оқытудың тиімді жолдары

3.1 Оқылымға үйрету технологиялары

Оқу дағдыларын қалыптастыру және дамыту нақты мәселені шешуге бағытталған бірнеше кезеңнен тұрады. Оқылымды үйрену оқу техникасы мен оқығанды түсіну негізінде қалыптасады. Оқу техникасы – білім алушылардың әріп және дыбыс байланыстарын игеріп, оқыған ақпаратты синтагмаларға біріктіріп, интонацияны дұрыс қоюды білдіреді.

Оқу техникасын бағалау критерийлері:

  • Оқу жылдамдығы

  • Екпін түсіру ережелерін сақтау

  • Үзіліс жасау ережелерін сақтау

  • Дауыс ырғағын дұрыс дұрыс қолдану

  • Оқығанды түсіну

Оқытушы мен білім алушының мәтінмен жұмыс істеу кезеңдері

  • Лексикалық және грамматикалық материалдарды ауызша жаттығулар арқылы игеру

  • Оқытушымен мәтінге анализ жасау. Білім алушыларға қиындық туғызатын сөздерді талдау

  • Әріптерді айыруға арналған жаттығулар жасау

  • Мәтінді тыңдау

  • Білім алушылардың мәтінді дұрыс дауыс ырғағымен, ережелерді сақтау арқылы оқуын қадағалау

  • Синтагматикалық оқылым. Диктордан кейін, не оқытыушыдан кейін қайталап оқу

  • Мәтінді хор мен не жеке – жеке дауыстап оқу

  • Оқылымды бағалау

Оқылымға үйрету қағидалары

1. Оқылымға үйрету тілдік орта сипатында болуы қажет. Бұл қағиданы дұрыс жүзеге асыру білім алушылардың қызуғышылықтарын арттырады. Көп жағдайда мәтіндер тек белгілі бір оқиғаға шолу, не онымен танысу үшін ғана қолданылады. Алайда, мәтін арнайы мақсаттың да рөлін атқаруы қажет. Бұған жету үшін мәтіндерді тәжірибелік қызметтің құралы ретінде қабылдау қажет. Оқылым құрамына мәтінді түсіну және вербалды не вербалды емес коммуникация кіреді.

2. Оқылым танымдық үрдіс ретінде жүзеге асуы қажет. Мәтіннің мазмұны үлкен рөл атқарады. Мәтіннің мазмұны білім алушылардың шет тілінде оқылымға үйренуді ақпарат алу әдісі ретінде қабылдау не қабылдамауын көрсетеді. Барлық мәтіндер қызығушылықты оятулары міндетті.

3. Тірек қағидасы – білім алушылардың шет тілінде оқылымға үйренуі өз ана тілдерінде оқылымды жақсы меңгерулерулеріне сүйенуі керек.

4. Мәтінді түсіну үшін біілім алушыларға тілдің құрылымын дұрыс үйрету қажет. Яғни, мәтіннің лексика және грамматикамен байланысын білу.

5. Оқылым тек қана рецептивті емес сонымен қатар репродуктивті қызмет атқаруы қажет.

6. Оқылымның автоматтануы – оқу техникасын жақсы меңгеру.

3.2 Оқылымға үйретудің әдістері

Қазіргі кезде оқылымға үйретудің көптеген әдістері бар.

И.Л. Бим ұсынған әдіс оқылымды сатылап үйретуге негізделген. И.Л. Бим әдісі бойынша мәтінді оқымастан бұрын жеке сөздер, сөзтіркестер немесе сөйлемдермен танысып, содан кейін мәтінді оқу. Сонымен қатыр И.Л. Бим бойынша ең бірінші дауыстап оқу жүзеге асады, ал содан кейін іштей оқу келеді.

И.Л. Бим жаттығулардың 4 тобын көрсетті:

1. машықтану жаттығулары

2. бірінші деңгейлі орындаушылық жаттығулар

3. екінші деңгейлі орындаушылық жаттығулар

4. бақылау жаттығулары

Бірінші топ жаттығулары:

Бұл жаттығулар білім алушылардың дауыстап оқу техникасының кейбір ерекшеліктеріне көңіл бөліп, оқылым механизмдерін (сөздер, сөз тіркестер, сөйлемдер немесе мәтіндер деңгейінде) игеруге негізделген. Сонымен қатар бұл жаттығулар іштей оқу техникасына негізделген. Бұл әдетте сөйлемдер немесе мәтіндер деңгейінде жүзеге асады.

Екінші топ жаттығулары:

Оқылымды жаттықтыруға арналған жаттығулар. Бұлар мәтін деңгейінде жүзеге асады. Білім алушылар мәтінді түсіну үшін қайта – қайта оған оралады. Мәтінді түсіну үшін әр түрлі тіректерді (суреттер, қаріптер, синонимдер және т.б.), сөздіктерді пайдалана алады.

Үшінші топ жаттығулары:

Бақылау жаттығулары оқылымды жетік игерудің дұрыс қалыптасуын бақылайды. Бұлар тек жаттығулар ғана емес, арнайы құрылған тест тапсырмалары да болуы мүмкін. [12]

Маслыко Е.А., Бабинская П.К. ұсынған әдіс мәтінмен сатылап жұмыс істеуге негізделген. Олар мәтінмен жұмыс істеудің үш кезеңін көрсетті.

1. Мәтінмен жұмыс істегенге дейінгі кезең – мәтінмен жұмыс істеуге қызығушылықты ояту. Білім алушылардың өмір тәжірибелері, мәтіннің тақырыыбы немесе мәтінмен берілген суреттер негізінде болжам жасау. Бұл кезеңде оқытушылар мәтіннің мазмұнын баяндамаулары қажет. Себебі, білім алушылар мәтіннен өздеріне алатын жаңа ақпарат болмағандықтан мәтінге деген қызығушылықтарын жоғалтады.

2. Мәтінмен жұмыс кезеңі – мәтіннің кейбір бөліктерін арнайы коммуникативті тапсырманы жүзеге асыру үшін оқу. Бұл кезеңнің нәтижесі мәтінді түсіну.

3. Мәтінді оқып болғаннан кейінгі кезең – мәтінді білім алушылардың жазбаша немесе ауызша түрде ойларын білдіруге қолдану. Бұл кезең жаттығулары репродуктивті және продуктивті қабілетті дамытуға бағытталады.

Е.А. Маслыко и П.К. Бабинская мәтінмен жұмыс істеудің әр түрлі кезеңдеріне арналған жаттығулар тобын ұсынды.

Бірінші топ жаттығулары мәтін мазмұнын түйін сөздер, тірек сөйлемдер, мәтіннің қысқа, жеңілдетілген нұсқасы арқылы түсіну. Білім алушылар шығармашылықтарын дамыту үшін арнайы жаттығулар орындайды.

Екінші топ жаттығулары репродуктивті және продуктивті қабілеттерін дамытуға арналған. Білім алушылар мәтіннің түсінігін айтыды.

Үшінші топ жаттығуларының мақсаты білім алушылардыңпродуктивті қабілеттерін дамыту. Мәтіндегі ақпаратты куммуникативті жағдаяттарда білім алушылар қолданады. [13]

С.Ф. Шатилов мәтінмен жұмыс істеу оның құрылысы арқылы жүзеге асуы қажет деді. Аналитикалық әрекет арқылы білім алушылар өз беттерімен мәтіндегі қиындықтарды жеңулері қажет. С.Ф. Шатилов аналитикалық жаттығулардың екі түрін ұсынды:

1. Жартылай семантикалық – формальды – мәтіндегі күрделі грамматикалық құбылыстарды контекст арқылы түсіну. Білім алушы мәтіннің мазмұнынан грамматикалық формаларды аналищдеуге көшеді.

2. Формалды – мағыналық – білім алушы күрделі грамматикалық құбылыстың мағынасын түсініксіз микро мәтін арқылы анықтайды. Грамматикалық құбылыстың мағынасын контексте анықтау.

С.Ф. Шатилов мәтіннің лексикалық құрылымымен жұмыс жасағанда жаттығуларға үлкен маңыз берді. Сөздік қорды дамытуға арналған жаттығулар ерекше мәнге ие:

- білім алушылар әліпбиді жетік меңгерулері шарт.

- мәтінде кездесетін кез – келген сөздердің грамматикалық құрылымын анықтауға арналған жаттығулар.

- тұрақты сөз тіркестердің, көп мағыналы сөздердің мағынасын контекстке сай анықтауға арналған жаттығулар.

- қиын сөздердің мағынасын оның элементтері арқылы анықтауға арналған жаттығулар. [14]

Г.В. Рогова оқылымды екі саты бойынша жүзеге асыру қажет деді.

1. дауыстап оқуға үйрету

2. іштей оқуға үйрету

Дауыстап оқуға үйреткенде келесі ережелерді қолдану қажет.