- •Курстық жұмыс
- •6M011900 – «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы
- •Алматы, 2017 в2, с1 деңгейлерінде оқылым түрлерін оқытудың тиімді жолдары Жоспар:
- •Сөйлеу әрекеттері
- •Оқылым – сөйлеу әрекеттерінің маңыздысының бірі ретінде
- •2.1 Оқылымды үйрету үрдісіндегі төрт маңызды құрамдас бөлік Еркін меңгеруі
- •Дыбысталу
- •2.2 Оқылымға үйретудің мақсаты мен мазмұны
- •2.3 Оқылым барысында кездесетін қиындықтар
- •Оқылым үрдісінде кездесетін қиындықтарды шешу жолдары:
- •2.4 Оқылым түрлері
- •Қарқынды оқылым
- •Ауқымды оқылым
- •Мәтіннің жалпы мағынасын анықтау үшін оқу (skimming)
- •Мәтіннен нақты ақпаратты анықтау үшін оқу (scanning)
- •В2, с1 деңгейлерінде оқылым түрлерін оқытудың тиімді жолдары
- •3.1 Оқылымға үйрету технологиялары
- •Оқытушы мен білім алушының мәтінмен жұмыс істеу кезеңдері
- •Оқылымға үйрету қағидалары
- •3.2 Оқылымға үйретудің әдістері
- •1. Дауыстап оқу үлгісі негізінде
- •2. Алдын – ала дайындалмаған мәтіндерді үлгісіз дауыстап оқу
- •3. Алдын – ала дайындалған мәтіндерді үлгісіз дауыстап оқу
- •Шет тілінде оқу тәсілдерін үйрету
- •Шет тіліндегі мәтіндерді түсіну үлгісі
- •Тақырып
- •3.3 Білім алушының мәтінмен жұмыс істеу сатылары
- •1. Мәтінді оқығанға дейін жасалатын жұмыстар
- •2. Мәтінді оқу барысында жасалатын жұмыстар
- •3. Мәтінді оқып болғаннан соң жасалатын жұмыстар
- •Қорытынды бөлім
- •Әдебиеттер тізімі
Ауқымды оқылым
Бұл не?
Браунның айтуынша (1989): ауқымды оқылым мәтіннің жалпы мағынасын түсінуге қол жеткізу үшін қолданылады.
Лонг және Ричарттың айтуларынша (1987): ауқымды оқылым студенттердің көлемі жағынан үлкен мәтіндерді сыныптан тыс оқу. Оқу барысында белгісіз сөздерді тастап кетіп, тек мәтіннің жалпы мағынасын түсіну.
Ауқымды оқылымның мақсаты студенттердің кітап оқуға қызығушылықтарын арттыру
Ауқымды оқылым әрқашан негізгі идеялар түсіну үшін емес, толық ақпарат алу үшін жасалады.
Сипаттамасы:
Білім алушылар мүмкіндігінше көп оқиды
Тақырыптар ауқымы бойынша әр түрлі материалдарды оқиды
Білім алушылар өз қызығушылықтарына байланысты мәтіндерді таңдайды
Ауқымды оқылымның мақсаттары әдетте ақпарат алып, мәтінді жалпы түсіну болып табылады.
Ауқымды оқылым әдетте іштей, өз бетінше оқу болып табылады.
Оқу жылдамдығы әдетте тез.
Қажетті оқу құралдары:
Аутентті оқу материалдары (газет, журнал және т.б.)
Веб ресурстар
Мұғалім таңдаған әңгімелер мен мақалалар
Оқытушының рөлі:
мұғалім оқушының мүдделеріне негізделген оқу материалдары бойынша ұсыныстар береді.
Білім алушының рөлі:
Студент оқу қабілетін дамыту үшін жалпы жауапкершілікті өзіне алады.
Студент сөздік қолданбай оқиды.
Студент әдетте оқу материалын өзі таңдайды
Артықшылықтары:
Студенттердің «оқу әдеті» дамиды
Студенттер сөздік қорларын дамытады
Студенттердің оқып түсіну қабілеттері дамиды
Студенттердің жалпы тіл құзыреттіліктерін артады [11]
Мәтіннің жалпы мағынасын анықтау үшін оқу (skimming)
Бұл әдіс мәтінді жылдам оқу болып табылады. Бұл әдіс арқылы:
Білім алушылар мәтіннің жалпы мағынасын біледі
Білім алушылар мәтінді жазушы автордың мақсаты туралы түсінік алуға мүмкіндік алады
Білім алушылар мәтіннің жалпы құрылымымен таныса алады
Қолданыс кезі:
Бұл әдіс ойымызда кейбір жалпы сұрақтар туындағанда пайдаланылады
Бұл әдіс мәтінге шолу жасау үшін пайдаланылады.
Білім алушының рөлі:
Ең алдымен мәтіннің тақырыбын оқу
Кіріспені немесе бірінші тармақты оқу
Әр тармақтың бірінші сөйлемін оқу
Қорытынды бөлім немесе соңғы тармақты оқу
Мәтіннен нақты ақпаратты анықтау үшін оқу (scanning)
Бұл не?
Бұл әдіс мәтіннен нақты ақпаратты табу үшін жылдам оқую
Қолданыс кезі:
Бұл әдіс техникалық, ғылыми немесе кәсіби материалдармен жұмыс істегенде жиі пайдаланылады.
Оқытушының рөлі:
Мұғалім нақты ақпараттары бар мәтіннің үзінділерін таңдайды.
Мұғалім аутентттік материалдарды пайдалана алады
Мұғалім қажетті ақпаратты табу үшін студенттерге мәтінді мұқият оқуды талап етеді. Онымен қатар студенттерден мәтіннің тақырыбын және мәтіндегі түйін сөздерге көңіл бөлуді сұрайды.
Білім алушының рөлі:
Студенттер мәтінді оқыр алдында сұрақтар құрастырады
Студенттер мәтіндегі суреттер, сандар, үлкен немесе кіші әріппен жазылған сөздерге және т.б. мәтіндегі ерекшеліктерге көңіл бөлулері шарт.
III. Бөлім
