- •Курстық жұмыс
- •6M011900 – «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы
- •Алматы, 2017 в2, с1 деңгейлерінде оқылым түрлерін оқытудың тиімді жолдары Жоспар:
- •Сөйлеу әрекеттері
- •Оқылым – сөйлеу әрекеттерінің маңыздысының бірі ретінде
- •2.1 Оқылымды үйрету үрдісіндегі төрт маңызды құрамдас бөлік Еркін меңгеруі
- •Дыбысталу
- •2.2 Оқылымға үйретудің мақсаты мен мазмұны
- •2.3 Оқылым барысында кездесетін қиындықтар
- •Оқылым үрдісінде кездесетін қиындықтарды шешу жолдары:
- •2.4 Оқылым түрлері
- •Қарқынды оқылым
- •Ауқымды оқылым
- •Мәтіннің жалпы мағынасын анықтау үшін оқу (skimming)
- •Мәтіннен нақты ақпаратты анықтау үшін оқу (scanning)
- •В2, с1 деңгейлерінде оқылым түрлерін оқытудың тиімді жолдары
- •3.1 Оқылымға үйрету технологиялары
- •Оқытушы мен білім алушының мәтінмен жұмыс істеу кезеңдері
- •Оқылымға үйрету қағидалары
- •3.2 Оқылымға үйретудің әдістері
- •1. Дауыстап оқу үлгісі негізінде
- •2. Алдын – ала дайындалмаған мәтіндерді үлгісіз дауыстап оқу
- •3. Алдын – ала дайындалған мәтіндерді үлгісіз дауыстап оқу
- •Шет тілінде оқу тәсілдерін үйрету
- •Шет тіліндегі мәтіндерді түсіну үлгісі
- •Тақырып
- •3.3 Білім алушының мәтінмен жұмыс істеу сатылары
- •1. Мәтінді оқығанға дейін жасалатын жұмыстар
- •2. Мәтінді оқу барысында жасалатын жұмыстар
- •3. Мәтінді оқып болғаннан соң жасалатын жұмыстар
- •Қорытынды бөлім
- •Әдебиеттер тізімі
2.3 Оқылым барысында кездесетін қиындықтар
Бірінші, кездесетін қиындық оқу техникасын дұрыс меңгермеу болып есептеледі. Яғни, техникалық қиындықтарға графикалық белгілер жүйесінің ерекшеліктерін дұрыс игермеу, оқылып жатқан шет тілі мен ана тілінің арасындағы өзгешеліктер және дыбыстық-әріптік немесе әріптік-дыбыстық байланыстарды жақсы білмеу жатады. Екіншіден тілдік құралдар үлкен қиындық туғызады: бейтаныс сөздер, әртүрлі сөздердің мағыналары, грамматикалық құбылыстар және синтаксистің күрделілігі.
Оқылым үрдісінде кездесетін қиындықтарды шешу жолдары:
1. Оқу техникасын жақсы меңгеру үшін оқытушы әр сабақ сайын фонетикалық жаттығулар жасатулары қажет. Қиын дыбыстарды жаттықтыру үшін қысқа өлең шумақтарын қолданған дұрыс.
2. Оқытушылар жаңа сөздермен жұмыс жасауға арналған жаттығулар жасатулары міндетті.
3. Мәтінді оқымастан бұрын сол мәтін негізінде берілген жаңа сөздермен жұмыс жасау қажет.
4. Ішкі сөйлеу үрдісі негізінде іштей оқуды дамыту қажет.
5. Білім алушылардың болжау қабілеттерін дамытып, оларды мәтінге анализ жасауға үйрету қажет. Сонымен қатар, олар сөздікпен жұмыс жасауды да білгендері жөн.
6. Мәтіндер білім алушылардың жас ерекшеліктеріне, қызығушылықтарына, өмірлік тәжірибелеріне негізделіп таңдалулары қажет.
7. Оқылымға үйрету кезінде жақсы құрастырылған грамматикалық және лексикалық материалға сүйену қажет.
8. Мәтін көлемі сабақ уақытында оқып бітіріп, оған берілген тапсырмаларды орындап болатындай мөлшерде болуы шарт.
9. Мәтіндегі ақпарат қызықты, танымды, түсінікті және өзекті болуы қажет.
2.4 Оқылым түрлері
Оқылымның түрлері психологиялық, педагогикалық және әдіснамалық факторлар бойынша жіктеледі.
Оқылымның психологиялық тұрғыдан жіктелуі – оқырманның миында болып жатқан психикалық үрдістерге, логикалық операциялар мен оқылымның құрылымына тәуелді.
Психологиялық тұрғыдан оқылым түрлер:
аналитикалық (analytical reading) және синтетикалық оқылым (global reading);
дауыстап оқу (reading aloud, oral reading) және іштей оқу (silent reading).
Педагогикалық тұрғыдан оқылым:
Тапсырманың орындалу орнына байланысты – сыныпта оқу (class reading) және үйде өз бетінше оқу (home reading);
Оқу материалымен жұмыс істеу формасы бойынша – персоналды оқу (individual reading), топтық немесе хормен оқу (group reading, chorus reading).
Әдіснамалық факторлар – оқылымның мақсаты, талаптары.
оқу-әдістемелік оқылым (guided reading);
коммуникативті оқылым (communicative reading).
Қарқынды оқылым
Бұл не?
Браунның айтуынша(1989): қарқынды оқылым – бұл «грамматикалық формаларды, байланыстырушы сөздер, және тағы басқаларды ескере отырып, мәтіннің мағынасын, реторикалық байланысын түсіну. Ол бұл оқылым түрін “zoom lens” стратегиясы сияқты деді.
Лонг және Ричарттың айтуларынша (1987): ол қысқа үзінділердегі лексика мен грамматикалық ерекшеліктерді мұғалім көмегімен тұтас сыныптық талдау болып табылады.
Қарқынды оқылым кейде “тар оқылым ” деп те аталады. Қарқынды оқылым тек бір автордың немесе сол тақырыпта жазылған мәтіндерді студенттердің оқуы. Бұл үрдіс барысында, бірдей мазмұн мен грамматикалық құрылымдар қайталанып, студенттер мәтін мағыналарын түсінуге көптеген мүмкіндіктер алады.
Сипаттамасы:
1. әдетте сыныпта ұйымдастырылады
2. студенттер оқылымның лингвистикалық немесе семантикалық құрылымына көңіл бөледі
3. студенттер грамматикаға және байланыстырушы сөздерге көбірек көңіл бөледі
4. студенттер түйін сөздерді анықтайды
5. студенттер мәселені шешу суреттер сала алады
6. мәтіндер қайта-қайта, мұқият оқылады
7. мақсаты тек оқу шеберлігін дамыту емес тілдік білімді тереңдету болып есептеледі
Қажетті оқу құралдары:
1. Әдетте көлемі 500 сөзден аспайтын қысқа мәтіндер
Дамитын дағдылар:
жылдам оқу дағдысы
Қолданыс кезі:
Оқылымның мақсаты:
логикалық дәлел
мәтіннің риторикалық үлгісі
автордың эмоционалдық символдық немесе әлеуметтік қатынастар мен мақсаттары
Оқытушының рөлі:
мұғалім қолайлы мәтінді таңдайды
мұғалімі дағдыларын дамыту мақсатында әр түрлі тапсырмалар таңдайды.
мұғалім мәтінді оқығанға дейін, оқу барысында және оқығаннан кейін бағыт береді.
мұғалім студенттерді өз беттерімен жұмыс істеуге дайындайды.
Артықшылықтары:
Қарқынды оқылым сөздік қорды дамытып, идиомаларды үйренуге мүмкіндік береді.
Қарқынды оқылым әр студенттің мәтінді түсіну не түсінбеуін нақты анықтауға мүмкіндік жасайды.
Кемшілітері:
мәтін көлемі қысқа болғандықтан, студенттер көп оқи алмайды
мәтіндерді мұғалім таңдағандықтан мәтіндер білім алушыларды қызықтырмауы да мүмкін [11].
