- •Курстық жұмыс
- •6M011900 – «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы
- •Алматы, 2017 в2, с1 деңгейлерінде оқылым түрлерін оқытудың тиімді жолдары Жоспар:
- •Сөйлеу әрекеттері
- •Оқылым – сөйлеу әрекеттерінің маңыздысының бірі ретінде
- •2.1 Оқылымды үйрету үрдісіндегі төрт маңызды құрамдас бөлік Еркін меңгеруі
- •Дыбысталу
- •2.2 Оқылымға үйретудің мақсаты мен мазмұны
- •2.3 Оқылым барысында кездесетін қиындықтар
- •Оқылым үрдісінде кездесетін қиындықтарды шешу жолдары:
- •2.4 Оқылым түрлері
- •Қарқынды оқылым
- •Ауқымды оқылым
- •Мәтіннің жалпы мағынасын анықтау үшін оқу (skimming)
- •Мәтіннен нақты ақпаратты анықтау үшін оқу (scanning)
- •В2, с1 деңгейлерінде оқылым түрлерін оқытудың тиімді жолдары
- •3.1 Оқылымға үйрету технологиялары
- •Оқытушы мен білім алушының мәтінмен жұмыс істеу кезеңдері
- •Оқылымға үйрету қағидалары
- •3.2 Оқылымға үйретудің әдістері
- •1. Дауыстап оқу үлгісі негізінде
- •2. Алдын – ала дайындалмаған мәтіндерді үлгісіз дауыстап оқу
- •3. Алдын – ала дайындалған мәтіндерді үлгісіз дауыстап оқу
- •Шет тілінде оқу тәсілдерін үйрету
- •Шет тіліндегі мәтіндерді түсіну үлгісі
- •Тақырып
- •3.3 Білім алушының мәтінмен жұмыс істеу сатылары
- •1. Мәтінді оқығанға дейін жасалатын жұмыстар
- •2. Мәтінді оқу барысында жасалатын жұмыстар
- •3. Мәтінді оқып болғаннан соң жасалатын жұмыстар
- •Қорытынды бөлім
- •Әдебиеттер тізімі
Оқылым – сөйлеу әрекеттерінің маңыздысының бірі ретінде
Оқылым екінші тілді үйренудің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады және оқылымның маңызды екендігіне дау жоқ. Себебі тіл тек ауызекі сөйлеуден тұрмайды. Оқылым – сөйлеу әрекетінің рецептивті түріне жатады. Екінші жағынан, оқылым күрделі үрдіс болып табылады. Сондықтан көптеген студенттер осы дағдыны игеруде қиындықтарға тап болады.
Сондай-ақ, жазу мен сөйлеу әрекеттерін дамыту тікелей оқылымға байланысты. Педагогикалық тәріжибеге сүйенсек, оқылымды жақсы меңгерген білім алушы жазу мен сөйлеу жағынанда бір саты алда тұрады[1].
В.Н.Зайцевтің айтуынша мектептерде оқушының оқу үлгерімдеріне әсер ететін 200 фактор бар. Негізгі факторлардың бірі оқылымның нашар болуы. Сондықтан оқушылар әрқашан сөйлеу, тыңдау, жазу дағдыларын меңгеруде көптеген қиыншылықтарға ұшырайды[2].
Оқылымды үйретудің көптеген артықшылықтары бар. Артықшылықтарының бірі, оқылымды дамыту ол мәдениетті үйрену болып табылады. Оқу арқылы студенттер оқып жатқан тілдің әдебиеттеріне қол жеткізе алады. Бұл әдебиеттер шет тілдік туындылардың қандай болатындықтырын көрсетеді және студенттердің мәдени-нанымдарын және құндылықтарды түсінулеріне мүмкіндік береді.
Оқылымның тағы бір пайдасы, ол өте қызық үрдіс және оқу арқылы білім алушылар білім игеріп, жаңа әлемдерді ашып, өз өмірлерін байыта түседі.
Оқылымды үйретудің үшінші пайдасы оқу арқылы әр түрлі құзыреттіліктер дамиды. Біріншіден, оқылым лингвистикалық құзыреттілікті дамытады. Бұл студенттер тілдің нақты элементтері лексикасы мен грамматикасын туралы білім алу мүмкін дегенді білдіреді. Екіншіден, оқылым арқылы студенттердің дискурс құзыреттілктері дамиды. Оқушылар мәтіндердің құрылымын және олардың байланыстарын үйренеді. Сонымен қатар, студенттер социолингвистикалық құзыреттіліктерін оқылым арқылы дамыта алады. Яғни, бұл құзіреттілік түрлі мәтіндер мен олардың құрылымдарын білуге көмектеседі және студенттер осы мәтіндердің нақты бір мәдени ортада қолданыстарын түсіне алады. [3]. Сонымен қатар, оқылым білім алушылардың стратегиялық құзыреттілігін дамытуда тиімді болып табылады. Оқушылар түрлі лингвистикалық оқу әдістерін үйрене алады. Мысалы, жоғарғы төмен әдісінің көмегімен студенттер мәтіннің жалпы мағынасын пайдалану арқылы сол мәтіннің ерекшеліктерін анықтаса, ал төменнен жоғары әдісі арқылы нақты мағлұматтар арқылы мәтіннің жалпы мағынасын түсіне алады[4].
Балаларды шет тілінде оқуға үйретудің жақсы жақтары өте көп. Оқылымға үйрету балалардың психологиялық функцияларын дамытады: еске сақтау, ойлау, қиял, қабылдау және т.б.
Оқылымға үйрету балалардың жалпы сөйлеу қабілеттерін дамытады. Ерте жастан оқылымға үйрету балалардың өз ана тілдерін жетік меңгеріп, болашақта 1 немесе 2 шет тілін үйрену мүмкіндіктерін туғызады. Сонымен қатар оқылымға үйретудің тәрбиелілік және ақпараттық маңызында атап өткен дұрыс. [5]
Ерте кезеңнен бастап балаларды шетел тілінде оқылымға үйрену олардың шетел тілінде қарым-қатынас жасауға үлкен мүмкіндік жасап, олардың шет тілін меңгеруге деген оң көзқарасын қалыптастырады. Сонымен бірге, оқылымға үйрету балаларды жаңа әлемге ертерек қосуға ықпал етеді.
Оқылымға үйрету білім алушыларға шетелдік әндер, өлеңдер және таңғажайып ертегілерімен танысуға үлкен әлеміне мүмкіндік береді. Оқылымға үйрету үрдісі әрқилы лингвистикалық түсініктерді қалыптастыруға көмектеседі. Оқылымға үйрету білім алушыларға өз тілдері мен оқып жатқан шет тілін салыстырып ерекшеліктерін айқындауға үлкен мүмкіндік береді. [6]
Шетел тілінде оқылымға үйрету білім алушылар алдын ала үйренген үйренген белгілі лексикалық материал бойынша жүзеге асырылуы тиіс. Бұл үрдіс ауызша кіріспе курсы арқылы жүзеге асады.
З. И. Клычникованын айтуынша студенттер олар дыбыстарды, буындарды, сөздердің, сөз тіркестерінің артикуляциясы жақсы жұмыс істеген кезде ғана оқылым үрдісі жүзеге асады. Г. В. Рогова және И. Н. Верещагина мәтінмен алдын ала жүргізілетін ауызша жаттығулар оқылым барысында кездесетін кедергілерді жеңілдетіп, мәтінді жақсы түсінуге көмектеседі деді. [7]
Г. В. Рогова және И. Н. Верещагинаның айтуынша үлкен қиындықтарды дауысты, дауысты және дауыссыз дыбыстардың қосындылыры немесе кейбір дауыссыз дыбыстардың оқылулары тудырады. Мысалы, man-name, day-rain, this-think, pencil-cat, Geography-garden, window-down. Оқылымға үйрету кезінді оқытушылар негізгі оқу ережелерін үйретулері қажет. Мысалы, дауысты дыбыстардың ашық және жабық буындарда оқылу жолдары. Дауыстылар ee, ea, ay, ai, oy, oo, ou, ow; дауыссыздар c, s, k, g, ch, sh, th, ng, ck. [8] [9]
Психология тұрғысынан - О. А. Розовтың айтуынша оқылым мидың саналы және бейсаналы қызметін сипаттайтын адам жүйке жүйесіндегі өте күрделі процесс болып табылады.
Оқылымға үйрету үрдісін оқытушылар дұрыс ұйымдастырулары қажет. Оқытушылар екі нәрсені естен шығармаулары қажет: біріншіден, оқи білу дегеніміз не екенін, екіншіден, қандай әдістер арқылы оқылымды үйретуге болады. Профессор Е. И. Пассовтың айтуынша, оқи білу дегеніміз – оқу техникасын меңгеру. Пассов оқу техникасын үйретудің бірнеше әдістерін ұсынды:
Әліпбилік (алфавитный) – әріптердің аттарын үйреніп, бірнеше әріптерді қосып оқу
Дыбыстық – дыбыстарды жаттау
Буындық – бірнеше буындардың комбинациясын жаттау
Толық сөз әдісі – тура әдіс, яғни сөздерді, сөз тіркестерін немесе сөйлемдерді жаттау
Дыбыстық аналитико - синтетикалық әдіс
Фонемо – графикалық әдіс [10]
Шет тілі пән оқытушылары тиімді оқылымды үйрету үрдісінде білуге міндетті төрт маңызды құрамдас бөліктер бар.
