- •Курстық жұмыс
- •6M011900 – «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы
- •Алматы, 2017 в2, с1 деңгейлерінде оқылым түрлерін оқытудың тиімді жолдары Жоспар:
- •Сөйлеу әрекеттері
- •Оқылым – сөйлеу әрекеттерінің маңыздысының бірі ретінде
- •2.1 Оқылымды үйрету үрдісіндегі төрт маңызды құрамдас бөлік Еркін меңгеруі
- •Дыбысталу
- •2.2 Оқылымға үйретудің мақсаты мен мазмұны
- •2.3 Оқылым барысында кездесетін қиындықтар
- •Оқылым үрдісінде кездесетін қиындықтарды шешу жолдары:
- •2.4 Оқылым түрлері
- •Қарқынды оқылым
- •Ауқымды оқылым
- •Мәтіннің жалпы мағынасын анықтау үшін оқу (skimming)
- •Мәтіннен нақты ақпаратты анықтау үшін оқу (scanning)
- •В2, с1 деңгейлерінде оқылым түрлерін оқытудың тиімді жолдары
- •3.1 Оқылымға үйрету технологиялары
- •Оқытушы мен білім алушының мәтінмен жұмыс істеу кезеңдері
- •Оқылымға үйрету қағидалары
- •3.2 Оқылымға үйретудің әдістері
- •1. Дауыстап оқу үлгісі негізінде
- •2. Алдын – ала дайындалмаған мәтіндерді үлгісіз дауыстап оқу
- •3. Алдын – ала дайындалған мәтіндерді үлгісіз дауыстап оқу
- •Шет тілінде оқу тәсілдерін үйрету
- •Шет тіліндегі мәтіндерді түсіну үлгісі
- •Тақырып
- •3.3 Білім алушының мәтінмен жұмыс істеу сатылары
- •1. Мәтінді оқығанға дейін жасалатын жұмыстар
- •2. Мәтінді оқу барысында жасалатын жұмыстар
- •3. Мәтінді оқып болғаннан соң жасалатын жұмыстар
- •Қорытынды бөлім
- •Әдебиеттер тізімі
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Көп тілді білім беру институты
Шет тілі: екі шет тілі
«Қорғауға жіберілді»
« » _____, 2017 жыл, №___ Хаттама
Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.д., проф.
_______________Т.Т. Аяпова
Курстық жұмыс
Тақырыбы: В2, С1 деңгейлерінде оқылым түрлерін оқытудың тиімді жолдары
6M011900 – «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы
Орындаған:
І курс магистранты М.Б. Рахимова
Ғылыми жетекшісі:
Ф.ғ.к., аға оқытушы Г.Б.Абдрахимова
Алматы, 2017 в2, с1 деңгейлерінде оқылым түрлерін оқытудың тиімді жолдары Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
Сөйлеу әрекеттері
Оқылым – сөйлеу әрекеттерінің маңыздысының бірі ретінде
2.1 Оқылымды үйрету үрдісіндегі төрт маңызды құрамдас бөлік
2.2 Оқылымға үйретудің мақсаты мен мазмұны
2.3 Оқылым барысында кездесетін қиындықтар
2.4 Оқылым түрлері
В2, С1 деңгейлерінде оқылым түрлерін оқытудың тиімді жолдары
3.1 Оқылымға үйрету технологиялары
3.2 Оқылымға үйретудің әдістері
3.3 Мәтінмен жұмыс істеу сатылары
Қорытынды бөлім
Әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Адам өмірінде оқу мен білімнің маңызы өте зор екені белгілі жай. Әр адам өз білімін әр түрлі жолмен жетілдіретіні де, өзіне ұнаған, жаны қалаған білім түрімен тереңірек айналысытаны да жасырын емес. Сол сияқты шетел тілдерін меңгеріп, игеру, тілді өзге тіл ретінде оқып білуге ұмтылатындар да бар және оны үйреніп меңгерудің сан тарау жолдары бар екені де көпке аян. Тілді өзге тіл ретінде оқытуда басты орынды үйреніп жатқан тіл ерекшелігі мен өзгешілігін үйреніп – меңгеруде ықпал ететін сөйлеу әрекетінің маңыздыларының бірі оқылым болып табылады. Қазіргі таңда шет тілін оқыту процесінде оқылымды үйрету өзекті мәнге ие. Себебі оқылым эмоционалдық әсер ету, коммуникативтік, танымдық және тәрбиелік міндеттерді атқарады. Оқылым – бұл сөйлеу әрекетінің жазбаша қарым-қатынас орнататын ең маңызды түрі екендігі анық. Шет тіліндегі мәтіндерді оқу студенттерді шынайы өмір мазмұнын, шынайы өмірлік жағдаяттарды танып білуге, оқып – түсінуге мүмкіндік жасайды. Мәтіндерді студенттер оқи отыра, өз елін, тілін үйреніп жатқан елмен салыстырып, сын елегінен өткізіп, ой өрісін дамытып, терең жан – жақты білім алып, рухани, саяси – идеялық тұрғыдан тәрбиелеуіне мүмкіндік алады.
Оқылымға үйрету процесі тұлғаны қалыптастыруға үлкен әсер етеді. Себебі, оқу арқылы студенттер интеллектуалдық және рухани тұрғыдан дами түседі. Сонымен қатар, оқу арқылы студенттер жаңа лексикамен танысып, грамматикалық дағдыларын қалыптастырады.
Оқылым сөйлеу әрекетінің рецептивті түрі болып саналады. Себебі,оқылым ақпаратты түсіну және қабылдаумен байланысты.
Шет тілі мұғалімдері студенттерді мәтіндерді оқып, түсіну және түсінігін айтуға үйрету міндеттерін алға қоюлары қажет. Оқылымға үйрету барысында студенттер қызығушылықтарында ескерген жөн. Алайда, практика жүзінде студенттер арасында оқуға деген қызығушылық төмен екенін көреміз. Шет тілінде сөйлеу әрекеттерінің түрлерін Пассов Е.И. , Селевко Г. К. , Выготский Л.С. , Щерба Л.В. және тағы басқа ғалым – педагогтар зерттегені белгілі. Алайда, В2, С1 деңгейлерінде оқылым түрлерін оқытудың тиімді жолдарын зерттегендер саны көп емес.
Курстық жұмыстың мақсаты:
- В2, С1 деңгейлерінде оқылым түрлерін оқытудың тиімді жолдарын анықтау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
– Тақырыпқа байланысты жазылған шетелдік және отандық авторлардың еңбектерін оқып, зерттеу.
– В2, С1 деңгейлерінде оқылым түрлерін оқытудың тиімді жолдарынтәжірибе арқылы тексеру.
– Оқылымды үйрету барысында тиімді әдістерді анықтау.
Осы келтірілген себептерге байланысты, еңбектің негізгі міндеті оқылым түрлеріне үйретудің маңыздылығын айқындап, тиімді жолдарын ұсыну болып табылады.
Негізгі бөлім
I. Бөлім
