- •Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті
- •2016-2017 Оқу жылына
- •5В050800 “Есеп және аудит ” мамандығы бойынша күндізгі және сырттай бөлім студенттеріне арналған екінші мемлекеттік емтихан сұрақтары
- •Орал 2016
- •Бірлескен кәсіпорындарды бірегейлендіру (қехс(ifrs)3). Сатып алу әдісін қолдану. Ұйым-сатып алушыны бірегейлендіру. Кәсіпорындарды біріктіру құны
- •Шоғырландырылған қаржылық есептілікті ұсыну (қехс(ifrs)27). Шоғырландырылған қаржылық есептілікті қолдану аясы. Шоғырландыру процедуралары.
- •Сатуға арналған айналамнан тыс активтердің танылуы және жіктелуі (қехс(ifrs)5).
- •Сатуға арналған айналымнан тыс активтерді бағалау. Сатуға арналған активтердің тобы.
- •Қаржылық құралдардың бастапқы танылуы. Меншік және тартылған капиталға бөлу. Қаржылық міндеттемелердің жіктемесі.
- •«Туризм және қонақ ұй бизнесіндегі бухгалтерлік есеп» пәні бойынша мемлекеттік емтихан сұрақтары
- •Туроператорлық қызмет есебі.
- •Бөлінбеген табыс жабылмаған зиян есебі
Негізгі емес қызметтен табыстар мен шығыстар есебі
Турөнімді сатудан кезең шығындар есебі.
Бөлінбеген табыс жабылмаған зиян есебі
Кәсіпорынның қорытынды табысынан бюджетке төленетін салықтарын салықтарын және табыстың есебінен өтелетін басқадай шығындарды төлегеннен қалған сомасы есепті жылдың «бөлінбекен пайдасы (жабылмаған зияны)» болып табылады. Ұйымдарда «бөлінбеген табыстың (жабылмаған зиянның)» есебі:
«Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)»;
«Өткен жылдардағы бөлінбеген табысы (жабылмаған зиян)»
деп аталатын шоттарда жүргізіледі. Бөлінбеген пайда көбейгенде (келіп кірістелгенде) «Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зиян)»шотты кредиттелінеді. Ал керісінше бөлінбеген пайданың жұмсалуы немесе осы жылғы шекккен зиян «Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зиян)» шотының дебитінде жазылады.
Бөлінбеген табыстың (жабылмаған зиян) есебі бухгалтерлік есептің Бас есеп-жоспарындағы 56 бөлімшесіндегі шоттарында жүргізіледі. 5410-шот «Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)». 5430-шот «Өткен жылдардың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)». Енді осы келтірілген шоттар бойынша жасалатын операцияларын қарастырып көрейік. Есепті жылдың бөлінбеген табысының (жабылмаған зияны) есебі есеп берілетін жылда пайда болған бөлінбеген табыс немесе жабылмаған зиянының сомасының қолда бары және қозғалысы туралы ақпараттарды жинақтауға арналған 5410 шоты пайдаланады.
Есеп берілетін жылдың соңында 5410-шотқа жыл ішінде есептелген табыстың немесе зиянның сомасы жазылады: жыл ішінде алынған табыс сомасына 571-ші «Жиынтық табыс (зиян)» шоты дебеттеліп,5410-ші «Есепті жылдың бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян)» шоты кредиттеледі. Жыл ішінде алынған зиян соиасына жоғарыдағы жазу керісінше жазылады. Сонымен қоса, 5410 шоттың кредит және 551 шотының дебеті – есепті жылдағы алынған зиянды өтеуге бағытталған резерв капиталының сомасын көрсетеді: 561 шоттың кредиті және 5320 шоттарының дебеті – есептен шығарылған негізгі құралдар бойынша қайта бағалаудың сомасы, қызмет барысында бұрындары таратылмаған табыстың сомасын және ұзақ мерзімді инвестицияның сомасын көрсетеді; 5410 шоттың кредиті және 521 шоттың дебеті - өз акцияларын қайтып сатып алған кезде, номиналдық құнынан төмен болған соманың айырмасы көрсетіледі. 5410-шоттың дебеті бойынша мынандай шаруашылық операциялары көрініс табады: 551-ші «Заңмен белгіленген резервтік капитал», 552-ші «Басқа да резервтік капитал» шотының кредиті қолданылып жүрегн заңдарға сәйкес құрылтай құжаттарында белгіленген мөлшерінде резервтік капиталға аударылған сомасы; 621-ші «Жай акциялар бойынша есеп айырысулар», 4430-ші «Басқа да кредиторлық қарыз және есептесулер» шоттарының кредиті – жай және артықшылығы бар акциялар бойынша дивидендтерге, сондай-ақ шаруашылық серіктестіктердің қатысушыларына табыс төлеуге, есепті жылда жұмсалатын бөлінбеген табыстың сомасы; 521-ші «Қайтарылып алынған капитал» шотының кредиті – акционерлерден өз акцияларын олардың атаулы (номиналды) құнынан жоғары бағаға сатып алғаннан түскен айырма сомас. Есепті жылдың бөлінбей қалған табысы (зияны) есептен былайша шығарылады: бөлінбеген табыс сомасына: 5410-шот дебеттеледі, 5430-шот кредиттеледі; бөлінбеген зиян сомасы: 5430-шот дебеттеледі, 5410-шот кредиттеледі. Жоғарыда келтірілген жазбалардан кейін 5410-ші шот бойынша қалдық қылмауы керек,сондықтан ол міндетті түрде 571 шотымен жабылады. Өткен жылдардың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны) есеп берілетін жылдан бұрынғы жылдары пайда болған бөлінбеген табыс немесе жабылмаған зиян сомаларының қолда бао және қозғалысы туралы ақпаратты жинақтауға арналған, ол 5430-шота жүргізіледі. 5430 шоттың кредиті бойынша келесідей шаруашылық операциялары: өткен жылдардың белгіленген тәртібінде таратылмаған табыстың сомасы 5410 шоттың дебетінде; өткен жылдардағы өтелмеген зиянды өтеу үшін бағытталған резервтік капиталдың сомасы 551,52 шоттарының дебетінде көрініс табады.
5430 шоттың дебеті бойынша төмендегідей шаруашылық операциялары:
- өтенк жылдардың белгіленген тәртібінде жабылмаған (өтелмеген) зиянның сомасы 5410 шоттың кредитінде; шаруашылық серіктестіктерінің қатысушыларының табыстар мен жай және айрықша акциялар бойынша төленетін дивидендтердің есепті жылдағы алынған табыстың есебінен өтеуі 621,622,4430 шоттрының кредитінде; жарғылық капиталды толықтыру үшін өткен жылдарда алынған табыстан аталған мақсатқа бағытталған сомасы 501,502,5010 шоттарының кредитінде көрініс табады.
Жиынтық табыстың (зиянның) есебі. Есепті кезеңнің жиынтық табысын немесе зиянын есепке алу үшін 571 «Жиынтық табыс (зиян)» шотын пайдаланады. Егер де кәсіпорын табысы болса, онда шот активті болуы мүмкін. Жыл ішіндегі әртүрлі қызмет түрлерінен түскен табыстар 70-ші «Негізгі қызметтен түскен табыстар» бөлімшесінің 6010-709 шоттарында, 72-ші «Негізгі емес қызметтен түскен табыс» бөлімшесінің 6210-6280 шоттарында, 80-ші «Сатылған тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) өзіндік құны» бөлімшесінің шоттарында, оған 7010-808 шоттар кіреді, сондай-ақ 7110,7210,7410,7470,7700,861,871 шоттарында жыл бойы жалпы алынған табыстан алынатын шығыстар жинақталады. Жыл аяғында алынған табыстар сомасына шоттардың мынандай корреспонденциясы жасалады: 70-ші «Негізгі қызметтен түскен табыстар» бөлімшесінің (6010-709 шоттар) және 72-ші «Негізгі емес қызметтен түскен табыс» бөлімшесінің шоттары (721-727 шоттар) дебеттеледі, 571-ші «Жиынтық табыс (зиян)» шоты кредиттеледі. Төтенше жағдайлардан және тоқтатылған операциялардан алынған табыстар сомасына шоттардың мынандай корреспонденциясы анықталады: 86-шы «Төтенше жағдайлардан түскен табыстар (зиндар)» бөлімшесінің 861-864-шоттары және 87-ші «Басқа ұйымдарға үлестік қатынастан түскен табыстар (зиян)»шоттары дебеттеліп, 571 «Жиынтық табыс (зиян)» шоты кредиттеледі.
Жыл аяғында 80-бөлімшенің 7010-808-ші,7110,7320,7410-7470-ші шоттарының кредитінен есептелінген шығыстар 571-ші «жиынтық табыс (зиян)» шотының дебетіне көшіріледі. 71-ші «Сатылған тауарлардың қайтарылуы және сату кезінде берілетін жеңілдік, осындай-ақ бағаны кеміту бөлімшесінің шоттары бойынша табыстар мен зияндар болулары мүмкін. Табыс сомаларын 71-бөлімшенің 711-6030 шоттарының дебеті бойынша және 571 шотының кредиті бойынша көрсетіледі; зиянды 71-бөлімшенің 711-6030 шоттарының кредитінен 571-шоттың дебетіне көшіріледі. 571-ші «Жиынтық табыс (зиян)» шоты салыстырушы операциялық шоты болып табылады: онда табыстар (571-шотың кредиті) және зияндар (571 -шоттың дебеті) салыстырылады. Табыс 571-шоттың дебеті бойынша және 5410-ші «Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зиян)» шотының кредиті бойынша көрініс табады. Шығын 571-шоттың кредиті және 5410-ші «Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)» шотының дебеті бойынша көрініс табады
Мейманханалық кәсiпкерлiктiң кәсiпорындарының есеп саясаты, ерекшелiктерi
Құрастырған э.ғ.к., доцент Искакова Б.Г.
