Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
mikrobiologia_2017_1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
351.92 Кб
Скачать

I-деңгей

1.Бактерия капсуласына анықтама беріңіз

Бактериялық жасуша құрылысы.

Мөлшерінің кішкентайлығына қарамастан кез-келген жасуша сияқты бактериялық жасушаның барлық құрылым компоненттері бар: жасуша қабырғасы,цитопазмалық мембрана, әр түрлі қосындылары бар цитоплазма және нуклеоид.Аталғандар жасушаның басты құрылымдық компоненттері. Тіршілік етудің кейбір кезеңдерінде пайда болатын қосымша құрылымдық компоненттеріне -капсула,спора, талшықтар, кірпікшелер жатады.

Капсула - бұл негізгі химиялық компонентті полисахаридтен тұратын көп қабыршақты фибриллярлы құрылым. Бактерия денесіне оңай бөліне алады. Патогенді бактериялардың вируленттік белгісіне жатады, өйткені ол бактерияны фагоцитоздың әсерінен қорғайды. Кейбір бактериялар капсуланы тек ағзада құрайды, бұл қасиетін қоректік ортада өсіргенде жоғалтады. Ал капсулалы бактериялар деп аталатын топтағы микроорганизмдер қандай жағдайда болса да капсула түзу қабілеттілігін жоймайды. Капсуланың негізгі қызметі: микроорганизмдердің әр түрлі улы заттардың, фагоцитоздың әсерінен қорғау, жасуша қабатына микроорганизмдердің жабысуына көмектесу.

2. Бактерия талшықтарына анықтама беріңіз

Талшықтар-цитопалзмадағы базальді денешіктерден басталатын, бактериялық жасушадан бірнеше есе ұзын, табиғатты ақуызды жіпшелер. Олар микроорганизмге жылжымалық қасиет береді. Егер де бактерияның бір шетінде бір талшығы болса - оны монотрих, екі шетінде бір немесе бір неше талшығы болса - амфитрих, бір шетінде бір топ талшығы болса - лофотрих, ал барлық жағынан шығатын болса-перитрих деп атайды.

Талшықтар антиген болып табылатын, Н антиген ақуыз – флагеллинен (flagellum – талшық) тұрады. Флагеллин суббірліктері спираль тәріздес ширатылған.

3.Бактерия метаболизмі

Зат алмасу  (метаболизм) – клетканың тіршілігін қамтамасыз ететін, организмде жүріп жататын барлық химиялық процестердің жиынтығы. Бұл организмнің тіршілік қабілетін сақтау және сыртқы ортамен қарым-қатынасын, организмге қоректік заттардың еніп, олармен ферменттер әсерінен ыдырауын, пайда болған жай заттардың клеткалар мен органдарға тасымалданып, олардың тотығуын, энергия бөлініп шығуын, клетка құрамындағы түзілістердің биосинтезделуін және қорытылған өнімдердің организмнен бөлініп шығуын қамтамасыз етеді. 

Микроорганизмдердің физиологиялық және биохимиялық қасиеттері олардың систематикасында негіздеген. Ол микроорганизмді лабораториялық жағдайда өсіріп, олардың патогенділігін зерттеп, микроорганизмдерді бір- бірінен ажыратып, талдап, танып білу (идентифмкация, дифференцировка) үшін және вакциналарды, антибиотиктерді т.б. БАЗ жасап шығару үшін маңызды.

Катоболизм кезінде энергия түзіліп АТФ молекуласына жиналады, ал анаболизмде осы энергия микроб клеткалары құрайтын көптеген органикалық микромолекулаларды түзуге жұмсалады. Катоболизм мен анаболизм бір - бірімен аралық метаболиттер арқылы байланысқан, оны амфиболиттер деп атайды.

Анаболизм - жасуша компоненттерінің синтезін қамтамасыз ететін биохимиялық реакциялар, яғни конструктивті алмасу деп аталатын зат алмасуы. Бұл алмасуда екі топтоғы биосинтетикалық процестерді бөлуге болады: мономерлердің биосинтезі және полимерлердің биосинтезі.

Катоболизм - жасушаны энергиямен қамтамасыз ететін реакциялар. Ол көбінесе конструктивті алмасуға керек. Сол себептен катоболизм жасушаның энергиялық алмасуына да қатысады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]