Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
V Нұсқа 30 билет.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
655.36 Кб
Скачать

3. Моңғол империясының қоғамдық құрылысы.

1.Моңғол мемлекетін Шыңғысхан жеке басқарды. Жанында жаза білетін және басқа елдердің тілін түсінетін уәзірлері болған.

2. Әскери басқару жағынан Моңғолия аумағы мен халқы бөлінді.: 3 қанатқа 1) Оң қанат-Барунгар 2)Орталық қанат- Кул 3) Сол қанат –Жоңғар

3.Шыңғыс хан елді басқару үшін елді 95 түменге бөлді. Түмендер аймаққа бөлінді. 1 түменде 10 мың адам болды.

4. Шыңғысханның жеке басын қорғайтын жасауыл «Кешіктен» деп аталды.

5. Моңғол мемлекетінің басты заңы: «Жасақ» (Яса) Яссаның 1 бөлімінде: Шыңғыс ханның нақыл сөздері ІІ.Бөлімінде : Әскери, азаматтық істердегі орындауадғы жалпы заңдар және жазалау ережелері туралы айтылғын. «Жасақ» бойынша өкімет билігінің жоғарғы органы- Құрылтай болды. Құрылтай жылына бір рет, жаз айында шақырылды. Құрылтайдағы басты мәселе алдағы болатын соғыс туралы айтылды.

11-билет

1)Қыпшақтардың этникалық құрамына түсінік беріңіз.

2)Х-ХІІ ғасырларда Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу өлкесінде қалалар санының өсу себептеріне талдау жасап, түсінік беріңіздер.

3)Монғол шапқыншылығына қатысты оқиғаларды кесте бойынша толтырыңыз.

Жауаптары:

1)Қыпшақтардың этникалық құрамына түсінік беріңіз.

Алтайдан Еділге дейінгі аралық «Қыпшақ даласы»(Дешті қыыпшық) деп аталады.

Қыпшақтарды этникалық құрамы VII-VII ғ қалыптаса бастады. Қыпшақтардың этникалық құрамы 2 бөліктен тұрды.

1 –ші батыс бірлестік – 11 тайпа (елбөрілер, тоқсоба, йетиба, дурут т.б)

2- ші шығс бірлестік – 16 тайпа(8 ірі , 8 ұсақ тайпалар)

Тайпалардың ішіндегі ең беделдісі – бөрілер болған. Қыпшықтардыы хандар осы елбөрілі тайпасынан сайланған.Тайпаның бөрілер атануы қасқырға табынатындығын көрсетеді.Тарихшы Жүзжани елбөрілерді хандар әулетінің тайпасы деп атады.

Тоқсоба- 9 тайпалы , йетиба-7 тайпа, дурут -4 тайпалы екендігін білдіреді.

Жалпы қыпшақ бірлестігіне түркі тілдес қимақ, оғыз, ежелгі башқұрт тайпалары да енген. XII ғ. Қыпшақтар Арал маңына билік жүргізген кезде олрадың құрамында қаңлылар, қарлұқтар, жікілдер болды.

Бұл тайпалардың тілі , діні, нанымм-сенімі, шаруашылықтар бір-біріне ұқсас болды.

Плаано Карпини «Қаңлылар қапшақша сөйлейді» деп жазды. Моңғол шапқыншылығының кесірінен қазақстанда біріыңғай халық болып қалыптасу құбылысы XV ғ дейін кешеуілдеді.

2)Х-ХІІ ғасырларда Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу өлкесінде қалалар санының өсу себептеріне талдау жасап, түсінік беріңіздер. Қалалардың дамуы мәселесін қарастыруды дамыған орта ғасырларда отырықшы мәдениеттің дамып, қалалар санының көбейгеніне және оның себептеріне тоқталудан бастаймыз. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу аймағындағы қалалар туралы таратып айта келіп, олардың саны жағынан ғана емес, көлемі мен экономикалық маңызы жағынан да өсіп отырғанына назар аударған жөн. Архелогиялық зерттеулерде ерте орта ғасырға қарағанда орта ғасырдың дамыған кезінде отырықшылық мәдениет өркендеп, қалалар саны көбейген. Егер бұрын Оңтүстік қазақстанда 30 қаланың орны белгілі болса, ал кейнгі кезде зерттеулер бойынша, олардың саны 37 қалаға жеткен. Жазба деректерде алғашқы кезенде 6 қала ғана аталса, соңғы кезде 33-ке жетті.  Қалалар санының өсуі Шығыстың экономикалық, мәдени байланыстар жүйесіне қатысуға байланысты қалалар маңызының артқандығын көрсетеді. Оңтүстік Қазақстанда қалалардың топтаса орналасқан жерлері – Арыс өзенінің Сырдариядағы қосылатын тұсындағы сағалары. Арыстың орта ағысында орталығы Осбаникент қаласы болған Кенже аймағы құрылса, ал өзеннің сырдарияға құяр жерінде орталығы Отырар қаласы болған Фараб аймағы орын тепкен. Ал Шауғар аймағында Қарнақ, Шур , Шағылжан қалалары болған. Сырдың орта ағысында – Сүткент, төменгі ағысында Сығанақ , Жанкент, Асынас Жент,Баршынкент қалалары өмір сүрген.  Қалаллық отырықшылық мәдениеттің тағы бір қанат жайған жері – Жетісу аймағы. Әсірісе оңтүстүк-батыс Жетісудың орталығы Таразда да қала мәдениеті өркендеген. Бұл аймақта 36 қала жұрты табылды. Солтүстік-шығыс Жетісудан (орталығы – Лабан, Алматы, Талхир қалалары) 70 қала жұрты ашылған.  Х – ХІІ ғасырлардағы Жетісу аймағындағы қалалардың үй құрлыстарында өзіне тән жергілікті ерекшеліктері болды. Үй бөлмөлері белгілі бір негізгі құрылыстың төңірегіне топтастырылып салынады. Көлемі 500 – 600 шаршы метр келетін аумақ дуалмен қоршалып , оның ішкі жағынан дуалға тақап жағалай тұрғын үйлер салынады да, ортасы аула ретінде пайданылады. Мұндай тұрақжайлар кішігірім қорған сияқты болған. Бөлмелері қатар – қатар орналасқан. Ортадағы ашық аланаға мал қораланып, киіз үйлерде тігіледі. Мұндай жағдай Жетісу қалаларында жиі кездеседі.

Монғол шапқыншылығына қатысты оқиғаларды кесте бойынша толтырыңыз.

Жылдар

Болған оқиғалар

1207-1208 жж.

Шыңғысханның үлкен ұлы Жошы Енисей қырғыздарын және Сібір халықтарын бағындырды.

1207-1209 жж.

Шыңғысхан таңғұттардың мемлекетін, одан кейін Тұрфан кінәздігін жаулап, ұйғырларды бағындырды.

1218 ж.

Шыңғысхан жіберген 450 адамы бар, 500 түйеге артқан сауда керуені Отырарға келді. «Отырар апаты» оқиғасы болады.

1219-1220 жж.

Моңғолдар Сыр бойындағы қалаларды бағындырды.

12-билет

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]