- •1 Билет
- •1)Ж. Баласағұни-ғұлама ақын.
- •2)Хіү ғасырдағы Қазақстанның экономикалық жағдайы.
- •3)Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ кеңес әдебиеті мен өнерінің дамуына үлес қосқан тұлғаларды кесте бойынша толтырыңыз.
- •1)Ж. Баласағұни-ғұлама ақын.
- •3)Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ кеңес әдебиеті мен өнерінің дамуына үлес қосқан тұлғаларды кесте бойынша толтырыңыз.
- •2 Билет
- •1)Хү ғасырдығы Қазақстан экономикасының жағдайы
- •2)Нұралы мен Абылай хандардың ел басқару саясатын салыстыр.
- •3)Оғыздардың саяси жағдайы туралы кестені толтырыңыз.
- •3)Оғыздардың саяси жағдайы туралы кестені толтырыңыз.
- •Ііі билет
- •1)Көшпелілердің «аң стиліндегі» өнері.
- •2)Қожа Ахмет Йасауидің түркі әлемінде алатын орны
- •3)Қимақтардың саяси жағдайы туралы кесені толтырыңыз.
- •Іү билет
- •1)Өтеміс қажының «Шыңғыснама» еңбегі
- •2)Алтын Орданың мемлекеттік құрылымы ерекшеліктерін сипатта
- •3)Қимақ мемлекетінің құрылуының себептерін анықтап, кестені толтырыңыз
- •3)Қимақ мемлекетінің құрылуының себептерін анықтап, кестені толтырыңыз
- •Ү билет
- •1) Әл Фарабидің білім салаларын дамытуға қосқан үлесі
- •2)«Отарлау» ұғымына Қазақстанды Ресейлік отарлаудың ерекшеліктері қандай болғандыына талдау жасаңыз
- •2)«Отарлау» ұғымына Қазақстанды Ресейлік отарлаудың ерекшеліктері қандай болғандыына талдау жасаңыз
- •3)Қарахан мемлекеті қағандарының жүргізген саясатын кесте бойынша толтырыңыз
- •6 Билет
- •1)Әбу Райхан әл Бируни энциклопедист, ғалым
- •2)1960-1980 Жылдарындағы Қазақстанның экономикалық жағдайы.
- •Жауаптары:
- •1)Әбу Райхан әл Бируни энциклопидист, ғалым
- •3)Найман мемлекеті билеушілерінің жүргізген саясатын кесте бойынша толтырыңыз
- •Үіі билет
- •1)Сақтардың мәдениеті.
- •2)2050 Қазақстан стратегиясының басым бағыттарын анықтап, сипаттап беріңіз.
- •3)Қола дәуірі кезіндегі жартастардағы суреттер табылған аумақтарды карта бойынша белгіле.
- •Үііі билет
- •3)Қарақытай мемлекетінің саяси жағдайы туралы кестені толтырыңыз.
- •Іх билет
- •1)Оңтүстік Қазақстан Ұлы Жібек жолының Батысқа шығатын басты қақпасы.
- •2)1990 Жылдары Қазақстандағы жекешелендіру үрдісі және оның әлеуметтік салдары
- •3)Х хіі ғасырлардағы архитектуралық құрылыс жүйелерін кесте бойынша толтырыңыз.
- •2)Қазақстанның әлемдік бірлестіктеріне кіру мақсаты және оның маңызына сипаттама жасаңыз.(бұұ, Әлемдік Банк,хвф, юнеско)
- •3)Монғол империясының қоғамдық құрылыс жүйесін кесте бойынша толтырыңыз және оның маңызын түсіндіріңіз.
- •3. Моңғол империясының қоғамдық құрылысы.
- •3)Монғол шапқыншылығына қатысты оқиғаларды кесте бойынша толтырыңыз.
- •1)Қыпшақтардың этникалық құрамына түсінік беріңіз.
- •1)Ботай мәдениеті және Беғазы-Дәндібай мәдениетінің ерекшеліктері.
- •2)Шанхай ынтымақтастық ұйымына Қазақстанның кіруінің тарихи маңызына талдау жасаңыз.
- •3)Алтын Орда билеушілерінің жүргізген саясатын кесте бойынша толтырыңыз.
- •1)«Түгіскен» кесенесі(ескерткіші) мен «Беғазы-Дәндібай» ескерткіштері.
- •2)Қазақ кср-ның мемлекеттік егемендігі жөніндегі декларация мазмұнын және маңызын ашып көрсетіңіз.
- •1.«Түгіскен» кесенесі(ескерткіші) мен «Беғазы-Дәндібай» ескерткіштері
- •3)Алтын Орда билеушілерінің жүргізген саясатын кесте бойынша толтыру
- •2)Қазақстанда нарықтық экономикаға көшу барысындағы жетістіктер мен қиыншылықтарын сипаттаңыз.
- •2. Қазақстан экономикасының соғыс жағдайына (1941-1945 жж.) бейімделуі.
- •1. Сұлу қағанның тарихта алатын орны мен рөлі
- •2. Ксро-ның ыдырауы. Қр-ның мемлекеттік тәуелсіздігінің жариялануының тарихи маңызы.
- •1. Әбілғазы шежірелерінің тарихи маңызы
- •2.Е.Бекмахановтың тарих ғылымын дамытудағы үлесіне баға беріңіз.
- •3. Терминдердің мағынасын кесте бойынша толтырыңыз.
- •2.Е.Бекмахановтың тарих ғылымын дамытудағы үлесіне баға беріңіз.
- •3.Терминдердің мағынасын кесте бойынша толтырыңыз
- •Қазақ халқының хvі – хvіі ғғ. Шаруашылығы.
- •2.Алаш қозғалысы қайраткерлерінің ресми ақталуы және оның тарихи маңызы.
- •Маусымдық көші – қон.
- •2.Тәуелсіз Қазақстанның олимпиадалық спорттағы жетістіктері.
- •2.Қазақстанда Ислам ынтымақтастығы ұйымы конференциясының өтуі және оның тарихи маңызы.
- •2. Қазақстанда 1920- 1940жж. Жоғарғы оқу орындарының ашылуы мен білім беру жүйесінің қалыптасуы және дамуы.
2)«Отарлау» ұғымына Қазақстанды Ресейлік отарлаудың ерекшеліктері қандай болғандыына талдау жасаңыз
Ресей үкіметінің ХҮІІІ ХХ ғасырдағы Қазақстанды отарлау саясатының ерекшеліктері Ресейдің Шығысқа, Орталық Азияға жылжуына түрткі болған оның өнеркәсіптің дамуы, соған байланысты өнім өткізетін нарыққа , шикізат көзіне т.б. мұқтаждығы еді. Сондықтанда Ресей үшін Қазақстан сияқты елдерді отарлау оның континенттік аумағын одан әрі кеңейтуімен бірдей еді. Қазақстан жері империяның құрамына енуі мен метрополияның әкімшілік басқару жүйесі де таралды. Арнайы даярланған заңдар бойынша (1968-1968, 1886,1891) қазақтарды ең негізгі құқықтарынан айырды, біртіндеп орыс тіліне, христиан дініне, салт дәстүріне көшуге мәжбүрледі.
1891 жылы 25 наурызда қабылданған ережеде «көшпелілер иемденген жерлер, олардың бар байлығы, оның ішінде орманы, мемлекеттің меншігі болып саналады» деп көрсетілді. Аталған бапқа «көшпелілер үшін артық болуы мүмкін жерлер Мемлекеттік мүлік министрлігінің қарауына өтеді» деген қосымша енгізілді. Бұл құжаттар ең құнарлы қазақ жерін артық деп жариялап, ол жерлерге Ресейдің ішкі губернияларынан орыс және басқа славян қоныс аударушыларын орналастырды. Патшалық биліктің Қазақстанда жүргізген реформалары қазақ қоғамының сұранысына сай келген емес керісінші Ресей мүддесіне мазмұнда болды.
Ресей үкіметі қазақ халқына түрлі кемсітулерге жол берді мыс, қазақтардың орыстармен тең әскери білім алу, әскери қызметке шағырылу құқығы болған жоқ.
3)Қарахан мемлекеті қағандарының жүргізген саясатын кесте бойынша толтырыңыз
Сатұқ Боғрахан (915-955жж.) Қарахан мемлекетінің негізін қалаушы. Ол Ислам дінін қабылдап саманилерден қолдау тауып өзінің туысы Оғылшақты жеңіп шығады. Ол билеп отырған Тараз, Қашғар қалаларын өзіне бағындырған. Сөйтіп бірыңғай бір орталыққа бағынған Қарахан мемлеетін құрды.
Мұса хан әкесі Сатұқ боғрахан 955 қайтыс болған соң билікті қолына алды. Ол өз ықпалын күшейту үшін 960 жылы Ислам дінін мемлекеттік дін ретінде жариялады. Мемлекет орталығы Қашғар қаласы болды.
Ибрахим ибн Насыр ХІ ғасырдың 40 жылдарында Әли тегіннің балаларына қарсы күресте жеңіп шығады. Ол 1040 тамғаш Бурахан атағын қабылдап, Мауараннахрға өз билігін орнатады. Осы кезден Қарахан мемлекеті дербес екі иелікке бөлініп тынады.
6 Билет
1)Әбу Райхан әл Бируни энциклопедист, ғалым
2)1960-1980 Жылдарындағы Қазақстанның экономикалық жағдайы.
3)Найман мемлекеті билеушілерінің жүргізген саясатын кесте бойынша толтырыңыз
Билеушілер |
Жүргізген саясаты |
Наркеш Дайын |
|
Инанч білге |
|
Бұйрық |
|
Жауаптары:
1)Әбу Райхан әл Бируни энциклопидист, ғалым
Тарих , математика, география, астрономия, медицина т.б. ғылым салаларынан 150-ден астам еңбектер жазып қалдырған. Ғұламаның атақты «Бұрынғы ұрпақтар ескерткіші», «Асыл тастар» еңбектері бүгінгі күні дейін өзінің құндылығын жоймаған. Ол алғаш рет жердің күнді айналатындығын болжап, аспан денелерінің қозғалу заңдылықтарын ашқан. Бируни дүниенің геоцентрлік жүйесін Коперниктен 500 жыл бұрын және денелердің жерге тартылысын Галилей мен Ньютоннан 600 жыл бұрын айтып кеткен. Негізгі еңбектері тарих, математика, астрономия, география, топография, физика, медицина, геология, минералогия, т.б. ғылым салаларын қамтиды. Ол Орта Азия мен Иран қалаларында болып, атақты астроном, математик Әбу Наср Мансур ибн Ирактан дәріс алды. Әбу Райхан әл-Бируни – парсы, араб, грек, үнді (санскрит) тілдерін меңгерген оқымысты. 995 – 1010 жылдары Иранда тұрды. Ол 1000 жылы орта ғасыр ғылымының энциклопедиясы аталған, өзінің әйгілі «әл-Асар әл-Бақйия ән әл-Құрұн әл-Халийа» («Бұрынғы ұрпақтар ескерткіші») деген еңбегін жазды. 1010 жылы Хорезм әкімі Мамун ибн Мұхаммед ұйымдастырған Үргеніштегі ғылыми орталықта Әбу Райхан әл-Бирунидің басшылығымен Әбу Әли ибн Сина (Авиценна), Әбу Саһл Массих, Әбу-л-Хасан ибн Хаммар, ибн Мискуайх, т.б. көрнекті ғалымдар ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Әбу Райхан әл-Бирунидің ғылыми мұрасының бірсыпырасы бізге жетпеген, сақталып қалған шығармаларының көпшілігі толық жиналып жарияланбаған. Жалпы алғанда ол жүз елу еңбек жазған, олардың қырық бесі астрономия мен математикаға арналған.
Арал теңізінің жағасында, Үндістанда, Ауғанстанда астрономиялық бақылау жұмыстарын жүргізіп, жер мөлшерін дәл анықтаған. Әбу Райхан әл-Бирунидің географиясында сол кездегі белгілі жерлердің бәрі айтылған, сонымен қатар мұхит, теңіз, тау, өзен, шөл, мемлекеттер мен халықтардың аттары толық келтірілген. Әбу Райхан әл-Бирунидің картасы Тынық мұхиттан Атлант мұхитына, Үнді мұхитынан Солтүстік мұзды мұхитқа дейінгі жерлерді қамтыған. Әбу Райхан әл-Бируни түрлі өсімдіктерді, дәрілік шөптерді, сан алуан жануарлар тіршілігін зерттеген. Әбу Райхан әл-Бируни топографияға байланысты «Геодезия» атты үлкен еңбек жазды. Онда Әмударияның бұрынғы кездегі ескі арналары жөніндегі зерттеулері аса қызғылықты баяндалған. Әбу Райхан әл-Бирунидің тарихи-географиялық еңбектерінде Орта Азия мен Шығыс Сібірдің тарихи этнографиясы, сондай-ақ Орта Азия көшпелі тайпаларының батысқа, Шығыс Еуропаға дейін қоныс аударулары, Қазақстан географиясы, оны мекендеген түркі тайпалары, олардың әдет-ғұрпы, салт-жоралғылары жөнінде құнды деректер беріледі. «Үндістан»(1031), «Бұрынғы ұрпақтар ескерткіші» (1048), «Масғуд каноны», т.б. еңбектері ағылшын, неміс, орыс, парсы, т.б. тілдеріне аударылған.
2)1960-1980 жылдарындағы Қазақстанның экономикалық жағдайы. КСРО министрлер кеңесінің төрағасы А.Н. Косыгин бастаған реформашыл күш экономиканы басқарудағы әкімшіл жүйені сынға алып , өнеркәсіптерді басқаруда өнеркәсіп салалары бойнша одақтық республикалық министрліктер құруды ұсынды. 1965 жылы өнеркәсіпті басқару жүйесіне өзгерістер енгізу және бірқатар мемлекеттік жоспарлау органдарын қайта құру жөнінде заң қабылданды. Кәсіпорындарға дербестік беріліп, оларға шаруашылық есеп әдісі кеңінен енгізілді. 1965 жылғы шаруашылық реформалар кәсіпорын қызметін шамадан тыс бақылау жойылып , шаруашылық дербестігі ұлғая түсті. 1970 жылға қарай кәсіпорындардың 80% нан астамы жоспарлаудың жаңа жүйесі бойынша жұмыс істеді.1965 жылға қарай елімізде 19 көмір шығаратын өндірістік қуат, 1965 жылы Екібастұзда 14,3 млн тонна көмір шығарылды. Жаңа өнеркәсіп аудандарының қалыптасу мен дамуы, жаңа кен орындарын игеру жүзеге асты. Каспи теңізі жағасында Шевченко қаласының жанында дүние жүзінде тұңғыш рет су тұшытатын атомдық қондырғы орнатылды. Қазақстан Кеңес Одағы құрамында Ресей мен Украинадан кейінгі үшінші орынға көтерілді. Одақтық аумақта өндірілетін мыстың үштен бірін , мырыштың 44%, қорғасынның 75% Қазақстан берді. 1970-1980 жылдары өнеркәсіппен ауыл шаруашылығында өсу қарқынының баяулауы байқалды. Партия органдарының экономикағы араласуы индустрияландыру, ауыл шаруашылығы саларын дамытуға кері әсер етті. 1971 жылдан 1985 жылға дейін ҚазКСР одақтық қорға І кг 2 сомнан аспайтын 300 мың тонна ет өткізіп отырды. Кіріс көлемі 9 млрд сом болса, өндіріске кеткен шығын 18-27 млрд сомға жетті.
