Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
V Нұсқа 30 билет.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
655.36 Кб
Скачать

Іү билет

1)Өтеміс қажының «Шыңғыснама» еңбегі

2)Алтын Орданың мемлекеттік құрылымы ерекшеліктерін сипатта

3)Қимақ мемлекетінің құрылуының себептерін анықтап, кестені толтырыңыз

Жауаптары:

1)Өтеміс қажының «Шыңғыснама» еңбегі. ХҮІ ғасырдың орта шенінде жазылған шығарма. Бұл еңбекте Қыпшақ даласын билеген Жош хан әулиетінің тарихы баяндалады. Алғашқы тараулары ел аузынан таралған аңыз әңгімелерден құралған. Сонымен қатар бұл шығармада көптеген тарихи мәліметтер нақтылы деректер бойынша жазылған. Еңбекте кездесетін аса құнды хабар осы уақытқа дейін өлімі аңыз болып келген Жошы хан туралы дерек. Онда Жошы әкесі шыңғыстың босқа қырғын жасап отырғанына қарсы болған. Өзіне қыпшақ жерінің ұнағандығын, әкесін бір аңға шыққанда өлтіріп, жаулаушылықты тоқтату туралы ойын айтады. Жошы ханның бұл сөзін Шағатай әкесіне жеткізеді. Қаһарына мінген Шыңғысхан Шағатай мен Үгедейді Жошыны жазалауға аттандырған. Алайда олар Жошыға жетпей, оның қаза болғандығы туралы хабарды естиді. Шамасы, әкесі алдын ала Жошыны жазалайтынын өзінің сенімді адамдарын жіберген тәрізді.

«Шыңғыснамада» Дешті қыпшақ халқының мал өсіруге байланысты мерзімді көшіқон мәселесіне ерекше назар аударылған. Онда қыстау, жайлауға көшу,малдың басын көбейтуге, қоңын көтеруге пайдалы екенін жазған.

2)Алтын Орданың мемлекеттік құрылымы ерекшеліктерін сипатта. Шыңғысхан ұрпақтары ұлыстарының басқару жүйесі бір біріне ұқсас. Хандық үкімет хан ұрпақтарының иелігі болып табылады. Егер хан өлсе, не інісі, не ханның баласы хан орыны таққа отыратын. Мемлекет басшысы Ұлы хан. Ұлыстың аумақтық бөліктерін билеушілер әмірлерге, мыңдықтар нояндарға, нояндар беклербекке бағынған. Шыңғысханның «Ұлы Жасақ» заңы негізінде әскери істі беклербегі, азаматтық істі уәзірлер, салық жинауды даруғалар атқарады. Азаматтық басұару билігі түрік әулетінен шыққан «мәлік» деп аталатын жергілікті әкімдер арқылы жүзеге асқан. Алтын Орда мемлекетінің басқару жүйесінде басқақтар маңызды рын алды. Олар басқару қызметімен қатар, жергілікті халыққа әскери бақылау жүргізеді, кейбір жерлерде салық жинаумен де айналысады.

3)Қимақ мемлекетінің құрылуының себептерін анықтап, кестені толтырыңыз

1) Х ғасырдың екінші жартысында қимақтардың жеріне Қарахан мемлекеті шабуыл жасац бастады. Мұндай жорықтар ХІ ғасырда жиілей түскен. Осы жорықтардың әсерінен Қимақ қағанаты әлсіреп, ыдырай бастаған. Ішкі қайшылық атақты қыпшақ тайпасы көсемдерінің билік үшін таласуы

2)Сыртқы қайшылық шығыстан батысқа қарай қоныс аудара бастаған түркі тілдес тайпалардың әсерінен еді. Жер үшін болған соғыстарда өзінен күші басым тайпалар үстемдік құрған еді.

Ү билет

1) Әл Фарабидің білім салаларын дамытуға қосқан үлесі

2)«Отарлау» ұғымына Қазақстанды Ресейлік отарлаудың ерекшеліктері қандай болғандыына талдау жасаңыз

3)Қарахан мемлекеті қағандарының жүргізген саясатын кесте бойынша толтырыңыз

Қағандар

жүргізгенсаясаты

Сатұқ Боғрахан

Мұсахан

Ибрахим ибн Насыр

Жауаптары:

1)Әл Фарабидің білім салаларын дамытуға қосқан үлесі. Әл Фараби ғылымды өз бетімен зерттеп, үлкен табыстарға жеткен ұлы тұлға. Ол философия , әлемтану, математика , физика, астрономия, ботаника, музыка т.б. ғылымдар саласынан 160 қа жуық трактаттар жазып, өшпес ғылыми мұра қалдырған. Арестотельдің еңбектерінзерделей отырып, «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары», «Кемеңгерлік меруеті», «Бақытқа жету», «Ақындықтың мәні туралы» т.б. философиялық туындылар жазған. «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» еңбегінде қағамдағы озбырлықтар мен қаталдықтар адамгершілік ережелерінің өрескел бұрмалауынан деп түсіндіріп, қоғамды дұрыс басқарудың шарттарын ұсынады. Халықты білімге шағырады. Музыка саласында «Музыканың ұлы кітабы», «Музыка ғылымы туралы пікірлер» т.б. іргелі еңбектер жазған. Бірқатар музыкалық аспаптарды жетілдірген. «Шұбар айғыр» күйін шығарған. Әл Фарабидің логика мен медицина, ғарышнама мен анатомия, заң ғылымы сияқты ғылым салаларына қосқан жаңалықтары әлемге әйгілі. Ибн Хаукаль өз еңбектерінде әл Фараби жайлы: « Ол аса ірі мұсылман философтарының бірі. Олардың ешқайсысы да оның деңгейіне жерткен жоқ. Әбу әли ибн Сина да өзінің шығармаларын жазу үстінде оның еңбектерін пайдаланға» деген.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]