Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
V Нұсқа 30 билет.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
655.36 Кб
Скачать
  1. Қазақ халқының хvі – хvіі ғғ. Шаруашылығы.

Қазақ халқының XVI-XVII ғасырлардағы шаруашылығы — Қазақ халқында тек бірыңғай көшпелі мал шарушылығына ғана болған емес. Халықтың мал шаруашылығымен басым айналысқанда ешбір дау жоқ. Оған қарап оларды мал соңында ұдайы көшіп жүрді, деп айтуға болмайды. Қазақ халқының көшіп-қонуына белгілі бір бағыт, әрбір ру-тайпаның өз көші-қон аумағы болады. Кейбір орыс және Еуропа ғалым дарының қазақтар отты жерді қуалап жазқыс демей көшіп жүрді деген пікірлері ешбір шындыққа жанаспайды. Олар қазақ халқының маусымды көшіп-қонуын түсінбегендіктен айтқан. Маусымды көші-қон дегеніміз, жыл мезгілінің ерекшелігіне қарай мал басын аман сақтау үшін көшіп-қону жайылымды жерді дұрыс пайдалануға мүмкіндік береді. Маусымды көші-қон 4 мезгілге бөлінеді:

  1. Қысқы көш немесе қыстауға көшу;

  2. Көктемгі көш;

  3. Жазғы көш;

  4. Күзгі көш;

Қазақ халқының егін шаруашылығы

Археологиялық зерттеулерден қазақтардың қыстауларының жанында егін шаруашылығымен айналысқан арық-тоғандарының іздері табылған. Жетісу аймағы мен Оңтүстік Қазақстанда ертеден-ақ егіншілік кәсібі дамыды. Әсіресе Сырдария, Шу, Арыс, Талас, Іле өзендерінің алқабында суармалы егін шаруашылығы гүлденді.

Қазақтарда егін шарушылығы болғандығын жер суғаратын атпа, шығыр сияқты тағы да басқа құралдардан шығыр,жер жыртатын соқа, жер тырмалайтын тырма, айыр, бидай суаратын ағаш күрек сияқты тағы да басқа құралдардан анық байқауға болады. Отырар қаласының аймағындағы Арыс тағы да басқа құралдардан анық байқауға болады. Отырар қаласыңың аймағындағы Арыс өзенінен тартылған Саңғыларық, Сырдариядан Төменарык, Шу өзенінен Қалмаарық сияқты т.б көптеген арық-тоғандардың іздері халқымыздың егін шаруашылығымен айналысқанын көрсетеді. Қаратау, Ұлытау етегінде, Ертіс өзені бойында, Зайсан көлінің айналасында да егіншілік айтарлықтай дамыды. Қазақ егіншілері бидай,арпа,тары,сұлы екті. Оңтүстік жақтағылар күріш пен жүгері де өсірді. Жер жырту саймандары тесе,кетпен,ағаш соқа,тіс ағаш,тырна,қол орақ,күрек болады. Дәнді тұю, ұн тарту үшін ағаш келіні,қол диірменді пайдаланды. Егін егетін жерді атпен, өгізбен, түйемен жыртты. Астықты сақтау үшін жерден ұра қазып, ішінде ылғал болмауы үшін, отпен күйдіретін. Тары көшпелі халықтың қысы-жазы жейтін, ұзақ сақтауға шыдайтын бағалы тағамы болды. Қазақтар дәнді қолмен септі. Піскен астықты қол орақпен орды. Қырманды атпен,өгізбен бастырды. Бұл қазақтар тек көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан деген пікірдің дұрыс еместігін айғақтайды.

2.Алаш қозғалысы қайраткерлерінің ресми ақталуы және оның тарихи маңызы.

1990 жылы мен басқарған комиссияға Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің 1930­ жылдан 1950­шi жылға дейін қабылдаған қаулыларын қайта қарап, әділ бағасын беру тапсырылды. Орталық Комитеттен осы мәселеге қатысты барлық құжаттар менің қолыма түсті. Біз комиссия құрамына тарихшы, әдебиетші, тілші мамандарды қатыстырып: «Қазақ зиялылары ұлтшыл» деген қаулыларды түгелдей қарап шықтық. Оның ішінде тек, бұрынғы зиялылар ғана емес, тіптi кейінгі Е.Бекмаханов, Б.Сүлейменов сияқты азаматтарымыздың Қазақстанда репрессияға ұшырауы, осы тәрізді толып жатқан адамдарды «ұлтшыл» немесе «идеологияны бұрмалаушы» деп қаралаған құжаттар өте көп екен. Бұл құжаттардың барлығын комиссия мұқият қарап, осы жылдар аралығындағы қаулылардың барлығы негізсіз, шындыққа жанаспағандықтан, бұдан былай күшін жояды деп шештік. Қорыта айтқанда, бұл мәселелердің шешімін табу бізгe оңай түскен жоқ. Тек, әйтеуip, халықтың көкейінде жүрген мәселеге араласуым, жанағы комиссияға жетекшілік eтіп, төрағасы болғаным — өмірден азаматтық борышымның өтелгені деп ойлаймын. Осы саяси қуғын­сүргін көрген зиялыларымызды толық ақтап шығу мен басқарған комиссияның мойнына жүктелді Оны сараптауда біз барынша жан­жақтылық танытуға тырыстық. Комиссияның он тұжырымдарын жазып, ұлы арыстарымызды ақтауда мүмкіндігінше үлес қостық. 1989—1990 жылдардың басында Алашқа ортақ азаматтарымыз толығымен ақталып, бұл мәселе өз шешімін тапты. Дәл осы кезде КСРО Конституциясының 6­шы статьясы алынып тасталды. Егер ол алынбаса егемендік алу дегенді ойлау өте қиын еді. Мен ол кезде Ғылым Академиясының вице­президенті едім. Жалпы, Одақта болып жатқан жағдайлардың бәріне араласуға міндеттімін. Москвада 6ip жағдай бола қалса, мені таңертең сағат 9­дарда Орталық Комитетке шақыратын. Содан, 1990 жылдары бұл статья өз күшін жойып, биыл Жоғары Кеңеске өтті. Жаңадан сайлау өткізіп, КСРО­ның Конституциясы өз қызметін бастады. Яғни, партия үкімет басынан кетіп, Жоғары Кеңес ең өкілетті орган болып шыға келді. Содан, Жоғары Кеңес депутаттары Конституцияны, президент, министрлерді, олардың орынбасарларын сайлайтын құзырға ие болды. Билік қолдарына тиіп, депутаттардың дәуірлеп тұрған кезі. Осының салдарынан, көптеген қиындықтар туа бастады. Мәселен, бip министрді сайлау үшін әр депутат сан жаққа жүгіртіп, әркім өз кандидатурасын ұсынып, бip мәмлеге келе алмай айтысып жататын­ды. Әйтеуір, бұл жағдай ұзаққа созылмады.

26-билет

  1. Маусымдық көші – қон.

  2. Қазақстанда Азиялық ойындар өтуінің маңызын анықтаңыз.

  3. «Ежелгі адамдардың тұрақтары» бойынша кестені толтырыңыз.

Тұрақтар

Орналасқан жері

Ерекшеліктері

Қанай

Шығ. Қазақстандағы Ертiс өзені бойында

Мүжілуі, жасалу техникасы және бітімдері жағынан бұл құралдар үш топқа бөлінеді. Ең ежелгі топқа жататын құралдарға мейлінше таттанып, мүжілген, үшкіл де көлемді тас жаңқасынан істелінген, соғар шеті барынша түзетілген үшкіртастар, дөңгелек өзектас және долбарлап түзетілен үшкіл тас жаңқалары жатады. Осындай тас жаңқалардың бірі қарьердің қабырғасын тазартанда 5 м тереңдіктен табылды; мұның өзі бұл топтың тым ерте кезге жататынын көрсетеді.

Семізбұғы

Сарысу өзені өңiрi мен Солтүстік Балқаш өңiрi

Ашель дәуірінің соңына таман нуклеустерді өңделулері өте сапалы Левалуа әдісі (Тас құралдарын өңдеу әдісі) пайда болды. Ашель дәуірі адамдарының тұрақтары аңшылардың мекен жайлары болып есептеледі. Сол кездің өзінде шаруашылықтың түрлеріне қарай тұрақтардың қысқа мерзімге арналған аңшылық және кремний өндіретін шеберханалар сияқты, түрлері пайда болды.Жүзі түзу, кейде қайқы тас пышақтар табылды

Батпақ тұрағы

Онда мамонт фаунасына жататын сүт қоректілердің сүйектері табылған. Заттардың ішінен үш бұрышты және трапеция тәрізді жасалған әрі жан-жағынан жарылып алынған екі ірі тас тілігі ерекше көзге түседі

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]