- •1 Билет
- •1)Ж. Баласағұни-ғұлама ақын.
- •2)Хіү ғасырдағы Қазақстанның экономикалық жағдайы.
- •3)Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ кеңес әдебиеті мен өнерінің дамуына үлес қосқан тұлғаларды кесте бойынша толтырыңыз.
- •1)Ж. Баласағұни-ғұлама ақын.
- •3)Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ кеңес әдебиеті мен өнерінің дамуына үлес қосқан тұлғаларды кесте бойынша толтырыңыз.
- •2 Билет
- •1)Хү ғасырдығы Қазақстан экономикасының жағдайы
- •2)Нұралы мен Абылай хандардың ел басқару саясатын салыстыр.
- •3)Оғыздардың саяси жағдайы туралы кестені толтырыңыз.
- •3)Оғыздардың саяси жағдайы туралы кестені толтырыңыз.
- •Ііі билет
- •1)Көшпелілердің «аң стиліндегі» өнері.
- •2)Қожа Ахмет Йасауидің түркі әлемінде алатын орны
- •3)Қимақтардың саяси жағдайы туралы кесені толтырыңыз.
- •Іү билет
- •1)Өтеміс қажының «Шыңғыснама» еңбегі
- •2)Алтын Орданың мемлекеттік құрылымы ерекшеліктерін сипатта
- •3)Қимақ мемлекетінің құрылуының себептерін анықтап, кестені толтырыңыз
- •3)Қимақ мемлекетінің құрылуының себептерін анықтап, кестені толтырыңыз
- •Ү билет
- •1) Әл Фарабидің білім салаларын дамытуға қосқан үлесі
- •2)«Отарлау» ұғымына Қазақстанды Ресейлік отарлаудың ерекшеліктері қандай болғандыына талдау жасаңыз
- •2)«Отарлау» ұғымына Қазақстанды Ресейлік отарлаудың ерекшеліктері қандай болғандыына талдау жасаңыз
- •3)Қарахан мемлекеті қағандарының жүргізген саясатын кесте бойынша толтырыңыз
- •6 Билет
- •1)Әбу Райхан әл Бируни энциклопедист, ғалым
- •2)1960-1980 Жылдарындағы Қазақстанның экономикалық жағдайы.
- •Жауаптары:
- •1)Әбу Райхан әл Бируни энциклопидист, ғалым
- •3)Найман мемлекеті билеушілерінің жүргізген саясатын кесте бойынша толтырыңыз
- •Үіі билет
- •1)Сақтардың мәдениеті.
- •2)2050 Қазақстан стратегиясының басым бағыттарын анықтап, сипаттап беріңіз.
- •3)Қола дәуірі кезіндегі жартастардағы суреттер табылған аумақтарды карта бойынша белгіле.
- •Үііі билет
- •3)Қарақытай мемлекетінің саяси жағдайы туралы кестені толтырыңыз.
- •Іх билет
- •1)Оңтүстік Қазақстан Ұлы Жібек жолының Батысқа шығатын басты қақпасы.
- •2)1990 Жылдары Қазақстандағы жекешелендіру үрдісі және оның әлеуметтік салдары
- •3)Х хіі ғасырлардағы архитектуралық құрылыс жүйелерін кесте бойынша толтырыңыз.
- •2)Қазақстанның әлемдік бірлестіктеріне кіру мақсаты және оның маңызына сипаттама жасаңыз.(бұұ, Әлемдік Банк,хвф, юнеско)
- •3)Монғол империясының қоғамдық құрылыс жүйесін кесте бойынша толтырыңыз және оның маңызын түсіндіріңіз.
- •3. Моңғол империясының қоғамдық құрылысы.
- •3)Монғол шапқыншылығына қатысты оқиғаларды кесте бойынша толтырыңыз.
- •1)Қыпшақтардың этникалық құрамына түсінік беріңіз.
- •1)Ботай мәдениеті және Беғазы-Дәндібай мәдениетінің ерекшеліктері.
- •2)Шанхай ынтымақтастық ұйымына Қазақстанның кіруінің тарихи маңызына талдау жасаңыз.
- •3)Алтын Орда билеушілерінің жүргізген саясатын кесте бойынша толтырыңыз.
- •1)«Түгіскен» кесенесі(ескерткіші) мен «Беғазы-Дәндібай» ескерткіштері.
- •2)Қазақ кср-ның мемлекеттік егемендігі жөніндегі декларация мазмұнын және маңызын ашып көрсетіңіз.
- •1.«Түгіскен» кесенесі(ескерткіші) мен «Беғазы-Дәндібай» ескерткіштері
- •3)Алтын Орда билеушілерінің жүргізген саясатын кесте бойынша толтыру
- •2)Қазақстанда нарықтық экономикаға көшу барысындағы жетістіктер мен қиыншылықтарын сипаттаңыз.
- •2. Қазақстан экономикасының соғыс жағдайына (1941-1945 жж.) бейімделуі.
- •1. Сұлу қағанның тарихта алатын орны мен рөлі
- •2. Ксро-ның ыдырауы. Қр-ның мемлекеттік тәуелсіздігінің жариялануының тарихи маңызы.
- •1. Әбілғазы шежірелерінің тарихи маңызы
- •2.Е.Бекмахановтың тарих ғылымын дамытудағы үлесіне баға беріңіз.
- •3. Терминдердің мағынасын кесте бойынша толтырыңыз.
- •2.Е.Бекмахановтың тарих ғылымын дамытудағы үлесіне баға беріңіз.
- •3.Терминдердің мағынасын кесте бойынша толтырыңыз
- •Қазақ халқының хvі – хvіі ғғ. Шаруашылығы.
- •2.Алаш қозғалысы қайраткерлерінің ресми ақталуы және оның тарихи маңызы.
- •Маусымдық көші – қон.
- •2.Тәуелсіз Қазақстанның олимпиадалық спорттағы жетістіктері.
- •2.Қазақстанда Ислам ынтымақтастығы ұйымы конференциясының өтуі және оның тарихи маңызы.
- •2. Қазақстанда 1920- 1940жж. Жоғарғы оқу орындарының ашылуы мен білім беру жүйесінің қалыптасуы және дамуы.
2.Е.Бекмахановтың тарих ғылымын дамытудағы үлесіне баға беріңіз.
1937 жылы Ресейдің Воронеж қаласындағы педагогикалық институтын бітіргеннен кейін Қазақ КСР халық ағарту комиссариатының жанындағы ғылыми зерттеу институтында еңбек еткен. Отан соғысы жылдарында Республиканың халық ағарту комиссариатының басқарма бастығы болған. Сонымен қатар Алматының жоғарғы оқу орындарында ұстаздық қызмет атқарған.
1946-1947 жылдарда Қазақ КСР Ғылым академиясында жаңадан құрылған Тарих, археология және этнография институты директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, 1947 жылдан бастап, өмірінің соңына дейін, ягни 1966 жылғы мамырдың алтысына дейін Қазақ мемлекеттік университетінде өзі ұйымдастырған Қазақстан тарихы кафедрасын басқарды.
Е.Бекмахановтың ғылыми мұрасы оның тақырыптарының алуан түрлі болуымен, тарихи мәселелерді кең қамтуымен және оларды байыпты шешуімен ерекшеленді. Оның еңбегінің бастысы 1947 жылы Алматыда орыс тілінде жарық көрген "XIX ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан" атты монографиясы болды. Осы тақырыпта 1946 жылы Мәскеуде тарих мамандығы бойынша докторлық диссертация қорғаған.
Асыра сілтеу, бурмалау жөне күдікшілдік бел алған осы тұста бұл еңбекке пікір айтушылардың кейбіреулері оны Кенесары Қасымұлы бастаған қозғалыстың тарихын ақтау тұрғысынан көрсеткен еңбек деп бағалап, оны буржуазияшыл-ұлтшыл идеологияны дөріптеуші деген саяси кінәға ұшыратты. Е.Бекмаханов еңбегіне байланысты пікірталастар 1947 жылдың екінші жартысында күшейе түсті. Ермахан Бекмаханов бірақ айтқанынан қайтпады. Халқы үшін жан аямай күрескен Кенесары Қасымовтың батыр екенін дәлелдеген, оның кітабын да, өзін де қызыл империя аямай жазалады. 1947- 1950 жылдарда Е.Бекмахановтың күйі өте ауыр болды, күн өткен сайын оған тиген моральдық соққының салмағы арта берді. Ермұхан Бекмахановты қаралау кампаниясы Тілеуқажы Жанайұлы Шойынбаев, Хадиша Гилимқызы Айдарова және А.Ф. Якунинің қол қойған КСРО-ның басты газеті - "Правда" газетіндегі 1951 мақаладан басталады. 1951 жылы университеттеғі жұмысынан қуылып, партия қатарынан шығарылды.
Сот 1952 жылдың 2 желтоқсанында болды. Онда: «…айыпталушы Бекмаханов өзінің тарих ғылымы саласындағы ғылыми қызметкер жағдайын пайдаланып 1942-1951 жылдардың өне бойында өз жұмыстарында тарихи фактілерді өңін айналдырып бұрмалаған, сөйлеген сөздерінде буржуазиялық-ұлтшылдық идеологияны насихаттаған, феодалдық-байлық құрылыс пен оның орыс халқына қарсы күресуші һәм Қазақстанда орта ғасырлық тәртіптерді сақтап қалуға ұмтылушы кертартпа хандары мен сұлтандарын мадақтаған. Ол өзінің буржуазиялық-ұлтшылдық көзқарастарын негіздеу үшін кертартпа ақындардың, сондай-ақ Кеңес өкіметіне қарсы күрескен халық жаулары – алашордашылардың шығармаларын пайдаланды. Нақ осы ұлтшылдық идеологияны таныстарының арасында да жүргізді», – деп жазылып, сот тергеуі осыларды анықтағанын және айыпталушы Бекмахановтың мойнына қойылғанын айтады»
Жоғарыдағы айыптау негізінде 1952 жылы 2 желтоқсан күні Қазақ КСР Жоғарғы Сотының Қылмысты істер жөніндегі коллегиясының үкімімен Е. Бекмаханов 25 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылып, ГУЛАГ-тың алыстағы лагерінің біріне айдалды.
Ол кісінің лагерьден тиісті органдарға жазған көптеген арыздарының нәтижесінде, академик, қоғам қайраткері Анна Михайловна Панкратова сияқты қайырымды адамдардың көмегінің арқасында Берия атылғаннан кейін Е. Бекмахановтың ісі қайта қаралып, 1954 жылы 16 ақпанда оның ісі жабылып, өзі ақталып шықты.
ГУЛАГ-тың лагеріндегі адам төзгісіз азапты күндерді басынан кешкеніне қарамастан, қайсар ғалым, артына халықтың игілігіне айналған мол ғылыми мұраларын қалдырды. Өзі ұсталып кеткенге дейін бастап қойған "Қазақстанның Ресейге қосылуы" атты еңбегін аяқтау ісімен айналысты. Бұл еңбегі А.М.Панкратованың бага жетпес көмегінің арқасында Мәскеудегі "Наука" баспасынан 30 баспа табақ көлемінде 1957 жылы жарық көрді.
Е.Бекмаханов өзінің жемісті еңбегіне сай ғылым мен қоғамдағы орнын қайтадан алды. Оған университеттегі өзі ұйымдастырған кафедрасы қайтарылып берілді. 1964 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясының мүше-корреспонденті болып сайланды. Өмірінің соңғы он жылында өнімді еңбек етіп, терең мазмұнды ғылыми шығармалар жазды, орта мектептер үшін Қазақ КСР тарихының оқулығын жазды. Бірнеше жас ғалымдарды даярлауда ат салысты. Шәкірттері бүгінде Республика Ғылым академиясының мүшесі, ғылым докторы, профессор дәрежелеріне жетіп, ұстаздарының ғылыми өмірін жалғастыруда.
Қазақстан төуелсіздік алғаннан кейін Е. Бекмахановтың басты еңбегі — "XIX ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан" ақталып, орыс жөне қазақ тілдеріндегі нұсқалары "Қазақ университеті" (қазіргі "Санат") баспасынан жарық көрді.
Ермахан Бекмаханов жөнінде Халық қаһарманы, академик Шапық Шөкин былайша еске алған: "Ұлтымыздың аса көрнекті тарихшысы Ермахан Бекмаханов уақыт бедеріне бағынбаған, шыншыл ғалым болатын. Ол докторлығын екі рет қорғады. Еңбегінің нашарлығынан емес, тыйым салынған Кенесары тақырыбына жазылғандықтан. 1947 жылы Қазан төңкерісінің 30 жылдығына байланысты Одақтық Академия бойынша үлкен салтанатты кеңес өтуі керек болатын. КСРО ғылым академиясының басшысы Вавилов Сәтбаевқа телефон соғып, Қазақстан тарапынан баяндама жасайтын адамды айтуды сұрайды. Қаныш Бекмахановты ұсынады. Жиналыста қағазсыз сөйлеген жас баяндамашыға ғалымдар таң-тамаша болады"
