- •1 Билет
- •1)Ж. Баласағұни-ғұлама ақын.
- •2)Хіү ғасырдағы Қазақстанның экономикалық жағдайы.
- •3)Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ кеңес әдебиеті мен өнерінің дамуына үлес қосқан тұлғаларды кесте бойынша толтырыңыз.
- •1)Ж. Баласағұни-ғұлама ақын.
- •3)Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ кеңес әдебиеті мен өнерінің дамуына үлес қосқан тұлғаларды кесте бойынша толтырыңыз.
- •2 Билет
- •1)Хү ғасырдығы Қазақстан экономикасының жағдайы
- •2)Нұралы мен Абылай хандардың ел басқару саясатын салыстыр.
- •3)Оғыздардың саяси жағдайы туралы кестені толтырыңыз.
- •3)Оғыздардың саяси жағдайы туралы кестені толтырыңыз.
- •Ііі билет
- •1)Көшпелілердің «аң стиліндегі» өнері.
- •2)Қожа Ахмет Йасауидің түркі әлемінде алатын орны
- •3)Қимақтардың саяси жағдайы туралы кесені толтырыңыз.
- •Іү билет
- •1)Өтеміс қажының «Шыңғыснама» еңбегі
- •2)Алтын Орданың мемлекеттік құрылымы ерекшеліктерін сипатта
- •3)Қимақ мемлекетінің құрылуының себептерін анықтап, кестені толтырыңыз
- •3)Қимақ мемлекетінің құрылуының себептерін анықтап, кестені толтырыңыз
- •Ү билет
- •1) Әл Фарабидің білім салаларын дамытуға қосқан үлесі
- •2)«Отарлау» ұғымына Қазақстанды Ресейлік отарлаудың ерекшеліктері қандай болғандыына талдау жасаңыз
- •2)«Отарлау» ұғымына Қазақстанды Ресейлік отарлаудың ерекшеліктері қандай болғандыына талдау жасаңыз
- •3)Қарахан мемлекеті қағандарының жүргізген саясатын кесте бойынша толтырыңыз
- •6 Билет
- •1)Әбу Райхан әл Бируни энциклопедист, ғалым
- •2)1960-1980 Жылдарындағы Қазақстанның экономикалық жағдайы.
- •Жауаптары:
- •1)Әбу Райхан әл Бируни энциклопидист, ғалым
- •3)Найман мемлекеті билеушілерінің жүргізген саясатын кесте бойынша толтырыңыз
- •Үіі билет
- •1)Сақтардың мәдениеті.
- •2)2050 Қазақстан стратегиясының басым бағыттарын анықтап, сипаттап беріңіз.
- •3)Қола дәуірі кезіндегі жартастардағы суреттер табылған аумақтарды карта бойынша белгіле.
- •Үііі билет
- •3)Қарақытай мемлекетінің саяси жағдайы туралы кестені толтырыңыз.
- •Іх билет
- •1)Оңтүстік Қазақстан Ұлы Жібек жолының Батысқа шығатын басты қақпасы.
- •2)1990 Жылдары Қазақстандағы жекешелендіру үрдісі және оның әлеуметтік салдары
- •3)Х хіі ғасырлардағы архитектуралық құрылыс жүйелерін кесте бойынша толтырыңыз.
- •2)Қазақстанның әлемдік бірлестіктеріне кіру мақсаты және оның маңызына сипаттама жасаңыз.(бұұ, Әлемдік Банк,хвф, юнеско)
- •3)Монғол империясының қоғамдық құрылыс жүйесін кесте бойынша толтырыңыз және оның маңызын түсіндіріңіз.
- •3. Моңғол империясының қоғамдық құрылысы.
- •3)Монғол шапқыншылығына қатысты оқиғаларды кесте бойынша толтырыңыз.
- •1)Қыпшақтардың этникалық құрамына түсінік беріңіз.
- •1)Ботай мәдениеті және Беғазы-Дәндібай мәдениетінің ерекшеліктері.
- •2)Шанхай ынтымақтастық ұйымына Қазақстанның кіруінің тарихи маңызына талдау жасаңыз.
- •3)Алтын Орда билеушілерінің жүргізген саясатын кесте бойынша толтырыңыз.
- •1)«Түгіскен» кесенесі(ескерткіші) мен «Беғазы-Дәндібай» ескерткіштері.
- •2)Қазақ кср-ның мемлекеттік егемендігі жөніндегі декларация мазмұнын және маңызын ашып көрсетіңіз.
- •1.«Түгіскен» кесенесі(ескерткіші) мен «Беғазы-Дәндібай» ескерткіштері
- •3)Алтын Орда билеушілерінің жүргізген саясатын кесте бойынша толтыру
- •2)Қазақстанда нарықтық экономикаға көшу барысындағы жетістіктер мен қиыншылықтарын сипаттаңыз.
- •2. Қазақстан экономикасының соғыс жағдайына (1941-1945 жж.) бейімделуі.
- •1. Сұлу қағанның тарихта алатын орны мен рөлі
- •2. Ксро-ның ыдырауы. Қр-ның мемлекеттік тәуелсіздігінің жариялануының тарихи маңызы.
- •1. Әбілғазы шежірелерінің тарихи маңызы
- •2.Е.Бекмахановтың тарих ғылымын дамытудағы үлесіне баға беріңіз.
- •3. Терминдердің мағынасын кесте бойынша толтырыңыз.
- •2.Е.Бекмахановтың тарих ғылымын дамытудағы үлесіне баға беріңіз.
- •3.Терминдердің мағынасын кесте бойынша толтырыңыз
- •Қазақ халқының хvі – хvіі ғғ. Шаруашылығы.
- •2.Алаш қозғалысы қайраткерлерінің ресми ақталуы және оның тарихи маңызы.
- •Маусымдық көші – қон.
- •2.Тәуелсіз Қазақстанның олимпиадалық спорттағы жетістіктері.
- •2.Қазақстанда Ислам ынтымақтастығы ұйымы конференциясының өтуі және оның тарихи маңызы.
- •2. Қазақстанда 1920- 1940жж. Жоғарғы оқу орындарының ашылуы мен білім беру жүйесінің қалыптасуы және дамуы.
1. Әбілғазы шежірелерінің тарихи маңызы
2.Е.Бекмахановтың тарих ғылымын дамытудағы үлесіне баға беріңіз.
3. Терминдердің мағынасын кесте бойынша толтырыңыз.
1. Әбілғазы жазған “Шежіре-и Тарахима” (“Түрікмен шежіресі”, 1661 жылы) және “Шежіре-и Түрк” (“Түрік шежіресі”, 1665 ) атты тарихи екі шығарма шығыстануда, оның ішінде түркітану мен қазақтануда кеңінен танымал болды. “Шежіре-и түрк” ғыл. ортаға 18 ғасырдың бас кезінде мәлім болды. Кітаптың қолжазбасын Ресейде тұтқында жүрген швед офицерлері Тобыл тауып, оны Бұхар ахунына орысша аудартқан. Көп өзгерістерге ұшырамай, қазіргі қазақ тіліне өте ұқсас таза көне түрік тілінде жазылған қолжазба алғаш рет француз (1726), орыс (1770, 1780) және неміс (1780) тілдерінде кітап болып шықты. 1825 жылы шежіренің араб әрпімен жазылған түпнұсқасы граф Н.И.Румянцевтің араласуымен Қазанда басылып шыққаннан кейін ғана ғыл. айналымға қосылды. Академик Х. Френ бұл басылымды “шығыстану ғылымының даңқын шығаратын үлкен іс” деп бағалады. 1854 жылы И.Н.Березин “Шығыс тарихшылары кітапханасының” 3томына Г.С.Саблуков жасаған орысша аударманы кіргізді. Жоғарыдағы нұсқасы мен Даль коллекциясынан Азия музейіне түскен жаңа қолжазбаны пайдаланып, П.И.Демезон оның салыстырмалы нұсқасын екі кітап етіп бастырып шығарды (1871 — 1874). Бұл шығарма — Шыңғыс ханнан бұрынғы және одан кейінгі дәуірлерде Орта Азия, Қазақстан, Таяу Шығыс елдерінде болған оқиғалар мен сол тұстағы ел басқарған хандар жүргізген саясат туралы жылнама. Еңбекте қазақ халқын құраған рулар мен тайпалардың көне тарихы, тұрмыс тіршілігі мен мәдениеті жайлы құнды деректер келтірілген. Әбілғазы ханның “Түрік шежіресі” — тарихи-деректік, әдеби және тілдік жағынан өзге шежіре еңбектерден шоқтығы биік тұратын шығарма.
XVII ғасырдағы түркі жазба ескерткіштерінің ішінен Әбілғазы Баһадүрханның «Түркі шежіресі» кітабының алатын орны ерекше. Оның себебі, біріншіден, кітап авторының өз заманының білімді, жан-жақты (тарихшы, ақын, полиглот, жауынгер т.б.) адам болуында болса, екіншіден, оның шығармасының тарихи, әдеби тілдік жақтарының аса құндылығында. Оның дәлелін Әбілғазының өзі келтірген мына сөздерінен көруге болады. Ол өз кітабының кіріспесінде былай дейді: «Құдай тағала мырзалық қылып, маған біраз нәрсе берген, мен, әсіресе, үш түрлі өнерді жете меңгердім. Біріншісі – әскери өнер, яғни әскерді басқару, оның тәртібі. Екіншісі – ақындық өнер, яғни түрлі өлең құрылысын сақтай отырып, түрік тілінде қасида, ғазал, рубаят тәрізді өлең шығара алу, араб, парсы, түрік сөздерінің мағынасын жетік білу. Үшіншісі – бұрын Арабстан, Иран, Тұранды билеген патшалардың өмірі мен мемлекеттік маңызды істерін, оларда болған ірілі-уақты оқиғаларды жатқа білу». Әбілғазы Баһадүрдің «Түрік шежіресі» атты кітабы ғылым дүниесіне XVIII ғасырдың бас кезінде мәлім болады. Кітаптың қолжазбасын Ресейде тұтқында жүрген швед офицерлері Тобыл қаласынан кездестіріп, оны орысша аудартады. Одан швед Шенстрем неміс тіліне аударады, ол аударма кешігіп, 1780 жылы ғана басылып шығады. «Шежіренің» баспа бетін көруі оны жан-жақты зерттеуге кең жол ашады. Академик Х.Френ бұл басылымды «Шығыстану ғылымының даңқын шығаратын үлкен іс» деп бағалаған, Оның ойынша, бұл басылым Ресей мұсылмандарына өз ата-бабаларының тарихын білуге көмектесіп қана қоймайды, олардың жалпы тарих ғылымына деген көзқарасын оятады. «Шежіренің» ғылым үшін, оның ішінде тарих, этнография және тіл ғылымдары үшін маңызы мен оның кейбір тіл ерекшелігі бұл еңбектің алғашқы аудармашысы Г.С.Саблуковтың кіріспе мақаласында сөз болады. Бұдан кейінгі Әбілғазы және оның шығармалары туралы толық мәлімет беретін зерттеу – А.Н.Каноновтың 1958 жылы жарық көрген «Родословная туркмен» атты монографиясы. Әрине, бұл еңбек, атына сай, «Түрікмен шежіресіне», оның тілдік ерекшеліктеріне арналған. Автор мұнда шығарманың 7 көшірмесінің негізінде оның сыни мәтінін құрастырып, орысша аудармасын және грамматикалық очеркін береді. Бұл еңбек көркем шығарма емес. Дегенмен «Шежіренің» кей тұстарында, әсіресе белгілі халықтардың өмір тіршілігі мен тарихи тұлғалардың мінез-құлқы, істеген жақсылы-жаманды істері туралы сөз болғанда, аңыз-әпсаналар, небір бейнелі сөз тіркестері мен мақал-мәтелдер жиі бой көрсетіп отырады.
