Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
V Нұсқа 30 билет.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
655.36 Кб
Скачать

1. Сұлу қағанның тарихта алатын орны мен рөлі

Сұлу Түргеш қағанатындағы қара түргештерден шыққан әскер басы болатын. 710 жылы Сақал қаған шығыс түріктерге тұтқынға түскеннен кейін, түргештер арасында билік үшін күрес өрбиді. 715 жылы Сұлу қаған қарсыластарын жеңіп, билікке келеді. Қолбасшы, әрі саясаткер Сұлу қаған 716 – 719 жылы Қытаймен достық қатынас орнатады. Император Сұлу қағанның билігін мойындайды. 720 – 738 жылы Сұлу қаған мемлекеттің бар күшін Орта Азияға ене бастаған арабтарға қарсы бағыттайды. Сұлу қағанның олжа бөлісуде енгізген өзгерістері оның беделін ұлғайтты және бүкіл түргештердің қолдауына ие болғызады. Сұлу қаған шығыс түріктермен, тибеттіктермен де қатынас орнатады. Өз кезегінде араб халифы Хишам да (721 – 743) Сұлу қағанға елшілік жіберіп, оған ислам дінін қабылдауды ұсынады. Бірақ Сұлу қаған бұл ұсыныстан бас тартып, Орта Азияда арабтарға қарсы күресін жалғастырады. 724 жылы Соғдылықтардың арабтарға қарсы көтерілісіне Сұлу қаған әскери көмек береді. 8 ғасырдың 30-шы жылдары түргештер мен қытайлар арасы суынып, Сұлу қаған тибеттіктермен одақтасып Қуша қаласын қоршайды. Отырықшы өңірлерді тонап кейін оралады. Осылайша 8 ғасырдың 30-шы жылдары Сұлу қағанға шығыста – қытайлармен, батыста – арабтармен бірдей соғыс жүргізуге тура келеді. 738 жылы Сұлу қаған өз ордасында қастандықпен өлтіріледі. Сұлу қағаннан соң Түргеш қағанатындағы сары және қара түргештер арасындағы күрес қайта басталып кетеді.

2. Ксро-ның ыдырауы. Қр-ның мемлекеттік тәуелсіздігінің жариялануының тарихи маңызы.

КСРО ның ыдырауы және ТМД ның құрылуы. 1991 жылдың желтоқсаны ірі оқиғаларға толы болды.Олардың ең бастысы КСРОның ыдырауы.Желтоқсанның 8 күні Минскіде бас қосқан үш славян мемлекетінің басшылары өзара келісіп,1922 жылғы КСРОны құру туралы шарттың өз күшін жойғаны туралы жариялады. (Беловеж келісімі). Талқыланған негізгі мәселелердің тағы бірі келісімшартты жою, Тәуелсіз Мемлекеттер Достығын құру. Бас қосуда осы мәселелер туралы қағаздарға қол қойылды. Бұл кездесуге Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев та, басқа Ортаазиялық республикалардың басшылары да шақырылмады. Осылайша дүниежүзіндегі аса ірі отаршыл империялардың соңғысы Кеңес Одағы құлады. Соның нәтижесінде Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Грузия, Латвия, Литва, Молдава, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Украина, Эстония мемлекеттері ғасырлар бойы аңсаған бостандыққа қол жеткізді. 1991 жылы 13 желтоқсанда Қазақстан, Өзбекстан, Қыргызстан, Туркіменстан, Тәжікстан басшылары Ашхабадта бас қосты. Орта Азия мемлекеттерінің басшылары Минск (Беловеж келесімі) шешімін қолдайтындықтарын білдірді. 1991 жылы 20 желтоқсанда Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Туркіменстан, РСФСР, Украина, Белорусь, Армения, Молдова Алматыда бас қосты. Оған Грузия бақылаушы есебінде ғана қатысты. 1991 жылы 21 желтоқсанда аталған 11 республиканың басшылары КСРО-ны ыдыратып, ТМД-ны құру туралы келісімге қол қойды. Алматы кездесуі кезінде келісілген мәселелердің аса бір маңыздысы ядролық қаруға қатысты бірлескен шара жөніндегі келіссөз еді. Оған қолдарында ядролық қарауы бар мемлекет есебінде Белорусь, Казақстан, Россия Федерациясы және Украина республикаларының басшылары қол қойды. Мемлекеттер келісімі бойынша-қатысушылар ядролық мәселе жөніндегі саясатты бірлесе жасап, Тәуелсіз Елдер Достығына енетін барлық республиқалардың ұжымдық қаупсіздігін қамтамасыз етуге тиісті болды.

1990 жыл, 25 қазан – «Қазақ ССР-нің Мемлекеттік егемендігі туралы» Декларация қабылдандыДекларация республика егемендігін заң жүзінде бекітудің бастамасы болды. Онда, республиканың тең құқылы шарт негізінде, егеменді республикалар одағына кіру ойынан басқа, алғаш рет ҚазССР-інің егемендік құқығы жағдайы үшін принципиалды мемлекеттік-құқықтық нормалар бекітілді. Олар:Одақтың шешуіне берілген мәселелерді қоспағанда, ҚазССР территориясында Республика Конституциясы мен заңдарының үстемдігі туралы;Одақтық Жоғары органдардың ҚазССР-і Конституциясы мен егеменділік құқықтарын бұзатын заңдарының және басқа да актілердің өз территориясында күшін жою құқы;ҚазССР-інің егемендігінің негізін құрайтын өзіндік меншігі, жер және оның қойнауы, су, ауа кеңістігі, өсімдік және жан-жануарлар әлемі, басқа да табиғи ресурстар, халықтың мәдени және тарихи қазыналары, оның территориясындағы барлық ұлттық байлықтар – экономикалық және ғылыми-техникалық әулеті туралы:Республиканың қосқан үлесіне сай жалпы Одақтық мүліктен өз үлесіне құқы, соның ішінде алмаз, валюта қоры және алтын қорындағы үлесіне, халықаралық қатынастардың субьектісі болу, өз мүддесіне сай сыртқы саясатын анықтау туралы.Сонымен қатар, Декларация алғаш рет билікті бөлу принципін паш етті. Декларацияға сай, заң шығару билігі Жоғары Кеңеске берілді. Президент Республика басшысы болып, жоғары атқарушы билікті иеленді. Ал, сот билігі Жоғары Сотқа берілді. Мемлекеттің әлеументтік негізін анықтауда таптық тұрғыдан қараудан бас тартты. Ресублика территориясында ядорлық қаруды сынауды жүргізуге, қырып-жою қаруларының барлық түрі үшін сынақ полигондарының құрлысы мен қызметіне тиым салды.Қазақстан қоғамының республикадағы демократиялық, құқықтық, әлеументтік – экономикалық және мәдени қайта жаңарулары туралы негізгі идеяларды қамтыған Декларациядан жаңа Конституциясын жасау басталды. 1991 жыл, 1 желтоқсан – Қазақстан тарихында тұңғыш рет бүкілхалықтық Президент сайлауы өтті.Қазақстан Республикасы тарихында халық алғаш рет саналы түрде өзінің тағдырын сеніп тапсырып, өз басшысын сайлады. Дауыс беруге құқылы 9 млн 960 мың азаматтың 88,42 пайызы сайлау уческілеріне келіп, сайлауға қатысты. Олардың 98,76 пайызы Президенттікке үміткер Нұрсұлтан Назарбаевты қолдап дауыс берді.10 желтоқсанда Республика сарайында Президенттің қызметке кірісуіне арналған ҚР Жоғары кеңесінің салтанатты мәжілісі өтті. Қадірлі ақсақалдар Д.Снегин, Қ.Қожамияров, Э.Айрих, Ы.Қожахметовтер Елбасына шапан жауып, қарт ақын Шәкір Әбенов бата берді.Осылайша Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бүкіл халық сайлаған алғашқы Қазақстан Республикасының Президенті мандатына ие болды. Бұл оқиға аталмыш тұлғаның әлеументтік ортада жоғары беделге ие екендігін аңғарты.Сайлау нәтижесі саяси-этникалық тұрғыдан республикамызда ұлтаралық татулықтың бекем екендігін көрсетті. Бүкілхалықтық бұл сайлау тәуелсіздік жолында қабырғасы қаланып келе жатқан мемлекеттің демократиялық бағытының айқан екендігін растады

3. «Ежелгі тарихи дәуірлер» туралы кестені толтырыңыз.

Б. з. б. 2 млн 500 жылдан Б. з. б. 3 мың жылдыққа дейін — Тас дәуірі Б. з. б. 2 млн 500 жылдан 45-35 мың жылға дейін — палеолит. Б. з. б. 2,6 млн жылдан — 100,000 жылға дейін — Төменгі палеолит дәуірі. Б. з. б. 300 — 30 мың жыл бұрын — Орта палеолит дәуірі. Б. з. б. 50 — 10 мың жыл бұрын Кейіңгі палеолит дәуірі. Б. з. б. 10-15 мың жыл бұрын — Мезолит дәуірі. Б. з. б. 15-3 мың жыл бұрын — Неолит дәуірі. Б. з. б. 3-2 мыңжылдықтар — Мыстас дәуірі. Б. з. б. 35 / 33 — 13/11ғасырлар — Қола дәуірі. Б. з. б. XV-XIII ғасырлар — Андронов мәдениетінің кезі. Б. з. б. VIII ғ. — Темір дәуірінің басы.

22-билет

1. Көне түркілердің жазба мәдениеті.

2. 1990 жылдары құрылған «Азат» азаматтық қозғалысының мақсат- міндеттері.

3. Қазақстандағы 1867-1868 жж.реформа бойынша кестені толтырыңыз.

1. Көне түркілердің жазба мәдениеті ----Түркі тілдері тарихындағы  ең алғашқы  жазу сыртқы нұсқасына  қарай  «руникалық» немесе табылған жеріне  қарай «Орхон-Енисей жазуы» деп аталатын жазу. Бұдан өзге көне түрік тайпалары соғды, ұйғыр, манихей, брахми, эстрангело, тохар  жазуларын  да  білген.

Руна бұл дыбыстық жазу, оның курсиві жоқ, жеке  таңбалар  бір-бірімен байланыспай жазылады. Фонетикалық жағынан  алғанда  руна жазуы түркі тайпаларының  тіліне   барынша бейімделген,   әрі оның дыбыстық ерекшелігін дәл  бере алады. Руна әліпбиінде,  аймақтық және хронологиялық  нұсқаларын ескере алғанда,  40-тан аса  таңба бар. Оқылуы  оңнан солға қарай.

Түркі  руна жазуының  таралу аймағы – Сібірдегі Енисей, Лена өзендері  аңғарлары, Монғолиядағы Орхон, Онгин, Селенга өзендерінің  алқабы, Орта Азия мен  Қазақстандағы  Талас пен Сыр бойы, Ертіс пен Іле  қойнауы. Руна тектес жазуы  бар ескерткіштер  хазар мемлекетінің территориясы Еділ, Дон  өзендері  бойы және  Солтүстік  Кавказдан да  табылған.  Алайда  руна  жазуының бұл  батыстық  нұсқасы ірі  текстердің  табылмауынан сыры ашылмай, құпия  күйінде  қалып келеді.

Атақты «Күлтеін» (732ж.),  «Білге қаған» (735ж.) және «Тоныкөк» (716) жылдары тасқа  қашалып жазылған руникалық   ескерткіштер  ішіндегі ең  көлемдісі, әрі көне түріктердің  өздері   туралы  өздері  жазған  аса құнды,  бірегей  жәдігерліктер болып  табылады  Сыртқы пішіні пирамида секілді  Күлтегін ескерткішінің  биіктігі  3,15 м, ені 1,24м,  қалыңдығы 0,41м.  Күлтегін ескерткішінің негізгі  бетінде  40 жол жазу бар,  ол ескерткіштің сол жақ бетіндегі  13 жол  жазудың жалғасы болып есептеледі.  Туркологиялық әдебиеттерде ескерткіштегі  40 жол жазу үлкен жазу деп,  ал 13 жол жазу — кіші жазу деп аталады.   Кіші жазу үлкен жазу дың кіріспесі  іспетті. Күлтегін жырында түрік халқының  ата-бабалары туралы, елге  ерен   істерімен   белгілі болған, Елтеріс, Қапаған, Білге қағандар, және қолбасшы Күлтегін  жайлы,  түріктердің жорықтары туралы айтылады.. Жыр автор – Йолығ Тегін жырының басты идеясы  етіп халық бірлігін алған.  Ел бірлігі арқасында бастыларды  еңкейтіп,  тізелілерді бүктіргендіктерін жазған. Бүгінгі ұрпаққа  үлкен өнеге боларлық  бұл тарихи жәдігерлік,  өкінішке орай 1961ж. үстіне жай  түсіп,  күл-талқан болған.  Бұл күндері Күлтегін ескерткішінің  тек орны ғана сақталған.

Білге қағанға қойылған тас ескерткіштің  ұзындығы  3м 45см, ені 1м 74см  және қалыңдығы  72см. Сырт бейнесі, көркемдік нақышы  жағынан да, мазмұны жағынан да  Білге қаған және Күлтегін  ескерткіштері  бір-бірі мен ұқсас,  текст мазмұны  бір-бірін  қайталайды.  Тоныкөк ескерткіші   екі бағана  тасқа  бөлініп жазылған.  Біреуінің биіктігі  1м 70 см, оған  1—36 жол, екіншісінің биіктігі  1м 60 см, мұнда жырдың  жалғасы, яғни  37-62 жолдар орналасқан.

2."Азат"азаматтық қозғалысы -қоғамдық-саяси.ұйым.Құрылтай мәжілісі Алматыда 1990 ж. 1 шілдеде өтті. Басты мақсатын "Халықаралық Одақтық шартпен біріккен ерікті де тәуелсіз жаңа қоғамдастық шеңберінде Қазақстанның шынайы мемлекеттік егемендігіне қол жеткізу" деп белгіледі. Қозғалыстың 14 облыстықұйымы бар. 1990-1993 жж. аралығында "Азат" газеті шығып тұрды. "Азат" қозғалысы Қазақстанды қазақ халқын отаршылық пен тоталитаризм зардаптарынан арылту ушін қажетті заңдардың қабылдануы, олардың дұрыс орындалуы жөнінде халыққа үндеулер таратып, үкіметке ұсыныстар жасады, сепаратистік пиғылдағы ұйымдарға тойтарыс беру, адам құқықтарын қорғау және т.б. ұлт мүддесін көздеген мәселелерді батыл көтере білді.

1991 жылы қазанда Алматыда өткен «Азат» қозғалысының бірінші съезінде қозғалыс төрағасының бірінші орынбасары болып Жасарал Қуанышәлин сайланған. Ал кейін қозғалыстың негізін қалаушылардың бірі әрі төрағасы Михаил Исиналиев денсаулығына байланысты қызметтен кеткеннен кейін Жасарал Қуанышәлин 1994 жылы Қазақстан парламенті депутаты болып сайланғанға дейін қозғалыс жетекшісі міндетін атқарған. Қозғалыстың дүниеге келуіне не себеп болды?

Өткен ғасырдың 90-жылдарының соңында Совет одағы құрамындағы республикаларда тәуелсіздік – күн тәртібінде тұрған мәселе еді. Қайта құру, жариялылық, пікір алуандығы тәрізді жаңа өзгерістер бір партия билеп-төстеген алып мемлекет құрамындағы республикаларда ұлттық сана-сезімнің оянуына, рухтың қайта түлеуіне түрткі болып, қоғамдық-саяси белсенділікті жандандырды. Социалистік лагерьдегі көшбасшысы болып келген Совет Одағынан жүзін батысқа бұрып, өз даму жолын дербес айқындауға кіріскен Шығыс Еуропадағы елдердің ізімен Балтық бойындағы үш республика да толыққанды тәуелсіздікке қол жеткізуге ұмтылды.Әр ұлттың өзін-өзі басқаруы, өз жеріндегі байлығына өзі иелік етуі, ана тілі, төл тарихы, ділі, діні тәрізді осыған дейін жабық болып келген тақырыптар ашық талқыға түсіп жатқан өзгерістер кезінде «Азат» азаматтық қозғалысының құрылуы заңды еді. Өзгерістер лебі тәуелсіздік жолындағы сан күресте жеңіліс тауып, ғасырлар бойы империяның отарында болған, жері мен халқы түрлі экологиялық алапат апаттың зардабын тартқан, өзі игілігі өзіне бұйырмай, тарихы бұрмаланып, тілі құрып кетуге шақ қалған қазақтардың да үмітін оятты. «Азат» қозғалысы осы аталған ұлт құндылықтарымен бірге шынайы тәуелсіздікке қол жеткізуді мұрат етті. «Азат» құрылған сәтінен бастап қазақ ауылдарының жағдайы, елдегі демографиялық ахуал, қазақ тілінің мүшкіл халі мен қазақ тілінде оқытатын мектептер тапшылығы, экология проблемасы, жер және оның қойнауындағы қазба байлықтар игілігі республика халқына тиесілі болуы тәрізді қоғамда қордаланған өзекті мәселелерді көтерді. Жасыратыны жоқ, қозғалыс құрылған алғашқы жылы жоғарғы жақтың өкілдерімен қоян-қолтық жұмыс істегені шындық. Егемендік туралы декларация жобасын әзірлеп, Қазақстанның жаңартылған одақ құрамында қалуды жақтағаны да рас.Алайда 1991 жылғы ГКЧП оқиғасынан соң қазан айында өткен бірінші съезінен кейін «Азат» қозғалысы президент Нұрсұлтан Назарбаев басқаратын билікке оппозициялық бағытқа көшіп, Қазақстанның толық тәуелсіздігіне қол жеткізу мақсатын қойды. Сол жылдары «Азаттың» Алматыдағы наразылық акцияларына халық көп жиналатын. Бейресми («неформалы» - ред.) ұйымдар өкілдерімен толыққан «Азат» қозғалысы ұсынған мемлекеттік тәуелсіздік туралы идеяны қабылдағысы келмеген билік жұрттың ең соңында жалғыз қалып, тәуелсіздік декларациясын лажсыз жариялағаны да мәлім.

3. Қазақстандағы 1867-1868 жж.реформа бойынша кестені толтырыңыз.

Генерал- губернаторлықтар

Облыстар

Уездер

Орынбор(Орынбор)

Орал және Торғай

Орал-Орал,Атырау,Калмыков,Жем

Торғай-Елек,Қостанай,Торғай,Ырғыз

Батыс Сiбiр(Омбы)

Ақмола және Семей

Ақмола-Көкшетау,Омбы,Петропавл

Семей-Баянауыл,Көкпекті,Зайсан,Павлодар,Өскемен

Түркiстан(Ташкент)

Сырдария және Жетiсу

Сырдария-Қазалы,Перовск,Түркістан, Әулиеата,Шымкент, Ташкент,Ходжент,Жизақ

23-билет

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]