Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
V Нұсқа 30 билет.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
655.36 Кб
Скачать

3)Алтын Орда билеушілерінің жүргізген саясатын кесте бойынша толтыру

Билеушілер

Басқарған жылдары

Жүргізген саясаты

Тоқтыхан

(1290-1318)

Тоқтыханның кезінде Алтын Орданың саяси беделі өсті. Иран, Кавказ елдерімен сауда байланысын жандандырып, Египет мәмлүктерімен байланысын тығыз қатынаста болды

Өзбек

(1312-1342)

Өзбек ханның тұсында Алтын Ордада ислам мемлекеттік дін деп жарияланды. Ол Египет сұлтаныныа жазған хатында дінсіздердің азайғанын

хабарлады.Өзбек хан Сарай-Беркеде жаңа ғимараттар мен мешіт салдырып, қалалық мәдениетті дамытты.

Жәнібек

(1342-1357)

Жәнібек ханның тұсында Алтын Орданың гүлденген дәуірі болды.


14-билет

1)Қазақстандағы ежелгі, көне жазулар.

2)ТМД құрылуы және оны құрудағы Н.Ә.Назарбаевтың қызметіне талдау жасаңыз.

3)Ақ Орда билеушілерінің жүргізген саясатын кесте бойынша толтырыңыз.

Жауаптары:

1) Қазақстандағы ежелгі, көне жазулар.

Көне түрік жазуының қалыптасқан уақыты б.з.б. I мың жылдық ортасы. Оған басты дәлел Алматы, Повлодар облыстарының жеріндегі сақ обалардан табылған түрік тіліндегі жазулар. Ежелгі түрік әліпбиіндегі әріптер саны 35.Ерте орта ғасырларда жазу қарым қатынасы құралы болды. Оны батыс Түрік қағанаты мен Византия мемлекетінің арасындағы елшіліктер арасындағы хаттан белгілі.Көне түрік жазуы бүкіл халық игілігіне айналағн уақыт: VIII-IX ғасырлар аралығы. Ислам дінінің таралуына байланысты араб жазуының түрік бтлеушілері арасында тез қабылдануы түрік жазуын өмірде қолданыстан ығыстырды.Түрік жазуымен қатар елде соғды жазуы кең тарады. Бұл жазу қағанның сарайында маңызды рөл атқарды. Бұл жазуды қолданғандар , қағанның кеңесшісі, елшісі, есепшісі болды.Түрік жазба әдебиеті келге уақыт VIII ғасырда Көне түрік тілінде жазылған жәдегерлер саны 200 -астам. Түрік жазба әдебиетінің көне ескерткіштері:“Күлтегін , Тоныкөк Мұнда Түрік қағанатының құрылуы мен дәуірлеуі, ақырында құлауы туралы айтылады.

ТМД құрылуы және оны құрудағы Н.Ә.Назарбаевтың қызметіне талдау жасаңыз. КСРО тарағаннан кейін оның құрамында болып келген бұрынғы одақтық дәрежедегі кеңестік социалистік республикалардың көпшілігінің еркіндік тұрғыдағы негіздеген экономикалық одағы – ТМД деген атаумен белгілі болды.  ТМД жаңадан өмірге келген тәуелсіз мемлекеттердің саяси, экономикалық, әлеуметтік және ұлтаралық қатынастарда терең қарама-қайшылықтар орын алып, дағдарысқа ұшыраған, тұрғындарының барлық салаларда барынша күйзеліске ұшыраған жағдайында өмірге келді.

РКФСР, Беларусь және Украинаның басшылары 1991 жылдың желтоқсан айының басында Беларусь астанасы Минск қаласында бас қосты. Бұл республикалардың басшылары жүргізген келіссөзден соң 1922 жылғы КСРО-ны құру туралы келісмшарт күшін жойғанын мәлімдеді, ТМД құру жөніндегі келісімге қол қойды. 1991 жылы 13 желтоқсанда Ашхабатқа Қазақстан мен Орта Азия республикаларынң басшылары жиналы, Минскіде қабылданған шешімді қолдайтындықтарын хабарлады. 1991 жылы 20 желтоқсан күні ТМД төңірегіндегі бірқатар мәселелерді талқылау үшін Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, РКФСР, Тәжікстан, Түркіменстан мен Өзбекстан басшылары Алматыға жиналды. Оған Грузия бақылаушы ретінде қатысты. 1991 жылы 21 желтоқсан 11 сағат 30 минутта тәуелсіз мемлекеттердің басшылары Қазақсатан Президентінің резиденциясында жиналды. Сағат 15-ке қарай дайындалған құжаттарды талқылау аяқталды. Осы уақыттан бастап КСРО іс жүзінде өмір сүруін тоқтатты және құрамына кірген республикалар тең құқылы құрылтайшысы болып саналатын ТМД дүниеге келді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев ТМД өмірге келген кезден-ақ бұл ұйымның тиімділігін арттырып, оған мүше елдердің экономикалық өркендеуін қамтамасыз етудегі орнына жете маңыз берді. Осы мақсаттағы Достастықтың ішіндегі әр саладағы тығыз өзара бірлестіктің даму қажеттігін дәлелдеді. 3)Ақ Орда билеушілерінің жүргізген саясатын кесте бойынша толтырыңыз.

Билеушілер

Жүргізген саясаты

Ерзен хан

Ерзен ханның тұсында Ақ Орда Алтын Ордадан біржола бөліне бастады.

Ақ Ордада қалалық мәдениеті дами түседі. Отырар, Сауран, Баршынкент қалаларында мешіт, медіреселер салғызады.

Мүбәрак

Мүбәрак 1327-1328 жылдары өз атынан теңге соқтырды. Бұған Алтын Орда хандары қарсы болып, тәуелді етуге тырысты. Алтын Орданың хан Өзбектен жеңіліс тапқан Мүбәрак жеңіліске ұшырап қырғыздар мен Алтайға қарай кетуге мәжбүр болды.

Ұрыс

Алтын Ордадан мүлдем оқшауланды. 1368-1369 жылдары өз атынан Сығанақ қаласында теңге соқтырады. 1374-1375 жылдары Еділ бойына жорық жасап, Алтын Орданың астанасы Сарайды, Қажы-Тарханды басып алып, Кама бұлғарларын бағындырды.

Барақ

Сырдария бойындағы қалаларды қайтару үшін әрекеттер жасайды. Темірдің немересі Ұлықбекті жеңіп, көптеген қалаларды өзіне қайтарады.

15-билет

1)Ортағасырлық Қазақстандағы бейнелеу және мүсін өнері.

2)Қазақстанда нарықтық экономикаға көшу барысындағы жетістіктер мен қиыншылықтарын сипаттаңыз

3)«Үйсіндердің қоғамдық құрылымы»- кестені толтырыңыз.

Жауаптары:

1)Ортағасырлық Қазақстандағы бейнелеу және мүсін өнері.

Қостөбе қаласынан оюланған саз бұйымдар мо кездеседі. Отырар қаласының маңындағы Құйрықтөбе қаласын қазу кезінде ағаштың оймаштап өрнектелгені байқалады. Салтанат жиын өткізетін залдың арқалары мен төбе тақтайларында құдай суреттерін салғаны анықталды. Суреттер мифтік сюжетте салынған. Қазақ жеріндегі бейнелеу өнерінің бір көрінісі-ертедегі түріктердің жартасқа салған суреттері. Олар мазмұны жағынан екіге бөлінеді:

Салт аттылар қаумалап аң аулау, көшіп қону, жекпе жек көріністер, екіншісі тағы аңдардың бейнелері көп беріледі. Салт атты жауынгерлердің бейнесі- түрік қанатытарының әскери-саяси сипатын танытады. Олардың қолында ту бейнеленген. Тасқа қашалған жауынгерлер бейнесі олардың тартыс пен ерлікке толы ғасырлар тереңдігі өлмес рухын бейнелейді.

Көне түрік жазуында тас мүсіндер «блбл», орхан жазуында «балбық» деп аталады. Соңғы кезде «кемпіртас » немесе «таскеліншектер» аталып жүр.Балбал тастар қаза болған қолбасшы, атақты адамның басына қойылған. «Күлтегін » жазуының авторы Йолығ - тегін әкесі Білге қағанға ескерткіш орнатқанда «Әкем Қағанға балбық тіктім » деп жазған.

Жетісу аймағындағы қалалардан будда мүсіндері табылған.

Террокоталарда адамның бет-әлпеті, шашы және киімі бейнеленді. Олар көбінесе түріктер мен соғдылардікі болды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]