- •1 Билет
- •1)Ж. Баласағұни-ғұлама ақын.
- •2)Хіү ғасырдағы Қазақстанның экономикалық жағдайы.
- •3)Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ кеңес әдебиеті мен өнерінің дамуына үлес қосқан тұлғаларды кесте бойынша толтырыңыз.
- •1)Ж. Баласағұни-ғұлама ақын.
- •3)Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ кеңес әдебиеті мен өнерінің дамуына үлес қосқан тұлғаларды кесте бойынша толтырыңыз.
- •2 Билет
- •1)Хү ғасырдығы Қазақстан экономикасының жағдайы
- •2)Нұралы мен Абылай хандардың ел басқару саясатын салыстыр.
- •3)Оғыздардың саяси жағдайы туралы кестені толтырыңыз.
- •3)Оғыздардың саяси жағдайы туралы кестені толтырыңыз.
- •Ііі билет
- •1)Көшпелілердің «аң стиліндегі» өнері.
- •2)Қожа Ахмет Йасауидің түркі әлемінде алатын орны
- •3)Қимақтардың саяси жағдайы туралы кесені толтырыңыз.
- •Іү билет
- •1)Өтеміс қажының «Шыңғыснама» еңбегі
- •2)Алтын Орданың мемлекеттік құрылымы ерекшеліктерін сипатта
- •3)Қимақ мемлекетінің құрылуының себептерін анықтап, кестені толтырыңыз
- •3)Қимақ мемлекетінің құрылуының себептерін анықтап, кестені толтырыңыз
- •Ү билет
- •1) Әл Фарабидің білім салаларын дамытуға қосқан үлесі
- •2)«Отарлау» ұғымына Қазақстанды Ресейлік отарлаудың ерекшеліктері қандай болғандыына талдау жасаңыз
- •2)«Отарлау» ұғымына Қазақстанды Ресейлік отарлаудың ерекшеліктері қандай болғандыына талдау жасаңыз
- •3)Қарахан мемлекеті қағандарының жүргізген саясатын кесте бойынша толтырыңыз
- •6 Билет
- •1)Әбу Райхан әл Бируни энциклопедист, ғалым
- •2)1960-1980 Жылдарындағы Қазақстанның экономикалық жағдайы.
- •Жауаптары:
- •1)Әбу Райхан әл Бируни энциклопидист, ғалым
- •3)Найман мемлекеті билеушілерінің жүргізген саясатын кесте бойынша толтырыңыз
- •Үіі билет
- •1)Сақтардың мәдениеті.
- •2)2050 Қазақстан стратегиясының басым бағыттарын анықтап, сипаттап беріңіз.
- •3)Қола дәуірі кезіндегі жартастардағы суреттер табылған аумақтарды карта бойынша белгіле.
- •Үііі билет
- •3)Қарақытай мемлекетінің саяси жағдайы туралы кестені толтырыңыз.
- •Іх билет
- •1)Оңтүстік Қазақстан Ұлы Жібек жолының Батысқа шығатын басты қақпасы.
- •2)1990 Жылдары Қазақстандағы жекешелендіру үрдісі және оның әлеуметтік салдары
- •3)Х хіі ғасырлардағы архитектуралық құрылыс жүйелерін кесте бойынша толтырыңыз.
- •2)Қазақстанның әлемдік бірлестіктеріне кіру мақсаты және оның маңызына сипаттама жасаңыз.(бұұ, Әлемдік Банк,хвф, юнеско)
- •3)Монғол империясының қоғамдық құрылыс жүйесін кесте бойынша толтырыңыз және оның маңызын түсіндіріңіз.
- •3. Моңғол империясының қоғамдық құрылысы.
- •3)Монғол шапқыншылығына қатысты оқиғаларды кесте бойынша толтырыңыз.
- •1)Қыпшақтардың этникалық құрамына түсінік беріңіз.
- •1)Ботай мәдениеті және Беғазы-Дәндібай мәдениетінің ерекшеліктері.
- •2)Шанхай ынтымақтастық ұйымына Қазақстанның кіруінің тарихи маңызына талдау жасаңыз.
- •3)Алтын Орда билеушілерінің жүргізген саясатын кесте бойынша толтырыңыз.
- •1)«Түгіскен» кесенесі(ескерткіші) мен «Беғазы-Дәндібай» ескерткіштері.
- •2)Қазақ кср-ның мемлекеттік егемендігі жөніндегі декларация мазмұнын және маңызын ашып көрсетіңіз.
- •1.«Түгіскен» кесенесі(ескерткіші) мен «Беғазы-Дәндібай» ескерткіштері
- •3)Алтын Орда билеушілерінің жүргізген саясатын кесте бойынша толтыру
- •2)Қазақстанда нарықтық экономикаға көшу барысындағы жетістіктер мен қиыншылықтарын сипаттаңыз.
- •2. Қазақстан экономикасының соғыс жағдайына (1941-1945 жж.) бейімделуі.
- •1. Сұлу қағанның тарихта алатын орны мен рөлі
- •2. Ксро-ның ыдырауы. Қр-ның мемлекеттік тәуелсіздігінің жариялануының тарихи маңызы.
- •1. Әбілғазы шежірелерінің тарихи маңызы
- •2.Е.Бекмахановтың тарих ғылымын дамытудағы үлесіне баға беріңіз.
- •3. Терминдердің мағынасын кесте бойынша толтырыңыз.
- •2.Е.Бекмахановтың тарих ғылымын дамытудағы үлесіне баға беріңіз.
- •3.Терминдердің мағынасын кесте бойынша толтырыңыз
- •Қазақ халқының хvі – хvіі ғғ. Шаруашылығы.
- •2.Алаш қозғалысы қайраткерлерінің ресми ақталуы және оның тарихи маңызы.
- •Маусымдық көші – қон.
- •2.Тәуелсіз Қазақстанның олимпиадалық спорттағы жетістіктері.
- •2.Қазақстанда Ислам ынтымақтастығы ұйымы конференциясының өтуі және оның тарихи маңызы.
- •2. Қазақстанда 1920- 1940жж. Жоғарғы оқу орындарының ашылуы мен білім беру жүйесінің қалыптасуы және дамуы.
1)«Түгіскен» кесенесі(ескерткіші) мен «Беғазы-Дәндібай» ескерткіштері.
2)Қазақ кср-ның мемлекеттік егемендігі жөніндегі декларация мазмұнын және маңызын ашып көрсетіңіз.
3)
Жауаптары:
1.«Түгіскен» кесенесі(ескерткіші) мен «Беғазы-Дәндібай» ескерткіштері
Арал теңізінің шығыс жағындағы қола дәуірі ескерткіштері жақсы зерттелген. Соның бірі Сырдарияның төменгі ағысындағы, қола дәуірінің соңғы кезеңіне жататын Түгіскен кесенесі.
Біздің заманымыздан бұрын 9 – 8 ғасырлар мерзімделген бұл кесенелер ақсүйек-шонжарлардың, ірі тайпа көсемдерінің жерлеу орны ретінде салынған. Төңірегіндегі тіркестіре салынған шағын құрылыстар ақсүйектердің туыстарын жерлеген орындар болуы мүмкін. Архитектуралық-құрылымдық жағынан алғанда кесенелердің басты ерекшелігі – шеңбер мен шаршы геометриялық ұғымдарын ұштастыра отырып салынуы.
Беғазы-дәндібай ескерткіштері құрылымының күрделігімен, көрнектілігімен, сәулет құрылыстарын салудың жоғары техникасымен көзге түседі. Кең тараған аса ірі, ғажайып бейіт құрылыстары – оба, кесенелер бұл кезең қола дәуірінің ең жетілген, жоғары дамыған кезеңі екенін көрсетеді.
Көне құрылысшылар кесенелерді қақпақ тастармен салуда аса үлкен жетістіктерге жеткен. Беғазы құрылыстары сыртын қақпақ тастармен қаптаған қабырлғаларын қалауда, олардың іргесін мықтап бекітіп, арасын ұсақ тастармен толтыруда, контрфорстар қоюда, тік ұстындар тұрғызу мен шатыр төбесін жабуда қалыптасқан құрылыс тәсілін еркін меңгерген. Сырдария бойындағы балшықтан салынған Түгіскен кесенелердінің құрылысы, Беғазы тас кесенелерімен қатты ұқсас. Бұл жағдай малшы тайпалардың Сарыарқа мен көне Яксарт аралығында осы кезден бастап көшіп-қонып жүргенін көрсетеді. Осының нәтижесінде бір типтес кесенелер тұрғызу қалыптасқан. Кейін сақтар, ғұндар, үйсіндер, қаңлылар және кейінгі көшпелілер кезінде осылай көшіп-қону кең дамыған.
Түгіскен кесенесіндегі дені бай өрнекті, өте сәнді ыдыстар екі топқа бөлінеді. Мұның көбі Орталық Қазақстан көне мәдениеттерінен бастау алатын, Андронов және Беғазы-Дәндібай дәстүріндегі қолмен жасалған ыдыстар. Екінші шағындау топты оңтүстік, яғни ортаазиялық мәдениеттерге тән, құмырашы дөңгелегінде жасалған ыдыстар құрайды. Сондай-ақ, алтын сырғалар, қола жебе ұштары, тас моншақтар сияқты бұйымдар да бар. Қыш ыдыстағы ұқсастықты айтпағанда, кесенелер салыну жобасы бойынша да Орталық Қазақстан атақты беғазы-дәндібай мәдениетінің, әсіресе Беғазы зиратының жерлеу құрылыстарына жақын.
2)Қазақ КСР-ның мемлекеттік егемендігі жөніндегі декларация мазмұнын және маңызын ашып көрсетіңіз. 1990 жылдары Қазақстанда күн өткен сайын мемлекеттік егемендікті жариялауды талап етушілер күшейе бастады. Қоғамдық қозғалыстар 1990 жылғы қазан айында айрықша белсенділік көрсетті. Күн сайын Жоғарғы Кеңес үйінің алдында таңертеңнен кешке дейін саяси митингілер өтіп жатты. Ал Алматы қалалық партия комитеті үйінің алдында жастар пикет ұйымдастырып, аштық жариялады.Олар Қазақстанның тәуелсіз ел болуын, жастарға қатысты әлеуметтік мәселелердің дереу шешілуін, Кеңес Армиясын тез арада реформалауды талап етті. Республикадағы саяси жағдайдың шиеленісуіне Қазақстанның әр түрлі аудандарында құрыла бастаған казачество ұйымдарының қазақ халқының намысын қорлайтын әрекет ретінде бағаланып, оған қоғамдық қозғалыстардың бірлесе соққы беруі үлкен түрткі болды. Осындай жағдайда Жоғарғы Кеңестің сессиясындағы бірқатар айтыс-тартыстардан кейін, бұрынғы кеңестік республикалардың соңғыларының бірі болып «егемендік шеруіне» Қазақстан да қосылды. 1990 жылғы 25 қазанда Жоғарғы Кеңес «Қазақ Кеңес Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларация» қабылады. Мемлекетте егемендіктің жариялануы- республика өміріндегі аса маңызды саяси оқиға болды.
Егемендік туралы құжатта Қазақстанның алдағы уақытта ұстанатын бағыттары белгіленді. Орналасқан аумағына, қойнауына, суына, басқа да табиғи ресурстарына республика ерекше меншік құқығын жариялады. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктері көрсетілді. Халықаралық қатынастардағы мәселелерді шешуді республиканың дербестік танытатыны айқындалды. Сонымен қоса,бұл құжаттың шын мәніндегі мемлекеттік егемендікке толық жауап бере алмайтын жақтары да болды. Олар ең алдымен декларациядағы “одақты сақтауға ” қатысты баптардан көрініс тапты. Ол кезде қалыптасқан саяси жағдайында Орталық билік органдарының өкілдері бұрынғы одақтас республикалардың егемендік шеруіне салқын, қарады. Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылдануының тарихи маңызы зор болды. Бұл республиканы толық тәуелсіздікке бастап апаратын шынайы қадам еді. Бұл кезде республиканың өз ішінде мемлекеттік билік органдарының құрылымдарында өзгерістер болды. Жоғарғы Кеңес жергілікті өзін-өзі басқару туралы, заң қабылдады.Республиканың қаржыландыру, материалдық-техникалық және сыртқы экономикалық қызмет саласындағы әрекет мүмкіндіктері молайды. Одақтас республикалармен тікелей байланыстар жүзеге асырыла бастады. Тұтас парламенттік аппарат құрылды.
Егемендік Қазақстан Президентіне еркін қимылдауға жол ашты. Экономика саласында орталықтың рұқсатынсыз шетелдермен тікелей байланыс жасала бастады. Халықаралық қатынаста Семей атом полигоны жабылуының маңызы зор болды.
Қазақстан Президенті Қазақ КСР-нің Қауіпсіздік кеңесін құру жөнінде, Одақтық бағыныстағы мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдарды Қазақстан үкіметінің құзырына беру туралы, Қазақ КСР-нің алтын және алмас қорын құру жөнінде, Казақ КСР-нің сыртқы экономикалық қызметінің тәуелсіздігін қамтамасыз ету жөнінде жарлықтар шығарды. Бұл әрекеттер, жалпы алғанда, одақтық министрліктердің үстемдігін жойып, республиканың шын мәніндегі тәуелсіздігіне жол ашты. Егемендік жариялаған бұрынғы одақтас республикалар енді өзара тікелей байланыстарға шыға бастады. Қазақстан 1990-1991 жылдар ішінде Беларуспен, Әзірбайжанмен, Қырғызстанмен, Өзбекстанмен, Ресеймен, Украина елдерімен экономикалық шарттар жасасып, өзара достық және ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойды
