Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
V Нұсқа 30 билет.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
655.36 Кб
Скачать

1)Ботай мәдениеті және Беғазы-Дәндібай мәдениетінің ерекшеліктері.

2)Шанхай ынтымақтастық ұйымына Қазақстанның кіруінің тарихи маңызына талдау жасаңыз.

3)Алтын Орда билеушілерінің жүргізген саясатын кесте бойынша толтырыңыз.

1)Ботай мәдениеті және Беғазы-Дәндібай мәдениетінің ерекшеліктері. Беғазы-Дәндібай мәдениеті — қола дәуірінің соңғы кезеңінде (б.з.б. 9 — 8 ғасырлар) Орталық  Қазақстанды қоныстанған тайпалар мәдениеті. Жаңа мәдениет қауымның жоғарғы лауазымды билеушілеріне арнап салынған қақпақ тастардан тұрғызылған зәулім кесенелерімен, мәйітті бір қырынан, аяқ-қолын бауырына жинап, сонымен қатар шалқалатып жерлеу, олардың жандарына қару-жарақ, әшекей бұйымдар қою ғұрыптарымен ерекшеленеді.  Қоныстар мен тұрақтардан табылған көзе ыдыстардың таяқшамен батыңқы сызылып салынған сыртқы өрнектері қарапайым, қиғаш, көлбей салынған шырша, тырнақ, шекілдеуік, жарты ай бейнелі, мойны мен ернеуіне белдемшелер жапсырылған. Ал қабірлердің ішіне қойылған ыдыстардың пішімдері мен өрнектері мүлде өзгеше. Олар қыл мойын құмыра пішімді, шығыңқы бүйірлі кесе, тостаған тәрізді, сырты сүйек қалыпшалармен әсем етіп өрнектелген.  Тұрғын үй құрылыстары әр түрлі. Қабырғасы, іргесі таспен өрілген 4 — 6 бөлмелі үйлермен қатар, бір-екі бөлмелі жер кепе және киіз үй пішіндес құрастырмалы жеңіл үйлер де көп болған. Олардың орта тұсында немесе шетінде биіктеу етіп тастан салынған төртбұрышты ғибадат ету орындары бар. Әрбір үлкен қоныстардың айналасында 3 — 5 шағын мекендер болған. Бұл жерлерді қоныстанған тайпалардың басым көпшілігі мыс балқыту, көзе жасау, егін егумен, мал ш-мен айналысқан.. Сонымен қатар басты күнкөріс көзі есептелген жылқы, қой, түйе сияқты жануарлар мен қасқыр, аю, т.б. жыртқыш аңдарды құрметтеп, оларға табыну ғұрыптары пайда болған. Ботай мәдениеті - энеолит дәуірінде Солтүстік Қазақстанды мекендеген тайпалар мәдениеті. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Никольское ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 1,5 шақырым жерде Ботай қоныстарына байланысты аталған. Ботай ескерткішіне 1981-1983 жылдар аралығында Солтүстік Қазақстан университетінің археологиялық экспедициясы профессор Виктор Зайберттің жетекшілігімен қазба жұмыстарын жүргізген. Ауданы 15 гектар жерді алып жатқан қоныстан 158 үйдің орны қазылып аршылған. Кейбіреулерінде 30-ға тарта үйлер болған .Қазба жұмыстарын жүргізгенде ботайлықтардың тұрғын-жайлары бір-бірімен тығыз жалғасып жатты. Тұрғын-жайдың ішкі жобасы туралы біраз нәрсе айтуға болады. Ортада еденде ошақ орнатылған. Қабырға маңайында ұсақ шаруашылық шұңқырлар болды. Қазан ошақтарының қабырғасында көптеген шаруашылық және діни қажеттіліктер тізіліп тұрған. Ботайлықтар қабырға айналасында шыға беріске қарсы сәкілерді орнатып, терілерді төсеген. «Шұңқыр-консервілерде» ұзақ уақыт бойы сақтаған. Ол былай жасалған: 1 метрге дейін шұңқыр қазып, оның ішіне жылқы етін тұтастай салып, терісімен және сазбен жапқан. Үстінен от жағып, оттегінің толғымен жанып болғанын күтеді. Дайын болған ет ауасыз да, сол шұңқырда бұзылмай сақталады. 2)Шанхай ынтымақтастық ұйымына Қазақстанның кіруінің тарихи маңызына талдау жасаңыз. ШЫҰ – қызметі басқа мемлекеттерге немесе халықаралық ұйымдарға қарсы бағытталған әскери блок болып табылмайды. Сонымен қатар, ШЫҰ өз мүшелерінің арасында әртүрлі салаларда кең ынтымақтастықтың дамуын қарастырады. Қазақстанның ШЫҰ бойынша әріптес елдермен тең дәрежедегі диалогқа сындарлы және мақсатты қатысуы Қазақстанның өңірдегі ұстанымын күшейтеді, Ұйымның қағидаттарына толық сәйкес келетін мемлекеттер арасында өзара сенім мен түсіністіктің арта түсуіне көмектеседі. ШЫҰ-ның 2 жетекші ойыншысы – Ресей мен Қытайдың арасында орналасқан Қазақстан өңірлік ынтымақтастықтың жасампаз бастамалары мен жобаларын белсенді қолдайтын Ұйымның маңызды буыны болып табылады.

1996 жылы Шанхай үдерісі басталғалы бері Қазақстан – ШЫҰ аясында жан-жақты өзара іс-қимылдың белсенді қатысушысы болып табылады. Қазақстан Ұйымның аясында өтетін лаңкестікке қарсы әскери жаттығуларға, ғылыми конференциялар мен форумдарға тұрақты қатысып отырады, ШЫҰ құқықтық базасының нығаюына үлкен үлес қосып келеді.

2007 жылдан бастап 2009 жылдың соңына дейін ШЫҰ бас хатшысы болып Болат Нұрғалиев (Қазақстанның өкілі) ШЫҰ-ның әрбір жұмыс органында Қазақстанның атынан 6 адам қызмет атқаруда. 2006 жылғы маусымның 15-інде Шанхайда өткен саммитте Қазақстан ШЫҰ Азия энергетикалық стратегиясын жасауға бастама көтерді. Бұл ШЫҰ-да сауда-экономикалық салада тәжірибелік ынтымақтастықтың басталуына түрткі болды. Сондай-ақ ҚР Президенті ШЫҰ аясында заңсыз көші-қонмен күрес жөнінде келісім жасасуды ұсынды.

Бүгінде ШЫҰ Орталық Азиядағы өңірлік ынтымақтастықтың барынша табысты модельдерінің бірі болып табылады. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың айтуынша, « Қазақстанның ұсынысымен жүзеге асырылған Еуразия идеясының 3 киті – ЕурАзЭҚ, АӨІСШК және ШЫҰ». Ұйымға мүше мемлекеттердің арасында қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету саласында өзара іс-қимылдың зор оң тәжірибесі жиналған, мүше мемлекеттердің арнайы қызметтері мен құқықтық органдары лаңкестік және экстремистік күштермен күресу үшін тиімді байланыстар орнатты.

Сыртқы экономикалық және сыртқы сауда қызметіне, көлік пен мәдениетке жауап беретін бас прокурорлардың, министрлердің кездесулері тұрақты ұйымдастырылып отырады. Отын-энергетика кешені саласында өзара іс-қимыл нығаюда. 2007 жылы энергетика министрлерінің алғашқы кездесуі өтті. Жоғарыда аталған барлық фактілер Шанхай ынтымақтастық ұйымы көп жақты өңірлік құрылымға бірте-бірте ауысып келе жатқандығын айғақтайды.

Жалпы алып қарағанда, ШЫҰ-ның ұйтқысы экономикалық ынтымақтастық болып отырғанын айқын аңғарамыз. Сондай-ақ Орталық Азияда экономикалық ынтымақтастықтың дәнекері болып тұрған, көшбасы болып тұрған Қазақстан екендігін де жүзеге асырылып жатқан жоспар-лардан айқын көруге болады. Сондай-ақ ШЫҰ аясындағы жұмыстардың дамуы барысындағы Қазақстан Респубикасының халықаралық беделінің өскендігін де атап айтуға тиіспіз.

Билеушілер

Басқарған жылдары

Жүргізген саясаты

Бату

1227-1255

1) Алтын Орданың негізін қалады.

2)1235 жылы бүкілмоңғолдық құрылтайда Батысқа жорық жасау туралы шешім қабылдап, Батый басқолбасшы болады.

Батысқа жорық 7 жылға (1236-1242) созылды. Бату Еділден Дунайға дейінгі жерлерді жаулап алды.

Батый ханның негізгі әскерін қыпшақтар құрады.

3) Шығыс Еуропа, Кавказ, Орыс кінәздіктері моңғолдарға тәуелділіктерін мойындап, Алтын Ордаға салық төлеп тұрады.

Берке

1257-1266

1)Берке хан бүкіл моңғолдық құрылтайға қатысудан бас тартып, Алтын Орда дербес тәуелсіз мемлекетке айналды.

2)Беркенің кезінде қазақ даласынан Египет еліне құлдыққа сатылып барып, Мәмлүк елінің 4 сұлтаны болған Бейбарыс сұлтанмен байланысы күшейеді.1262 жылы Мәмлүк сұлтаны Бейбарыс Берке ханға өз елшілігін жібереді.

3)Берке хан Алтын Орданы одан әрі күшейту үшін мұсылман дінін қабылдайды.Әзірбайжан жеріне мешіт салдырады.Ол исламды мұсылман елдерімен қарым-қатынасты күшейту үшін қолданады.

4) Берке хан Кавказ жеріндегі жорықта қаза тапты.

Меңгу Темір

1266-1280

1)Берке ханнан кейін Меңгу Темір Египетпен байланысына кедергі жасаған Авизантияға қарсы 1271 жылы жорық жасады.

2)Византия соғыстан бас тартып, Алтын Ордамен келісімге келеді.Бұл келісім бойынша Алтын Орданың Жерорта теңізіндегі қалалармен сауда байланысы күшейеді.

3)Алтын Орда билеушілерінің жүргізген саясатын кесте бойынша толтырыңыз.

13-билет

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]