Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
V Нұсқа 30 билет.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
655.36 Кб
Скачать

Ү-нұсқа

1 Билет

1)Ж. Баласағұни-ғұлама ақын.

2)Хіү ғасырдағы Қазақстанның экономикалық жағдайы.

3)Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ кеңес әдебиеті мен өнерінің дамуына үлес қосқан тұлғаларды кесте бойынша толтырыңыз.

Жауабы:

1)Ж. Баласағұни-ғұлама ақын.

1) Қарахан мемлекетінің әйгілі ғұламасы, ақын Шу өзені бойындағы Баласағұн қаласында туған. Ол өзінің атақты «Құт негізі-білік» атты еңбегімен белгілі. Бұл алғаш рет түрік тілінде жазылған. Жүсіп Баласағұнидің бұл еңбегінде ғылымның философия, астрономия, алгебра, тағы басқа салаларға тоқталуы оның жан-жақты білікті адам болғандығын көрсетеді. «Құтадғу білік» -ХІ ғасырдаға дейінгі түрік тілді халықтардың ой-санасында орын алған, терең мазмұнды ғылыми еңбек. Бұл еңбекті Баласағұнда бастап, Қашғарда аяқтап, Сүлеймен Арслан ханға сыйға тартқан. Хан ғұламаның бұл сыйлығы үшін оған Ұлы хас-хажип деген лауазым берген. Бұл еңбегі бүгінгі таңда да түркі тілдес халықтарға ортақ. Олар өздерінің тілін, әдебиетін, тарихын, тағы басқа ғылым салаларын зерттеуде осы еңбекке жүгінеді.

2)ХІҮ ғасырдағы Қазақстанның экономикалық жағдайы. Қазақстанның кең байтақ жерінде шаруашылықтың үш түрі болды. Оңтүстік Қазақстанда тырықшы жер шаруашылығы, ал Оңтүстік шығыста жартылай отырықшы мал шаруашылығы, ал Батыс және Солтүстік Қазақстан аймағында жартылай көшпелі мал шаруашылығы дамыды. Мал өсірудің үшінші түрі көшпелі мал шаруашылығы. Бұл Шығыс дешті қыпшақтың және Батыс Қазақстан тұрғындарының көшіп қону бағытына байланысты болды. Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік –шығыс өңірінде ежелгі сақ, үйсін тайпаларының кезінен бері қарай белгілі. Моңғо шапқыншылығы кезінде бұзылған шаруашылық ХІІІ ғасырдың ІІ жартысында жандана бастаған. Жазба деректерге қарағанда, Сығанақ қаласының төңірегінде Төменарық, Бозғыларық деген каналдардың болғандығы қаланың аймағында суармалы егін шаруашылығының дамығандығының дәлелі. Йасы маңында бидай, арпа, бау-бақша өсірілгендігі айтылған. Егін шаруашылығы Жетісу аймағында да дамыған. Әсіресе Тараз маңында қалалық өмір сақталып., суармалы егін орталығы болған. Талхир қаласындағы егіншілік орталығы да Талғар өзенінің суымен суарылған. Археологиялық зерттеу жұмыстары кезінде Отырар, Түркістан, Қаратаудың солтүстігінде –Күлтөбе, Раң қалаларында қыш ыдыс жасайтын шеберханалар аршылған. ХІІІ ғас. ІІ жартысынан бастап Сырдария бойындағы қалаларда кірпіш күйдіру кәсібі өркендей бастаған. Отырар қаласының оңтүстік-батыс жағынан екі жерден кірпіш күйдіретін шеберхананың орны табылған.

3)Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ кеңес әдебиеті мен өнерінің дамуына үлес қосқан тұлғаларды кесте бойынша толтырыңыз.

1 Ж. Жабаев, Ә.Тәжібаев, Қ. Аманжолов, Ж. Молдағалиев.

2.М. Төлебаев, А. Жұбанов, Х. Хамидади, Е. Брусиловский.

3. Ш. Айманов, С. Қожамқұлов, Е.Өмірзақов, К. Қармысов.

2 Билет

1)Хү ғасырдығы Қазақстан экономикасының жағдайы

2)Нұралы мен Абылай хандардың ел басқару саясатын салыстыр.

3)Оғыздардың саяси жағдайы туралы кестені толтырыңыз.

Жауаптары:

ХҮ ғасырдығы Қазақстан экономикасының жағдайы.Қазақстанның кең байтақ жерінде шаруашылықтың үш түрі болды. Оңтүстік Қазақстанда тырықшы жер шаруашылығы, ал Оңтүстік шығыста жартылай отырықшы мал шаруашылығы, ал Батыс және Солтүстік Қазақстан аймағында жартылай көшпелі мал шаруашылығы дамыды. Мал өсірудің үшінші түрі көшпелі мал шаруашылығы. Бұл Шығыс дешті қыпшақтың және Батыс Қазақстан тұрғындарының көшіп қону бағытына байланысты болды. ХҮ ғасырда Оңтүстік Қазақстандағы орта ғасырлық қалалар қазақ хандығының қол астына қарай бастады. Сығаганақ қаласы ХҮ ғасырда қазақ хандығының астанас болған. Қала қазақтар үшін сауда орталығы болумен қатар, оның аймағында отырықшылықпен егін егумен айналысқан жер болды. Жазба деректерде «қаланың базарына күніне түйе әкелініп , кешке дейін бір түйе қалмай сатылып кетеді» деуі осыған дәлел. Отырар қаласының аймағындағы Арыс өзенінен тартылған Саңғыларық, Сырдариядан Төменарық, Шу өзенінен Қалмақарық сияқты көптеген арық тоғандардың іздері халқымыздың егін шаруашылығымен айналысқанын көрсетеді. Қазақ халқында үй ішілік, ұсталық, зергерлік, өрімшілік, тері илеу, тігіншілік, етікшілік т.б. қолөнер кәсіптері дамығын.

Нұралы мен Абылай хандардың ел басқару саясатын салыстыр.

Нұралы хан 1748 жылы Кіші жүздегі билікке  Ресей патшайымы Елизавета Петровна бекітті. Нұралы патшалық билік тарапынан бекітілген бірінші қазақ ханы еді. 1955 жылғы көтерілістен кейін Патша әскерінің қуғынынан ығысқан елу мыңға жуық башқұрттарға қарсы Орынбор губернаторы И.И.Неплюев Нұралы ханға арнайы грамота жолдап, онда башқұрттардың малы мен мүлкін тонап, өздерін құлға айналдыруға шақырды. Орынбор губернаторының тілегін орындауға кіріскен Нұралы мен оның інілері башқұрттарды тонап, олардың басшысы Батыршаны орыстарға ұстап беруге күш салады. Бұл әрекеттен қазақ пен башқұрт елдері арасындағы туыстық қатынас бұзылып, өзара жаугершілікке жол ашты.

Нұралы ханның патшалық әкімшілікпен ғана жақын болу жолына түскен ханның рубасылармен арақатынасы алшақтап кетті. Хандықтың күнделікті өміріне байланысты шақырылып тұратын билер кеңесі де сиреп, билердің ел басқару ісіне араласу мүмкіндігі тарыла түскенді. Ру старшындары мен Нұралы төңірегінің арасында күрес күшейді. Сұлтандар тәуелсіз болуға тырысты. С. Датұлы бастаған көтерілісшілерді басуға мұршасы келмеді. Халық тақтан кетуін талап етті. Екатерина II 1786 жылы маусымда арнайы жарлығымен Нұралы ханды тақтан түсіреді.

Абылай ханның басты мақсаттарынң бірі жоңғар шапқыншылығы кезінде уақытша басып алған жерлерді қайтару болды. 1753 жылы ірі қолды бастап Жоңғарияға шабуыл жасап талқандады. 1757-1760 жылдары Абылай қытай билігін мойындады, ондағы мақсаты қазақ мемлекеттігінң дербестігін сақтау. Өйткені зеңбіректермен қаруланған Маньчур-Цинь күшіне қарсы тұру қиындығын білген ол дипломатиялық жолмен шешу қажеттігін түсінді. Абылай хан Ресеймен де қарым-қатынаста бейбіт жағдайда болу қажеттігін ескеріп, 1740 жылы ресми түрде бодандықты мойындаған, ал іс жүзінде тәуелсіздікті сақтаған. 1755,01765 жылдары Қырғыз ұлыстарына қарсы жорықтар жасап Іленің сол жағын, Шу бойын тазартты. Абылай хан хан билігін шектеусіз етіп, билер қызметіне шек қойған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]