- •Қазақстан жеріндегі ежелгі тас дәуірі (хронологиясы, тұрақтары, еңбек құралдары) .
- •Ислам дінінің мәдениеттің дамуына тигізген әсері
- •Ақпан революциясынан кейін құрылған саяси партиялар мен ұйымдарға талдау жасаңыз.
- •Тың және тыңайған жерлерді игерудің жағымды және жағымсыз жақтарын кесте бойынша толтырыңыз.
- •1. Мезолит адамдарының кәсібі.
- •2. Әбілғазы Бахадүр шығармасының тарихи маңызын анықтаңыз.
- •3. Қазақстандағы Уақытша үкімет органдарының атқарған қызметін кесте бойынша толтырыңыз.
- •1. Қазақ хандығының мемлекеттік - әкімшілік құрылымы.
- •2. Қазақстанда кеңес үкіметінің орнау ерекшеліктері.
- •3. 1917 Жылы құрылған партиялардың саяси қызметтерін салыстырыңыз.
- •1. Есім хан тұсындағы қазақ хандығы.
- •2. Тоқырау жылдарындағы Қазақстан ауыл шаруашылығының даму ерекшеліктері мен оны басқарудағы кемшіліктер.
- •3. Қазақстандағы «Әскери коммунизм саясаты» мен «Жаңа экономикалық саясаттың» нәтижелерін салыстырыңыз.
- •Қазақстандағы «Әскери коммунизм саясаты» мен «Жаңа экономикалық саясаттың» нәтижелерін салыстырыңыз.
- •1. Ноғай Ордасы (аумағы, қоғамдық құрылысы, этникалық құрамы, ыдырауы)
- •2. Хх ғ. 60-80 ж. Әлеуметтік демографиялық жағдай.
- •3. Қазақстандағы индустрияландырудың жетістіктері мен келеңсіз жақтарын кесте бойынша толтырыңыз.
- •1. Қола дәуірінің ерекшеліктері.
- •2. Қазақ өлкесіндегі диаспоралардың қалыптасуы.
- •3. Индустрияландыру жүргізілген кезеңдегі орын алған қиындықтар мен нәтижелерін кесте бойынша толтырыңыз.
- •Моғолстан (саяси тарихы, этникалық құрамы).
- •2.Хіх ғасырда Қазақстандағы жәрмеңкелердің әлеуметтік – мәдени салада атқарған қызметтеріне талдау жасаңыз.
- •3. Тұрар Рысқұловтың қоғамдық-саяси қызметін сипаттаңыз.
- •Әмір Темірдің Алтын Ордаға жасаған жорықтары.
- •Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілісшілер басып алған бекіністерді картадан көрсетіңіз. Кенесары Қасымұлы бастаған
- •Шығай хан тұсындағы қазақ хандығы.
- •2.Смағұл Сәдуақасовтың қоғамдық-саяси қызметі.
- •Билердің қазақ қоғамындағы рөлі мен қызметі.
- •3. 1917 Жылдары құрылған саяси - демократиялық партиялардың құрылған аумақтарын карта бойынша белгілеңіз.
- •Әмір Темірдің Моғолстанға жасаған жорықтары.
- •2.1916 Жылғы Торғай облысындағы көтерілістің барысы, ерекшеліктері мен маңызы.
- •3. Суретке қарап отырып, оқиғаны сипаттаңыз.
- •Хх ғасырдың басындағы Қазақстанның экономикалық жағдайы.
- •2.Әбілхайыр ханның Ресей патшалағымен жүрізген келіссөздерінің мәні мен сипаты.
- •3. Суретке қарап отырып, оқиғаны сипаттаңыз.
- •Абылай хан (мемлекет қайраткері, саясатшы, дипломат)
- •3. Суретке қарап отырып, оқиғаны сипаттаңыз.
- •Мөде тұсындағы Ғұн мемлекеті.
- •2.Патша үкіметінің 1916 жылғы ұлт азаттық көтеріліс кезіндегі жазалау шараларына талдау жасаңыз.
- •1916 Ж қазан патша әкімшілігінің «Қырғыздарды көшіру туралы» шешім шықты.
- •Патша өкіметінің жазалаушы шараларының салдары.
- •3.Суреттегі оқиғаны сипаттаңыз.
- •Жауаптары:
- •Қазақстандағы этно - саяси бірлестіктердің қалыптасуы.
- •XIII – XV ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан.
- •Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай батырлардың тарихи портретін жасаңыз.
- •1920-1930 Жылдардағы Қазақстан мәдениетіне арналған кестені толтырыңыз. Жоғарыда кестеде!!
- •Жауаптары:
- •Алғашқы адамдардың еңбек құралдары мен тіршілігі.
- •Алғашқы тастан жасалған еңбек құралдары
- •Хх ғасырдың 30-шы жылдарындағы Қазақстан ғылымының дамуына талдау жасаңыз.
- •Қазақстанда ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыруға арналған кестені толтырыңыз. Жоғарыдағы кестеде!!!
- •Жауаптары:
- •«Жеті Жарғы» және оның қазақ қоғамындағы рөлі.
- •1917 Жылғы шілдедегі і жалпы қазақ сьезінің шақырылуының тарихи маңызына талдау жасаңыз.
- •М. Шоқайдың қоғамдық-саяси қызметі.
- •Қазақстандық Алтайдың ерте темір дәуірі: Берел қорғаны.
- •Бірінші орыс революциясы жылдарындағы Қазақстандағы қоғамдық – саяси қозғалыстың дамуына талдау жасаңыз.
- •М.Дулатовтың қоғамдық-саяси қызметіне баға беріңіз.
- •Жауаптары:
- •Қазақ халқының қалыптасу процесінің аяқталуы.
- •Хіх ғасырдың екінші жартысындағы қазақ даласындағы мұсылман мектептері мен медресселердің жағдайы.
- •1917-1918 Жылдардағы Қазақстандағы ұлттық автономиялар кестесін толтырыңыз. Жоғарыда!!!
- •Жауаптары:
- •Наймандар, Керейлер, Жалайырлар.
- •Хх ғасырдың басындағы музыка өнері.
- •Кеңес өкіметінің алғашқы декреттері жайлы кестесі толтырыңыз. Жоғарыда!!!
- •Жауаптары:
- •Қадырғали Қосымұлы Жалайыридің «Жылнамалар жинағы».
- •Хіх ғасырдың бірнші жартысында қазақ даласын зерттеген ғалымдар.
- •Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы жайлы кестені толтырыңыз. Жоғарыда!!!
- •Жауаптары:
- •1. Ежелгі темір дәуіріндегі Оңтүстік Қазақстан және Жетісу мәдениеті.
- •Қазақ акср-інің Қазақ кср-нен айырмашылығына талдау жасаңыз.
- •Сурет бойынша оқиғаны сипаттаңыз.
- •Жауаптары:
- •Жетісудағы үйсін мәдениетінің ерекшеліктері.
- •Патшалық Ресейдің Қазақстанның оңтүстік аумағын жаулап алуының тарихи маңызы.
- •Сурет бойынша оқиғаны сипаттаңыз.
- •Жауаптары:
- •1. Ортағасырлық Қазақстан тарихындағы қыпшақтардың саяси тарихы.
- •2.Жоламан Тіленшіұлы мен Саржан Қасымұлы бастаған көтерілістерді салыстыра отырып, талдау жасаңыз.
- •3.Сурет бойынша оқиғаны сипаттаңыз.
- •Алаш ұраны
- •Жауаптары:
- •Қазақстан аумағында Батыс Түрік қағанатының құрылуы. Батыс Түрік қағанатының қалыптасуы
- •Шаруашылық-экономикалық жағдайы
- •Қоғамдық -экономикалық қатынастары
- •Қасым хан мен Есім хан тұсындағы қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы.
- •3.Сурет бойынша оқиғаны сипаттаңыз. Жақында болады!
- •Жауаптары:
- •Төле бидің қазақ қоғамындағы рөлі.
- •Жанқожа Нұрмұхаммедұлы басқарған көтерілістің тарихи маңызы.
- •Азамат соғысы жылдарындағы Қазақстан жайлы кестені толтырыңыз. Жақында болады!!!
- •Жауаптары:
- •Қ.А. Ясауидің «Диуани хикмет» еңбегі.
- •Ұлы Отан соғысы кезіндегі Қазақстан экономикасының даму ерекшеліктері.
- •Соғыс кезіндегі өндірістік ахуал
- •Қазақстанның жеңіске қосқан үлесі
- •Ш.Құдайбердіұлының тарихта алатын орны.
- •Жауаптары:
- •Мухаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи –Рашиди» еңбегі.
- •Хх ғасырдың басындағы Қазақстандағы баспа ісінің дамуы.
- •Батыс Түрік қағанаты қағандарының жүргізген саясатын кесте бойынша толтырыңыз.
Хх ғасырдың 30-шы жылдарындағы Қазақстан ғылымының дамуына талдау жасаңыз.
Кеңестік Қазақстандағы алғашқы ғылыми мекемелер. Қазақстанда Азамат соғысы аяқталысымен Кеңес өкіметі ғылыми қызметкерлер алдына елдің табиғат байлықтарын және оны өндіру күшін зерттеу міндетін қойды. 1919 ж. желтоқсан айында Орынбордағы Кирревком қасынан Қазақстанды географиялық, тарихи және этнографиялық жағынан зерттеумен айналысатын тарихи-статистикалық бөлім құрылды. Ресей ғылымдар академиясы жанынан Табиғи өндіргіш күштерді зерттеу комиссиясы (ТӨКЗК) құрылды.
Кеңес өкіметі 1920 ж. ТӨКЗК қасынан бірқатар тұрақты және маусымдық экспедициялық отрядтар ұйымдастырды. Бұл отрядтар Қазақстанның жер қойнауын, флорасын, фаунасын, климаты, аумағы, сондай-ақ, мәдениеті, тұрмысы, тілін кешенді ғылыми зерттеуге тиіс болды. 1920 ж. алғашқы экспедиция Орынбор-Торғай өңіріне аттандырылды. 20-жылдардың басында Ресей географиялық қоғамының Семейдегі Батыс Сібір бөлімшесі және Верный бөлімшесі өз жұмысын қайта жандандырды. Ауыл шаруашылығы саласында алғашқы мемлекеттік ғылыми мекемелер: Алматы жеміс-жидек станциясы (1919 ж.), Өлкелік өсімдік қорғау станциясы (1924 ж.), Тыңайтқыштар және агротопырақтану ғылыми-зерттеу институты (1926 ж.), қалаларда тәжірибелік егістіктер мен станциялар құрылды. Денсаулық сақтау халкомының қасынан 1925 ж. Санитария-бактериологиялық институт ашылды.
1926 ж. КСРО Ғылым академиясының қасынан академик А.Е.Ферсманның басқаруымен одақтас және автономиялық республикаларды зерттеу жөніндегі Ерекше комитет ұйымдастырылды. Ол ҚАКСР-ін кешенді зерттеудің бесжылдық жоспарын жасады. Бұл жоспарды жүзеге асыру үшін 1926—1927 жж. КСРО ҒА-ның қазақстандық экспедициясы ұйымдастырылып, ол жекелеген отрядтар арқылы өлкені статистикалық-экономикалық, геологиялық және гидрогеологиялық жағынан зерттеу жүргізді. 1932 ж. КСРО ҒА-ның қазақстандық экспедициясы отрядтарының негізінде сегіз жаңа экспедиция ұйымдастырылды. Мысалы: Орал-Ембі физикалық-химиялық экспедициясы, Алакөл экспедициясы, Мұғалжар био және физикалық-географиялық экспедициясы және т.б.
30-жылдардың басында Қазақстандағы ғылым және ғылыми мекемелер 20-жылдың басына қарағанда қарыштап алға басқандығын көрсетті. Алайда 1932 ж. КСРО ҒА конференциясында ғылымның елдегі халық шаруашылығы сұранысы деңгейінен әлдеқайда артта қалғандығы атап көрсетілді. Барлық ғылыми-зерттеу жұмыстарын бір басқаруға біріктіру үшін 1932 ж. наурыз айында КСРО ҒА-ның Қазақстандық базасы құрылды.
КСРО ҒА Қазақстандық базасының төрағасы болып көрнекті шығыстанушы ғалым А.Н.Самойлович тағайындалды.
Қазақстанның ғылымы мен ғылыми мекемелерінің дамуында ғалымдар съездері мен конференцияларының маңызы зор болды. Мысалы, 1934 ж. 10—15 қарашада КСРО ҒА Алматыда көшпелі сессиясын өткізді. Осындай мәжілістер мен конференциялар республиканың шашырап жүрген аз санды ғалымдарының басын қосуға түрткі болды. Бұл әсіресе ғылыми дәстүрлері мен мектебі жоқ, мақсатты түрде терең зерттеу жүргізу базасы жоқ жерде ерекше маңызды.
Геология ғылымы саласында Қазақстанның жекелеген аймақтарын игеруді дамытуда ел ғалымдары мен практик мамандар бас қосқан мәжіліс өз әсерін тигізді. 1935 ж. қарашада және 1936 ж. наурызда Алматыда КСРО ҒА екінші геологиялық конференциясы мен сессиясында Орал-Ембі ауданын, Жоғары Алтай мен Жезқазғанды игеру проблемалары талқыланды. Ауыл шаруашылығы ғылымы саласында, егіс және мал шаруашылығында ғылым жетістіктерін өмірге ендіру міндеттері шешілді. 1935 ж. Қазақстанда 4 ауылшаруашылық ҒЗИ Бүкілодақтық ғылыми институттардың 3 филиалы, 33 лаборатория, 73 тірек пункттері, 46 аймақтық және тәжірибе станциялары, 3 тұқым шаруашылығы жұмыс істеп тұрды.
Қоғамдық ғылымдар саласында Маркс, Энгельс, Ленин шығармаларын, партия мен үкімет құжаттарын, партия мен мемлекет қайраткерлерінің еңбектерін оқып-үйренуге және насихаттауға баса мән берілді. 1931 ж. Қазақ маркстік-лениндік ҒЗИ құрылып, жоғарыда аталған еңбектерді қазақ тіліне аударып, насихаттады. Тұтастай алғанда бұл институт коммунистік партияның идеологиялық мәселелерімен айналысты.
1934 ж. Қазақ ұлттық мәдениеті ҒЗИ ашылды, оның тарих және археология, әдебиет және фольклор, тіл құрылысы, бейнелеу және музыкалық театр-хореографиялық секторлары болды. 1936 ж. осы институт негізінде КСРО ҒА-ның республикалық базалары құрылды.
Ғылым академиясының Қазақ филиалы. 1938 ж. КСРО ҒА қазақстандық базасы КСРО ҒА-ның Қазақ филиалы (ҒАҚФ) болып қайта құрылды. Бір жылдан кейін ҒАҚФ құрамына тағы екі сектор: топырақтану және география қосылды, Қарағандыда төртінші ботаника бағы ашылды.
КСРО ҒА төралқасы КСРО ҒАҚФ төрағасы етіп белгілі геолог ғалым, академик А.Д.Архангельскийді тағайындады. Қысқа мерзімде КСРО ҒАҚФ және оның геологиялық секторы беделді ғылыми орталыққа айналды. Көптеген ғалым-геологтар мен инженер- практиктер зерттеулерінің басты нәтижесі — Қазақстанның ғылыми геологиялық картасын жасау болды. Оны жасау жұмысына Қ.И.Сәтбаев, А.А.Гапеев, Н.Г.Кассин, И.С.Яговкин, М.П.Русаков, Р.А.Борукаев, В.П.Нехорошев, В.Н.Котульский, Н.Ф.Григорьев, А.Д.Архангельский, М.М.Пригоровский қатысты. 1941 ж. республика аумағының 77,4%-ы суретке түсірілді. Қазақстандағы геология ғылымы табыстарының өсуі, ғалымдар ұжымының қалыптасуы ХХ ғ. 30-жылдарының соңына қарай геология ғылымының институтын ашу жөнінде мәселе қойды.
