- •Қазақстан жеріндегі ежелгі тас дәуірі (хронологиясы, тұрақтары, еңбек құралдары) .
- •Ислам дінінің мәдениеттің дамуына тигізген әсері
- •Ақпан революциясынан кейін құрылған саяси партиялар мен ұйымдарға талдау жасаңыз.
- •Тың және тыңайған жерлерді игерудің жағымды және жағымсыз жақтарын кесте бойынша толтырыңыз.
- •1. Мезолит адамдарының кәсібі.
- •2. Әбілғазы Бахадүр шығармасының тарихи маңызын анықтаңыз.
- •3. Қазақстандағы Уақытша үкімет органдарының атқарған қызметін кесте бойынша толтырыңыз.
- •1. Қазақ хандығының мемлекеттік - әкімшілік құрылымы.
- •2. Қазақстанда кеңес үкіметінің орнау ерекшеліктері.
- •3. 1917 Жылы құрылған партиялардың саяси қызметтерін салыстырыңыз.
- •1. Есім хан тұсындағы қазақ хандығы.
- •2. Тоқырау жылдарындағы Қазақстан ауыл шаруашылығының даму ерекшеліктері мен оны басқарудағы кемшіліктер.
- •3. Қазақстандағы «Әскери коммунизм саясаты» мен «Жаңа экономикалық саясаттың» нәтижелерін салыстырыңыз.
- •Қазақстандағы «Әскери коммунизм саясаты» мен «Жаңа экономикалық саясаттың» нәтижелерін салыстырыңыз.
- •1. Ноғай Ордасы (аумағы, қоғамдық құрылысы, этникалық құрамы, ыдырауы)
- •2. Хх ғ. 60-80 ж. Әлеуметтік демографиялық жағдай.
- •3. Қазақстандағы индустрияландырудың жетістіктері мен келеңсіз жақтарын кесте бойынша толтырыңыз.
- •1. Қола дәуірінің ерекшеліктері.
- •2. Қазақ өлкесіндегі диаспоралардың қалыптасуы.
- •3. Индустрияландыру жүргізілген кезеңдегі орын алған қиындықтар мен нәтижелерін кесте бойынша толтырыңыз.
- •Моғолстан (саяси тарихы, этникалық құрамы).
- •2.Хіх ғасырда Қазақстандағы жәрмеңкелердің әлеуметтік – мәдени салада атқарған қызметтеріне талдау жасаңыз.
- •3. Тұрар Рысқұловтың қоғамдық-саяси қызметін сипаттаңыз.
- •Әмір Темірдің Алтын Ордаға жасаған жорықтары.
- •Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілісшілер басып алған бекіністерді картадан көрсетіңіз. Кенесары Қасымұлы бастаған
- •Шығай хан тұсындағы қазақ хандығы.
- •2.Смағұл Сәдуақасовтың қоғамдық-саяси қызметі.
- •Билердің қазақ қоғамындағы рөлі мен қызметі.
- •3. 1917 Жылдары құрылған саяси - демократиялық партиялардың құрылған аумақтарын карта бойынша белгілеңіз.
- •Әмір Темірдің Моғолстанға жасаған жорықтары.
- •2.1916 Жылғы Торғай облысындағы көтерілістің барысы, ерекшеліктері мен маңызы.
- •3. Суретке қарап отырып, оқиғаны сипаттаңыз.
- •Хх ғасырдың басындағы Қазақстанның экономикалық жағдайы.
- •2.Әбілхайыр ханның Ресей патшалағымен жүрізген келіссөздерінің мәні мен сипаты.
- •3. Суретке қарап отырып, оқиғаны сипаттаңыз.
- •Абылай хан (мемлекет қайраткері, саясатшы, дипломат)
- •3. Суретке қарап отырып, оқиғаны сипаттаңыз.
- •Мөде тұсындағы Ғұн мемлекеті.
- •2.Патша үкіметінің 1916 жылғы ұлт азаттық көтеріліс кезіндегі жазалау шараларына талдау жасаңыз.
- •1916 Ж қазан патша әкімшілігінің «Қырғыздарды көшіру туралы» шешім шықты.
- •Патша өкіметінің жазалаушы шараларының салдары.
- •3.Суреттегі оқиғаны сипаттаңыз.
- •Жауаптары:
- •Қазақстандағы этно - саяси бірлестіктердің қалыптасуы.
- •XIII – XV ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан.
- •Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай батырлардың тарихи портретін жасаңыз.
- •1920-1930 Жылдардағы Қазақстан мәдениетіне арналған кестені толтырыңыз. Жоғарыда кестеде!!
- •Жауаптары:
- •Алғашқы адамдардың еңбек құралдары мен тіршілігі.
- •Алғашқы тастан жасалған еңбек құралдары
- •Хх ғасырдың 30-шы жылдарындағы Қазақстан ғылымының дамуына талдау жасаңыз.
- •Қазақстанда ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыруға арналған кестені толтырыңыз. Жоғарыдағы кестеде!!!
- •Жауаптары:
- •«Жеті Жарғы» және оның қазақ қоғамындағы рөлі.
- •1917 Жылғы шілдедегі і жалпы қазақ сьезінің шақырылуының тарихи маңызына талдау жасаңыз.
- •М. Шоқайдың қоғамдық-саяси қызметі.
- •Қазақстандық Алтайдың ерте темір дәуірі: Берел қорғаны.
- •Бірінші орыс революциясы жылдарындағы Қазақстандағы қоғамдық – саяси қозғалыстың дамуына талдау жасаңыз.
- •М.Дулатовтың қоғамдық-саяси қызметіне баға беріңіз.
- •Жауаптары:
- •Қазақ халқының қалыптасу процесінің аяқталуы.
- •Хіх ғасырдың екінші жартысындағы қазақ даласындағы мұсылман мектептері мен медресселердің жағдайы.
- •1917-1918 Жылдардағы Қазақстандағы ұлттық автономиялар кестесін толтырыңыз. Жоғарыда!!!
- •Жауаптары:
- •Наймандар, Керейлер, Жалайырлар.
- •Хх ғасырдың басындағы музыка өнері.
- •Кеңес өкіметінің алғашқы декреттері жайлы кестесі толтырыңыз. Жоғарыда!!!
- •Жауаптары:
- •Қадырғали Қосымұлы Жалайыридің «Жылнамалар жинағы».
- •Хіх ғасырдың бірнші жартысында қазақ даласын зерттеген ғалымдар.
- •Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы жайлы кестені толтырыңыз. Жоғарыда!!!
- •Жауаптары:
- •1. Ежелгі темір дәуіріндегі Оңтүстік Қазақстан және Жетісу мәдениеті.
- •Қазақ акср-інің Қазақ кср-нен айырмашылығына талдау жасаңыз.
- •Сурет бойынша оқиғаны сипаттаңыз.
- •Жауаптары:
- •Жетісудағы үйсін мәдениетінің ерекшеліктері.
- •Патшалық Ресейдің Қазақстанның оңтүстік аумағын жаулап алуының тарихи маңызы.
- •Сурет бойынша оқиғаны сипаттаңыз.
- •Жауаптары:
- •1. Ортағасырлық Қазақстан тарихындағы қыпшақтардың саяси тарихы.
- •2.Жоламан Тіленшіұлы мен Саржан Қасымұлы бастаған көтерілістерді салыстыра отырып, талдау жасаңыз.
- •3.Сурет бойынша оқиғаны сипаттаңыз.
- •Алаш ұраны
- •Жауаптары:
- •Қазақстан аумағында Батыс Түрік қағанатының құрылуы. Батыс Түрік қағанатының қалыптасуы
- •Шаруашылық-экономикалық жағдайы
- •Қоғамдық -экономикалық қатынастары
- •Қасым хан мен Есім хан тұсындағы қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы.
- •3.Сурет бойынша оқиғаны сипаттаңыз. Жақында болады!
- •Жауаптары:
- •Төле бидің қазақ қоғамындағы рөлі.
- •Жанқожа Нұрмұхаммедұлы басқарған көтерілістің тарихи маңызы.
- •Азамат соғысы жылдарындағы Қазақстан жайлы кестені толтырыңыз. Жақында болады!!!
- •Жауаптары:
- •Қ.А. Ясауидің «Диуани хикмет» еңбегі.
- •Ұлы Отан соғысы кезіндегі Қазақстан экономикасының даму ерекшеліктері.
- •Соғыс кезіндегі өндірістік ахуал
- •Қазақстанның жеңіске қосқан үлесі
- •Ш.Құдайбердіұлының тарихта алатын орны.
- •Жауаптары:
- •Мухаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи –Рашиди» еңбегі.
- •Хх ғасырдың басындағы Қазақстандағы баспа ісінің дамуы.
- •Батыс Түрік қағанаты қағандарының жүргізген саясатын кесте бойынша толтырыңыз.
XIII – XV ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан.
Атауы |
Өмір сүрген уақыты |
Алтын Орда |
XIII ғ.ортасы – XVғ.ортасы |
Ақ Орда |
XIII ғ.- XVғ. басы |
Моғолстан |
XIV ғ.ортасы - XVI ғ.басы |
Әбіқайыр хандығы |
1428 – 1468 жж. |
Қ А З А Қ Х А Н Д Ы Ғ Ы. (1465-66 жылдар құрылған)
Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай батырлардың тарихи портретін жасаңыз.
Қабанбай Қожағұлұлы, Қаракерей Қабанбай, Дарабоз — батыр, талантты қолбасшы. Азан шақырып қойылған есімі — Ерасыл. Ол 1692 ж. қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданындағы Барлық тауында өмірге келіп, 1770 ж. сонда дүние салған. Қабанбай Найман ішіндегі Қаракерей руының Байжігіт тармағынан.
Жеті жасында әкесі Қожақұл, он алты жасында ағасы Есенбай жоңғарлар қолынан қаза табады. Он алты жасар бала жау арасына жасырын барып, ағасын өлтірген жоңғар батырын өлтіріп, кек алған. Осыдан кейін Зайсандағы Керей ішіне кетіп, жездесі Бердәулеттің қолында болды. Осында жүріп жылқыға шапқан жабайы қабандарды жайратып, “Қабан батыр” атанды.
1717 ж. Аягөз шайқасына, 1723 ж. Түркістан қорғанысына, 1726 ж. Бұланты шайқасына, 1730 ж. Аңырақай-Алакөл шайқасына, кейіннен Шыңғыстау, Ертіс бойындағы шайқастарға қатысып, Абылай ханның бас батырларының біріне айналды.
1741 ж. Шыңғыстаудағы Шаған шайқасында ақбоз атпен топ жарып, жауға шапқаны үшін Дарабоз атанды.
1751 ж. ол Сыр бойы, Шымкент, Сайрам, Ташкент қалаларын жоңғарлардан тазартып, Төле бидің билікке келуіне көмектесті. Жоңғарияға айдалып бара жатқан бірнеше мың қарақалпақты құтқарып қалады.
1752 — 54 ж. Қабанбай басқарған қазақ әскері алдымен Іле, Балқаш, Қаратал өңірлерін жаудан тазартуға қатысты. Осыдан кейін Қарақол мен Нарынды, Үржар мен Қатынсуды, Алакөл мен Барлықты азат етіп, терістік бағыттағы Бөгембай әскеріне қосылды. Баспан-Базар, Шорға, Маңырақ шайқастарына қатысып, Зайсан, Марқакөл, Күршім өңірлерін азат етті.
1756 ж. жоңғар билеушісі Әмірсананы қуып келген қытай әскерінің бетін қайтаруға атсалысты, Шонжы, Нарынқол, Кеген өңірлерін қырғыздардан қайтарып алуға қатысты.
1758 ж. қыркүйекте Барлықтан Үрімжі қаласына 300 жылқы айдап барып, қазақ-қытай саудасын бастап берді. 500 адамдық қолмен келген қырғыз батыры Қарабекке ауырып жатқанына қарамастан қарсы шығып, жекпе-жекте Қарабекті өлтірген. Сол сәтте өзі де ат үстінен құлап түсіп, қазаға ұшырайды. Алматы облысындағы бұрынғы Андреев ауылына, Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданындағы Жарбұлақ ауылына, Алматы, Семей, Өскемен, Талдықорған қалаларындағы бір-бір көшеге, сондай-ақ Аякөз қаласында орналасқан танк дивизиясына есімі берілген. Үшарал қаласында батырға ескерткіш, Астана іргесінде ескерткіш-монумент орнатылған.
Бөгенбай Ақшаұлы. Өмірден көргені көп, қазақтың жүздері мен батырларын таныған, заңды жөне қазақ-жоңғарлар арасындағы қиын жағдайды ғана емес жоңғарларға қарсы әскери өрекеттердің тарихын да жақсы білетін Тәуке хан елді билеп тұрған кезде 1710 жылы Қарақұмда қазақ жүздерінің Төле, Қазыбек және Әйтеке билер қатысқан жиыны өтіп, билермен бірге халық жасағы өкілі ретінде Бөгенбай батыр да сайланған. Бөгенбай батырға мұндай сенімділік танытуға оның бүкіл қазақ даласына тараған әскери қолбасшылық өнері мен 1710 жылғы Сары-Кеңгір өзені жағасында болған жоңғар ноянымен болған шайқастағы ерлігі себеп болды. Съезде қаралған басты мәселе Жоңғар хандығымен арадағы қатынас болды. Кейбіреулер руларды ғана емес жүздердің басын біріктіріп, жоңғарларға қарсы шығып, оларды қуып шығу керек десе, екінші біреулері жоңғар хандығы жағына шығу керек дегенді айтты. Көп пікірталастан кейінгі шешуші кез келгенде ортаға ашулы, қайсар Бөгенбай батыр шығады. Ақсақалдардың алдына шыққан ол семсерін аяғының астына тастап, көйлеғін айырып, кеудесін ашып жіберіп: "Жауымыздан есемізді қайтарамыз, тоналған жайлауымызды, тұтқындалған балаларымызды көріп қарап отыра алмаймыз, өлсек қолымызға кару алып өлеміз. Қыпшақ даласының батырлары қай кезеңде бастарын төмен түсірғен? Мен қолымды жауымның қанына бояған кезде сақалыма әлі ақ түспеген еді! Қазіргі келімсектердің зорлығына қалай шыдаймын. Біз әлі жүйрік аттардан кенде емеспіз. Әлі қорамсақта өткір ұшты садағымыз бар", — деді. Бөгенбай батырдың бұл сөзі жоңғар мәселесін шешудің шегі болды. Бұл сөзден кейін ешқайсысы ашық шығып сөйлей алмады. Қазақ жасағының басшысы болып Бөгенбай сайланды.
Бөгенбай батырдың есімімен 1730 жылы көктемде Балқаш көлінің маңында қазақ пен қалмақтардың арасында болған шешуші Аңырақай шайқасы да тығыз байланысты. Бөгенбай, Қабанбай, Шапырашты Наурызбай, Жәнібек, Малайсары сияқты атақты батырлар бастаған қазақ қолдары мен жасақтары қалмақ әскерлеріне екінші рет күйрете соққы берді. Майдан даласында мыңдаған қалмақ әскерлері қаза тапты. Көбі қырылып, жаралы болып, жаны шықпай жатқан жау әскерінің аңыраған дауысы бірнеше күн даланы басына көтерді. Бұл жер кейін "Аңырақай" деп аталып кеткен. Аңырақайда аяусыз соққыға душар болған Шуно-Дабо басқарған қалмақ әскерлері Ӏле өзенінің бойымен шығысқа қарай қашуға мәжбүр болған. Жеңісті баянды етіп, жауды өкшелей қуып, қазақ жерлерін азат ету жорығына жиналған үш жүздің әскер жасақтарының Шымкентке таяу Ордабасы деген жерде жиыны өтіп, онда қазақ әскерлерінің қолбасшысы болып, Әбілқайыр және Бөгенбай батыр сайланады. Олардың басшылығымен қалмақ әскерлеріне үсті-үстіне соққы берілген. Осындай шайқастардың бірінде Бөгенбай батырмен жекпе-жекте қалмақтың қолбасшысы Шуно-Дабо қаза табады. Бұл оқиға жау әскерлерінің рухын түсіріп жіберген екен. 1725-1727 жылдары Бөгенбай батыр Абылай ханмен бірге қазақ қолын басқарып, осы ұрыс нәтижесінде ойсырай жеңілген онсан қалмақ әскері Түркістан мен Саураннан Жоңғар Алатауының арғы жағына қуылған болатын.
Шапырашты Наурызбай. Аты аңызға айналған ержүрек батырларымыздың бірі, XVIII ғасырдағы Қазақ елінің жоңғарларға қарсы ұлт-азаттық соғысындағы көрнекті қаһарман — Шапырашты Наурызбай Құттымбетұлы.
Құттымбетұлы Наурызбай 1706 жылы Жетісу жерінде, Алатаудың баурайында дүниеге келген. Бұл кезде Ӏле, Талас, Алатау мен Қаратау аралығындағы қазақ пен қырғыз жоңғарларға тәуелді еді. Батырдың көзін ашқаннан естігені батырлар тұралы жырлар, аңыз әңгімелер болып, теңдессіз бай рухани ортада өсті. Екінші жағынан елге үстемдігін жүргізген басқыншы жаудың зорлығы мен зомбылығын да көрді. Мұның өзі жүрегінде оты бар жасты туған елін, атамекенін жаудан азат ету тұралы арманға жетеледі, батыр болуға құлшындырды. Наурызбай батырдың өмірі тұралы бүгінгі күнгі деректерде Шапырашты Наурызбай, Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай бабаларымыз Абылай хан айналасындағы бас батырлар қатарында бағаланады. Бұқар жырау осы үш тұлғаның жанындағы мынадай ірі батырларды атайды: Шақшақұлы Жәнібек, Сіргелі Қара Тілеуке, Қарақалпақ Қылышбек, Текеден шыққан Сатай мен Бөлек, Қаумен, Дәулет, Жәпек, Сеңкібай, Шойбек, Таңсыққожа, Мәмбет, Молдабай, Есенқұл және басқалар. Әдеби-тарихи деректер мен ел есінде сақталған аңыз-әңгімелер Наурызбай батырдың бүкіл халықтың ықыласына бөленіп, мақтанышқа айналуы 1727-1731 жылдардың шамасы екендігіне мензейді. Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қатарынан бірнеше рет қатты соққы беріп, ақыры үлкен жеңіске жетуі осы уақытқа сәйкес келеді. Алатау етегінде жоңғарлардың Шамалған, Қаскелең, Боралдай секілді атышулы батырлары өлім табатын сұрапыл шайқастарда Наурызбай бабамыз ересен ерлік көрсетеді. Қозыбасыда қалың қол бастап, бас батыр атағына ие болады.
