Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ІV Нса 30 билет.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.45 Mб
Скачать

IV – нұсқа1 – билет

1. Қазақстан жеріндегі ежелгі тас дәуірі (хронологиясы, тұрақтары, еңбек құралдары) . 2. Ислам дінінің мәдениеттің дамуына тигізген әсері 3. Терминдердің мағынасын кесте бойынша толтырыңыз. Жауабы:

  1. Қазақстан жеріндегі ежелгі тас дәуірі (хронологиясы, тұрақтары, еңбек құралдары) .

Адамзат тарихы даумының ең алғашқы кезеңі – Тас дәуірі болды. Ғалымдар тас дәуірін 3- ке бөледі:

  • Палеолит – ежелгі тас ғасыры – б.з.б 2,5 млн – б.з.б 12 мың жыл.

  • Мезолит – орта тас ғасыры – б.з.б 12 – б.з.б 5 мың жыл

  • Неолит – жаңа тас ғасыры – б.з.б 5 – б.з.б 3 сың жыл.

Қазақстанда алғашқы адамдар шамамен 1 млн. жыл пайда болды. Ең ежелгі адамдардың өмір сүрген аймағы Оңтүстік Қазақстан. Қаратаудағы Қараүңгір мекенінен табылған түбі қызыл бояумен боялған қыш ыдыстарға шұңқыр және штрихтар түріндегі өрнектер салынған. Қаратау үңгірінің тұрғындары домалақ малта тасты екі жағынан егеп, жүзі өткір ирек ара сияқты – чоппинг деген қаруды жасай білген.

Алғашқы адамдардың еңбек құралдары қазғыш таяқ, үшкір тас, шоқпар, шапқы болды. Тастарды жарып бөлшектеп, жүзі өткірлерін қолданды. Мұндай қаруды – чоппер деп атайды.

  1. Ислам дінінің мәдениеттің дамуына тигізген әсері

Х-ХІ ғасырлар арасында қала мәдениетінің дамуына ислам маңызды рөл атқарды. Араб ғалымы Әл-Макдиси Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың Х ғасырдағы қалаларында мешіттердің көптеп салына бастағандығын жазды. Құйрықтөбе, Отырар, Баласағұн, Тараз қалаларынан мешіт орындары табылды. Құрықтөбе қаласының жанындағы зираттардан адамдардың мұсылманша зерттелгені анықталды. ХІІ ғ. ІІ ж. қыпшақ ақсүйектерінің арасында ислам діні тарай бастады. Қыпшақтар орталығы Сығанақ қаласында мешіт-медресе салынып, Хисамаддин әл-Сығанақи сияқты ғұламалар шыққан.

3. Терминдердің мағынасын кесте бойынша толтырыңыз.

Милитаризм

Жаппай қарулануға, соғысқа әзірленуге, ішкі және сыртқы мәселелерді қарулы күшпен шешуге бағытталған саясат.

Метрополия

Басқа елдерді өздері басып алып, отарлап билеуші, қанаушы мемлекет

Мобилизация

Қарулы Күштерді және елдің экономикасы мен мемлекеттік институттарын соғыс мұқтаждықтарын қамтамасыз ету үшін қайта құру жөніндегі іс-шаралар.

Реквизиция

Азаматтың не ұйымның меншігіндегі мүлікті олардың ықтиярынсыз құнын төлей отырып мемлекеттің меншіктенуі. Реквизиция заңда көрсетілген тәртіпте, төтенше (апат, жұқпалы аурудың тарауы, індет, тағы басқа) немесе әскери жағдай уақытында ғана өкілетті органның шешімімен жүзеге асырылады

Монархия

Мемлекет басшысының билігі ұрпақтан ұрпаққа қалдырылатын мемлекеттік басқару

2 – билет

1. Қазақстан жеріндегі мезолит дәуірі (хронологиясы, тұрақтары, еңбек құралдары)

2. Ақпан революциясынан кейін құрылған саяси партиялар мен ұйымдарға талдау жасаңыз.

3. Тың және тыңайған жерлерді игерудің жағымды және жағымсыз жақтарын кесте бойынша толтырыңыз.

Жауабы:

  1. Қазақстан жеріндегі мезолит дәуірі (хронологиясы, тұрақтары, еңбек құралдары)

Ғалымдардың есептеуінше 13 мың жыл бұрын мұздықтар ери бастады. Палеолит аяғы мен мезолиттің басында іпі климаттық өзгерістер болды. Мұз еріп күн жылына бастады. Мезолиттің басты жаңалығы садақ пен жебе пайда болды. Аңшылық адамдардың негізгі кәсібіне айналды.Ұзындығы 1-2 см. Болатын ұсақ тастардан жасалған – микролиттер пайда болды. Мезолит б.з.б 12 -5 мыңжылдықтар аралығын қамтиды. Қазақстанда 20 астам мезолиттік тұрақтар табылды. Олар Мичурин, Явленко, Дүзбай, Ерейментау, Тельман, Әкімбек, Қарағанды, Қызылсу т.б. Есіл өзенінің аңғарынан көлемі 40-60 шаршы метр болатын мезолиттік баспана табылды. Алғашқы егіншілер жерді қазғыш таяқпен қопсытты, олдан кейін қайланы, үшкір тас бекітілген тесені ойлап тапты. Егін оратын қарапайым құрал атауы тас орақ, тесе болды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]