- •131.Аса қауіпті инфекциялар тобы (холера): клиникалық көріністерін көрсетіңіз.
- •132.А және е вирусты гепатиттерінің клиникалық көріністерін көрсетіңіз. А вирусты гепатиті
- •Е вирусты гепатиті
- •133. Іш сүзегі,сүзек тәрізді а және в ауруларының клиникалық көріністерін көрсетіңіз.
- •134.В, с және д вирусты гепатиттерінің клиникалық көрінісін көрсетіңіз.
- •I. Ағым циклдігіне байланысты:
- •С вирусты гепатиті
- •135.Жедел Респираторлы Вирусты Инфекциялардың клиникалық көріністерін көрсетіңіз респираторлы-синцитиальды вирусты инфекция
- •Аденовирусты инфекция
- •Риновирусты инфекция
- •231.Сальмонеллездің және дизентерияның клиникалық көріністері. Сальмонеллез
- •Дизентерия (шигеллез)
- •232.Тағамдық токсикоинекциялардың клиникалық көріністерін жазыныз. Тағамдық токсикоинфекциялар (тти)
- •233.Ауыз қуысының тіндері және жақ-бет аймағының зақымдануымен жүретін инфекциялық аурулардың (ұшық) клиникалық көріністерін атаңыз герпестік инфекция
- •234.Аитв инфекция / житСтің клиникалық көрінісі. Аив/житс- инфекциясы
- •Ересектер мен балалардағы
- •Ддұ (Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының воз)) эксперттері ұсынған
- •235.Ботулизмнің клиникалық көріністерін жазыныз. Ботулизм
- •331.Ауыз қуысының тіндері және жақ-бет аймағының зақымдануымен жүретін инфекциялық аурулардың (эпид.Паротит) клиникалық көріністерін атаңыз
- •А. Манифесттік түрлері:
- •332. Қантышқақтың (дизентерия) клиникалық көріністерін атаңыз Дизентерия (шигеллез)
- •333.Ауыз қуысының тіндері және жақ-бет аймағының зақымдануымен жүретін инфекциялық аурулардың (дифтерия) клиникалық көріністерін атаңыз күл ауруы (дифтерия, diphtheria)
- •334. Ауыз қуысының тіндері және жақ-бет аймағының зақымдануымен жүретін инфекциялық аурулардың (мононуклеоз) клиникалық көріністерін атаңыз
- •335. Аса қауіпті инфекциялар тобы (оба): клиникалық көріністерін жазыныз.
- •Обаның жіктелуі (а.М. Дмитровский бойынша, 1995)
- •1.Біріншілік-ошақтық түрлері
- •2. Жайылмалы түрлері
- •3. Екіншілік-ошақтық түрлері
Е вирусты гепатиті
Е вирусты гепатиті кұрамында РНҚ бар вируспен тудырылады (HEV). Бұл гепатиттiң таралу механизмі– фекалды-оралды.
Е гепатиті, ДДҰ мәлiметтерi бойынша тропикалық және субтропикалық аумақтарындағы (Индия, Непал, Бирма, Орта Азия, Латын Америкасы,т.б.) ересек турғындарының арасында ең жиi кездесетiн жедел вирусты гепатиті болып табылады. Бiрақ Е гепатитімен аурушылдық Европа мен Ресейде де кездеседi.
Клиникасы. Е вирусты гепатиті клиникалық көрiнiстерi бойынша А вирусты гепатитке ұқсас.
Инкубациялық кезең 10-60 күн (көбінесе 30-40 күн). Әдетте ауру бiрте-бiрте басталады. Сарғаю алдындағы кезең 1-9 күн. Аурудың негiзгi белгiлерiне әлсiздiк, немқұрайлық, тәбеттiң болмауы, жүрек айну, құсу жатады. Науқастардың көбiсi эпигастрий аумағындағы және оң жақ қабырға астындағы ауру сезiміне шағымданады. Дене қызуы сирек жоғарылайды әдетте 38º С-ден жоғары емес. Сарғаю кезенiнiң ұзақтығы 1-3 апта. Вирусты А гепатиттен ерекше сарғаю пайда болған кезде интоксикация белгiлерi жоғалмайды.
Е гепатиті көбiнесе жеңiл және орташа ауыр түрде өтiп, сауығумен аяқталады. Бiрақ кейбiр науқастарда (әсiресе, ересек адамдарда) Е гепатиті ауыр және фульминантты түрде өтiп, жедел бауыр жетiспеушiлiгiне әкеледi де өлiммен аяқталады. Е гепатиттiң ауыр ағымына эритроциттер гемолизiнiң нәтижесiнде дамыған гемоглобинурия, содан кейiн дамитын жедел бүйрек жетiспеушiлiгi және диссеминацияланған тамыр iшiлiк қанның ұю синдромы тән. Е гепатиті және созылмалы вирусты В гепатиттiң суперинфекциясы аурудын қолайсыз ағымына әкеледi. Бұл кезде өлiм көрсеткiшi 75-80% құрайды. Одан басқа жүктi әйелдерде (әсiресе III триместрде) жеңiл ағыммен (3,9%) салыстырғанда орташа ауыр (67, 9%) және ауыр (28,2%) түрлерi жиiрек кездеседi.
М.О.Фаворов, Е.С.Кетиладзе, К.А. Мартынованың мәлiметтерi бойынша (1987ж.) Е гепатиті жүктi әйелдердiң 20-25%-де фульминанттi түрде өтiп, жоғары өлiм көрсеткiшiне әкеледi. Жүктiлiктiң II-III триместрiндегi Е гепатитінiң өлiм көрсеткiшi В гепатитімен салыстырғанда 25-30 есе жоғары. Сарғаю пайда болысымен интоксикация белгiлерi бiр күннiн немесе бiрнеше сағат iшiнде күрт күшейедi. Фульминантты гепатиті жүктiлiктiн үзiлуiне (түсiктер, ерте босанау), 1-2 тәулiк iшiнде бауыр-клеткалық команын дамуына, босану кезiнде қан кетуге әкеп соғатын айқын геморрагиялық синдромға, ұрықтың антенатальды өлiмiне акеледi.
Жүктiлiк босанумен аяқталғандада нәрестелердiң жартысынан көбi бiрiншi ай iшiнде өлетiнi туралы айту керек.
Реконвалисценция кезендi 1-2 ай созылып, клиникалық-лабораторлық көрсеткiштер болу қалыптасады.
133. Іш сүзегі,сүзек тәрізді а және в ауруларының клиникалық көріністерін көрсетіңіз.
Анықтамасы. Іш сүзегі – Salmonella typhi бактерияларымен қоздырылатын, фекальды-оральды механизмімен берілетін, ащы ішектің лимфоидты аппаратын зақымдануымен өтетін, клиникасы айқын интоксикациямен, жоғары тұрақты қызбамен, розеолезді бөртпемен, бауырдың, көк бауырдың ұлғаюмен сипатталатын жедел антропонозды жұқпалы ауру
Клиникалық көріністері. Іш сүзегі кезіндегі жұқпалы ауру процесінің ағымында келесі кезеңдер ажыратылған: жасырын, бастапқы, өршу, реконвалесценция немесе аурудың нәтижелері.
Жасырын кезең орташа 10-14 күн (7-23 күнге дейін болуы мүмкін). Аурудың типтік түрінде ауру біртіндеп баяу басталады. Күн сайын дене температурасы 1◦С жоғарлап (баспалдаққа шыққан сияқты), аурудың 4-5 күндері ол ең жоғарғы шекке жетеді. Ауру жедел басталуы мұмкін. Аурудың жедел басталуының жиілігі XX ғасырдың басында 10-13% болса, 30-40-шы жылдары ол 33-45% жеткен, ал 60-шы жылдары-43-50%.
Аурудың бастапқы кезеңінде науқастарда жалпы сырқатты хал, бүкіл дененің шаршағандай сезімде болуы, бас ауыруы, ұйқы мен тәбеттің нашарлауы, еңбекке қабілеттің төмендеуі, субфебрилитет байқалған. Бастапқы кезең бір аптаға жуық созылады. Дене қызуының көтерілуімен қатар улану нышандары да үдеп, ішкі мүшелер зақымданады: тері жабындылыарының бозаруы күшейіп, бас ауыруы, брадикардия, анорексия білінген. Іштің қатуы немесе өтуі мүмкін. Бұл аурудың ерекшілігі: интоксикация нышандары айқын болады. Науқас аурудың бірінші күні төсек тартып жатады- адинамия. Сөйлеуге халы болмай, теріс қарап, сұрақтарға жауап бермеуі мүмкін ( «тәртіпсіз адам» сияқты). Бастапқы кезеңге аса тән нышандар: қызба, әлсіздік, бастың айқын ауруы, ұйқының бұзылуы. Бұл көріністер эндоксиннің әсерінен дамиды.
Аурудың өршу кезеңінде аурудың барлық нышандық жинақтары дамиды. Өршу кезеңінің ұзақтығы 1-2 апта. Дене қызуы әрқашан жоғары қалыпта сақталады. Науқастардың көбінде сүзек статусы дамып, розеолалар білінеді, орталық жүйке жүйесінің қызметі бұзылып, жүрек-тамыр жүйелері, ішектер, тыныс алу мүшелері де зақымға ұшырап, олардың қызметтері де бұзылады.
Аурудың негізгі нышаны - қызба. Өршу кезеңінде дене температурасы - 39-40°С. Қызбаның сипаты - тұрақты. Таңертенгі температурамен кешкі температураның айырмашылығы 1°С аспайды. Сондықтан науқаста қалтырау, тершеңдік белгілері болмайды. Науқас тек қызып жатады. Қызба қисықтарының түрлері: Вундерлих, Кюльдешевский және Боткин қызбалары. Типті қызба қисығы – Вундерлих қисығы. Дене температурасы трапеция тәрізді. Кильдюшевский қисығы – жазықтық, ал Боткин қисығы - толқын тәрізді болады. Бірақ қазіргі таңда антибиотиктер қолданғаннан соң қызба қисықтарының заңдылығы сақталмайды, олар әр түрлі болуы мүмкін. Айқын интоксикация дамып Status typhosus (естің бұзылуы, сопор, кома, делирий) қалыптасуы мүмкін. Бастың айқын ауруы, ұйқының қашуы науқастарды қатты мазалайды. Науқастың тері жабындылары бозғылт, кейде алақандары мен табандарының сарғаюы дамуы мүмкін – Филлипович симптомы. Ол бауыр зақымдалғанда каротиннің алмасуы пайда болуының әсерінен дамиды.
Ағзаның улануы дамыған кезде жүрек-қантамыр жүйенің зақымдануы міндетті түрде қалыптасады. Іш сүзегіне аса тән бұзылыстарға салыстырмалы брадикардия, пульстың дикротиясы, гипотония, миокардиодистрофия, миокардит жатады.
Негізігі патологиялық процесс ас қорыту жүйесінде дамиды. Науқастарда фулигинозды (сүзектік) тіл симптомы пайда болады. Тіл ісініп, калың қоңыр түсті жабындымен жамылып, тістердің іздерімен сипатталады.
Аурудың келесі маңызды нышаны – ол метеоризм –іштің кебуі. Науқастарда ішектің парезі дамығаннан соң дәреті тоқтап қалуы мүмкін, кейде диарея дамуы мүмкін. Нәжістің сипаты ащы иісті бұршақ тәрізді сорпаға ұқсайды. Оң жақ илео-цекальды аймақта іштің ауру сезімі, шырылдауы, анықталады, салыстырмалы перкуссия жүргізгенде оң жақ мықын аймағында перкуторлы дыбыс тұйықталады (Падалка симптомы). Гепатомегалия және спленомегалия дамиды.
Іш сүзегінің маңызды диагностикалық белгілеріне бөртпе жатады. Бөртпе мономорфты болады: морфологиялық сипаты – розеола (көлемі 2 мм дейін майда дақ). Бөртпенің денеге шығу мерзімі іш сүзегі кезінде заңдылықты түрде бактериемия кезеңіне сәйкес келеді: аурудың 8-10 күндерінде пайда болады. Бөртпенің орналасатын жері - қарынның алдыңғы қабырғасы, кеуде. Розеолалардың саны 1-5-10. Бөртпеге тағы да бір тән сипаттамасы бар - ол үстемелі феномен: бөртпе денеге біртіндеп шығады. Бұрын пайда болған розеолалар жойылып жаңа бөртпелер пайда болады. Бөртпені анықтау дәрігердің тәжірибесіне байланысты. Бұл бөрпелерді табу үшін аурудың күнін анықтау қажет, тері жабындыларын күн сайын тексеріп тұру тиісті. Пайда болған розеолалар 1-5күн аралығында із қалдырмай жойылып кетеді.
Іш сүзегі кезінде тыныс алу мүшелерінің бұзылуы, соңғы жылдары сирек кездесіп отыр.
Іш сүзегінің типтік және атиптік ағымы ажыратылған. Типтік түрі циклді өтеді. Ал атипті түрі жеке мүшелер мен жүйелердің бұзылу нышандарының басымдығымен өтетіні белгілі. Аурудың абортивті түрі дамығында ауру типті басталып, бірақ көріністері қысқа мерзімді болады, айығу кезеңі тез қалыптасады. Аурудың амбулаторлы түрі аурудың жеңіл түріне ұқсас болады. Аурудың көмескі түрінде клиникалық белгілер аздап біленеді, оған науқастарда көңіл аудармауы мүмкін. Бактериотасымалдаушылық кезінде клиникалық көріністер мүлдем пайда болмайды. Транзиторлы бактериотасымалдаушылық кезінде қоздырғыш кейдесоқ түрде бөлінеді, жедел бактериотасымалдаушылық кезінде – қоздырғыш 3 айға дейін, созылмалы бактериотасымалдаушылық кезінде – 6 айға дейін бөлінеді. Өте сирек жағдайда қоздырғыш ұзақ уақыт бөлінуі мүмкін.
Реконвалесценция кезеңі қызбаның жойылуымен және мүшелердің барлық қызметтерінің біртіндеп тұрақтануымен сипатталған. Кейбір науқастарда ұзақ уақыт бойы әлсіздік, шаршағандықтың жоғарылауы сақталмақ. Науқастардың 3-10% аурудың қайталануы – рецидиві дамуы мүмкін.
А және В паратифтері
А және В паратифтерінің морфологиялық, иммунологиялық, эпидемиологиялық, патогенетикалық және клиникалық көріністері іш сүзегімен ұқсас, бірақ та кейбір өзгешеліктері бар.
А паратиф қоздырғышы - Salmonella paratyphi А. Паратифтің А түрінде жасырың кезеңі іш сүзегіне қарағанда қысқа болады, оның мерзімі 8-10 күн шамасында. Ауру көбінесе жедел түрде басталады, кейде бастапқы кезеңінде тұмаумен араласып, жөтел де қосылады. Науқастарды тексергенде беті қызарып, көздің айналасы да қызарып, ерінге герпестік бөртпелер шығады. Температуралық қисықтары типті мінездеме бермей, кейде ремиттерлеуші болады. Қалтырап қозудың соңы тоңуға ауысады, сосын бірқалыпты болады. А паратифі кезінде теріге бөртпелер шығып, олар полиморфты (дақты, дақты- папулезді) болады, денеде бір мезгілде пайда болады. Бөртпелер қызарыңқырап, қызылшаға ұқсап, болмаса қанталап тұрады. Улану заңды түрде баяу жүріп, іш сүзегіндей статуста өтпейді. Қан анализінде нормацитоз, кейде лейкоцитоз, лимфомоноцитозбен кездесетіні белгілі болады. Ауырған адамдардың көпшілігінде бұл дерт орта ауыр жағдайда, кей жағдайда ауыр түрінде өтеді. Ішектен қан кетуіне, өкпенің қабынуына т.б. асқынуларына ауыспайды. А паратифінде жиі аурудың қайталануы болады.
В паратиф қоздырғышы - Salmonella paratyphi В. В паратифі кезінде жасырын кезеңі 5-10 күннен тұрады, кейде бұдан ұзақ болуы мүмкін. Ауру көбінесе жедел басталып, адам тоңып дірілдейді, бұлшық еттері ауырсынады және тер бөліне бастайды. Дерттің бастапқы кезеңінде улану жағдайымен бірге қосарланып жедел гастроэнтерит өршиді. Мұндайда дене қызуы ұзақ болмайды да, көбінесе ауытқып қайталанып тұрады. Бөртпелер дерттің бастапқы кезіңде көрінеді де, өзінің полиморфтылығымен сипатталады. Кейбір жағдайларда В паратиф дерті ауыр жағдайда өтеді. Ол іріңді менингитке, менингоэнцефалитке, септикопиемияға айналады. Қан анализінде нейтрофилді лейкоцитоз байқалады. Дерттің қайталануы (рецидивтері) мүмкін.
