- •131.Аса қауіпті инфекциялар тобы (холера): клиникалық көріністерін көрсетіңіз.
- •132.А және е вирусты гепатиттерінің клиникалық көріністерін көрсетіңіз. А вирусты гепатиті
- •Е вирусты гепатиті
- •133. Іш сүзегі,сүзек тәрізді а және в ауруларының клиникалық көріністерін көрсетіңіз.
- •134.В, с және д вирусты гепатиттерінің клиникалық көрінісін көрсетіңіз.
- •I. Ағым циклдігіне байланысты:
- •С вирусты гепатиті
- •135.Жедел Респираторлы Вирусты Инфекциялардың клиникалық көріністерін көрсетіңіз респираторлы-синцитиальды вирусты инфекция
- •Аденовирусты инфекция
- •Риновирусты инфекция
- •231.Сальмонеллездің және дизентерияның клиникалық көріністері. Сальмонеллез
- •Дизентерия (шигеллез)
- •232.Тағамдық токсикоинекциялардың клиникалық көріністерін жазыныз. Тағамдық токсикоинфекциялар (тти)
- •233.Ауыз қуысының тіндері және жақ-бет аймағының зақымдануымен жүретін инфекциялық аурулардың (ұшық) клиникалық көріністерін атаңыз герпестік инфекция
- •234.Аитв инфекция / житСтің клиникалық көрінісі. Аив/житс- инфекциясы
- •Ересектер мен балалардағы
- •Ддұ (Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының воз)) эксперттері ұсынған
- •235.Ботулизмнің клиникалық көріністерін жазыныз. Ботулизм
- •331.Ауыз қуысының тіндері және жақ-бет аймағының зақымдануымен жүретін инфекциялық аурулардың (эпид.Паротит) клиникалық көріністерін атаңыз
- •А. Манифесттік түрлері:
- •332. Қантышқақтың (дизентерия) клиникалық көріністерін атаңыз Дизентерия (шигеллез)
- •333.Ауыз қуысының тіндері және жақ-бет аймағының зақымдануымен жүретін инфекциялық аурулардың (дифтерия) клиникалық көріністерін атаңыз күл ауруы (дифтерия, diphtheria)
- •334. Ауыз қуысының тіндері және жақ-бет аймағының зақымдануымен жүретін инфекциялық аурулардың (мононуклеоз) клиникалық көріністерін атаңыз
- •335. Аса қауіпті инфекциялар тобы (оба): клиникалық көріністерін жазыныз.
- •Обаның жіктелуі (а.М. Дмитровский бойынша, 1995)
- •1.Біріншілік-ошақтық түрлері
- •2. Жайылмалы түрлері
- •3. Екіншілік-ошақтық түрлері
50 балл
131.Аса қауіпті инфекциялар тобы (холера): клиникалық көріністерін көрсетіңіз.
Анықтамасы. Тырысқақ – Vibrio cholera бактерияларымен қоздырылатын, фекальды-оральды механизммен берілетін, көп мөлшерлі сулы диареяның, құсудың әсерінен дамитын дегидратация және деминерализациямен сипатталатын жедел карантинді және конвенциялық жұқпалы ауру.
Клиникалық көріністері. Инкубациялық кезеңі 4-5 күнге созылады, сондықтан осы уақытқа карантин салынады. Ауру жедел басталады. Көбінесе түнгі мезгілде, алғашқы уақытында сұйық іш өтумен және құрсақ қуысында дискомфортпен сипатталады. Дене қызуы көбінесе қалыпты. Нәжісі сулы, лайлы, ақ түсті күріш қайнатпасы тәрізді. Құсу диареядан 12-24 сағаттан кейін басталады. Бұл белгі тырысқақтың ерекшелігіне жатады. Ол да күріш қайнатпасына ұқсас. Бірінші кезең - энтеритті кезең. Гастроэнтерит дамуы нәтижесінде организмнің сузыдануы мен деминерализациясы тез пайда болады. Диарея жиілігі 3-4-10 рет тәулігіне. Диарея 3 күнге дейін болады. Терісі ылғалды, тургоры өзгермеген. 2\3 нуқастарда аузының шырышты қабаты құрғайды. Науқастың іші ауыру сезімсіз. Бұл тырысқаққа аса тән белгі, себебі ішекте қабыну үрдісі болмайды. Барлық көріністер ферментативті бұзылыстардың әсерінен дамиды. Сондықтан тырысқақ кезіндегі диареяны секреторлы деп атайды.
Тырысқақты ағымы бойынша жедел, орташа ауыр және ауыр деп бөледі.
Сұйықтықты жоғалту нәтижесінде гиповолемия дамиды, тұздың жоғалуы тырысу синдромының пайда болуын шақырады. Бұл көбінесе қол аяқ, шайнау, тізе бұлшықеттерінде болады. Қолайсыз ағымында іш өту жиіленеді, қан қысымы төмендейді; қол "кір жуғыштың қолы" симптомы анықталады. Гиповолемия диурездің төмендеуіне әкеледі. Олигоурия дамып, ол кейінен анурияға ауысады.
Гиповолемиялық шок дамығанда диффузды цианоз байқалады. Бетінің жиектері үшкірленеді, көз алмасы ішке кіріп кетеді, беті қайғылы бейнеде болады. Даусы алғашқыда әлсіз, баяу, кейінен сусызданудың 3-4 дәрежесінде афонияға ауысады.
Аурудың өршу кезеңінде науқастың дене қызуы 35-34-33°С-қа дейін төмендейді, субнормальды болады. Тері эластикалық қасиетін жоғалтады.
Жүрек тондары ауыр ағымында естілмейді, қан қысымы анықталмайды, ентігу минутына 60-қа дейін, тыныс алуға қосымша бұлшықеттер қатынасады. Тыныс алу қиындауы бұлшықеттер тырысуына байланысты. Куссмауль тынысы байқалады. Анурия барлық науқастарда болады. Терминальді кезең науқастың естен тануына әкеледі және көп жағдайда комадан өліп кетеді.
Қазіргі кезде тырысқақ 5 вариантта өтеді:
гиповолемиялық экзотоксикалық түрі
аралас эндо-экзотоксикалық түрі
нормоволемиялық эндотоксикалық түрі
нормоволемиялық атоксикалық түрі
субклиникалық түрі
Гиповолемиялық экзотоксикалық түрі. Бұл аурудың классикалық түрі, оның клиникалық көріністері жоғарыда келтірілген. Казіргі таңда тырысқақтың бұл түрінің жиілігі 5-10% аспайды. Аурудың барлық клиникалық көріністері холерогеннің әсеріне байланысты.
Осы ағымының нәтижелері:
-регидратациялық ем қабылдамаған науқас бүйректің жедел жетіспеушілігінің дамуынан өлімге ұшырауы мүмкін;
- этиотропты ем толық емес болса, инфекциялық процесс екінші фазаға ауысып, басқа жедел ішек инфекцияларына тән токсикалық ішектік синдромның дамуы мүмкін;
- адекватты этиопатогенетикалық ем жүргізілген жағдайда сауығу қалыптасады.
2. Нормоволемиялық эндотоксиндік түрі.
Ішектің зақымдалу синдромымен қатар жалпы интоксикация белгілерімен бірге ауру жедел басталады. Шырыш (кейде жасыл түсті) қосылған, тәулігініне 5-10 ретке дейін сұйық дәрет пайда болады. Іш аймағындағы ауыру сезімі, тенезмдер тән. Пальпация кезінде жиырылған тоқ ішек, жиі жағдайларда – сигма тәрізді ішек анықталады. Жүрек айну, құсу болуы мүмкін. Сусыздану айқын емес, әдетте 2-ші дәрежеден аспайды. Кейде гепатомегалия, өте сирек - спленомегалия болуы мүмкін. Сонымен қатар аурудың ағымына қызба тән (көбінесе-балаларда), жиі жағдайларда ол субфебрилді, өте сирек ремиттирлеуші сипатта болады. Интоксикация синдромы пайда болады: тәбеттің болмауы, жүрек айну, кейде құсу, жалпы әлсіздік, тершеңдік, қалтырау, бастың ауыруы, сирек жағдайларда – естің бұзылуы. Тахикардия, гипотония, кейде инфекциялы-токсикалық шок дамуы мүмкін. Жағдайдың ауырлығы сусыздану дәрежесімен емес, интоксикация айқындылығымен белгіленеді. Тырысқақтың бұл түрі 10%-да кездеседі. Аурудың ағымы дизентерияға ұқсайды.
Осы ағымның нәтижелері:
- инфекциялық-токсикалық белгілердің үдеуі; инфекциялы-токсикалық шоктың, ТШҰ-синдромның, бүйректің жедел жетіспеушілігінің дамуы, науқастың адекватты ем жүргізілмеген жағдайда летальды нәтиже;
- сауығу.
3. Аралас экзо-эндотоксикалық түрі.
Көбінесе аурудың басында жеткілікті регидратациялық, бірақ жеткіліксіз этиотропты ем жүргізілгенде, тырысқақтың гиповолемиялық экзотоксикалық түрі нормоволемиялық эндотоксикалық түріне ауысады. Бұндай жағдайда дәреттің сипаты өзгереді (жиілігі азаяды, нәжіске шырыш қосылады), дене қызуы жоғарылайды, бауыр ұлғаюы мүмкін, ішектің ауыру сезімі, кейде тенезмдер пайда болады. Пальпация кезінде ауыру сезімді және жиырылған сигма тәрізді ішек анықталады. Аурудың бұл түрі сальмонеллездің ағымына ұқсайды.
Тырысқақтың осы түрі 10%-те кездеседі.
Бұл ағымның нәтижелері емнің дер кезінде басталуы және адекваттылығына байланысты.
4. Нормоволемиялық атоксикалық түрі.
Ауру жеңіл және көмескі түрде өтеді. Жиілігі 20%. Аурудың жеңіл ағымына жалпы токсикалық белгілер тән емес, жиі емес нәжіспен сипатталады, көмескі түріне нәжістің тек қана 1-2 рет сұйықталуы тән. Көбінесе науқастар дәрігерге барып қаралмайды, себебі аурудың нәтижесі-өзіндік сауығу.
Субклиникалық түрі.
Бұл ағымға клиникалық белгілердің болмауы тән. Бұндай науқастар тек қана эпидемияға қарсы активті шаралар жүргізілгенде анықталады. Оларға көбінесе «вибриотасымалдаушы» деген диагноз қойылады. Бірақ түпкі клиникалық жәңе лабораториялық зерттеу барысында тырысқақтың «микробелгілері» анықталады (тілдің жабындымен жабылуы, гастрит, гастродуоденит, холецисто-ангиохолит және колит). Қанда вибрионға қарсы антиденелер табылады.
