Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
31 05 2017.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
905.46 Кб
Скачать

*Еркін тері трансплантаты

*+Лимберг бойынша үшбұрышты қиық

*төменгі қабақтың көшірмелі қиығы

# 485

*!46 жастағы ер адам бетіндегі косметикалық жеткіліксіздікке шағымданып келді. Анамнезінде 4 ай бұрын жарақат алған, емделмеген. Қарап тексергенде оң жақ құлақмаңы шайнау аймағында ашық-қызыл түсті, жұмсақ, тартылған тыртық анықталды.

Тыртықты жою үшін төменде көрсетілген қандай пластика әдісі НЕҒҰРЛЫМ мақсатқа сай келеді?

* еркін тері трансплантаты

*+жара жиектерін мобилизациялау және тыртықты кесу

* 30 Градус бұрышпен Лимберг бойынша үшбұрышты қиық * 50 градус бұрышпен Лимберг бойынша үшбұрышты қиық *90 градус бұрышпен Лимберг бойынша үшбұрышты қиық

# 486

*! 40 жастағы әйел бетіндегі косметикалық жеткіліксіздікке шағымданып келді. Жарты жыл бұрын тұрмыстық жарақат алған. Қарап тексергенде мұрын тіні ақауы анықталды.Хирург деформацияны жою маұсатында тотальды ринопластика үшін Хитров әдісін қолданды.

Төменде көрсетілген қандай қиықты осы пластика әдісінде қолдану НЕҒҰРЛЫМ мақсатқа сай келеді?

*үшкір қиық

*дельтопекторальды қиық

*қоректендіруші аяқпен қиық

*+ филатов сабақшасынан қосарланған лента

*қарынның алдыңғы бүйір бетімен еркін тері қиығы

# 487

*!40 жастағы ер адам бетіндегі косметикалық жеткіліксіздікке шағымданып келді. 6 ай бұрын ДТП кезінде жарақат алған. Қарап тексергенде иектің оң жағында, төменгі ернінде, ұртта ауқымды тотальды ақау анықталды. Альвеолярлы өсінді және жарты тістері жалаңаштанған.

Төменде көрсетілген қандай пластика әдісі НЕҒҰРЛЫМ мақсатқа сай келеді?

* үшкір қиық

*+Филатов сабақшасы

*тіндерді еркін орын ауыстыру

* маңдайдан қоректендіруші аяқпен қиық

*Лимберг бойынша үшбұрышты пластика

# 488

*!40 жастағы ер адам бетіндегі косметикалық жеткіліксіздікке және мойынның қозғалғыштығының шектелуіне шағымданып келді. Жарты жыл бұрын оң жақ мойын аймағынан ауқымды ісік алынған. Қарап тексергенде оң жақ мойын бөлігінде тыртықты контрактура анықталды. Тыртықты деформацияны жою үшін дәрігерлер әр түрлі пластика әдістерін талқылады.

Төменде көрсетілген қандай пластика әдісі НЕҒҰРЛЫМ қате?

*филатов сабақшасымен

*қоректендіруші аяқпен қиық

* тіндерді еркін орын ауыстыру

*+ақау жиектерін жиекті мобилизациялау

* Лимберг бойынша үшбұрышты қиық

# 489

*!40 жастағы ер адам бетіндегі косметикалық жеткіліксіздікке шағымданып келді.8 ай алдын жарақат алған. Қарап тексергенде оң жақ мимикалық бұлшықеттерінің салдануы.

Төменде көрсетілген қандай пластика әдісі НЕҒҰРЛЫМ мақсатқа сай келеді?

*Филатова сабақшасымен пластика

* тіндерді еркін орын ауыстыру

* маңдайдан қоректендіруші аяқпен қиық

*+самай бұлшықетінен қиықты миопластика

* А.Лимберг бойынша үшбұрышты пластика пластика

# 490

*!40 жастағы ер адам бетінің косметикалық жеткіліксіздігіне шағымданып келді. Қарап тексергенде жоғарғы жағының шектен тыс дамуынан прогения байқалды.

Төменде көрсетілген қандай пластика әдісі НЕҒҰРЛЫМ мақсатқа сай келеді?

* төменгі жақ бұтағына горизонтальды остеотомия

* төменгі жақ бұтағына қисық сырғымалы остеотомия

* төменгі жақ бұтағына диагональды компактостеотомия

* төменгі жақ бұтағына вертикальды сырғымалы остеотомия

*+төменгі жақ бұтағына сагиттальды ретромолярлы остеотомия.

# 491

*!40 жастағы әйел аузынан мұрнына тағам қалдықтарының түсіп кетуіне шағымданып келді.Бұл жағдайды 1.6 тісті күрделі тіс жұлу операциясымен байланыстырады. Қарап тексергенде ауыз өуысы 1.6 тіс ұяшығы арқылы жоғарға жақ қойнауымен байланысқандығы анықталды.

Төменде көрсетілген қандай пластика әдісі НЕҒҰРЛЫМ мақсатқа сай келеді??

*филатов сабақшасымен пластика

*+ұрттық жағынан трапециятәрізді қиықпен пластика

*ерін кілегейлі қабығынан қоректендіруші аяқпен қиықтап пластика

*жұмсақ таңдайдың кілегейлі қабығынан қоректендіруші аяқпен қиықтап пластика

*альвеолярлы өсінді кілегейлі қабығынан қоректендіруші аяқпен қиықтап пластика

# 492

*!Ер кісі 40 жаста. Қатерсіз түзілісті алып тастағаннан кейін ( қатты таңдай хондромасы) 3 ай алдын қаты таңдайында диаметрі 2 см ақау анықталды.

Төменде көрсетілген қандай пластика әдісі НЕҒҰРЛЫМ мақсатқа сай келеді?

*таңдайдан көпіртәрізді қиық

*ұрттан қоректендіруші аяқпен бірқабатты қиық

*таңдайдан қоректендіруші аяқпен көшірмелі қиық

*ерін кілегейлі қабығынан қоректендіруші аяқпен бірқабатты қиық

*+таңдайдан қоректендіруші аяқпен артерия бар аралдық қиық

# 493

*!40 жастағы ер адам аузының ашылмауына шағымданып келді.8 ай алдын жарақат алған. Қарап тексергенде бет ассиметриясы, сыртқы есту түтігі арқала сипап тексергенде, самай – төменгң жақ буынының толық қозғалыссыздығы анықталды. Рентгенде буын аймағында және оң жақ бет сүйегі доғасында біртекті интенсивті көлеңке анықталды.

Төменде көрсетілген пластика әдісінің қайсысы сүйек фрагменттерін ажырату үшін НЕҒҰРЛЫМ мақсатқа сай келеді?

*филатов сабақшасымен

*+пластмассалы қалпақшасы

*самай бұлшықетінен қиық

*шайнау бұлшықетінен қиық

*құрсақ бұлшықетінен қиық

# 494

*!40 жастағы ер адам мұрнының ақауына шағымдавнып келді. Бір жыл алдын мұрынның тістелген жарасына БХӨ жүргізілген. Қарап тексергенде мұрынның тотальды ақауы анықталды.

Маңдайға қиықпен ринопластика жасаудың қандай әдісі НЕҒҰРЛЫМ мақсатқа сай келеді?

*польшалық әдісі

*испандық әдісі

*қытай әдісі

*+индиялық әдісі

*итальяндық әдісі

# 495

*! Әйел кісі 6 ай бұрын ДТП мен жарақат алғаннан кейін калған ұртының оң жақ бөлігінде деформирленген тыртыққа шағымданып келді. Науқас тыртықты кесуді жергілікті жансыздандыру арқылы жүргізуді жоспарлады.

Деформирленген тыртықты кесуді жүргізгеннен кейін бет терісіне тігісті жара жиегінен қандай арақашықтықта жасау НЕҒҰРЛЫМ мақсатқа сай келеді?

*0,5 мм

*+5 мм

*10 мм

*15 мм

*20 мм

# 496

*!46 жастағы ер адам көзіндегі косметикалық ақауға шағымданып келді. Бір жыл бұрын көзі оқтан жарақат алған. Қарап тексергенде: қабағының тотальды ақауы, көз алмасының жойылуы. Науқасқа көз протезі үшін ложа құру операциясын жасау жоспарланды.

Төменде көрсетілген қандай пластика әдісін жасау НЕҒҰРЛЫМ мақсатқа сай болады?

* аяққа қиықпен пластика

*+ Филатов сабақшасымен пластика

* еркін тері трансплантатымен пластика

* үшбұрышты қиықпен пластика

* Диффенбах бойынша үшбұрышты қиықпен пластика

# 497

*!42 әйел косметикалық ақауға шағымданып келді.Жарты жыл бұрын беті термиялық күйік алған. Қарап тексергенде бетінің оң жақ бөлігінде тыртық, күйіктен кейінгі төменгі қабағының айналуы 3 дәрежелі.Тыртықты жоюдың бірнеше кезеңдері жоспарланды. Бірінші операцияда күйіктен кейінгі төменгі қабағының тыртықты айналуын қалпына келтіру жопарланды.

Төменде көрсетілген қандай операция бірінші кезеңде тыртықты жоюда НЕҒҰРЛЫМ мақсатқа сай келеді?

*аяққа қиықпен пластика

*Филатов сабақшасымен пластика

*еркін тері трансплантатымен пластика

*+үшбұрышты қиықпен пластика

* Диффенбах бойынша үшбұрышты қиықпен пластика

#498

*!25 әйел кісі бетінің оң жақ бөлігіндегі косметикалық ақауға шағымданып келді.Қарап тексергенде: күйіктен қалған тыртықтан оң жақ ауыз бұрышы төмен түскен(сау жағымен салыстырғанда 1,3 см).

Төменде көрсетілген қандай операция НЕҒҰРЛЫМ мақсатқа сай келеді?

*теріні еркін ауыстыру

*Филатов сабақшасымен пластика жасау

*«топориком» лоскутымен пластика

*теріге «тілтәрізді» қиықпен пластика

*+үшбұрышты қиықпен пластика

# 499

*!34 жастағы әйел кісі көп уақыт бұрын алған жарақатынан кейн қалған бетіндегі деформацияға шағымданып келді.Қарпа тексергенде сол жақ мимикалық бұлшықетінің салдануы анықталды.

Төменде көрсетілген қандай операция НЕҒҰРЛЫМ мақсатқа сай келеді?

*+миопластика

*липопластика

*нейропластика

*дермопластика

*дермомайланған пластика

# 500

*! Клиникаға 37 жастағы әйел кісі аяғындағы қоңыр түсті мойнындағы көптеген ұсақ түзілістерге шағымданып келді. Оларды алып таста у көрсетілген.

Төмендегі көрсетілген қандай әдіс НЕҒҰРЛЫМ мақсатқа сай келеді?

*физиотерапия

*криодеструкция

*+электрокоагуляция

*консервативті ем

*хирургиялық кесу

ТЕРАПИЯ

#1

*! Альвеола өсіндісінің сүйек тіні патологиялық өзгерістерге ұшыраған жағдайда орын алатын кеуектену, сорылу және склероздану үрдістерінің ауырлығын анықтау үшін төменде берілген тексеру әдістерінің қайсысын жүргізген тиімді?

* реографиялық ідіс

* биомикроскопиялық әдіс

* + эхоостеометриялық әдіс

* трансиллюминациялық әдіс

* полярографиялық әдіс

#2

*! Қызылиектің қабынуы кезіндегі Ненов әдісі бойынша анықталған қызылиек сайындағы сұйықтықтың мөлшері:

* 0,03-0,1 мг

* 0,2 мг

* + 0,1-0,3 мг

* 0,09-0,1 мг

* 0,08-0,2 мг

#3

*! Құрамында 5 мл 40% формалин, 20 мл глицерин және 75 мл дистилденген су бар ерітіндімен ылғалданған білік пародонтальдық қалтаға қандай мақсатта енгізіледі?

* пародонтальдық қалтаны анықтау үшін

* қызылиек қабынуының қарқындылығын анықтау үшін

* + қызылиек сайы эпителийінің бүтіндігін анықтау үшін

* қызылиек қантамырларының өткізгіштігін анықтау үшін

* пародонтальдық қалтадағы іріңді жалқықты анықтау үшін

#4

*! Қызылиектегі қанайналымын анықтау үшін қолданылатын НЕҒҰРЛЫМ тиімді әдіс:

* кіреукені тікелей бояу әдісі

* + реопародонтографиялық әдіс

* термометриялық әдіс

* полярографиялық әдісі

* эхоостеометриялық әдіс

#5

#6

*! 39 жастағы емделуші қызылиегінің қатты ауыратындығына, тағам шайнау және жұтынудың қиындауына, дене температурасының 38,50 С көтерілгеніне шағымданады. Қарап тексергенде: бет терісі бозгылт , ауыз ішінен ұнамсыз иіс шығады. Жақасты лимфа түйіндері ұлғайған, сипап тексергенде ауырады, қызылиек төменгі тістер аймағында қатты қызарған, бүртіктері өліеттеніп кір-сұр түстенген, сүңгілеп тексергенде қатты ауырады және қанайды. Диагнозды нақтылау үшін төменде берілген тексеру әдістерінің қайсысын жүргізген тиімді?

* ПЦР-нақтамалау

* + Қан құрамын жалпы талдау

* Иммуноферментті анализ

* Цитологиялық зерттеу

* Бактериологиялық зерттеу

#7

*! Төменде берілген авторлардың қайсысы тіс қағының қалыңдығын тістердің мойындары аймағында анықтауды ұсынған?

* + Сильнесс-Лоэ

* Грин-Вермиллион

* Рамфьорд

* Рассел

* Федоров-Володкина

#8

*! Беті құрғатылған тіл үстінің кілегей қабығы бетіне иньекциялық иненің көмегімен ( ені=0, 2 мм) 0,6% Тильманс бояуының (дихлорфенолиндофенолин) бір тамшысын тамызады. Пайда болған дақтың 16-20 секөндтен көбірек уақытта түссізденуі организмде С дәруменінің тапшылығын көрсетеді. Сипатталған функциональдық зерттеу әдісі қалай аталады?

* + Яковец жетілдірген тіл сынамасы (Роттер сынамасы)

* Шиллер Писарев сынамасы

* Кулаженко сынамасы

* Ясиновский сынамасы

* Айнамо сынамасы

#9

*! Кулаженко вакуумдық сынамасы жоғарғы жақ азу тістері тұсындағы қызылиекке жүргізілгенде гематомалар 30-40 секөндте пайда болды. Төменде берілген патологиялық өзгерістердің қайсысы орын алған?

* тіс-қызылиек бекімінің бұзылуы

* сүйек қалтасының пайда болуы

* + қызылиек қантамырларының өткізгіштігінің жоғарылауы

* тістераралық қалқан сүйектердің сорылуы

* сүйек тінінің тығыздығының төмендеуі

#10

*! Төменде берілген сынамалардың қайсысы лейкоциттердің ауыз ішіне көшу деңгейін (эмиграция лейкоцитов) анықтауға арналған?

* Айнамо сынамасы

* + Ясиновский сынамасы

* Кулаженко сынамасы

* Шиллер-Писарев сынамасы

* Роттер сынамасы

#11

*! Электроодонтометриялық зерттеу жүргізген кезде төменде берілген тіс тіндерінің қайсысының электрқозғышты анықталады?

*+ тіс ұлпасының

* тіс кіреукесінің

* тіс цементінің

* тіс дентинінің

* периодонттың

#12

*! Қараңғы бөлмеде аппарат ЛГ-75 арқылы жоғарғы жақ орталық күрек тісіне жарық шоғырын түсірген кезде, тістің ерінжақ бетінің мойын аймағында жарық сөніп, қараңғы ошақ пайда болды. Төменде берілген әдістердің қайсысы жүргізілді?

* тісті тікелей бояу әдісі

* + трансиллюминациялық әдіс

* рентгенографиялық әдіс

* электроодонтометриялық әдіс

* термотест

#13

*! Пародонт қабынуы кезінде альвеола өсіндісіндегі деструкциялық өзгерістердің ауырлығын анықтау үшін төменде берілген тексеру әдістерінің қайсысын қолданған тиімді?

* + рентгенографиялық әдіс

* фотоплетизмографиялық әдіс

* электроодонтометриялық әдіс

* люминесценттік әдіс

* реодентографиялық әдіс

#14

*! Ұлпаның өміршеңдігін анықтайтын әдіс:

* фотоплетизмографиялық әдіс

* рентгенографиялық әдіс

* +электроодонтометриялық әдіс

* реопародонтографиялық әдіс

* эхоостеометриялық әдіс

#15

*! Төменде берілген әдістердің қайсысының көмегімен ауыз кілегей қабығындағы микроциркуляциялық өзгерістерді анықтауға болады?

* эхоостеометриялық әдіс

* + биомикроскопиялық әдіс

* реодентографиялық әдіс

* люминесценттік әдісдентин

* трансиллюминациялық әдіс

#16

*! Ұлпа қантамырларының функциональдық жағдайын анықтайтын әдіс:

* + реодентографиялық әдіс

* эхоостеометриялық әдіс

* биомикроскопиялық әдіс

* полярографиялық әдіс

* фотоплетизмографиялық әдіс

#17

*! Пародонт тіндеріндегі қантамырлардың функциональдық жағдайын анықтауға арналған әдіс:

* фотоплетизмографиялық әдіс

* реодентографиялық әдіс

* + реопародонтографиялық әдіс

* биомикроскопиялық әдіс

* полярографиялық әдіс

#18

*! Төменде берілген тексеру әдістерінің қайсысы тіндердің оттегімен қамтамасыз етілу дәрежесін анықтауға арналған?

* реодентографиялық әдіс

* реопародонтографиялық әдіс

* эхоостеометриялық әдіс

* + полярографиялық әдіс

* биомикроскопиялық әдіс

#19

*! Еріннің кілегей қабығы бетіндегі жаралы ошақтан жағынды – таңба алынып, зертханаға жіберілді. Зерттеудің нәтижесі: акантолизденген жасушалар анықталмаған. Төмендегі тексеру әдістерінің қайсысы жүргізілді?

* микроскопиялық әдіс

* + цитологиялық әдіс

* биомикроскопиялық әдіс

* серологиялық әдіс

* морфологиялық әдіс

#20

*! Ауыз кілегей қабығының өз –өзінен ысып-күюіне, қызуына шағымданған әйел адамға зерттеу әдісі жүргізілді: таңертең ашқарында аузын жылы сумен шайқатқаннан кейін тілінің үстінен қалақшаның қөмегімен қақ қырылып алынып, зарарсыздандырылған шыны құтыға салынып, зертханаға жіберілді. Сонымен қатар алынған материалдан шыны (предметное стекло) бетіне жағынды жасалып, 10% NAOH ерітіндісімен өңделіп, микроскоптың көмегімен зерттеу жүргізілді. Төмендегі тексеру әдістерінің қайсысы жүргізілді?

* реодентографиялық әдіс

* полярографиялық әдіс

* + бактериологиялық әдіс

* биомикроскопиялық әдіс

* фотоплетизмографиялық әдіс

#21

*! «Пародонттың созылмалы жайыла қабынуы» диагнозы қойылған ер адамға қосымша тексеру жүргізілді: альвеола өсіндісіне арнаулы аппараттың көмегімен ультрадыбыс жіберіліп, ультрадыбыс импульсінің сүйекке өту уақыты анықталды ( қалыпты жағдайда –өту уақыты 0,16 секөнд). Төменде берілген қосалқы тексеру әдістерінің қайсысы жүргізілді?

* биомикроскопиялық әдіс

* + эхоостеометриялық әдіс

* полярографиялық әдіс

* реографиялық әдіс

* люминесценттік әдіс

#22

*! Стоматологиялық науқасты қосымша зерттеу әдістеріне төменде берілген әдістердің біреуінен басқасы жатады:

* микроскопиялық әдіс

* биомикроскопиялық әдіс ҚАЙТАЛАУ

* + сипап тексеру

* реодентографиялық әдіс

* цитологиялық әдіс

#23

*! Бастапқы тісжегінің диагнозын нақтылау үшін төменде берілген әдістердің қайсысын жүргізген тиімді?

* қағып тексеру

* сүңгілеп тексеру

* + кіреукені тікелей бояу әдісі

* электроодонтометриялық әдіс

* поляграфиялық әдіс

#24

*! Түбірұшы периодонты аймағындағы қабынбалы-деструкциялық өзгерістерді анықтау үшін төменде берілген тексеру әдістерінің қайсысын жүргізген тиімді?

* эхоостеометриялық әдіс

* +рентгенографиялық әдіс

* полярографиялық әдіс

* электроодонтометриялық әдіс

* люминесценттік әдіс

#25

*! Реодентографиялық әдістің негізгі мақсаты?

* + ұлпа қантамырларының функциональдық жағдайын анықтау

* периодонт қантамырларының функциональдық жағдайын анықтау

* ауыз кілегей қабығының резистенттілігін анықтау

* сүйек тінінің тығыздығын анықтау

* тіндердің оттегімен қамтамасыз етілуін анықтау

#26

*! Ұлпаның қабынуы кезіндегі қозғыштығын қандай әдіспен анықтайды?

* полярографиялық әдіс

* рентгенографиялық әдіс

* кіреукені тікелей бояу әдісі

* + электроодонтометриялық әдіс

* реодентографиялық әдіс

#27

*! Жасырын орналасқан тісжегі қуысын анықтау үшін төменде берілген тексеру әдістерінің қайсысын қолданған тиімді?

* реодентографиялық әдіс

* + рентгенографиялық әдіс

* полярографиялық әдіс

* электроодонтометриялық әдіс

* эхоостеометриялық әдіс

#131

*! Стоматологиялық науқасты сырттай тексеру кезінде төмендегі жағдайлардың біреуінен басқасы туралы мәлімет алынады:

* бет терісінің түсі

* бет терісінің тургоры

* бет пошымының симметриялылығы

* аймақтық лимфа түйіндерінің жағдайы

* + тістем түрі

#28

*! Тістердің ДДҰ ұсынған формуласы бойынша бойынша жоғарғы бірінші оңжақ кіші азу тіс белгіленеді:

* 2.4

* + 1.4

* 3.1

* 4.1

* 1.2

#29

*! 36 жастағы әйел оң жақ жоғарғы азу тісінде тамақ шайнаған кезде пайда болатын ауыру сезіміне шағымданып келді. Қарап тексергенде: 16 тісінде терең тісжегі қуысы анықталды, ас қалдықтарымен толған. Тісжегі қуысын сүңгілеп тексерген кезде табан аймағында ауыру сезімі анықталады. Диагнозды нақтылау үшін төменде берілген тексеру әдістерінің қайсысын жүргізген тиімді?

* тікелей бояу әдісі

* рентгенографиялық әдіс

* трансиллюминациялық әдіс

* +термометриялық әдіс

* трансиллюминациялық әдіс

#30

*! 24 жастағы емделуші тісінің бұзыла бастағанына, тағам түйірлері тығылып мазалайтынына шағымданады. Тіс қатарын қарап тексергенде 36 тісінің шайнау бетінде жабынды дентин деңгейінде тісжегі қуысы анықталды, сүңгілеп тексергенде қабырғалары тығыз, табаны жылтыр, ашық-қоңыр түстенген, ауыру сезімі анықталмайды. Клиникалық белгілер төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына сай?

* жоғары тісжегі

* қарқынды дамыған орта тісжегі

*+баяу дамыған орта тісжегі

*периодонттың созылмалы қабынуы

* қарқынды дамыған терең тісжегі

# 31

*!Жасы 26-дағы емделуші әйелдің тіс қатарын тексергенде 46 тісінің шайнау бетінде терең тісжегі қуысы анықталды. Сүңгілеп тексергенде қабырғаларында және табанында жұмсарған дентиннің қалың қабаты анықталды. Табанының барлық аймағында ауыру сезімі бар, суық су шоғыры әсерінен қысқа мерзімді ауыру сезімі туындайды. Төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына анықталған клиникалық белгілер сай келеді?

*ұлпаның жедел жартылай қабынуы

*ұлпаның созылмалы жай(фиброзды) қабынуы

*қарқынды дамыған орта тісжегі

*+қарқынды дамыған терең тісжегі

*баяу дамыған орта тісжегі

#32

*!27 жастағы емделуші жігіт төменгі сол жақ азу тісінің температуралық тітіркендіргіштерден қысқа мерзімді ауыруына және ауыру сезімінің тез басылуына шағымданады. Тіс қатарын қарап тексергенде: 37 тісте II кластық терең тісжегі қуысы анықталды. Сүңгілеп тексергенде табанында аздаған ауыру сезімі бар, сауыт қуысы ашылмаған. Анықталған клиникалық белгілерге сай диагнозды нақтылау үшін төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысынан ажыратуды қажет етеді?

*қарқынды дамыған орта тісжегі

*+ұлпаның созылмалы жай қабынуы

*баяу дамыған терең тісжегі

*жоғары тісжегі

*ұлпаның жедел жартылай қабынуы

#33

*!22 жастағы емделуші стоматологқа ауыз ішін сауықтыру үшін келген. Тіс қатарын қарап тексергенде 47 тістің шайнау бетінде ұлпамаңындағы дентин қабатында тісжегі қуысы анықталды. Сүңгілеп тексергенде қуыстың қабырғаларында жұмсарған дентин қабаты жұқа, табаны қатты және пигменттелген, ауыру сезімі анықталмайды, сауыт қуысы жабық. Анықталған клиникалық белгілер төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына тән?

*қарқынды дамыған терең тісжегі

*+баяу дамыған терең тісжегі

*қарқынды дамыған орта тісжегі

*ұлпаның созылмалы қабынуы

*периодонттың созылмалы қабынуы

#34

*!Тісжегі қуысының патологогистологиялық өзгерісін анықтау кезінде үш жарақат белдеуі анықталды: 1) ыдыраған тіндер және жұмсарған дентин белдеуі, 2) мөлдір және қалыпты дентин белдеуі, 3) үшіншілік дентин және ұлпадағы өзгерістер белдеуі. Төменде берілген аурулардың қайсысына сипатталған патогистологиялық өзгерістер тән?

*жоғары тісжегі

*+баяу дамыған орта тісжегі

*терең тісжегі

*қарқынды дамыған орта тісжегі

*асқынған тісжегі

#35

*!18 жастағы емделуші қыз төменгі оң жақ азу тісінің тәттіден ауыратынына, аузын жылы сумен шайқағаннан кейін басылатынына шағымданады. Тіс қатарын қарап тексергенде: 46 тістің шайнау бетінде терең сай анықталады, сүңгілеп тексергенде сүңгінің ұшы ілініп қалады және аздап ауырады. Сипатталған клиникалық белгілер төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына тән?

*орта тісжегі

*+жоғары тісжегі

*терең тісжегі

*кіреуке эрозиясы

* патологиялық қажалу

#36

*!Жасы 55-тегі емделуші жоғарғы оң жақ және сол жақ кіші азу тістерінің тістерін тазалаған кезде ауыратынына шағымданады. Жарты ай бұрын ескі тіс щеткасын (мәсуегін) жаңасына айырбастаған. Тіс қатарын тексергенде 14, 15, 24, 25 тістердің мойын бөліктерінде ақаулар анықталды, табандары саңылауға ұқсас, екі қабырғасы тығыз және жылтыр. Сүңгілеп тексергенде табанында аздаған ауыру сезімі анықталады. Келтірілген клиникалық белгілер төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына сай келеді?

*жоғары тісжегі

*орта тісжегі

*кіреуке эрозиясы

*+сынаға ұқсас ақау

*кіреукенің қышқылдан некроздануы

#37

*!Жасы 19-дағы емделуші қыз жоғарғы алдыңғы тістерінің түстерінің өзгергеніне (тістер дисколориті) шағымданады. Бұл өзгерістерді мектепте оқып жүрген кезде байқаған, бірақ мән бермеген. Тіс қатарын қарап тексергенде 11, 12, 21, 22 тістерінің ерін жақ беттерінде әртүрлі көлемді, шекаралары тегіс емес шашырай орналасқан сары, сары-қоңыр түсті дақтар анықталады. Дақтар беті тегіс, сүңгі еркін жылжиды және ауыру сезімі жоқ. Берілген клиникалық белгілер төмендегі болжамды диагноздардың қайсысына тән?

*кіреуке гипоплазиясы

*кіреукенің қышқылдан некроздануы

*сынаға ұқсас ақау

*+тістер флюорозы, дақты түрі

*жетілмеген амелогенез

#38

*!Жасы 56-дағы емделуші ер адам екі жақ самай-төменгі жақ буындарының аузын ашып-жапқанда ауыратындығына, сыртылдаған дыбыс беретіндігіне және тістерінің биіктігінің төмендейа бастағанына шағымданады. Қарап тексергенде: алдыңғы тістерінің ұзындығы 2/1 бөлігіне жуық қысқарған, кіші және үлкен азу тістерінің шайнау төмпешіктері толығымен жойылған. Екі жақ самай-төменгі жақ буындарын сипап байқағанда аздап ауырады. Буындардағы ауыру сезімінің туындауына төменде берілген патологиялық жағдайлардың қайсысы себеп болуы мүмкін?

*тістер флюорозы

*кіреуке гипоплазиясы

*кіреуке эрозиясы

*+тістердің атологиялық қажалуы

*кіреукенің қышқылдан некроздануы

#39

*!Жасы 40-тағы емделуші жоғарғы алдыңғы тістерінің тәтті, қышқыл тағам жеген кезде ауырып, әсер тоқтаған кезде басылатынына шағымданады. Бір айдан бері қалқанша бездің аутоиммундық қабынуы диагнозымен емдеу курсын қабылдап жүр екен. Тіс қатарын қарап тексергенде: 11, 12, 21, 22 тістердің ерін жақ беттерінде дентин деңгейінде тістер экваторларына жақын аймақта сопақ пішінді, қабырғалары мен табандары қатты және жылтыр, аумақтары 2,5х2мм дей ақаулар анықталады және олар бір деңгейде орналасқан. Сүңгілеп тексергенде табандары аздап ауырады. Клиникалық белгілер төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына тән?

*кіреуке гипоплазиясы

*патологиялық қажалу

*тістер флюорозы

*сынаға ұқсас ақау

*+кіреуке эрозиясы

#40

*! 36 жастағы емделуші әйелге 16 тісінде «ұлпаның созылмалы жай қабынуы» деген диагноз қойылды.Тісжегі қуысы тістің шайнау бетінде орналасқан. Емдеу шаралары жүргізілді: инфильтрациялық және таңдайлық анастезия жасалынды, тісжегі қуысы егеліп- тазаланды, сауыт және түбір ұлпасы алынды, түбір өзегі ұсақ аспаптармен, дәрілермен өңделді және пломбыланды, тұрақты пломбы қойылды. Қандай емдеу әдісі жүргізілді?

* консервативтік әдіс

* + витальді экстирпациялау әдісі

* девитальді ампутациялау әдісіКЕРЕК

* девитальді экстирпациялау әдісі

* девитальді аралас әдіс

#41

*! Жасы 23- тегі емделушіге 26 тісінде «ұлпаның жартылай жедел қабынуы» деген диагноз қойылды.Тісжегі қуысы тістің шайнау бетінде орналасқан. Емделушінің дені сау. Емдеу шаралары жүргізілді: инфильтрациялық және таңдайлық анестезия жасалынды, тіжегі қуысы асептикалық жағдайда егеліп тазаланды, антисептиктер ерітіндісімен өңделіп, кептірілді, емдік төсем қойылып, уақытша пломбымен жабылды. Қандай емдеу әдісі жүргізіле басталды?

* + Консервативтік әдіс

* Витальді экстирпациялау әдісіКЕРЕК

* Витальді ампутациялау әдісі

* Девитальді экстирпациялау әдісі

* Девитальді аралас әдіс

#42

*! Жасы 24-тегі қыз бала 46 тісінің ыстық және суықтан ұзақ ауыратынына шағымданады. Қарап тексергенде: тістің ұрт жақ бетінің мойын бөлігінде сауыт қуысымен байланыспаған терең тісжегі қуысы анықталды, сүңгілеп тексергенде табанында ауыру сезімі бар, қағып тексергенде ауырмайды. Суық су шоғырымен әсер еткенде ұзаққа созылатын сыздаған ауыру сезімі пайда болды. Созылмалы ілеспелі аурулары жоқ . Төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысы сипатталған клиникалық белгілерге сәйкес және қандай емдеу әдісін жүргізген тиімді?

* ұлпаның созылмалы жай қабынуы, консервативтік әдіс

* + ұлпаның созылмалы жай қабынуы, витальді экстирпациялау әдісі

* ұлпаның созылмалы шіри қабынуы, витальді экстирпациялау әдісі КЕРЕК

* ұлпаның созылмалы жай қабынуы, витальді ампутациялау әдісі

* ұлпаның созылмалы жай қабынуы, витальды ампутациялау әдісі

#43

*! 26 жастағы жігіт 46 тісінің тағам қабылдаған соң ұзақ уақыт сыздап ауыратынына шағымданады. Қарап тексергенде: 46 тістің шайнау бетінде тісжегі қуысы анықталды, сауыт қуысымен байланысқан. Сүңгілеп тексергенде ашылған ұлпа мүйізшесі ауырады, ұлпа көкшілдеу-қызыл түсті, қағып тексергенде тіс ауырмайды, суық сумен тексергенде ұзақ ауырады. Дені сау, бойында созылмалы аурулары жоқ. Cипатталған клиникалық белгілер төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына тән. Қандай тиімді емдеу әдісін жүргізуге болады?

* ұлпаның жедел жартылай қабынуы,консервативтік әдіс

* + ұлпаның созылмалы жай қабынуы, консервативтік әдіс

* ұлпаның созылмалы жай қабынуы, витальді экстирпациялау әдіс КЕРЕК

* ұлпаның созылмалы шіри қабынуы, витальді экстирпациялау әдісі

* ұлпаның созылмалы жай қабынуы, витальді ампутациялу әдісі

#44

*! 24 жастағы емделуші 26 тісіндегі тағам шайнаған кезде пайда болатын және ұзаққа созылатын сыздаған ауыру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: шайнау бетінде тісжегі қуысы анықталды, тіс қуысымен байланысқан, сүңгілеп тексергенде ауырады, қағып тексергенде ауыру сезімі байқалмайды, температуралық тітіркендіргіштерге ұзақ ауырады. Урологта созылмалы пиелонефрит диагнозымен диспансерлік есепте тұрады. Лидокаинге аллергиясы бар. Сипатталған клиникалық белгілер төменде берілген диагноздардың қайсысына сәйкес және қандай емдеу әдісін жүргізген тиімді?

* ұлпаның созылмалы жай қабынуы, консервативтік әдіс

* ұлпаның созылмалы жай қабынуы, витальді экстирпациялау әдісі

* ұлпаның созылмалы шіри қабынуы, витальді экстирпациялау әдісі

* + ұлпаның созылмалы жай қабынуы, девитальді экстирпациялу әдісі

* ұлпаның созылмалы қабынуының өршуі, девитальды экстирпациялау әдісі

#45

*! Дәрігер-стоматологқа тісі ауырып келген 28 жастағы жігітке «26 тісінде ұлпаның созылмалы жай қабынуы» деген диагноз қойылды. Тісжегі қуысы тістің алдыңғы бетінде шайнау бетіне ауыса орналасқан. Келесі емдеу шаралары жүргізілді: убистезин-форте 4% ерітіндісімен инфильтрациялық және таңдайлық жансыздандырудан кейін тісжегі қуысы егеліп- тазаланды, біріншілік эндодонтиялық жол ашылды, өзек сағалары кеңейтіліп, түбір ұлпасы алынды, түбір өзектеріне эндодонтиялық және дәрілермен өңдеу жүргізілді және пломбыланды, тұрақты пломбы қойылды. Төменде берілген емдеу әдістерінің қайсысы жүргізілді ?

* консервативтік әдіс

* + витальды экстирпациялау әдісі

* девитальды экстирпациялау әдісі

* девитальды ампутациялау әдісі

* девитальды аралас әдіс.

#46

*! Дәрігер-стоматологқа тісі ауырып келген, қояншық ауруымен ауыратын 22 жастағы жігітке 46 тісінде «ұлпаның созылмалы жай қабынуы» диагнозы қойылды. Тісжегі қуысы тістің артқы бетінде шайнау бетіне ауыса орналасқан. Емдеу шаралары жүргізілді: апликациялық анестезияның көмегімен тісжегі қуысы жартылай егеліп-тазаланды, ашылған ұлпа мүйізшесіне «Deviteс» қойыртпағы қойылып, бір аптаға уақытша пломбымен жабылды. Төменде берілген емдеу әдістерінің қайсысы жүргізіле басталды?

* консервативтік әдіс

* витальді экстирпациялау

* + девитальді ампутациялау әдісі

* девитальді экстирпациялау әдісі

* витальді аралас әдіс

#47

*! Жүрегінің митральды клапанының жетіспеушілігінің теңгерілмейтін түрімен сырқат 28 жастағы әйелге 46 тісінде « ұлпаның созылмалы жай қабынуы» деген диагноз қойылды. Тісжегі қуысы тістің шайнау бетінде орналасқан. Аппликациялық жансыздандырудың көмегімен егеп тазаланды, ұлпа мүйізшесіне «Deviteс» пастасы бір аптаға қойылып, уақытша пломбымен жабылды. Ұлпа қабынуын емдеудің төменде берілген әдістерінің қайсысы жүргізіле басталды?

* консервативтіr әдіс

* витальді экстирпациялау әдісі

* девитальді ампутациялау әдісі

* +девитальді экстирпациялау әдісі

* девитальді аралас әдіс

#48

*! Тісі ауырып дәрігер-стоматологқа емделуге келген 37 жастағы ер адамға 45 тісінде «ұлпаның жедел іріңді қабынуы» деген диагноз қойылды. Тісжегі қуысы тістің шайнау бетінде орналасқан. Емделушінің дені сау, анестетиктерге аллергиясы жоқ. Ұлпа қабынуын емдеудің төменде берілген әдістерінің қайсысын жргізген тиімді болады?

* консервативтік әдіс

* + витальді экстирпациялау

* девитальді ампутациялау

* девитальді экстирпациялау

* девитальді аралас әдіс

#49

*! 24 жастағы қызбалаға 27 тісінде «ұлпаның жедел жартылай қабынуы» деген қойылды. Тісжегі қуысы тістің шайну бетінде орналасқан. Емделушінің дені сау, тістің электрқозғыштығы 35 мка, анестетиктерге аллергиясы жоқ. Төменде берілген емдеу әдістерінің қайсысын жүргізген тиімді?

* + консервативтік әдіс

* ұлпаны жартылай сақтау әдісі

* девитальді ампутациялау

* девитальді экстирпациялау

* девитальді аралас әдіс

#50

*! 56 жастағы ер адамға 17 тісінде «ұлпаның созылмалы жай қабынуы» деген диагноз қойылды. Тісжегі қуысы тістің алдыңғы бетінде шайнау бетіне ауыса орналасқан. Емделушінің жүрегіне жақында шунттау отасы жасалған. Төменде берілген емдеу әдістерінің қайсысын жүргізген және қандай дәрілік зат қолданған тиімді?

* консервативтік әдіс, цинкоксидоэвгенольді емдік төсем

* консервативтік әдіс, антибиотик құрамды емдік төсем

* девитальді экстирпациялау әдісі, мышьяк ангидриді құрамды қойыртпақ

* девитальді экстирпациялау әдісі, «Deviteс» қойыртпағы

* + девитальді ампутациялау әдісі, «Deviteс» қойыртпағы

#51

*! Тісі өз бетімен ауық-ауық ауырып мазалаған жасы 22-гі жігітке 36 тісінде «ұлпаның жедел жартылай қабынуы» деген диагноз қойылды. Тісжегі қуысы тістің шайнау бетінде орналасқан. Емделушінің дені сау, бойында созылмалы аурулары жоқ. Төменде берілген емдеу әдістерінің тиімдісі қайсы және оны таңдауға мүмкіндік беретің қосымша тексеру әдісі:

* витальді экстирпациялау,термотест

* девитальды экстирпациялау әдісі, рентгендік зерттеу

* + консервативтік әдіс, электроодонтометрия әдісі

* витальді ампутациялау әдісі, термотест

* витальді аралас әдіс, электроодонтометрия

#52

*! Ұлпа қабынуын консервативтік әдіспен емдеу барысында төменде берілген қателіктердің біреуінен басқасы жиі жіберілетін қателіктер қатарына жатады:

* диагностикалық қателік

* дәрілік препараттарды дұрыс таңдамау

* тісжегі қуысын егеп -тазалау ережесін сақтамау

* + асептика ережесін сақтау

* емдеу шараларының реттілігінің бұзылуы

#53

*! Ұлпаның жедел қабынуы кезінде бөлінген биологиялық белсенді заттардың әсерінен дамитын патологиялық үрдіс:

*+Ұлпаның қан тамырларының өткізгіштігінің жоғарылауы

*Алкалоз белгілері

*Ацидоз белгілері

*Ұлпаның склероздануы

*Альтерациялану үрдістері

#54

*! Ұлпа қабынуын емдеу кезінде асқынуға алып келетін қателіктерге төмендегі аталғандардың біреуінен басқасының барлығы жатады:

*асептика және антисептика ережелерін сақтамау

* + ұлпаны жарақаттап алу

*өзектен аққан қанды толық тоқтатпау

*түбір өзектерін өңдеу үшін антисептиктерді дұрыс таңдамау

* біріншілік эндодонттық жолды дұрыс ашпау

#55

*! Ұлпа қабынуын витальды экстирпациялау әдісімен емдеу кезінде жиі орын алатын асқынуларға төменде аталғандардың біреуінен басқасының барлығы жатады:

* түбір өзегінде эндодонттық аспаптың сынуы

* өзек қабырғасының тесілуі

* периодонтты жарақаттап алу

*+ түбір өзегінің физиологиялық тарылымға дейін пломбылануы

* түбірұшы тесігі сыртында гематома пайда болуы

#56

*! Ұлпа қабынуын девитальды әдіспен емдеу кезіндегі жиі асқынуларға төменде берілгендердің біреуінен басқасының бәрі жатады:

* девитализдеуші қойыртпақты қойғаннан кейін ауыру сезімінің күшеюі

* қызылиек бүртігінің қабынуы,

* + қойыртпақты қойғаннан кейін ауыру сезімінің басылуы

* ампутациялаудан кейін түбір өзегі сағасында ауыру сезімінің болуы

* ұлпаны экстирпациялағаннан кейін өзектен қан ағуы

#57

*! Ұлпа қабынуын девитальды әдіспен емдеу кезінде қолданылатын ұлпаны ұзақ әсер ете отырып өліеттендіретін қойыртпақ (паста):

* тимолды қойыртпақ

* эвгенол-тимолды қойыртпақ

* цинкэвгенольды қойыртпқ

* + параформды қойыртпақ

* резорцин-формалинді қойыртпақ

#58

*! Ұлпа қабынуын девитальды әдіспен емдеу кезінде қолданылатын ұлпаны қысқа уақыт әсер ете отырып өліеттендіруші қойыртпақ:

* иодоформды қойыртпақ

* триоксиметиленді қойыртпақ

* + мышьякты қойыртпақ

* тимолды қойыртпақ

* йодоформтимолды қойыртпақ

#59

*! Девитальды және витальды ампутациялау әдістерін жүргізгеннен кейін түбір ұлпасын жабу үшін төменде аталған емдік қойыртпақтардың біреуінен басқасының бәрі қолданылады :

* мумификациялаушы

* метаплазиялаушы

* мырыштотығы-эвгенол құрамды

* кальцийсутотығы құрамды

* + ауыру сезімін басушы

#60

*! Ұлпаны мумификациялаушы қойыртпақтарға төменде берілгендердің біреуінен басқасының барлығы жатады:

* резорцин-формалинді (ex tempore дайындалған)

* крезодент

* форедент

* форфенан

* + гринозол

#61

Девитальді ампутациялау әдісін жүргізу кезінде түбір ұлпасының тұқылын жабу үшін қолданылатын метаплазиялаушы қойыртпақтарға төменде берілгендердің біреуінен басқасының бәрі жатады:

* + йодоформды

* тимолды

* йодоформтимолды

* триоксиметиленді

* эвгенолтимолды

#62

*! Жақын арада миокард инфарктымен ауырған жасы 65-тегі ер адамның 26 тісінде ұлпаның қабынуына емдеу шаралары жүргізіле басталды. Аппликациялық жансыздандырудың көмегімен тісжегі қуысынан жұмсарған дентин алынып, ұлпаның алдыңғы-ұрт мүйізшесі ашылып, мышьякты қойыртпақ және уақытша пломбы қойылды. Емделушіге төменде берілген емдеу әдістерінің қайсысын жүргізіген тиімді?

* витальды экстирпациялау

* девитальды экстирпациялау

* + девитальды ампутациялау КЕРЕК

* консервативтік әдіс

* витальді ампутациялау

#63

*! Гемофилиямен ауыратын 21 жастағы жігіттің 36 тісіне дәрігер-стоматолог ұлпаның созылмалы жай қабынуы бойынша ем жүргізе бастады. Тісжегі қуысынан жұмсарған дентинді алғаннан кейін ашылған ұлпа мүйізшесіне ұлпаны өліеттендіруші қойыртпақ және уақытша пломбы қойды. Қандай өліеттендіруші қойыртпақты және төменде берілген емдеу әдістерінің қайсысын таңдағантиімді?

* витальды ампутациялау, мышьякты қойыртпақ

* консервативтік әдіс, емдік төсем

* витальді ампутациялау, анестетик КЕРЕК

* витальды экстирпациялау, анестетик

* + девитальды ампутациялау, параформды қойыртпақ

#64

*! Дәрігер-стоматологқа тісі ауырып емделуге келген 70 жастағы ер адамға 36 тісінде «ұлпаның созылмалы шіри қабынуы» диагнозы қойылып, емдеу шаралары жүргізіле басталды. Тісі сырқат адам жүрек-қантамыр жетіспеушілігінің теңгерілімсіз түрімен ауырады. Дәрігер-стоматолог төменде берілген емдеу әдістерінің қайсысын таңдауы керек?

* витальді экстирпациялау

* витальды ампутациялау

* + девитальды ампутациялау

* девитальды аралас әдіс

* консервативтік әдіс

#65

*! Жасы 24-тегі дені сау жігіт дәрігер-стоматологқа 26 тісі ауырып келді және «ұлпаның жедел жартылай қабынуы» деген диагноз қойылып, уақытша жансыздандырылғаннан кейін тістің шайнау бетіндегі тісжегі қуысы егеліп-тазаланды, антисептиктер ерітінділерімен өңделіп, кептірілгеннен кейін тісжегі қуысы табанына кальций сутотығы құрамды емдік төсем және уақытша пломбы қойылды.Төменде берілген ұлпа қабынуын емдеу әдістерінің қайсысы таңдалды және емдеудің қай кезеңі жүргізілді?

* витальді ампутациялау, II-кезең

* витальді экстирпациялу, I-кезең КЕРЕК

* + консервативтік әдіс, I-кезең

* девитальді экстирпациялау әдісі, I-кезең

* девитальді аралас әдіс, I-кезең

#66

*! 35 жастағы әйелдің 34 тісінде ұлпа қабынуы бойынша емдеу шаралары жалғастырылды. Ұлпа алдын-ала өлеттендірілген, тісжегі қуысы егеліп-тазаланды, сауыт және түбір ұлпалары толық алынды, түбір өзектеріне ұсақ аспаптармен, антисептиктермен өңдеу жүргізілді және пломбыланып, тұрақты пломбы қойылды. Төменде берілген емдеу әдістерінің қайсысы жүргізілді және қай кезеңі орындалды?

* витальді ампутациялау, I-кезең

* витальді экстирпациялу, II-кезең

* +девитальді экстирпациялау, II-кезең

* консервативтік әдіс, II-кезең

* девитальді ампутациялау, II-кезең

#67

*! Жедел лейкозбен сырқат 32 жасар науқас дәрігер- стоматологқа 25 тісінде тітіркендіргіштер әсерінен пайда болатын және ұзаққа созылатын сыздаған ауыру сезіміне шағымданып келді және 25 тісінде «ұлпаның созылмалы жай қабынуы» деген диагноз қойылды. Төменде берілген емдеу әдістерінің қайсысын таңдаған және қандай физикалық әдістерді қосарлап қолданған тиімді?

* консервативтік әдіс, электрофорездеу

* витальді ампутациялау әдісі, диатермокоагуляциялау

* + девитальді экстирпациялау, түбір ұлпасын диатермокоагуляциялап алу

* девитальді ампутациялау әдіс, фонофорездеуі

* витальді экстирпациялау әдісі

#68

*! Дәрігер-стоматологқа 50 жастағы созылмалы лейкозбен ауыратын ер адам 16 тісінің ауыратынына шағымданып келді және «ұлпаның созылмалы шіри қабынуы» деген диагноз қойылды. Төменде берілген емдеу әдістерінің қайсысын жүргізген және қандай дәрілік препарат қолданған тиімді?

* витальды экстирпациялау әдісі, убистезин

*+ девитальді ампутациялау, мышьяксыз девитек қойыртпағы

* консервативтік әдіс, дайкал

* витальді аралас әдіс, лидокаин

* витальді ампутациялау, убистезин

#69

*! 70 жастағы ер адам дәрігер- стоматологқа 46 тісінің ыстықтан және суықтан ұзақ ауыратынына шағымданып келді, гипертонияның теңгерілімсіз сатысымен ауырады. Қарап тексеру нәтижесінде 46 тісінде «ұлпаның созылмайы жай қабынуы» деген диагноз қойылды.Төменде берілген емдеу әдістерінің қайсысын жүргізген тиімді?

* витальды аралас әдіс

* витальді экстирпациялау

* + девитальді ампутациялау

* витальді ампутациялау

* консервативтік әдіс

#70

*! Науқас 65 жаста, жүректің ишемиялық ауруымен (ИБС) және стенокардиямен ауырады, 14 тісінде «ұлпаның созылмалы шіри қабынуы» деген диагноз қойылды. Төменде берілген емдеу әдістерінің қайсысын жүргізген тиімді?

* консервативтік

* аралас

* девитальді экстирпациялау

* + девитальді ампутациялау

* витальді экстирпациялау

#71

*! Жасы 38-дегі әйелдің 23 тісінде ұлпа қабынуын емдеу кезінде түбір ұлпасын экстирпациялағаннан кейін өзектен қан ағуы байқалды. Төменде берілген факторлардың біреуінен басқасы қан ағуға себепші болып саналады?

* ұлпада жыртылған жарақат бетінің қалыптасуы

* ұлпаны толық экстирпацияламау

* анықталмаған қан ауруы

* + түбір ұшы сағасын толық кеңейтпеу

* түбір ұлпасының түбірұшы сыртында үзілуі

#72

*! 35 жастағы ер адам агранулоцитозбен ауырады, дәрігер-стоматологқа 25 тісінің ауыратынына шағымданып келді және « ұлпаның жедел іріңді қабынуы» деген диагноз қойылды.Төменде берілген емдеу әдістерінің қайсысын жүргізген тиімді?

* аралас әдіс

* + витальды экстирпациялау әдісі (түбір ұлпасын диатермокоагуляциялаудан кейін)

* витальды ампутациялау

* девитальды ампутациялау

* девитальды экстирпациялау

#73

*! Дәрігер-стоматологқа тісінің өз бетімен ауық-ауық ауырып мазалайтынына шағымданып келген 20 жастағы жігітке 16 тісінде « ұлпаның жедел жартылай қабынуы» деген диагноз қойылды. Осы қабылдауда емдеу шаралары жүргізілді: уақытша жансыздандырудан кейін асептика және антисептика ережелері сақтала отырып тісжегі қуысы егеліп-тазаланды, ұлпа мүйізшесі ашылды, антисептикалық өңдеу жүргізілді, ұлпа мүйізшесі тұсына антибиотик құрамды қойыртпақ және уақытша пломбы қойылды. Стоматолог төменде берілген емдеу әдістерінің қайсысын таңдады және жүргізе бастады ?

* витальді ампутациялау

* витальды экстирпациялау

* + консервативтік әдіс

* аралас хирургиялық әдіс

* девитальді ампутациялау әдісі

#74

*! Дәрігер-стоматологқа 16 тісінің өз бетімен ауық-ауық ауыратынына, ауыру сезімінің ыстық және суықтан күшейетініне шағымданып келген 20 жастағы жігітке 16 тісте « ұлпаның жедел жартылай қабынуы» деген диагноз қойылып, консервативтік емдеу басталды және бірінші қабылдауда уақытша пломбы қойылды. Екі тәуліктен кейін тісте қайтадан өздігінен қозатын, қысқа уақытқа созылатын ауыру сезімі пайда болды. Дәрігер- стоматологтың төменде берілген емдеу әдістерінің қайсысын таңдағаны тиімді?

* консервативтік емді жалғастыру

* + ұлпаны витальді ампутациялау ( жартылай сақтау әдісі)

* ұлпаны витальді экстирпациялау

* ұлпаны девитальді ампутациялау

* ұлпаны девитальді экстирпациялау

#75

*! 28 жастағы әйелге 37 тісінде «ұлпаның созылмалы жай қабынуы» деген диагнозбен витальді ампутациялау немесе ұлпаны жартылай сақтау әдісі жүргізілді. 3 айдан кейін тісте температуралық тітіркендіргіштерден ұзаққа созылатын ауыру сезімі пайда болды. Қарап тексергенде тістегі тұрақты пломбының жағдайы қанағаттанарлық, рентген суретінде түбірұштары аймағындағы периодонт саңылауларында өзгеріс анықталмайды. Дәрігер-стоматолог төменде берілген емдеу әдістерінің қайсысын жүргізгені тиімді?

* түбір ұлпасын сақтау

* + девитальді экстирпациялау

* витальдьді экстирпациялау

* витальді аралас әдісті

* тісті жұлу

#76

*! 37 жастағы жігіттің 23 тісінде « ұлпаның толық жедел қабынуы» деген диагнозбен емдеу жүргізілді. Уақытша жансыздандырудан кейін сауыт және түбір ұлпасы алынды, түбір өзегіне ұсақ аспаптармен және дәрілермен өңдеу жүргізілді, түбір өзегі толтырылды, тұрақты пломбы қойылды. Төменде берілген емдеу әдістерінің қайсысы және қанша қабылдауда жүргізілді?

* девитальды экстирпациялау әдісі, екі қабылдауда

* + витальді экстирпациялау әдісі, бір қабылдуда

* девитальді ампутациялау әдісі, екі қабылдауда

* аралас әдіс, бір қабылдауда

* витальді ампутациялау әдісі, екі қабылдауда

#77

*! Дәрігер-cтоматологқа тісі ауырып келген 18 жастағы жедел лейкозбен сырқат жігітке 26 тісінде «ұлпаның созылмалы өсе қабынуы» деген диагноз қойылды және емдеу жүргізіле басталды: апликациялық анестезиядан кейін тісжегі қуысы егеліп-тазаланды, өскен ұлпа тіні алынды, ұлпа тұқылына параформды қойыртпақ және уақытша пломбы қойылды. Дәрігер-стоматолог төменде берілген емдеу әдістерінің қайсысын жүргізе бастады және қай кезеңін орындады?

* витальді экстирпациялау, I-кезең

* + девитальді экстирпациялау, I-кезең

* консервативтік әдіс, I-кезең

* девитальді ампутациялау, II-кезең

* витальді аралас әдіс, II-кезең

#78

*! Дәрігер-стоматологқа 58 жастағы ер адам бұзылмаған 16 тісінің ыстықтан және суықтан ұзақ ауыратынына шағымданып келді. Тіске электроодонтометриялық және рентгенографиялық зерттеу жүргізудің нәтижесінде « ұлпаның созылмалы конкременттік қабынуы» диагнозы қойылып, емдеу шаралары жүргізілді. Стоматолог тістің алдыңғы-ұрт өзегін өте алмады, сондықтан импрегнизациялау әдісін жүргізді. Төменде берілген емдеу әдістерінің қайсысы жүргізілді?

* консервативтік

* девитальді экстирпациялау

* девитальді аралас

* + витальді аралас6

#79

*! Тісінде өз бетімен пайда болатын қайта-қайта қозбалы ауыру сезімі 10-15 мин дейін созылып барып, біраз уақытқа /2-3сағ дейін/ толастайды. Ауыру сезімі түнде жиі мазалайды, ал әртүрлі тітіркендіруші ықпалдар кезексіз және біраз уақытқа созылатын ауыру сезімін туындатады. Бұл шағымдар төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына тән?

* ұлпаның жедел іріңді қабынуы

* ұлпаның толық жедел қабынуы

*+ұлпаның жедел жартылай қабынуыКЕРЕК

* ұлпаның жарақаттан қабынуы

* ұлпаның созылмалы жай қабынуы

#80

*! Емделушінің жоғарғы азу тісінде өз бетімен пайда болатын, жан-жаққа таралатын, ұзаққа созылатын /1-2 сағ-қа/ қозбалы ауыру сезімі аз уақытқа ғана /10-15 минөтке/ саябырлайды, ауыру сезімі төменгі жақ азу тістеріне беріледі. Сондықтан науқас сырқат тісін көрсетуге қиналады. Ауыру сезімі түн кезінде және әртүрлі тітіркендіруші әсерлерден күшейе түседі. Бұл шағымдар төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына тән?

* ұлпаның іріңді қабынуы

*+ ұлпаның жедел толық қабынуы

* ұлпаның жедел жартылай қабынуыКЕРЕК

* ұлпаның жарақаттан қабынуы

* ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі

#81

*! Стоматологқа емделуге келген 22 жастағы жігітті төменгі бірінші үлкен азу тісі өз бетімен толассыз солқылдап ауырып мазалайды және ауыру сезімі желкесіне, мойын аймағына беріледі, суық су әсерінен ауыру сезімі аздап басылғандай болады, ал ыстық әсерінен күшейе түседі. Бұл субьективтік белгілер төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына тән?

* ұлпаның жедел толық қабынуы

* ұлпаның жедел жартылай қабынуыКЕРЕК

* ұлпаның жарақаттан қабынуы

* ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі

* +ұлпаның жедел іріңді қабынуы

#82

*! Жасы 34-гі емделушінің оңжақ жоғарғы бірінші үлкен азу тісінде алдыңғыұрт ұлпа мүйізшесі проекциясы аймағында ауыру сезімі анықталды. Суық сумен әсер еткенде біраз уақытқа созылатын ауыру сезімі пайда болды . Тістің электр қозғыштығы 25 мка тең. Бұл клиникалық белгілер төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына тән?

* ұлпаның жедел іріңді қабынуы

* ұлпаның толық жедел қабынуыКЕРЕК

*+ ұлпаның жартылай жедел қабынуы

* ұлпаның жарақаттан қабынуы

* ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі

#83

*! Тісі қатты ауырып стоматологқа келген 35 жастағы жігіттің тіс қатарын қарап тексергенде 36 тісінде сауыт қуысымен байланыспаған терең тісжегі қуысы анықталды. Қазіргі кезде ауыру сезімі саябырлағандай болған. Сүңгілеп тексергенде қуыстың табан аймағы толығымен қатты ауырады. Суық тітіркендіргіштермен әсер еткенде ауыру сезімі пайда болды және ұзаққа созылып басылмады.Тістің электр қозғыштығы 35 мка, қағып тексергенде аздаған ауыру сезімі бар. Сипатталған объективтік белгілер төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына ЫМ тән?

* ұлпаның жедел іріңді қабынуы

*+ ұлпаның жедел толық қабынуыКЕРЕК

* ұлпаның жартылай жедел қабынуы

* ұлпаның жарақаттан қабынуы

* ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі

#84

*! Сырқат тісте терең тісжегі қуысы бар,сауыт қуысы ашылмаған. Қуыстың табанын сүңгілеп байқағанда онша ауырмайды, бірақ ұлпа мүйізшесі аймағында жұмсарған дентин оңай тесіліп , қанды-іріңді жалқық шықты және ауыру сезімі басылғандай болады. Қағып тексергенде аздаған ауыру сезімі бар. Тістің электр қозғыштығы 50 мка. Суық су әсерінен ауыру сезімі жеңілдегендей болды. Сипатталған обьективтік клиникалық белгілер төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына тән?

*+ ұлпаның жедел іріңді қабынуыКЕРЕК

* ұлпаның толық жедел қабынуы

* ұлпаның жартылай жедел қабынуы

* ұлпаның жедел жарақаттан қабынуы

* ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі

#85

*! Стоматологқа шағымдана келген 27 жастағы жігіттің қатты соғып алу әсерінен 21тісінің сауыты сынған, ашылған сауыт ұлпасы қызыл-көкшілдеу түсті және аздаған солғын- қызыл түсті сұйықтық бөлінеді, құрғақ мақта анжымен аздап кептіргенде қатты ауыру сезімі пайда болды. Қағып тексергенде тіс аздап ауырады. Келтірілген объективтік белгілер төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына тән?

* ұлпаның жедел іріңді қабынуы

* ұлпаның жедел толық қабынуыКЕРЕК

* ұлпаның жедел жартылай қабынуы

*+ ұлпаның жедел жарақаттан қабынуы

* ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі

#86

*!Гистологиялық зерттеу кезінде анықталды: ұлпаның негізгі затында көптеген микроорганизмдер орын алған, нейтрофильдік лейкоциттер, органоидтар, жасушалар еркін жатыр. Эритроциттер және макрофагтар аумақты аймаққа шоғырланған. Дентинобласттар біраз жерде жойылған. Сақталған одонтобласттар жасушаішілік дистрофиялануға ұшыраған. Сипатталған патогистологиялық өзгерістер төменде берілген аурулардың қайсысына тән?

* ұлпаның жедел іріңді қабынуы

*+ ұлпаның жедел толық қабынуы

* ұлпаның жедел жартылай қабынуы

* ұлпаның жедел жарақаттан қабынуы

* ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі

#87

*! Гистологиялық зерттеу кезінде анықталғаны: ұлпа тінінде талшықты құрылымдардың саны көбейген және қалыңдаған, жасушалық құрылымдардың, олардың ішінде дентинобласттардың саны азайған және дентинобласттар қабаты вакуольденуге ұшыраған. Қан тамырлары тарылған, ұлпада петрификатты құрылымдар анықталады, орталық қабатта жасушалар саны көбейген. Сипатталған патогистологиялық өзгерістер төменде берілген ұлпа қабынуының қай түріне тән?

* ұлпаның жедел іріңді қабынуы

*+ұлпаның созылмалы жай қабынуы

* ұлпаның жедел жартылай қабынуы

* ұлпаның созылмалы шіри қабынуы

* ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуі

#88

*! Гистологиялық зерттеу кезінде анықталғаны: ұлпа тіні қызара (гиперемиялана) домбыққан, лейкоциттердің қан тамырларында жиектей орналасуы және ұсақ қан құйылу ошақтары байқалады. Қабыну ошағында лейкоциттер мен домалақ жасушалардың шағын шоғырлары орын алған. Дентинобласттар қабатында жасушааралық және жасушаішілік домбығу, митохондрийлердің ісінуі байқалады. Бұл өзгерістер сауыт ұлпасы аймағында орналасқан. Сипатталған патогистологиялық өзгерістер төменде берілген ұлпа қабынуының қай түріне тән?

* ұлпаның жедел іріңді қабынуы

* ұлпаның созылмалы жай қабынуы

* +ұлпаның жедел жартылай қабынуы

* ұлпаның жедел жарақаттан қабынуы

* ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі

#89

*! Ұлпа тінінде микроорганизмдерге бай белгілі бір құрылымсыз аймақтар орын алған, май қышқылдары , кристаллдары, қан пигменттері кездеседі. Құрылымы сақталған ұлпа тіні грануляциялық тіннен тұратын демаркациялық білікпен оқшауланған. Білік астындағы аймақтағы ұлпада жасушалық құрылымдардың азайғаны, гиалиноздану ошақтары, коллаген талшықтарының дистрофиялық өзгеріске ұшырауы байқалады. Сипатталған патогистологиялық өзгеріс төменде берілген ұлпа қабынуының қай түріне тән?:

* ұлпаның жедел іріңді қабынуы

* ұлпаның созылмалы жай қабынуы

* ұлпаның созылмалы өсе қабынуы

* + ұлпаның созылмалы шіри қабынуы

* ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуі

#90

*! Гистологиялық зерттеу кезінде анықталғаны: тіс ұлпасында жасушаларға, дамып жетілмеген талшықты құрылымдарға бай жас грануляциялық тіннен тұратын өсікті құрылым байқалады. Біртіндеп оның бетін эпителийлі құрылым жауып, саңырауқұлаққа ұқсас пішінге ие болған. Сипатталған патогистологиялық өзгерістер төменде берілген ұлпа қабынуының қай түріне тән?:

* +ұлпаның созылмалы өсе қабынуы

* ұлпаның созылмалы жай қабынуы

* ұлпаның созылмалы шіри қабынуы

* ұлпаның жарақаттан қабынуы

* ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуі

#91

*! Ұлпаның жедел жартылай қабынуын төменде берілген аурулардың қайсысынан ажыратқан тиімді?

* ұлпаның толық жедел қабынуы

* ұлпаның жедел іріңді қабынуы

* ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі

* + қарқынды дамыған терең тісжегі

* үштік нерв невралгиясы

#92

*! Ұлпаның жедел толық қабынуын төменде берілген аурулардың қайсысынан ажыратқан тиімді?

* ұлпаның созылмалы жай қабынуы

* + үштік нерв невралгиясы

* ұлпаның жедел іріңді қабынуы

* ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі

* қарқынды дамыған терең тісжегі

#93

*! Төменде берілген ұлпа қабынуларының қандай түрінде түбір ұшы периодонтында және оны қоршаған сүйек тінінде рентгендік зерттеу арқылы анықталуы мүмкін өзгерістер орын алады?

* ұлпаның толық жедел қабынуы

* ұлпаның созылмалы жай қабынуы

* ұлпаның жартылай жедел қабынуы

* ұлпаның созылмалы өсе қабынуы

* + ұлпаның созылмалы шіри қабынуы

#94

*! Қосалқы зерттеу әдісі төмендегі тәсілмен орындалады. Аппараттың енжар электроды (пассивный электрод) төменгі ерінге ілінеді, ал белсенді электроды (активный электрод) тіс сауыттарының қырларына немесе тістеу төмпешіктерінің біріне қойылған соң электр тогы жіберіліп, тіс ұлпасының электр тогына қозушылық деңгейі анықталады және қоздыру туындатқан ток күші микроампермен (мка) өлшенеді. Cипатталған әдіс төменде берілген қосалқы тексеру әдістерінің қайсысына тән?

* реографиялық әдіс

* эхоостеометриялық әдіс

* + тістің электрқозғыштығын анықтау (электроодонтометиярлық әдіс)

* апексометриялық әдіс

* реодентографиялық әдіс.

#95

*! Механикалық жарақат әсерінен 11 тіс орнынан аздап тайған. Дәрігер – стоматолог емдеу шараларын жүргізбей тұрып, ең алдымен қай тіннің жағдайын анықтауға және қандай қосалқы тексеру әдісін жүргізуге міндетті?

* +тіс ұлпасының жағдайын, электр қозғыштығын анықтау

* қанның құрамын талдау, ЭШЖ анықтау

* периодонттың жағдайын, рентгендік тексеру

* қызылиектің жағдайын, қағып тексеру;

* альвеола сүйегінің жағдайын, эхоостеометриялау әдісі

#96

*! Жасы 45-тегі ер адам 26 тісінде өздігінен пайда болған, оң жақ самайына, қабағына берілетін, өздігінен толастамайтын ауыру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде; 26 тістің шайнау бетінде терең тісжегі қуысы анықталды. Ас қалдығынан тазартып сүңгілеп тексергенде ашық ұлпа мүйізшесінде қатты ауыру сезімі байқалды.

Төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына сипатталған клиникалық белгілер тән?

* ұлпаның жедел толық қабынуы

* ұлпаның жедел іріңді қабынуы

* + ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі КЕРЕК

* ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуі

* ұлпаның созылмалы шіри қабынуы

#97

*! 25 жастағы жігіт жоғарғы сол жақ азу тісінде өздігінен пайда болып, самайына берілетін және толассыз мазалайтын қатты сыздаған, өз бетімен басыла қоймайтын ауыру сезіміне шағымданады, температуралық тітіркендіргіштер ауыру сезімін күшейтеді. Тісі бұрын ауық-ауық өз бетімен ауырып барып басылған. Қарап тексергенде: 27тістің шайнау бетінде сауыт қуысымен байланысқан терең тісжегі қуысы анықталды, сүңгілеп тексергенде: беті ашық ұлпа мүйізшесінде ауыру сезімі бар. Төменде берілген емдеу әдістерінің қайсысын жүргізген тиімді?

* консервативтік әдіс

* жартылай сақтап емдеу

* ұлпаны девитальді ампутациялау

* + ұлпаны витальді экстирпациялау

* ұлпаны девитальді экстирпациялау

#98

*! Жасы 26-дағы жігіт 37 тісіндегі өздігінен ауық-ауық пайда болатын, шектелген ұстамалы ауыру сезіміне шағымданады. Тітіркендіргіштердің барлық түрі біраз уақытқа созылатын ауыру сезімін туындатады. Қарап тексергенде: 37 тістің шайнау бетінде сауыт қуысымен байланыспаған терең тісжегі қуысы көрінеді, сүңгілеп тексергенде екі ұлпа мүйізшесі тұсында ауыру сезімі бар. Жігіттің бойында созылмалы ілеспелі аурулары жоқ.Төменде берілген емдеу әдістерінің қайсысын жүргізген тиімді болады және оны негіздейтін тексеру әдісі қандай?

* рентгенографиялық әдіс

* ауру тарихын жинау

* сүңгілеп тексеру әдісі

* қағып тексеру әдісі

* +электроодонтометриялық әдіс

#99

*! 38 жасар ер адам төменгі сол жағында өздігінен пайда болатын, ұстамалы (приступообразный), жақ сүйегінің бұрышына берілетін және түнде күшейетін ауыру сезіміне шағымданады. Температуралық тітіркендіргіштер ұзаққа созылатын ауыру сезімін туындатады. Қарап тексергенде: 36 тісінде сауыт қуысымен байланыспаған терең тісжегі қуысы анықталды. Сүңгілеп тексергенде қуыстың табан аймағы түгел қатты ауырады. Төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына сипатталған белгілер сәйкес?

* ұлпаның жедел жартылай қабынуы

* + ұлпаның жедел толық қабынуы КЕРЕК

* ұлпаның жедел іріңді қабынуы

* ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі

* ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуі

#100

*! Жасы 39-дағы ер адам төменгі оң жағындағы толассыз қатты солқылдаған ауыру сезіміне шағымданады. Ауыру сезімі суық су әсерінен басылғандай болады. Қарап тексергенде: 46 тісінің шайнау бетінде тіс қуысымен байланыспаған терең тісжегі қуысы көрінеді, қағып тексергенде ауыру сезімі анықталды. Сүңгілеп тексергенде қуыс табаны аздап ауырады, сауыт қуысы ашылмаған. Сипатталған клиникалық белгілер төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына тән?

* ұлпаның жедел жартылай қабынуы

* ұлпаның жедел толық қабынуы

* ұлпаның созылмалы қабынуының өршуі КЕРЕК

* үштік нерв невралгиясы

* + ұлпаның жедел іріңді қабынуы

#101

*! 50 жасар ер адам төменгі сол жағында өздігінен пайда болатын, ұстамалы, жақ сүйегінің бұрышына берілетін және түнде күшейетін ауыру сезіміне шағымданады. Ауыру сезімі бір- екі сағаттай ауырып барып, қысқа уақытқа басылады (20- 30 минөтке). Қарап тексергенде: 36 тісінің артқы бетінде шайнау бетіне ауыса орналасқан, сауыт қуысымен байланыспаған терең тісжегі қуысы анықталды, Сүңгілеп тексергенде тісжегі қуысының табаны түгелімен қатты ауырады. Тістің ЭҚ -40 мка. Төменде аталған емдеу әдістерінің қайсысын жүргізген тиімді?

* девитальді экстирпациялау әдісі

* девитальді аралас (комбинированный) әдіс КЕРЕК

* девитальді ампутациялау әдісі

* + витальді экстирпациялау әдісі

* консервативтік әдіс

#102

*! 32 жастағы әйел 37 тісінің ас қабылдағанда қанайтындығына шағымданады. Қарап тексергенде : 37 тісінің шайнау бетінде артқы жанасу бетіне ауыса орналасқан терең тісжегі қуысы анықталды, ішінде ашық-қызыл түсті өсікті құрылым орналасқан,сүңгілеп тексергенде аздап ауырады және қанайды. Тіс мойнын айнала сүңгілеп тексергенде қызылиек бүртігі тісжегі қуысынан оқшау тұрғаны анықталды. Диагнозды толық нақтылау үшін төменде берілген тексеру әдістерінің қайсысын жүргізген тиімді?

* қағып тексеру

* + рентгенографиялық әдіс КЕРЕК

* электроодонтометриялық әдіс

* ауыру тарихын жинау

* трансиллюминациялық әдісі

#103

*! 33 жасар әйел жоғарғы сол жақ тісінде тағам шайнағанда пайда болатын және бірден басыла қоймайтын ауыру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде : 25 тісінің шайнау бетінде тіс қуысымен байланысқан терең тісжегі қуысы анықталды, ашылған ұлпа мүйізшесін сүңгілеп тексергенде қатты ауырады, ұлпа қанайды. Төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысы сипатталған клиникалық белгілерге сай?

* ұлпаның жедел жартылай қабынуы

* ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі

* ұлпаның созылмалы өсе қабынуы

* + ұлпаның созылмалы жай қабынуы

* ұлпаның созылмалы шіри қабынуы

#104

*! Жасы 36-дағы әйел адам 27 тісінің тағам шайнағанда ауыратынына және ауыру сезімі біразға дейін басылмайтындығына шағымданады. Қарап тексергенде: 27 тісінің шайнау бетінде сауыт қуысымен байланысқан терең тісжегі қуысы көрінеді, ашылған ұлпа мүйізшесі қатты ауырады және қанайды. Әйелдің анестетиктерге аллергиясы бар.Төменде берілген емдеу әдістерінің қайсысын жүргізген тиімді?

* +девитальді экстирпациялау әдісі

* девитальді аралас (комбинированный) әдіс

* девитальді ампутациялау әдісі

* витальді экстирпациялау әдісі

* консервативтік әдіс

#105

*! 20 жасар жігіт төменгі оң жақ тісінде өздігінен пайда болып, қысқа уақытқа созылатын ауыру сезіміне шағымданады. Температуралық тітіркендіргіштерден ауыру сезімі күшейе түседі. Тісі ауыра бастағалы бір жарым тәулік болған. Науқастың дені сау, аллергиялық аурулар белгілері байқалмаған. Қарап тексергенде: 46 тісінің шайнау бетінде тіс сауытымен байланыспаған терең тісжегі қуысы көрінеді. Қуыстың табанын сүңгілеп тексергенде ұлпаның бір мүйізше тұсында ауыру сезімі бар, тістің ЭҚ-25 мка. Төменде берілген емдеу әдістерінің қайсысын жүргізген тиімді?

* девитальді экстирпациялау әдісі

* девитальді аралас (комбинированный) әдіс

* девитальді ампутациялау әдісі

* витальді экстирпациялау әдісі

*+консервативтік әдіс

#106

*! 18 жасар қыз төменгі сол жағындағы тісінің температуралық тітіркендіргіштерден ұзақ ауыратындығына шағымданады. Бұдан ертеректе тісі қайта-қайта өздігінен ауырып мазалаған. Денсаулығы жақсы, дәрілерге аллергиясы жоқ. Қарап тексергенде: 36 тістің мойын бөлігінде сауыт қуысымен байланысқан терең тісжегі қуысы анықталды, сүңгілеп тексергенде қатты ауыру сезімі бар, тістің ЭҚ-35 мка. Төменде берілген емдеу әдістерінің қайсысын жүргізген тиімді?

* девитальді экстирпациялау әдісі

* девитальді аралас (комбинированный) әдіс

* девитальді ампутациялау әдісі

*+ витальді экстирпациялау әдісі

* консервативтік әдіс

#107

*! 30 жастағы ер адам жоғарғы сол жақ тісіндегі ұстамалы аз уақытқа созылатын ауыру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: 36 тісінің шайнау бетінде астың қалдығына және жұмсарған дентинге толы терең тісжегі қуысы көрінеді. Суық тітіркендіргішпен әсер еткенде ауыру сезімі пайда болады және біраз уақытқа созылып барып басылады. Төменде берілген тексеру әдістерінің қайсысы диагноз қоюға және емдеу әдісін таңдауға тиімді?

* рентгенографиялық әдіс

* трансиллюминациялау әдісі

* +электрқозғыштығын анықтау

* ауыру тарихын жинау

* қағып тексеру

#108

*! Жасы 20-дағы қыз бала жоғарғы сол жақ азу тісіндегі ұстамалы аз уақытқа созылатын ауыру сезіміне шағымданады. Тісі ауырғалы екі тәулік өткен. Қарап тексергенде: 26 тісінің шайнау бетінде ыдыраған және жұмсарған дентинге толы терең тісжегі қуысы анықталды. Сүңгілеп тексергенде ұлпаның алдыңғы-ұрт мүйізше тұсы ауырады. Суық сумен әсер еткен кезде тісте біраз уақытқа созылатын ауыру сезімі пайда болды. Емдеу әдісін дұрыс таңдау үшін төменде берілген тексеру әлістерінің қайсысын жүргізген тиімді?

* қағып тексеру

* ауру анамнезін жинау

* + электрқозғыштығын анықтау

* реодентографиялық әдіс

* эхоостеометриялау

#109

*! 27 жастағы жігіт жоғарғы оң жақ азу тісіндегі ұстамалы аз уақытқа созылатын ауыру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: 16 тісінің медиальды бетінде шайнау бетіне ауысқан жұмсара пигменттелген дентинге толы терең тісжегі қуысы бар. Қағып тексергенде ауырмайды. Аурудың диагнозын нақтылау үшін төменде берілген тексеру әдістерінің қайсысын жүргізген тиімді?

* рентгенографиялық әдіс

* трансиллюминациялау әдісі

* + сүңгілеп тексеру

* ауру тарихын жинау

* қағып тексеру

#110

*! 19 жасар жігіт төменгі оң жақ тісіндегі қысқа уақытқа созылатын ұстамалы ауыру сезіміне шағымданады. Дені сау, аллергиялық аурулары жоқ. Қарап тексергенде: 47 тістің шайнау бетінде жұмсарған дентинге толы терең тісжегі қуысы анықталды. Сүңгілеп тексергенде тісжегі қуысы табанының бір-екі нүктесінде ауыру сезімі пайда болды, тіс қуысы ашылмаған. Суыққа біраз уақытқа созылатын ауыру сезімі бар, тістің ЭҚ-25мка. Қағып тексергенде тіс ауырмайды. Төменде берілген емдеу әдістерінің қайсысын жүргізген тиімді?

* девитальді экстирпациялау әдісі

* девитальді аралас (комбинированный) әдіс

* девитальді ампутациялау әдісі

* витальді экстирпациялау әдісі

* + консервативтік әдіс

#111

*! Жасы 29-дағы жігіт жоғарғы сол жақ тістеріндегі құлағы мен төменгі тістеріне берілетін, толассыз солқылдаған ауыру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: 24 тісінің шайнау бетінде ас қалдықтарына және жұмсарған дентинге толы терең тісжегі қуысы анықталды, сүңгілеп тексергенде табаны аздап ауырады, қағып тексергенде ауырмайды. Тісінің ауырғанына екі тәуліктей болған. Диагнозды нақтылау үшін төменде берілген тексеру әдістерінің қайсысын жүргізген тиімді?

* реодентографиялық әдіс

* реоодонтографиялық әдіс

* ауыру тарихын жинау

* рентгендік тексеру

* + температуралық тітіркендіргіштермен тексеру

#112

! 42 жасар ер адам төменгі сол жағындағы құлағы мен төменгі жақ бұрышына берілетін, толассыз солқылдаған ауыру сезіміне шағымданады. Ауыру сезімі суықтан аздап саябырлайды. Қарап тексергенде: 38 тісінің шайнау бетінде тіс қуысымен байланыспаған терең тісжегі қуысы анықталды. Тісжегі қуысының табанын сүңгілеп тексергенде аса қатты ауырмайды, қағып тексергенде аздап ауырады, тістің ЭҚ- 50 мка.

Сипатталған клиникалық белгілер төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына тән?

* ұлпаның жедел жартылай қабынуы

* ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі

* + ұлпаның жедел іріңді қабынуы

* ұлпаның жедел толық қабынуы

* ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуі

#113

*! Ұлпаның жедел іріңді қабынуы мен периодонттың жедел қабынуы, жалқықтану сатысының сараптамалы диагностикасын жүргізу үшін төменде берілген зерттеу әдістерінің қайсысын жүргізген тиімді?

* рентгенографиялық

* трансиллюминациялау әдісі

* + температуралық тітіркендіргіштермен тексеру

* ауру тарихын жинау

* қағып тексеру

#114

*! 31 жасар емделуші жігіт жоғарғы оң жақ құлағы мен самайына берілетін, толассыз солқылдаған ауыру сезіміне шағымданады. Ауыру сезімі суықтан басылыңқырап, ыстық әсерінен күшейе түседі. Қарап тексергенде: 16 тісінің шайнау бетінде тіс қуысымен байланыспаған терең тісжегі қуысы анықталды, тісжегі қуысының табанын сүңгілеп тексергенде аса қатты ауырмайды, қағып тексергенде аздаған ауыру сезімі бар.

*! Төменде берілген емдеу әдістерінің қайсысын жүргізген тиімді?

* девитальді экстирпациялау әдісі

* девитальді аралас (комбинированный) әдіс

* девитальді ампутациялау әдісі

* + витальді экстирпациялау әдісі

* консервативтік әдіс

#115

*! 44 жастағы ер адам төменгі оң жақ тісіндегі ыстық тағам қабылдағанда пайда болатын, біраз уақытқа созылатын сыздаған ауыру сезіміне және тісінен нашар иіс шығатынына шағымданады. Қарап тексергенде: 46 тісінің түсі өзгерген, күңгірттенген, медиальды бетінде шайнау бетіне ауысқан терең тісжегі қуысы көрінеді, іші ас қалдықтары мен жұмсарған дентинге толы, қағып тексергенде ауырмайды. Тісі бұдан бір айдай бұрын қатты ауырып мазалаған. Диагнозды нақтылау үшін төменде берілген тексеру әдістерінің қайсысын жүргізген тиімді?

* сипап тексеру әдісі

* қағып тексеру әдісі

* рентгенографиялық әдіс КЕРЕК

* + терең сүңгілеп тексеру

* ауру тарихын жинау

#116

*! Стоматологқа көрінуге келген ер адам төменгі оң жақ тісіндегі ыстық тағам қабылдағанда пайда болатын және ұзаққа созылатын сыздаған ауыру сезіміне шағымданады. Ауыру сезімі мазалағалы біраз уақыт болған. Ертеректе тісі қатты ауырып мазалағаны есінде. Қарап тексергенде: 46 тісінің түсі өзгерген, күңгірттенген, медиальды-шайнау бетінде терең тісжегі қуысы анықталды, сүңгілеп байқағанда тіс қуысымен байланысқан, терең сүңгілеп тексергенде ауырады, қағып тексергенде ауырмайды. Сүңгі ұшында кір-сұр түсті нашар иісті зат анықталды. Төменде берілген болжамды диагноздың қайсысына сипатталған клиникалық көрініс тән?

* + ұлпаның созылмалы шіри қабынуы

* периодонттың созылмалы қабынуы

* периодонттың созылмалы қабынуының өршуі

* ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі

* ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуі

#117

*! Тістер қуыстары ашылмаған жағдайда, ұлпаның созылмалы шіри қабынуы мен периодонтың созылмалы қабынуының сараптамалы диагностикасын жүргізу үшін төменде берілген тексеру әдәістерінің қайсысын жүргізген тиімді?

* + электроодонтометриялық әдіс

* ауру тарихын жинау

* қағып тексеру

* реодентографиялық әдіс

* реопародонтографиялық әдіс

#118

*! Жасы 76-дағы қарт адам төменгі оң жақ тісіндегі ыстық тағам жегенде пайда болатын, ұзаққа созылатын сыздаған ауыру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: 46 тісінің түсі өзгерген, күңгірттенген, артқы бетінде шайнау бетіне ауыса орналасқан терең тісжегі қуысы көрінеді, іші ас қалдықтары мен жұмсарған дентинге толы, сауыт қуысы ашылған. Терең сүңгілеп тексергенде ауырады. Емделуші созылмалы лейкозбен ауырады.Төменде берілген емдеу әдістерінің қайсысын жүргізген тиімді?

* витальді экстирпациялау әдісі

* девитальді аралас (комбинированный) әдіс

* девитальді ампутациялау әдісі

*+ девитальді ампутациялау әдісі

* консервативтік әдіс

#119

*! 18 жасар жігіт жоғарғы оң жақ тістеріндегі өздігінен пайда болып, ұзаққа созылатын, ауық-ауық қозып отыратын ауыру сезіміне шағымданады. Ауыру сезімі оң жақ самайына, төменгі азу тістеріне беріледі, сондықтан қай тісі ауыратындығын көрсете алмайды. Қарап тексергенде: 15 тістің алдыңғы бетінде шайнау бетіне ауысқан, тіс қуысымен байланыспаған терең тісжегі қуысы анықталды. Сүңгілеп тексергенде тісжегі қуысының табаны түгел ауырады. Диагнозды нақтылау үшін төменде берілген тексеру әдістерінің қайсысын қолданған тиімді?

* ауру тарихын жинау

* сипап тексеру

* қағып тексеру

* рентгенографиялық тексеру

* + температуралық тітіркендіргіштермен тексеру

#120

*! 26 жасар жігіт жоғарғы оң жақ кіші азу тісіндегі өздігінен пайда болып, ұзаққа созылатын, қайта-қайта қозып мазалайтын ауыру сезіміне шағымданады. Ауыру сезімі оң жақ қабағына және самайына беріледі. Қарап тексергенде: 14 тістің медиальді бетінде тіс қуысымен байланыспаған терең тісжегі қуысы анықталды. Сүңгілеп тексергенде тісжегі қуысының табаны түгел ауырады, суық тітіркендіргішпен әсер еткенде тіс ұзақ ауырды және ауыру сезімі біртіндеп басылды. Төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына сипатталған клиникалық белгілер сай?

* + ұлпаның жедел толық қабынуы

* ұлпаның жедел жартылай қабынуы

* периодонттың жедел қабынуы, уыттану сатысы

* ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі

* қарқынды дамыған терең тісжегі

#121

*! Жас жігіт жоғарғы оң жақ азу тістерінде ауық-ауық өздігінен пайда болатын және ұзаққа созылып, аз уақытқа саябырлайтын, құлағына, төменгі жақ азу тістеріне берілетін ауыру сезіміне шағымданады. Ауыру сезімінің пайда болғанына үш тәулік болған.Қарап тексергенде: 47, 46 тістердің алдыңғы беттерінде шайнау беттеріне ауыса орналасқан, тіс қуыстарымен байланыспаған терең тісжегі қуыстары анықталды. Сүңгілеп тексергенде тісжегі қуыстарының табандар аймағы толығымен ауырады. Ауыру туындатып тұрған қай тісі екенін анықтау үшін төменде берілген тексеру әдістерінің қайсысын жүргізген тиімді?

* температуралық тітіркендіргіштермен тексеру

* трансиллюминациялық әдіс

* + электроодонтометриялық әдіс, термотест

* реодентографиялық әдіс

* эхоостеометриялық әдіс

#122

*! Жасы 25-тегі келіншек жоғарғы оң жақ азу тісіндегі өздігінен ауық-ауық пайда болып, аз уақытқа созылып барып басылатын ауыру сезіміне шағымданады, ауыру сезімі температуралық тітіркендіргіштерден күшейеді. Тісі ауырғалы бір тәулік болған, бұдан бұрын тек ыстық пен суықтан ғана ауырған. Қарап тексергенде:16 тісінің шайнау бетінде сауыт қуысымен байланыспаған, ұлпа маңындағы дентин аймағында орналасқан терең тісжегі қуысы анықталды. Сүңгілеп тексергенде тісжегі қуысы табанында ұлпаның дистальді-ұрт мүйізше тұсы ауырады. Тиімді емдеу әдісін жүргізу үшін төменде берілген тексеру әдістерінің қайсысын жүргізген тиімді?

* ауру тарихын жинау

*+ электрқозғыштығын анықтау

* қағып тексеру

* рентгенографиялық әдіс

* сипап тексеру

#123

*! 20 жасар қыз бала жоғарғы оң жақ екінші кіші азу тісіндегі ауық-ауық өздігінен пайда болып, аз уақытқа созылатын ауыру сезіміне шағымданады, ауыру сезімі температуралық тітіркендіргіштерден күшейеді.Тісі мазалағалы бір тәулік болған, бұрын өз бетімен ауырмаған. Қарап тексергенде: 15 тісінің шайнау бетінде сауыт қуысымен байланыспаған герең тісжегі қуысы анықталды. Сүңгілеп тексергенде тісжегі қуысы табанының ең терең аймағында ауыру сезімі байқалады .Науқас төрт жыл бойы жүректің митральды ақауы, теңгерілмейтін сатысымен(не компенсируемя стадия) ауырады.Төменде келтірілген емдеу әдістерінің қайсысын жүргізген тиімді?

* + девитапьді экстирпациялау әдісіКЕРЕК

* витальді экстирпациялау әдісі

* консертивтік әдіс

* витальді ампутациялау әдісі

* девитальді ампутациялау әдісі

#124

*! Жасы 36-дағы әйел адам жоғарғы оң жақ азу тісінде ас қабылдағаннан пайда болып, толассыз екі күн мазалаған ауыру сезіміне шағымданып келді, ауыру сезімі ыстықтан күшейеді. Осыған дейін ауыру сезімі тек ыстық әсерінен мазалаған. Қарап тексергенде:16 тісінің алдыңғы бетінде шайнау бетіне ауыса орналасқан, сауыт қуысымен байланысқан терең тісжегі қуысы анықталды. Терең сүңгілеген кезде ауыру сезімі пайда болады, тістің ЭҚ-62 мка. Төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысы сипатталған клиникалық белгілерге сай?

* ұлпаның созылмалы шіри қабынуы

* ұлпаның созылмалы жай қабынуы

* ұлпаның жартылай жедел қабынуыі

* + ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуіі

* ұлпаның толық жедел қабынуы

#125

*! 22 жасар жігіт төменгі сол жақ азу тісі ыстық және салқын тағам қабылдаған кезде ұзақ сыздап ауыратындығына шағымданады. Қарап тексергенде: 36 тісінің шайнау бетінде тіс қуысымен баланысқан тісжегі қуысы анықталды. Ашылған ұлпа мүйізшесі көкшілдеу-қызыл түстенген, жеңіл сүңгілеп тексергенде ауырады. Қағып тексергенде ауырмайды, тістің ЭҚ-35 мка. Жігіттің дені сау, дәрілерге аллергиясы жоқ. Төменде берілген емдеу әдістерінің қайсысын жүргізген тиімді?

* витальды ампутациялу әдісі

* витальды экстирпациялау әдісі

* + консервативтік әдіс

* девитальды ампутациялау әдісі

* девитальды экстирпациялау әдісі

#126

*! 44 жастағы әйел төменгі сол жақ азу тісіндегі өздігінен пайда болған қатты сыздаған және толастамайтын ауыру сезіміне, ыстық және суық әсерлер ауыру сезімін күшейтетініне шағымданады. Қарап тексергенде: 37 тісінің медиальды бетінде шайнау бетін ала орналасқан, іші тағам қалдықтарына толы терең тісжегі қуысы анықталды.Сүңгілеп тексергенде тісжегі қуысы сауыт қуысымен байланысқаны анықталды. Ашылған ұлпа аймағын сүңгілеп тексергенде қатты ауырады және ұлпа қанайды. Төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына сипатталған клиникалық белгілер сәйкес келеді?

* ұлпаның толық жедел қабынуы

* ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуі

* + ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі

* ұлпаның жедел шіри қабынуы

* ұлпаның жартылай жедел қабынуы

#127

*! Жасы 31-дегі жігіт төменгі сол жағындағы бұзылған тісіне пломбы қойдыруға келген. Ауыз ішін қарап тексергенде 35 тісінің артқы жақ бетінде шайнау бетіне ауысқан терең тісжегі қуысы және оның сауыт қуысымен байланысы анықталды. Сүңгілеп тексергенде ауыру сезімі анықталмады. Кейін сауыт қуысын толық ашып, терең сүңгілеу жүргізгенде ғана ауыру сезімі анықталды және сүңгінің ұшына жабысқан кір –сұр түсті, нашар иісті ыдыранды зат шықты. Клиникалық белгілері сипатталған ауруды төменде берілген аурулардың қайсысысынан ажыратқан тиімді?

* ұлпаның жедел толық қабынуы

* ұлпаның жедел жартылай қабынуы

* ұлпаның созылмалы жай қабынуы

* ұлпаның созылмалы шіри қабынуы

*+ периодонттың созылмалы қабынуы

#128

*! 43 жасар ер адам төменгі оң жақ кіші азу тісінің өздігінен толассыз ауыратындығына, ауыру сезімінің түнгі уақытта және ыстық әсерінен күшейетіндігіне шағымданады. Тісіне ертеректе пломбы қойылған және ол үш-төрт күн бұрын түсіп қалған. Қарап тексергенде: 45 тісінің шайнау бетінде тіс қуысымен байланыспаған терең тісжегі қуысы анықталды. Сүңгілеп тексергенде ауырмайды. Тісті қағып тексергенде де аздап ауырады. Аурудың диагнозын нақтылау үшін төменде берілген тексеру әдістерінің қайсысын жүргізген тиімді?

* ауру анамнезін жинау

* ренгеноографиялық әдіс

* + электроодонтометриялық әдіс

* реодентографиялық әдіс

* эхоостеометриялыұ әдіс

#129

*!. 51 жасар ер адам төменгі оң жақ тісінің өздігінен толассыз ауыратындығына, ауыру сезімінің түнгі уақытта күшейетіндігіне шағымданады. Тісі бұрын өздігінен қатты ауырып барып басылған. Қарап тексергенде: 47 тісінің медиальды бетінде шайнау бетіне ауыса орналасқан тіс қуысымен байланысқан терең тісжегі қуысы анықталды. Терең сүңгілеп тексергенде ауырады, сүңгінің ұшында кір –сұр түсті ұнамсыз иісті өліеттенген ыдыранды зат анықталды. Науқас біржарым ай бұрын инсультпен ауырған, қазір реабилитациялауға (сауықтыруға) арналған емдеу курсын қабылдауда. Төменде берілген емдеу шараларының қайсысын жүргізген тиімді?

* девитальді экстирпациялау әдісі

* девитальді аралас (комбинированный) әдіс

* + девитальды ампутациялау әдісі

* витальді экстирпациялау әдісі

* консервативтік әдіс

#130

*! Жасы 25-тегі келіншек төменгі сол жақ азу тісінің тағам шайнағанда қанайтындығына шағымданады. Тісінің қанай бастағанына көп уақыт болған. Қарап тексерген: 36 тісінде терең тісжегі қуысы анықталды және тісжегі қуысы пішіні саңырауқұлақтың басына ұқсас, оңай қанайтын қызыл түсті өсікті құрылыммен жабылған, құрылымның аяғы терең орналасқан. Диагнозды нақтылау үшін төменде берілген тексеру әдістерінің қайсысын жүргізген тиімді?

* электрқозғыштығын анықтау

* + тісті айналдыра сүңгілеу

* қағып тексеру

* рентгенсуретін жасау

* термометриялық әдіс

#131

*! 19 жасар қыз бала төменгі сол жақ тісінің тағам шайнағанда қанап ауыратындығына шағымданады. Қарап тексергенде: 36 тісінің шайнау бетінде салбыраған өткір қырлары бар, қызыл-қощқыл түсті өсікті құрылыммен жабылған тісжегі қуысы анықталды. Құрылымның аяғы терең орналасқан. Сүңгімен жаңа құрылымды еркін айналып өтуге болады және жоғары қозғалмалылық анықталмайды. Диагнозды нақтылау үшін төменде берілген тексеру әдістерінің қайсысын жүргізген тиімді?

* қағып тексеру

* ауру анамнезін жинау

* термометриялық әдіс

* + рентгенографиялық әліс

* реодентографиялық әдіс

#132

*! Ұлпаның созылмалы өсе қабынуын көбіне азу тістер сауыт қуыстары табанының жұмсара-тесілуі кезінде орын алатын периодонт тінінен дамитын өсікті құрылымдардан ажырату үшін төмендегі берілген тексеру әдістерінің қайсысын жүргізген тиімді?

* + рентгенографиялық тексеру

* сипап тексеру

* температуралық тітіркендіргіштермен тексеру

* ауру тарихын жинау

* қағып тексеру

#133

*! Дәрігер-cтоматологқа арнаулы арбамен әкелінген 54 жастағы әйел төменгі сол жақ азу тісінің тағам шайнағанда қанайтындығына және ауырып, тамақ шайнатпайтындығына шағымданады. Қарап тексергенде: 36 тісінің алдыңғы бетінде салбыраған, өткір жиектері бар, іші қызыл-қошқыл түсті өсікті құрылыммен толған тісжегі қуысы анықталды. Тіс сауытын мойын бөлігінде айнала сүңгілеп өту нәтижесінде қызылиек бүртігі тісжегі қуысынан тыс жатқаны анықталды. Тістің ренгтгенсуретінде түбірлер бифуркациясы аймағында өзгеріс байқалмайды. Әйел бұдан екі ай бұрын инсультпен ауырған. Төменде берілген емдеу әдістерінің қайсысын жүргізген тиімді?

* девитальдыі экстирпациялау әдісі

* девитальді аралас (комбинированный) әдіс

* + девитальді ампутациялау әдісі

* витальді экстирпациялау әдісі

* консервативтік әдіс

#134

*! Ұлпаның жедел жартылай қабынуының субьективтік клиникалық белгілеріне төменде берілген белгілердің қайсысы тән?:

* + ауырмайтын уақыт аралығы ұзақ, қысқа уақытқа созылатын ұстамалы шектелген ауыру сезімі

* ауырмайтын уақыт аралығы қысқа,ұзақ уақытқа созылатын ұстамалы ауыру сезімі

* температуралық тітіркендіргіштер әсерінен тез басылатын ауыру сезімі

* тіске тіс тигенде күшейетін, тұрақты ауыру сезімі

* химиялық тітіркендіргіштер әсерінен ұзаққа созылатын ауыру сезімі

#135

*! Ұлпаның жедел іріңді қабынуының субьективтік клиникалық белгілеріне жатады:

*ауырмайтын уақыт аралығы ұзақ, ұстамалы ауыру сезімі

*ауырмайтын уақыт аралығы қысқа, ұстамалы ауыру сезімі

*температуралық тітіркендіргіштер әсерінен тез басылатын ауыру сезімі

*+суықтан аздап саябырлайтын, толассыз солқылдатқан ауыру сезімі

*химиялық тітіркендіргіш әсерінен қысқа уақытқа созылатын ауыру сезімі

#136

*! Ұлпаның толық жедел қабынуының субьективтік клиникалық белгілеріне жатады:

*ауырмайтын уақыт аралығы ұзақ, ұстамалы ауыру сезімі

*+ ауырмайтын уақыт аралығы қысқа, ұзаққа созылатын ұстамалы ауыру сезімі

*температуралық тітіркендіргіш әсерінен қысқа уақытқа созылатын ауыру сезімі

*тіске қарсы тіс тигенде күшейетін тұрақты ауыру сезімі

*химиялық тітіркендіргіштер әсерінен қысқа уақытқа созылатын ауыру сезімі

#137

*! Ұлпаның созылмалы жай қабынуының субьективтік клиникалық белгілеріне төменде берілген белгілердің қайсысы сай келеді?:

*ауырмайтын уақыт аралығы ұзақ, ұстамалы ауыру сезімі

*ауырмайтын уақыт аралығы қысқа, ұстамалы ауыру сезімі

*+температуралық және механикалық тітіркендіргіштер әсерінен ұзаққа созылатын сыздаған ауыру сезімі

*тіске қарсы тіс тигенде күшейетін, тұрақты ауыру ауыру сезімі

*химиялық тітіркендіргіш әсерінен қысқа уақытқа созылатын ауыру сезімі

#138

*! Ұлпаның созылмалы жай қабынуын сауыт қуысы жабық болған жағдайда төменде берілген аурулардың қайсысынан ажыратқан тиімді?

* ұлпаның созылмалы шіри қабынуы

* баяу дамыған терең тісжегі

* + қарқынды дамыған терең тісжегі

* периодонттың созылмалы қабынуы

* ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуі

#139

*! Ұлпаның созылмалы шіри қабынуының клиникалық белгілеріне төменде берілген белгілердің біреуінен басқасының барлығы тән:

* тістің тек тітіркендіргіштер әсерінен ауыруы

* тіс қуысы мен тісжегі қуысының байланысуы

* терең сүңгілеп тексергенде ауыру сезімінің болуы

* + түбірұшы проекциясы аймағындағындағы қызылиекте жыланкөз болуы

* тістің ЭҚ- 60-90 мкА

#140

*! Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы кезіндегі тіс ұлпасының электр қозғыштығының орташа көрсеткіші:

* 2-6мка

* 10-15 мка

* 20-30 мка

* + 60-90 мка

* 100-110 мка

#141

*! Ұлпаның созылмалы шіри қабынуының сараптамалы дигностикасын сауыт қуысы жабық болған жағдайда төменде берілген аурулардың қайсысымен жүргізген тиімді?

* периодонттың жедел қабынуы, жалқықтану сатысы

*+ ұлпаның созылмалы жай қабынуы

* периодонттың жедел қабынуы, уыттану сатысы

* периодонттың созылмалы қабынуының өршуі

* ұлпаның толық жедел қабынуы

#142

*! Төменде берілген аурулардың қайсысымен ұлпаның жедел жартылай қабынуының сараптамалы диагностикасын жүргізген дұрыс?

* ұлпаның созылмалы шіри қабынуы

* + қарқынды дамыған терең тісжегі

* периодонттың жедел қабынуы, уыттану сатысы

* периодонттың созылмалы қабынуының өршуі

* баяу дамыған терең тісжегі

#143

*! Ұлпаның жедел іріңді қабынуының сараптамалы диагностикасын төменде берілген аурулардың қайсысымен жүргізген тиімді?

* ұлпаның жедел толық қабынуы

* + ұлпаның созылмалы қабынуының өршуі.

* периодонттың жедел қабынуы, уыттану сатысы

* периодонттың жедел қабынуы,жалқықтану сатысы

* периодонттың созылмалы қабынуының өршуі

#144

*! Ұлпаның созылмалы жай қабынуының клиникалық белгілеріне төменде берілген ауыру сезімдерінің сипаттамасының қайсысы жатады?

* әртүрлі тітіркендіргіштерден туындайтын қысқа мерзімді ауыру сезімі

* + әртүрлі тітіркендіргіштерден туындайтын ұзаққа созылатын ауыру сезімі

* тісте тағам шайнағанда күшейетін ауыру сезімі

* түнде күшейетін ұстамалы ауыру сезімі

* үштік нервтің тармақтары бойымен таралатын ауыру сезімі

#145

*! Ұлпаның созылмалы конкрементозды қабынуының диагнозын анықтау үшін төменде берілген тексеру әдістерінің қайсысын жүргізген тиімді?

* + электроодонтометриялық әдіс

* рентгенографиялық әдіс

* сүңгілеп тексеру

* сипап тексеру

* температуралық тітіркендіргішпен тексеру

#146

*! Тіс сауыты бұзылмаған жағдайда ұлпаның конкрементозды қабынуының диагнозын нақтылау үшін төменде берілген әдістердің қайсысын жүргізген тиімді?

*+электроодонтометриялық әдіс

* реодентографиялық әдіс

* сүңгілеу әдісі

* сипап тексеру

* температуратуралық тітіркендіргіштермен тексеру

#147

*! Ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуінің клиникалық белгілеріне төменде берілген ауыру сезімдерінің сипаттамасының қайсысы сәйкес келеді?

* + өз бетімен туындайтын толассыз солқылдатқан ауыру сезімі

* тітіркендіргіштерден туындайтын ұзаққа созылатын ауыру сезіміжұмсар

* тіске қарсы тіс тиіп кеткен кезде күшейетін ауыру сезімі

* түнде күшейетін ұстамалы ауыру сезім

* үштік нерв тармақтары бойымен таралатын ауыру сезімі

#148

*! Ұлпаның созылмалы шіри қабынуының клиникалық белгілеріне төменде берілген ауыру сезімдерінің сипаттамасының қайсысы сәйкес келед?

* тітіркендіргіштерден туындайтын қысқа мерзімді ауыру сезімі

*+ ыстық тағам қабылдаған кезде туындайтын және ұзаққа созылатын ауыру сезімі

* тіспен тағам шайнаған кезде күшейетін ауыру сезімі

* үштік нерв тармақтары бойымен таралатын ауыру сезім

* түнде күшейетін ұстамалы ауыру сезімі

#149

*! 33 жастағы ер адам 26 тісіндегі өз бетімен пайда болып, күні-түні толассыз мазалаған ауыру сезіміне шағымданады. Тісі ауырып мазасын алғалы бірнеше тәулік болған. Температуралық тітіркендіргіштер әсерінен ауыру сезімі күшейе түседі. Тісі бұрын тек ыстық және суық ықпалдардан ұзақ ауыратын болған. Қарап тесергенде: шайнау бетінде тіс қуысымен байланысқан терең тісжегі қуысы бар, сүңгілеп байқағанда қатты ауырады..

Осы сипатталған клиникалық белгілер төменде берілген ұлпа қабынуларының қайсысына тән?

* ұлпаның жедел жартылай қабынуы

* ұлпаның жедел толық қабынуы

* ұлпаның жедел іріңдей қабынуы

* + ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі

*ұлпаның созлмалы шіри қабынуының өршуі

#150

*! Жасы 28-дегі ер адам 26 тісінің температуралық тітіркендіргіштерден ұзақ сыздап ауыратынына шағымданып келді. Барлық тітіркендіргіштер ұзаққа созылатын ауыру сезімін туындатады. Тісі бұрын өз бетімен ауық-ауық ауырып тұрған. Қарап тесергенде: шайнау бетінде тіс қуысымен байланысқан терең тісжегі қуысы бар, ашылған ұлпа аймағын сүңгілеп тексергенде өте қатты ауырады. Ауруды емдеу әдісін таңдау үшін төменде берілген тексеру әдістерінің қайсысын жүргізген тиімді?:

* реодентографиялық әдіс

* + электроодонтометриялық әдіс

* трансиллюминациялық әдіс

* рентгенографиялық

* қағып тексеру

#151

*! Орта жастағы ер адам 11 тісінде өз бетімен пайда болып, мұрын аймағына берілетін және ұзақ (40-50 минөттей ) мазалайтын ұстамалы ауыру сезіміне шағымданады. Барлық тітіркендіргіштер ұзаққа созылатын ауыру сезімін туындатады. Тісі бұрын тек ыстық және суық әсерінен қысқа уақыт ауырған. Қарап тесергенде: тістің алдыңғы жақ бетінде таңдай бетіне ауысқан терең тісжегі қуысы анықталды, тіс қуысы ашылмаған, сүңгілеп тексергенде қуыс табанында ауыру сезімі анықталады. Төменде берілген емдеу әдістерінің қайсысын жүргізген тиімді: ?

* девитальді экстирпациялау әдісі

* девитальді аралас әдіс

* девитальді ампутациялау әдісі

* + витальді экстирпациялау әдісі

* консервативтік әдіс

#152

*! Әйел адам жасы 41-де, төменгі сол жақ азу тісінде өз бетімен пайда болып, құлақ сыртына, төменгі жағының бұрышына берілетін және біраз уақытқа созылатын (бір сағатқа жуық) ұстамалы ауру сезіміне шағымданады. Ауыру сезімі түнде күшейе түседі. Қарап тексергенде: 36 тісінің шайнау бетінде сауыт қуысымен байланыспаған терең тісжегі қуысы анықталды, сауыт қуысы ашылмаған, қағып тексергенде тіс ауырмайды. Аурудың диагнозын нақтылау үшін төменде берілген тексеру әдістерінің қайсысын таңдаған тиімді?

* рентгенографиялық әдіс

*+температуралық тітіркендіргіштермен тексеру

* реодонтографиялық әдіс

* трансиллюминациялық әдіс

* эхоостеометриялық әдіс

#153

*! Жігіт жасы 23- те, жоғарғы оңжақ алдыңғы тісінің өз бетімен ауыратынына шағымданады, ауыру сезімі мұрын аймағына, оң көзінің астына беріледі және түнде күшейе түседі. Ауыру сезімі басылған кезде ыстық және суық әсерінен қайта қозады. Қарап тексергенде: 12 тісінің таңдай бетінде тұйық тесік аймағында сауыт қуысымен байланыспаған терең тісжегі қуысы анықталды, сүңгілеп тексергенде тісжегі қуысының табаны қатты ауырады. Температуралық тітіркендіргіш ( суық әсері) басылып қалған ауыру сезімін қайта қоздырды.

Төменде берілген болжамды диагноздың қайсысы сипатталған клиникалық белгілерге сәйкес келеді?:

* ұлпаның жедел жартылай қабынуы

*+ ұлпаның жедел толық қабынуы

* ұлпаның жедел іріңді қабынуы

* ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі

* ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуі

#154

*! Жасы 51-дегі ер адам төменгі оң жағындағы азу тісінің толассыз солқылдап ауыратындығына шағымданады. Ауыру сезімі суықтан басылғандай болады. Тісінің ауыруы 3-4 күн бұрын басталған, алғашында ауыру сезімі аз уақытқа созылған және ұстамалы сипатқа ие болған. Қарап тексергенде: 46 тісінің шайнау бетінде тіс қуысымен байланыспаған терең тісжегі қуысы анықталды. Қағып тексергенде тіс ауырады, сүңгілеп тексергенде қуыс табанында сәл ауыру сезімі байқалады.

Төменде аталған тексеру әдістерінің қайсысы диагноз қоюға неғұрлым тиімдірек?

* рентгенографиялық әдіс

* ауру тарихын жинау

* өмір тарихын жинау

* реодентографиялық әдіс

* + электроодонтометрилық әдіс

#155

*! 63 жастағы ер адам төменгі оңжақ үлкен азу тісіндегі өз бетімен пайда болған толассыз ауыру сезіміне шағымданады және ауыру сезімі күні-түні бірдей мазалайды. Ауыру сезімі ыстық-суық әсерінен күшейе түседі екен. Қарап тексергенде: 47 тісінің артқы бетінде шайнау бетіне ауыса орналасқан терең тісжегі қуысы анықталды. Қуысты ас қалдықтарынан, ыдыраған дентиннен тазартқаннан кейін сауыт қуысымен байланысы анықталды, сүңгілеп тексергенде қатты ауыру сезімі пайда болды, ЭҚ- ғы 45 мка тең. Ер адам бір ай бұрын ғана жүрек инфарктінен сауыға бастаған. Төменде берілген емдеу әдістерінің қайсысын жүргізген тиімді?

* девитальді экстирпация әдісі

* девитальді аралас әдіс

*+ девитальді ампутациялау әдісі

* витальді экстирпация әдісі

* консервативтік әдіс

#156

*! Жасы 17-дегі бойжеткен төменгі солжақ үлкен азу тісінде қуыс пайда болғанына және ішінде тағам шайнағанда қанайтын жаңа құрылым өскеніне шағымданады. Қарап тексергенде: 36 тісінің шайнау бетінде сауыт қуысымен байланысқан терең тісжегі қуысы анықталды, қуыс іші бозғылттау-қызыл түсті домалақ пішінді өсікті құрылыммен жабылған, сүңгілеп тексергенде аздап қанайды және ауырады, оны сүңгімен айналып өтуге болады. Тісжегі әсерінен тістің түбір айырықтары бұзылуы орын алуы мүмкін. Қорытынды диагноз қою үшін төменде берілген тексеру әдістерінің қайсысын жүргізген тиімді?

* сипап тексеру

*+ рентгенографиялық әдіс

* электроодонтометриялық әдіс

* ауру анамнезін жинау

* өмір анамнезін жинау

#157

*! Жасы 33-тегі әйел оңжақ төменгі кіші азу тісінде қуыс пайда болғанына, ас шайнағанда тағамның түйірі түсіп ауыртатындығына шағымданады және ауыру сезімі аса қарқынды емес, сыздап ауырады, ауыру сезімі біразға дейін созылып барып басылады. Қарап тексергенде: 45 тістің шайнау бетінде сауыт қуысымен байланысқан терең тісжегі қуысы анықталды, сүңгілеп тексергенде ашылған ұлпа аймағы қатты ауырады, тісті қағып тексергенде ауырмайды. Төменде берілген болжамды диагноздың қайсысы сипатталған клиникалық белгілерге сәйкес келеді?

* ұлпаның жедел жартылай қабынуы

* ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі

* ұлпаның созылмалы өсе қабынуы

* + ұлпаның созлымалы жай қабынуы

* ұлпаның созылмалы шіри қабынуы

#158

*! 18 жастағы бойжеткен солжақ жоғарғы күрек тісінің кешеден бері өз бетімен ауық-ауық ауыра бастағанына шағымданады. Ауыру сезімі көп болса жарты сағатқа созылып барып басылады, температуралық тітіркендіргіштер ауыру сезімін күшейте түседі. Қарап тексергенде: 21 тісінің таңдай бетінде тұйық тесік аймағында терең тісжегі қуысы анықталды, сауыт қуысы жабық. Қуыстың табанын сүңгілеп байқағанда ауыру сезімі бар, қағып тексергенде ауырмайды. Төменде берілген емдеу әдістерінің қайсысын жүргізген тиімді?

* девитальді экстирпациялау әдісі

* девитальді аралас әдіс

* девитальді ампутациялау әдісі

*+ витальді экстирпациялау әдісі.

* консервативтік әдіс

#159

*! 14 жасар жеткіншек төменгі оңжақ азу тісінде өз бетімен пайда болатын, қысқа уақытқа созылатын және -1-2 сағаттан кейін қайталанып отыратын ауыру сезіміне шағымданады. Ауыру сезімі температуралық тітіркендіргіштер әсерінен күшейе түседі. Стоматологқа келер алдында тістің ауыруы қайта басталыпты. Жеткіншектің деніі сау, ешқандай аллергиялық реакциясы байқалмаған. Қарап тексергенде: 46 тісінің шайнау бетінде сауыт қуысымен байланыспаған терең тісжегі қуысы анықталды. Қуыстың табанын сүңгілеп тексергенде ең төмен аймағында ауыру сезімі байқалды, тістің ЭҚ-ғы 28 мка. Төменде берілген емдеу әдістерінің қайсысын жүргізген тиімді?

* девитальді экстирпациялау әдісі

* девитальді аралас әдіс

* девитальді ампутациялау әдісі

* витальді экстирпациялау әдісі

*+ консервативті әдіссе

#160

*! Қыз бала жасы 18-де, жоғарғы солжақ азу тісіндегі ауыру сезіміне шағымданады, сыздаған ауыру сезімі көбінесе тағам шайнағанда және ыстық, суық тітіркендіргіштерден пайда болып, біраз уақыттан кейін барып басылады. Дені сау, аллергиясы жоқ. Қарап тексергенде: 27 тісінің таңдай бетіндегі табиғи ойықта пайда болған тісжегі қуысы анықталды, сүңгілеп тексергенде сауыт қуысымен байланысы бар және ашылған ұлпа қаттаы ауырады, тістің ЭҚ-ғы 35мка. Төменде берілген емдеу әдістерінің қайсысын жүргізген тиімді?

* девитальді экстирпациялау әдісі

* девитальді аралас әдіс

* девитальді ампутация әдісі

* + витальді экстирпациялау әдісі

* консервативтік әдіс

#161

*! 30 жасар жігіт жоғарғы сол жақ азу тісіндегі қысқа уақытқа созылатын, ұстамалыі ауыру сезіміне шағымданады. Ауыру сезімі мазалай бастағалы екі күн болған, бірақ ұзақ уақытқа созылмайды екен. Қарап тексергенде: 26 тісінің алдыңғы бетінде тіс экваторынан жоғары шайнау бетіне ауыса орналасқан іші жұмсара пигменттелген дентинге толы терең тісжегі қуысы анықталды. Тісжегі қуысын сүңгілеп тексерген кезде табанында ауыру сезімі байқалады, қағып тексергенде тіс ауырмайды.. Емдеу әдісін таңдау үшін төменде берілген қосалқы тексеру әдістерінің қайсысын жүргізген тиімді?

* рентгенографиялық әдіс

* трансиллюминациялық әдісі

*+ электроодонтометриялық әдіс

* тісті тікелей бояу әдісі

* реодентографиялық әдіс

#162

*! 38 жасар ер адам жоғарғы сол жақ сүйір тісіндегі өз бетімен туындайтын, қысқа уақытқа созылатын қозбалы ауыру сезіміне шағымданады. Ауыру сезімдері ыстық және суық тітіркендіргіштер әсерінен күшейе түседі немесе қайта қозады. Тісі бір сөткеден артық уақыт ауырған. Қарап тексергенде: 23 тісінің бүйір бетінде таңдай бетіне жайыла орналасқан, іші ақшылдау түсті жұмсарған дентинге толы терең тісжегі қуысы бар. Тісжегі қуысын сүңгілеп тексергенде табанында ауыру сезімі анықталды. Қарап тексеру кезінде де тісі қатты ауырып тұрды және суықпен әсер еткен кезде ауыру сезімі күшейе түсті. Сипатталған клиникалық белгілер төменде берілген болжамды диагноздың қайсысына сәйкес келеді?

*+ ұлпаның жедел жартылай қабынуы

* ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі КЕРЕК

* ұлпаның жедел толық қабынуы

* ұлпаның жедел іріңдей қабынуы

* ұлпаның созылмалы шіри қабынуы

*163

*! Ер адам жоғарғы сол жақ кіші азу тісіндегі өз бетімен пайда болып, қысқа уақытқа созылып барып басылатын қозбалы ауыру сезіміне шағымданады. Тісі ауырғалы екі күндей болған. Суықтан ауыру сезімі қайта қозады немесе тістің ауыруы күшейе түседі. Қарап тексергенде: 25 тісінің алдыңғы бетінде шайнау бетіне ауыса орналасқан іші жұмсарған және ыдыраған дентинге толы тісжегі қуысы анықталды. Қуысты сүңгілеп тексергенде табаны ауырады. Сипатталған клиникалық белгілерді төменде берілген аурулардың қайсысының клиникалық белгілерінен ажырата білу керекі?

* ұлпаның жедел толық қабынуы

* ұлпаның созылмалы шіри қабынуы КЕРЕК

* +қарқынды дамыған терең тісжегі

* орта тісжегі

* ұлпаның жедел іріңді қабынуы

#164

*! Жас жігіт жоғарғы оң жақ сүйір тісіндегі өз бетімен пайда болатын, аз уақытқа созылатын, сирек қозатын ауыру сезіміне шағымданады. Тісі ауыра бастағалы екінші күн өткен. Суық пен ыстық әсерінен ауыру сезімі күшейе түседі. Жігіт жедел ағымды лейкозбен ауырады. Қарап тексергенде: 13 тісінің алдыңғы жақ бетінде терең тісжегі қуысы анықталды,сауыт қуысы ашылмаған. Қуысты сүңгілеп тексергенде табанында ауыру сезімі бар, тістің ЭҚ-ғы 25 мка. Қағып тексергенде ауырмайды. Төменде берілген емдеу әдістерінің қайсысын таңдаған тиімді?

* девитальді экстирпациялау әдісі

* девитальді аралас әдіс

* девитальді ампутациия әдісі

* витальді экстирпация әдісі

*+девитальді ампутациялау әдісі

#165

*! 31-дегі жігіт жоғарғы сол жақ тістеріндегі өз бетімен дамыған ұзаққа созылатын және жиі қайталанып тұратын қозбалы, сол жақ шықшытына берілетін ауыру сезіміне шағымданады. Ауыру сезімі мазалағалы үш күндей болған. Жігіт ауырған тісін анық көрсете алмайды. Қарап тексергенде: 24 тісінің шайнау бетінде ақшыл түсті жұмсарған дентинге толы терең тісжегі қуысы анықталды. Сүңгілеп тексергенде қуыс табанының барлық аймағында ауыру байқалады, қағып тексергенде тіс ауырмайды. Диагнозды нақтылау үшін төменде берілген тексеру әдістерінің қайсысын жүргізген тиімді?

* реодентографиялық әдіс

* эхоостеометриялық әдіс

* аурудың анамнезін жинау

* + температуралық тітіркендіргіштермен тексеру

* рентгенографиялық әдіс

#166

*!13 жастағы жеткіншек жоғарғы сол жағындағы тістерінің бірінде өз бетімен пайда болған, солқылдатқан толассыз ауыру сезіміне шағымданады. Ауыру сезімі сол жақ құлаққа және самайға беріледі және суықтан аздап бәсеңдейді. Қарап тексергенде: 25 тісінің шайнау бетінде сауыт қуысымен байланыспаған терең тісжегі қуысы анықталды, сүңгілеп тексергенде табаны аздап ауырады, қағып тексергенде де ауыру сезімі орын алды. Диагнозды толық нақтылау үшін төменде берілген тексеру әдістерінің қайсысын қолданған тиімді?

* + ыстық тітіркендіргішпен тексеру

* эхоостеометриялық әдіс

* реодентографиялық әдіс

* трансиллюминациялық әдіс

* полярографиялық әдіс

#167

*! Ұлпаның жедел іріңді қабынуын периодонттың жедел қабынуының жалқықтану сатысынан ажырату үшін төменде берілген тексеру әдістерінің қайсысын жүргізген тиімді?

* рентгенографиялық әдіс

* өмір анамнезін жинау

* + термометриялық әдіс

* ауру тарихын жинау

* қағып тексеру

#168

*! Орта жастағы ер адам төменгі сол жақ азу тісіндегі өз бетімен пайда болып, ұзаққа созылып барып басылатын және жиі қозатын, оң жақ құлағына және желкесіне берілетін ауыру сезіміне шағымданады. Ауыру сезімі суықтан бәсеңдейді, жылыдан және ыстықтан күшейеді. Науқас жүрек-тамыр жетіспеушілігінің теңгерілмейтін түрімен (декомпенсированная форма) ауырады. Қарап тексергенде: 47 тісінің шайнау бетінде сауыт қуысымен байланыспаған терең тісжегі қуысы бар. Сүңгілеп тексергенде тісжегі қуысының табаны қатты ауырады, қағып тексергенде тіс аздап ауырады. Төменде берілген емдеу әдістерінің қайсысын жүргізген тиімді?

* девитальді экстирпациялау әдісі

*+девитальді ампутациялау әдісі

* девитальді ампутациялау әдісі

* витальді экстирпациялау әдісі

* консервативтік әдіс

#169

*! 49 жастағы ер адам төменгі оң жағындағы азу тісінің тағам шайнаған кезде сыздап ауыратындығына және ауыру сезімінің ұзаққа созылып барып басылатынына шағымданады. Тісі ертеректе өз бетімен жиі ауырған. Қарап тексергенде: 46 тісінің сауытының түсі өзгеріп, күңгірт-сұр түстенген, шайнау бетінде терең тісжегі қуысы бар, іші жұмсарған дентинге және ас қалдықтарына толы. Сүңгілеп тексергенде тісжегі қуысы мен сауыт қуысының арасындағы байланыс анықталды, қағып тексергенде тіс ауырмайды. Диагнозды нақтылау үшін төменде берілген тексеру әдістерінің қайсысын жүргізген тиімді?

* сипап тексеру

* реодентографиялық тексеру

* рентгенография

*+температуралық тітіркендіргіштермен тексеру

* ауру анамнезін жинау

#170

*! Жасы 47- дегі ер адам төменгі оң жағындағы азу тісінің ыстық тағам ішкенде және қатты тағам шайнағанда ұзақ сыздап ауырып мазалайтындығына шағымданады. Тісі ертеректе де өз бетімен ауырып, жиі мазалаған. Қарап тексергенде: 46 тісінің сауытының түсі өзгеріп күңгірт тартқан, артқы бетінде шайнау бетіне ауыса орналасқан терең тісжегі қуысы бар. Сүңгілеп тексергенде тісжегі қуысы сауыт қуысымен байланысқаны анықталды және тереңірек сүңгілеп тексергенде ауырады, сүңгінің ұшында кір-сұр түсті қақ байқалады. Сипатталған клиникалық белгілерге төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысы сәйкес?

* ұлпаның созылмалы жай қабынуы

* периодонттың созылмалы қабынуыКЕРЕК

* периодонттың созылмалы қабынуының өршуі

* + ұлпаның созылмалы шіри қабынуы

* ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуі

#171

*! Ұлпаның созылмалы шіри қабынуын периодонттың созылмалы қабынуынан ажырату үшін төменде берілген тексеру әдістерінің қайсысын жүргізген тиімді?

* реодентографиялық әдіс

* өмір анамнезін жинау

* + электроодонтографиялық әдіс

* ауру тарихын жинау

* қағып тексеру

#172

*! 51 жастағы ер адам төменгі оң жағындағы азу тісінде ыстық тағам қабылдағанда, қатты тағам шайнағанда ұзаққа созылатын сыздаған ауыру сезімі пайда болатынына шағымданады. Ауыру сезімдері ертеректе де өз бетімен мазалаған. Науқас бауыр циррозымен ауырады. Қарап тексергенде: 47 тісінің сауытының түсі өзгерген және күңгірт тартқан, артқы бетінде шайнау бетіне ауыса терең тісжегі қуысы орналасқан, іші жұмсарған дентинге және ас қалдықтарына толы. Сүңгілеп тексергенде тісжегі қуысы сауыт қуысымен байланысқаны анықталды, тереңірек сүңгілеп байқағанда ауыру сезімі пайда болды, тістің ЭҚ- ғы 75 мка.

Төменде берілген емдеу әдістерінің қайсысын жүргізген тиімді?

* девитальді экстирпациялау әдісі

* девитальді аралас әдіс (смешанный метод)

*+ девитальді ампутациялау әдісі

* витальді экстирпациялау әдісі

* консервативтік әдіс

#173

*! Жас жігіт жігіт төменгі оң жақ күрек тісінің өз бетімен қатты және ұзақ ауырып мазалайтынына, ауыру сезімі қысқа уақытқа басылып, жиі-жиі қайта қозатынына шағымданады. Ауыру сезімі иек аймағына таралады. Қарап тексергенде: 41 тісінің медиальді бетінде терең тісжегі қуысы көрінеді, сауыт қуысымен байланыспаған. Сүңгілеп тексергенде тісжегі қуысының табаны түгел ауырады, қағып тексергенде тіс ауырмайды. Төменде берілген тексеру әдістерінің қайсысын диагнозды нақтылау үшін жүргізген тиімді?

* аурудың анамнезін жинау

* пальпация-сипап тексеру

* перкуссия-қағып тексеру

* рентгенография

*+ температуралық тітіркендіргіштермен тексеру

#174

*! 52 жастағы ер адам жоғарғы оң жақ үлкен азу тісінің ыстықтан және суықтан ұзақ ауыратынына және ыстық-cуық температура ауысса ауыру сезімінің күшейе түсетініне шағымданады. Ауыру сезімінің пайда болғанына біраз уақыт болған. Қарап тексергенде: жоғарғы оңжақ кіші және үлкен азу тістері бұзылмаған, шайнау төмпешіктері біраз қажалған. Суық су шоғырымен әсер еткенде ауыру сезімі пайда болып, біраз уақыттан кейін басылады, тіс қағып тексергенде ауырмайды. Диагнозды нақтылау үшін төменде берілген тексеру әдістерінің қайсысын жүргізген тиімді?

* + рентгенографиялық әдіс

* реодентографиялық әдіс

* полярографиялық әдіс

* эхоостеометриялық әдісі

* люминесценттік әдіс

#175

*! 53 жасар ер адам жоғарғы сол жағындағы үлкен азу тісінің өз бетімен толассыз солқылдап ауыратындығына, суық әсерінен бәсеңсіп, ыстық әсерінен күшейетініне шағымданады. Тісі ауырғалы төрт күндей болған. Науқасқа үш жеті бұрын асқазанды резекциялау отасы жүргізілген. Қарап тексергенде: 27 тістің алдыңғы бетінде сауыт қуысымен байланыспаған терең тісжегі қуысы көрінеді. Тісжегі қуысын сүңгілеп тексергенде табаны аздап ауырады, қағып тексергенде де ауыру сезімі пайда болады. Төменде берілген емдеу әдістерінің қайсысын жүргізген тиімді?

* девитальді экстирпациялау әдісі

* девитальді аралас әдіс

*+ девитальді ампутациялау әдісі

* витальді экстирпациялау әдісі

* консервативтік әдіс

#176

*! 54 жастағы әйел төменгі солжақ азу тістерінің толассыз қатты ауыратынына шағымданады. Тісі ауырғалы біраз уақыт болған. Температуралық тітіркендіргіштерден ауыру сезімі күшейе түседі. Қарап тексергенде: төменгі солжақ азу тістері бұзылмаған, шайнау төмпешіктері аздап қажалған. Кіші және үлкен азу тістер төңірегіндегі қызылиек қызыл-көкшіл түстенген, сүңгілеп тексергенде қанайды, 36 тістің төңірегінде терең пародонтальдық қалта бар, тіс аздап қозғалмалы, көлденең қағып тексергенде ауыру сезімі бар. Диагнозды нақтылау үшін төменде берілген тексеру әдістерінің қайсысын жүргізген тиімді?

* аурудың анамнезін жинау

*+ электроодонтометриялық әдіс

* реодентографиялық әдіс

* рентгенографиялық әдіс

* эхоостеометриялық әдіс

#177

*! 55 жастағы әйел жоғарғы оң жақ азу тістерінің толассыз қатты ауыратыныпа шағымданады, ыстық және суық тағам қабылдағанда ауыру сезімі күшейе түседі. Тісінің ауыра бастағанына біраз уақыт болған. Қарап тексергенде: жоғарғы оңжақ кіші және үлкен азу тістері бұзылмаған, төңірегіндегі пародонт тіндері екінші дәрежелі қабынбалы-бұзылыстық өзгерістерге ұшыраған. 17 тістің төңірегінде терең пародонтальдық қалта бар, тіс аздап қозғалады, көлденең қағып тексергенде аздаған ауыру сезімі бар. Тістің электрқозғыштығы 50 мка. Сипатталған клиникалық белгілер төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына сәйкес?

* ұлпаның жедел жартылай қабынуы

* ұлпаның жедел толық қабынуы

* қарқынды дамыған терең тісжегі

*+ ұлпаның ретроградтық қабынуы

* ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуі

#178

*! 56 жастағы әйел адам төменгі сол жақ үлкен азу тісінің толассыз қатты ауыратындығына шағымданады, ауыру сезімі ыстықтан және суықтан күшейе түседі. Тісі ауырғалы біраз уақыт болған, ауырусыздандырушы дәрілер ішіп ауыруды басып отырады. Қарап тексергенде: төменгі солжақ азу тістері бұзылмаған,16 тісінің төңірегінде терең пародонтальдық қалта бар, тісі аздап қозғалады, суық су шоғырымен әсер еткенде ұзаққа созылатын ауыру сезімі пайда болады, тістің ЭҚ-ғы 50 мка. Төменде берілген емдеу әдістерінің қайсысын жүргізген тиімді?

* девитальді экстирпациялау әдісі

* девитальді аралас әдіс

* девитальді ампутациялау әдісі

*+ витальді экстирпациялау әдісі

* консервативтік әдіс

#179

*! 57 жастағы ер адам төменгі сол жағындағы азу тісінің ыстық және суық тағам қабылдағанда ұзақ уақыт ауыратындығына шағымданады. Тісі көптен бері ауырып жүрген, кейінгі кезде ауыру сезімі ыстық пен салқын температура ауысқанда қатты мазалай бастаған. Қарап тексергенде: солжақ төменгі азу тістері бұзылмаған, шайнау төмпешіктері біраз қажалған. Төменгі солжақ азу тістерінің ауызсырттық рентген суретінде 36 тістің сауыт қуысының ортасында домалақ пішінді ақ көлеңкелі ошақ анықталды, тістің ЭҚ-45мка. Сипатталған клиникалық белгілер төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына тән

* ұлпаның созылмалы шіри қабынуы

* ұлпаның созылмалы жай қабынуы

*+ ұлпаның созылмалы конкрементозды қабынуы КЕРЕК

* қарқынды дамыған терең тісжегі

* ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі

#180

*! 58 жастағы әйел адам төменгі сол жақ азу тісінің екі күннен бері толассыз ауырып мазалағанына, ауыру сезімінің ыстықтан және суықтан күшейетініне шағымданады. Тісі бұрын тағам шайнағанда, ыстық және суық қабылдағанда сыздап ұзақ ауырып барып, ауыру сезімі басылып тұрған. Қарап тексергенде: 37 тісінің алдыңғы бетінде шайнау бетіне ауыса орналасқан терең тісжегі қуысы анықталды, сүңгілен тексергенде сауыт қуысының ашық екендігі анықталды және ауыру сезімі пайда болды. Суық су шоғырының әсеріне ауыру сезімі күшейе түседі. Сипатталған белгілер төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысы сәйкес?

* ұлпаның жедел толық қабынуы

* ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуі

*+ ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі

* ұлпаның жедел іріңді қабынуы

* периодонттың созылмалы қабынуының өршуі

#181

*! Туберкулезге қарсы диспансерде емделіп жүрген 59 жастағы ер адам төменгі оңжақ азу тісі бұзылып, қуыс пайда болғанына, ыстықтан және суықтан ұзақ сыздап ауыратындығына шағымданады. Кейде қатты тағам шайнаған кезде қуысқа ас түйірі түсіп ауыртатындығына және ауыру сезімінің ұзаққа созылатындығын айтады. Тісі бұрында ыстық пен суықтан ауырған, бірақ ауыру сезімі тітіркеніс тоқтағаннан кейін тез басылып тұрған. Ер адам өкпе туберкулезінің ашық түрімен ауырады және емдеу шараларын қабылдауда. Қарап тексергенде: 47 тісінің медиальді-шайнау бетінде сауыт қуысымен байланыспаған терең тісжегі қуысы анықталды, сүңгілеп тексергенде табанында ауыру сезімі, бар, тісін қағып тексергенде ауырмайды және ЭҚ- ғы 42 мка. Төменде берілген емдеу әдістерінің қайсысын жүргізген тиімді?

* консервативтік әдіс

* девитальді экстирпациялау әдісі

*+девитальді ампутациялау әдісі

* девитальді аралас әдіс

* витальді ампутациялау әдісі

#182

*! Жақында ғана жүрек-тамыр жетіспеушілігінің теңгерілмейтін түрімен (декомпенсированная форма) ауруханада емделіп шыққан 60 жастағы ер адам жоғарғы солжақ азу тісінің ыстықтан ұзақ сыздап ауыратынын шағымданады. Бұрын тісі ыстықтан да суықтан да ауырып, тез басылып тұрған. Қарап тексергенде: 27 тісінің алдыңғы бетінде шайнау бетіне ауыса сауыт қуысымен байланысқан терең тісжегі қуысы анықталды. Сауыт қуысын ашып терең сүңгілеп тексергенде ауырады, сондың ұшында кір-сұр түсті қақ бар. Тісті қағып тексергенде ауырмайды, ЭҚ- ғы 75мка. Төменде берілген емдеу әдістерінің қайсысын жүргізген тиімді?

* витальді экстирпациялау әдісі

* витальді ампутациялау әдісі

* девитальді экстирпациялау әдісі

*+девитальді ампутациялау әдісі

* консервативтік әдісі

#183

*! Қант диабетімен сырқат 50 жастағы ер адам төменгі оң жақ кіші азу тісіндегі өздігінен пайда болатын түнгі уақытта күшейе түсетін толассыз ауыру сезіміне шағымданады. Тісі бұрын ыстық пен суық әсерінен ұзақ ауырып барып басылатын болған. Қарап тексергенде: 45 тісінің алдыңғы бетінде шайнау бетіне ауыса орналасқан және сауыт қуысымен байланысқан терең тісжегі қуысы анықталды.Тісжегі қуысын ас қалдықтарынан тазалап алып, терен сүңгілеп тексергенде ауырады, зондтың ұшында зондпен бірге кір-сұр түсті ұнамсыз иісті қақ шықты. Тісті қағып тексергенде ауырмайды. Тістің ауыз ішілік рентгенсуретінде артқы түбір ұшы аймағында периодонт саңылауы бірқалыпты кеңейген. Төменде берілген емдеу әдістерінің қайсысын жүргізген тиімді?

* витальді экстирпациялау әдісі

* девитальді аралас әдіс

* + девитальді ампутациялау әдісі

* девитальді экстирпациялау әдісі

* консервативтік әдісі

#184

*! Верльгоф ауруымен ауыратын 42 жастағы әйел адам төменгі солжақ үлкені азу тісінің тағам шайнағанда ауыратынына және қанайтынына шағымданады. Қарап тексергенде: 36 тісінің шайнау бетінде улкен көлемді тісжегі қуысы бар, табаны ашық қызыл түсті домалақ пішінді өсікпен жабылған, сүңгімен толық айналып өтуге болады, жаңа құрылым қозғалмалы және аздап қанайды.. Төменде берілген емдеу әдістерінің қайсысын жүргізген тиімді?

* ұлпаны тірідей толық алу әдісі

* ұлпаны тірідей жартылай алу әдісі

* + девитальды ампутациялау әдісі

* девитальді аралас әдіс

* девитальді экстирпациялау әдісі

#185

*! Созылмалы лимфолейкозбен ауыратын 61 жастағы ер адам төменгі сол жағындағы үлкен азу тісінде шикі ет түстес, ас қабылдағанда қанайтын және ауыратын құрылым пайда болғанына шағымданады. Қарап тексергенде: 36 тісінің артқы бетінде шайнау бетіне ауыса жиек қырлары өткір және салбырай оорналасқан терең тісжегі қуысы анықталды. Қуыс жартылай ашық-қызыл түсті домалақ пішінді оңай қанайтын өсікті құрылыммен жабылған. Диагнозды нақтылау үшін қандай тексеру әдісін қолдануға болады және төменде берілген емдеу әдістерінің қайсысын жүргізген тиімді?

* айналдыра сүңгілеп тексеру, витальді экстирпациялау әдісі

* қағып тексеру, витальді ампутациялау әдісі

* сүңгілеп тексеру, девитальді экстирпациялау әдісі

* + айналдыра сүңгілеп тексеру, девитальді ампутациялау ідісі *

* консервативтік әдіс

#186

*! Көптүбірлі тістің түбірлер бифуркациясы бұзылған кезде орын алуы мүмкін периодонт тінінен дамыған өсікті ұлпаның созылмалы өсе қабынуынан ажырату үшін төменде берілген тексеру әдістерінің қайсысын жүргізген тиімді?

* сипап тексеру

* өмір анамнезін жинау

* термометриялық әдіс

* ауру тарихын жинау

*+ ренгенографиялық әдіс

#187

*! Эпилепсиямен сырқат 43 жастағы әйел жоғарғы сол жағындағы азу тісінің ас қабылдағанда қанайтындығына шағымданады. Қарап тексергенде: 26 тісінің медиальді- шайнау бетінде жиектері салбырай орналасқан тісжегі қуысы бар, ішінде қошқыл-қызылдау түсті саңырауқұлаққа ұқсас өсікті тінді құрылым анықталды, сүңгілеп тексергенде аздап ауырады және қанайды. Сүңгімен тісті айналдыра сүңгілеп тексергенде қызылиек бүртігі тісжегі қуысынн тыс жатыр. Тістің рентгенсуретінде түбірлер айырықтары аймағында өзгеріс жоқ. Төменде берілген емдеу әдістерінің қайсысын жүргізген тиімді?

* девитальді экстирпациялау әдісі

* девитальді аралас әдісі

*+ девитальді ампутациялау әдісі

* витальді экстирпациялау әдісі

* консервативтік әдіс

#188

*! Төменде берілген клиникалық белгілердің қайсысы ұлпаның жедел жартылай қабынуының клиникалық белгілеріне тән?

* өздігінен пайда болатын, ұзаққа созылатын қозбалы ауыру сезімі

*+ өздігінен туындайтын, қысқа уақытқа созылатын қозбалы ауыру сезімі

* өз бетімен туындайтын толастамайтын солқылдаған ауыру сезімі

* температуралық тітіркендіргіштен дамитын, тез басылатын ауыру сезімі

* өз бетімен пайда болып, тұрақты сыздап мазалайтын ауыру сезімі.

* химиялық тітіркендіргіштен дамитын, тез басылатын ауыру сезімі

#189

*! Төменде берілген клиникалық белгілердің қайсысы ұлпаның жедел іріңді қабынуының клиникалық белгілеріне тән?:

* өздігінен пайда болатын ұстамалыі ауыру сезімі

*+ ыстық әсерінен күшейетін, толассыз солқылдатып мазалайтын ауыру сезімі

* температуралық тітіркендіргіштерден дамитын, қысқа уақытқа созылатын ауыру сезімі

* өз бетімен дамитын тұрақты сыздап мазалайтын ауыру сезімі

* химиялық тітіркендіргіштен дамитын, тез басылатын ауыру сезімі

#190

*! Төменде берілген клиникалық белгілердің қайсысы ұлпаның жедел толық қабынуының клиникалық белгілеріне тән?:

* өз бетімен дамитын, қысқа уақытқа созылатын қозбалы ауыру сезімі

*+ өз бетімен дамитын, ұзақ уақытқа созылатын қозбалы ауыру сезімі

* температуралық тітіркендіргіштерден дамитын, қысқа уақытқа созылатын ауыру сезімі

* толассыз сыздап мазалайтын ауыру сезімі

* химиялық тітіркендіргіштен туындайтын, тез басылатын ауыру сезімі

#191

*! Төменде берілген клиникалық белгілердің қайсысы ұлпаның созылмалы конкрементті қабынуына тән:

* өздігінен пайда болатын, ұзақ уақытқа созылатын қозбалы ауыру сезімі

* өздігінен пайда болатын, қысқа уақытқа созылатын қозбалы ауыру сезімі

*+ температуралық тітіркендіргіштерден туындайтын, ұзақ уақытқа созылатын ауыру сезімі

* тұрақты сыздап ауыру, тісіне қарсы тісі тиіп кеткенде ауыру сезімі күшейеді.

* химиялық тітіркендіргіштен туындайтын, тез басылатын ауыру сезімі

#192

*! Ұлпаның созылмалы жай қабынуының сараптамалы диагностикасын төменде берілген аурулардың қайсысымен жүргізген тиімді?:

* ұлпаның жедел жартылай қабынуы

* баяу дамыған терең тісжегі

* қарқынды дамыған терең тісжегі

* периодонттың созылмалы қабынуы

* + ұлпаның созылмалы шіри қабынуы

#193

*! Ұлпаның созылмалы шіри қабынуына төменде берілген клиникалық белгілердің қайсысы тән емес?:

* тіс түсінің күңгірттеніп өзгеруі

* тісжегі қуысы мен сауыт қуысының арасында байланыстың болуы

* тістің рентгенсуретінде түбірұшы периодонтында өзгеріс болуы.

*+ тістің түбір ұшы проекциясында қызылиекте жыланкөз болуы.

* тісжегі қуысын терең сүңгілеп тексергенде ауыру сезімі анықталады

#194

*! Төменде берілген қосалқы тексеру әдістерінің қайсысы ұлпаның жедел жартылай қабынуы мен толық жедел қабынуының сараптамалы диагностикасын жүргізуде маңызды рөл атқарады?

* реодентографиялық әдіс

* трансиллюиминациялық әдіс

* + электроодонтометриялық әдіс

* полярографиялық әдіс

* эхоостеометриялық әдіс

#195

*! Сауыт қуысы жабық болған жағдайда ұлпаның созылмалы шіри қабынуының сараптамалы диагностикасын төменде берілген аурулардың қайсысымен жүргізу қажет?

* орта тісжегі

* баяу дамыған терең тісжегі

* қарқынды дамыған терең тісжегі

* + периодонттың созылмалы қабынуы

* периодонттың жедел қабынуы

#196

*! Төменде берілген аурулардың қайсысымен ұлпаның жедел толық қабынуының сараптамалы диагностикасын жүргізген тиімді?

* ұлпаның созылмалы шіри қабынуы

* ұлпаның созылмалы өсе қабынуы

* ұлпаның созылмалы жай қабынуы

* + үштік нерв невралгиясы.

* периодонттың созылмалы қабынуының өршуі

#197

*! Стоматологқа көрінуге келген 23 жастағы жігітке 21 тісінде ұлпаның қабынуы деген диагноз қойылып, емдеу шаралары жүргізілді: убистезинмен инфильтрациялық анестезия жасалынып, сауыт және түбір ұлпасы алынды. Түбір өзегіне ұсақ аспаптармен, дәрі-дәрмектермен өңдеу жүргізіліп, гуттаперча штифтпен пломбыланды және тұрақты пломбы қойылды. Төменде берілген емдеу әдістерінің қайсысын жүргізген тиімді болды?

* девитальді экстирпациялау әдісі

* девитальді аралас әдіс

* девитальді ампутациялау әдісі

*+ витальді экстирпациялау әдісі

* консервативтік әдіс

#198

*! Төменде берілген тексеру әдістерінің қайсысын ұлпаның созылмалы конкрементозды қабынуының диагнозын нақтылау үшін қолданған тиімді?

* реодентографиялық әдіс

*+ рентгенографиялық әдіс

* эхоостеометриялық әдіс

* люминесценциялық әдіс

* полярографиялық әдіс

#199

*! Тіл обырымен сырқат жақында ісікті алу отасы жасалған 35 жастағы әйелдің 37 тісіне «ұлпаның созылмалы жай қабынуы» деген диагноз қойылып, емдеу шаралары жүргізілді. Төменде берілген емдеу әдістерінің қайсысын жүргізген тиімді?

* витальді экстирпациялау әдісі

* витальді ампутациялау әдісі

*+девитальді ампутациялау әдісі

* девитальді экстирпациялау әдісі

* консервативтік әдіс

#200

*!Төменде берілген аурулардың қайсысымен териодонттың созылмалы грануломаланып қабынуының сараптамалы диагностикасын жүргізуге болады?

* ұлпаның созылмалы жай қабынуы

*+периодонттың созылмалы грануляцияланып қабынуы

* периодонттың созылмалы фиброзды қабынуы

* периодонттың жедел қабынуы

* Гаймор қуысының қабынуы

#201

*! Периодонттың жедел қабынуы мен созылмалы қабынуының өршуінің сараптамалы диагностикасын жүргізу үшін төменде берілген тексеру өдістерінің қайсысын жүргізген тиімді?

* электроодонтометриялық әдіс

*+ ренгенографиялық әдіс

* реодентографиялық әдіс

* реопародонтографиялық әдіс

* эхоостеометриялық әдіс

#202

*! Сырқат тісте өз бетімен туындайтын, толассыз сыздап мазалайтын және қарсы тістері тиіп кеткенде, тағам шайнағанда күшейетін ауыру сезімі бар. Бұл субъективтік белгілер төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына тән?

*+ периодонттың жедел қабынуы , уыттану сатысы

*периодонттың жедел қабынуы, жалқықтану сатысы КЕРЕК

*периодонттың созылмалы қабынуының өршуі

*ұлпаның жедел іріңді қабынуы

*периодонттың созылмалы гранулденіп қабынуы

#203

*! Сырқат тісте кейде ауырлық , ыңғайсыздық, кернеу сезімдері, қатты тағам шайнағанда аздап ауырғандай сезім байқалған. Қарап тексергенде: тісте тісжегі қуысы бар,тіс тұсындағы қызылиекте жыланкөз немесе оның жабылуынан пайда болған тыртық анықталады. Берілген клиникалық белгілер төмендегі болжамды диагноздардың қайсысына тән?

*периодонттың жедел қабынуы , уыттану сатысы

*периодонттың жедел қабынуы, жалқықтану сатысыКЕРЕК

*периодонттың созылмалы қабынуының өршуі

*ұлпаның жедел іріңді қабынуы

*+ периодонттың созылмалы гранулденіп қабынуы

#204

*! Сырқат тісте өз бетімен туындайтын қатты толассыз солқылдатқан , тағам шайнағанда, тіске қарсы тіс тиіп кеткенде күшейе түсетін ауыру сезімі бар. Тіс «ұзарып кеткен» сияқты. Тіс тұсындағы қызылиек қызара домбыға бастаған. Кейде дене қызуы көтеріліп, жалпы жағдайы да өзгеруі мүмкін. Сипатталған субьективтік клиникалық белгілер төменде берілген болжамды диагноздың қайсысына тән?:

*периодонттың жедел қабынуы , уыттану сатысы

*+периодонттың жедел қабынуы, жалқықтану сатысыКЕРЕК

*периодонттың созылмалы қабынуы

*ұлпаның жедел іріңді қабынуы

*периодонттың созылмалы қабынуының өршуі

#205

*! Сырқат 45 тіс толассыз қатты сыздап, солқылдап ауырады. Тағам шайнағанда, қарсы тістер тиіп кетсе, ауыру сезімі күшейе түседі. Тістің ұрт жағындағы қызылиек ауыспалы қатпарға жақын қызара домбыға бастаған. Бұған дейін тіс тұсындағы қызылиекте ауық-ауық жыланкөз пайда болып тұрған. Сипатталған клиникалық белгілер төменде берілген болжамды диагноздың қайсысына тән?:

*периодонттың жедел қабынуы , уыттану сатысы

*периодонттың жедел қабынуы, жалқықтану сатысы

*+периодонттың созылмалы қабынуының өршуіКЕРЕК

*ұлпаның жедел іріңді қабынуы

*периодонттың созылмалы гранулденіп қабынуы

#206

*! Сырқат 36 тісте терең тісжегі қуысы бар, ауырып мазаламайды. Сауыт қуысы ашылмаған, сүңгілеп және қағып тексергенде ауырмайды, тістің ЭҚ-ғы 126 мка, тіс төңірегіндегі жұмсақ тіндер өзгеріске ұшырамаған. Сипатталған клиникалық белгілер төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына тән?

*жоғарғы тісжегі

*орта тісжегі

*қарқынды дамыған терең тісжегіКЕРЕК

*+периодонттың созылмалы қабынуы

*ұлпаның созылмалы шіри қабынуы

#207

*! Периодонттың созылмалы қабынуының өршуін, периодонттың жедел қабынуынан ажырату үшін төменде берілген қосалқы тексеру әдістердің қайсысын жүргізген тиімді?:

*тістің температуралық тітіркендіргіштерге жауабын анықтау /термотест/

*+рентгенографиялық әдіс

*электрқозғыштығын анықтауКЕРЕК

*кіреукені ауыз ішінде (тікелей) бояу

*трансиллюминациялық әдіс

#208

*! Жоғарғы кіші немесе үлкен азу тістер периодонтының жедел қабынуының жалқықтану сатысын төменде берілген аурулардың қайсысынан ажырату қажет?

*ұлпаның созылмалы қабынуының өршуі

*ұлпаның жедел жартылай қабынуы

*ұлпаның созылмалы жай қабынуыКЕРЕК

*+Гаймор қуысының қабынуы

*ұлпаның созылмалы шіри қабынуы

#209

*! Периодонттың жедел қабынуын ұлпаның жедел қабынуынан ажырату үшін төменде берілген қосалқы тексеру әдістерінің қайсысын қолданған тиімді?:

*+температуралық тітіркендіргіштермен тексеру (термотест)

*қанның жалпы құрамын талдау

*рентгенографиялық әдіс

*стоматоскопиялық әдіc КЕРЕК

*реодентографиялық әдіс

#210

*! Периодонттың жедел қабынуының уыттану сатысының диагнозы дер кезінде немесе дұрыс қойылмаса төменде берілген аурулардың қайсысы асқыну түрінде орын алады?

*ұлпаның ретроградтық қабынуы

*Гаймор қуысының қабынуы

*альвеола өсіндісі сүйек майының қабынуыКЕРЕК

*флегмона

*+периодонттың жедел қабынуы, жалқықтану сатысы

#211

Төменде берілген периодонт қабынуының қандай түрінде «ұзарған тіс» симптомы («симптом выросшего зуба») орын алуы мүмкін?

*периодонттың жедел қабынуы, уыттану сатысы;

*периодонттың созылмалы қабынуының өршуі;

*периодонттың созылмалы гранулденіп қабынуы;КЕРЕК

*+ периодонттың жедел қабынуы, жалқықтану сатысы;

* периодонттың созылмалы гранулемаланып қабынуы.

#212

*! Периодонт қабынуының қандай түріне «вазопарез» симптомы тән?

*периодонттың жедел қабынуы уыттану сатысы;

*+периодонттың созылмалы гранулденіп қабынуы;КЕРЕК

*периодонттың жедел қабынуы, жалқықтану сатысы;

*периодонттың созылмалы гранулемаланып қабынуы.

*периодонттың созылмалы фиброзды қабынуы

#213

*! Тісжегі әсерінен бұзылған тістің ұрт жақ тұсындағы іркіле қызарған қызылиекке немесе ауыспалы қатпарға жақын доғал аспаптың басын батыра қысым көрсеткенде ойық пайда болады және ойықты тін баяу қалпына келеді. Сипатталған клиникалық белгі төменде берілген симптомдардың қайсысына тән?

*Гриншпан симптомы

*+«вазопарез» симптомы;КЕРЕК

* Никольский симптомы;

* «ұзарып кеткен тіс» симптомы

* «алма тоспасы» симптомы

#214

*! Механикалық жарақат әсерінен 11 тіс орнынан аздап тайған. Дәрігер – стоматолог жедел көмек көрсетуі керек. Төменде берілген емдеу шараларының қайсысын жүргізген тиімді?

*тісті жұлып алу;

*+тісті орнына қойып, уақытша шендеу;

*тіс сауытын тесіп (трепанациялап), ұлпаны алу;КЕРЕК

*емдеу жүргізілмейді;

*тісті жұлып алып, орнына қайта отырғызу (реплантациялау)

#215

*! 25 жасар қыз жоғарғы сол жақ азу тісінде өздігінен пайда болған, толассыз сыздаған ауыру сезіміне шағымданады. Тісіне мышьяк қойыртпағының қойылғанына 4 күн болған. Қарап тексергенде: 26 тісінде уақытша пломбы тұр, төңірегіндегі жұмсақ тіндер өзгеріссіз. Диагнозды дұрыс нақтылау үшін төменде берілген тексеру әдістерінің қайсысын жүргізген тиімді?

*электрқозғыштығын анықтау

*сүңгілеп тексеру

*+қағып тексеруКЕРЕК

*рентгенсуретін жасау

*температуралық тітіркендіргіштермен тексеру

#216

*! Жасы 22-дегі қыз бала жоғарғы сол жақ азу тісінде өздігінен пайда болған және толассыз сыздаған ауыру сезіміне шағымданады. Тісіне мышьяк қойыртпағының қойылғанына 4 күн болған. Қарап тексергенде: 26 тісінде уақытша пломбы тұр, қағып тексергенде ауырады, төңірегіндегі тіндер өзгеріссіз, сипап тексергенде ауырмайды. Төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына сипатталған клиникалық белгілер тән?

*периодонттың жедел қабынуы, жалқықтану сатысы

* + периодонттың дәріден жедел қабынуы, уыттану сатысы

*периодонттың созылмалы қабынуының өршуіКЕРЕК

*ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуі

*ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі

#217

*! Төменде берілген субьективтік клиникалық белгілердің қайсысы периодонттың жедел қабынуының уыттану сатысында орын алатын белгілерге тән?:

*+өздігінен пайда болатын толассыз сыздаған ауыру сезіміКЕРЕК

*өздігінен пайда болатын, толассыз солқылдаған ауыру сезімі

*суықтан ауыру сезімі бәсеңдейді

*ыстықтан ауыру сезімі күшейедіі

*ауыру сезімі нерв тармақтарының бойымен таралады

#218

*! Периодонттың жедел қабынуы, жалқықтану сатысының клиникалық белгілеріне төменде берілген белгілердің біреуінен басқасының барлығы тән:

*өздігінен пайда болатын тұрақты солқылдап ауыру

*+температуралық тітіркендіргіштерден ауыру сезімінің күшеюі

*«ұзарып(өсіп) кеткен тіс» симптомы

*қағып тексергенде ауырады

*тіс төңірегіндегі жұмсақ тіндердің коллатеральды домдығуыКЕРЕК

#219

*! «Периодонттың жедел қабынуының жалқықты сатысы» диагнозына төменде берілген рентгенологиялық көріністердің қайсысы тән?

*+ түбір ұшы төңірегіндегі сүйек тінінің рентген айқындылығының төмендеуіКЕРЕК

*түбір ұшы аймағында периодонт саңылауының біркелкі кеңеюі

*түбір ұшы аймағындағы сүйек тінінде шекарасы тегіс емес сорылу ошағы

*түбір ұшы аймағындағы сүйек тінінде домалақ пішінді шекарасы анық сорылу ошағы

* перидонт саңылауының мойын бөлігінің біркелкі кеңеюі

#220

*! Периодонттың жедел қабынуының жалқықтану сатысының клиникалық белгілеріне төменде берілген симптомдардың біреуінен басқасының барлығы тән:

*тісте өздігінен туындап, төңірегіне және жан-жаққа берілетін толастамайтын қатты ауыру сезімі

*тіс төңірегіндегі жұмсақ тіндердің коллатеральды домбыуы

*«өсіп кеткен » тіс симпттомы

*+ЭҚ-60-90мка

*температуралық тітіркендіргіштерге жауап бермейді

#221

*! 33 тісте «периодонттың созылмалы қабынуының өршуі» деген диагноз қойылды.Төменде берілген клиникалық белгілердің біреуінен басқасы осы ауруға тән:

*өздігінен туындайтын тұрақты сыздаған немесе солқылдатқан ауыру сезімі

*түбір ұшы периодонты аймағында ренгендік өзгерістер орын алады

*+ тістің ЭҚ-ғы 40-50 мка

*тісжегі қуысы мен тіс қуысының байланысы барКЕРЕК

*түбір ұшы проекциясы аймағында қызылиекте жыланкөзден қалған тыртық бар

#222

*! 37 тісте «периодонттың жедел қабынуы, жалқықтану сатысы» деген диагноз қойылды. Аурудың сараптамалы диагностикасын төменде берілген болжамды диагноздың біреуінен басқасының бәрімен жүргізген тиімді?

* + ұлпаның жедел жартылай қабынуы

*ұлпаның жедел іріңді қабынуыКЕРЕК

*периодонттың созылмалы қабынуының өршуі

*альвеола өсіндісі сүйек майының қабынуы

*ұлпаның созылмалы қабынуының өршуі

#223

*! 13 тісте «периодонттың созылмалы қабынуы» деген диагноз қойылды. Тісті бір қабылдауда емдеу үшін төменде берілген шартты көрсетілімдердің біреуінен басқасын негізге алған тиімді:

*бір түбірлі тістер

*+көп түбірлі тістер

*қызылиекте «жылан көздің» ашылуы

*ауыспалы қатпарда тілік жасауға көрсетілімнің болуыКЕРЕК

*түбір өзегін өту және кеңейту мүмкіндігі бар

#224

*! Дәрігер-стоматологқа тісжегімен жарақаттанған 21тісін емдетуге келген жасы 26-дағы жігітке «периодонттың созылмалы гранулденіп қабынуы» деген диагноз қойылды. Төменде берілген емдеу әдістерінің қайсысын жүргізген тиімді?

* + консервативтік әдіс

* хирургиялық әдісКЕРЕК

* консервативтік-хирургиялық әдіс

* гемисекциялау әдісі

* түбірді ампутациялау әдісі

#225

*! Тіс ұлпасының электрқозғыштығы 20- 25 мка көрсеткіші төменде берілген аурулардың қайсысына тән?

*ұлпаның созылмалы жай қабынуы

*қалыпты тіс

*периодонттың созылмалы қабынуы

*+ұлпаның жедел жартылай қабынуы

*периодонттың жедел қабынуы

#226

*! Ауырған тісте «өсіп кеткен» симптом анықталған. Бұл симптом төменде берілген аурулардың болжамды диагнозының қайсысына тән?

*ұлпаның жедел іріңдей қабынуыКЕРЕК

*жедел ұлпаның жартылай қабынуына

*+периодонттың жедел қабынуы, жалқықты сатысы

*ұлпаның жедел толық қабынуына

*периодонттың жедел қабынуы, уыттану сатысы

#227

*! 37 жасар әйел төменгі сол жақ азу тісіндегі қатты тағам шайнағанда пайда болатын ауырсыну сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: 36 тісінің дистальді бетінде шайнау бетіне ауыса орналасқан тісжегі қуысы бар, тіс қуысымен байланысқан және тісжегі қуысын терең сүңгілеп және қағып тексергенде ауыру сезімі анықталмайды. Аурудың диагнозын нақтылау үшін төменде берілген тексеру әдістерінің қайсысын жүргізген тиімді?

*сипап тексеру

*қағып тексеруКЕРЕК

*ЭҚ – анықтау

*+ рентгенографиялық әдіс

*температуралық тітіркендіргіштермен тексеру

#228

*! Жасы 41- дегі әйел адам төменгі сол жақ тісіндегі тағам шайнағанда орын алатын ыңғайсыздық сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: 36 тісінің артқы бетінде шайнау бетіне ауыса орналасқан және тіс қуысымен байланысқан тісжегі қуысы бар. Тісжегі қуысын терең сүңгілеп тексергенде ауырмайды. Рентген суретінде артқы түбір ұшы аймағындағы сүйек тінінде шекарасы аса анық және тегіс емес шағын көлемді кара қөлеңкелі ошақ анықталды.

Төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысы сипатталған клиникалық белгілерге сәйкес?

*ұлпаның созылмалы шіри қабынуы

*периодонттың созылмалы гранулемаланып қабынуыКЕРЕК

*+ периодонттың созылмалы гранулденіп қабынуы

*периодонттың созылмалы фиброзды қабынуы

*периодонттың созылмалы гранулденіп қабынуының өршуі

#229

*! 45 жасар ер адам төменгі сол жақ азу тісінде көптен бері қуыс пайда болғанына және оған пломбы қойғызуға келгенін айтады. Қазіргі кезде тісі мазаламайды, ертеректе өз бетімен қатты ауырған кездер болған. Қарап тексергенде: 37 тісінің шайнау бетінде тіс қуысымен байланыспаған терең тісжегі қуысы бар, қағып және сүнгілеп тексергенде ауырмайды. Температуралық тітіркендіргіштерге де жауап жоқ. Диагноз қою үшін төменде берілген тексеру әдістерінің қайсысын жүргізген тиімді?

*ауру анамнезін жинау

*өмір анамнезін жинау

*+ тістің ЭҚ- н анықтауКЕРЕК

*реодентографиялық әдіс

*эхоодонтометриялық әдіс

#230

*! Орта жастағы ер адам тісжегі әсерінен бұзылған төменгі оңжақ азу тісін емдетуге келген. Тісі ертеректе өз бетімен ауырып мазалаған, қазір ауырмайды. Қарап тексергенде: 47 тісінің шайнау бетінде тіс қуысымен байланысқан терең тісжегі қуысы бар. Сүңгілеп тексергенде ауырмайды. Тістің ауызішілік рентгенсуретінде: алдыңғы түбір ұшы аймағында домалақ пішінді, шекарасы анық, диаметрі 4мм қара көлеңкелі ошақ анықталды. Төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына сипатталған клиникалық белгілер тән?

*ұлпаның созылмалы шіри қабынуы

*+периодонттың созылмалы гранулемаланып қабынуыКЕРЕК

*периодонттың созылмалы гранулденіп қабынуы

*периодонттың созылмалы фиброзды қабынуы

*радикулярлық (түбірлік) киста

#231

*! Периодонттың созылмалы гранулемаланып қабынуына төменде берілген тістің рентгенсуретінің сипаттамсының қайсысы сәйкес?

*түбір ұшы аймағындағы сүйек тінінде шекарасы тегіс және анық емес біраз көлемді сорылу ошағы анықталады

*түбір ұшы аймағындағы периодонт саңылауы өзгермегенКЕРЕК

*периодонт саңылауы жиектік бөлігінде кеңейген

*түбір ұшы аймағындағы периодонт саңылауы біркелкі кеңейген

*+түбір ұшы аймағындағы сүйек тінінде шекарасы анық ені 5мм домалақ пішінді сорылу ошағы анықталады

#232

*! «Периодонттың созылмалы фиброзды қабынуы» диагнозына төменде берілген тістер рентгенсуреттерінің қайсысы сәйкес келеді?

*түбір ұшы аймағындағы сүйек тінінде шекарасы тегіс емес сорылу ошағы анықталды

*түбір ұшы аймағындағы периодонт саңылауы өзгермегенКЕРЕК

*периодонт саңылауы жиектік бөлігінде кеңейген

*+түбір ұшы аймағындағы периодонт саңылауы біркелкі кеңейген

*түбір ұшы аймағындағы сүйек тінінде шекарсы тегіс ені 5мм сорылу ошағы анықталды.

#233

*! Жоғарғы оңжақ орталық күрек тісте периодонттың созылмалы гранулденіп қабынуы анықталды. Периодонттың аталған қабынуына төменде берілген тістер рентгенсуреттері сипаттамасының қайсысы сәйкес болады?

*+ түбір ұшы аймағындағы сүйек тінінде шекарасы айқын және тегіс емес біраз көлемді сорылу ошағы

анықталды

*түбір ұшы аймағындағы периодонт саңылауы өзгермегенКЕРЕК

*жиектік бөлігінде периодонт саңылауы кеңейген

*түбір ұшы аймағындағы периодонт саңылауы біркелкі кеңейген

*түбір ұшы аймағында шекарасы анық және тегіс емес сүйек тінінің ыдырау ошағы орын алады

#234

*! 18 жасар қыз бала жоғарғы сол жақ азу тісінде өздігінен пайда болып, толассыз сыздаған ауыру сезіміне шағымданады. Тісі ертеректе өз бетімен қатты ауырып мазалаған. Қарап тексергенде: 25 тісінің шайнау бетінде терең тісжегі қуысы анықталды, тіс қуысымен байланыспаған. Сүңгілеп тексергенде қуыс табанында ауыру сезімі анықталмайды, қағып тексергенде тіс ауырады. Төменде берілген тістер рентгенсуреттері сипаттамасының қайсысы орын алуы мүмкін?

*түбір ұшы аймағындағы сүйек тінінде шекарасы тегіс емес шағын сорылу ошағы анықталды

* + түбір ұшы аймағында периодонт саңылауы өзгермеген

* жиектік бөлігінде периодонт саңылауы кеңейгенКЕРЕК

* түбір ұшы аймағындағы периодонт саңылауы біркелкі кеңейген

* түбір ұшы аймағындағы сүйек тінінде шекрасы тегіс домалақ пішінді сорылу ошағы орын алған

#235

*! Жасы 19-дағы қыз бала жоғары сол жақ кіші азу тісінің өздігінен толассыз сыздап ауыратындығына, қарсы тісі тиіп кетсе ауыруының күшейетіндігіне шағымданады. Қарап тексергенде: 24 тісінің алдыңғы бетінде шайнау бетіне ауысқан терең тісжегі қуысы анықталды, тіс қуысымен байланысқан. Сүңгілеп тексергенде ауырмайды, қағып тексергенде тісі ауырады, температуралық тітіркендіргіштерге жауап бермейді. Төменде берілген алғашқы диагноздардың қайсысы сипатталған клиникалық белгілерге сәйкес келеді?

*ұлпаның жедел толық қабынуы

*ұлпаның жедел іріңді қабынуыКЕРЕК

*+периодонттың жедел қабынуы, уыттану сатысы

*периодонттың жедел қабынуы, жалқықтану сатысы.

*периодонттың созылмалы қабынуының өршуі

#236

*! Периодонттың жедел қабынуының уыттану сатысы кезінде төменде берілген ауыру сезімдерінің қайсысы орын алады?

*+өз бетімен туындайтын, біртіндеп күшейетін тұрақты сыздаған және шектелген ауыру сезімі

*өздігінен пайда болатын ұстамалы қақсаған, нервтер бойымен таралатын ауыру сезімі

*өздігінен пайда болатын толассыз солқылдатқан ауыру сезімі

*өздігінен пайда болатын және суық әсерінен басылатын ауыру сезімі

*ыстық әсерінен күшейетін, өз бетімен пайда болатын ауыру сезім

#237

*! Периодонттың жедел қабынуының жалқықтану сатысы кезінде төменде берілген ауыру сезімдерінің қайсысы орын алуы мүмкін?

*өздігінен пайда болып, біртіндеп күшейетін тұрақты сыздаған және шектелген ауыру сезімі

*+өздігінен пайда болатын, толассыз солқылдатқан ауыру сезімі

*ауыру сезімінің жан-жаққа таралуыКЕРЕК

*суық әсерінен басылатын, өз бетімен туындайтын ауыру сезімі

*ыстық әсерінен күшейетін, өз бетімен туындайтын ауыру сезім

#238

*! Периодонттың созылмалы қабынуының өршуіне төменде берілген клиникалық белгілердің біреуінен басқасының барлығы тән:

*өздігінен пайда болатын, толассыз сыздаған ауыру сезімі

*түбірұшы аймағы сүйек тінінде рентгендік өзгерістің орын алуы

* +тіс ұлпасының электрқозғыштығының 60-90 мка

*түбірұшы проекциясы аймағында кілегейлі қабықтың өзгеріске ұшырауы

*тісті қағып тексергенде қатты ауырады

#239

*! Периодонттың созылмалы қабынуын бір қабылдауда емдеуге мүмкіндік беретін көрсетілімдердің қатарына төменде келтірілген шарттардың біреуінен басқасының барлығы жатады:

*біртүбірлі тіс

*қызылиекте «жылан көз» болуы

*түбір өзектерін өтуге мүмкіндік болатын жағдай

*түбір ұшы аймағындағы қабыну ошағы көлемінің шағын болуы

*+түбір өзегін өту мүмкіндігінің болмауы

#240

*! Жасы 32-дегі ер адам төменгі сол жақ азу тісінде өздігінен пайда болатын тұрақты сыздаған ауыру сезіміне шағымданады, қарсы тісі тиіп кеткенде тістің ауыруы күшейеді. Ауру анамнезінде: 36 тісінде асқынған тісжегіні емдеу шаралары басталған, төрт күн бұрын тісіне мышьяк қойыртпағы қойылған. Тісінің ауыруы басылғаннан кейін стоматологқа қайта бару міндетті емес деген шешімге келген. Қарап тексергенде: тісінде уақытша пломбы бар, тісті қағып тексергенде ауырады, тіс төңірегіндегі жұмсақ тіндерде өзгерістер байқалмайды. Төменде берілген периодонт тініндегі рентгендік өзгерістердің қайсысы тән?

*түбірұшы периодонты аймағындағы сүйек тінінде белгілі шекарасыз сорылған ошақ бар

*периодонт саңылауы жиектік бөлігінде кеңейген

*+ периодонт саңылауы өзгеріссізКЕРЕК

* периодонт саңылауы бірыңғай кеңейген

* түбірұшы периодонты аймағында домалақ пішінді шекрасы анық сорылу ошағы анықталадыі

#241

*! 19 жасар қызбала төменгі оңжақ азу тісінде қуыс пайда болғанына шағымданады және мүмкін болса пломбы қойғызғысы келетінін, тісінің ауырып мазаламайтынын айтады. Қарап тексергенде: 47 тісінің алдыңғы бетінде шайнау бетіне ауыса орналасқан тіс қуысымен байланысқан терең тісжегі қуысы бар. Терең сүңгілеп тексергенде ауырмайды. Тістің ауызсырттық ренген суретінде екі түбірдің ұштарында да периоднт саңылаулары бірыңғай кеңейген. Төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына сипатталған клиникалық белгілер сәйкес келеді?

*периодонттың созылмалы гранулденіп қабынуы КЕРЕК

*периодонттың созылмалы гранулемаланып қабынуы

*+периодонттың созылмалы фиброзды қабынуы

*түбір кистагранулемасы

*түбір кистасы

#242

*! Жасы 39- ғы әйел төменгі оңжақ азу тісінде тағам шайнағанда аздаған ыңғайсыздық сезінетініне шағымданады. Қарап тексергенде: 47 тісінің артқы және шайнау беттерін жарақаттай орналасқан тіс қуысымен байланысқан терең тісжегі қуысы бар. Терең сүңгілеп тексергенде ауырмайды. Тістің ауызсырттық ренгенсуретінде артқы түбірұшы аймағында жиектері тегіс және айқын домалақ пішінді ені 7-8 мм қара көлеңкелі ошақ анықталды.

Төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысы сипатталған клиникалық белгілерге сәйкес келеді?

*периодонттың созылмалы гранулденіп қабынуы КЕРЕК

*периодонттың созылмалы гранулемаланып қабынуы

*периодонттың созылмалы фиброзды қабынуы

*түбір кистагранулемасы

* +түбір кистасы ( радикулярлық киста)

#243

*! 37 жасар ер адам жоғарғы сол жақ бүйір күрек тісінің толассыз солқылдатып ауыратындығына, тағам шайнағанда, қарсы тісі тиіп кеткенде ауыру сезімінің қатты күшейе түсетініне, басы ауырып, жалпылай әлсіздік мазалай бастағанына шағымданады. Қарап тексергенде: 22 тісінің алдыңғы бетінде таңдай бетіне ауыса орналасқан терең тісжегі қуысы анықталды, сауыт қуысы жабық. 22 тістің түбір ұшы проекциясы аймағындағы қызылиек және ауыспалы қатпар кілегей қабығы аздап қызара домбыққаны байқалады.

Аурудың диагнозын нақтылау үшін төмендегі берілген тексеру әдістерінің қайсысын таңдаған тиімді?

*температуралық тітіркендіргіштермен тексеру КЕРЕК

*электрқозғыштығын анықтау

*+ тістің рентгенсуретін жасау

*сипап тексеру

*эхоостеометриялық әдіс

#244

*! Периодонттың созылмалы фиброзды қабынуы мен орта тісжегінің сараптамалы диагностикасын жүргізу үшін төменде берілген тексеру әдістерінің қайсысын жүргізген тиімді?

*сұрап тексеру

*қағып тексеру КЕРЕК

*+тістің ЭҚ-ын анықтау

*реодентографиялық зерттеу

*эхоостеометриялық әдіс

#245

*! Төменде берілген емдеу шараларының біреуінен басқасы периодонттың жедел қабынуын емдеу кезінде жүргізіледі :КЕРЕК

*ауыру сезімін басу

*периодонт тініне инфекция түсуін тежеу

*периодонт төңірегіндегі тіндер қабынуының алдын алу

*+периодонт төңірегіндегі бұзылған сүйек тіндерінің қалпына келуін ынталандыру

*тістің анатомиялық пішінін және қызметін қалпына келтіру

#246

*! Периодонттың созылмалы гранулденіп қабынуын емдеу шаралары төменде берілген емдеу шараларының біреуінен басқасының барлығын қарастырады:

*+ауыру сезімін басу КЕРЕК

*периодонт тініне инфекция түсуін тежеу

*созылмалы қабынудың өршуінің алдын алу

*түбірұшы периодонты төңірегіндегі бұзылған сүйек тіндерінің қалпына келуін ынталандыру

*тістің анатомиялық пішінін және қызметін қалпына келтіру

#247

*! Периодонттың жедел қабынуы мен периодонттың созылмалы қабынуының өршуінің сараптамалы диагностикасын жүргізу үшін төменде берілген тексеру әдістерінің қайсысын қолданған тиімді?

*+рентгенографиялық

*электроодонтометриялық

*температуралық тітіркендіргіштермен тексеру

*реодентографиялық

*эхоостеометриялық

#248

*! Жасы 19-дағы жігіт төменгі сол жақ азу тісіндегі өз бетімен пайда болған, толассыз сыздаған ауыру сезіміне, тағам шайнаған кезде ауыру сезімінің күшеюіне шағымданады. Тісі ауырғалы екінші тәулікке ауысқан. Қарап тексергенде: 36 тісінің шайнау бетінде терең тісжегі қуысы бар, тіс қағып тексергенде ауырады. Тістің төңірегіндегі жұмсақ тіндер өзгеріске ұшырамаған. Диагноз қою үшін төменде берілген тексеру әдістерінің қайсысын жүргізген тиімді? ..

*эхоостеометриялық әдіс

*+сүңгілеп тексеру

*реодентографиялық әдіс

*полярографиялық әдіс

*люминесценттік әдіс

#249

*! Периодонттың жедел қабынуының уыттану сатысын емдеу кезінде алға қойылатын міндеттердің қатарына төменде берілген емдеу шараларының біреуінен басқасының бәрі кіреді:

*«түбір өзегі -предентин»жүйесінің микрофлорасына әсер ету

*периодонт тініндегі инфекция көзін жою

* қабынудың жалқықтану сатысының алдын алу

*+периодонт төңірегіндегі сүйек тіндерінде қайта құрылу үрдістерін ынталандыру

*тістің анатомиялық пішінін және қызметін қалпына келтіру

#250

*! Жасы 41- дегі әйел төменгі оң жақ тісінде қуыс пайда болғанына, тағам қалдықтары жиналып нашар иіс туындататынына шағымданып келді. Ертеректе тісі өз бетімен ауырып, көп уақыт мазалаған. Қарап тексергенде: 46 тістің шайнау бетінде тіс қуысымен байланыспаған терең тісжегі қуысы бар, сүңгілеп тексергенде ауырмайды. Тістің рентгенсуретінде артқы түбір ұшы төңірегіндегі периодонт саңылауы біркелкі кеңейген. Диагнозды нақтылау үшін төменде берілген тексеру әдістерінің қайсысын жүргізген тиімдіі?

*эхоостеометриялық әдіс

*реодентографиялық әдіс

*+электроодонтометриялық әдіс КЕРЕК

*полярографиялық әдіс

*стоматоскопиялық әдіс

#251

*! Жасы 41-дегі әйел төменгі солжақ азу тісіндегі ыңғайсыз сезімге шағымданып келді. Қарап тексергенде: 37 тістің артқы бетінде шайнау бетіне ауыса орналасқан, тіс қуысымен байланысқан терең тісжегі қуысы анықталды. Сүңгілеп және қағып тексергенде ауырмайды. Артқы түбірұшы проекциясындағы ауыспалы қатпарда жылан көзден қалған тыртық бар, «вазопарез» симптомы оң. Диагнозды нақтылау үшін төменде берілген тексеру әдістерінің қайсысын жүргізген тиімді?

*ЭҚ-н анықтау

* реодентографиялық әдіс КЕРЕК

*температуралық тітіркендіргіштермен тексеру

*+ рентгенографиялық әдіс

*қағып тексеру

#252

*! 39 жастағы әйел жоғарғы оң жақ сүйір тісінің бұзыла бастағанына және тағам тістегенде қаттыыңғайсыздық сезінетініне шағымданып келді. Қарап тексергенде: 13 тісінің бүйір бетінде таңдай бетіне ауыса орнласқан тіс қуысымен байланысқан терең тісжегі қуысы анықталды.. Терең сүңгілеп және қағып тексергенде ауырмайды, бірақ ыңғайсыздық сезінеді. Тістің рентген суретінде түбір ұшы аймағында диаметрі 1,2 см домалақ пішінді шекарасы тегіс және анық қара көлеңкелі ошақ анықталды.

Төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына сипатталған клиникалық белгілер сәйкес келеді?

*периодонттың созылмалы гранулденіп қабынуы

*периодонттың созылмалы гранулемаланып қабынуы КЕРЕК

*периодонттың созылмалы фиброзды қабынуы

*ұлпаның созылмалы шіри қабынуы

*+түбір кистасы

#253

*! Жасы 30-дағы әйел адам төменгі оң жақ азу тісінің үзіліссіз қатты сыздап ауыратынына, тағам шайнағанда ауыру сезімінің күшейетініне шағымданады. Тіс төңірегіндегі қызылиегін сипап байқағанда да ауыратындығын айтады. Қарап тексергенде: 36 тісінің шайнау бетінде терең тісжегі қуысы бар, сауыт қуысы ашылған. Қағып тексергенде ауырады. Тістің ұртжақ бетіндегі қызылиегінде жыланкөзден қалған тыртық бар, ауыспалы қатпар қызара домбыққан және тегістелген, сипап тексергенде ауырады.. Тістің рентгенсуретін жасатуға жолдама берілді. Сипатталған клиникалық белгілер мен тістің ренгенсуретіндегі өзгерістер төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына тән болуы мүмкін?

*периодонттың созылмалы гранулденіп қабынуы

*ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуі

*+периодонттың созылмалы гранулденіп қабынуының өршуі

*периодонттың созылмалы гранулемаланып қабынуы

* ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі

#254

*! 53 жастағы ер адам төменгі солжақ кіші азу тісінің толассыз сыздап ауыратынына шағымданып келді. Тісі ауырғалы екі күн болған. Қарап тексергенде: 34 тістің артқы бетінде шайнау бетіне ауыса орналасқан терең тісжегі қуысы бар және табанында пломбылық материал сақталған. Қағып тексергенде қатты ауырады. Түбір ұшы проекциясы аймағындағы қызылиек қызара домбыққан. Дигнозды нақтылау үшін төменде берілген тексеру әдістерінің қайсысын жүргізген тиімді?

*сипап тексеру

*сүңгілеп тексеру

*температуралық тітіркендіргіштермен тексеру

*+тістің рентгенсуретін жасау

*электроодонтометриялық әдіс

#255

*! Жас жігіт жоғарғы оңжақ сүйір тісінің толассыз сыздап ауыратынына шағымданып келді. Тісі екі күннен бері ауырып мазалаған. Температуралық тітіркендіргіштерден тісі ауырмайды. Қарап тексергенде: 23 тістің алдыңғы бетінде терең тісжегі қуысы бар, табанында пломбы қалдықтары анықталды, тістің түсі өзгерген. Қағып тексергенде қатты ауырады. Түбір ұшы проекциясындағы қызылиек қызара домбыққан. Тістің ауыз ішілік рентген суретінде орын алған көрініс: түбір өзегінің 1/3 бөлігі пломбыланған, түбірұшы аймағындағы сүйек тінінде ені 6,2 мм, дөңгелек пішінді шекарасы анық қара көлеңкелі ошақ анықталды. Төменде берілген емдеу әдістерінің қайсысын жүргізген тиімді?КЕРЕК

* консервативтік әдіс

*+ консервативті-хирургиялық

* гемисекциялау

*түбір ұшын резекциялау

*хирургиялық әдіс

#256

*! 21 жастағы жігіт төменгі сол жақ азу тісінің толассыз сыздап ауыратынына шағымданып келді. Тісінің ауырып мазалай бастағанына екі тәулік болған. Тісі ыстық және суықтан ауырмайды, тек тағам шайнағанда ауырады. Қарап тексергенде: 37 тістің түсі өзгерген, артқы бетінде терең тісжегі қуысы бар, сауыт қуысы жабық, сүңгілеп тексергенде ауырмайды. Қағып тексергенде аздап ауырады. Түбір ұшы проекциясындағы қызылиек өзгермеген.. Аурудың диагнозын нақтылау үшін төменде берілген тексеру әдістерінің қайсысын жүргізген тиімді?

*эхоостеометриялық әдіс

*реодентографиялық әдіс

*полярографиялық әдіс

*+ ЭҚ- ын анықтау

*микробиологиялық әдіс

#257

*! 22 жастағы жігіт жоғарғы солжақ азу тістерінің үзіліссіз сыздап ауыратынына шағымданып келді. Қарап тексергенде: 37 тістің таңдай бетінде терең тісжегі қуысы бар, қағып тексергенде ауырады. Түбір ұшы проекциясы аймағындағы кілегейлі қабық қызара домбыққан. Тістің ауызішілік рентген суретінде: таңдай түбірі ұшы аймағындағы сүйек тінінде диаметрі 5мм, дөңгелек пішінді қара көлеңкелі ошақ анықталды.

Төменде берілген емдеу әдістерінің қайсысын жүргізген тиімді?

*гемисекциялау

*+консервативтік әдіс КЕРЕК

*консервативті-хирургиялық әдіс

*түбірді ампутациялау әдісі

*хирургиялық әдіс

#258

*! Мышьяк қойыртпағының девитализациялаушы әсерін төменде берілген әсер ету механизмдерінің қайсысы қамтамасыз етеді?

*мумификациялаушы әсері

*антисептикалық әсері

*нервтік рецепторлардың қызметінің тежелуі ҰЛПАНЫҢ ҚАБЫНУЫНА ТӘН ТЕСТ

*+тотықтырушы-тотықсыздандырушы ферменттердің қызметінің тежеу

*сусыздандырушы әсері

#259

*! Периодонттың созылмалы қабынуы диагнозын нақтылау үшін төменде берілген тексеру әдістерінің қайсысын жүргізген тиімді?

*электроодонтометриялық әдіс

*+рентгенографиялық әдіс

*эхоостеометриялық әдіс

*реодентографиялық әдіс

*полярографиялық әдіс

#260

*! 18 жастағы жеткіншек төменгі солжақ тістерінің толассыз сыздап ауыратынына шағымданып келді. Қарап тексергенде: 37 тістің дисталді бетінде шайнау бетіне ауысқан терең тісжегі қуысы бар, пломба қалдықтары көрінеді, түсі өзгерген. Қағып тексергенде ауырады. Түбір ұшы проекцнясы тұсындағы қызылиек қызара домбыққан. Ауыз ішілік рентген суретте: өзектер сағаларында пломбылық материал байқалады. Дистальді түбір ұшы төңірегінде ені- 4мм, пішіні домалақ, шекарасы тегіс сүйек тінінің сорылу ошағы анықталды. Төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына сипатталған клиникалық белгілер сәйкес келеді?

*ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуі

*+периодонттың созылмалы гранулемаланып қабынуының өршуі КЕРЕК

*периодонттың жедел қабынуы, уыттану сатысы

*кистагранулема

*түбір кистасы

#261

*! 18 жастағы жасөспірім төменгі сол жағындағы тісінің қатты сыздап, кейде солқылдап ауыратынына шағымданып келді. Қарап тексергенде: 37 тістің дисталді-шайнау бетінде терең тісжегі қуысы бар, пломба қалдықтары көрінеді, түсі өзгерген. Қағып тексергенде ауырады. Түбір ұшы проекциясындағы кілегейлі қабық қызара домбыққан. Ауыз ішілік рентген суретте: түбір өзектері сағасында пломбылық материал байқалады. Дистальді түбір ұшы аймағында диаметрі 4мм, домалақ пішінді қара көлеңкелі ошақ байқалады. Сипатталған клиникалық белгілер төмен

де берілген болжамды диагноздардың қайсысына сәйкес келеді?

* периодонттың созылмалы гранулденіп қабынуының өршуі

*+ периодонттың созылмалы гранулемаланып қабынуының өршуі КЕРЕК

* периодонттың созылмалы фиброзды қабынуының өршуі

* ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуі

* ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі

#262

*! 33 тісі қатты ауырып мазалаған 55 жастағы ер адам тісінің бірнеше күннен бері қатты сыздап және солқылдап ауыратынына шағымданады. Қарап тексергенде: бетінің оңжақ бөлігінің домбығуына байланысты асимметриялылығы анықталды. Ауыз ішін қарап тексергенде 33 тісінің бүйір бетінде терең тісжегі қуысы анықталды, сауыт қуысы ашылған, сүңгілеп тексергенде ауырмайды, қағып тексергенде қатты ауырады. Тіс тұсындағы ауыспалы қатпар қызара домбыққан және тегістелген, сипап тексергенде ауырады. Диагнозды нақтылау үшін төменде берілген тексеру әдістерінің қайсысын жүргізген тиімді?

*электроодонтометриялық әдіс

*+ рентгенографиялық әдіс

*реодентографиялық әдіс

*эхоостеометриялық әдіс

*температуратуралық тітіркендіргіштермен тексеру

#263

*! 25 жастағы қызбала 35 тісінің толассыз сыздап ауыратынына шағымданады. Тісінде үш күн бұрын ұлпаның қабынуы анықталып, мышьяк қойыртпағы қойылған. Қарап тексергенде 35 тісінің шайнау бетіндегі тісжегі қуысы уақытша пломбымен жабылған, тіс төңірегіндегі жұмсақ тіндер өзгеріске ұшырамаған. Ыстық және суық әсерлерден ауыру сезімі туындамайды. Диагнозды нақтылау үшін төменде берілген тексеру әдістерінің қайсысын жүргізген тиімді?

*электроодонтометриялық әдіс

*сүңгілеп тексеру

*+ қағып тексеру

*рентгенографиялық әдіс

*эхоостеометриялық әдісі

#264

*! 26 тісі ауырып мазалай бастаған 18 жасар бойжеткен тісінің өз бетімен сыздап ауыра бастағанына шағымданады. Тісі кеше кештен бері мазалай бастаған. Тісінде ұлпа қабынуы анықталып, төрт күн бұрын мышьяк қойыртпағы қойылған. Қарап тексергенде 26 тіс уақытша пломбымен жабылған, қағып тексергенде ауырады, тіс төңірегіндегі жұмсақ тіндерде өзгеріс жоқ. Төменде берілген факторлардың қайсысы периодонттағы патологиялық үрдістің туындауына себепші фактор болып саналады?

*мышьяктың мумификациялаушы әсері

*+мышьяктың уытты әсері

*мышьяктың тотықтырушы ферменттер әсерін тежеуі

*мышьяктың нерв ұштарының қабылдағыш қызметін тежеуіі

*мышьяктың нервт өткізгіштігін тежеуі

#265

*! Тісі ауырып стоматологтың қабылдауына келген 34 жастағы жігітке субьективтік және обьективтік белгілеріне сүйене отырып 22 тісінде ұлпаның созылмалы қабынуының өршуі деген диагноз қойылды. Стоматолог бұл диагнозды төменде берілген аурулардың қайсысымен сараптамалы диагностика жүргізе отырып қойды?

*периодонттың жедел қабынуы, жалқықтану сатысы

*ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі

*+ұлпаның жедел іріңді қабынуы ҰЛПАНЫҢ ҚАБЫНУЫНА ТӘН ТЕСТ

*ұлпаның жедел толық қабынуы

*ұлпаның жедел жартылай қабынуы

#266

*! Төменде берілген клиникалық белгілердің қайсысы периодонттың жедел қабынуының уыттану сатысына сәйкес?:

*+ өздігінен пайда болатын тұрақты сыздап ауыру

*өздігінен пайда болатын толассыз солқылдатқан ауыру сезімі

*нерв тармақтары бойымен берілетін ауыру сезімі

*ыстық әсерінен күшейетін ауыру сезімі .

*суық әсерінен баюлайтын ауыру сезімі

#267

*! 43 жастағы азамат стоматологқа жоғарғы оңжақ орталық күрек тіісінің қатты ауыруына шағымданып келді. Негізгі және қосалқы тексеру әдістерін қолдану нәтижесінде стоматолог аталмыш тісте периодонттың жедел қабынуы, жалқықты сатысы деген диагноз қойды. Стоматолог диагнозды төменде берілген клиникалық белгілердің біреуінен басқасын анықтау арқылы қойды:

*өз бетімен пайда болатын толассыз солқылдатқан ауыру ауыру сезімі

*+температуралық тітіркендіргіштерден ауыру сезімінің күшеюі

*тісін «өсіп кеткен» сияқты сезінуі

*қағып тексергенде қатты ауыруы

*тіс төңірегіндегі жұмсақ тіндердің коллатеральды домбығуы

#268

*! Жасы 17-дегі бойжеткен дәрігер-стоматологқа төменгі солжақ кіші азу тісінің толассыз сыздап ауырып мазалайтынына шағымданып келді. Стоматолог негізгі тексеру әдістерін жүргізіп және рентгенологиялық тексеру әдісінің нәтижесіне сүйене отырып 34 тісінде периодонттың жедел қабынуы, уыттану сатысы деген диагноз қойды.Стоматолог қорытынды диагнозды периодонт қабынулары кезінде түбірұшы аймағында орын алатын, төменде берілген рентгендік өзгерістер көрінісінің қайсысын негізге ала отырып қойды?

* + түбірұшы периодонтында және оны қоршаған сүйек тінінде өзгерістер анықталмайды

*түбір ұшы аймағындағы периодонт саңылауы бірқалыпты кеңейген

*түбір ұшы аймағында сүйек тінінде шекарасы тегіс емес бұзылу ошағы анықталады

*түбір ұшы аймағындағы сүйек тінінде шекарасы анық, домалақ пішінді бұзылыс ошағы анықталады

*мойын бөлігінде периодонт саңылауының бірқалыпты кеңеюі орын алады.

#269

*! Периодонттың жедел қабынуы, жалқықты сатысына өзіндік клиникалық белгілер тән.Төменде берілген клиникалық белгілердің қайсысы периодонттың жедел қабынуының жалқықты сатысына тән емес?:

*өздігінен пайда болған тұрақты қатты сыздап немесе солқылдатқан ауыру сезімі

*жақ сүйек аймағындағы жұмсақ тіндердің коллатеральды домбығуына байланысты беттің асимметриялануы

*тісі «өсіп кеткен» сияқты белгі

*+ тіс ыстық және суық тітіркендіргіштер әсерінен ауырады

*тісті тік және көлденең қағып тексергенде қатты ауырады

#270

*! Периодонттың созылмалы қабынуының өршуіне тән клиникалық белгілер периодонттың жедел қабынуы кезіндегі клиникалық белгілерге көбіне ұқсас келеді. Дегенмен оларды ажыратуға мүмкіндік беретіін белгілер де бар. Төменде берілген периодонттың созылмалы қабынуының өршуіне тән клиникалық белгілердің ішінде біреуі нериодонттың жедел қабынуы , жалқықты сатысына тән емес:

*здігінен пайда болатын толассыз сыздаған ауыру сезімі

*+түбірұшы периодонты аймағындағы сүйек тіндерінің рентген суретінде бұзылу белгілердің орын алуы *қағып тексергенде ауыру сезімінің күшеюі

*тіс қуысының тісжегі қуысымен байланысы анықталады.

*түбір ұшы проекциясы аймағындағы қызылиектің қызара домбығуы.

#271

*! Жасы 33-тегі ер адам төменгі солжақ екінші күрек тісінің қатты толассыз ауыратынына шағымданып келді. Дәрігер-стоматолог негізгі және қосалқы тексеру әдістерінің нәтижелерін негізге ала отырып, периодонттың жедел қабынуы, жалқықты сатысы деген диагноз қойды.Төменде берілген аурулардың қайсысымен сараптамалы диагностика жүргізу қажет емес?:

*+ұлпаның жедел жартылай қабынуы

*ұлпаның жедел іріңді қабынуы

*периодонттың созылмалы қабынуының өршуі

*периостың жедел іріңді қабынуы

*ұлпаның созылмалы қабынуының өршуі

#272

*! Стоматолог периодонттың қабынуын бір қабылдауда емдеуге шешім қабылдады. Төменде берілген қөрсетілімдердің қайсысы емдеуді бір қабылдауда жүргізудің абсолюттік көрсетілімі болып саналады?

*бір түбірлі тістер

*түбір өзегін өтуге мүмкіндік бар

*+ жыланкөздің болуы

*ауыспалы қатпарға тілік жасау көрсетілімі бар жағдай.

* жақсы өтетін түбір өзектері бар тістер

#273

*! Дәрігер-стоматолоқа 32 жастағы жігіт тісінің ыстықтан және суықтан ауыратынына, ауыру сезімінің тез басылатынына шағымданып келді. Қарап тексергенде 46 тісінде тісжегі қуысы анықталды, куыстың табаны арқылы анықталған электрқозғыштығы 12 мка тең болды. Бұл көрсеткіш төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына тән?:

*ұлпаның созылмалы жай қабынуы

*+терен тісжегі

*периодонттың созылмалы қабынуы

*ұлпаның жедел жартылай қабынуы

*периодонттың жедел қабынуы

#274

*! Дәрігер-стоматологқа 21 тісінің екі күннен бері толассыз қатты солқылдап ауыруына шағымдана келген 34 жастағы жігіт тісі ауырғалы бері ұзарып «өсіп кеткен» сияқты, қарсы тісі немесе тілі сәл тиіп кетсе қатты ауыратынын айтады. Сипатталған клиникалық белгілердің құрамындағы тістің «өсіп – кеткен» симптомы төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына тән?:

*ұлпаның жедел іріңді қабынуы

*ұлпаның жедел жартылай қабынуы

*+ периодонттың жедел қабынуы, жалқықты сатысы

*ұлпаның жедел толық қабынуы

*периодонттың жедел қабынуы, уытттану сатысы

#275

*! 42 жасар әйел төменгі сол жақ тісінің бұзылып, қуыс пайда болғанына, ас қалдықтары жиналып, ұнамсыз иіс туындататынына және кейде тісінде ауырсыну және ыңғайсыздық сезінетініне шағымданады. Қарап тексергенде: 36 тісінің дистальді бетінде шайнау бетіне ауыса орналасқан тіс қуысымен байланыспаған терең тісжегі қуысы бар, тісжегі қуысын сүңгілеп тексергенде ауырмайды.Диагнозын нақтылау үшін төменде берілген тексеру әдістерінің қайсысын жүргізген тиімді?

*сипап тексеру

*қағып тексеру

*+электроодонтометриялық әдіс

*рентгенографиялық әдіс

*реодентографиялық әдіс

#276

*! Жасы 44-тегі әйел адам төменгі оңжақ кіші азу тісінің тұсындағы қызылиегінде іріңді құрылым ауық-ауық пайда болып тесілетініне, кейде өз бетімен жоғалып кететініне, құрылым шығар алдында тісі сыздап мазалайтынына шағымданады. Қарап тексергенде: 45 тісінің алдыңғы бетінде шайнау бетіне ауыса орналасқан, тіс қуысымен байланысқан тісжегі қуысы бар. Тісжегі қуысын терең сүңгілеп тексергенде ауырмайды. Тістің түбірұшы проекциясы аймағындағы қызылиекте жыланкөз бар, аузынын аздаған грануляциялық тін шыға орналасқан. Сипатталған клиникалық белгілер төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына тән?

*ұлпаның созылмалы шіри қабынуы

*периодонттың созылмалы гранулемаланып қабынуы

*+ периодонттың созылмалы грануляцияланып қабынуы

*периодонттың созылмалы фиброзды қабынуы

*периодонттың созылмалы грануляцияланып қабынуының өршу

#277

*! Орта жастағы ер адам төменгі сол жақ азу тісінде көптен бері қуыс пайда болғанына және тісіндегі ауырлық сезіміне шағымданады. Тісі ертеректе өз бетімен жиі ауырып мазалаған. Қарап тексергенде: 37 тісінің шайнау бетінде тіс қуысымен байланысқан үлкен тісжегі қуысы бар, сүңгілеп тексергенде ауырмайды. Сауыт қуысын ашып, өзек сағаларын сүңгілеген кезде де ауыру сезімі анықталмайды. Қағып тексергенде де тіс ауырмайды. Төменде беріген зерттеу әдістерінің қайсысын диагнозды нақтылау үшін жүргізген тиімді?

*ауру анамнездерін жинау

*реодентографиялық әдіс

*электроодонтометриялық әдіс

*+ рентгенографиялық әдіс

*температуралық тітіркендіргіштермен тексеру

#278

*! 45 жасар ер адам төменгі оңжақ азу тісінде қуыс пайда болғанына шағымданады. Тісі ертеде ыстықтан және суықтан ауырып мазалаған, кейде өз бетімен де ауырған. Қарап тексергенде: 47 тісінің шайнау бетінде тіс қуысымен байланысқан терең тісжегі қуысы бар, терең сүңгілеп тексергенде ауырмайды. Қағып тексергенде аздаған сезімталдық байқалады. Тістің ауызішілік нысаналы рентгенсуретінде: алдыңғы түбір ұшы аймағындағы сүйек тінінде домалақ пішінді, диаметрі 5мм-дей қара көлеңкілі ошақ анықталды. Төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына сипатталған клиникалық белгілер сәйкес келеді?

*ұлпаның созылмалы шіри қабынуы

*+ периодонттың созылмалы гранулемаланып қабынуы

*периодонттың созылмалы грануляцияланып қабынуы

*периодонттың созылмалы фиброзды қабынуы

*радикулярлық киста (түбір кистасы)

#279

*! Дәрігер-стоматологқа бұзылған тісіне пломбы қойдыруға келген орта жастағы ер адамның 33 тісінің рентгенсуреті түсіріліп, периодонттың созылмалы гранулемаланып қабынуына тән өзгерістер анықталды. Периодонттың созылмалы гранулемаланып қабынуына төменде берілген рентгендік өзгерістер спаттамасының қайсысы тән?

*түбір ұшы аймағындағы сүйек тінінде шекарасы анық емес сорылу ошағы бар

*түбір ұшы аймағындағы периодонт саңылауы өзгермеген

*периодонт саңылауы жиектік бөлігінде кеңейген

*түбір ұшы аймағындағы периодонт саңылауы кеңейген

*+ түбір ұшы аймағындағы сүйек тінінде шекарасы анық домалақ пішінді сорылу ошағы бар

#280

*! Стоматологқа тісжегі әсерінен бұзылған тісін емдетуге келген орта жастағы әйелдің 31тісінде рентгенографиялық зерттеу нәтижесінде «периодонттың созылмалы фиброзды қабынуы» анықталды. Бұл диагнозға төменде берілген рентгендік өзгерістер сипаттамасының қайсысы сәйкес келеді?

*түбір ұшы аймағындағы сүйек тінінде шекарасы анық емес біраз көлемді сорылу ошағы бар

*түбір ұшы аймағындағы периодонт саңылауы өзгермеген

*периодонт саңылауы жиектік бөлігінде кеңейген

*+ түбір ұшы аймағындағы периодонт саңылауы біркелкі кеңейген

*түбір ұшы аймағындағы сүйек тінінде шекарасы анық сопақ пішінді сорылу ошағы бар

#281

*! Стоматологқа тісінің көптен бері бұзылып, қуыс пайда болғанына шағымданып келген 28 жастағы жігітке стоматолог негізгі және қосалқы тексеру әдістерінің нәтижесіне сүйеніп, 23 тісінде «периодонттың созылмалы грануляцияланып қабынуы» деген диагноз қойды. Төменде берілген тістер рентгенсуреттеріндегі өзгерістер сипаттамасының қайсысы қойылған диагнозға сәйкес келеді?

*+түбір ұшы аймағындағы сүйек тінінде шекарасы анық емес сорылу ошағы орын алады

*түбір ұшы аймағындағы периодонт саңылауы өзгермеген

*жиектік бөлігінде периодонт саңылауы кеңейген

*түбір ұшы аймағындағы периодонт деформациялануға ұшыраған

*түбір ұшы аймағындағы сүйек тінінде шекарасы анық сорылу ошағы орын алған

#282

*! 18 жастағы қыз жоғарғы сол жақ жағындағы тісінің өздігінен тұрақты түрде сыздап ауыратындығына және тісіне қарсы тісі тиіп кеткенде ауыру сезімі күшейетіндігіне шағымданады. Қарап тексергенде: 25 тісінің шайнау бетінде сауыт қуысымен байланыспаған, ұлпа маңындағы дентинде орналасқан терең тісжегі қуысы көрінеді. Сүңгілеп тексергенде тіс ауырмайды, қағып тексергенде ауырады. Сипатталған клиникалық белгілерге төменде берілген түбірұшы периодонтындағы рентгенологиялық өзгерістердің қайсысы сәйкес келеді?

* түбір ұшындағы сүйек тінінде жиектері тегіс емес сорылу ошағы бар

* +түбір ұшы аймағындағы периодонт саңылауы өзгеріссіз

* жиектік бөлігінде периодонт саңылауы кеңейген

* түбір ұшы аймағындағы периодонт саңылауы кеңейген

* түбір ұшы аймағындағы сүйек тінінде жиектері тегіс сорылу ошағы байқалады

#283

*! 16 жасар қыз жоғары сол жақ тісінде өздігінен пайда болатын толассыз қатты ауыру сезіміне шағымданады, тісіне тілі мен қарсы тісі кездейсоқ тиіп кеткенде ауыру сезімі күшейе түседі. Қарап тексергенде: 25 тісінің шайнау бетінде ұлпаға жақын дентин деңгейінде тіс қуысымен байланыспаған терең тісжегі қуысы анықталады, тісі қағып тексергенде қатты ауырады. Клиникалық белгілер төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына сәйкес келеді?

* ұлпаның жедел толық қабынуы

* ұлпаның жедел іріңді қабынуы

* периодонттың жедел қабынуы, уыттану сатысы

* +периодонттың жедел қабынуы, жалқықтану сатысы

* ұлпаның созылмалы қабынуының өршуі

#284

*! Төменде берілген аурулардың қайсысымен периодонттың жедел қабынуының жалқықты сатысының салыстырмалы диагностикасын жүргізген тиімді?

*ұлпаның жедел жартылай қабынуы

* + ұлпаның жедел іріңді қабынуы

* ұлпаның созылмалы қабынуының өршуі

* периодонттың созылмалы қабынуы

* ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуі

#285

*! Периодонттың жедел қабынуының уыттану сатысына тән субьективтік клиникалық белгі:

* + өздігінен пайда болатын тұрақты сыздаған ауыру сезімі

* өздігінен пайда болатын толассыз солқылдаған ауыру сезімі

* ауыру сезімі жан-жаққа таралады

* ауыру сезімі суықтан күшейеді

* ауыру сезімі ыстық әсерінен күшейеді.

#286

*! Стоматологқа тісі қатты ауырып мазалап келген 23 жастағы қызға 22 тісінде «периодонттың жедел қабынуы, жалқықты сатысы» диагноз қойылды. Бұл қабынуға төменде берілген субьективтік клиникалық белгілердің қайсысы тән?

* өздігінен пайда болатын, ауырусыз аралығы ұзақ қозбалы қақсаған ауыру сезімі

* + өздігінен пайда болатын тұрақты солқылдаған ауыру сезімі

* өздігінен пайда болатын қозбалы, ауырусыз аралығы қысқа ауыру сезімі

* суықтан ауыру сезімі басылады

* ыстықтан ауыру сезімі күшейеді

#287

*! Периодонттың созылмалы қабынуының өршуінің клиникалық белгілеріне төменде берілген клиникалық белгілердің біреуінен басқасының барлығы тән:

* өздігінен пайда болатын тұрақты қатты сыздаған ауыру сезімі

* түбірұшы периодонты аймағында рентгенологиялық өзгерістер орын алады

* + ұлпаның электрқозғыштығы- 80 мкА

* түбір ұшы проекциясындағы қызылиекте қызара домбығу байқалады

* тісті қағып тексергенде қатты ауырады және аздап қозғалмалылық тән

#288

*! Тісі қатты ауырып мазалап келген жас жігітке дәрігер-стоматолог 23 тісінде «периодонттың жедел қабынуы, жалқықты сатысы» диагнозын қойды. Төменде берілген қөрсетілімдердің біреуінен басқасын негізге ала отырып, тісті бір қабылдауда аяқтауға болады:

* біртүбірлі тіс

* түбір өзегін кеңейту мүмкіндігі бар

* ауыспалы қатпарға тілік жасау көрсетілімінің бар

* түбір өзегі жақсы өтеді

* + көптүбірлі тіс

#289

*! Тістің рентген суретінде түбір ұшы аймағында периодонт саңылауының біркелкі кеңеюі анықталды. Бұл көрініс төменде берілген аурулардың қайсысына тән?

* түбір кистасы

* + периодонттың созылмалы фиброзды қабынуы

* периодонттың созылмалы гранулемаланып қабынуы

* периодонттың созылмалы грануляцияланып қабынуы

* кистогранулема

#290

*! Қатты солқылдап толассыз ауырып мазалаған, ыстық және суық әсерінен ауыру сезімі күшеймейтін 21 тістің рентгенсуретінде түбірұшы аймағында альвеоланың қатты сүйек пластинасының бүтіндігі бұзылмаған, бірақ кемік сүйек тінінің рентгенайқындылығы төмендеген. Мұндай кешенді клиникалық белгілер (сиптомокомплекс) төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына тән?

* түбір кистасы

* периодонттың созылмалы фиброзды қабынуы

* + периодонттың жедел қабынуы, жалқықтану сатысы

* кистогранулема

* периодонттың созылмалы гранулемаланып қабынуы

#291

*! 39 жастағы ер адам стоматологқа бұзылған 45 тісіне пломбы қойдыруға келген. Тісі ауырып мазаламайды, шайнау бетінде терең тісжегі қуысы анықтады. Тістің ауызішілік нысаналы рентген суреті жасалынды. Рентгенсуретте түбірұшы аймағында сүйек тінінің сорылуы нәтижесінде пайда болған ені 1,2 см-дей, шекарасы тегіс қара көлеңкелі ошақ анықталды. Сипатталған рентгендік көрініс төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына тән?

* түбір гранулемасы

* кистогранулема

* периодонттың созылмалы фиброзды қабынуы

* периодонттың созылмалы грануляцияланып қабынуы

* + түбір кистасы ( радикулярлық киста)

#292

*! Стоматологқа 11 тісінің сауытының 3/2 бөлігінің бұзылуына байланысты жұлдыруға келген 45 жастағы ер адамға тісінің ауызішілік нысаналы рентгенсуреті жасалынды. Рентгенсуретте түбірұшы төңірегінде шекарасы анық және тегіс емес аумағы 3см х 4см от жалыны пішіндес қара көлеңкелі ошақ анықталды. Сипатталған рентгендік көрініс төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына тән?

* кистогранулема

* + периодонттың созылмалы грануляцияланып қабынуы

* периодонттың созылмалы фиброзды қабынуы

* түбір гранулемасы

* түбір кистасы

#293

*! Стоматологтың қабылдауына келген 32 жастағы жігіт жоғарғы солжақ азу тісінде өздігінен пайда болатын сыздаған және тағам шайнағанда күшейетін ауыру сезіміне шағымданады. Ауру анамнезінде - тісі ұлпа қабынуымен емделу кезеңінде. Бір апта бұрын мышьяк қойыртпағы қойылған, екінші қабылдауға уақытында келе алмаған. Қарап тексергенде: 26 тіс уақытша пломбымен жабылған, қағып тексергенде ауырады, суық су ауыру сезімін туындатпайды. Тіс төңірегіндегі жұмсақ тіндерде өзгеріс жоқ.

Сипатталған клиникалық белгілерге төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысы сәйкес келеді?

* периодонттың жедел қабынуы, жалқықтану сатысы

* + периодонттың дәріден жедел қабынуы, уыттану сатысы

* периодонттың созылмалы қабынуының өршуі

* ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуі

* ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі

#294

*! 19 жасар қыз төменгі оң жақ тісіндегі тісжегі қуысына, онда ас қалдықтарының жиналуына шағымданады. Қарап тексергенде: 46 тісінің дистальді- шайнау бетінде тіс қуысымен байланысқан терең тісжегі қуысы бар. Зондпен терең сүңгілегенде ауырмайды. Тістің рентгенсуретінде дистальды түбір ұшы аймағында периодонт саңылауы біркелкі кеңейген. Cипатталған клиникалық белгілер т97өменде берілген болжамды диагноздардың қайсысы сәйкес келеді?

* периодонттың созылмалы грануляцияланып қабынуы

* периодонттың созылмалы гранулемалы қабынуы

* + периодонттың созылмалы фиброзды қабынуы

* ұлпаның созылмалы шіри қабынуы

* ұлпаның созылмалы жай қабынуы

#295

*! Дәрігер-стоматологқа тісін емдетуге келген 45 жасар әйел төменгі сол жақ тісінде көптен бері қуыс пайда болғанына және тіс тұсындағы қызылиегін қаттырақ сипап байқағанда пайда болатын ыңғайсыз сезімге шағымданады. Қарап тексергенде: 37 тісінің дистальді- шайнау бетінде тіс қуысымен байланысқан терең тісжегі қуысы бар, терең сүңгілегенде ауырмайды. Тістің рентгенсуретінде дистальды түбір ұшы аймағында жиектері анық емес сүйек тінінің сорылу ошағы бар, көлемі 3х5мм. Сипатталған кешенді клиникалық белгілерге төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысы сәйкес келеді?

* + периодонттың созылмалы грануляцияланып қабынуы

* периодонттың созылмалы гранулемаланып қабынуы

* периодонттың созылмалы фиброзды қабынуы

* ұлпаның созылмалы шіри қабынуы

* радикулярлық (түбірлік) киста

#296

*! Тісі ауырып стоматологқа көрінуге келген 37 жастағы ер адам жоғарғы сол жақ жағындағы азу тісінің тұрақты түрде қатты сыздап және кернеп ауыруына, тағам шайнағанда және тісіне қарсы тісі тиіп кеткенде ауыру сезімінің қатты күшейетіндігіне, басының ауыратындығына шағымданады. Тісі ауырғалы үшінші күн. Қарап тексергенде: 27 тісінің дистальді –шайнау бетінде терең тісжегі қуысы көрінеді. 27 тісінің түбір ұшы проекциясы аймағында қызылиегі қызара домбыққан, ауыспалы қатпар тегістелген, сипап тексергенде ауырады. Диагнозды нақтылау үшін төменде берілген тексеру әдістерінің қайсысын жүргізген тиімді?

* температуралық тітіркендіргіштермен тексеру

* электроодонтометриялық әдіс

* + рентгенографиялық әдіс

* реодентографиялық әдіс

* реопародонтографиялық әдіс

#297

*! Стоматологқа емделуге келген 51 жасар ер адам төменгі оңжақ азу тісіндегі қуыс пайда болғанына, аздаған ыңғайсыздық сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: 47 тісінің дистальді-шайнау бетінде терең тісжегі қуысы бар, сауыт қуысы жабық, сүңгілеп және қағып тексергенде ауырмайды. Тіс қатарында 45.46 тістері жоқ. Тістің рентген суреті жасалынды. Рентгенсуретте артқы түбірұшы аймағындағы периодонт саңылауы аздап кеңейген, түбір өзегі кең және түзу, алдыңғы түбірұшы аймағында домалақ пішінді ені 5мм қара көлеңкелі ошақ анықталды, түбір қатты иілген, өзектері тарылған және бітелуге жақын. Тіс қатарына дұрыс протез қою үшін төменде берілген емдеу әдістерінің қайсысын жүргізген тиімді?

* + консервативті-хирургиялық әдіс, гемисекциялау әдісі

* консервативтік әдіс

* түбір ұшын резекциялау әдісі

* түбірді ампутациялау әдісі

* кешенді хирургиялық әдіс

#298

*! Стоматологтың қабылдауына келген 19жасар қызға 23 тісінде «периодонттың жедел қабынуы, жалқықтану сатысы» диагнозы қойылды және емдеу шараларын жүргізер алдында стоматолог төменде берілген міндеттердің біреуінен басқасының орындалуын мақсат етіп қойды:

* ауыру сезімін басу

* периодонт тіндеріндегі инфекция ошағының көзін жою

* түбірұшы аймағындағы тіндерге инфекцияның түсуін тежеу

* + түбірұшы аймағындағы тіндердің регенеративтік белсенділігін ынталандыру

* тістің анатомиялық пішіні мен қызметін қалпына келтіру

#299

*! Дәрігер-стоматологқа 44 тісіне пломбы қойдыруға келген 44 жастағы әйелге тісінде «периодонттың созылмалы грануляцияланып қабынуы» деген диагноз қойылды және стоматолог төменде берілген міндеттердің біреуінен басқасын орындау негізгі мақсаты деп емдеу шараларын жүргізуге кірісті:

* + ауыру сезімін жою

* периодонт тіндеріндегі инфекциялы ошақ көзін жою

* периапикальды тіндерге инфекцияның өтуін тоқтату

* периапикальді тіндердегі регенеративтік үрдісті белсендендіру

* тістің анатомиялық пішіні мен қызметін қалпына келтіру

#300

*! Периодонттың жедел қабынуын периодонттың созылмалы қабынуының өршуінен ажыратуға мүмкіндік беретін қосалқы тексеру әдісі:

* + рентгенографиялық әдіс

* электроодонтометриялық әдіс

* температуралық тітіркендіргіштермен тексеру әдісі

* сипап тексеру-пальпация

* қағып тексеру-перкуссия

#301

*! 19 жастағы жігіт төменгі оңжақ алдыңғы тістерінің бірінің тұрақты сыздап ауыратынына, тағам тістеп жұлған кезде ауыру сезімінің күшейетініне шағымданады. Тісі ауырғалы екінші күн. Қарап тексергенде: 43 тісінің алдыңғы жанасу бетінде терең тісжегі қуысы бар, тісжегі қуысының табанын жеңіл сүңгілеп тексергенде ауыру сезімі анықталмайды, ал тісті қағып тексергенде ауырады. Тістің түбір ұшы проекциясындағы кілегей қабық өзгермеген. Төменде берілген алғашқы диагноздардың қайсысы сәйкес келеді?

* ұлпаның жедел жартылай қабынуы

* ұлпаның жедел іріңді қабынуы

* периодонттың жедел қабынуы, жалқықтану сатысы

* + периодонттың жедел қабынуы, уыттану сатысы

* ұлпаның созылмалы қабынуының өршуі

#302

*! Тісінің толассыз сыздап ауыратынына шағымдана келген бойжеткенге дәрігер-стоматолог 16 тісінде «периодонттың жедел қабынуы, уыттану сатысы» деген диагноз қойды. Емдеу шараларын жүргізген кезде төменде берілген мақсаттардың біреуінен басқасын ұстанатынына стоматолог сенімді:

* түбір өзегі –предентин жүйесіндегі микрофлораға әсер ету

* түбірұшы периодонтына ифекцияның қайта түсуін тежеу

* ауыру сезімін басу

*+ түбірұшы аймағындағы периодонт тіндерінің регенеративтік белсенділігін жоғарылату

* тістің анатомиялық пішіні мен қызметін қалпына келтіру

#303

*! 36 жастағы әйел төменгі оң жақ тісіндегі тісжегі қуысына шағымданып келді. Қарап тексергенде: 46 тістің дистальді-шайнау бетінде тіс қуысымен байланысқан терең тісжегі қуысы бар. Терең сүңгілегенде ауырмайды. Тістің рентген суретінде артқы түбір ұшы аймағында периодонт саңылауы біркелкі кеңейген. Төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысы сәйкес келеді?

* периодонттың созылмалы грануляцияланып қабынуы

* периодонттың созылмалы гранулемаланып қабынуы

* + периодонттың созылмалы фиброзды қабынуы

* ұлпаның созылмалы шіри қабынуы

* ұлпаның созылмалы жай қабынуы

#304

*! Дәрігер-стоматологтың қабылдауына келген 43 жастағы әйел төменгі сол жақ азу тісінде көптен бері тісжегі қуысы пайда болғанына және ыңғайсыздық сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: 37 тістің артқы бетінде шайнау бетіне ауыса орналасқан терең тісжегі қуысы бар, тіс қуысымен байланыспаған, сүңгілеп және қағып тексергенде ауырмайды. Диагнозды нақтылау үщін төменде берілген тексеру әдістерінің қайсысын жүргізген тиімді?

* + электроодонтометриялық әдіс

* реодентографиялық әдіс

* полярографиялық әдіс

* эхоостеометриялық әдіс

* биомикроскопиялық әдіс

#305

*! Тісі көптен бері бұзыла бастаған 43 жастағы әйел төменгі солжақ азу тісіндегі қуысқа ас қалдығы жиналып, ұнамсыз иіс туындататынына шағымданып келді. Қарап тексергенде: 37 тісінің дистальды-шайнау бетінде тіс қуысымен байланысқан терең тісжегі қуысы бар. Терең сүңгілеп және қағып тексергенде ауыру сезімі байқалмайды. Диагнозды нақтылау үшін төменде берілген тексеру әдістерінің қайсысын жүргізген тиімді?

* температуралық тітіркендіргіштермен тексеру

* + рентгенографиялық әдіс

* реопародонтографиялық әдіс

* реодентографиялық әдіс

* эхоостеометриялық әдіс

#306

*! 30 жастағы әйел адам төменгі оң жақ азу тісінің толассыз сыздап және кернеп ауыруына, тағам шайнатпай мазалайтынына, тағам тістеген кезде ауыру сезімінің күшеюіне шағымданады. Қарап тексергенде: 36 тісінің медиальді-шайнау бетінде терең тісжегі қуысы бар, тіс тұсындағы ауыспалы қатпары қызара домбыққан, сипап тексергенде ауырады. Диагнозды нақтылау үшін төменде берілген тексеру әдістерінің қайсысын жүргізген тиімді?

* термотест

* + рентгенографиялық әдіс

* реодентографиялық әдіс

* биомикроскопиялық әдіс

* полярографиялық әдіс

#307

жастағы жігіт төменгі оңжақ кіші азу тісінің толассыз солқылдап ауыруына шағымданады. Қарап тексергенде: 45 тістің түсі өзгерген, артқы бетінде шайнау бетіне ауыса орналасқан терең тісжегі қуысы анықталды. Қағып тексергенде қатты ауырады, тіс тұсындағы ауыспалы қатпар біраз қызарып тегістелген, сипап тексергенде ауырады.

Төменде берілген тексеру әдістерінің қайсысын жүргізген диагнозды нақтылауға тиімді?

* сипап тексеру

* сүңгілеп тексеру

* температуралық тітіркендіргіштермен тексеру

* + рентгенографиялық әдіс

* электроодонтометриялық әдіс

#308

*! 18 жастағы жігіт төменгі сол жағындағы тұрақты солқылдатқан ауыру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде:37 тістің түсі өзгерген, шайнау бетінде пломбылық материалдардың қалдықтары бар терең тісжегі қуысы анықталды. Қағып тексергенде ауырады. Ауызішілік рентген суретте артқы түбірұшы аймағында дөңгелек нішінді, ені 4-5 мм қара көлеңкелі ошақ анықталды.

Осы сипатталған клиникалық белгілерге төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысы сәйкес келеді?

* периодонттың созылмалы гранульденіп қабынуының өршуі.

* + периодонттың созылмалы гранулемаланып қабынуының өршуі

* периодонттың созылмалы фиброзды қабынуының өршуі.

* ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуі

* ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі

#309

*! 39 жастағы ер адам төменгі сол жағындағы тұрақты солқылдаған ауыру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: 37 тістің түсі өзгерген, дистальды бетінде шайнау бетін ала пломбылық материалдардың қалдықтары бар терең тісжегі қуысы анықталды. Қағып тексергенде ауырады, түбір ұшы проекциясы аймағындағы қызылиекте ақшылдау түсті жыланкөзден қалған тыртық бар. Төменде берілген тексеру әдістерінің қайсысын жүргізген диагнозды нақтылауға тиімді?

* сипап тексеру

* сүңгілеп тексеру

* температуралық тітіркендіргіштермен тексеру * + рентгенографиялық әдіс

* электроодонтометриялық әдіс

#310

*! 39 жастағы ер адам төменгі сол жағындағы ыңғайсыз сезімге шағымданады. Қарап тексергенде: 37 тістің түсі өзгерген, дистальді шайнау бетінде пломбылық материалдың қалдықтары бар терең тісжегі қуысы анықталды. Қағып тексергенде ауырмайды, түбір ұшы проекциясы аймағындағы қызылиекте жыланкөзден қалған тыртық бар. Ауыз ішілік рентген суретте алдыңғы өзек ұшы аймағында шекарасы анық және тегіс емес ені 6 мм сүйек тінінің сорылу ошағы байқалады.

Сипатталған клиникалық белгілер төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына сәйкес келеді?

* + периодонттың созылмалы грануляцияланып қабынуы.

* периодонттың созылмалы гранулемаланып қабынуы

* периодонттың созылмалы фиброзды қабынуы

* ұлпаның созылмалы шіри қабынуы

* ұлпаның созылмалы жай қабынуы

#311

*! Периодонттың созылмалы қабынуын нақтылау үшін төменде берілген тексеру әдістерінің қайсысын қолданған тиімді?

* электроодонтометриялық

* + рентгенографиялық

* сүңгілеу

* сипап тексеру

* температуралық тітіркендіргішке жауабын анықтау

#312

*! Төменде берілген ауыру сезімдерінің мінездемесінің қайсысы ұлпаның созылмалы шіри қабынуының клиникалық көрінісіне сәйкес келеді?

*+ ітіркендіргіштерден дамитын ұзақ мерзімді ауыру сезімі

* ыстық тамақ қабылдағанда туындайтын ауыру сезімі

* тісін тістеген кезде туындайтын ауыру сезімі

* үшкіл нерв бұтағы бойынша таралатын ауыру сезімі

* түнгі уақытта күшейетін ауыру сезімі

#313

*! Төменде берілген рентгенологиялық көріністің қайсысы периодонттың жедел қабынуының жалқықты сатысына келеді:

* + периодонт және сүйек тінінде өзгерістер жоқ

* түбір ұшы аймағындағы периодонт саңылауы бірқалыпты кеңейген

* түбір ұшы аймағында сүйек тінінде шекарасы тегіс емес деструкциялану ошағы

* түбір ұшы аймағындағы сүйек тінінде шекарасы анық және домалақ пішінді деструкциялану ошағы

* тіістің мойын бөлігінде периодонт саңылауы бірқалыпты кеңейген.

#314

*! Периодонттың жедел қабынуының жалқықты сатысының клиникалық белгісіне төмендегі берілген клиникалық белгілердің біреуінен басқасының барлығы тәні:

* өздігінен пайда болатын солқылдатқан ауыру сезімі

* +температуралық тітіркендіргіштерден ауыру сезімінің күшеюі

* тісі «өсіп кеткен»-сияқты сезім

* қағып тексергенде ауырады

* жұмсақ тіндердің коллатеральді ісінуіне байланысты беттің асимметриялануы

#315

*! Төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысымен периодонттың жедел қабынуының жалқықтану сатысын салыстырған дұрыс?:

* периодонттың жедел қабынуы, уыттану сатысы

* ұлпаның жедел іріңдіқабынуы

* ұлпаның созылмалы қабынуының өршуі

*+ периодонттың созылмалы қабынуының өршуі

* ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуі

#316

*! Периодонттың жедел қабынуының уыттану сатысының субьективтік клиникалық белгісіне төменде берілген ауыру сезімдерінің біреуінен басқасының барлығы тән:

* + өздігінен пайда болатын тұрақты сыздаған ауыру сезімі

* өздігінен пайда болатын ұстамалы солқылдатқан ауыру сезімі

* ауыру сезімі нерв тармақтарын бойлай таралады

* суықтан ауыру сезімі азаяды.

* ыстықтан ауыру сезімі күшейеді.

#317

*! Төменде берілген клиникалық белгілердің қайсысы периодонттың жедел қабынуының жалқықтану сатысының клиникалық белгісіне тән :

* өздігінен пайда болатын ұстамалы, ауырмайтын аралығы ұзақ ауыру сезімі

* + өздігінен пайда болатын, тұрақты солқылдатқан ауыру сезімі

* өздігінен пайда болған ұстамалы,ауырмайтын аралығы қысқа ауыру сезімі

* суықтан ауыру сезімі саябырлайды

* ыстықтан ауыру сезімі күшейеді

#318

*! Периодонттың созылмалы қабынуының өршуінің клиникалық белгілері төменде берілген клиникалық белгілердің біреуінен басқасының барлығын қамтиды:

*+ өздігінен пайда болатын, температуралық тітіркендіргіштерден күшейетін ауыру сезімі

* түбірұшы аймағындағы периодонтта рентгенологиялық өзгерістер анықталады

* ұлпаның электрқозғыштығы 100 мка-ден жоғары

* тістің түбір ұшы проекциясында қызылиекте қызару және домбығу белгілері

* тісті қағып тексергенде ауырады

#319

*! Төменде берілген клиникалық симптомдардың қайсысы периодонттың жедел қабынуының жалкыкты сатысына сәйкес келмейді?

* өздігінен пайда болатын тұрақты қатты кернеген, сыздаған ауыру сезімі

* тіс төңірегіндегі жұмсақ тіндердің коллатеральды домбығуы

* тістің «өсіп кеткені» сияқты белгі

* + ЭОД - 40-50 мка

* тісті қағып тексергенде қатты ауырады

#320

*! Төменде берілген клиникалық белгілердің қайсысы периодонттың созылмалы қабынуының өршуіне сәйкес келмейді?

*өздігінен пайда болатын, толассыз қатты солқылдаған немесе сыздаған ауыру сезімі

*түбірұшы периодонты төңірегіндегі сүйек тіндерінде сорылу үрдісінің орын алуы.

* + тістің ЭҚ-ғы 60 мка

* түбірұшы проекциясы аймағында қызылиекте қызара-домбығудың орын алуы.

* тісті қағып тексергенде ауыру сезімі күшейеді

#321

*! Периодонттың созылмалы гранулемаланып қабынуының өршуі мен ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуінің сараптамалы диагностикасын жүргізу ушін төменде берілген тексеру әдістерінің қайсысын жүргізген тиімді?

*электроодонтометриялық әдіс

*эхоостеометриялық әдіс

*+рентгенографиялық әдіс

*полярографиялық әдіс

*стоматоскопиялық әдіс

#322

*! 51 жастағы ер адамның 47 тісінде «периодонттың созылмалы грануляцияланып қабынуы» деген диагноз қоылып, эндодонттық емдеу шаралары жүргізілді. Тістің алдыңғы екі өзегін толық өтуге мүмкіндік болмады. Периодонттағы қабыну ошағының кері дамуын қамтамасыз үшін төменде берілген физиотерапиялық емдеу әдістерінің қайсысын жүргізген тиімді?

*лазерэлектрофорездеу ;

*+депофорездеу ;

*ультрадыбыспен емдеу

*электрофорездеу ;

*ультракүлгін сәулемен өңдеу

#323

*! Жасы 25- тегі жігіттің 17 тісінде периодонттың созылмалы қабынуының өршуі деген диагноз қойылды. Эндодонттық емдеу шаралары жүргізілгеннен кейін қосымша УЖЖ айнымалы токпен (СВЧ) емдеу курсы тағайындалды. Төменде берілген емдеу сеанстарының қаншасын жүргізген тиімді?:

*1 сеанс ;

*+3 сеанс ;

*5 сеанс ;

*10 сеанс ;

*2 сеанс .

#324

*! Жас 53 – тегі ер адамның 46 тісінде периодонттың созылмалы гранулемаланып қабынуы деген диагноз қойылып, түбір өзектеріне эндодонтиялық емдеу жүргізілген соң қосымша өзекішілік электрофорездеу әдісін жүргізуге жолдама берілді. Төменде берілген дәрілерлің қайсысымен электрофорездеу жүргізген тиімді?

*иодинолдың 1% ерітіндісімен

*+ иодты калийдің 10% ерітіндісімен

*глюкозаның 40%ерітіндісімен

*кальций хлоридінің 10% ерітіндісімен

*мыс- кальций су тотығымен

#325

*! Дәрігер-стоматологқа тісін емдетуге келген жігітке 36 тісінде «периодонттың созылмалы гранулемаланып қабынуы» деген диагноз қойылды.Түбір өзегінде тиімді жүргізілген эндодонттық емдеу шараларына қарамастан өтпейтін алдыңғы өзектерді кеңейтуге мүмкіндік болмады. Стоматолог депофорездеу әдісін жүргізуге шешім қабылдады. Бұл әдісті жүргізу үшін төменде берілген дәрілік заттардың қайсысын қолданған тиімді?

*иодинолдың 1% ерітіндісі

*иодты калийдің 3% ерітіндісі

*глюкозаның 40% ерітіндісі

*кальций хлоридінің 10% ерітіндісі

*+ мыс-кальций су тотығы сүзбесі

#326

*! Стоматологқа тісінде қуыс пайда болды деп шағымданып келген қызбаланың 26 тісінде «периодонттың созылмалы грануляцияланып қабынуы» деген диагноз қойылды. Емдеу барысында алдыңғы өзектерді жартылай өтуге ғана мүмкіндік болды. Төменде берілген физиотерапиялық емдеу шараларының қайсысын қолданған тиімді?

*УЖЖ – токпен емдеу

*флюктуоризациялау әдісі

*+мыс-кальций сутотығымен денофорездеуі

*диатермокоагуляциялау әдісі

*дарсонвализациялау әдісі

#327

*! Жасы 27-дегі жігіт жоғарғы алдыңғы тістер тұсынан соққы алды . Тістердің жағдайын анықтау үшін төменде берілген тексеру әдістерінің қайсысын жүргізген тиімді?:

*люминесценттік әдіс

*қанның жалпы құрамын талдау

*+электроодонтометриялық әдіс

*реодентографиялық әдіс

*эхоостеометриялық әдіс

#328

*! Дәрігер стоматолог емделушінің 34 тісіне «периодонттың созылмалы гранулемаланып қабынуы» бойынша консервативтік емдеу әдісін жүргізді. Түбір өзегін пломбылағаннан кейін ауыру сезімі пайда болды. Тістің рентгенсуретінде түбір өзегі сапалы пломбыланған, бірақ пломбының шамалы бөлігі түбірұшы сыртына шығып кеткен . Төменде берілген физиотерапиялық емдеу шараларының қайсысын қолданған тиімді?,:

*депофорездеу

*+өте жоғары жиілікті токпен емдеу (СВЧ терапия)

1 витаминімен қызылиекке электрофорездеу жүргізу

*гальванизациялау әдісі

*флюктуоризациялау әдісі

#329

*! Емделушінің 13 тісі асқынған тісжегімен емделіп, түбір өзегі пломбыланды. Біраз уақыттан кейін тісінде ауыру сезімі пайда болды . Тістің рентгенсуретінде түбір өзегі сапалы пломбыланғаны, бірақ пломбылық материалдың біраз мөлшері түбір сыртына шығып кеткені анықталды. Физиотерапевт 3 сеанс флюктуоризациялау әдісін тағайындады . Емдеу шарасын жүргізу үшін төменде берілген физиотерапиялық аппараттардың қайсысын қолданған тиімді болды?:

*поток - 1

*искра -1

*гр-2

*+АСБ-2

*оригинал-I

#330

*! Жас жігіттің 23 тісіне стоматолог периодонттың созылмалы фиброзды қабынуы бойынша эндодонттық емдеу шараларын жүргізіп, түбір өзегін пломбылағаннан кейін тісінде ауыру сезімі пайда болды. Емделушіге физиотерапевт флюктуоризациялау әдісін тағайындады. Емдеу әдісін жүргізу үшін қандай физикалық факторды қолданған тиімді?:

*тұрақты ток

*импульсті ток

*+синусоидальды айнымалы ток

*сәуле энергиясы

*электромагнитті өріс

#331

*! Түбір өзектерінде депофорездеу әдісін жүргіген кезде төменде берілген үрдістердің біреуінен басқасының бәрі орын алады:

*түбір өзегіндегі жұмсақ тіндердің бұзылуы

*түбір өзегінің зарарсыздануы

*мысты тығындардың пайда болуы

*остеобласттардың белсенділігінің жоғарылауы, сүйектің құрылуы

*+десенсибилизациялану үрдісі

#332

*! Пародонт ауруының дамуында маңызды рөл атқаратын факторлар:

* организмнің реактивтілігінің өзгеруі, суыққа жиі шалдығу

*Тіс тоғасының микроорганизмдері, сілекейдің PҺ-ның өзгеруі

*+Тіс тоғасының құрамындағы микроорганизмдер және олардың өнімдері: ауыз ішінің зиянды факторлары, жалпылай және жергілікті реактивтілік

*Тұқым қуалаушылық, витаминдер тапшылығы

*Жарақаттаушы тістем, зат алмасуы бұзылуы

#333

*! Тіс тоғасының құрамына кіреді:

*Тіс тоғасы микроорганизмдер шоғырынан тұрады

*Тіс тоғасы көмірсулар мен липидтерден тұрады

*+Тіс тоғасы жасушааралық матрикстен және оның құрамына кіретін полисахаридтерден,протеиннен,липидтер, микроорганиздер құрамды органикалық емес компонеттерден,эпителиальды жасушалар, лейкоциттер, макрофагтардан тұрады .

*Тіс тоғасы органикалық компонеттерден, микроорганизмдерден тұрады

*Тіс тоғасы сілекей элементтерінен, эпителиальды жасушалардан тұрады.

#334

*! Гигиеналық көрсеткіш (индекс) тіс қағының қалыңдығын сипаттайды және тістердің мойын аймағында анықталады. Төменде берілген индекстердің қайсысы сипатталған индекске сәйкес?

* + Сильнесс-Лоэ индексі

* Грин –Вермиллион индексі

* Рамфьорд индексі

* Рассел индексі

* Федоров-Володкина индексі

#335

*! Төмендегі берілген аурулардың қайсысы Х-гистиоцитоздар қатарына жатпайды?

* Таратынов ауруы (эозинофильді гранулема)

* Леттерер-Зиве синдромы

* + қант диабеті

* Хенд-Крисчен-Шюллер синдромы

* Папийон-Лефевр синдромы

#336

*! Пародонттың идиопатиялық аурулары кезінде альвеола өсіндісінде сүйек сорылуының қандай типі (түрі) орын алады?

* жазық сорылу

*+ тігінен сорылу

* көлденең сорылу

* қатар (параллельді) сорылу

* кеуектене сорылу

#337

*! Төменде берілген синдромдардың қайсысы кезінде табан мен алақан терілері гиперкератоздануға (шамадан тыс мүйізгектенуге) ұшырайды?

* + Папийон-Лефевр синдромы

* агаммаглобулинемия

* Хенд-Крисчен-Шюллер синдромы

* Таратынов ауруы

* Леттерер-Зиве синдромы.

#338

*! Төменде берілген синдромдардың ішіндегі қатерлі ағымға ие болатыны?

* Папийон-Лефевр синдромы;

* агаммаглобулинемия;

* Хенд-Крисчен-Шюллер синдромы;

* таратынов ауруы;

* + Леттерер-Зиве синдромы.

#339

*! Қант диабеті (сусамыр) кезіндегі пародонттағы өзгерістерге төменде берілген клиникалық белгілердің біреуінен басқасының бәрі тән:

* қызылиектің цианоздануы (көкшілденуі);

* қызылиек қалталарында грануляциялық тіндердің өсуі;

* пародонтальдық қалталарда іріңді жалқықтың орын алуы;

* тістердің қозғалмалылығы;

* + қызылиектің бозғылт- қызыл түстенуі

#340

*! Қант диабеті кезінде альвола өсіндісінде төменде берілген рентгендік өзгерістердің қайсысы байқалады?

* сүйек тінінің склероздануы;

* + кратерге (щұңқырға) ұқсап сорылуы

* жақ сүйегі денесінде бұзылу үрдісінің орын алуы;

* сүйек тінінің біркелкі сорылуы

* сүйек тінінің қарқынды ыдырауы.

#341

*! Төменде берілген патологиялық үрдістердің қайсысы Х-гистиоцитоз кезінде орын алмайды?

* ауыз кілегей қабығының қабынуы;

* қызылиектің өлеттеніп – жаралана қабынуы;

* қантсыз зәрдің көп бөлінуі;

* полиурия;

*+ пародонтоз.

#342

*! Қызылиектің жабынды эпителийінде акантоздану, вакуольды дистрофиялану, эпителий астындағы қабатта шамалы гиалиноздену және склероздану, лимфоидты және гистиоцитарлы инфильтраттар ошақтары орын алған. Бұл көрініс қандай қабыну үрдісіне тән?:

* қызылиектің жедел катаральды (талаурап) қабынуы;

* + қызылиектің созылмалы катаральды (талаурап) қабынуы;

* қызылиектің спецификалық емес қабынуы;

* қызылиектің жаралана қабыну;

* қызылиектің өсе қабыну.

#343

*! Пародонт ауруының туындауына үшінші үлкен азу тістердің қиындап шығуы себепкер болады. Бұл кезде төменде берілген патологиялық үрдістердің қайсысы орын алуы мүмкін?

* қызылиектің катаральды (талаурап) қабынуы;

* қызылиектің өсе қабынуы

* + қызылиектің өліеттеніп-жаралана қабынуы;

* бадамша бездің өліеттеніп-жаралана қабынуы (Венсан ангинасы)

* пародонтоз;

#344

*! Патологиялық үрдістің дамуы кезінде төменде берілген пато-морфологиялық өзгерістер орын алады: қызылиек эпителий қабатының бүтіндігі бұзылған, дәнекер тін қабатында полиморфты-ядролы лейкоцитарлық инфильтраттар, қан және лимфа тамырларында қан мен лимфаның іркілуі, плазморрагиялық ошақтар орын алады. Қызылиектің дәнекер тінінде құрылымдық бұзылыстар байқалады. Сипатталған патогистологиялық көрініс төменде берілген қызылиек қабынуының қай түрінде орын алады?:

* қызылиектің катаральды (талаурап) қабынуы;

* қызылиектің өсе қабынуы;

* + қызылиектің жаралы қабынуы;

* пародонттың қабынуы;

* пародонтоз.

#345

*! Төменде берілген қызылиек қабынуларының қай түріне жедел ағымдылық тән емес?

* қызылиектің талаурап қабынуы;

* + қызылиектің өсе қабынуы; КЕРЕК

* қызылиектің жаралана қабынуы;

* пародонттың шектеле қабынуы;

* қызылиектің түлей қабынуы.

#346

*! Төменде берілген қызылиектің қабынуларының қайсысы кезінде эпителий қабатында ошақты қалыңдау, акантоздану және паракератоздану үодістері, дәнекер тін қабатында домбығу, фиброздануға ұшыраған аймақтар борпылдақтанған аймақтармен алмасуы, лимфоцитарлы-макрофогальды инфильтраттану, коллаген талшықтарының домбығуы орын алады?

* қызылиектің катаральды (талаурап) қабынуы;

* + қызылиектің өсе қабынуы; КЕРЕК

* қызылиектің жаралана қабынуы;

* пародонттың қабынуы;

* пародонтоз.

#347

*! Төменде берілген негізгі клиникалық белгілердің қайсысы қызылиектің қабынуына тән емес?

* қабыну көбінесе балаларда анықталады

* жұмсақ тіс шөгінділерінің болуы

* қызылиектің домбығуы және қанағыштығы;

* + сүйек тінінің бұзылуы;

* пародонтальдық қалтаның болмауы.

#348

*! Рентген суретте альвеола өсіндісінің тістераралық қалқан сүйектері ½ биіктігіне бұзылған. Кеуектену ошақтары орын алған, периодонт саңылаулары кеңейген. Сипатталған рентгендік белгілер пародонттың қандай ауруына тән? КЕРЕК

* қызылиектің катаральды қабынуы;

* пародонтоз, орта дәрежесі;

* пародонттың қабынуы, жеңіл дәрежесі;

* қызылиектіңж жаралана қабынуы;

*+ пародонттың қабынуы, орта дәрежесі.

#349

*! Қарап тексергенде қызылиек бүртіктерінің пішіні бұзылған. Панорамалық рентген суретте терең пародонтальдық және сүйек қалталары бар, тістераралық қалқан сүйектердің 2/1 аз бөлігі ғана сақталған және сүйек тінінде жайыла кеуектену үрдісі орын алған. Төменде берілген аурулардың қайсысына сипатталған рентгендік өзгерістер тән?

* қызылиектің катаральды қабынуы; КЕРЕК

* пародонтоз, орта дәрежесі;

* + пародонттың қабынуы, ауыр дәрежесі;

* қызылиектің жаралана қабынуы;

* пародонттың қабынуы, орта дәрежесі

#350

*! Пародонт қабынуның белгілі бір кезеңі қызылиектің бозғыл-қызғылт түстенуімен, қанағыштығының басылып, альвеола өсіндісінің рентген суретінде тістераралық қалқан сүйектердің тығызданып, тығыз (компакты) сүйек пластиналарының айқындылығы, кемік сүйекте кеуектену ошақтарының азаюы, тістер түбірлерінің әртүрлі деңгейде жалаңаштануы көрініс береді. Сипатталған көрініс төменде берілген болжамды диагноздың қайсысына тән?

* пародонттың жедел қабынуы;

* пародонттың созылмалы қабынуы; КЕРЕК

* + пародонттың созылмалы қабынуы, ремиссиялану сатысы;

* паодонттың созылмалы қабынуының өрщуі;

* қызылиектің созылмалы қабынуы, ремиссиялану сатысы.

#351

*! Жасы 40-тағы ер адамның шағымы:23. 24.25. 26 тістерінің тұсындағы қызылиегінің қатты солқылдап, кернеп аруы. Сонымен қатар басы ауырады, дене қызуы да аздап көтерілген сияқты. Қарап тексергенде: жоғарыда көрсетілген тістердің сауыттары бұзылмаған, бірақ төңіректерінде тереңдігі 6-7 мм пародонтальдық қалталар бар. Осы аймақта қызылиек қатты қызарып домбыққан, 25 және 26 тістер аралығындағы қызылиекте ені 1,5см жарты шарға ұқсас қызыл-қошқыл түсті құрылым анықталады, сипап тексергенде қатты ауырады, орталық бөлігі жұмсақтау былқылдаған» симптом (симптом флюктуации) анықталды. Сипатталған көрініс төменде келтірілген болжамды диагноздың қайсысына тән?

* периодоттың жедел қабынуы, жалқықтану сатысы; КЕРЕК

* + пародонттың созылмалы қабынуының өршуі пародонтальдық абсцесс;

* пародонттың шектелген жедел қабынуы;

* қызылиектің жаралана қабынуы;

* пародонттың қабынуы, ауыр дәрежесі.

#352

*! Стоматологқа көрінуге келген 43 жастағы ер адамның ауыз ішін тексеріп көргенде қызылиегі бозғыл-қызғылттау түсті, көптеген тістер түбірлері бірдей деңгейде жалаңаштанған, тістерінде аздаған тіс шөгінділері анықталады. Жоғарғы екі жақ сүйір тістерден бастап екінші үлкен азу тіске дейін ұрт жақ беттерінің мойын бөліктерінде сынаға ұқсас ақаулар бар. Сипатталған клиникалық белгілер төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына тән?

* қызылиектің катаральды қабынуы;

* қызылиектің өсе қабынуы;

* қызылиектің жаралана қабынуы; КЕРЕК

* пародонттың қабынуы;

*+ пародонтоз.

#353

*! Пародонтоз кезінде альвеола өсіндісінің сүйек тінінде төменде келтірілген патологиялық өзгерістердің қайсысы басым орын алады?

*сүйек тінінде кеуектену

*+сүйек тінінде кеуектенумен қатар склероздану басым

*остеопороздану және остеосклероздану бірдей орын алады

*сүйек тініде тік сорылу

*сүйек тінінде ыдырау

#354

*! Пародонт тіндеріндегі патоморфологиялық өзгерістер төмендегідей: қызылиек жабынды эпителийінде мүйізгектену үрдісі бұзылған. Дәнекер тінді негізде дистрофиялық үрдістер орын алған, фиброздану үрдісі, домалақжасушалы инфильтраттану ошақтары байқалады. Пародонттың ұсақ калибрлі қантамырларында, оның ішінде артериолаларда эндотелий пролиферациялануға ұшыраған, қабырғалары гиалинозденген, кейбір артериолалардың өзектері бітеліп қалған. Сипатталған патоморфологиялық өзгерістер төменде берілген пародонт ауруларының қайсысына қайсысына тән:

* қызылиектің катальды қабынуы;

* қызылиектің өсе қабынуы;

* қызылиектің жаралана қабынуы;

* пародонттың қабынуы;

*+ пародонтоз.

#355

*! Төменде берілген клиникалық белгілердің біреуінен басқасының барлығы пародонтоздың орта дәрежесіне тән:

* қызылиекте қабыну үрдісі жоқ;

* пародонтальдық қалталар анықталмайды

* + тістердің қозғалмалылығы III дәрежелі;

* тіс үбірлері ½ ұзындығына жалаңаштанған;

* тіс шөгінділері көп мөлшерде анықталмайды

#356

*! Дәрігер-стоматолог 42 жастағы ер адамға пародонттың қабынуын емдеу кезінде жергілікті және жалпылай емдеу шараларын жүргізді. Стоматолог пародонт қабынуын емдеуде төменде берілген қағидалардың қайсысын ұстанды?

* бірізділік қағидасы;КЕРЕК

* белсенділік қағидасы;

* жеке – даралық қағиданы;

*+ кешенділік қағидасын;

* жүйелілік қағидасын

#357

*! Дәрігер-стоматолог 53 жастағы қант диабетімен сырқат науқасқа пародонт қабынуының емдеу курсын аяқтағаннан кейін келесі емдеу курсына үш айдан кейін келесіз деп кеңес берді. Дәрігер пародонт ауруын емдеу барысында төменде берілген қағидалардың қайсысын ұстанды?

* + жүйелілік қағидасы;

* белсенділік;

* жеке – даралық қағидасы;

* кешенділік қағидасы;

* бірізділік қағидасы.

#358

*! Дәрігер-стоматолог пародонт ауруын емдеу барысында қызылиек бүртіктеріне глюкозаның 60% ерітіндісін 0,2 мл- ден жіңішке иненің көмегімен енгізді. Дәрігер төменде берілген аурулардың қайсысына емдеу жүргізді?

* қызылиектің катаральды (талаурап) қабынуы;

*+ қызылиектің өсе қабынуы; КЕРЕК

* қызылиектің жаралана қабынуы;

* пародонттың қабынуы;

* пародонтоз.

#359

*! Пародонтальдық қалталарды жою үшін қандай жергілікті емдеу әдісі қолданылады?

* жергілікті консервативтік әдіс

* жалпылай емдеу әдісі

* + жергілікті хирургиялық әдіс;

* жергілікті ортопедиялық әдіс;

* ортодонтиялық әдіс.

#360

*! Дәрігер-стоматолог 34 жастағы ер адамды қарап тексеру нәтижесінде «пародонттың қабынуы, орта дәрежесі» диагнозын қойды. Дәрігер пародонтальдық қалталарды жою үшін төменде берілген жергілікті хирургиялық емдеу әдістерінің қайсысын жоспарлады?

* жабық кюретаждау;

* қиықтап кесіп, тазалау отасы

* гингивотомиялау;

*+ ашық кюретаждау;

* қызылиек пластикалық операциясы.

#361

*! Периодонт қабынуына эндодонтиялық ем жүргізу кезінде бензидин сынамасы қандай мақсатта қолданылады?

*+ түбір өзегіндегі іріңді жалқықты анықтау үшін

* периодонттың қабыну ауырлығын анықтау үшін

* тіндердің жасырын домбығын (скрытый отек тканей) анықтау үшін

* жыланкөзді анықтау үшін

* түбір өзегіндегі грануляциялық тінді анықтау үшін

#362

*! Дәрігер-стоматологқа тісін емдетуге келген, бірақ пародонт тіндері өзгеріске ұшырамаған 26 жастағы жігітке стоматолог жоғарғы алдыңғы тістері аймағындағы қызылиегіне Кулаженко сынамасын жүргізіп байқады. Қызылиектің өзгеріске ұшырамағандығын дәлелдейтін вакуумдық гематомалардың пайда болу уақыты қандай?

* 10 - 20 с

* 70 - 80 с

* + 50 - 60 с

* 30 - 40 с

* 5 - 10 с

#363

*! Төменде берілген пародонт ауруларының қайсысына мынандай клиникалық белгілер тән: қызылиектің симптоматикалық созылмалы катаральды қабыну белгілері, әртүрлі тереңдіктегі пародонтальдық қалталар, тіс түбірлерінің ашылуы:

* пародонтоз

* + пародонттың қабынуы

* қызылиек фиброматозы

* эпулис

* қызылиектің қабынуы

#364

*! Дәрігер-стоматолог қызылиегінің қанағыштығымен шағымданып келген қызбаланың ауыз күтімін анықтау үшін 11, 21 тістердің ерінжақ беттерін 16, 26 тістердің ұртжақ беттерін, 36, 46 тістердің тілжақ беттерін Люголь ерітіндісімен бояп, тіс қағының және тіс тасының аумағын анықтады. Стоматолог төменде берілген индекстердің қайсысын анықтады?

* Рамфьорд индексі

* Леус индексі

* + Грин-Вермиллион индексі

* Фукс индексі

* Рассел индексі

#365

*! Төменде берілген клиникалық белгілердің қайсысы қызылиектің өсе қабынуының домбыққан түріне тән?

* + қызылиек бүртіктері домбыға ұлғайған, көкшілдене-қызарған, бетері тегіс және жылтыр, сүңгілеп тексергенде оңай қанайды, доғал аспаппен басып байқағанда беттерінде із қалады

* қызылиек бүртіктері ұлғайған, сипап байқағанда тығыздау консистенциялы, аса қанағыштық байқалмайды

* қызылиек бүртіктері домбыққан, ашық-қызыл түсті, сүңгілеп байқағанда қанайды

* қызылиек бүртіктері семуге ұшыраған, тістер мойындарын толық жаппайды

* қызылиек жиегі қатты қызара домбыққан, бүртіктер ұштары аймағында жабынды эпителий өліеттенген

#366

*! Тістердің II дәрежелі қозғалмалылығы пародонт қабынуының қандай дәрежесіне тән?

* + пародонт созылмалы жайыла қабынуы, ауыр дәрежесі

* пародонтоз, орта дәрежесі

* пародонтоз, жеңіл дәрежесі

* пародонт қабыну, орта дәрежесі

* пародонт қабынуы, жеңіл дәрежесі

#367

*! Қызылиектегі созылмалы ағымды гиперпластикалық үрдістер пародонттың қандай ауруына тән?

* қызылиектің жаралы қабынуы

* қызылиектің катаралды қабыну

*+ қызылиектің өсе қабынуы

* пародонттың жайыла қабынуы

* пародонтоз

#368

*! Тістерінің қозғалмалылығына, қызыиегінің қанағыштығына шағымданып келген орта жастағы ер адамды дәрігер-стоматолог қарап тексеріп, пародонтальдық қалталарының тереңдігін анықтады. Көптеген тістер тұсындағы қалталардың тереңдңгі 6-7 мм болды. Дәрігер- стоматолог қалталарды жою үшін төменде берілген хирургиялық емдеу әдістерінің қайсысын таңдау керек?

* жабық кюретаждау КЕРЕК

* ашық кюретаждау

* гингивотомиялау

* гингивоэктомиялау

* + қиықтап кесіп тазалау

#369

*! Төменде берілген пародонтальдық қалталардың тереңдігінің қайсысы пародонт қабынуының жеңіл дәрежесіне тән?:

* 1-2,9 мм

* + 3-3,5 мм

* 3,6-5 мм

* 5,1-6 мм

* 6,1-7 мм

#370

*! Төменде берілген дәрілік препараттардың қайсысын пародонттың қабынуы , ауыр дәрежесінің өршуі кезінде қолдануға болады?

* + 30% линкомицин ерітіндісі

* 60% глюкоза ерітіндісі

* 10% натрий хлоридінің ерітіндісі

* 5% калий йодиді ерітіндісі

* 1% диоксидин ерітіндісі

#371

*! Төменде берілген синдромдардың қайсысы пародонттың идиопатиялық аурулары тобына жатады?

* Стивенс-Джонсон синдромы

* Бехчет синдромы

* + Папийон-Лефевр синдромы

* Стентон-Капдепон синдромы

* Мелькерссон-Розенталь синдромы

#372

*! Төменде берілген дәрілердің қайсысы кератопластиктер тобына жатады?

* фурациллин

* хлоргексидин

* + каротолин

* линкомицин

* ибупрофен

#373

*! Пародонт қабынуының жеңіл дәрежесіне төменгі берілген клиникалық белгілердің біреуінен басқасы сәйкес келеді:

* + тістің 1-2 дәрежелі қозғалмалылығы

* қызылиектің көкшіл-қызыл түстеніп домбығуы

* қызылиектің сүңгілеп тексергенде қанағыштығы

* пародонтальдық қалталардың тереңдігі 3-3,5 мм дейін

* тістераралық сүйек қалқандары кортикальды пластинкасының бұзылуы

#374

*! Дәрігер-стоматолог қабылдауында болған ер адамға «пародонттың созылмалы жайыла қабынуы, орта дәрежесі» диагнозын қойды. Стоматолог бұл диагнозды төменде берілген клиникалық белгілердің біреуінен басқасына сүйене отырып қойды:

* тіс шөгінділерінің болуы

* тістер мойындарының және түбірлерінің жаңалаштануы

* қызылиектің көкшілдеу-қызыл түстенуі, қанағыштығы

* альвеола өсіндісінің сүйек тінінде өзгерістер болуы

* + пародонтальдық қалталардың тереңдігі 5-6 мм-ден терең

#375

*! Дәрігер-стоматологқа тістерінің мойындары ашылып, ыстық және суыққа сезімтал бола бастағанына шағымданып келген 30 жастағы келіншекке « пародонттың созылмалы жайыла қабынуы, жеңіл дәрежесі» диагнозы қойылды. Стоматолог диагнозды көбінесе төменде берілген альвеола өсінділерінің рентген суреттерінің сипаттамаларының біреуін негізге ала отырып қойды:

* альвеола өсінділерініңің бір деңгейде атрофиялануы

* тістераралық қалқан сүйектердің тістер түбірлерінің 3/2 ұзындығына дейін сорылуы

* периодонт саңылауларының жиек бөліктерінің кеңеюі

*+ тістераралық қалқан сүйектің тістер түбірлерінің 1\3 бөлігіне дейін сорылуы

* альвеола өсіндісі сүйек тіндерінің остеопороздануы (кеуектенуі) КЕРЕК

#376

*! Қызылиегі қатты солқылдап ауырып, мазалап келген 23 жасар жігітке дәрігер-стоматолог «қызылиектің жараланып қабынуы» диагнозын қойды. Бұл диагнозды стоматолог аурудың субьективтік және обьективтік белгілерімен қатар төменде берілген альвеола өсінділерінің рентгендік суреттеріндегі өзгерістерді бағалау негізінде нақтылады: КЕРЕК

* + альвеола өсіндісінің сүйек тінінде өзгерістер жоқ

* тістераралық қалқан сүйектердің ұшындағы кортикальды пластинаның бұзылуы

* периодонт саңылауларының жиек бөліктерінің кеңеюі

* тістераралық қалқан сүйектердің тістер түбірлері ұзындығының 1/3 бөлігіне дейін төмендеуі

* альвеолалық сүйек тінінде жайыла кеуектену үрдісі.

#377

*! Дәрігер-стоматологқа тістерінің аралары ашылып, шамалы қозғалмалы бола бастағанына шағымданып келген 34 жасар әйелге « пародонттың созылмалы жайыла қабынуы, орта дәрежесі» диагнозы қойылды. Қойылған диагнозды нақтылауда стоматолог төменде берілген альвеола өсінділерінің рентген суреттеріндегі өзгерістердің біреуіне сүйенді:

* + тістераралық қалқан сүйектердің тістер түбірлерінің 2/1 ұзындығына дейін сорылуы

* периодонт саңылауларының жиектік бөліктерінің кеңеюі КЕРЕК

* тістераралық қалқан сүйектердің тістер түбірлерінің 3/1 ұзындығына дейін сорылуы

* альвеола өсінділерінде остеопороздану және остеосклероздану ошақтарының қатар орын алуы

* альвеола өсінділерінің сүйек тіндерінде жайыла остеопороздану үрдісі

#378

*! Төменде берілген дәрілік заттардың ішінде қызылиектің жаралы қабынуын жергілікті емдеу үшін қолдануға тиімдісі:

* + трипсин

* интерферон

* циклоферон

* канестен

* бонафтон

#379

*! Қызылиектің жаралы қабынуын төменде берілген аурулардан қайсысынан ажыратқан тиімді?

* қызылиектің созылмалы катаральды қабынуы

* пародонттың созылмалы қабынуы, жеңіл түрінің өршуі

* қызыл иектің жедел катаральды қабынуы

* қызылиектің созылмалы катаральды қабынуының өршуі

* + жедел ағымды лейкоздың ауыздағы белгілері

#380

*! Жүктілік, дифенин туынды дәрілерді қабылдау, жасөспірімдердің пубертатты кезеңі төмендегі аурулардың қайсысының туындауына себепкер болады?

* қызылиектің жаралы қабынуы

* қызылиектің созылмалы катаральды қабынуы

* қызыл иектің жедел катаральды қабынуы

* + қызылиектің өсе қабынуы

* пародонттың созылмалы қабынуы, жеңіл түрінің өршуі

*! Төменде берілген стоматологиялық науқасты тексеру әдістерінің қайсысын ұлпаның өміршеңдігін анықтау үшін қолданған тиімді?

* рентгенографиялық әдіс

* + электроодонтометриялық әдісТЕСТ ҚАЖЕТ ЕМЕС

* реодонтографиялық әдіс

* полярографиялық әдіс

* эхоостеометриялық әдіс

#381

*! Жасы 18-дегі қызбала тістерін тазалағанда, қатты тағам шайнағанда қызылиегінің қанағыштығына және қызылиек бүртіктерінің ұлғаюына шағымданады. Қарап ексергенде: жоғарғы алдыңғы және төменгі алдыңғы тістер аймағында қызылиек бүртіктерінің көлемі ұлғайған (тістер сауыттарының 3/1 бөлігін жапқан), түстері қызыл-көкшілденген, беттері жылтыр, сүңгілеп тексергенде оңай және қатты қанайды. Доғал аспаппен басып көргенде із қалады. Ортапантограммада альвеола өсінділері сүйек тіндерінде өзгеріс байқалмайды.

Сипатталған клиникалық белгілер төменде берілген алғашқы диагноздардың қайсысына тән?

* қызылиектің созылмалы катаральды қабынуы

* қызылиектің жедел шектелген катаральды қабынуы КЕРЕК

*+ қызылиектің өсе қабынуы, домбыққан түрі

* қызылиектің өсе қабынуы, фиброзды түрі

* қызылиектің созылмалы жайыла катаральды қабынуы

#382

*! Жасы 62-дегі ер адам қызылиегінің қышып мазалайтынына, анда-санда шаншуына, ыңғайсыздық сезімге шағымданып келді. Қарап тексергенде: қызылиегі боз - қызғылт түсті, жабынды эпителий жұқарған, барлық тістердің мойын бөліктері және түбірлері біркелкі жалаңаштанған, тістері әртүрлі тітіркендіргіштерге сезімтал.

Сипатталған клиникалық белгілер төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына тән?

* пародонттың қабынуы КЕРЕК

* қызылиектің қабынуы

*+ пародонтоз

* пародонтома

* пародонтолизистік ауру

#383

*! Жасы 35-тегі әйел адам қызылиегінің әсіресе тістерін тазалағанда қанайтындығына шағымданады. Қарап тексергенде: алдыңғы және үлкен азу тістер аймағындағы қызылиек жиегі мен бүртіктері көкшіл-қызыл түстенген, сүңгілеп тексергенде оңай қанайды. Альвеола өсінділерінің рентген суретінде тістераралық қалқан сүйектерде кеуектену(остеопороз) үрдісі, ал олардың ұштарында кортикальды сүйек пластиналарының сорылуы, периодонт саңылауларының жиектік бөліктерінің кеңеюі орын алған.

Сипатталған клиникалық белгілерге төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысы сәйкес?

* қызылиектің шектелген катаральды қабынуы

* қызылиектің созылмалы катаральды қабынуының өршуі КЕРЕК

* пародонтоз, жеңіл дәрежесі

* + пародонттың созылмалы жайыла қабынуы, жеңіл дәрежесі

* қызылиектің созылмалы катаральды қабынуы

#384

*! Жақ сүйектерінің панорамалық рентгенсуретінде екіжақ кіші және үлкен азу тістер аймағында тістераралық қалқан сүйектердің тығыз сүйек қабаттары бұзылысқа ұшырап тістер түбірлерінің 2/1 денгей ұзындығына дейін сорылғаны байқалады. Азу тістер төңірегінде сүйек қалталары анықталады. Суреттелген ренгендік өзгерістер төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына тән?

* + пародонттың созылмалы жайыла қабынуы, орта дәрежесі

* пародонтоз, орта дәрежесі

* қызылиектің созылмалы катаралды қабынуы КЕРЕК

* пародонттың созылмалы жайыла қабынуы, ауыр дәрежесі

* пародонтоз, ауыр дәрежесі

#385

*! Дәрігер-стоматологқа тістерінің қозғалмалылығына, тағам шайнау мүмкіндігінің төмендегеніне шағымданып келген қант диабетімен сырқат науқастың альвеола өсіндісіне эхоостеометриялық зерттеу жүргізгенде ультрадыбыс толқындарының сүйек тіндерінен өту уақыты 22 секөндқа тең болды. Анықталған көрсеткіш төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына тән?

* пародонттың созылмалы жайыла қабынуы, жеңіл дәрежесі іКЕРЕК

* + пародонттың созылмалы жайыла қабынуы, ауыр дәрежесі

* пародонтоз, ауыр дәрежесі

* қызылиектің созылмалы жайыла катаральды қабынуы

* пародонтоз, жеңіл дәрежесі

#386

*! Стоматологқа емделуге келген 45 жастағы ер адамды қарап тексергенде жоғарғы жақ үлкен азу тістер аймағындағы қызылиегі қатты қызара домбыққан, сүңгілеп тексергенде қатты қанайды, тістердің түбірлері ашылған. Қабыну аймағында Кулаженко сынамасын жүргізген кезде вакуумдық гематомалардың пайда болу уақыты 15 секөндқа тең болды. Бұл көрсеткіш төменде берілген патологиялық жағдайлардың қайсысына тән?

* тіс- қызылиек бекімінің бұзылуы КЕРЕК

* сүйек қалтасының болуы

* +қызылиек қан тамырларының үзілгіштігі

* альвеола өсіндісінің атрофиялануы

* сүйек тінінің тығыздығының төмендеуі

#387

*! Жасы 18- дегі жігіт жалпы әлсіздікке, дене қызуының көтерілуіне, қызылиегінің қатты ашып және сыздап ауыратындығына, қатты қанайтынына, аузынан ұнамсыз иіс шығатынына шағымданады. Ауырғалы үш күндей болған. Қарап тексергенде: төменгі жақ тістер аймағында қызылиек қатты қызарып домбыққан, жиектік қызылиек кір- сұр түсті өлетті қақпен жабылған. Тістер беттерінде беттерінде көп мөлшерде жұмсақ шөгінділер бар. Ортопантомограммада альвеола өсіндісінің сүйек тінінде өзгеріс байқалмайды.

Сипатталған клиникалық белгілер төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына сәйкес келеді?

* қызылиектің жедел катаральды қабынуы

* қызылиектің созылмалы катаральды қабынуы

* қызылиектің созылмалы катаральды қабынуының өршуі

* + қызылиектің жедел өліеттеніп-жаралана қабынуы КЕРЕК

* пародонттың созылмалы қабынуының өршуі

#388

*! Жасы 26 –тағы әйел қызылиегінің қатты сыздап және кернеп ауыратынына, қызылиегінің тісін тазалағанда, тағам шайнағанда қанайтынына шағымданады. Жақында ғана жедел респираторлық вирус инфекциясымен ауырған. Қарап тексергенде: төменгі және жоғарғы азу тістер аймағындағы қызылиегі қызыл-көкшіл түстеніп, қатты домбыққан, сүңгілеп тексергенде жеңіл қанайды, пародонтальдық қалталар анықталмайды. Ортапантограммада сүйек тінінде өзгеріс байқалмайды.

Сипатталған клиникалық белгілерге төменде берілген диагноздардың қайсысы сәйкес?

* қызылиектің жаралы қабынуы

* + қызылиектің созылмалы катаральды қабынуының өршуі КЕРЕК

* қызылиектің өсе қабынуы, домбыққан түрі

* қызылиектің созылмалы катаральды қабынуы

* қызылиектің жедел катаральды қабынуы

#389

*! Жасы 24-тегі қызбала қызылиегінің жиі-жиі қанайтынына шағымданады. Созылмалы гастроэнтероколитпен ауырады. Қарап тексергенде: көпшілік тістер аймағындағы қызылиек жиектері және бүртіктері іркілген көкшіл – қызыл түсті, сүңгілеп тексергенде жеңіл қанайды. Жұмсақ тіс шөгінділері байқалады. Сүңгілеп тексергенде тіс-қызылиек бекімі бұзылмаған. Рентген суретте альвеола өсіндісінің сүйек тінінде өзгеріс байқалмайды. Сипатталған клиникалық белгілер төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына сәйкес келеді?

* қызылиектің жаралы қабынуы

* қызылиектің өсе қабынуы, домбыққан түрі

* қызылиектің созылмалы катаральды қабынуының өршуі

* + қызылиектің созылмалы катаральды қабынуы КЕРЕК

* қызылиектің жедел катаральды қабынуы

#390

*! Жасы 56-ғы әйел тістерінің арасының ашылғанына, қызылиегінің қанағыштығына, ыңғайсыздық сезімдерге, тістерінің қозғалмалылығына шағымданады. Қарап тексергенде: тістерінде көп мөлшерде тіс шөгінділері бар, төменгі жақ және жоғарғы жақ қызылиегі көкшіл – қызыл түсті, сүңгілеп тексергенде оңай қанайды, біраз тістері 1-2 дәрежелі қозғалмалы, төңірегіндегі пародонт қалталарының тереңдігі 5 мм, кейбір тістердің түбірлері 3/1-2/1 бөлігіне дейін ашылған. Сипатталған клиникалық белгілер төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына сәйкес келеді?

* пародонттың созылмалы жайыла қабынуы, ауыр дәрежесі

* пародонттың созылмалы жайыла қабынуы жеңіл дәрежесінің өршуі

* қызылиектің өсе қабынуы домбыққан түрінің өршуі

* қызыл иектің өсе қабынуы

* + пародонттың созылмалы жайыла қабынуы, орта дәрежесі КЕРЕК

#391

*! Жасы 32-дегі ер адам тістерін тазалаған кезде қызылиегінің қанайтынына, аузынан нашар иіс шығатындығына шағымданады. Қарап тексергенде: қызылиек жиегі және бүртіктері көкшіл тартқан, қатты қызарып домбыққан, консистенциясы борпылдақ, тез қанайды. Біраз тістер төңірегіндегі пародонт қалталарының тереңдігі 3,5 мм. Көп мөлшерде қызылиекасты тіс шөгінділері бар.

Сипатталған клиникалық көрініске төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысы сәйкес келеді?

* пародонттың созылмалы жайыла қабынуы, ауыр дәрежесі

* пародонтоз, орта дәрежесі

* қызылиектің созылмалы жайыла катаральды қабынуы, жеңіл дәрежесіКЕРЕК

* + пародонттың созылмалы жайыла қабынуы, жеңіл түрі

* пародонтоз, жеңіл дәрежесі

#392

*! Дәрігер стоматологқа жасы 20-дағы әйел тістерін тазалағанда қызылиегінің жиі-жиі қанайтынына шағымданып келді. Қарап тексергенде: жоғарғы үлкен азу тістердің және алдыңғы тістердің аймағындағы қызылиек жиектері және бүртіктері қызыл- көкшілдеу түсті, аздап домбыққан. Тістерінде біраз мөлшерде қатты және жұмсақ тіс шөгінділері бар. Жақ сүйектерінің ортопантомограммасында тістераралық қалқан сүйектер өзгеріске ұшырамаған. Берілген клиникалық сипаттамаға төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысы сәйкес келеді?

* пародонттың созылмалы жайыла қабынуы, жеңіл түрі

* қызылиектің созылмалы катаральды қабынуының өршуі

* пародонтоз, жеңіл дәрежесі

* қызылиектің шектелген катаральды қабынуы

* + қызылиектің созылмалы катаральды қабынуы КЕРЕК

#393

*! Стоматологқа қөрінуге келген жас қыз қызылиегінің өсіп кеткеніне, тағам шайнағанда қатты қанайтынына шағымданады. Осы жағдайдың басталғанына 2 ай болған. Қарап тексергенде: 44, 45,46 тістердің бір-біріне түйіскен жанасу беттерінде тісжегі қуыстары бар, тістердің түйісу аймақтары бұзылған. Аталған тістер аймағында қызылиек жиегі қалыңдап, пішіні бұзылған, 44, 45,46 тістер арасындағы қызылиек бүртіктері ұлғайып,, тісжегі қуыстарын және тістер сауыттарының 1/3 бөліктерін жауып тұр. Ұлғайған бүртіктер қызыл-қошқыл түсті, консистенциясы жұмсақтау, сүңгілеп байқаған кезде қатты қанайды. Тіс-қызылиек бекімі бұзылмаған.

Сипатталған клиникалық белгілер төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына сәйкес?

* пародонттың шектелген созылмалы қабынуы, жеңіл дәрежесі КЕРЕК

* қызылиектің өсе қабынуы, домбыққан түрі

*+ қызылиектің шектелген өсе қабынуы, домбыққан түрі

* қызылиектің созылмалы катаральды қабынуының өршуі

* пародонттың шектелген созылмалы қабынуы, орта дәрежесі

#394

*! Жасы 34-тегі жас әйел қызылиегінің пішінінің өзгергендігіне, қатты қанайтынына шағымданады. Бұл өзгерістер контрацептивтік дәрілер қабылдағаннан кейін байқала бастаған. Қарап тексергенде:жоғарғы және төменгі жақ қызылиектерінің бүртіктері өсе-ұлғайып, тістер сауытының 1/3 бөліктерін жапқан, беттері жылтыр және тегіс, бүртіктері оңай қанайды. Шиллер-Писарев сынамасы оң, бірақ тіс-қызылиек бекімі бұзылмаған. Сипатталған клиникалық белгілерге төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысы сәйкес?

* пародонттың созылмалы қабынуы, орта дәрежесі

* пародонттың созылмалы қабынуы, жеңіл дәрежесі

* қызылиектің созылмалы катаральды қабынуы

*+ қызылиектің өсе қабынуы, домбыққан түрі, жеңіл дәрежесі КЕРЕК

* қызылиектің өсе қабынуы, фиброзды түрі

#395

*! Төменде берілген тіндердің қайсысы «пародонт» ұғымын құрайтын тіндер кешенінің құрамына кірмейді?

* қызылиек КЕРЕК

* периодонт

* альвеола өсіндісі

* тіс цементі

* + ауыз кілегей қабығы

#396

*! Жасы 15-тегі қыз бала қызылиегінің қатты сыздап және кернеп ауыратынына, тістерін тазалағанда және тағам қабылдағанда қанайтынына, аузының ысып-күюіне, басының ауыратынына шағымданады. Осы белгілердің барлығын жақында ғана ауырған тұмаумен байланыстырады. Қарап тексергенде: барлық тістер аймағындағы қызылиек жиектері мен бүртіктері қатты қызарып, домбыққан, сүңгі тиіп кетсе қанайды және ауырады. Тіс- қызыл иек бекімі бұзылмаған. Сипатталған клиникалық белгілер төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына сәйкес?

* пародонттың созылмалы жайыла қабынуы, жеңіл дәрежесінің өршуі

* пародонттың созылмалы жайыла қабынуы, орта дәрежесінің өршуі

* қызылиектің созылмалы катаральды қабынуының өршуі

* қызылиектің жаралы қабынуы

* + қызылиектің жедел катаральды қабынуы КЕРЕК

#397

*! 22 жастағы жас қыз қызылиегінің көптен бері тісін тазалағанда қанайтынына және аузындағы ыңғайсыз сезімге шағымданады. Қызылиегінің қанағыштығын бір жыл бұрын байқаған және ауық-ауық қайталанып тұрады. Ілеспелі аурулардан өзінде асқазанның созылмалы қабынуы жақында анықталған. Қарап тексергенде: қызылиек жиектері мен бүртіктері көкшілдеу-қызыл түстенген, біраз домбыққан, қонсистенциясы борпылдақтау . Жұмсақ тіс шөгінділері бар, тіс- қызылиек бекімі бұзылмаған.Төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысы сипатталған клиникалық белгілерге неғұрлым сәйкес?

* пародонттың созылмалы шектеліп қабынуы, жеңіл дәрежесі

* пародонттың созылмалы жайыла қабынуы, жеңіл дәрежесі

* пародонтоз, жеңіл дәрежесі

* қызылиектің өсе қабынуы, домбыққан түрі

* + қызылиектің созылмалы катаральды қабынуы КЕРЕК

#398

*! 19-дағы жігіт дәрігер-стоматологқа қызылиегінің қатты сыздап, кернеп, солқылдап ауыратынына және қанайтындығына, тағам қабылдаудың қиындағанына, дене қызуының біраз жоғарылағанына шағымданып келді. Сырқаттанғалы 3 күн болған. Қарап тексергенде: өңі бозарған, дене қызуы 38°С, жақасты лимфа түйіндері ұлғайған, сипап тексергенде ауырады, қозғалмалылығы сақталған. 48, 47, 46, 42, 41, 36, 37, 38 тістер аймағындағы қызылиек қатты қызарып домбыққан, жиектері мен бүртіктері кір- сұр түсті өлі-етті қақпен жабылған. Ауыз іші сауықтырылмаған. Тістер бетінде көп мөлшерде жұмсақ қақтар бар. Сипатталған қлиникалық белгілер төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына сәйкес?

* қызылиектің жедел катаральды қабынуы

* қызылиектің өсе қабынуыны, домбыққан түрі КЕРЕК

* пародонттың шектелген қабынуы

*+ қызылиектің жедел өліеттеніп-жаралана қабынуы

* қызылиектің өсе қабынуы, фиброзды түрі

#399

*! Дәрігер-стоматологқа қызылиегінің қөктем және қыс айларында жиі қанайтындығына шағымданып келген жас әйелге қарап тексеру жүргізілді: қызылиекүсті тіс шөгінділері бар, қызылиек жиегі мен бүртіктері қөптеген тістер тұсында көкшілдеу-қызыл түстенген, сүңгілеп тексергенде оңай қанайды, Muһleman, Son сынамасы бойынша Ш дәрежелі қанағыштық анықталды. Пародонтальдық қалталар анықталмайды, альвеола өсінділерінің рентген суретінде сүйек тінінде айқын өзгерістер анықталған жоқ. Дәрігер-стоматолог жергілікті ем жүргізу үшін төменде берілген емдеу жоспарларының қайсысын таңдаған тиімді?

* ауыз ішін сауықтыру

* + ауыз ішін сауықтыру, қабынуға қарсы жергілікті ем жүргізу КЕРЕК

* ауыз қуысын сауықтыру, гингивоэктомиялау отасын жасау

* ауыз ішін сауықтыру, гингивотомиялау отасын жасау

* ауыз ішін сауықтыру, жабық кюретаждау жүргізу

#400

*! Жасы 19-дағы бойжеткен қызылиегінің қатты ауыратынына, өздігінен қанайтынына, тістерін тазалай алмайтынына, сілекейі қою және шұбырып түкіре алмайтынына, аузынан ұнамсыз иіс шығатынына шағымданады. Созылмалы асқазан қабынуымен ауырады. Қарап тексергенде: қызылиек жиектері және бүртіктері көкшіл-қызыл түсті, қатты домбыққан, консистенциясы борпылдақ, 11,12, 15, 16, 21, 22, 25, 26, тістер аймағында қызылиек бүртіктері ақшыл-қоңыр түсті өліетті қақпен жабылған, сүңгілеп тексергенде қатты қанайды. Өліетті қақты ақырын сүртіп алған кезде эрозиялы ошақтар беттері ашылады. Сырқаттанғалы екі аптадан аса уақыт болған. Сипатталған клиникалық белгілер төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына сәйкес?

* қызылиектің созылмалы катаральды қабынуы

* қызылиектің өсе қабынуы, домбыққан түрі

* қызылиектің өсе қабынуы, фиброзды түр

* + қызылиектің созылмалы өліеттеніп-жаралана қабынуы

* қызылиектің жедел катаральды қабынуы

#401

*! Жасы 14- тегі қызбала қызылиегінің өсіп кеткеніне, тісін тазалағанда және ас қабылдағанда қанайтынына, аузынан нашар иіс шығатынына шағымданады Осы жылы көктем айларында полиноз белгілері анықталған. Ішкі ағзалар аурулары жоқ. Қарап тексергенде: қызылиек бүртіктері 11 12 13 14 15 16 17 21 22 23 24 тістері аймағында қатты ұлғайған, тістер сауытының 3/2 бөліктерін жауып кеткен, түстері қызыл-қошқылданған, жеңіл қанайды. Көп мөлшерде жұмсақ тіс шөгінділері бар. Жалған пародонтальдық қалталар анықталды. Емдеу шараларын бастаудан бұрын төменде аталған мамандардың қайсысының ақыл-кеңесін алған тиімді?

* терапевт

* ЛОР дәрігер

* невропатолог

*+ эндокринолог КЕРЕК

* фтизиатр

#402

*! Қызылиек тіні қылтамырларының физиологиялық жағдайын вакуумдық гематомалардың пайда болу уақытына сүйене отырып анықтайтын әдіс төменде берілген сынамалардың қайсысына жатады?

* Ясиновский сынамасы

* Роттер сынамасы

* Шиллер-Писарев сынамасы

* Айнамо сынамасы

* + Кулаженко сынамасы

#403

*! Қызылиектің қанағыштық дәрежесін қызылиек сайын ( жүлгесін) сүңгілеу арқылы анықтайтын әдіс төменде берілген сынамалардың қайсысыпа жатады?

* Ясиновский сынамасы

* Роттер сынамасы

* Шиллер-Писарев сынамасы

* + Muһlemann, Son сынамасы

* Кулаженко сынамасы

#404

*! Төменде берілген индекстердің қайсысы альвеола өсіндісінің тістераралық қалқан сүйектерінің бұзылу деңгейін бағалау үшін қолданылады?

* + Фукс индексі

* Леус индексі

* Грин-Вермиллион индексі

* Рамфьорд индексі

* Рассел индексі

#405

*! Құрамында 5 мл 40% формалин, 20 мл глицерин, 75 мл дистильденген судан тұратын қоспамен сынаманы төменде берілген аурулардың қайсысы кезінде жүргізген тиімді?

* тісжегі

* қызылиектің қабынуы

* + ауыз кілегей қабығының аурулары

* тістердің тісжегіден басқа жарақаттары

* инфекциялық аурулар

#406

*! Ауыз ішіне лейкоциттердің қарқынды көшуі төмендегі аурулардың қайсысы кезінде орын алады?

* тісжегі

* + пародонттың қабынуы

* жүйелі аурулар

* тісжегі

* ұлпа қабынуы

#407

*! Дәрігер-стоматолог сынама жүргізді: сутегінің асқын тотығының 3% ерітіндісімен суланған мақта анжымен ұрттың кілегей қабындағы жарақат ошағын өңдеді. Дәрігер-стоматолог сынаманы қандай мақсатпен жүргізді?

* дәнекер тіннің белсенділігін анықтау;

* тіндердің «C» витаминімен қанығуын анықтау

* + эрозиялы-жаралы ошақтарды анықтау

* гликогеннің эпителий қабатында жиналуын анықтау

* ауыз іші гигиенасын анықтау

#408

*! Дәрігер-cтоматолог сынама жүргізді: трипан көгінің зарарсыздандырылған 0,25 % ерітіндісінің 0,2 мл төменгі еріннің кілегей қабығына енгізіп, пайда болған дақтың диаметрін өлшеді және үш сағаттан кейін қайта өлшеп, екінші дақтың радиусының квадратының бірінші дақтың радиусының квадратына қатынасын анықтады. Дәрігер-стоматолог сынаманы қандай мақсатта жүргізді?

* + дәнекер тіннің белсенділігін анықтау;

* тіндердің C витаминімен қанығуын анықтау

* жабынды эпителийдің бүтіндігін анықтау

* гликогеннің эпителий қабатында жиналу деңгейін анықтау

* ауыз іші гигиенасын анықтау

#409

*! Грин –Вермиллион индексін анықтаудың негізгі мақсаты:

* дәнекер тінінің белсенділігін анықтау;

* тіндердің С витаминімен қанығуын анықтау

* жабынды эпителийдің бүтіндігін анықтау

* гликогеннің эпителий қабатында жиналу деңгейін анықтау

* + ауыз гигиенасын анықтау

#410

*! Дәрігер-cтоматолог қызылиегінің қанағыштығына, аздап кернеп және сыздап ауыратындығына, тістерінің қозғалмалылығына шағымданып келген 43 жастағы әйелге пародонт тіндеріндегі микроциркуляторлық қан айналымының жағдайын анықтауға жолдама берді. Төменде берілген тексеру әдістерінің қайсысы жүргізілуі тиіс?

* кіреукені тікелей бояу әдісі

* + реопародонтографиялық әдіс КЕРЕК

* термометриялық әдіс

* полярографиялық әдіс

* эхоостеометриялық әдіс

#411

*! Дәрігер-стоматолог қызылиегінің ысып-күйіп, қышуына, тістерінің түбірінің біркелкі ашылуына шағымданып келген 42 жастағы ер адамға пародонт тіндерінің оттегімен қанығу денгейін анықтауға жолдама берді. Төменде берілген тексеру әдістерінің қайсысы жүргізілуі тиіс?

* биомикроскопиялық әдіс

* эхостеометриялық әдіс

* термометриялық әдіс

*+ полярографиялық әдіс

* реопародонтографиялық әдіс

#412

Ауыз кілегейлі қабығының дәнекер тінінің фагоцитарлық және регенеративтік белсенділігін анықтау үшін төменде берілген сынамалардың қайсысын жүргізген тиімді?

* Айнамо сынамасы

* Ясиновский сынамасы

* Кулаженко сынамасы

* Шиллер-Писарев сынамасы

* + Кавецкий сынамасы

#413

*! Төменде берілген индекстердің қайсысын анықтау үшін мына көрсеткіштер бағаланады: қызылиек қабынуының жайылмалылығы, пародонтальдық қалталардың тереңдігі, тістердің қозғалмалылығы және тістеп жұлып алу және шайнау қызметтерінің бұзылуы:

* Фукс индексі

* Федоров-Володкина индексі

* + Рассел индексі

* Грин-вермиллион индексі

* CPITN индексі

#414

*! Дәрігер-стоматолог алыстағы ауданға ауыл тұрғындарының стоматологиялық көмекке, оның ішінде пародонтологиялық көмекке мұқтаждықтарын анықтау үшін жіберілді. Дәрігер-стоматологқа паронтологиялық көмекке мұқтаждықты анықтау үшін төменде берілген индекстердің қайсысын пайдаланғаны тиімді?

*+ CPITN индексі

* Рассел индексі

* РМА индексі

* Рамфьорд индексі

* Фукс индексі

#415

*! Дәрігер-стоматолог қызылиегеінің тістерін тазалағанда қатты қанап, қөңіл-күйін төмендететініне, тістерінің қозғалмалы бола бастағанына, тағам шайнаудың қиындағанына шағымданып келген 40 жастағы әйелге альвеола өсінділеріне эхоостеометриялық зерттеу жүргізуге жолдама берді. Дәрігер эхоостеометриялық зерттеудің қорытындысына сүйеніп, төменде берілген мәліметтердің қайсысына қөз жеткізгісі келді?

* қызылиектің тығыздығын анықтау

* + сүйек тінінің тығыздығын анықтау

* тіс кіреукесінің тығыздығын анықтау

* дентиннің тығыздығын анықтау

* тіс цементінің тығыздығын анықтау

#416

*! Дәрігер-стоматолог пародонт қабынуымен стоматологиялық көмек алуға келген 47 жасар ер адамның төменгі алдыңғы 33 32 31 41 42 43 тістерінің сауыттарын Люголь ерітіндісімен бояп, боялу деңгейін бес баллдық жүйемен бағалады және орта қөрсеткішін анықтады. Бұл көрсеткіш 3,9 тең болғандықтан ауыз ішінің гигиеналық жағдайы қанағаттанарлықсыз деп тапты. Стоматолог ауыз гигиенасын төменде берілген индекстердің қайсысын қолданып анықтады?

* + Федоров-Володкина индексі

* РМА индексі

* Рассел индексі

* Фукс индексі

* Рамфьорд индексі

#417

*! Қызылиектегі қабынудың ауырлығын анықтау үшін қандай сынаманы қолданған дұрыс:

* Рамфьорд индексі

* Грин-Вермиллион индексі

* Рассел индексі

* Фукс индексі

* + РМА индексі

#418

*! Дәрігер-стоматолог қызылиегінің қанағыштығына шағымданып келген 22 жастағы қызбаладағы қабынуды анықтау үшін қызылиегін Люголь ерітіндісімен суланған мақта анжымен сүртті. 11.12.13.14. 21.23.24.25 тістері тұсындағы қызылиек қою-қоңыр түске боялды. Қызылиектегі қабыну үрдісі қандай сынаманы қолдану негізінде анықталды?

*+ Шиллер-Писарев сынамасы

* Мак-Клюр-Ольдрич сынамасы

* Кавецкий сынамасы

* Ясиновский сынамасы

* Кулаженко сынамасы

#419

*! Пародонт және ауыз кілегей қабығы тіндерінің қорғаныс реакциясының деңгейін фагоцитоздың белсенділігін, қабыну үрдісінің қарқындылығын, ауыз ішіне көшкен лейкоциттердің, түлеген эпителий жасушаларының санын 1мкл ауыздың шайынды суында есептеу, лейкоциттердің өміршеңдігін бағалау арқылы анықтайды.Қалыпты жағдайда 1мкл шайындыда 80-120 лейкоциттер, олардың ішінде 90-98% -ы өміршеңдігін сақтағаны, 25-100 эпителий жасушалары анықталады. Төменде берілген сынамалардың қайсысының көмегімен сипатталған көрсеткіштер анықталады?:

* Шиллер-писарев сынамасы

* Мак-Клюр-Ольдрич сынамасы

* Кавецкий сынамасы

* + Ясиновский сынамасы

* Кулаженко сынамасы

#420

*! Пародонттың созылмалы қабынуы, орта дәрежесі кезінде пародонтальдық қалталардың тереңдігі 5 мм–ге дейін болады және олар көршілес тістер аймағында анықталады. Пародонтальдық қалталарды жою үшін төменде берілген хирургиялық емдеу әдістерінің қайсысын қолданған тиімді?:

* қиықтап кесіп, тазалау операциясы

* + ашық кюретаждау

* жабық кюретаждау КЕРЕК

* қарапайым гингивоэктомиялау

* радикальды гингивоэктомиялау

#421

*! Қызылиектің өсе қабынуының домбыққан түрін жергілікті емдеу үшін төменде берілген дәрілік заттардың қайсысын қолданған тиімді?

* солкосерил гелі КЕРЕК

* каротолин

* + 0,025% синафлан жақпамайы

* А витаминінің майлы ерітіндісі

* трипсин ерітіндісі

#422

*! Дәрігер-стоматолог емделуге келген 25 жастағы келіншекті жүргізілетін емдеу шараларының жоспарымен таныстырды. Жоспар төмендегі шараларды қамтиды: жергілікті тітркендіргіштеруші факторларды жою, домбығуға, қабынуға қарсы дәрілерді бастырма түрінде немесе электрофорездеу әдісімен қызылиекке сіңіру, қызылиек бүртіктеріне склероздаушы ем жүргізу, ауызды дұрыс күту туралы кеңес беру. Жоспарланған емдеу шараларын төменде берілген пародонт ауруларының қайсысы кезінде жүргізген тиімді?

* қызылиек фиброматозы КЕРЕК

* пародонттың созылмалы қабынуы, жеңіл дәрежесі

* қызылиектің жаралы қабынуы

* қызылиектің өсе қабынуы, фиброзды түрі

* + қызылиектің өсе қабынуы, домбыққан түрі

#423

*! Пародонтальдық қалтадан зерттеу материалын зарарсыздандырылған білік оралған түбір инесінің көмегімен алып, таза заттық шыны бетіне жағынды дайындайды, кептіріп барып бекітеді және арнаулы әдістерді қолданып бояған соң микроскоппен зерттейді. Төменде берілген зерттеу әдістерінің қайсысы сипатталды?

* + цитологиялық әдіс

* морфолгиялық әдіс

* бактерологиялық әдіс

* иммунологиялық әдіс

* микробиологиялық әдіс

#424

*! Төменде берілген индекстердің қайсысы төменгі алдыңғы алты тістің ерін беттерін Люголь ерітіндісімен бояуарқылы анықталады?:

* Рассел индексі

* ПМА индексі

* + Федоров-Володкина индексі

* Грин-Вермиллион индексі

* CPITN индексі

#425

*! Жасы 44-дегі еер адам қызылиектерініңі шамадан тыс қалыңдап және түсінің өзгеріп, косметикалық ыңғайсыздық туындатқанына шағымданады. Қарап тексергенде: екі жақтың қызылиекгерінің альвеолалық бөліктері ақшыл-қызғылт түстенген, беттері кедір-бұдырлы, консистенциясы тығызданған, қанағыштық анықталмайды. ШИЛЛЕР-ПИСАРЕВ сынамасын жүргізгенде сарылау түске боялады. Сипатталған клиникалық белгілер төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына сәйкес келеді?

* қызылиек қабынуы

* пародонтоз

* пародонтолизистік ауру

* пародонт қабынуы

* + қызылиек фиброматозы КЕРЕК

#426

*! Төменде берілген альвеола өсіндісінің рентген суреттерінің интерпретациясының қайсысы қызыл иек қабынуы кезіндегі рентген суретінің сипаттамасына НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

* тістераралық қалқан сүйектер ұштары бұзылысқа ұшыраған

* тістераралық қалқан сүйектердің 2/1- ден артық бөліктері остеопороздануға және сорылуға ұшыраған

* тістераралық қалқан сүйектердің 2/1- нен аз бөлігінде остеопороздану және бұзылысқа ұшырау орын алған

* + тістераралық қалқан сүйектердің өзгеріссіз бүтіндігі сақталған

* тістераралық қалқан сүйектердің 3/1 бөлігінде остеопороздану және бұзылу орын алған

#427

*! Эпилепсия ауруымен ұзақ ауырған науқастарда төменде берілген пародонт ауруларының қайсысы орын алуы мүмкін мүмкін?

* + қызылиектің өсе қабынуы

* қызылиектің жедел катаральды қабынуы КЕРЕК

* қызылиектің созылмалы катаральды қабынуы

* қызылиектің жаралы қабынуы

* пародонттың жайыла қабынуы, жеңіл дәрежесі

#428

*! Пародонттың қалыпты жағдайында қызылиек сайында қалыптасатын биологиялық құрылым::

* сарысулы жалқық

* іріңді жалқық

* тін сұйықтығы

* тіндік детрит

* + қызылиек сұйықтығы

#429

*! Төменде берілген клиникалық белгілердің біреуінен басқасы пародонтоздың клиникалық белгілеріне жатады:

* тістердің жоғары сезімталдығы

* + пародонтальдық қалталардың орын алуы

* тістер түбірлерінің бір деңгейде ашылуы КЕРЕК

* сынаға ұқсас ақаулардың пайда болуы

* қызылиектің қышуы және бозғылт түстенуі

#430

*! Жергілікті тітіркендіргіштерден, тіс қағының құрамындағы микробтар және жалпы қолайсыз әсерлерден тіс-қызылиек бекімінің бүтіндігінің бұзылуынсыз дамитын қабыну үрдісі төменде берілген пародонт ауруларының қайсысына жатады?

* пародонтолизистік ауру

* пародонтоз

* + қызылиектің қабынуы

* пародонт қабынуы

* пародонтома

#431

*! Пародонт кешеніндегі тіндердің қабынуымен, сүйек тінінің сорылып үдемелі бұзылысқа ұшырауымен сипатталатын патологиялық үрдіс қалай аталады?

*+ пародонтит

* пародонтоз

* гингивит

* пародонтолиз

* пародонтома

#432

*! Формалиндік сынаманы жүргізу арқылы төменде берілген патологиялық үрдістердің қайсысы туралы мәлімет алуға болады?

* пародонтальдық қалталарда микробтардың көбейгені туралы

* + тіс- қызылиек бекімінің бүтіндігінің бұзылуы туралы

* вакуумдық гематомалардың пайда болу уақыты туралы

* ауыздың гигиеналық жағдайын

* лейкоциттердің ауыз ішіне көшу жылдамдығы туралы

#433

*! 21 ;жастағы жігіт қызылиегінің қатты ауыратынына, ас қабылдағанда күшеюіне, қатты қанағыштығына, жалпы әлсіздікке шағымданады. Өзін үш күннен бері сырқатпын деп санайды. Қарап тексергенде: өңі бозарған, дене қызуы 38°С дейін көтерілген, жақасты лимфа түйіндері ұлғайған, сипап тексергенде ауырады, қозғалмалы. 48 47 46 45 44 43 31 32 33 тістер аймағындағы қызылиек ашық қызыл түстеніп, қатты домбыққан, жиектері мен бүртіктері кір- сұр түсті өлі-етті қақпен жабылған. Ауыз іші сауықтырылмаған. Тістер бетінде көп мөлшерде жұмсақ қақ бар.

Аурудың диагнозын нақтылау үшін төменде берілген тексеру әдістерінің қайсысын жүргізген тиімді?

* рентгенографиялық әдіс

* Кулаженко сынамасы КЕРЕК

* эпителийдің бүтіндігін анықтау

* + микробиологиялық әдіс

* полярографиялық әдіс

#434

*! Жасы 36-дағы ер адамның жақ сүйектерінің ортопантограммасында тістераралық қалқан сүйектерде остеопороздану және қатты сүйек пластиналарында бұзылыстық үрдістер анықталды. Сипатталған рентгендік өзгерістер төменде берілген аурулардың қайсысына тән?

Рентгеологиялық сипаттама төменде көрсетілген аурулардың қайсысына неғұрлым сәйкес келеді:

* қызылиектің созылмалы катаральды қабынуы

* + пародонттың созылмалы қабынуы

* пародонтолизистік ауру

* пародонтома

* қызылиек фиброматозы

#435

*! Жасы 49 ер адамның жақ сүйектерінің ортопантограммасында тістердің желпіуішке ұқсап орындарынан ауысқаны, тістераралық қалқан сүйектердің 2/1 биіктігінен артық бөліктерінің біркелкі емес аралас типті сорылуы анықталды. Түбірлер бойымен орналасқан терең сүйек қалталары бар. Альвеола өсінділерінің сақталған бөліктерінде жайыла кеуектену үрдісі орын алған. Рентгенологиялық интерпретация төменде берілген аурулардың қайсысын НЕҒҰРЛЫМ тән?:

* + пародонттың созылмалы жайыла қабынуы, ауыр дәрежесі

* пародонттың созылмалы жайыла қабынуы, жеңіл дәрежесі

* пародонттың созылмалы жайыла қабынуы, орта дәрежесі

* пародонтоз, ауыр дәрежесі

* пародонтоз, жеңіл дәрежесі

#436

*! Қызылиектегі қабыну үрдісінің қарқындылығын анықтау үшін төменде берілген сынамалардың қайсысын жүргізген тиімді?:

* Ясиновский сынамасы

* + Шиллер-Писарев сынамасы

* Роттер сынамасы

* Мак- Клюр- Ольдрич сынамасы

* Кулаженко сынамасы

#437

*! Пародонттың созылмалы қабынуы кезінде пайда болған тереңдігі 8 мм пародонтальдық қалталарды жою үшін төмендегі хирургиялық емдеу әдістерінің қайсысын жүргізген НЕҒҰРЛЫМ тиімді?:

* қиықтап кесіп, тазалау отасы

* + түбегейлі гинговоэктомиялау отасы

* гинговотомиялау отасы

* жартылай гингивоэктомиялау отасы

* жабық кюретаждау отасы

#438

*! Сау пародонттағы қызылиек сайыныңтереңдігі:

*+ 1-2 мм

* 2,1-2,9 мм

* 3-3,5 мм

* 3,6-5 мм

* 5,1-6 мм

#439

*! Қызыл иектің эпителий қабатында гликогеннің жиналуын қандай сынама көмегімен анықтаған неғұрлым дұрыс:

* айнамо сынамасы

* ясиновский сынамасы

* кулаженко сынамасы

*+ шиллер-писарев сынамасы

* кавецкий сынамасы

#440

*! Қызылиектің қанағыштығын ананездік мәліметтерге сүйене отырып анықтайтын сынама:

*+ айнамо сынамасы

* ясиновский сынамасы

* кулаженко сынамасы

* шиллер-писарев сынамасы

* кавецкий сынамасы

#441

*! 30-дағы жас әйел қызылиегінің түрінің ерекшелігіне және косметикалық ыңғайсыздық туындататындығына шағымданады. Қарап тексергенде: қызылиек жиегі деформацияланған, қызылиек бүртіктері ұлғайған, ақшыл-қызыл түсті, тістер сауыттарының 2/1 бөлігін жапқан. Сипап тексергенде консистенциясы тығыздау, ауырмайды, жалған қалталар анықталады..

Сипатталған клиникалық көрініске төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес?

* қызылиектің катаральды қабынуы

* пародонтоз, жеңіл дәрежесі

* пародонттың созылмалы қабынуы, жеңіл дәрежесі

* қызылиектің өсе қабынуы, домбыққан түрі

* + қызыл иектің өсе қабынуы, фиброзды түрі

#442

*! Дәрігер-стоматологқа қызылиектерінің пішіндерінің және түрлерінің ерекшеліктігіне, косметикалық ыңғайсыздық туындататынына шағымданып келген жасы 30-дағы әйелді қарап тексергенде: қызылиек жиектері деформацияланған, қызылиек бүртіктері ұлғайған, ақшыл-қызыл түсті, тістер сауыттарының 3/2 бөлігін жапқан. Сипап тексергенде консистенциясы тығыздау, ауырмайды. Шиллер-Писарев сынамасы сәл ғана оң, жалған қалталар анықталады.

Төменде берілген хирургиялық емдеу шараларының қайсысын жүргізген НЕҒҰРЛЫМ тиімді?

* + қарапайым гингивоэктомиялау әдісі

* түбегейлі гингивоэктомиялау әдісі

* қиықтап кесіп, тазалау операциясы

* гингивотомиялау

* жабық кюретаждау

#443

*! Пародонт тіндерінің микроциркуляторлық арнасының жағдайын бағалау үшін төменде берілген тексеру әдістерінің қайсысын жүргізген тиімді?

* термометриялыққ әдіс

*+ капилляроскопиялық әдіс

* эхоостеометриялыққ әдіс

* полярографиялық әдіс

* кіреукені тікелей бояу әдісі

#444

*! Ер адам жасы 56-да қызылиектерінің қышитындағына, шаншып мазалайтындығына шағымданады. Қарап тексергенде: екі жақ қызылиектері ақшыл-қызғылт түсті, жұқарған, бүртіктері жартылай семген, пародонтальдық қалталар жоқ, тістерінің статикасы бұзылмаған. Тіс түбірлері 1/3 ұзындығына біркелкі ашылған. Ортопантограммада- тітераралық қалқан сүйектер 1/3 деңгейде біркелкі төмендеген, кортикальды пластинкалардың бүтіндігі бұзылмаған.

Төменде берілген болжамды диагнозардың қайсысына сипатталған клиникалық көрініс НЕҒҰРЛЫМ сәйкес?

* пародонт қабынуының жеңіл дәрежесі.

* пародонт қабынуының орта дәрежесі

* + пародонтоз, жеңіл дәрежесі

* қызылиек фиброматозы

* пародонтоз, орта дәрежесі

#445

*! Қөрер қөзбен бақылаусыз пародонтальдық қалтаны өскен эпителийден және грануляциялық тіндерден тазарту үшін жүргізілетін төменде берілген хирургиялық емдеу әдістерінің бірі:

* қарапайым гингивоэктомиялау әдісі

* гинговотомиялау әдісі

* қиықтап кесіп, тазалау отасы

* гингивоэктомиялау әдісі

* + жабық кюретаждау әдісі

#446

*! Терең пародонтальдық қалталарды таяздандыру үшін олардың қызылиек жақ қабарғаларының біраз бөлігін кесіп алғаннан кейін кюретаждау жүргізілді. Бұл хирургиялық әдіс қалай аталады:

* гинговотомиялау

*+ қарапайым гингивоэктомиялау КЕРЕК

* жабық кюретаждау

* гингивоэктомиялау

* қиықтап кесіп тазалау отасы

#447

*! Сүйектің көлемі өзгермей ауданының бірлік мөлшерінде сүйек тінінің азаюымен сипатталатын патологиялық үрдіс төменде берілген атаулардың қайсысына НЕҒҰРЛЫМ сәйкес?

* атрофиялану

* + остеопороздану

* остеосклероздану

* деструкциялану

* остеолизиске ұшырау

#448

*! Сүйек тінінің жойылуына байланысты сүйек көлемінің азаюымен сипатталатын патологиялық үрдіс:

* + атрофиялану

* остеопороз

* остеосклероз

* деструкциялану

* остеолизис

#449

*!Сүйектің бұзылып, орнын патологиялық тіннің басуымен сипатталатын сүйек тінінің патологиясы қай анықтамаға неғұрлым сәйкес келеді:

* атрофия

* остеопороз

* остеосклероз

*+ деструкция

* остеолиз

#450

*! Сүйектің көлемі өзгермей ауданының бірлік мөлшерінде сүйек тінінің көбеюімен сипатталатын сүйек тінінің патологиясы қай анықтамаға неғұрлым сәйкес келеді:

* атрофия

* остеопороз

*+ остеосклероз

* деструкция

* остеолиз

#451

*! Пародонтальдық қалталардағы іріңді жалқықты анықтау үшін қолданылатын сынама:

* вакуумдық сынама

* + бензидин сынамасы

* гистаминдік сынама

* Ясиновский сынамасы

* амидопиринді сынама

#452

*! Сүйек тінінің ультрадыбысты өткізу уақытын анықтайтын әдіс:

* + эхостеометриялық

* реопародонтографиялық

* полярографиялық

* капилляроскопиялық

* фотоплетизмографиялық

#453

*! Әртүрлі тіндер арқылы жоғары жиілікті айнымалы электр тогы өткенде олардың кешенді электр қарсыластығының пульстік тербелісін графикалық тіркеу арқылы қантамырлардың жағдайын анықтауға негізделген әдіс:.

* эхоостеометриялық әдіс

* + реографиялық әдіс

* термометриялық әдіс

* стоматоскопиялық әдіс

* биомикроскопиялық әдіс

#454

*! Төменде берілген тіс бетінде пайда болатын жаңа құрылымдардың қайсысы тіс шөгінділері қатарына жатпайды?

* Пристлей қағы (жасыл қақ)

* тіс тасы

* жұмсақ қақ

* + фибринді қақ

* шылымі шегушілер қағы

#455

*! Төменде берілген аспаптардың қайсысы тіс шөгінділерін алу үшін қолданылмайды?

* + сүңгі

* ілмек

* скейлер

* экскаватор (аршығыш)

* кюретаждық қасықтар

#456

*! Төменде берілген қөрсеткіштердің қайсысы пародонтальдық қалталарға жабық кюретаждау жүргізу көрсеткіші болып табылады?

* + қалта тереңдігі 3, 5 мм-ге дейін

* сүйек қалталарының болуы

* қалтаның қызылиек қабырғасының жұқаруы

* қалтада іріңді жалқықтың болуы

* қалта тереңдігі 5 мм-ден терең

#457

*! Төменде көрсетілген зерттеу әдістерінің қайсысы пародонт тіндеріндегі құрылымдық өзгерісті бағалауға неғұрлым мүмкіндік береді:

* цитологиялық

*+ морфологиялық

* бактериологиялық

* иммунологиялық

* микробиологиялық

#458

*! 17 жасар қызбала тамақ шайнағанда, тісін тазалағанда қызылиегінің қанайтынына шағымданады. Қарап тексергенде: 34 35 тістер арасындағы қызылиек бүртігі ұлғайып, тістер сауыттарын шайнау беттеріне дейін жапқан, түсі көкшілдеу-қызыл түстенген. Сипап тексергенде ауырмайды, консистенциясы жұмсақ, құрылым қозғалмалы..

Аурудың диагнозын нақтылау үшін төменде берілген тексеру әдістерінің қайсысын жүргізген тиімді?

* сұрап тексеру

* люминесценттік зерттеу

* тістерді қағып тексеру

* + гистологиялық зерттеу КЕРЕК

* полярографиялық әдіс

#459

*! 32 жастағы әйел адам қызылиегінің тістерін тазалағанда үнемі қанайтынына, тістерінің қозғалмалы бола бастағанына шағымданады. Қарап тексергенде: төменгі жақ қызылиегі қызара домбыққан, азу тістер мен алдыңғы тістердің түбірлері жалаңаштанған. Азу тістер төңірегіндегі пародонтальдық қалталардың тереңдігі 4, 5-5 мм, 31 32 41 42 тістер I- II дәрежелі қозғалмалы.

Сипатталған клиникалық белгілер төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына НЕҒҰРЛЫМ сәйкес?

* пародонттың созылмалы қабынуы, жеңіл дәрежесі

* пародонтоз, орта дәрежесі

* + пародонттың созылмалы қабынуы, орта дәрежесі

* пародонттың созылмалы қабынуы, ауыр дәрежесі

* пародонтоз, жеңіл дәрежесі

#460

*! Жасы 49-дағы ер адам аузынан жағымсыз иістің шығатынына, тістерінің қозғалмалы болғанына, тамақ шайнауы қиындағанына шағымданады. Қарап тексергенде: қызылиекасты және қызылиекүсті тіс тастары көп мөлшерде анықталады, екі жақ қызылиегі қатты қызара-көкшілденген, жеңіл қанайды. Барлық азу тістері мен алдыңғы күрек тістердің түбірлері 2/1-ден артық ұзындықтарына жалаңаштанған. Кейбір тістері әртүрлі бағытта қисайған, II-III дәрежелі қозғалмалылыққа ие. Сипатталған клиникалық белгілер төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына тән?

* пародонттың созылмалы қабынуы, жеңіл дәрежесі КЕРЕК

* пародонтоз, орта дәрежесі

* пародонттың созылмалы қабынуы, орта дәрежесі

* + пародонттың созылмалы қабынуы, ауыр дәрежесі

* пародонтоз, жеңіл дәрежесі

#461

*! 18 жастағы жігіт төменгі оңжақ кіші және үлкен азу тістері аймағында қызылиегінің өсіп кеткеніне шағымданады. Қызылиегінің өсе бастағанын осыдан екі ай бұрын байқаған. Қарап тексергенде: аталған тістер көп мөлшерде жұмсақ және қатты шөгінділермен жабылған, қызылиек бүртіктері ұлғайған, тіс сауыттарының 3/2 бөліктерін жауып тұр, түстері бозғылдау-қызғылт түсті. Сипап тексергенде ауырмайды, консистенциялары тығыздау, сүңгілеп тексергенде қанағыштық анықталмайды. Тіс-қызылиек бекімінің бүтіндігі бұзылмаған. Төменде берілген емдеу жоспарларының қайсысын жүзеге асырған тиімді?

* ауыз ішін сауықтыру, қиықтап кесу отасы

* ауыз ішін сауықтыру, гингивотомиялау отасын жасау

* + ауыз ішін сауықтыру, гингивоэктомиялау отасын жасау

* ауыз ішін сауықтыру, ашық кюретаждау отасын жасау

* ауыз ішін сауықтыру, жабық кюретаждау отасын жасау

#462

*! 21 жастағы жүкті әйел қызылиегінің қанайтынына, қызылиегінің өсіп кетуіне шағымданады. Қарап тексергенде: төменгі және жоғарғы жақ алдыңғы тістері тұсындағы қызылиектер жиектері қалыңдап, бүртіктері өсіп, қою-қызыл түстенген, тістер сауыттарының 3/1 бөліктерін жауып жатыр. Сүңгілеп тексергенде қатты қанайды, тіс-қызылиек бекімі бұзылмаған.

Төменде берілген емдік препараттардың қайсысын жергілікті емдеу жүргізуге қолданған тиімді?

* + гепарин жақпамайы

* эритромицин жақпамайы

* каротолин

* солкосерил жақпамайы

* линкомицин жақпамайы

#463

*! Дәрігер-стоматологқа қызылиегінің жиі қанайтынына шағымдана келген 38 жастағы әйелдің ауыз ішін қарап тексергенде анықталғаны: жоғарғы жақ қызылиегі көкшіл-қызыл түстенген, бүртіктерінің пішіндері өзгер»п, ұштары доғалданған, қонсистенциялары бос-борпылдақтау, сүңгілеп тексергенде жеңіл қанайды, тереңдігі 2,5-3 мм-дей пародонтальдық қалталар бар. Диагнозды толық нақтылау үшін төменде берілген тексеру әдістерінің қайсысын жүргізген тиімді?

* реопародонтографиялық әдіс

* + рентгенографиялық әдіс

* қанның жалпы құрамын талдау

* эхоостеометриялық әдіс

*полярографиялық әдіс

#464

*! Дәрігер-cтоматологқа тістерін тазалаған кезде қызылиегінің қанайтынына және түсінің өзгергеніне шағымданып келген 19 жасар қызбалаға « қызылиектің созылмалы катаральды қабынуы» деген диагноз қойылды.Төменде берілген альвеола өсінділері рентгенсуреттерінің сипаттамаларының қайсысы қызылиек қабынуы кезіндегі рентген көрініске НЕҒҰРЛЫМ сәйкес? :

* тістераралық қалқан сүйектер ұшындағы қатты сүйек қабаты бұзылысқа ұшыраған

* тістераралық қалқан сүйектердің 2/1 бөлігі сорылған

* тістераралық қалқан сүйектердің 2/1-нен аз бөлігінде кеуектену және бұзылыстар орын алған

* + тістераралық қалқан сүйектер өзгеріске ұшырамаған

* тістераралық қалқан сүйектердің 3/1 бөлігінде кеуектену және құрылымдық бұзылыстар анықталады

#465

*! Дифенин туынды дәрілерді қабылдау төменде берілген аурулардың қайсысының туындауына НЕҒҰРЛЫМ ықпал етеді?

* + қызылиектің өсе қабынуы

* қызылиектің жедел катаральды қабынуы

* қызылиектің созылмалы катаральды қабынуы

* қызылиектің жаралы қабынуы

* пародонттың жайыла қабынуы, жеңіл дәрежесі

#466

*! Пародонттың қалыпты қызылиек сайындағы биологиялық құрылым:

* серозды жалқық

* іріңді жалқық

* геморрагиялық жалқық

* кілегейлі сұйықтық

* + қызылиек сұйықтығы

#467

*! Төменде берілген клиникалық белгілердің біреуінен басқасы пародонтоздың ауыр сатысының клиникалық белгілеріне жатады:

* тіс шөгінділерінің аз құрылуы

* + тереңдігі 6 мм пародонтальдық қалталар

* тістердің түбірлерінің 3/2 ұзындығына жалаңаштануы

* сынаға ұқсас ақаулар

* қызылиектің қышуы және бозғылттануы

#468

*! Альвеола өсіндісінің сүйек тінінде өзгерістердің болмауымен, тіс-қызылиек бекімінің сақталуымен, тек қызылиектің түсінің өзгеруімен және қанағыштығымен сипатталатын патологиялық үрдіс төменде берілген аурулардың қайсысына НЕҒҰРЛЫМ тән?

* пародонттың идиопатиялық ауруы

* пародонтоз

* + қызылиектің қабынуы

* пародонттың қабынуы

* қызылиек фиброматозы

#469

*! Пародонттың құрамына кіретін жұмсақ тіндердің қабына бұзылысқа, ал қатты тіндердің әртүрлі дәрежеде сорыла құрылымдық бұзылысқа ұшырауымен сипатталатын патологиялық үрдіс төменде берілген аурулардың қайсысына тән?

* пародонт идиопатиялық аурулары

* пародонтоз

* қызылиек қабынуы

* + пародонттың қабынуы

* пародонтома

#470

*! Формалиндік сынаманы жүргізуге арналған сұйықтықтың құрамы:

* 0,25% трипан қөгінің ерітіндісі

* + формалин, глицерин, дистильденген су

* иод, иодты калий, дистильденген су

* 2% бриллиант жасылының ерітіндісі

* 2% метилен көгінің ерітіндісі

#471

*! 23 жастағы жігіт дене қызуының 37,5оС-қа дейін көтерілуіне, жалпы әлсіздікке, қызылиегінің қатты ауыратынына, ауыру сезімінің ас қабылдағанда қүшеюіне, қатты қанағыштығына, аузынан ұнамсыз иіс шығатынына шағымданады. Ауырғалы бір жеті өткен. Қарап тексергенде: өңі бозарған, беті домбыққан, жақасты лимфа түйіндері ұлғайған, сипап байқаса ауырады және қозғалмалы. 48, 47, 46, 45, 44, 43,34 35 36 37 тістер аймағындағы қызылиек қатты қызара домбыққан, жиектері мен бүртіктері кір сұр түсті өліетті қақпен жабылған, эрозиялы ошақ беттері де ашылған. Диагнозды нақтылау үшін төменде берілген тексеру әдістерінің қайсысын жүргізген НЕҒҰРЛЫМ тиімді?

* рентгенографиялық әдіс

* реопародонтографиялық әдіс

* жабынды эпителийдің бүтіндігін анықтау

* + микроскопилық әдіс

* полярографиялық әдіс

#472

*! Жасы 36-дағы ер адамның жақ сүйектерінің ортопантомаграммасында тістераралық қалқан сүйектерде остеопороздану және әртүрлі дәрежеде деструкциялық үрдістер байқалады.

Рентгенологиялық сипаттама төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына НЕҒҰРЛЫМ сәйкес?

* қызылиектің созылмалы катаральды қабынуы

*+ пародонттың созылмалы қабынуы

* қызылиек фиброматозы

* пародонттың идиопатиялық ауруы

* пародонтолизистік ауру

#473

*! Жасы 51-дегі ер адамның жақ сүйектерінің ортопантомограммасында тістері желпуішке ұқсап орындарынан ауысқан, альвеола өсінділерінің тістераралық қалқан сүйектері біркелкі емес 2/1-ден артық денгейіне дейін сорылған, түбірлер бойымен орналасқан терең сүйек қалталары бар. Альвеола өсіндісінің сақталған бөлігінде жайыла кеуектену үрдісі орын алған. Рентгенологиялық сипаттама төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына НЕҒҰРЛЫМ сәйкес?

* + пародонттың созылмалы жайыла қабынуы, ауыр дәрежесі

* пародонттың созылмалы жайыла қабынуы, жеңіл дәрежесі

* пародонттың созылмалы жайыла қабынуы, орта дәрежесі

* пародонтоз, ауыр дәрежесі

* пародонтоз, жеңіл дәрежесі

#474

*! Пародонт тіндері өзгеріске ұшырамаған жағдайдағы клиникалық қызылиек сайының физиологиялық тереңдігі:

* +1-2 мм

* 2,1-2,9 мм

* 3-3,5 мм

* 3,6-5 мм

* 5,1-6 мм

#475

* ! Қалыпты қызылиектің эпителий жабындысында гистамин өте аз мөлшерде орын алады. Қабыну үрдісі кезінде қызылиектің эпителий қабатында гликогеннің қорлануын қандай сынаманың көмегімен анықтаған НЕҒҰРЛЫМ тиімді?

* Айнамо сынамасы

* Ясиновский сынамасы

* Кулаженко сынамасы

* + Шиллер-Писарев сынамасы

* Кавецкий сынамасы

#476

*! Пародонт тіндері арқылы жоғары жиілікті айнымалы электр тогы өткенде олардың кешенді электр қарсыластығының өзгерісін графикалық түрде тіркеу негізінде қантамырларының жағдайын анықтайтын әдіс:

* + реопародонтографиялық әдіс

* термометриялық әдіс

* стоматоскопиялық әдіс

* биомикроскопиялық әдіс

#477

*! Төменде берілген клиникалық белгілердің қайсысы пародонттың созылмалы жайыла қабынуының орта дәрежесінің абсолюттік көрсеткіші болып табылады?

* тіс шөгінділерінің болуы

* тісттер түбірлерінің 2 мм-ге ашылуы

* қызылиектің көкшіл-қызыл түстеніп домбығуы

* рентгенсурете альвеола өсінділерінің сүйек тінінде өзгерістер байқалмайды

* + пародонтальдық қалталардың тереңдігі 5-5,5 мм

#478

*! Төменде берілген альвеола өсіндісіндегі рентгенологиялық көріністердің қайсысы қызылиектің жаралы қабынуы кезіндегі өзгерістерге жатады?

* + альвеола өсіндісінің сүйек тінінде өзгерістер жоқ

* тістераралық қалқан сүйектердің ұшындағы кортикальды пластиналар бұзылысқа ұшыраған

* периодонт саңылаулары жиектік бөліктерінде кеңейген

* тістераралық қалқан сүйектердің 3/1 бөлігі сорылған

* альвеолалық сүйек тінінде жайыла остеопороздану орын алған.

#479

*! Төменде берілген альвеола өсіндісіндегі ренгенологиялық көріністердің қайсысы пародонттың созылмалы жайыла қабынуының орта дәрежесінің диагнозын нақтылауға НЕҒҰРЛЫМ тиімді белгі болып табылады?

* сүйек қалталарының болуы

* периодонт саңылауларының жиектік бөліктерінде кеңеюі

* + альвеолалараралық қалқан сүйектердің 3/1ден 2/1 бөлігіне дейін сорылуы

* төменгі жақсүйек денесінде остеопороздану және остеосклероздану ошақтарының қосарлана орын алуы

* альвеола өсіндісінің сүйек тіндерінде жайыла остеопороздану үрдісі орын алған

#480

*! Төменде берілген дәрілік заттардың қайсысы қызылиектің жаралы қабынуына жергілікті емдеу жүргізуге қажет:

* + метрагил дента

* интерферон жақпамайы

* циклоферон гелі

* клотримазол жақпамайы

* бонафтон жақпамайы

#481

*! Төменде берілген аурулардың қайсысынан қызылиектің өсе қабынуын ажыратқан дұрыс?

* қызылиектің созылмалы катаральды қабынуы

* пародонттың созылмалы қабынуы, жеңіл дәрежесінің өршуі

* қызылиектің жедел катаральды қабынуы

* қызылиектің созылмалы катаральды қабынуының өршуі

* + жедел лейкоз кезіндегі қызылиектегі гиперпластикалық синдром

#482

*! Төменде берілген аурулардың қайсысы жүктілік кезінде, жасөспірімдердің пубертатты жетілу кезінде орын алуы мүмкін?

* қызылиектің жаралы қабынуы

* қызылиектің созылмалы катаральды қабынуы

* қызылиектің жедел катаральды қабынуы

* + қызылиектің жайыла өсе қабынуы

* пародонттың созылмалы қабынуы, жеңіл дәрежесінің өршуі

#483

*! Дәрігер-стоматологқа жасы 35-тегі әйел қызылиегінің көбіне тістерін тазалағанда қанайтындығына шағымданып келді. Қарап тексергеннен кейін стоматолог жақ сүйектерінің панорамалық рентген суретін жасатуға жолдама берді. Рентген суретте тістераралық қалқан сүйектерде жайыла кеуектену (остеопороз) үрдісі, ал олардың ұштарындағы кортикальды сүйек пластиналарының сорыла бұзылуы орын алған, периодонт саңылаулары жиектік бөліктерінде кеңейген. Анықталған рентгендік өзгерістер төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына тән?

* қызылиектің шектелген катаральды қабынуы

* қызылиектің созылмалы катаральды қабынуының өршуі

* пародонтоз, жеңіл дәрежесі

* + пародонттың созылмалы қабынуы, жеңіл дәрежесі

* қызылиектің созылмалы катаральды қабынуы

#484

*! Жақ сүйектерінің панорамалы рентген суретінде төменгі кіші және үлкен азу тістер аймағында тістераралық қалқан сүйектерде жайыла остеопороздану, тығыз сүйек қабаттары бұзылысқа ұшыраған және қалқандар биіктігі 2/1-ден артық денгейге төмендеген. Үлкен азу тістер төңірегінде сүйек қалталары анықталады. Сипатталған рентгенологиялық өзгерістер төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына тән?

* пародонттың созылмалы жайыла қабынуы, орта дәрежесі

* пародонтоз, орта дәрежесі

* пародонттың идиопатиялық аурулары

*+ пародонттың созылмалы жайыла қабынуы, ауыр дәрежесі

* пародонтоз, ауыр дәрежесі

#485

*! Дәрігер-стоматологқа қызылиегінің жиі қанайтындығына шағымданып келген 21жастағы қыз балаға эхоостеометриялық зерттеу жүргізілді және ультрадыбыс толқындарының альвеола өсіндісінен өту уақыты 16 секөнд болды. Анықталған көрсеткіш төменде берілген аурулардың қайсысына тән?

* пародонттың соызлмалы жайыла қабынуы, жеңіл дәрежесі

* + пародонттың сүйек тіні өзгеріске ұшырамаған

* пародонтоз, ауыр дәрежесі

* қызылиектің созылмалы жайыла катаральды қабынуы

* пародонтоз, жеңіл дәрежесі

#486

*! Жоғарғы жақтың азу тістері тұсындағы қызылиекке Кулаженко сынамасын жүргізген кезде вауумдық гематомалардың пайда болу уақыты 60-80 секөнд болды. Бұл қөрсеткіш төменде берілген аурулардың қайсысы кезінде орын алады?

* қызылиектің жедел катаральды қабынуы

* қызылиектің созылмалы катаральды қабынуы

* + қызылиек қантамырлар жүйесі өзгеріске ұшырымаған

* пародонтоз, жеңіл дәрежесі

* пародонттың созылмалы қабынуы, орта дәрежесі

#487

*! Жасы 24-тегі жігіт жалпы әлсіздікке, дене қызуының көтерілуіне, қызылиегінің қатты ашып және сыздап ауыратындығына, қатты қанайтынына, аузынан нашар иіс шығатынына шағымданады.Дәрігер-стоматолог толық қарап тексергеннен кейін « қызылиектің өліетті-жаралы қабынуы» деген диагноз қойды. Ауруға жалпылай емдеу жүргізу үшін төменде берілген дәрілік заттардың қайсысын тағайындаған тиімді?

* норсульфазол, ретинолацетат

* + метронидазол, супрастин

* тавегил, канестен

* токоферол ацетат, флюконазол

* трипсин, ибупрофен

#488

*! Cтоматологтың қабылдауына келген жасы 26 –дағы әйел қызылиегінің қатты сыздап және кернеп ауыратынына, тісін тазалағанда және тағам қабылдағанда қанайтынына шағымданады. Созылмалы гастроэнтероколитпен ауырады. Қарап тексергенде: қызылиегі көкшілдеу тартқан, кейбір аймақтары қатты қызарып домбыққан, пародонтальдық қалталар анықталмайды. Ортапантомограммада альвела өсіндісісүйек тінінде өзгеріс байқалмайды. Сипатталған клиникалық белгілер төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына сәйкес?

* қызылиектің жаралы қабынуы

* + қызылиектің созылмалы катаральды қабынуының өршуі

* қызылиектің өсе қабынуы, домбыққан түрі

* қызылиектің созылмалы катаральды қабынуы

* қызылиектің жедел катаральды қабынуы

#489

*! Стоматологқа қөрінуге келген жасы 27–дегі әйел қызылиегінің жиі-жиі тістерін тазалаған кезде қанайтынына шағымданады. Созылмалы гастроэнтероколитпен ауырады. Қарап тексергенде: жоғарғы алдыңғы тістер аймағындағы қызылиек жиегі және бүртіктері іркілген көкшіл – қызыл түсті. Жұмсақ тіс шөгінділері байқалады. Сүңгімен тексергенде тіс-қызылиек бекімі бұзылмаған. Рентген суретте альвеола өсіндісінің сүйек тінінде өзгеріс байқалмайды. Сипатталған клиникалық белгілер төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына сәйкес?

* қызылиектің жаралана қабынуы

* қызылиектің өсе қабынуы, домбыққан түрі

* қызылиектің созылмалы катаральды қабынуының өршуі

* + қызылиектің созылмалы катаральды қабынуы

* қызылиектің жедел катаральды қабынуы

#490

*! Дәрігер-стоматологтың қабылдауына келген жасы 56-ғы әйел тістерінің арасының ашылғанына , тістерінің қозғалмалылығына, қызылиектерін сипап байқағанда ірің бөлінетініне, қызылиегінің қанағыштығына, қызылиектеріндегі ыңғайсыздық сезімдерге шағымданады. Қарап тексергенде: өте көп мөлшердегі тіс шөгінділері бар, екі жақ қызылиектері көкшіл – қызыл түсті, сүңгілеп тексергенде тез қанайды, біраз тістері II-III дәрежелі қозғалмалы, төңіректеріндегі пародонт қалталарының тереңдігі 5-6 мм, кейбір тістердің түбірлері 3/1-2/1 бөлігіне дейін ашылған. Сипатталған клиникалық белгілер төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына сәйкес?

* + пародонттың созылмалы жайыла қабынуы, ауыр дәрежесінің өршуі

* пародонттың созылмалы жайыла қабынуының жеңіл дәрежесінің өршуі

* қызылиектің өсе қабынуының домбыққан түрінің өршуі

* қызылиектің созылмалы өсе қабынуы, фиброзды түрі

* пародонттың созылмалы жайыла қабынуы, орта дәрежесі

#491

*! Жасы 9-дағы ер баланың қызылиектері қабынған, түспеген сүт тістері және шыққан тұрақты тістері қозғалмалы, төңірегінде пародонтальдық қалталар бар. Патоморфологиялық көрінісі: ретикулярлық жасушалар, эозинофильдердің шоғырлануы, лимфомакрофогальды инфильтраттар орын алады. Сипатталған клиникалық және патоморфологиялық көріністер төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына сәйкес?

* қызылиек фиброматозы

* пародонттың лизистік ауруы

* + эозинофильді гранулема ( Таратынов ауруы)

* пародонттың қабынуы, жеңіл дәрежесі

* пародонтоз, жеңіл дәрежесі

#492

*! Ауру көбінесе балаларда кездеседі, даму шыңы кезінде қалтырау, дене қызуының көтерілуі, тері түсінің бозғылттануы, асқа тәбеттің болмауы, арықтау, ал ауыз ішінде сүйек тінінің үдемелі ыдырауымен дамитын пародонттың жайыла қабынуы орын алады. Сипатталған клиникалық белгілер төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына НЕҒҰРЛЫМ сәйкес?

* пародонттың шектеле қабынуы, жеңіл дәрежесі

* қызыл иектің өсе қабынуы, домбыққан түрі

* + Леттерер-Зиве синдромы

* қызылиектің созылмалы катаральды қабынуының өршуі

* пародонттың шектеле қабынуы, орта дәрежесі

#493

*! Ауру балаларда кездеседі және ретикулогистиоцитоздар қатарына жатады. Қантсыз диабет белгілерімен, экзофтальм белгілерімен, дамудың тежелуімен, сүйектерде ісікке ұқсас құрылымдардың пайда болуымен сипатталады. Ауыз ішінде пародонттың үдемелі және жайыла қабыну белгілері көрініс береді. Альвеола өсінідісінің сүйек тінінде әртүрлі дәрежеде бұзылыстар орын алады. Сипатталған клиникалық белгілер төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына сәйкес?

* пародонттың созылмалы қабынуы, орта дәрежесі

* пародонттың созылмалы қабынуы, жеңіл дәрежесі

* қызылиектің созылмалы катаралmды қабынуы

* + Хенд-Шюллер-Крисчен синдромыі

* қызылиектің өсе қабынуы, фиброзды түрі

#494

*! Төменде берілген тіндердің қайсысы «пародонт» кешенінің құрамына кірмейді?

* қызылиек

* периодонт

* альвеола өсіндісі

* түбір цементі

* + таңдай кілегейлі қабығы

#495

*! Жасы 17-дегі қыз бала тұмаумен ауырып, сауыға бастаған кезде стоматологқа қызылиегінің қатты сыздап және солқылдап ауыратынына, тістерін тазалағанда және тағам қабылдағанда қанайтынына, басының ауыратынына, әлсіздікке шағымдана келді. Қарап тексергенде: қызылиек жиектері мен бүртіктері алқызыл түсті, қатты домбыққан, сүңгі тиіп кетсе қанайды және ауырады. Тіс-қызылиек бекімі бұзылмаған. Сипатталған клиникалық белгілер төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына сәйкес?

* пародонттың созылмалы жайыла қабынуы, жеңіл дәрежесінің өршуі

* пародонттың созылмалы жайыла қабынуы, орта дәрежесінің өршуі

* қызылиектің созылмалы катаральды қабынуының өршуі

* + қызылиектің жедел катаральды қабынуы

* қызылиектің созылмалы өсе қабынуы

#496

*! Аутосомды-рецессивті типті тұқым қуалайтын ауру, табан және алақан жабынды эпителийінің гиперкератоздануымен және толассыз түлеуімен сипатталатын ауру. Альвеола өсіндісінде үдемелі және белсенді ыдырау үрдісі орын алады және тістер толық түскеннен кейін тежеледі. Сипатталған клиникалық белгілер төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына тән?

* пародонттың созылмалы жайыла қабынуы, жеңіл дәрежесі

* пародонттың созылмалы жайыла қабынуы, орта дәрежесі

* жеңіл дәрежелі пародонтоз, жеңіл дәрежесі

* қызылиектің өсе қабынуы, домбыққан түрі

* + Папийон-Лефевр синдромы

#497

*! Стоматологқа көрінуге келген жасы 19-дағы жігіт қызылиегінің қатты ауырып, тағам шайнатпайтынына шағымданады. Қызылиегі ауырардың алдында дене қызуы 370С дейін көтеріліп барып басылған. Ауырғалы 3 күн болған. Қарап тексергенде: өңі бозарған, дене қызуы қалыпты, жақасты лимфа түйіндері ұлғайған, сипап байқаса ауырады, қозғалмалы. 48, 47, 46, 42, 41, 36, 37, 38 тістер аймағындағы қызылиек жиектері мен бүртіктері кір сұр түсті, өлі-етті қақпен жабылған. Ауыз іші сауықтырылмаған. Тістер бетінде көп мөлшерде жұмсақ қақтар бар.

Сипатталған клиникалық белгілерге төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысы cайкес?

* қызылиектің жедел катаральды қабынуы

* қызылиектің өсе қабынуы, домбыққан түрі

* пародонттың шектелген қабынуы

* + қызылиектің жедел жаралы қабынуы

* қызылиектің өсе қабынуы, фиброзды түрі

#498

*! Жасы 19-дағы бойжеткен қызылиегінің ауыратынына, тістерін тазалағанда қатты қанайтынына, ауызынан ұнамсыз иіс шығатынына шағымданады. Созылмалы асқазан қабынуымен ауырады. Қарап тексергенде: қызылиек жиектері және бүртіктері көкшіл-қызыл түсті, біраз домбықан. консистенциясы борпылдақ, 11,12, 15, 16, 21, 22, 25, 26, тістер аймағында қызылиек бүртіктері қою - қызыл түстеніп доғалданған, сүңгілеп тексергенде қатты қанайды. Көп мөлшерде қызылиек асты тіс шөгінділері анықталады, тіс-қызылиек бекімі бұзылмаған. Сипатталған клиникалық белгілер төменде берілген болжамлы диагноздардың қайсысына сәйкес?

* қызылиектің созылмалы катаральды қабынуы

* қызылиектің өсе қабынуы, домбыққан түрі

* қызылиектің өсе қабынуы, фиброзды түрі

*+ қызылиектің созылмалы катаральды қабынуының өршуі

* қызылиектің жаралана қабынуы

#499

*! 28 жастағы әйел қызылиегінің пішінінің өзгеріп, ыңғайсыздық туындатқанына, тісін тазалағанда және ас қабылдағанда қанайтынына шағымданады. Жүктілігіне 20 апта болған. Ішкі ағзалар аурулары жоқ. Қарап тексергенде: жоғарғы алдыңғы тістер тұсындағы қызылиек жиегі қалыңдап, бүртіктерінің көлемдері ұлғайған, тістер сауытының 3/1 бөлігіне дейін жауып тұр, түстері қызыл-қошқылданған, беттері жылтыр, жеңіл қанайды. Көп мөлшерді тіс шөгінділер бар.

Сипатталған клиникалық белгілер төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына сәйкес?

* + қызылиектің өсе қабынуы, домбыққан түрі

* қызылиектің жедел катаральды қабынуы

* қызылиектің созылмалы катаральды қабынуының өршуі

* қызылиектің созылмалы катаральды қабынуы

* қызылиектің өсе қабынуы, фиброзды түрі

#500

*! Стоматологқа қызылиегінің қанағыштығына шағымдана келген 32 жасар әйелдің ауыз ішін қарап тексергенде: қызылиек бүртіктерінің пішіндері қызара-домбығуы нәтижесінде бұзылған. Рентген суретте терең пародонтальдық және сүйек қалталары бар, сақталған сүйек тінінде жайылған кеуектену үрдісі анықталады. Төменде берілген аурулардың қайсысы кезінде сипатталған клиникалық белгілер рын алады?

* қызылиектің катаральды қабынуы

* пародонтоз, орта дәрежесі

* + пародонттың қабынуы, ауыр дәрежесі

* қызылиектің жаралы қабынуы

* пародонттың қабынуы, жеңіл дәрежес

#501

*! Парадонт сырқаты бар науқастың шағымы: 44 45 46 тістерінің тұсындағы қызылиегінің қатты солқылдап, кернеп аруы. Сонымен қатар басы ауырады. Қарап тексергенде: тексерілген тістердің сауыттары бұзылмаған, бірақ төңіректерінде тереңдігі 6-7 мм пародонтальдық қалталар бар, осы аймақтағы қызылиек қатты қызарып домбыққан, 45 және 46 тістер аралығындағы қызылиекте ені 1,5см жарты шарға ұқсас қызыл-қошқыл түсті құрылым анықталады, сипап тексергенде қатты ауырады, орта бөлігі жұмсақтау «былқылдаған» симптом (симптом флюктуации) айқындалады. Сипатталған клиникалық көрініс төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына сәйкес?

* периодонттың жедел қабынуы, жалқықтану сатысы

* + пародонтальдық абсцесс

* пародонттың шектелген жедел қабынуы

* қызылиектің жаралы қабынуы

* пародонттың қабынуы, ауыр дәрежесі.

#502

*! Жасы 56 дағы ер адам стоматологқа пародонтының жағдайы туралы кеңес алуға келген. Қарап тексергенде: екі жақ қызылиектері бозғыл-қызғылттау түсті, көптеген тістер түбірлері бірдей деңгейде ашылған, аздаған тіс шөгінділері анықталады. Жоғарғы жақ сүйір тістерден бастап екінші үлкен азу тістерге дейін мойын бөліктерінде сынаға ұқсас ақаулар бар. Анықталған клиникалық белгілер төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына тән?

* қызылиектің катаральды қабынуы;

* қызылиектің өсе қабынуы;

* қызылиектің жаралы қабынуы;

* пародонттың қабынуы;

* + пародонтоз.

#503

*! Базальды және тікенекті қабат жасушаларының шамадан тыс пролиферациялануыны нәтижесінде эпителий қабаты қалыңдаған. Ұзарған эпителий бүртіктері астындағы дәнекертінге ене өскен. Бұл патогистологиялық үрдіс төменде берілгенпатогистологиялық өзгерістердің қайсысына тән?

* cпонгиоздану

* паракератоз

* гиперкератоз

*+ акантоздану КЕРЕК

* баллонды дистрофиялану

#504

*! Дәнекер тіннің құрылымдық бірліктері:

* талшықтар, жасушалық элементтер

* жасушалық элементтер, негізгі зат, лимфа тамырлары

* негізгі зат, қантамырлары

* жасушалық элементтер, негізгі зат, қантамырлар, нерв талшықтары

* + коллаген талшықтары, жасушалық құрылымдар, негізгі зат, қантамырлар, нервтік құрылымдар

#505

*!. Төменде берілгендердің қайсысы ауыз іші кілегей қабығының қозғалмайтын аймағының құрылымдарына жатады?

* көпқабатты жазық эпителий, базальды жарғақ

* көпқабатты эпителий, тікенекті қабат

* жабынды эпителий,мүйізгектенген қабат

* + эпителий қабаты, базальды жарғақ, нағыз кілегей қабық қабаты

* жабынды эпителий, кілегей қабықасты қабаты

#506

*! Дәрігер-стоматологқа көрінуге келген жоғарғы жағында алмалы протезі бар 56 жастағы ер адамға ауыспалы қатпарда «декубитальды жара» диагнозы қойылды. Дәрігер-стоматологтың негізгі тактикасы:

* жараны сипап тексеру

* жараны күйдіру

* антисептиктермен өңдеу

* кератопластиктермен өңдеу

* + онкологтың консультациясына жолдама беру

#507

*! Ауыздың дәріден буллезді қабынуын нақтылайтын анамнездік мәлімет:

* продромальдық белгілерінің болмауы

*+ буллезді бөрткендердің дәрілік заттар қабылдағаннан кейін орын алуы

* гиперемиялану және домбығу үрдістерінің болмауы

* теріүстілік сынаманың теріс болуы

* бөрткендердің суық тигеннен кейін пайда болуы

#508

*! 50 жастағы ер адам аузының сол жақ езу аймағының кілегей қабығының кедір-бұдырлығына және тырысатын сияқты сезімдерге шағымданады. Қарап тексергенде: солжақ ұртының кіілегей қабығында езуіне жақын аймақта аумағы 1,5 х 2,5 см белгілі бір пішінсіз ақ-сұр түсті ошақ анықталды, консисистенциясы жұмсақ, сипап байқағанда ауырмайды. Бетін қырып байқағанда алынбайды, аймақтық лимфа түйіндері ұлғаймаған. Сипатталған клиникалық белгілер төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына сәйкес келеді?.

* қызыл жалпақ теміреткі, әдетті түрі

* + лейкоплакия, жазық түрі.

* қызыл жегі, әдетті түрі

* созылмалы гиперпластикалық ауыз кандидозы.

* лейкоплакия, веррукозды түрі

#509

*! Төменде берілген аурулардың қайсысына жарақат ошақтарының немесе морфологиялық элементтерінің ауыздың алдыңғы бөлігінде орналасуы тән?:

* ауыз кандидозы

* + лейкоплакия

* қызыл жалпақ теміреткі

* ауызздың жедел герпестік қабынуы

* ауыздың өліеттеніп-жаралана қабынуы

#510

*! Төменде берілген ауру түрлерінің қайсысы лейкоплакияның түрлеріне жатпайды?:

* жұмсақ

* жазық

* веррукозды

* + атрофиялаушы

* эрозиялы-жаралы

#511

*! Жасы 50-дегі ер адам төменгі ернінің кілегей қабығының екі езуге жақын аймағының тырысып, құрғап мазалайтынына, кедір-бұдырлық сезетініне шағымданады. 20 жыл шамасында шылым шегеді және өте жиі шегеді. Қарап тексергенде: екі езуге жақын орналасқан кілегейлі қабық күңгірттеніп, ақшыл-сұр түстенген. Жарақат ошақтарының пішіндері үшбұрышқа ұқсас, айқын шекарасыз, беттері жазық және тегіс, консистенциясы жұмсақтау. Қырып байқағанда беті алынбайды. Аймақтық лимфа түйіндері өзгеріске ұшырамаған. Сипатталған клиникалық белгілер төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына сәйкес?

* ауыздың созылмалы гиперпластикалық кандидозы КЕРЕК

*+ лейкоплакия,жазық түрі

* қызыл жалпақ теміреткі, әдетті түрі

* қызыл жегі, әдетті түрі

* Боуэн ауруы

#512

*! Төменде берілген аурулардың қайсысына ұрт кілегей қабығының езуге жақын бөлігінде жиі орын алатын кілегей қабықтың шектелген күңгірттенуі және ақшыл- түстенуі тән?:

* екіншілік мерез

* қызыл жалпақ теміреткі

* + жазық лейкоплакия

* еріннің шектелген обыралды гиперкератозы

* созылмалы гиперпластикалық кандидоз

#513

*! 56-дағы ер адам тілінің ауыратынына, қозғау қиындағанына шағымданады. Бойында созылмалы аурулары жоқ. Қарап тексергенде: ауыз іші сауықтырылмаған, 35. 36 тістерінің сауыттары бұзылып, өткір қырлар пайда болған. Тілдің сол жақ бүйір бетінде осы тістерге жақын аймағында аумағы 0.5 х 0.7 см дұрыс пішінсіз ойық жара анықталды, табаны тегіс емес, өліетті қақпен жабылған. Сипап байқағанда ауырады, жиегі аздап тығызданған. Төңірегіндегі тіндер іркіле-қызарған. Аймақтық лимфа түйіндері ұлғаймаған. Сипатталған клиникалық белгілер төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына НЕҒҰРЛЫМ сәйкес ?

* лейкоплакии, эрозиялы-жаралы түрі

* милиарлы-жаралы туберкулез

* + созылмалы зақым жарасы КЕРЕК

* трофикалық жара

* обыр жарасы

#514

*! 23 жастағы бойжеткен ұртының кілегей қабығының кедір-бұдырлығына шағымданады,.толқығанда ұртын тістейтін әдеті бар екен. Қарап тексергенде: оңжақ ұртының кілегей қабығы тістердің түйісу деңгейі бойымен білікке ұқсап ақшыл түстенген, және қөтеріңкілеу орналасқан. Ошақ бетін қалақшамен қырғанда эпителий қабаты жұлық-жұлық болып жартылай алынады және қызыл түсті жұқа эрозиялы ошақтар беті ашылады.. Осы сипатталған қлиникалық белгілер төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына сәйкес?

* лейкоплакия, жазық түрі

* А витаминінің жетіспеушілігі КЕРЕК

* + жұмсақ лейкоплакия

* қызыл жалпақ теміреткі

* созылмалы гиперпластикалық кандидоз

#515

*! Төменде берілген аурулардың біреуіне тән ерекшелік: көпіршік бөрткендер еріндер жиегінде теріге жақын аймақта орналасады кейде ерін төңірегіндегі теріге де орналасуы мүмкін және ауық-ауық қайталап шығып отырады. Бұл ерекшелік төмеде берілген аурулардың қайсысына тән?

* лейкоплакия, веррукозды түрі

* гуммалы мерез

* Трель дәндері

*+ қайталамалы ерін герпесі

* белдеме теміреткі

#516

*! Бөрткендері экзоцитоздану, вакуольды дистрофиялану, спонгиоздану, баллонды дегенерациялану нәтижесінде

дамиды. Бұл төменде берілген аурулардың қайсысына тән патогистологиялық өзгерістер?

* лейкоплакия

* гуммалы мерез

* туберкулез жегісі

*+ қарапайым герпес

* біріншілік мерез

#517

*! Ауыздың қайталама афталы қабынуының ауыр түрі:

* Лайелл ауруы

*+ қайталамалы терең тыртықтанатын афталар (Сеттон афталары)

* Шегрен синдромы

* Мелькерссон-Розенталь синдромы

* Стивенс-Джонсон синдромы

#518

*! Төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына қызарған және домбыққан кілегейлі қабық бетіне ұсақ, топтаса орналасқан везикулалы (көпіршікті) бөрткендердің ауық-ауық шығуы тән?

* тұрпайы күлбіреуікше

* буллезді пемфигоид КЕРЕК

* + ауыздың қайталамалы герпестік қабынуы

* ауыздың аллергиялық қабынуы, күлбіреуікті түрі

* аусыл

#519

*! Патологиялық өзгеріске ұшыраған клеткалар (жасушалар) эпителийдің тікенекті қабат жасушаларының баллонды дегенерациялануға ұшырауы, акантолиздену үрдісі және жасушалардың бірімен қосылып, топтасуы нәтижесінде пайда болған «көпядролы алып жасушалар» деп аталады. Бұл жасушалар төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысы кезінде НЕҒҰРЛЫМ орын алады?

* + ауыздың жедел герпестік қабынуы

* көптүрлі жалқықты эритема (қызарма)

* туберкулез жегісі;

* екіншілік мерез;

* күлбіреуікше.

#520

*! 48 жастағы әйел адам тілінің бүйір бетінің кедір-бұдырлығына және ысып-күюіне шағымданады. 4 жылдан бері дәрігер-эндокринологта қант диабетінің теңгерілген түрімен диспансерлік есепте тұрады. Біраз күн бұрын суыққа шалдығуы нәтижесінде дене қызуы көтерілуіне байланысты бес күндей антибиотик қабылдаған. Қарап тексергенде: тілінің оңжақ бүйір беті мен оңжақ ұртының кілегейлі қабығы қатты қызарып домбыққан және ақ түсті жұмсақ ұйыған сүт қаймағына ұқсас қақпен жабылған. Қалақшамен қырғанла қақ жартылай алынады және ашық қызыл түсті домбыққан кілегелі қабық беті ашылады.

Төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына сипатталған клиникалық белгілер сәйкес келеді?

* +жедел жалғанжарғақты ауыз кандидозы КЕРЕК

* лейкоплакия

* қызыл жегі

* екіншілік мерез.

* жұмсақ лейкоплакия

#521

*! Төменде берілген клиникалық белгілердің біреуінен басқасы кандидоздық ауыздыққа тән:

* дуылдау сезімі

* күю сезімі

* аздап дымқылданған таяз тілік

* + қатты қызара домбыққан негіз

* жұмсақ сұр қабыршақтар

#522

*! 20 жастағы жігіт ауызындағы ауыру сезіміне, қызылиегінің қанағыштығына, жалпы әлсіздікке, асқа тәбетінің төмендегеніне шағымданады. Ауру үш күн бұрын жедел дамыған, дене. қызуы көтерілген, бойын жалпы әлсіздік билеген. Қарап тексергенде: ұрт, жұмсақ таңдай, еріндер кілегейлі қабығынде ұсақ әртүрлі пішінді эрозиялар анықталды, сипап байқағанда ауырады. Жиектік қызыликтері домбыққан және ашық-қызыл түстенген.Төменде берілген вирустар тобының қайсысы клиникалық белгілері сипатталған аурудың туындауына себепкер болуы мүмкін?

* адамның имунитет тапшылығы вирусы

* + қарапайым герпес вирусы

* парагрипп вирусы

* Коксаки вирусы

* тұмау вирусы

#523

*! Жасы 32-гі ер адам тілінде жараға ұқсас құрылым пайда болып, жазылмай тағам шайнауға кедергі болғанына шағымданады. Құрылымның пайда болғанына екі аптадай болған. Қарап тексергенде : тілдің ұшында оң жақ бөлігіне жақын аймақта диаметрі 1,0 см домалақ пішінді эрозиялы ошақ анықталды, табанында шеміршек тығыздығындай біраз көлемді инфильтратты ошақ бар. Сипап байқағанда ауыру сезімі жоқ,. Аймақтық лимфа түйіндері ұлғайған, тығыздау консистенциялы, ауырмайды және бір-бірімен бітісіп кетпеген.

Бұл аурудың туындауына төменде берілген микроорганизмдердің қайсысы себепші болуы мүмкін?

* қарапайым герпес вирусы КЕРЕК

* Кох микробактериясы

*+Венсан спирохетасы

* фузобактериялар

*саңырауқұлақтар

#524

*! Екіншілік папулалы мерездің ауыздағы көрінісін төменде берілген болжамды диагноздардың біреуінен басқасынан ажыратқан тиімді:

* ауыз кандидозы

* лейкоплакия

* Боуен ауруы

* қызыл жалпақ теміреткі

* + жүйелі қызыл жегі

#525

*! Туберкулездің милиарлы-жаралы түрінде жүргізілген цитологиялық зерттеу әдісінің нәтижесінде төменде берілген жасушалардың қайсысы анықталуы мүмкін?

* қан жасушалары

* акантолизденген жасушалар

* + Пирогов-Лангханс жасушалары КЕРЕК

* көп ядролы алып жасушалар

* эпителийдегі некробиоздың әртүрлі сатысындағы жасушалар

#526

*! Жасы 27-дегі ер адам езуіндегі ұзақ жазылмайтын тілікке шағымданады. Қарап тексергенде сол жақ езуінде ашық-қызыл түсті қанамайтын тілік анықталды, сипап байқағанда ауырмайды, негізі тығыздау шеміршектің қаттылығындай. Төменгі жақ асты лимфа түйіндері ұлғайған, көлемдері орман жаңғағындай, тығыз консистенциялы, ауырмайды. Шөктіру реакциясы (микрореакция ) оң. Сипаттаалған клиникалық белгілер төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына НЕҒҰРЛЫМ сәйкес?

* «А» витаминінің жетіспеушілігі,

* стрептококктық ауыздық (заеда) *

* + берішті шанкр

* лейкоплакия

* ауыз кандидозы

#527

*! Жасы 35 тегі ер адам төменгі ернінде тілік пайда болғанына және ұзақ жазылмайтындығына шағымданады. Қарап тексергенде: төменгі ернінде терең тілік, сипап байқағанда ауырмайды, негізі шеміршек тығыздығындай қаттылау. Төменгі жақасты лимфа түйіндері ұлғайған, тығызданған, сипап тексергенде ауырмайды.

Дианозды нақтылау үшін төменде берілген тексеру әдістерінің қайсысын жүргізген НЕҒҰРЛЫМ тиімді?

* + бозғылт трепонемаларды иммобилизациялау

* лимфоциттердің бласттрансформациялану реакциясы

* пассивті гемаглютинациялану реакциясы

* лейкоциттердің агломерациялану реакциясы

* лейкоцитолиз реакциясы

#528

*! 40 жастағы әйел адам тілінің ауыратындығына, әсіресе ас қабылдағанда және сөйлегенде күшейе түсетіндігіне, соңғы бір ай көлемінде кешкісін дене қызуы 370С көтерілетіндігіне шағымданады. Қарап тексергенде: дене бітімі гипостениялық. Жақ асты лимфа түйіндері ұлғайған, сипап тексергенде ауырады. Тілінің үстінде – жиектері жұлымдалған, жұмсақ консистенциялы, табанында – сарғыш түсті түйіршікті қақ бар жара анықталды. Сипап тексергенде ауырады.

Төменде берілген микроорганизмдердің қайсысы осы аурудың дамуына НЕҒҰРЛЫМ себепкер?

* қарапайым герпес вирусы

* + Кох микобактерилары

* бозғылт трепонема

* Венсан спирохетасы

* фузобактериялар

#529

*! Жасы 45-тегі ер адам таңдайына жара шыққанына, тағам шайнатпай ауыратынына шағымданады. Қарап тексергенде: қатты таңдайынының кілегей қабығында жиегі жұмсақ, бірақ тегіс емес, жырымдалған, қатты ауыратын шағын аумақты жара анықталды. Табанында ірімшікке ұқсас сары түсті денешіктер байқалады. Аймақтық лимфа түйіндері ұлғайған, сипап тексергенде ауырады. Төменде берілген зерттеу әдістерінің қайсысын бірінші кезекте жүргізген НЕҒҰРЛЫМ тиімді?

* гистологиялық әдіс

* қанның жалпы құрамын талдау

* + флюорография жасау

* люминесценттік диагностика

* иммунологиялық зерттеу

#530

*! Жасы 62-дегі ер адам ауыз ішіндегі аздаған ауыру сезіміне, ыңғайсыздыққа шағымданады. Қарап тексергенде: бет терісі бозғылттау түсті, еріндер жиегі көкшіл тартқан, демалғанда ентігеді, аяқтары ісініп-домбыққан және шұлық рәзіңкелерінен із қалған. Соңғы 5 жылда алмалы-салмалы протездер киеді. Тілінің астыңғыі бетінде жиегі тегіс емес және жұмсақ, біраз көлемді жара анықталды, табаны ақшыл сұр түсті өліетті қақпен жабылға, сипап байқағанда аздап ауырады. Жара төңірегіндегі тіндер бозғылт-көкшіл түстенген. Сипатталған клиникалық белгілер төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына НЕҒҰРЛЫМ тән?

* + трофикалық жара

* туберкулез жарасы

* обыр жарасы

* созылмалы зақым жарасы

* мерез жарасы

#531

*! Жасы 30-ғы әйел тілінің ауырып, сөйлегенде және ас қабылдағанда қиналатынына шағымданады. Соңғы жарты жылда бойын дімкәстік билеп, әлсірей бастаған, түнге қарай дене қызуы 37,50С дейін көтеріліп, терлей беретін болған. Қарап тексергенде: тілдің үстінде саңылауға ұқсас, жиегі тегіс емес, бірақ жұмсақ, терең ақау анықталды. Сипап көргенде қатты ауырады. Табаны тегіс емес, бүртікті ашық-қызыл түсті грануляциялық тіндермен жабылған. Сипатталған клиникалық белгілер төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына НЕҒҰРЛЫМ тән?

* + туберкулез жарасы

* берішті шанкр

* трофикалық жара

* cозылмалы зақым жарасы

* обыр жарасы

#532

*! 25 жастағы жігіт адам тілінде «жара» бар екендігін айтып шағымданады. Қарап тексергенде: тілінің ұшында диаметірі 1,2 мм тығыз консистенциялы, жиегі көтеріңкі, табаны тегіс, сипап тексергенде ауырмайтын ақау анықталды. Ақаудың табанындағы негізі тығыз шеміршек консистенциялы нфильтраттан тұрады, төңІрегіндегі кілегей қабық шамалы қызарған және домбыққан. Аймақтық лимфа түйіндері ұлғайған, тығыздау-эластикалы консистенциялы, ауырмайды. Сипатталған клиникалық белгілер төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына НЕҒҰРЛЫМ сәйкес?

* туберкулез жарасы

* + берішті шанкр

* трофикалық жара

* декубитальды жара

* обыр жарасы

#533

*! 30 жастағы әйел сөйлегенде, ас қабылдағанда тілінің ауыратынына шағымданады. Соңғы уақытта бойын әлсіздік билеген, кешке қарай дене қызуы көтеріледі, түнгі уақытта жиі терлейді.. Қарап тексергенде: тілі қатпарланған, тілінің үстінің орталық бөлігінде саңылауға ұқсас, аумағы 1,2 х 0,7 см, жиегі жұмсақ, бірақ тегіс емес жырымдалған жаралы ошақ анықталды, сипап тексергенде қатты ауырады. Табаны тегіс емес, сарғыш-сұр түсті түйіршікті құрылымдармен жабылған. Иекасты лимфа түйіндері ұлғайған, сипап тексергенде аздап ауырады. Сипатталған клиникалық белгілер төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына НЕҒҰРЛЫМ сәйкес?.

* + туберкулез жарасы

* берішті шанкр

* трофикалық жара

* декубитальды жара

* обыр жарасы.

#534

*! 39 жастағы ер адам төменгі ерніне бөрткендер шыққанына шағымданады. Осыдан бір апта бұрын дене қызуы 37,50С көтерілген. 3 күн бойы кең спектрлі антибиотик қабылдаған. Қарап тексергенде: төменгі ернінің кілегей қабығында көлемдеріі 07х1,2 см аздап қызарған кілегей қабығы бетінде орналасқан бірнеше папулалы бөрткендер анықталды. Папулалар беттерін қалақшамен қырғанда тез жараланады. Папулалар бетіндегі жіпке ұқсас бүртіктері атрофиялануға ұшырағандықтан,ойдым-ойдым шабылған шабындықты еске түсіреді.. Сипатталған клиникалық белгілер төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына НЕҒҰРЛЫМ сәйкес?

* жедел жалған жарғақты ауыз кандидозы

* көптүрлі жалқықты эритема

* қызыл жалпақ теміреткі

* + екіншілік папулалы мерез

* жазық лейкоплакия

#535

*! «Тұрпайы күлбіреуікше» диагнозын нақтылайтын цитологиялық зерттеу кезінде анықталатын, жабынды эпителийдің тікенекті қабатындағы патогистологиялық өзгерістер нәтижесінде пайда болатын жасушалар:

* + акантолизденуге ұшыраған жасушалар

* атипиялық жасушалар

* Лангерганс жасушалары

* көпядролы алып жасушалар

* Меркель жасушалары

#536

*! Қызыл жалпақ теміреткінің эрозиялы- жаралы түрімен сырқат науқасқа тексеру және емдеу жүргізген кезде қандай сақтық қажет?

* иммунологиялық

* венерологиялық

* + онкологиялық

* гематологиялық

* психологиялық

#537

*! Қызыл жалпақ теміреткінің эрозиялы-жаралы түрімен сырқат науқасқа жергілікті ем жүргізу үшін төмендегі препараттардың біреуінен басқасының бәрін қолданған НЕҒҰРЛЫМ тиімді:

* ауырусыздандырушы дәрілер

* эпителизациялаушы дәрілер

* стероидты жақпамайлар

* + күйдіруші препараттар

* белокты анаболизаторлар

#538

*! Қызыл жалпақ теміреткінің әдетті түрінде науқастарды жалпылай емдеу үшін төменде берілген препараттардың біреуінен басқасының бәрін тағайындаған НЕҒҰРЛЫМ тиімді:

* дәрумендер кешені

* седативті препараттар

* + антибиотиктер

* »А» дәруменінің майлы ерітіндісі

* никотин қышқылы (компламин,теоникол)

#539

*! Қызыл жалпақ теміреткі кезіндегі біріншілік бөрткен:

* розеола

* түйін

* + түйіншек ( папула)

* күлбіреуік

* көпіршік

#540

*! Қызыл жалпақ теміреткі кезіндегі біріншілік бөрткеннің латынша аты:

* nodus

* gumma

* + papula

* macula

* tuberculum

#541

*! Қызыл жалпақ теміреткі ошағының сырт көрінісінің қалыптасуына төменде берілген факторлардың біреуінен басқасының барлығы әсер етеді:

* + сілекейдің аз бөлінуі

* ауыз кілегей қабығының рельефі

* кілегей қабықтың тургоры

* бөрткеннің табиғаты

* кілегей қабықтағы патогистологиялық өзгерістер

# 542

*! Қызыл жалпақ теміреткінің әдетті түрін төменде берілген аурулардың біреуінен басқасының бәрінен ажыратады:

* жазық лейкоплакия

* екіншілік папулалы жас мерез

* + күлбіреуікше

* ауыздың созылмалы гиперпластикалық кандидозы

* Боуен ауруы

#543

*! Цитологиялық зерттеу жүргізген кезде анықталған патологиялық өзгеріске ұшыраған жабынды эпителий жасушалары баллонды дегенерациялану және акантолиздену үрдістерінің нәтижесінде пайда болады және «көпядролы алып жасушалар» деп аталады. Бұл жасушалар төменде берілген аурулардың қайсысы кезінде НЕҒҰРЛЫМ орын алады?

* + ауыздың жедел герпестік қабынуы

* көптүрлі жалқықты эритема (қызарма)

* туберкулез жегісі

* екіншілік мерез

* күлбіреуікше

#544

*! Цитологиялық зерттеу кезінде жабынды эпителий қабатында анықталатын патологиялық өзгеріске ұшыраған жасушалар эпителийдің тікенекті қабатында акантолиздену үрдісінің нәтижесінде пайда болады. Бұл жасушаларды алғаш ашқан зерттеуші:

* Меркель

* Лангерганс

* + Тцанк

* Микулич-Кюммель

* Пирогов – Лангханс

#545

*! Төменде берілген бөрткендердің қайсысы қызыл жалпақ теміреткінің әдетті түрінде НЕҒҰРЛЫМ орын алады?

* дақты бөрткен

* + түйіншек

* түйін

* домбықпа

* бұдырмақ

#546

*! Төменде берілген бөрткендердің тек біреуінен басқасы инфильтративті бөрткендер қатарына жатады.

* + күлбіреуік

* түйін

* түйіншек

* гумма

* бұдырмақ

#547

*! Жасы 45 тегі әйел дәрігер стоматологқа аузының қатты ашып ауыратынына, жаралы бөрткендер шығатынына шағымданып келді. Қарап тексергенде: көрер көзге өзгермеген қатты таңдайда, таңдай имектерінде, жақ –қанат қатпарлары аймағында көлемді ашық-қызыл шикі ет түстес эрозиялы ошақтар анықталды. Никольский симптомы оң. Сипатталған клиникалық қөрініс төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына НЕҒҰРЛЫМ сәйкес?

* Лайелл ауруы

* + тұрпайы күлбіреуікше

* Левер буллезді пемфигонды

* қызыл жалпақ теміреткі, буллезді түрі

* көп түрлі жалқықты қызарма

#548

*! Ауыз ішіне жаралы бөрткендер шыққанына шағымданып келген әйелдің ауыз ішіндегі жарақат ошағынан алған жағынды- таңбада Тцанк жасушалары анықталған. Бұл жасушалар төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысы кезінде НЕҒҰРЛЫМ орын алады?

* қызыл жалпақ теміреткі

* туберкулез жегісі

* созылмалы қайталамалы герпес

* екіншілік розеолалы мерез

* + тұрпайы күлбіреуікше

#549

*! Қызыл жалпақ теміреткінің сирек кездесетін түрінде жарақат ошағы жоғарғы ерін кілегей қабығында және оған жақын қызылиекте орналасады. Ерін кілегей қабығында (орталық бөлігінде) іркіле қызарған симметриялы ошақтар байқалады, жабынды эпителий күнгірттеніп, ақшыл-сұр қақ түрінде байқалады, бірақ қырған кезде алынбайды. Сипатталған көрініс аурудың қай түрінде НЕҒҰРЛЫМ байқалады?.

* әдетті түрі

* гиперкератозды

* буллезді

* + атипиялық.

* эрозиялы –жаралы

#550

*! Қызыл жалпақ теміреткінің жалқықтана- қызарған түрін төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысынан ажыратқан НЕҒҰРЛЫМ тиімді?

* жазық лейкоплакия

* күлбіреуікше

* жедел жалған жарғақты кандидоз

* + ауыздың аллергиялық катаральды қабынуы

* ауыздың жедел герпестік қабынуы

#551

*! Жасы 55 -тегі әйел адам дәрігер- стоматологқа таңдайында томпиған құрылым пайда болып, ыңғайсыздық туғызғанына шағымданып келді. Өзі гипертония ауруымен ауырады. Қарап тексергенде : қатты таңдайында орта сызыққа жақын жарты шарға ұқсас ені 1.2 см қанды сұйықтыққа толы күлбіреуік бөрткен анықталды. Мақта анжымен сипап байқағанда оңай жарылып, біраз мөлшерде қою қан бөлінді және орнында эрозиялы ошақ пайда болды. Төмендегі болжамды диагноздардың қайсысына сипатталған клиникалық көрініс НЕҒҰРЛЫМ сәйкес?

* ауыздың дәріден қабынуы, күлбіреуікті түрі

* ыстықтан болған күйік, екінші дәрежесі

* + күлбіреуікті - қантамыр синдромы.

* буллезді пемфигоид

* тұрпайы күлбіреуікше

#552

*! 42 жастағы ер адам,мамандығы- геолог, дәрігер-стоматологқа төменгі ерін жиегінің түлейтініне және кызып-күйіп құрғайтынына шағымданады. Жақында ұзаққа созылған іс сапардан келген. Қарап тексергенде: төменгі ернінің жиегі қою-қызыл түстенген және аздап домбыққан, құрғақ ұсақ қабыршақтармен жабылған. Сипатталған клиникалық көрініс төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына НЕҒҰРЛЫМ тән?

* еріннің экземалы қабынуы

* + еріннің ауа райы әсерінен қабынуы

* еріннің жапырақтана қабынуы,

* еріннің гландулярлы қабынуы

* еріннің жанаспалы аллергиялық қабынуы

#553

*! Жасы 20-дағы қызбала төменгі ернінің сыздап және ысып-күйіп ауыратынына, еріндерін бір-біріне жақындатқанда ауыру сезімінің күшейе түсетініне шағымданады. Қарап тексергенде: төменгі ерін жиегі қызарып домбыққан, бетінде екі езуге созыла жақындаған сары-қоңырлау түсті қалың қабықша салбырай орналасқан. Ерін терісі өзгеріске ұшырай қоймаған. Қабықшаның кішкене бөлігін жақпамаймен жұмсартып алған кезде, астында ашық-қызыл түсті эпителий қабатының бүтіндігі бұзылмаған ошақ анықталды. Сипатталған клиникалық көрініс төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына НЕҒҰРЛЫМ сәйкес?

* еріннің атопиялық қабынуы

* еріннің экземалы қабынуы

* еріннің грандулярлы қабынуы

* еріннің аллергиялық қабынуы

* + еріннің жапырақтанып қабынуы, жалқықты түрі

#554

*! Жасы 22-дегі жігіт ауыз ішін сауықтыру үшін келген және төменгі ернінің жиі құрғайтынына шағымданады. Қарап тексергенде: төменгі ерін жиегі құрғақ, ұсақ қабыршақтармен жабылған. Кілегей қабығында Клейн белдеуіне жақын аймақта ұсақ сілекей бездерінің кеңейген ауыздары байқалады және біраз күтіп байқаса сілекей тамшылары бөлініп, жапырақтар бетінде еріген таңғы шық тамшыларын еске түсіреді ( симптом утренной росы). Сипатталған клиника төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына НЕҒҰРЛЫМ сәйкес?

* еріннің экземалы қабынуы

* еріннің атопиялық қабынуы

* еріннің жапырақтанып қабынуы

* + еріннің гландулярлы қабынуы

* еріннің жанаспалы аллергиялық қабынуы

#555

*! Еріннің абразивті обыралды қабынуына (Манганотти хейлиті) төменде берілген бөрткендердің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ тән?

* + эрозия

* тілік

* түйіншек

* қабыршақ

* жара

#556

*! Жасы 48-дегі ер адам дәрігер-стоматологқа төменгі ернінде белгісіз құрылымның пайда болғанына шағымданып келді. Қарап тексергенде: төменгі ерін жиегінің оң жақ бөлігінде диаметрі 1см жарты шарға ұқсас бозғыл-қызғылт түсті, беті сүйел бетіне ұқсас ұсақ өсіктермен жабылған жаңа құрылым анықталды. Консистенциясы сәл тығыздау, төңірегіндегі тіндерден біраз көтеріңкі орналасқан, сипап тексергенде ауырмайды. Аймақтық лимфа түйіндері өзгеріссіз. Сипатталған клиникалық көрініс төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына НЕҒҰРЛЫМ сәйкес?

* папилома

* терімүйіз

* кератоаканома

* + сүйелге ұқсас обыралды ісік

* еріннің обыралды шектеулі гиперкератозы

#557

*! 69 жастағы ер адам төменгі ерніндегі ұзақ уақыттан бері жазылмаған, беті тырысып, ауық-ауық қанап мазалайтын жараға шағымдана келді. Ертеректе осындай жара төменгі ернінің оңжақ бөлігінде пайда болып, ұзақ уақыттан кейін жазылған. Қарап тексергенде: төменгі ернінің жиегі жұқарған және аздап құрғаған, сол жақ бөлігінде ашық қызыл түсті, сопақ пішінді, аумағы 1,2х 0,9 см эрозиялы ошақ анықталды. Сипап тексергенде аздап ауырады, эрозияның негізі жұмсақ, бетін мақта анжымен сүрткен кезде қанайды. Сипатталған клиникалық көрініс төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына НЕҒҰРЛЫМ сәйкес?

* еріннің актиндік қабынуы

* лейкоплакия, эрозиялы-жаралы түрі

* ошақты қызыл жегін, эрозиялы-жаралы түрі

* + еріннің абразивті преканцерозды қабынуы-Манганотти хейлиті

* қызыл жалпақ теміреткі, эрозиялы-жаралы түрі

#558

*! 39 жастағы ер адам қызылиегінің қанауына, тағам шайнағанда ауыратынына, дене температурасының 380 С дейін жоғарылауына шағымданады. Қарап тексергенде: жақасты лимфа түйіндері ұлғайған, сипап тексергенде аздап ауырады. Ауыз ішінде қызылиек бүртіктері біраз тістер аймағында ұлғайған және жартылай өліеттенуге ұшыраған. Сүңгілеп байқаса қанайды, және қан біразға дейін тоқтамайды. Өлеттенген тіндер ретромолярлық аймақта және бадамша бездерде де байқалады. Ауыз кілегей қабығы бозғылттанған, қатты таңдайда нүктелі қан құйылу ошақтары анықталады. Диагнозды нақтылау үшін төменде берілген зерттеу әдістерінің қайсысын жүргізген НЕҒҰРЛЫМ тиімді?

* ПЦР диагностика

* + қанның жалпы құрамын талдау

* иммунды ферментті анализ

* цитологиялық әдіс

* бактериологиялық әдіс

#559

*! 52-дегі әйел ауыз ішіндегі ауыру сезіміне, терілеріне сулы бөрткендер шығып жарылатынына, жалпылай әлсізденуіне,асқа тәбетінің төмендегеніне шағымданады. Қарап тексергенде: жоғарғы екі жақ ауыспалы қатпарында үлкен көлемді эрозиялы ошақтар анықталады, жиектерінде эпителий үзіктері сақталған. Жауырын мен бел терілерінде де бозғылт түсті жалқыққа жартылай толған әлі жарылмаған күлбіреуік бөрткендер анықталды. Күлбіреуіқтерден біраз қашықтықта орналасқан теріні үйкеп байқаса, жаңа күлбіреуік пайда болады. Сипатталған клиникалық қөрініс төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына НЕҒҰРЛЫМ сәйкес?

* буллезді пемфигоид

* Лайелл ауруы

* + тұрпайы күлбіреуікше

* қызыл жегі, эрозиялы-жаралы тұрі

* қызыл жалпақ теміреткі, буллезді түрі

#560

*! Дәрігер-стоматологқа көрінуге келген 46 жастағы әйел ауыз ішінің құрғауына, кейде ысып-күйіп мазалайтынына, тілінің көлемінің ұлғайып, үсті қалың қақпен жабылғанына, тілінің де қызып мазалайтынына, тек ас қабылдаған кезде ғана бұл сезімдердің аздап саябырлайтынына шағымданады. Он жылдан бері қант диабетімен ауырады, диспансерлік бақылауда тұрады. Кейде қандағы глюкоза деңгейі жоғарылап кететін кездер де болады. Қарап тексергенде: екі езуінде беттері сұр түсті қабыршақтармен жабылған жұқа тіліктер бар, ауыз кілегей қабығы құрғақ, ұрттардың кілегей қабығы ашық-қызыл түстенген, тілдің үстінің 2/3 бөлігі сұр-қоңыр түсті оңайлықпен алынбайтын тоғаға ұқсас қақпен жабылған. Сипатталған клиникалық белгілер төменде берілген болжамды диагноздардың айына сәйкес?

* лейкоплакия, веррукозды түрі

* қызыл жалпақ теміреткі

* + созылмалы гиперпластикалық ауыз кандидозы

* қызыл жегі

* лейкоплакия, жазық түрі

#561

*! Жасы 52-дегі әйел екі ұрттының ас қабылдағанда ашып ауыратынына, ащы, қышқыл тағамдар қабылдау қиындағанына шағымданады. Ауыру сезімі 2-3 айдан бері мазалайды. Қарап тексергенде: екі ұртының артқы бөліктерінде 36,37,46,47,тістер деңгейінде әртүрлі көлемді эрозиялы ошақтар анықталады, беттері ақшыл-сарылау түсті фибринді қақпен жабылған, оңайлықпен алынбайды, беті ашылған кезде эрозиялы ошақ қатты қанайды. Эрозиялар аралықтарында және төңіректерінде диаметрі 2-3мм түйіншектер (папулалар) топтаса өрнек құрай орналасқан.

Сипатталған клиникалық көрініс төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына НЕҒҰРЛЫМ сәйкес?

* лейкоплакия, эрозиялы-жаралы түрі

* дискоидты қызыл жегі

* буллезді пемфигоид

* + қызыл жалпақ теміреткі, эрозиялы-жаралы түрі

* ауыздың аллергиялық қабынуы

#562

*! Дәрігер-стоматологқа көрінуге келген жасы 65-тегі ер адам аузының жиі құрғауына шағымданады. Аасқазанының 3/2 бөлігі резекцияланған. Дәрі-дәрмекті сирек қабылдайды. Қарап тексергенде: ауыз іші күтімі нашар, кілегей қабығы бозғылттанған. Тілдің көлемі біраз ұлғайған, үстіндегі бүртіктері тегістеліп, жылтырланган, жабынды эпителий қабаты қатты жұқарған.

Сипатталған клиникалық белгілер төменде берілген болжамды диагпоздардың қайсысына НЕҒҰРЛЫМ сәйкес?

* глоссалгия

* тілдің түлей қабынуы

* тілдің атрофиялана қабынуы

* + Гунтер-Меллер глосситі

* тілдің аллергиялық қабынуы

#563

*! Жасы 63-тегі ер адам тілінің құрғауына, ысып-күйіп мазалайтынына шағымданады. Жарты жыл бұрын асқазанның 2/ 3 бөлігі қатерлі ісік әсерінен резекцияланған. Дәрі-дәрмекті сирек қабылдайды. Қарап тексергенде: ауыз іші күтімі нашар, кілегей қабығы бозғылттанған. Тілдің көлемі біраз ұлғайған, үстіндегі бүртіктері тегістеліп, жылтырланған және ашық-қызыл түстенген, жабынды эпителий қабаты жұқарған. Сипатталған клиникалық белгілер төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына НЕҒҰРЛЫМ тән?

* Бери-Бери ауруы

* Лайелл ауруы

* Стивенс-Джонсон синдромы

* Левер пемфигоиды

* + Адиссон-Бирмер ауруы

#564

*! Дәрігер-стоматологқа көрінуге келген жасы 29-дағы ер адам ауыз ішіне бөрткендер шығып, қатты ауыратындықтан аузын ашып сөйлеу, ас қабылдау қиындағанына шағымданады. Дене қызуы біраз көтеріліп, сүйегі сырқырай бастаған. Бөрткендер шығардан бірнеше күн бұрын тамағы ауырып, антибиотик қабылдаған. Қарап тексергенде: екі ұртының, тілдің астыңғы бетінің, ауыз түбінің кілегей қабығы қатты қызарған, әртүрлі көлемді эрозиялы ошақтар бар, беттері күшпен алынатын ақ-сары түсті қақпен жабылған. Еріндер жиегі қызара домбыққан, сарысулы–қанды қабықшалармен жабылған. Сипатталған белгілер төменде берілген болжамды диагноздардың қайсысына НЕҒҰРЛЫМ сәйкес?

* белдеме теміреткі

* тұрпайы күлбіреуікше

* + көп түрлі жалқықты қызарма, токсико-аллергиялық түрі

* ауыздың жедел герпестік қабынуы

* дискоидты қызыл жегі, эрозиялы жаралы түрі

#565

*! Жасы 48-гі әйел ауыз ішіне ауыратын бөрткендер шығып, сөйлеу және ас қабылдау қиындығына шағымданады. Қарап тексергенде: екі ұрттың кілегей қабығында, ауыз табанында үлкен көлемді эрозиялы ошақтар анықталады. Беттері жалаңаш, төңіректерінде эпителий үзіктері сақталған, бірақ тіндердің қалыпты түсі сақталған. Никольский симптомы оң.

Осы сипаттамаға төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы неғұрлым сәйкес келеді?

* қызыл жалпақ теміреткі,буллезді түрі

* + тұрпайы күлбіреуікше

* ошақты қызыл жегі, эрозиялы жаралы түрі

* терінің герпеске ұқсас қабынуы (дюринг дерматиті)

* буллезді пемфигоид

#566

*! Жасы 40-ғы әйел аузының ішіне бөрткендер шығып, ашып ауыратындығына, сөйлеудің және ас қабылдаудың қиындағанына, көп сілекей бөлінетініне шағымданады. Аузына бөрткендер шыққалы екі жетідей болған.Қарап тексергенде: екі ұртында және ауыз табанында шикі ет түстес жалаң эрозиялы ошақтар анықталады, төңірегінде эпителий үзіктері сақталған. Диагнозды нақтылау үшін төменде берілген сынамалардың қайсысын жүргізген НЕҒҰРЛЫМ тиімді?

*+ Никольский сынамасы

* Бабинский сынамасы

* Куперман сынамасы

* Поспелов сынамасы

* Ясиновский сыпамасы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]