- •*Мойын венасы *бет артерия
- •Дәрігер қандай қателік жіберді?
- •*Амелобластома
- •*Көптүрлі ошақ түріндегі сүйек бұзылысы
- •*Сау тіндер маңында ісікке экскохлеация жасау
- •*Артық тіннің болмауы
- •*Жарылған тері
- •*Сызықты келоидты тыртық
- •*Фиброзды контрактура
- •*Еркін тері трансплантаты
- •* 30 Градус бұрышпен Лимберг бойынша үшбұрышты қиық * 50 градус бұрышпен Лимберг бойынша үшбұрышты қиық *90 градус бұрышпен Лимберг бойынша үшбұрышты қиық
- •Ортопедия
ХИРУРГИЯ
#1
*! 36 жасар еркек стоматологқа 4.6 тісін жұлу үшін келді. Новокаинмен жансыздандыру кезінде науқаста ; жалпы әлсіздік, АҚ сн бағ. 60 мм төмендеуі, тамыр соғысы мин. 30 ға дейін азайып, әлсіз толығу, іші қатты ауырып, ішек қарын жұмысы артып кетті. Ішін басып тексергенде қатты ауырды.
Төмендегі нақтамдардың қайсысы сай келеді?
* жедел іріңді аппендицит
* жедел ішек өтпеушілігі
* гипертониялық криздің абдоминалық түрі
*+ анафилактикалық шоктың абдоминалық түрі
* жедел жүрек жетіспеушілігінің абдоминалық түрі
# 2
*!56 жасар еркек клиникаға 4.8 тісін жұлу мақсатымен келді. Тексеру барысында: 4.8 сау болғанымен ІІ ші дәрежелі қозғалмалы. Дәрігер тістің қозғалмалылығын ескере отырып мандибулалық жансыздандыру жасады да бірден тісті жұлуға кірісті. Тісті көлбеу жазықтықтағы қысқышпен жұлып алды. Науқас ауырғанына шағымданды.
Не себепті тіс жұлған кезде ауырды?
* элеватормен жұлу керек еді
* тісті жұлмау керек еді.
* үстірттік жансыздандыру жасалуы керек еді
*+жансыздандырудың ісер етуін күту керек еді
*инфильтрациялық жансыздандыру қосу керек еді
# 3
*! 37 жасар еркек 3.8 тісін жұлдырғаннан 3 күннен кейін ауызының ауырып, шектеліп ашылатынына шағымданып келді. Ине шаншыған жерже қабыну белгілері байқалмайды.
Қандай асқыну дамыды?
* шықшыт анкилозы
* бет нервінің парезі
* қабыну қарысуы
* төменгі ұяшықты нервтің қабынуы
*+ инъекциялық қарысу
# 4
*! 50 жасар еркек 1.7 жұлғаннан бір аптадан соң таңдайының оң жақ бөлігінің ауыратынына шағымданып келді. Тексеру барысында таңдадың шырышты қабығында көлемі 0,5-0,6 см. домалақ пішінді өлеттенген аймақ анықталды.
Бұл асқынудық дамуына қандай себеп болды?
* 2.0 мл жансыздандырғышты енгізу
*+ шамадан тыс жансыздандырғышты енгізу
* анестетикті сүйек қабы астына енгізу
* басқа дәріні енгізіп жіберу
* анреналині көп анестетікті енгізу
# 5
*! Науқасқа ждансыздандыру жасалған соң келесі аймақтары жансызданды; жоғарғы бірінші, екінші, үшінші азу тістер, осы тістердің тұсындағы ұяшықты өсінді мен сырт жағындағы шырышты қабық, жоғарғы жақ қуысының артқы сыртқы қабырғасы жансызданды.
Төмендегі қай жансыздандыру кезінде аталған аймақтар жансызданады?
*таңдай
*күрек тістік
*көз асты
*+төмпешіктік
*инфильтрациялық
# 6
*!40 жасар еркектің төмпешіктік жансыздандыру жасау барысында тамыры жарақатталып гематома пайда болды.
Қай тамыр жарақаттанды деп ойлайсыз?
*Мойын венасы *бет артерия
*сыртқы ұйқы артериясы
*ішкі ұйқы артериясы
* +қанат тәрізді вена өрімі
# 7
*!30 жасар еркек оң жақ ұртының ісінгеніне шағымданады. Ісіну убестезинмен төмепешіктік жансыздандыру жасағаннан кейін бірден пайда болды. Соған қарамастан дәрігер 1.8 тісті жұлу шешім қабылдады. Тісті жұлу қиын болды. Оң жақ ұртына суық басу керек деген кеңес берілді. Объективті: - құм сағат белгісі байқалады. 1.8 тістің ұяшығы қан ұйығымен толы.
Осы асқынуға қандай дәрігерлік қателік себеп болды?
*тістің қиын жұлынуы
*анестетикті дұрыс таңдамаудан
* тісті жұлмай ақ қоюы керек еді
*жансыздандыруды дұрыс таңдамағандықтан
*+жансыздандыру техникасын сақтамағандықтан
# 8
*! Қыз бала оң төменгі ені мен иегінің оң жағынан жансызданып жыбырлап тұрғандай сезімінің екі апта бұрын 3.8 жұлғаннан кейін бірден пайда болғанына шағымданып келді.
Тісті жұлу қиын болыпты. Дәрігер тіс жұлу барысында 4% 1.7 мл убестезиннің 3 карпуласын үш рет жансыздандыру жасап ендіріпті. Тісін жұлған дәрігерге бірнеше рет барып қаралыпты. Дәрігер 1- 2 аптадан соң өзі орнына келеді деп шығарып салады екен. Тексеру барысында оң жағынан төменгі ерін мен иегінің жансызданып тұрғаны анықталды.
Осы асқынудың дамуына дәрігердің қай қателігі себеп болды деп ойлайсыз?
*тістің жарақатты жұлынуы
*жансыздандырғыш дәріні шамадан тыс жіберу
*жансыздандыруды бірнеше рет жасалуынан
*+инемен төменгі ұяшықты нервті зақымдау
* инемен ішкі қанат тәрізді етті зақымдау
# 9
*! Төмпешіктік жансыздандырудан соң науқастың оң жақ ұрты ісініп кетті. Дәрігер 1.8 тісті қиналып жұлды. Суық басу керектігін айтты. Үш күннен соң науқастың жоғарғы жақсүйегі оң жағынан ауырып, ауру сезімі құлаққа, самайға беріліп, қызуы көтерілді. Құм сағат белгісі дамыды. Ауыздың ашылуы шектеліп, ІІІ дәрежелі қарысу дамыды. 1.6, 1.7, 1.8 тістердің тұсындағы өтпелі қатпар тегістеліп, басқанда қатты ауырды. 1.8 тістің ұяшығы қан ұйығына толы.
Осы асқынудың дамуына дәрігердің қай қателігі себеп болды деп ойлайсыз?
*тістің жарақатты жұлынуы
*жансыздандыруды дұрыс таңдамау
*ине шаншитын жер дұрыс таңдалмаған
*жансыздандыру тәсілі дұрыс таңдалмаған
*+ дәріні иненің алдында жіберіп отырмағандықтан
# 10
*! Төмпешіктік жансыздандырудан соң науқастың оң жақ ұрты ісініп кетті. Дәрігер 1.8 тісті қиналып жұлды. Суық басу керектігін айтты. Үш күннен соң науқастың жоғарғы жақсүйегі оң жағынан ауырып, ауру сезімі құлаққа, самайға беріліп, қызуы көтерілді. Құм сағат белгісі дамыды. Ауыздың ашылуы шектеліп, ІІІ дәрежелі қарысу дамыды. 1.6, 1.7, 1.8 тістердің тұсындағы өтпелі қатпар тегістеліп, басқанда қатты ауырды. 1.8 тістің ұяшығы қан ұйығына толы.
Төмендегі асқынудың қайсысы дамыды деп ойлайсыз?
*оң жақ самай аймағының флегмонасы
*оң жақ самай асты аймағының флегмонасы
*оң жақ самай асты аймағының гематомасы
*жоғарғы жақсүйегінің оң жағынан жедел периоститі
*+оң жақ самай асты аймағының іріңдеген гематомасы
# 11
*!46 еркектің 4.6 тісін жұлу үшін новокаиннің 2% ерітіндісімен өткізгіштік жансыздандыру жасалды. 50 секундт өткен соң науқаста үрей сезімдері пайда болып, жабысқақ мұздай тер басып, еріні көгеріп, АҚ сн. бағ. 60 та 30 мм. ге дейн төмендеп, өарашықтары кеңейіп, қарашығы жарыққа әсер етпей еріксіз кіші дәреті жүріп кетті.
Төмендегі асқынулардың қайсысы дамыды деп ойлайсыз?
*талықсу
*естен тану
*диабеттік кома
* гипертониялық криз
*+анафилактикалық шок
# 12
*!40 жасар еркек стоматологиялық емханаға протездеу алдында ауыз қуысын санациялау мақсатымен келді. 1.3 тісін жұлу керек.
Тісті ауыртпай жұлу үшін қандай нервтерді тежеу керек?
*терең тастық және бетсүйегі
*үлкен тастық және бетсүйегі самай
*жоғарғы артқы альвеолалық және бет сүйегі
*таңдай және жоғарғы ортаңғы альвеолалық
*+күрек тістік және жоғарғы алдыңғы альвеолалық
# 13
*!70 жасар еркектің жоғарғы жақсүйегінің 1.1 тістен дамыған одонтогендік кистасына байланысты цистоэктомия операциясы жоспарланды. Дәрігер келесі тәсілмен жасалатын жансыздандыруға тоқталды: Сол қолдың сұқ саусағымен оң жақ көз ұясының төменгі қырынан шорды тауып алдыда, одан 0,75 см төмен нысана көзін белгіледі. Сол қолдың бас бармағымен жоғарғы ерінді жоғары көтерді, инені 1.2 , 1.1 тістердің түбірлерінің ортасындағы өтпелі қатпардан 0,5 см төмен шаншыдыда инені сүйекке тақап, сұқ саусаққа қарай үнемі дәрі жібере отырып жылжытты. Иненің ұшы тесікке түсіп кеткендей сезім болған кезде жансыздандырғыш дәріні жіберді.
Дәрігер қандай жансыздандыру жасады?
*күрек тістік
*төмпешіктік
*Вайсблат бойынша
*+көз асты
*инфильтрациялық
# 14
*!50 жасар науқастың 1.6 тісін жұлу жоспарланды. Дәрігер келесі тәсілмен жансыздандыру жасады: Сол қолдың сұқ саусағымен оң жақ көз ұясының төменгі қырынан шорды тауып алдыда, одан 0,75 см төмен нысана көзін белгіледі. Сол қолдың бас бармағымен жоғарғы ерінді жоғары көтерді, инені 1.2 , 1.1 тістердің түбірлерінің ортасындағы өтпелі қатпардан 0,5 см төмен шаншыдыда инені сүйекке тақап, сұқ саусаққа қарай үнемі дәрі жібере отырып жылжытты. Иненің ұшы тесікке түсіп кеткендей сезім болған кезде жансыздандырғаш дәріні жіберді.
Дәрігер қандай қателік жіберді?
*нысана көзін дұрыс анықтамады
*+жансыздандыру тәсілі дұрыс таңдалмады
*бас бармақпен ерінді көтергені
*инені дұрыс жылжытпады
* ине шаншитын жерді дұрыс таңдамады
# 15
*! 60 жасар еркектің бұзылған 2.7 тісін созылмалы периодонтиттің өршуімен жұлу керек. Дәрігер келесі тәсіл бойынша жансыздандыру жасады: Негізгі жансыздандыру жасалып болған соң, науқастың ауызын кеңінен ашы, жұмсақ және қатты таңдайдың шекарасынан 0,5 см алға және таңдайдың орта сызығы мен қызыл иектің шетінің ортасынан нысана көзін анықтап, инені одан 1 см алға сүйекке тақалғанша жоғары- артқа- ішке шаншыды да 0,5мл. жансыздандырғыш дәрі жіберді.
Дәрігер қандай жансыздандыру жасады?
*таңдай
*күрек тістік
*көз асты
*+қанат таңдайлық
*инфильтрациялық
# 16
*! 60 жасар еркектің бұзылған 2.7 тісін созылмалы периодонтиттің өршуімен жұлу керек. Дәрігер келесі тәсіл бойынша жансыздандыру жасады: Негізгі жансыздандыру жасалып болған соң, науқастың ауызын кеңінен ашы, жұмсақ және қатты таңдайдың шекарасынан 0,5 см алға және таңдайдың орта сызығы мен қызыл иектің шетінің ортасынан нысана көзін анықтап, инені одан 1 см алға сүйекке тақалғанша жоғары- артқа- ішке шаншыды да. жансыздандырғыш дәрі жіберді.
